Қорытынды «Саяси жүйе» түсінігі саясаттың екі жағын: ұйымдастыру
мен іс-әрекет, әрекет пен құрылым бірлігін білдіреді.
Жүйелі тәсілдемеден енген рәсімдеу, саяси өмірдің түрлі
типтерін, моделдерін салыстырмалы түрде талдауға,
оларды салыстыру мен талдаудың бірыңғай критерийлерін
анықтауға мүмкіндік тудырады.
Саяси жүйе алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру
үшін түрлі саяси субъектілердің іс-әрекетінің үздіксіздігін,
байланысын және үйлестірілуін қамтамасыз етеді.
Ол қоғамдық қатынастарды үндестіреді, әлеуметтік
қақтығыстарды шешу жолдарын анықтайды, қоғамдық
дамудың негізгі мақсатына жету үшін түрлі күштердің
бірігуіне септігін тигізеді.