95
айналады, оған пайдаланушылар Интернет арқылы қосыла
алады. Кəдімгі жағдайда камера бейнеағының генераторы
ретінде қолданылады, ол компьютермен өнделеді жəне оған
орнатылған БЖ арқылы желіге таратылады;
■ ЖЖҚ (жедел жадтау құрылғысы) жəне флэш-жады. Көптеген
интернет-камераларда камерамен жасалған суреттерді сақтауға
арналған бейнебуферлеріне ие. Бейнебуфердегі ақпарат циклді
жаңартылады, яғни жаңа кадр ең ескі кадрдың орнына жазылады.
Бейнебуферге web-камералар бейнекөріністің барлық сығылған
кадрларын жазатындықтан, онда датчиктердің біреуінен қауіп-
қатер сигналы келіп түскенде, ол қауіп-қатрге дейін, кейін жəне
қауіп-қатер кезінде келіп түскен бейнекадрлардың тізбектілігін
қалыптастырады жəне оларды алдын ала белгіленген FTP немесе
SMTP мекенжай бойынша жібереді. Веб-камераны Интернет
желісіне қосқаннан кейін оған веб-мекенжай беріледі. Веб-
камераға мекенжайды автоматты түрде беретін арнайы
бағдарламалар да болады. Компьютер веб-камераны анықтаған
кезде, ол объективке келіп түскен көріністі Интернетке жазу
немесе тарату үшін цифрлік сигналға түрлендіріп, желілік
құрығы ретінде жұмыс істей бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: