Жоо мен орта мектептерде



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

Тәрбиеші:-Міне, балалар орманға  да жақындадық.Поездан мұқият
түсеміз.Орман жолымен ақырын жүреміз. Жаңбыр суы жиналып 
қалыпты, секіріп өтейік! Бір,екі,үш.
-Балалар,орманда  құлаған ағаштар көп болады. Сондықтан абай 
болыңдар!
-Міне ,құлаған ағаштар жатыр.
-Секіреміз!Бір-екі-үш!
Тәрбиеші:-Қараңдаршы,қандай әдемі ағаш!(шыршалар кездеседі)
Тәрбиеші:- Бұл қандай ағаш?
Тәрбиеші:- Шыршалар бірдей ме?
Тәрбиеші:- Ой, балалар, шырша түбінде не тығылып отыр?
               (қоян шығады)
Қоян:-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Тәрбиеші:-Балалар, бұл қандай аң?
Тәрбиеші:-Қоян-заяц-рәбит
Қоян:- Дұрыс айтасыңдар,балалар!
Мен-қоянмын.Орманда тұрамын.Жүнімнің түсі сұр,ақ. Жүнім 
үлпілдек.Құлағым ұзын.Дыбысты естуге ұзын құлағым 
көмектеседі. Секіргенді ұнатамын.
Менімен бірге секіріп көріңдерші
Тәрбиеші:- Қоян, әңгімеңе рахмет!
Балалар,қоянды немен қуантсақ екен.
-Қоян нені жақсы көреді?
Тәрбиеші:-Көкөністердің ішінен сәбізді тауып қоянға 
сыйлайықшы!
Қоян:- Балалар сыйлықтарыңа көп-көп рахмет! Сау болыңдар!
Тәрбиеші:- Саяхатымыз жалғасады.
-Қызық , бұл ненің үңгірі?
Балалар, үңгір-аңның үйі.
Мен  жұмбақ жасырамын,шешуін тапсаңдар үңгірде қандай аң 
тұратынын білеміз?
Жұмбақ:
Қыс болғанда ұйықтайды
Балды жақсы көреді
Кіп-кішкене арадан
Үп-үлкен боп қорқады
              Бұл не?
          (Аю шығады)
Тәрбиеші:-Үңгірде  аю тұрады екен?
          Аю-медведь-биә
Аю:-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
 Мен –аюмын.
Мен   орманда   тіршілік   етемін.   Үлкен   аңмын.   Жүнім   қалың.
Құлақтарым   кішкентай.   Түсім   қоңыр.   Араның   балын,
жидектерді   жақсы   көремін.   Аш   кезімде   шөппен,ағаш
-Сау болыңыз! До 
свидания! Гуд бай!
-Қараймыз
Балалар тыңдайды.
-Дөңгелек
Дөңгелектің түсі қызыл
-Шаршы
-Шаршының түсі сары
Балалар пішіндерге қарап 
вагонға отырады
-Чок-чок,чу-чу,чок-чок,чу-
чу
Алысқа біз барамыз!
Балалар поездан түседі
Жаңбыр суынан секіреді
-Бір,екі,үш секіреміз!
Балалар ағашқа қарайды
Балалар секіреді
-Шыршалар
-Жоқ. Аласа-биік
Балалар таңдана қарайды
Үш тілде амандасады
-Қоян
-Қоян-Заяц-Рәбит
Балалар тыңдайды
Балалар қоянмен бірге 
секіреді
-Сәбізді жақсы көреді.
Балалар көкөністердің 
ішінен сәбізді тауып 
қоянға сыйлайды.
Үш тілде қоштасады..
Балалар таңдана қарайды.
Жұмбақты тыңдайды
73

тамырымен   қоректенемін.   Қыста     ұзақ   ұйықтаймын.
Ұйықтайтын орным-үңгір.
Аю:-Балалар,   менің     сіздерге   бір   өтінішім   бар.Маған   жидектер
жасап бересіңдер ме?
Тәрбиеші:-Балалар, аюға жидектер жасап береміз бе?
    Шығармашылық орталығында  
                    жұмыстану.
-Ермексазды жұмсартамыз,оны екі бөлікке бөліп,әрбір бөлікті 
алақанға салып домалақтаймыз.Бұл-біздің жидегіміз. Жидектерді 
ыдысқа саламыз.Қолымызды сулыққа сүртеміз. 
Тәрбиеші:-Сыйлығымызды аюға сыйлайық!
         (Ыдысқа салып сыйлау)
Аю:-Рахмет ,балалар!  Үңгіріме барып сіздер сыйлаған 
жидектермен қоректенейін!Сау болыңыздар!
          Аю шығып кетеді.
Тәрбиеші:-Балалар,орман ішін қараңғы басып, суыта бастады.Жол 
тауып топқа қайтуымыз керек. Айналамызға қарайықшы,  мүмкін 
топқа қайтуға көмектесетін бір нәрсе тауып алармыз!
Тәрбиеші:- Қараңдаршы, қиықтар жатыр. Қиықтарды жинап 
құрастырып көрейікші! 
Тәрбиеші:- Қиықтардан не құрастырдық?
Тәрбиеші:- Күн туралы не білеміз?
Тәрбиеші:-Дұрыс, күннен тараған сәуле жарық ,жылу береді.
Тәрбиеші
 
 :- Балалар,күннің жарығымен топқа қайтайық!
-Аю
-Аю-медведь-биә
Үш тілде амандасады
Балалар тыңдайды.
-Жасап береміз.
Балалар жасалу 
жолдарымен танысып 
мүсіндейді.
Балалар жидектерді аюға 
сыйлайды.
Үш тілде қоштасады
Балалар айналаға 
қарайды,қиықтарды тауып 
алады.
Балалар қиықтарды 
жинап,құрастырады.
-Күн құрастырдық.
-Күн жарық пен жылу 
береді.Табиғат бөлшегі
Балалар қозғалады.
Рефлексиялық
қорытындылаушы
                Шеңберге тұрады.
Тәрбиеші:-Бәріміз қолымызды көтеріп күннің шуағын шашайық! 
Тамаша,бөлмеміз жарқырап кетті.
       -Балалар біздер қайда бардық?
-Орманда қандай аңдарды көрдік?
-Қоянға не сыйладық?
-Аюды қалай қуанттық?
-Балалар оқу іс-әрекетіміз аяқталды, қонақтармен қоштасайық?
Балалар қолдарын 
көтереді.
-Орманға бардық
Қоянды көрдік.
Аюды көрдік
Қоянға сәбіз сыйладық
-Аюды жидекпен 
қуанттық.
Үш тілде қоштасады.
Орындайды:  жабайы жануарлардың сипаттық белгілерін байқап, оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды.
Түсінеді:    жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді.
Қолданады:   жабайы жануарлардың жүріс-тұрысын қимылмен  келтіре білу дағдыларын.
* * * * * * * * 
№ 38 «Жазира»  бөбекжайы  МКҚК. Тәрбиеші:  Дуйсекешева С.А
Білім беру салаcы:  Әлеуметтік орта
Бөлімі:  Экология негіздері
Тақырыбы:  «Орман тұрғындары»
    «Айгөлек»  II  сәбилер тобы
 
          
74

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосы
Опорный орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Молдашова Роза Жазикбаевна 
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта ұлттық ойындар пайдалану
Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай қайсысы да адамға,
оның игілігіне қызмет етуге бағытталған.  Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі- ұлт ойындары.
Ойында халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына
сегізінші   етіп   осы   ойынның   аталып   жүруі   де   жайдан-жай   емес.   Ұлттық   ойындар   халықтың
әлеуметтік – экономикалық жағдайларына байланысты тауып,дамығанына қазақ халқының ұлттық
ойындарымен таныса отырып, көзіміз  әбден жетеді. 
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. 
Дегенмен халық ойынының неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік,
білімдік жақтарын да көре білді. 
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге
әзірлеу   секілді   жауапты   міндеттер   жүктеп   отыр.   Бүгінгі   күннің   ұрпақ   тәрбиесіне   деген   өз   талабы,   өз   ерекшелігі   бар.
Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы,заманына қарай заңы» деп тауып айтқан.  Еңселі ел болып, ана
тілін, ата салтын, дәстүрін қайта түлетуде.  Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие
жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде.
Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу –  тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқудың
жаңа әдіс – тәсілдерін қолдануы керек.  Сондай оқу- тәрбие негіздерінің бірі- ұлттық ойындарымыз.
Ол сандаға ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құрады. Қазақтың
ұлттық ойындары: ойын сауық,  тұрмыс салт ойындары дене шынықтыру,спорт ойындары және оймен келетін ойындар
болып бөлінеді. Ұлттық ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір саласы болып есептелінеді.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мени сырын егжей- тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан
сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес,жан – жақты дамымақ емес. 
Бала отбасы тәрбиесі және өзін қоршаған ортамен тығыз  араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан
алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың  тиімді  әдістеріне ерекше мән берілуі  тиіс. Ана тілі  сабақтарында  ойынды
ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық
мүмкіншілік   бар.и   баланың   сөздік   қорын   молайтып,   сөзді   еркін,   өз   мағынасында   қолдануға,   тез   жылдам   сөйлеуге
жаттықтыруға ойын бірден-бір таптырмайтын құрал. Мысалы, бірінші сыныпта балаларды жете қимылдату мақсатымен
халық ойыны «Қуыр, қуыр, қуырмашты» ойнату тиімді. Оның шарты: Бірінші бала бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін
бір рет саусақтардың атын түгел айтып береді. Сөйтіп, бір саусағын жұмып тұрып екінші балаға, кез -келген саусағының
атын айтады. 
Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырады, еске сақтау қабілетін жетілдіре түседі. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде
өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойланудан нақтылы
ойлауға жетелей түседі. 
Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Бұл кезеңде нағыз көмекші
халық   ойыны   болып   табылады.   Бұл   мақсатта   ежелгі   халық   ойыны   жаңылтпашты   ұтымды   пайдалануға   болады.
Жаңылтпаштардың   тіл   дамытуда,   сөзді   таза   сөйлеп,   ширақ   айтудағы   пайдасы   көп.   Қазақ   тілі   сабағында   «Буын»
тақырыбында «Өз атыңды буынға бөліп білесің бе?», «Сыныптағы заттардың атын ата» ойындарын ойнатуға болады.
Сабақта ойын түрлерін күрделендіріп «ойлап тап», ойынын ойнатуға болады. Мысалы: мұғалім ішінен «алма» деген сөзді
ойлап тұрып, «ал» деп бірінші буынды атайды. Балалар әр түрлі, «ал» буынынан басталатын бірнеше сөздер айтады. (ала,
алақай, алтын, алма, алаша т.б)
«Сан   есім»     тақырыбына   байланысты   «Сен   білесің   бе?»   ойынын   ойнатуға   болады.   Мұнда   мұғалім   бір   әңгіме
оқитынын,олардың ондағы сан есімдерін атауларын ескертеді. Балалар топқа бөлініп, мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып
тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімді көбірек тақтаға жазса, сол топ озады. Бұл ойыннан оқушылардың алары
көп.   Дара,   күрделі   сан  есімдерді   жазуға   үйреніп   дағдыланады,   сауатты   жазуға   үйренеді.   Математика   сабағында   халық
ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы ойын сабақтың басында, ортасында, соңында қолданылуы  мүмкін.
Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгелдей қатыстыруын көздейді. Егер ойын сабақтың
ортасында ойнатылатын болса, онда мұғалімнің   мақсаты оқушыларды сергіту болып табылады. Ал егер, ойын сабақтың
соңында қолданылса, оқушылардың шаршағанын басу мақсатында қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу
мақсатында әр бір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша
есептерге   жаттығуына,логикалық   ой   жүйелерін   жетілдіре   түсуіне   толық   мүмкіншілік   бар.   Сонымен   қатар   математика
сабағында   ойынды   пайдалану   мүмкіндігі   өте   көп.   Оларды   қолдану   ретіне   қарай   түрлендіріп   өтуге   болады.   Мысалы:
«Математикалық жарыс», «Математикалық жорықтар», «Математикалық пойыз» т.б
Ойын   арқылы   оқушылардың   ойлау   қабілеті   артады,   өз   беттерінше   орындауға     дағдыланады.   Осы   мәселелерді   ескере
отырып, өзімнің 2 «А» сыныбына математика пәнінен өткен бір сабағыма тоқтала кетпекпін.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт бірліктері
Сабақтың мақсаты: Уақыт бірліктерімен (тәулікке,ай жыл,мүшел ғасыр) және олардың арақатынасымен таныстыру: өзара
кері есептер құру және шығаруды пысықтай түсу.
Тәрбиелілігі:  Оқушыларды   ұлттық   негізде   тәрбиелеу,халықтық   педагогиканы   бойына   сіңіру.   Оқушыларды   бірлікке,
ынтымаққа,адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аукцион сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап ойын түріндеорындату
Сабақтың көрнекілігі:  Сатып алынатын заттар, аптаның аты жазылатын 7 қалпақ, айдың аты жазылған 12 тақия,жыл
атаулары салынған суретті омырауша (12 дана), түрлі суреттер, сөзжұмбақ, ойындар т.б ұйымдастыру.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты «Құстарға қамқорлық» ойыны арқылы қорыту.
Сергіту сәті: Үнтаспадан «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен үзінді тыңдатып, сұрақ қою
75

-Бұл ертегінің тақырыбы қалай аталады?
-Жыл дегеніміз не?
Ал, балалар, бүгінгі сабақта уақыт өлшемдерінің бірліктерімен танысамыз
Кіріспе түсініктеме:
Уақыт өлшемдері жыл,ай,апта,тәулік, сағат т.б. осы бірліктерді халық қалай тапқан, соған тоқталамыз. Жыл, ай, аптаның
ұзақтығын   анықтау   оңай   болған   жоқ.   Алғашқы   уақыт   есебін   жүргізу,   күнтізбені   жасау   тек   жер   кәсібі   мен   мал
шаруашылығына   көшкен   заманда   ғана   бастаған.   Халықтардың   көпшілігі   жыл   мерзімін   жаз,   күз,   күз,   қыс,   көктем
маусымдарымен есептеген. «Пәлен уақыттан кейін бес жыл өтті деудің орнына «Бес жаз» немесе «Бес көктем» өтті деген...
Бұрынғылар жеті күнді былай атаған: бүгін,ертең,бүрсігүні,арғы күні,ауыр күн, соңғы күн азына 12 жыл уақытты –мүшел
деп атаған. Олар санмен емес,хайуандар атымен аталған.
Бұрын тек мүшелдік күнтізбелер болған, қазақша күнтізбе 1922 жылы жазылды. Бұл күнтізбе қайта өзгертіліп, 1931 жылы
қайтадан құрастырылды.
Бұл күнтізбені құрастырушылар Б. Майлин мен І. Жансүгіров еді. (қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы қысқаша
түсінік беріп өту)
Сағат моделінің көмегімен күн шыққан уақытынан бастап ұясына батқанға дейінгі уақыт және түнгі уақыт күн шыққанға
дейін тәулік өтетінін түсіндіру. Тәуліктің басы түнгі сағат 12, сондықтан күндізгі 12-де 12 сағат болады,ал түнгі 12-де тағы
12 сағат болады,яғни 12+12=24 сағат немесе 1 тәулік 
Мұғалім: Балалар бүгін біздің сыныпқа көптеген қонақтар келіп отыр. Мектеп басшылары, ұзтаздар, ата-аналар, ал мына
келген қонақтар өздерін таныстырсын
13.
Сатушы тәлімгер
Ау, балалар,балалар,
Бәрің бізге қараңдар.
Біз сатушы тәлімгер,
Айгүл менен Айдана,
Келдік көптеп зат алып,
Сатамыз деп сендерге.
Ақшаға біз сатпаймыз,
Білімге айырбастаймыз,
Кімде білім көп болса,
Сол оқушы ала-алар,
Үндемеген оқушы,
Отырып тез ойланар.
14.
Сатушы тәлімгер
-Балалар біздің мақсатымыз –сендерге нарықтық экономиканың не екенін түсіндіру. Біз бүгін сол нарықтық экономиканың
алғашқы   әліппесі   «Аукцион»   сабақ   өткізгелі   отырмыз.   Біз   сатушымыз,   сендер   сатып   алушысыңдар.   Сендер   дүкенге
барғанда заттарды ақшаға сатып аласыңдар,ал сендерде ақша жоқ, сол ақшаға сатып алуға болмайтын қымбат зат сендердің
білімдерің. Заттарды білімге айырбастаймыз.
Мұғалім: Біздің сабағымыздың ерекшелігі осында. Сондықтан сабағымыз «Жәрмеңке» деп аталады. 
-Ал балалар кірісейік
-Сауда сәтті болсын!
1- сатушы:
Ал, келіңдер, келіңдер
Біріңе бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
(Мына төмендегі 7 сұрақтар 7 қалпақтың артында жазылып тұрады)
№1 Жыл қай айдан басталады?
Жылдың соңғы күнін ата?
№2 Бір жылда қанша ай бар?
Ретімен ата?
№3Бір тәулікте неше сағат бар?
№4 Республика күні мейрамы қай күні атап өтіледі?
№5биыл Ғ. Мүсірепов атамыздың неше жылдығы тойланды?
№6 2002ж қандай жыл болып аталады?
№7 Қазақша жыл атауларын атап шық?
Міне, балалар, сендер жеті сұраққа жауап бердіңдер. Енді бір сөзбен қалай атаймыз? Бір апта деп атаймыз.
Сергіту сәтіне «Бір апта» өлеңін айтқызу:
Сіл демалып,тынып ал,
Тақпақ айтып ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі-дүйсенбі,
Екіншісі-сейсенбі.
Үшіншісі-сәрсенбі.
Төртіншісі-бейсенбі
Жұма деген –бесінші ұл,
Алтыншы ұл-ол сенбі,
Жетіншісі –жексенбі.
Алты аға демалмастан,
76

Сабағынан қалмастан,
Алты тәулік оқиды,
Зердесіне тоқиды.
Оқулықпен жұмыс
№ 1. Ауызша орындау (сұрақтарға жауап бергізу)
№2 Үш топтан үш оқушыны шығару 
50 сағ-4сағ
4сағ+50сағ
54сағ-4сағ
45мин-40мин
54сағ-50сағ
40мин+5мин
45мин-5мин
50+4
4+50
54-4
54-50
40+5 т.б
№3  Үш топ үш оқушы шығарып,алғашқы оқушы шартын құрып,екі оқушы соған кері есеп құру.
Әкесі -48 жаста
Баласы ?, 40 жас кіші
Ш: 48-40=8
Ж: баласы 8 жаста
Ә) Әкесі -48 жаста ? үлкен
     Баласы-8 жаста ? кіші  
     Ш: 40-8=40
     Ж: әкесі 40 ж үлкен,баласы 40ж  кіші
Б) әкесі -40ж үлкен
    Баласы-8 жаста
    Ш: 40+8=48
    Ж: әкесі 48 жаста
Ең бірінші және дұрыс орындаған оқушы (үш топтың орнында отырған оқушылардан да) жәрмеңкеден өзінің қалаған затын
алады.
2-сатушы:
Көп білетін оқушы 
Мына бізге келіңдер.
Теңдеу есеп шығарып,
Дұрыс тауып жауабын,
Саудаласып көріңдер.
Теңдеу шешуге үш топтан үш оқушыға шығарту
100-х=40   25+а=90      80-х=15
Мұғалім: Балалар, қазір қай мезгілі?
-Күз
-Дұрыс . Күз мезгілінде біз нелерді жинап аламыз?
-Жеміс-жидектерді, астықты, мақтаны т.б
Міне, балалар, бізде Отанымызға егін жинауға көмектесейік
«Егін жинау» ойыны арқылы №4 мысалды шығарту
Сөзжұмбақ шешу.
Көлденеңнен: 100 жыл-ғасыр
Тігінен: 2.    60 минут – сағат
15.
12 ай –жыл
Мұғалім:   -Балалар, мына ребусты шешейкші. Ребуста «Ғабит атаға 100 жыл» деген сөз шығады. Оқушыларға жазушы
туралы әңгімелеу
Сатушы 
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайықта ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1.Бір ұзын ағаш, ағаштың үстінде он екі ұя, әрбір ұяда төрт-төрт тұқым, әр тұқымда жеті балапан 
Шешуі:  жыл, ай, төрт мезгіл, апта
2.Бір ағаштың 12 бұтағы бар,
Әр бұтағында 30 жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.
Шешуі: ай, тәулік, күн мен түн
№5  минутпен өрнекпен жазу 
1 сағ.20 мин=        мин
1 сағ.30 мин=     мин
1 сағ.40 мин=     мин
1 сағ.10мин=      мин
77

№6   Салыстыру
1 сағ. 60 мин
1 тәул.  24 сағ
1 ғасыр жыл
1 сағ.10мин70 мин
1 сағ.9 мин 
2 сағ.10мин 
Сабақты қорыта келе сұрақтар қою және «Алма жинау» ойынын ойнату.
Бағалау
Қорыта айтқанда, ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес
байлығымыз, қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы
орасан зор.  Ойын  баланың алдынан  өмірдің  есігін  ашып,  оның  шығармашылық  қабілетін оятып,   бүкіл  өміріне  ұштаса
береді.
Сонымен қатар ойын- тынысы  кең, алысқа меңзейтін,ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай
ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.
* * * * * * * * 
Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы 
№38 «Жазира»Мектепке  дейінгі ұйымының тәрбиешісі Н З Хитарова
Пішіндер әлемінде
Білім беру бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
 Мақсаты:
 Білімділік: Балалардың әртүрлі пішіндерді айта білуге;логикалық ойлау қабілеттерін
қалыптастыру;түстерді ажыратуға;көп заттың арасынан бір затты таңдап алуға үйрету;
Дамытушылық: балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастырып;тілдің қорын молайту;көру,есте
сақтау қабілетін дамыту;
 Тәрбиелеушілік: Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу;достық қарым-қатынас тәрбиелеу, сөздік қорын 
байыту;ұйымшылдыққа,тәртіп сақтауға,үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру,саяхат.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: әңгіме құрату,тақпақтар жаттау.
Қажетті көрнекі құралдар: құрастыру материалдары,сурет құралдары,қағаздар мен желімдер,қолтырауын 
ойыншығы,түрлі-түсті пішіндер,бағдаршам,поровоз, слайд.
Билингвалдық компонент: ақ-белый-уайт;снег-қар-сноу;қыс-зима-
уент;Бағдаршам-светофор-трэффик лайт;қызыл-красный-ред;сары-желтый-
иеллоу;жасыл-зеленый-грин;
  Іс әрекет кезеңдері: 1.Мотивациялық-қозғаушы кезеңі.
Таңғы амандасу: «Қуаныш сәт»
1.Қуанамын мен де,қуанасын сен де.
Қуанамыз бәріміз арайлап атқан күнге.
2.Всем ,всем добрый день!
Здраствуй солнце золотое!
Здраствуй,небо голубое!
Здраствуй,матушка земля!
3.Гуд монинг,гоулд сан,
Гуд монинг май френдз.
Сабақтың барысы:Балалар поезбен топқа кіреді.Бағдаршам жасыл жанғанда жүреді ,с ары жанады балалар тоқтап күтіп
тұрады, қызыл жанады балалар жүреді пешеходтан өтеді.
Ғажайып сәт:
Топқа Буратино музыкамен  кіреді.
-Саламатсыңдар ма балалар!
Балалардың жауабы:Саламатсыз ба.Здраствуйте.Гуд монинг.
-Мен мектептен келе жатырмын, жолдан құлыптар тауып алдым,бірақ менің алтын кілтім құлыптарды ашпай жатыр.
-Балалар маған көмектесесіңдер ме,құлыпты ашуға?
-Балалар ендеше Буратинаға көмектесейік,онымен бірге «Кілтті тап»ойынын ойнайық.Ендеше бәріміз поезға мініп сол 
аялдамаға барайық.
-Құлыптарға сай геометриалық пішіндерден кілттерді тауып орналастырайық.
-Балалар жарайсыңдар!Тәрбиеші Буратинаға қолтырауын ойыншығын береді, ал балалар оның үстіне әртүрлі пішіндерді 
әдемілеп қояды.
-Балалар жарайсыңдар қолтырауынға әдемі киім кигіздіңдер.
2.Ұйымдастырушы-ізденушілік кезеңі:
-Балалар Буратинамен бірге «Заттар қандай геометриалық пішіндерге ұқсайды»ойынын ойнайық.
-Иа,қуана-қуана ойнаймыз.
Слайдпен жұмыс.
-Дөңгелек пен доп қандай пішінге ұқсайды?
Балалардың жауабы:
-Домалаққа ұқсайды.
-Дөңгелекті орысша қалай атаймыз?
Балалардың жауабы:
78

-Круг
-Шаршы пішінді заттарды атайықшы?
-Бұлардың бұрыштары бар ма?
-Қабырғалары бар ма?
Өте жақсы білесіңдер балалар ,рахмет!
Енді балалар  «шамдарын жақ» ойынын ойнайық
Балаларға Бағдаршамға қарай жүргізу.
Балалар бұл не?
-Балалар бағдаршамның өлеңін айтайықшы.
Қызыл көзі жанғанда,
Сынық қадам баспа бала.
Сары көзі жанғанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзі жанғанда,
Жүре берер жасқанбай.
-Дұрыс балалар бұл бағдаршам.
-Оның неше көзі бар?
-Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
-Балалар бағдаршамның көзі сөніп қалыпты.Енді оны  түрлі –түсті
жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек.
Жасыл көзі жанғанда,
Жүре берер жасқанбай.
-Дұрыс балалар бұл бағдаршам.
-Оның неше көзі бар?
-Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
-Балалар бағдаршамның көзі сөніп қалыпты.Енді оны  түрлі –түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек.
-Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе?
Балалар шығармашылық орталықтарын да жұмыстанады.               
 Сергіту сәті.(слайд)
Балалар шығармашылық жұмыстарынды өте жақсы орындапсыңдар ендеше қарайықшы бағдаршамның көздері 
жандымекен.
-Буратино саған мына жол белгісін табыстаймыз.
-Рахмет балалар, мен өте қуаныштымын мынадай балаларды кездестіргеніме.Сендерге көп рахмет.
Буратино балаларға сыйлық үлестіреді.
-Буратино сау болыңыз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет