83
монитордың параметрлерін тексеруге мүмкіндік беретін үлгілерден
тұрады. TFTTest – CheckeMon бағдарламасына ұқсас.
Monitors Matter CheckScreen бағдарламасы тестілеудің алдында
мониторды дұрыс баптауға, түстілік, фокустандыру, геометрия,
энергиямен жабдықтау жəне т.б. тестерін өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, бағдарламада СК-мониторларға арналған жеке
тестер көзделген, мысалы пиксельдердің бұлыңғырлығына,
сапасына арналған тестер.
Nokia Monitor Test бағдарламасы TFT-, LCD-, ЭЛТ-
мониторларының жұмысын тексеруге қажетті тестердің үлкен
жиынтығынан тұрады. Утилита геометрияны, мəліметтерді,
шешуді, муараны, кереғарлықты, жарықтықты, фокустандыруды,
мəтіннің оқылымын, түсті таратуды тексеруге арналған ұажетті
үлгілерден тұрады. Бұл сатып алардың алдында ұнаған мониторды
тексерудің жақсы тəсілі. Nokia Monitor Test бағдарламасы орнатуды
қажет етпейді жəне толығымен тегін.
Dead Pixel Tester 3.00 бағдарламасы СК-мониторлардың
экрандарында «қираған» пиксельдердің бар болуына тексеру үшін
жасалған. Бағдарлама экранды түрлі түстермен толтыруға, СК-
экранның кейбір басқа тестерін өткізуге, сондай-ақ жөндемсіз
пиксельді тірілтуге тырысатын Stuck Pixel Exerciser қызметін қосуға
мүмкіндік береді.
EIZO Monitortest бағдарламасы мониторларды мұқият тестілеу
мен баптауға арналған. Бағдарлама ерекше интерфейске ие жəне 24
тестіден тұрады (түстілік, муар, геометрия, ашықтық, инерттілік
жəне т.б.). əрбір тестке қысқаша сипаттама беріледі.
PixPerAn
бағдарламасы
монитордың
шапшаңдылығын
анықтауға ғана арналады. Бұл үшін əзірлеуші алты тест даярлады,
онда əртүрлі пішіндер (машинкалар, текшелер жəне тіпті космостық
кемелер) əртүрлі жылдамдықпен қозғалады, сонымен бірге олардың
жылдамдығы, сол сияқы кадрлардың сурет жылдамдықтары
өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: