Қызылорда облысы, Қармақшы аyданы, Жосалы kенті
А.Жанпеиісов атындағы №105 мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Серікбаева Фарида
Тақырыбы: Мейірімділік асыл қасиет
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі –құралдар: дәптер, жүрекшенің үлгісі, тауық пен балапандардың суреті.
Балалар, біз седермен бүгін бір ғажайып елге саяхатқа барамыз ол қандай ел екенін маған сендер айтатын боласыңдар.
-Жарайма!
Шаттық шеңбері
- Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге,
қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен
алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол
қолын қысайық) бір –біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік .
Әңгімелесу
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
- Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
- Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Тыныштық сәті
Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.
Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.
Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап,
қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.
Мәтінмен жұмыс
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың
астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының
астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден
тыста ұстап, тоңа бастаған кезде бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады
анасы.
- Мен- деді тұңғышы.
93
- Мен барайын! - деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз! – деді ең кішісі.
- Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.
- Қатесін түсінген сен барғаның жөн! –деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тондырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып,
сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Сұрақ қою
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
- Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Балдалардың жауаптарын тыңдаймыз
Дәйексөз
Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді
- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге
келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың
кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында.
Ойын: «Мейірімді жүрек» ойыны ұйымдастырылады
Ойынның шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Ойын бастауышы жүрекшенің үлгісін қолына ұстап тұрып:
«Балалардың мейірбандық жүрегі, адамдарға бақыт шаттық тіледі» - деп айтады
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап айтады да, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді
айтып жүрекшені ұсынады.
Жаңа ақпарат
Балаларға мейірімділік сөзінің мағынасын түсіндіремін. «Адамдар бір-біріне, туған- туыстарына, табиғатқа деген
жанашырлық сезімін, қамқорлығын білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.»
Ал енді келесі тапсырмаларды орындайық
Тапсырма: Суреттерге қараңдар.
- Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер
едің.
- Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып
жатыр екен сен не істер едің?
- Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар
Дәптермен жұмыс
1- Тапсырма
Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар
2- Тапсырма
«Ана-деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар
3- Тапсырма
«Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздерің жасаған ізгілік істерің туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар.
Қорытындылау
Қазақ халқында мейірімділік, қамқорлық, жақсылық туралы көптеген мақал мәтелдер бар. Біз қазір сол мақал- мәтелдерді
дұрыс құрастырып көрейік.
Жүректен- жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді
Ойын «Мейірімділік жібі»
- Енді біз « Мейірімділік жібі » деген ойынымызды бастаймыз.
Шарты: Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін, жәй
бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер болса, дәл осылай келесі балаға бересіңдер.
(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады)
- Күлімдеген- күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді
- Таза мөлдір су – мейірімді!
- Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!
- Егіні мол жер мейірімді!
- Қамқор апам мен ағам мейірімді!
-Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп
отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.
Үй тапсырмасы
Дәптерде төмендегі сұрақтарға жауап жазу
1.Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?
2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.
3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?
94
Жүректен жүрекке
Қолдарыңдағы жүрекшелеріне
-Ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен
білдіреді.
- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
- Талапты достарыма табыс тілеймін.
- Сыныптастарыма амандық тілеймін.
- Отбасыма бақыт тілеймін.
Ал енді сабағымызды ең мейірімді жан туралы әнмен аяқтайық
* * * * * * *
Қызылорда облысы, Қармақшы аyданы, Жосалы kенті
А.Жанпеиісов атындағы №105 мектебінің орыс тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Бисенова А.Ш.
Баяндама Тақырыбы: «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар-нәтижелі білім берудің көзі»
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша
дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған. Жүзеге асырылуына және осы міндетті
шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басылымдылықтардың бірі осы заманғы білім
мен озық ғылымды дамыту болып табылады.
Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып
отыр.
Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың
тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-
тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы
қажет.
Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі
дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу
үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің
нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте
қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен
оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың
мүмкіндіктерін іске асыра алады. Оқушы–оқу үрдісінің басты субъектісі, сондықтан баланың дамуына, оның ойлау
қабілетін дамытуға оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әр түрлі оқу іс-
әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді: оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау
іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.Тізбектелген сабактар топтамасындағы әр
сабақтарымда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын
АКТ –ны қолдануды әр сабағымда ескердім. Алғашқы сабағымды Блум таксономиясына негіздей отырып, презентация
түрінде өткіздім. Кейінгі сабақтарымда да семантикалық карта толтыру, инсерт, видеоролик қарау, т.б. әдістерін қолдандым.
Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ-қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті
ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Алдымен өткізген сауалнама нәтижесі арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы
сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар
беруге тырыстым. Мәселен, 5 жолды өлең, реферат жазу, эссе жазу, туған жер туралы 4 жол өлең құрастыру, т.б.
Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырды. Бұл
дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан
қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылғандары. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады. Оқушылар
топқа әр түрлі тренингтер арқылы бөлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден іске кірісіп кетіп жатты. Бір-біріне
деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды.
7 модулды қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті.
Әріптестерім де менің жаңалығыма қызығушылық танытты. Ал оқушыларым мен ата-аналарым алғыстарын жаудырып
жатты. Бұл менің шабытымды шақыра түскендей!
Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді
ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.
Осыған байланысты күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың
95
қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның орыс тілі пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге
жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына
қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді.
Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп,
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын
дамытады.Атап айтсам, орыс әдебиеті пәнінен Н.В.Гогольдің шығармашылығына байланысты қорытынды сабақта
интербелсенді тақтадан қай образдың сөзі екенін табуды көрсеттім,сәйкестендіру тестісі арқылы кейіпкерлердің мінезін,іс-
қимылдарын сәйкестендірді, ойды қорытындылау үшін қорытынды сұрақтарға кроссворд құрастырылды. Тізбектелген
сабақтар топтамасының орыс тілі сабағында 5 сынып бойынша «Лексика» тарауын өткенімізде, электронды оқулық
арқылы жаңа сабақты меңгерттім. Және оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды электрондық оқулықтан
орындадық.Бұндай тапсырмалар оқушылардың танымдық, зерделік қабілеттерін аша түсетіні сөзсіз.
Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:
- сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру, оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту,
оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;
- сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік
бақылау;
- мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б.
Егер жаңа ақпараттық технологияны орыс тілі сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы,
танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны
баршамызға аян. Бұл білім берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары:
-білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара тұлғаға бағытталуы;
-қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;
-әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды
күшейту;
-көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.
Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің маңызды шарттарының ең бастысы ─ оқушы
құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де іске асар еді. Өйткені қазір мектептерде барлық жұмысты бірыңғай ұлттық
тестілеуге даярлап, жоғары сапа көрсетуді бірінші кезекке қойған кезең екендігі жасырын емес
. АКТ-ны сабақта қолданудың тиімділігі:
- уақытты үнемдейді;
- оқушының жан-жақты білім алуына септігін тигізеді;
- білімін кешенді әрі үнемі тексеріп бақылауға мүмкіндік береді;
АКТ қолдану тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының да көптеген қабілеттерін дамытуға көмегін
тигізеді.Атап айтқанда:
- оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады;
- әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық қабілетін дамытады;
- логикалық ойлау қабілетін дамытады;
- жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады;
- қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді.
Қазіргі таңда барлық интерактивті тақта кеңінен қолданылып жүр және ол оқытудың тиімділігін арттыруға септігін тигізіп
отыр.
Оның мүмкіндіктері төмендегідей:
1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі;
2. дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді;
3. оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін әрлеуге көмектеседі;
4. дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;
5. интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;
6. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту мүмкіндігіне ие.
Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын,
интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін
пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге
дағдыландырады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде
немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға
мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін
құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың
материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе
тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде
бере алады.Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді,сонымен қатар
оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан
тұруы тиіс.Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады.Электрондық тесттерді оқу
үрдісінің кез келген кезеңінде қолдануға болады.Электрондық тесттерді «Aktivstudio Professional Edition V3
“бағдарламасындағы « Оценка тест» бағдарламасымен құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы
кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық
тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы, сабақта оқушыларға мынадай тесттік тапсырмалар беруге болады:
1. Определите вид придаточного предложения Олжасу Сулейменову, когда я с ним познакомился, было 25 лет.
а) времени в) цели с) причины 2. Простое предложение, в котором есть и подлежащее, и сказуемое.
а) обобщенно-личное в) двусоставное с) безличное
96
3. Укажите безличное предложение а) Вот и снег. в) Меня знобит. с) Встаю в 7 часов.
4. Укажите ССП с соединительным союзом
а) Солнце светит по-весеннему, но в доме пасмурно.в) Лист бесшумно упадет, или мышь прошмыгнет незаметно.
с) Кругом царил полумрак, и вода в реке совершенно неподвижна.
5. Отметьте союзы при помощи которых придаточное причины присоединяется к главной части.а) когда, пока, как только
в) если, когда, раз с)потому что, от того что, так как
6. Значение ССП.
Прозвучал звонок, и пассажиры стали занимать свои места.а) последовательность событий в) чередование явлении с)
одновременность событий
Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету
жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын
жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын
ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше,
ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді,
жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын
тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең
бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу
дағдыларын дамытады. Сондықтан ақпараттық технологияларды сабақта үнемі және жүйелі қолдану оқушылардың пәнге
қызығуларын оятып, сабақтың сапасын арттыруға кеңінен жол ашады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1..Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет
2.Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,
№3-4,2010,-64-бет.
3.А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.
5.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
* * * * * * *
Қызылорда облысы, Қармақшы аyданы, Жосалы kенті
А.Жанпеиісов атындағы №105 мектебінің
бастаyыш сынып мұғалімі Абдраманова Гүлнар
Сабақ№ 1
Мектеп: №105
Пәні:
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы:
А. Құнанбаев «Шегіртке мен құмырсқа» (мысал)
Күні:10 .10. 2015ж
Мұғалімнің есімі:АбдрамановаГулнар
Сынып: 3 «Б»
Қатысқандар саны: 21
Қатыспағандар саны: 0
Сабақтың
негізделген оқу
мақсаты
1) «Шегіртке мен құмырсқа» мысал туралы білу
2) Мысалдағы негізгі ойды түсіну
3) Жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажыратуды үйрену
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
1) «Шегіртке мен құмырсқа» мысал туралы біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
2) Мысалдағы негізгі ойды түсінеді
Кейбір оқушылар
3) Жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажыратуды үйренеді
Тілдік мақсат
Оқушылар:Жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажыратуды үйренеді
Негізгі сөздер мен тіркестер:Қабағын қайғы жапты,
гөлайттап,сорлы бүкшиді.
Сыныптағы диалог/Оқылым мен тыңдалым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар
Шырылдауық шегіртке неге жылады екен?
Жасыл бояумен жазылған сөздер қай кейіпкерге қатысты?
Неге жасыл бояумен жазылған деп ойлайсыңдар?
Сіз неліктен.......екенін айта аласыз ба?
97
Құмырсқаның киімі қандай?
Шегірткенің киімі қандай?
Оқылым мен айтылым бойынша ұсыныстар ( Суретпен жұмыс)
•
Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
•
Қай жыл мезгілі бейнеленген?
•
Шегіртке құмырсқаның үйіне неге келіп тұр деп ойлайсыңдар?
Жетістік
критерийлері
1 «Шегіртке мен құмырсқа»мысалындағы кейіпкелерді атай алады
2) Мысалдағы негізгі ойды айта алады
3) Мысалдағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айта алады
Алдыңғы оқу .
Е. Салықов «Күзгі орманның көріністері»
Сабақ
уақыты
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,
Достарыңызбен бөлісу: |