Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет17/78
Дата07.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#18871
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

САЯСИ ЖҮЙЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
23
мен  топтардың  мінез-құлқын  қадағалау  және  қоғамның 
қызметін реттеу қабілеті
3)  бөлу  мүмкіндігі  -  қоғамдағы  материалдық  және 
материалдық  емес  құндылықтарды  жасау,  орналастыру 
және бөлу қабілеті; 
4)  жауап  қатушы  мүмкіндік  -  бұл  тиісті  саясаттың 
«шығысқа  беру»  талабына,  түрлі  топтардан  түсетін  алуан 
түрлі талаптарға жауап қату қабілеті
5) нышан болушы мүмкіндік легитимділік пен қолдауға 
деген  қажеттілікпен,  жарқын,  ұғынықты  нышандар  мен 
ұрандар  жасай  отырып  жүйенің  танылған  сенімдерді, 
көзқарастарды,  мифтерді  дамыту  мүмкіндігімен,  өзінің 
мақсаттарын  жүзеге  асыруға  қажетті  легитимділікті  ұстап 
тұру мақсатында оларды амал-айласын асыра қолданумен 
тығыз байланысты. 
Жүйе  фунциясының  екінші  деңгейі  оның  өзінде 
болып  жатқан  дүниелерді  бейнелейді,  яғни  конверсивті 
процесс  туралы  айтылуда.  Конверсивті  процесс  (немесе 
функциялар)  -  кірістің  шығыс  факторларына  айналу 
әдістері.  Г.  Алмондтың  сызбасына  сәйкес  бір  саяси 
жүйенің  конверсивті  процесін  басқа  жүйенің  процесімен 
салыстырып,  талдауға  болады,  ол  сызбада  6  негізгі 
функциясын көрсетеді:  
1) талаптар қалай қалыптасуда (мүдделер артикуляциясы); 
2)  талаптарды  әрекет  етудің  балама  бағдарламасына 
іріктеу қалай жүргізіледі (мүдделерді жинақтау); 
3) нормалар қалай қалыптасады (норма шығару); 
4) бұл нормалар қалайша жүзеге асырылуда (нормаларды 
жүзеге асыру); 
5) олар қалай бақыланады және реттеледі (нормаларға 
бақылау жасау); 
6)  соншалықты  деңгейде  алуан  түрлі  іс-әрекеттер 
осы  жүйе  ішінде,  сондай-ақ  жүйенің  қоршаған  ортамен 
өзара  әрекет  кезінде  қалайша  бір-бірімен  қатынасады 
(коммуникация). 
Саяси  жүйе  фунциясының  үшінші  деңгейін  қарастыра 
отырып,  Г.  Алмонд  моделді  қолдау  мен  бейімдеу 
қызметтерін  меңзейді,  оларға  ол,  бірінші  кезекте 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
24
әлеуметтену мен қатарды толықтыру процесін жатқызады, 
соңғы  айтылғанның  барысында  жаңа  рөлдер  жасалып, 
жаңа адамдар саяси өмірге «лап қояды». 
Сонымен қатар, ол бөліп көрсетеді:
 «кірістің» төрт функциясын
1) саяси әлеуметтендіру және қатысуға тарту (рекруттау); 
2) мүдделер артикуляциясы
3) мүдделерді жинақтау; 
4) саяси коммуникация 
• «шығыстың» үш функциясын
1) заң-нормаларды жасау
2) нормаларды қолдану; 
3) нормалардың орындалуын бақылау  
«Кіріс» қызметтерін көбіне үкіметтік емес ұйымдар жүзеге 
асырады, ал «шығыс» - үкіметтің айрықша құзіретінде. 
Қоғам мүшелері арасында «қатысу рухының» таралуына 
септігі тиетін «саяси әлеуметтендіру және қатысуға тарту» 
қызметі қазіргі заманғы саяси жүйелердің барлығына тән. 
Мүдделер артикуляциясы - саяси конверсия барысында 
мүдделі топтары жүзеге асыратын алғашқы функционалдық 
қадам. 
Қоғамдық  пікірге  ресми  құрмет  көрсету  және 
ассоциациялар еркіндігін ұстанушылық тән демократиялық 
режимдегі  елдерде  мүдделер  топтарын  азаматтар  мен 
мемлекет  арасындағы  байланыстырушы  буындар  ретінде 
қарастыруға болады.  
Мүдделерді артикуляциялай алатын саяси жүйе оларды 
қорыта да алады, яғни талаптарды мемлекеттік саясаттың 
баламасына  айналдыра  алады.  Заманауи  саяси  жүйеде 
саяси  партия  мамандандырылған  қорыту  жүйесі  болып 
табылады.   
Саяси  коммуникация  –  ақпарат  пен  сенімдерді 
тасымалдау процесі. Американдық саясаттанушы Г. Лассуэл  
коммуникация  актісінің  өзін  келесідей  сипаттайды: 
«Кім?  Нені  хабарлады?  Кімге?  Қандай  нәтижемен?».  Осы 
қызметтің  көмегімен  саяси  жүйенің  түрлі  құрылымдары 
арасында  байланыс  жүзеге  асырылады.  Әдетте  саясатты 
басқару  мен  жүзеге  асыру  үшін  халықтан  үкіметке  және 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
25
үкіметтен  халыққа  бағытталған  ақпараттың  тікелей 
ағымы  қажет.  Сонымен  қатар,  билік  деңгейлері  мен 
органдары  арасында  ақпараттың  көлденең  ағымы  қажет. 
Коммуникациялық  процестің  арқасында  билікті  иеленуге 
бағытталған  стихиялы  әрекеттер  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынастың  белгілі  формасына  айналдырылады, 
билікке құрмет орнығады, мемлекеттілік қалыптасады. 
Норма  шығару  нәтижесінде  қоғамдағы  азаматтардың 
мінез-құлқын анықтайтын заңдар жасалады. Әдетте норма 
шығару  келесі  бірқатар  кезеңдерді  қамтиды:  саясатты 
қалыптастыру мен ортақ мақсаттарды таңдау, мақсаттарға 
жету үшін шешімдер мен нақты қағидаларды жасау. 
Аталған  қызметті  заң  шығарушы,  сондай-ақ  атқарушы 
және  сот  органдары  орындайды.  Мемлекеттік  саясат  заң 
шығарумен  ғана  шектелмейді.  «Нормаларды  қолдану» 
қызметі саясат пен шешім қабылдау процесінің маңызды 
аспектісі болып табылады, ол қызметті атқарушы органдар 
мен әкімшілік бюрократия ғана емес, заң шығарушы және 
құқықтық құрылымдар да жиі атқарады. 
Нормаларды  сақтауды  қадағалау  -  бұл  заңдарды 
түсіндіру және аталған заңды бұзу фактілерін анықтау және 
тиісті жаза қолдану мақсатында әрекет ету. Қадағалау – бұл, 
негізінен,  сот  органдарының  құзыреті,  алайда  атқарушы 
және  заң  шығарушы  органдар  сот  процестерінде  кейде 
қомақты рөл атқарады.
11
 
Саяси жүйе функциялары жетіле түссе, олардың мазмұны 
да  күрделенеді.  Мәселен,  біріктіруші  функция  қоғамдық-
саяси  құрылысты  нығайту,  жалпы  қоғамның  және  оны 
құраушы жүйелердің серпінді тұрақтылығына қол жеткізу 
мақсатын  көздейді.  Саяси  жүйенің  реттеуші  функциясы 
мемлекеттегі  саяси  мінез-құлық  пен  саяси  қатынастарды 
тәртіпке  келтіруге  және  регламенттеуге  бағытталған.  Ол 
адамдардың  қоғам  қабылдайтын  мінез-құлқы  эталонын 
жасаумен және негіздеумен байланысты.
12
 
11   
Автономов А.С. Правовая онтология политики: к построению системы категорий. 
М.: ООО «Инфограф», 1999. - С. 248.
12 
Қараңыз: Кадыржанов Р. // Консолидация политической системы Казахстана: 
проблемы и перспективы. Алматы. Институт философии и политологии МН ВО 
РК, 1999. - С. 21.


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет