САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
128
•
халықтық партия;
• президенттік партия;
•
билік партиясы;
• парламенттік басымдық партиясы;
•
демократиялық партия;
• мемлекеттік аппаратпен тығыз байланыс;
• партия бағдарламасы мемлекеттік саясатпен терең
кірістірілген;
• дәстүрлі сол-оң континуум шеңберінде «орталық»
орынды бекем иемденген.
Партияның үстемдігі центризм, әлеуметтік жауапты
саясат және нақты істер идеологемасына негізделген.
Ақырғы есепте, жоғарыда көрсетілген рөлдік
басымдықтар мен бағдарлар:
• елде толыққанды
азаматтық қоғам құруға;
• дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу
мәселелерінде қазақстандықтарды біріктіру;
• заманауи және серпінді дамудағы ел ретіндегі
Қазақстанның әлемдегі жаңа рөліне сәйкес келетін биік
мақсаттарды орындауға қоғамды жұмылдыру.
Осы жағдайларда «Нұр Отан» партиясының алдында
одан әрі ішкі жаңғыру міндеті тұр. Оны жүзеге асыру үшін
іргетас қаланып қойған. Ең алдымен, билік партиясының
кадрлық әлеуеті. Бұл ретте партия қатарларының тазалығы
үшін күресті белсенді жүргізу керек. Өзінің жеке пайдасы
үшін кірген мүшелерден партия арылуы тиіс. Қатарлардың
тазалығы, әдептілік, партияішілік және жеке тәртіп –
мұның бәрі партияның болашағына әсер ететін маңызды
аспектілер.
2016 жылы тең бәсекелестік пен электораттың жоғары
белсенділігі жағдайында өткен кезектен тыс парламенттік
сайлаудағы жеңістен кейін саяси жүйені одан әрі
демократияландырудағы «Нұр Отан» партиясының рөлі
артты.
Сайлаудың нәтижесі қазақстандықтар бірлігінің жоғары
деңгейін көрсетті. 2016 жылғы 25 наурызда Қазақстан
Президенті Н.Назарбаев Парламенттің VI шақырылымдағы
бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде: «Өткен
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
129
сайлаудың еліміз үшін тарихи маңызы бар. Оның нәтижесі
қазақстандықтардың бүгін мен болашақтың біртұтас ұлты
ретіндегі жоғары деңгейде топтасқандығының деңгейін
дәл аңдатты. Біздің сайлау қазақстандық біртектілікті
нығайтқан тарихи актіге айналды. Сайлауда дауыс беру Ұлт
Жоспарын қолдауда бүкілхалықтық плебисцит болды. Біздің
халқымыз «Нұр Отан» партиясына саяси көшбасшылықты
тағы да сеніп тапсырды», - деген пікір білдірді.
51
Партиялық-саяси өкілдік жүйесінің эффективті жүйесін
жасау тұрғысында «Нұр Отан» партиясының басым рөлі
мемлекеттік биліктің барлық деңгейіндегі атқарушы
органдарында партия мүшелерінің басым болуымен
айқындалады.
«Нұр Отан» партиясы 2007 жылғы сайлауда парламенттік
басымдық партиясы болды, осы басымдықты 2012 жылы
және 2016 жылы өткізілген сайлауларда да қуаттады.
Парламенттік партиялар қарым-қатынасының жаңа
форматын құрады, төменгі палата жұмысының айырықша
тетігін қалыптастырады, онда «Қазақстан Республикасының
Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»
51
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Парламенттің алтыншы шақырылымдағы
бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі // http://www.akorda.kz/kz
21-сурет.
Электораттың
қолдауы
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
«НҰР ОТАН»
2005 Ж. 2011 Ж. 2015 Ж.
2007 Ж. 2012 Ж. 2016 Ж.
91,15%
95,5%
97,7%
88,05% 80,99% 82,15%
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
130
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 35
бабына және ҚР Парламенті регламентінің VII тарауына
сәйкес құрылған үш фракция арасында мүдделер балансын
сақтау қажет.
Партиялық фракциялар өкілетті органның жұмысына:
пленарлық отырыстардың күн тәртібін жасауға,
таластардың, дауыс берудің бағытын қалыптастыруға,
атқарушы билікті бақылаудың түрлі формаларын
қолдануға ықпал етеді. Фракциялар деңгейінде Үкіметті
жасақтау бойынша келіссөздер жүргізіледі. Осы саяси
конструкцияның тұрақтылығы «Нұр Отан» партиясының
абсолютті парламенттік басымдығымен қамтамасыз етіледі.
Партияның Парламенттегі басымдығын ескерсек, «Нұр
Отан» партиясынан сайланған депутаттар дамудың қазіргі
кезеңінде Қазақстанға қажетті алдағы демократиялық
реформаларға оңтайлы эффективті заңнамалық базаның
қабылдануын қамтамасыз етеді деп айтуға болады.
«Нұр Отан» партиясының мақсаты – өзінің парламенттік
фракциясының барынша тиімділігін қамтамасыз ету,
Мемлекет басшысының саяси бағытын жүзеге асырудың
пәрменді тірегі болып табылатын Мәжілісті нақты жұмыс
жасайтын тетік ретінде бекіту.
Мәжілістегі «Нұр Отан» партиялық фракциясы:
- Парламентте
белсенді позиция ұстануы;
- өз қызметінің ашықтығы мен транспарентілігін
қамтамасыз ету;
- фракция басшылығының партия атынан өзекті деген
қоғамдық-саяси
проблемалар бойынша, ел өміріндегі
маңызды оқиғаларға баға беру үшін Парламенттің
отырыстарында мәлімдемелер, үндеулер жасауды кеңінен
қолға алу;
- сайлаушылармен байланысты күшейту, оларды
партияның депутат-мүшелерінің және жалпы фракцияның
қызметі туралы ақпаратпен кеңінен хабардар ету;
- сайлау аймақтарындағы халықпен байланыс орнатып,
адамдардың сұраныстары мен мұқтаждықтарын зерделеу
үшін партияның облыстық және қалалық филиалдарында,
аудандық өкілдіктерінде фракция мүшелерінің болуын