Қорытынды Саяси жүйелерді типологиялауда түрлі парадигмалық
және идеологиялық тәсілдемелердің үлесі бар. Бұл жайт
ғалымдардың саяси процестің мәнін, қоғамдық дамудың
негізгі проблемаларын талдау сипатын және т.б. ұғынуын
айқындайды.
Саяси жүйелерді жіктеудің тәжірибелік мәні саяси
институттарға оңтайлы түрде жұмыс жасап, өзінің саяси
рөлдерін орындауға мүмкіндік беретін жағдайлардың
жеткіліктілігін анықтауда жатыр.
Саяси жүйелердің алуан түрлілігі әмбебап тетіктердің
және олардың қызмет ету заңдылықтарын анықтауға
мүмкіндік береді.