САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
56
асыра пайдаланады, тіпті заң шығарушы
функцияларды
да өз бақылауына алады, сот процестеріне ашық түрде
араласады;
• азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
айтарлықтай
шектелген;
• билікті ұйымдастырудың авторитарлық формасы,
көп ретте бұл формада қоғамдық қатынастарды реттеудің
қатаң, күш қолдану әдістері жолға қойылған болады.
Индустриалдық дәуірге дейінгі және жартылай
индустриалдық
(Азияның,
Африканың,
Латын
Америкасының көптеген елдері) саяси жүйелерде батыс
құндылықтарың, этникалық және діни дәстүрлердің
қосындысынан құралған аралас саяси жүйе болып
табылады.
Коммуникация мен үйлестіру қиындығы, аса қатты
алшақ саяси бағдарлар, жүйенің барлық буындарының
рөлдері диверсификациясың әлжуаз дәрежесі қүш қолдану
қажеттілігін тудырады.
Аталған жүйелерде міндеттер нақты бөлінбеген.
Әскер мен бюрократтық аппарат заң шығарушылық
функцияларды өзіне жиі алады; заң шығару органдар
сот процестеріне араласады. Бұл жүйелерге – жеке
авторитаризм, бір партияның билігі, күш қолданудың
жоғары деңгейі тән. Саяси қатысу (ең жақсы жағдайда)
жергілікті деңгеймен шектелген.
Достарыңызбен бөлісу: