Жоо мен орта мектептерде


Тема:    О.О.  Сулейменов.  Очерк  жизни и творчества.    Поэма О.О.  Сулейменова «Земля,  поклонись человеку!» Цели



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Тема:    О.О. 
Сулейменов.  Очерк 
жизни и творчества.   
Поэма О.О. 
Сулейменова «Земля, 
поклонись человеку!»
Цели: 1. Познакомить учащихся с жизнью и творчеством   О.О. 
Сулейменова.   
2.  Ввести учащихся в сложный мир  стихов поэта.
3. Воспитывать интерес к творчеству писателя.  
Учащиеся готовятся к 
уроку. 
1. Актуализация 
знаний
Работа со словами: пасквильный – клеветнический, рефрен – 
повторяющийся в определённом порядке стих или строфа в 
стихотворении.  
Уч-ся  работают со 
словами  
2.Опрос домашнего 
задания 
1 урок -  Дочитать рассказ, стр.315-337
2 урок – Ответить на вопросы в конце рассказа
Подготовить сообщение о жизни и творчестве Ч. Айтматова, стр. 307-
314 
Учащиеся 
рассказывают 
домашнее задание 
3.Объяснение нового
материала 
Прочтите по выбору 2-3 рассказа Шукшина 
Чтение эпиграфа к теме урока
 Олжас – настоящий художник, потому что умеет хранить 
народно-поэтический очаг родной земли. 
Уч-ся  слушают 
учителя,   отвечают на 
вопросы,  выполняют 
задания по группам, по
31

 Е. Сидоров  О. Сулейменов родился в Алматы. Гордился своим 
предком Олжай батыром, корторый командовал правым крылом 
конницы хана Абылая. В гео честь он и назван Олжасом. Олжа перед 
смертью сказал, что человек из седьмого поколения будет галым…О. 
Сулейменов хочет, чтобы слова эти сбылись.  Сулейменов окончил 
геологический факультет КазГУ, учился в Ленинградском институте 
им.Горького, «перерыл» сотни исторических книг, чтобы узнать 
подлинную историю своего народа. Пишет на русском языке, но 
остаётся поэтом казахским, родным сыном своего народа. О. 
Сулейменов это поэт, тюрколог, историк, геолог, политический 
деятель, основатель движения «Невада -Семей», но нам больше 
известен как поэт. Вошел в литературу стремительно и бурно. В 1961 
году вышел его первый сборник стихов «Аргамаки», в том же году 
«Земля, поклонись человеку!». В 1975-76 гг. появилась книга «Аз и 
Я». (самые сложные годы: пасквильные (клеветнические) статьи, 
обсуждения, злобные письма, не сломили поэта). Премьера спектакля 
по сценарию О.Сулейменова и Б. Мукаева «Заманакыр», фильм по 
мотивам стихов О.Сулейменова «Балкон».
Слово учителя ( по ходу лекции запись в тетрадь учащимися  
ключевых моментов)
 Поэма создана в 1961 году. В поэме отразились лучшие стороны 
поэзии О. Сулейменова: большой лирический накал, 
темпераментность, культура стиха, богатый словарь, острое чувство 
современности, философская глубина. Раскованность, внутренняя 
свобода, богатство ассоциаций, дальность перспективы создают 
праздничное ощущение межпланетного пространства.  
парам, индивидуально,
делают выводы. 
4.Закрепление 
нового материала 
Чтение поэмы  «Земля, поклонись человеку!», 2стр.301-303
Работа в мини-группах
Что вы можете сказать о композиции поэмы?
В чём выражается богатство ассоциаций?
В чём выражается острое чувство современности?
В чем выражается философская глубина?
В чём выражается раскованность и внутренняя свобода?
Ответить на вопросы:
*2Как вы думаете, какие чувства испытывал поэт, когда писал поэму?
*О каком пути пишет поэт в строчках: «Путь, что в сердце своём 
пронёс, что рекою прошёл по земле»?
*Правомерно ли сопоставление лирического героя поэмы с 
Гагариным?
*Какова основная тема поэмы?
*Почему в поэме часто повторяются строки (рефрены)  «Я люблю 
тебя, жизнь»?
 Чтение статей об О. Сулейменове, стр.304-306Я люблю тебя, жизнь
*Чтение стихотворения «Красный гонец и чёрный гонец», стр. 297-
298
*Ответы на вопросы после текста, стр. 299
Учащиеся выполняют 
задания, отвечают на 
вопросы,  работают в 
группе, 
индивидуально, по 
парам. 
5. Рефлексия
Постер «Рассказ» 
Заполняют  
6. Подведение 
итогов. 
Выставляются оценки. Подсчитываем баллы. 
7.Последующие 
задания 
Выразительное чтение поэмы, стр.301-303 
Выучить отрывок стихотворения наизусть, стр. 298-299 (по выбору)
Запись в дневниках. 
32

Қарағанды  қаласы Октябрь  ауданы  №76  ЖББОМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Гүлбаршын Крыкбаевна.
«Шынайы сыныптағы білім беру мен оқыту тәжірибемдегі өзгерістерім»
          «Өзгеріс» - деген сөзі естігенде, біз ойланамыз. Бұл,  яғни  басқаша, өзгеше  деген сөздер ойға келеді. Бір  нәрсенің, 
бір заттың  немесе  бір  адамның  өзгергенін  білеміз.
    Бұрынғы  кезге  қарағанда  еліміз  барынша   көп  өзгерді.  Заман  талабына сай  қалаларымыз, жеріміз, ұрпағымыз  дамып
келе  жатыр. Сонымен  қатар  адамдар да  өзгере  түсуде.  Еліміздің  экономикасы  дамып,  50  елдің  қатарына  енуге  
атсалысуда. Бәсекеге  қабілетті  ел  болу  үшін,  біз  кез – келген  қиындыққа  төтеп  бере  алатындай  болуымыз  керек. 
Сонымен  қатар  оқушыларды  да  бәсекеге  қабілетті, дарынды  оқушы етіп тәрбиелеу қажет. 
      Оқушыларды  өзгерту  үшін  алдымен  өзіміз  өзгеруіміз  керек.  Оған  себеп   болған  елбасымыздың  шешімімен 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Қарағанды   облысы  бойынша   педагог  қызметкерлердің  біліктілігін   арттыру  
институтында  өткен  үш  айлық  курс  себеп  болды. Бұл  курстан  көп  нәрсе  үйрендік. Өзіміз  де  өзгеріп,  сабақ  жоспары  
да  өзгерді. Бәрі, бәрі  өзгерді  десек  болады. Үш   айлық   курстан  алған  білімдерімізді  мектепке  келіп, оқушы бойына  
көп  күш жұмсаудамыз.  «Ұстаздық еткен  жалықпас, үйретуден балаға» - демекші, әрқашанда ізденісте болу біздің 
міндетіміз.
      «Мұғалім»  осы  сөзді  естігенде  оқушыларда  әртүрлі  ой қалыптасады. Өйткені  қазіргі  оқушылар  да  әртүрлі. Кейбірі 
тұйық, момын, енжар  болып  келсе, ал   кейбірі  керісінше  ширақ, ашық,  алғыр  болып  келеді.Сондықтан да оқушыларда  
әртүрлі  ой  қалыптасады.   Топтық  жұмыстар арқылы осы  ойларды  бір жүйеге, бір жерге  тоғыстыруымыз  керек деп 
ойлаймын.Нәтижесінде тұйық баламыз ашылып, ширақ баламыз байсалдылыққа қалыптасып, енжар баламыз  топтық  
жұмысқа  қатысып, өз ойын ортаға салуға үйренеді . Алған   білімдерімізді  оқушылар  бойына  сіңіру үшін,  жаңаша  
тәсілдермен  жұмысымызды бастпа кеттік. 
        Мектебімізде «өзгеріс»  тобы  құрылды.  Ол топ үшінші  деңгейді оқып келген 5 мұғалімнен  және тәлімгерлеріміз  
бірінші  деңгейлік мұғалімдер Абылай Армиевич, Ардақ Тілеужановна, Нұрхан Смагулова деген  тәлімгерлерден  құралады.
Мектебімізде мастер класс, семинарлар, ашық сабақтар, коучингтер  өткізіп жатырмыз. Өзара  сабаққа қатысып, тәжірибе  
алмасып  жүрміз. 
     «Өзгеріс»  тобының  мұғалімдері  жиналып,  кеңесіп  отырамыз. Бұл  өте  тиімді. Өйткені  сабақ  өткізу  барысында  
оқушылардаң  бойынан  байқалған  өзгерістермен  бөлісеміз. Мәселелерді  бірге шешеміз. Білмеген  жерлерімізді  өзіміздің  
бірінші  деңгейлі  тәлімгерлерімізбен  кеңесеміз. Ол кісілер  бізге құнды пікірлер айтып, өз кеңестерін аямайды.
    Біз  баланың  мінез – құлқын  өзгерте  алмаймыз. Бірақта  сабаққа  деген  көзқарасын,  құлшынысының  өзгеруі  мүмкін.  
Әрине  еңбектің  жемісін  көру  үшін,  көп  жұмыс  жасау  керек. Қажырлы  еңбектің   арқасында  ғана  біз  биіктерді  
бағындырамыз. 
       Сыныпқа практикаға  келгенде   бірінші  дәстүрлі   сабақ өткіздім. Ол  кезде  қанша  бала сөйледі,  қанша  бала 
сұрақтарға  жауап берді, қай  бала  енжар  отырды,  қай  баланың  сабаққа  ынтасы  болмағанын  байқап  жазып  отырдым. 
Атап  айтсам: Абай, Хусан, Мақпал  деген  оқушылар  сабақта  енжар отырады. Сұрақ  қойғанда  көп  балалар тосылып 
қалды. Мысалы: Әділхан, Ажар, Гүлзада деген оқушылар. Сабаққа  деген  ынтасы  болмай, енжар отырған: Ақжол, Назерке, 
Дильназ болатын. Сабақ  жоспарлау  барысында  алдыма  мақсат қойдым. Жаңаша  білім  бергенде   осы  оқушылардың  
қабілеттерін  ашып, ары  қарай  өзгеруіне,  қызығушылығын    арттыруға  қызықты    тапсырмалар  дайындадым. 
Оқушылардың қызығушылығын ояту барысында шағын бейне таспа көрсеттім.  Енжар оқушыларды сабаққа тарту 
мақсатында  топтық  жұмыстар  дайындадым. Сұрақтарға  жауап  беру үшін  А;В;С стратегиясын  пайдаландым. Яғни, бір 
оқушы сұрақ қояды, бір оқушы жазады, бір оқушы жауап береді. Шыққан  нәтижелер: Тұйық оқушы  Абай сұрақ  қойды, ал 
енжар отыратын Ақжол оған жауап берді. Мақпал болса үнемі тұйықталып, өз бетімен отыратын. Бір  сабақта  оқушыларға 
топтық  жұмыс берілген болатын, сол кезде суреттің  астына Мақпал төрт жол өлең құрап, өзін бір  қырынан  таныта  түсті. 
Хусан да өздерің «қайсар солдат» - деген  сөздің  мағынасын ашып, қалай  көрсетер едіңдер? -  дегенде. Өзі топ жарып, 
бірінші болып, тақтада көрініс көрсетті. Әрине бұл  күтпеген жағдай болды. Сонымен қатар Хусан өзі  өзгеріс жасап  қана 
қоймай, сынып оқушыларына  бұл  тапсырманы қалай орындау керек екендігін білдірді. Топ арасында сұрақтар қоя 
бастағанда, Әділхан, Ажар, Гүлзада да   өздері жеңіл болса да сұрақтар қойды. Ал  енжар отарытын   Назерке  мен  Дильназ  
топта  сурет  салуға  көмектесті. Осылайша  жаңаша  сабақтар  өткізу  барысында сынып  оқушылар  өздерін жаңа бір 
қырларын таныта білді. Әр  сабақтан соң  талдау жасаған кезде 

нені  дамыта аламын?-деген сұраққа өзіме сыныптағы қозғалыссыз, қатыспай отырған оқушыларға қозғау салуға 
деңгейлеріне сәйкес  тапсырма  дайындау керек екенін жазып қоямын.Мысалы: Әділхан сұраққа жауап бергісі  
келді, бірақ  ойын толық жеткізе алмады. Ақжол   сұраққа дұрыс жауап берді, бірақ  толық  сөйлеммен айту керек 
еді. Енжар отыратын Абай диалог құруға шығып, таңқалдырды. Келесі сабақта  сөйлеу мәдениетін дамыту үшін   
диалог құру тапсырмасын қосу керек деп шештім.

не  сәтсіз  өтті? – деген  сұраққа   сабақ барысындағы  жұмыстар  кезінде  сәтсіздік болып жатса, соны келесі  
сабақта жоюға тырысу керек екенін өзіме   ескерту  ретінде  түртіп аламын.Мысалы: топтық жұмыста Тұңғышбай 
деген оқушы мен суретсалмадым деп ренжіді. Келесі сабақта топ  мүшелеріне Тұңғышпайға да тапсырма берулері 
керек екенін түсіндірдім.

не  сәтті  өтті? – деген    сұраққа сабақ  барысындағы  сәтті  кезеңдерді  жазып қоямын. Мысалы  І топтың  постер  
қорғау кезінде  Аружан  ұтымды  ой  айтты. Төрт  жолды өлең құрастырған кезде Дисатың өлеңі өте ұйқасымды 
шықты. Автор орындығында  оқушылар  өздерін автор ретінде  сезінгендері өте бір тебірентті. Сұрақтар қойған 
уақытта  Эльнураның сұрағы өте   мазмұнды болды, дегендей талдау жазамыз.
Дәстүрлі  сабақта біз  мұндай талдау жазбаймыз. Ал  жаңа технология арқылы өткізген кезде біз  әр сабақтың  соңына 
осындай талдаулар жазамыз. Бұл талдаудың ерекшелігі  бүгінгі сабақта қай оқушы сөйлемеді, қай оқушы сабаққа  қатысқан 
жоқ  екенін біліп   отырасың. Осы  талдау  бойынша келесі  сабақта ол оқушыларға қозғау салу үшін  тапсырмалар  
дайындайсың. Осы  технология  арқылы тек оқушыларды  ғана емес, ата – аналардың көзқарастарын да ұмытпауымыз 
керек. Ата – аналар  жиналысын да топқа бөліп өткіздім. Сонды бір ата – ана: «Мен таң қалып отырмын...»  - дегені. Мен  
33

неге таң қалып отырсыз? Дедім. Ол кісі  жиналыс осылай  өтеді деп ойлаған жоқпын  деп жауап берді. Әрине бұл  ата – 
аналарға  таныс емес, жаңаша  түрдегі  жиналыс болды.  Ата – аналар  да топпен жұмыс жасап, оны  қорғап, өз  ойларын  
ортаға сала білді. Қорытынды  кезінде бір ата – ана бұл жақсы екен, балаларымыз басқаша отырып, топпен жұмыс жасайды 
екен, жаңаша әдіс – тәсілдер қолданасыз   екен, деп өз алғысын   білдірді. Әрине ата – аналарға  берген  сабақтарымыз  ұнап 
жатса  нұр үстіне, нұр емес пе. 
      «Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні» - бар демекші сөзімді  қорытындылайтын болсам. Сабаққа жай келе салмай, әр  
сабағымызға мұқият дайындалып, жаңаша әдістер қолданып, ерінбей еңбек етсек. Жаңадан үйренген   Lesson Stady  әдісін 
сыныпта қолданысқа енгізіп, үш  оқушыны  зерттеп, олардың  өзгеруіне  ықпал  жасасақ, оқушыларымыздың  өз  деңгейінен
жоғары көтерілуіне  көп  көмегіміз  тиер еді.  Сынып  сапасының  көтерілуіне  де әсер  ететініне  сенімдімін. Сынып  
сапалары арта  түссе, мектебіміздің, жалпы  мемлекетіміздің  білім  сапасының  артқаны емес пе.
Ұстаз  өзінің   білімін  жиі  жетілдіріп отырса, осындай  үш айлық  курстан өтсе, оқушыларымыздың өзгеруіне  көмектесер 
едік. Жалқау, енжар отыратын, үлгерімі  төмен  оқушылар  да  азайып,  оның  орынына  сыни ойлай алатын, бәсекеге 
қабілетті, кез – келген ортаға өзі бейімделіп кететін, өзіне-өзі баға бере алатын  оқушылардың  қатары  арта  түсетін еді.
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы  Манкент ауылы
 «С. Рахимов»  атындағы жалпы орта мектебі 
өзбек  тілі  және  әдебиет  пәні   мұғалімі Ирисова  Фатима    
                                            
Баяндама
 «Девиантты  мінез-құлық  және оның  алдын  алу  жолдары»

Девиантты мінез-құлық  деген  не?

Жасөспірімдік  кезеңдегі девиантты  мінез-құлық.

Жасөспірімдерде  девиантты  мінез-құлықтың  алдын  алу.
                                                                Адам  қайғысы – заман  қайғысы.                                    
     Девиантты  мінез-құлық – жалпыға  ортақ  ережелерден  ауытқитын  алеуметтік  іс- әрекет,  осы  ережелерді  бұзатын
адамлар   мен   әлеуметтік    топтардың   қылықтары;  қабылданған   құқықтық    немесе    моральдық    нормаларды   бұзған
адамның  мінез- құлқы. «Девиант»  сөзі  латынша  «debiamio»,  яғни  «ауытқу»  мағынасын  береді. 
     Кең   мағынасында   девиантты   мінез-құлық   кез   келген   әлеуметтік   ережелерден   ауытқушылықты   білдіреді. Бұл
ережелер  жағымды  және  жағымсыз  болады.  Жағымды – батырлық,  аса  еңбекқорлық,  альтруизм, өзін  құрбан  ету,  аса
үлкен  рөл ойнау...  Жағымсыз – қылмыс,  қоғамдық  тәртіпті  бұзу,  адамгершілік  ережелерін, дәстүрді,  әдет-ғұрыптарды
аттап  өту, өзіне-өзі  қол  жұмсау  сияқтылар. Ал,  тар  мағынасында  қалыптасқан  құқықтық  және  өнегелік  ережелерді
басып, аттап   өту   түсініледі. Олар   жалпы   қоғамға, айналадағы   адамдарға   және   ең   бірінші   өздеріне   үлкен   зиян
келтіреді.
    Девиация  бірнеше  типтен  тұрады:  девиантты,  делинквентты  және  криминалды  мінез-құлық.
  1.Девиантты   мінез-құлық  – әлеуметтік    нормалар   мен   ережелерге   сәйкес   келмейтін мінез-құлықты   айтады. Ол
ауытқыған  мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір  әдебиеттерде  бұл  типті  «антидисциплиналық»  деп те атайды. Бұл  типтің
көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен  бет  бұру, үйден  кету, алькоголизм, норкомания, қоғамға  жат
қылықтар, жыныстық  жат  мінез-құлық, суицид  тағы  басқалар  жатады.
  2.  Делинквентті  мінез-құлық  заң  бұзушылықпен  ерекшелінеді.
  3. Криминалды  мінез-құлық  заң  бұзушылық  болып  табылады. Балалар  сот      үкімі  арқылы  жасаған  қылмысының
ауырлығына байланысты  жазаланады.
    Девиантты  мінез-құлықтың  себебі, негізгі  көзі  неде? Девиацияны  зерттеген  көптеген  ғалымдар  девиантты  мінез-
құлықтың  пайда  болу  факторларын  түрліше  түсіндіреді. Олардың  пікірінше  негізгі  факторлар:

жанұяда  берекенің  болмауы;

ата-ананың  “ерекше” қамқорлығы;

тәрбие  берудегі  кемшіліктер;

өмірде  кездесетін  қиыншылықтар  мен  күйзелістерді  жеңе  алмау;

өмірлік  дағдының  болмауы, айналасындағы  адамдармен, ыұрбыларымен  жарасымды  қатынасқа  түсе  алмауы;

сырттан  келген  қысымға  төтеп  бере  алмау, өз  бетінше  шешім  қабылдай  алмау, сынаушылық  ойды  дамыта
алмау;

психоактивті  заттарды  жиі  пайдалану;

агрессиялық  жарнамалың  ықпалды  болуы;

мектептерде  психологиялық  көмек  көрсету  қызметінің  нашар  дамыуы;

балалар  мен  жасөспірімдердің  бос  уақытының  проблемалары;
      Зерттеулерге   сүйенсек,   қызуқанды   мінез-құлық   отбасы   қатынастарында   қалыптасады.   Осы   жағдайлармен   қатар
қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайларды көрсетуге болады:
-жиі болатын ата-аналар арасындағы ұрыс-жанжалдар;
-ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы;
-балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
-жасөспірімдердің пікірін елемеу;
-ата-аналардың тиісті жылылықты бере алмауы;
-балалардың ар- намысына тию;
-тәрбие жүйесінің сапасыздығы.
   Девиантты  немесе  қиын балалар деген кім? Балалардың девиантты болуына не немесе кімдер  әсер  етеді? Жалпы 
девиантты мінез-құлық және қиын балалар ұғымына келетін болсақ, ол 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқыда
34

ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-1960 жылдардың басында 
қайтадан қолданысқа енді.Ең алғаш бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Блонский болды, ол өз зерттеулерінде 
девиантты деп мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке толмаған балаларды қарастырды.Жасөспірімдердің 
девиантты мінез-құлықты мәселесін қазақстандық педагог-психологтар мен әлеуметтанушылар да қарастырып жүр 
(А.Жұмабаев, Л.К.Керімов, Э.И.Шыныбекова, Г.А.Уманов, Ш.Е.Жаманбалаева, Д.Қазымбетова, Т.М.Шалғымбаев, 
А.М.Қарабаева). Бұл зерттеушілердің пікірінше девиантты сияқты жағымсыз қасиеттің қалыптасуына әлеуметтік-
педагогикалық факторлардың әсер ететінін зерттеген. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын спорт, өзіндік 
жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге 
араластыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетіп берген.
    Девиантты мінез-құлықты көбіне жасөспірімдер арасында кездестіреміз. Себебі жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі 
бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.
    Жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, 
жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек 
процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік 
қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан 
қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп 
айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді.         Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын 
мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, 
айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасатын кезең. Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-
18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ол ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы,тұлғасының және 
дүниетанымының қалыптасуы.
   Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады. 
Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің 
талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық 
жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен, мектептегі тәртіпті 
бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуында көрініс береді.
   Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ 
қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға 
еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды 
елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара 
қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз.
    Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, 
өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі
келеді. Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің 
жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ   болуы.
     Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық  мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті
себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі және деликвенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Девианттық
мінез-құлыққа   психологиялық,   құқық,   мәдениет   немесе   мораль   нормалары   сияқты   жалпы   қабылданған   немесе   оған
негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.
Неліктен жасөспірім шақ қауіп тудыратын шақтар?
Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі
ішкі қиыншылықтар әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік
бақылаудың   механизмдерінің   қайта   құрылуына   байланысты   туындаған   қарама-қайшылықтар:   бақылаудың   балалық
формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып
үлгермеген.
    Девиантты   мінез-құлықты   балаларды  түзету   күрделі   әрі   ұзақ  процесс. Оны іске   асыруда көп  шыдамдылық  пен
белсенділік  қажет. Қазірғі, осы  саладағы әлеуметтік, педагогикалық  талаптар мен  жүзеге  асырылып  жатқан  тәжірибелер
негізінде, бұл  саладағы  тәрбие  міндеттерін жүзеге  асыруда  мынадай  шарттарды  орындау  қажеттігі  туады: 
1.
балаға  ілтипатпен, ізгі  тілектестікпен  қарау;
2.
оның  жағымды  қасиеттеріне  сүйену;
3.
оның  адамгершілік  күшіне, потенциалды  мүмкіндіктеріне  сену;
4.
оқушыларды  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  үшін  жасалған       жалпы   білім  беретін  бағдарламаларды  
ұштастыра пайдалану;
5.
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға, қауыпсыз  тіршілік етуге  бағытталған  тәрбиелік  бағдарламаларды  
ұштастыра  пайдалану
                                 
Девиантты  мінезге  ие  балалардың  білім  алуы  мен  бос  уақытын  пайдалы  іс-әрекеттермен  өткізу  жолдарын  
қарастыратын  жаңа  кешенді  бағдарламалар  құру.
   Балаларда,  жеткеншек  жасөспірімдерде  девиантты  мінез-құлықтың  алдын  алу  үшін  не  істеуіміз  керек? Бұл  үшін  ең
алдымен   балаға   жастығынан   дұрыс   тәрбие   беру   керек. Баланың     бойына   әдептілік   белгілерін   сіңіру   керек. Әдеп
дегеніміз  жақсы  тәрбие,  адамдармен  жақсы  мәміледе  болу, көркем  мінез, ар-ұяттылық, сыпайылық. Әдеп - ешбір ұры
ұрлай  алмайтын  құнды  қазына. Әдеп – адам  мен  жануарды  ажырататын  айырмашылық. Хазреті  Омар: «Әдеп –ілімнен
бұрын   келеді»,- деген. Ибн Мүбәрәк: «Барлық    ілімдерді   білетін   адамның   әдебінде   кемшілік   бар   болса,   онымен
көріспегеніме  өкінбеймін, мұны  өзіме зиян  деп  білмеймін. Бірақ  әдепті  адаммен  көрісе  алмасам  өкінемін»,-деген.
    Қазақ  халқыда «Әкеге  қарап  ұл  өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген  нақыл  сөз  бар. Қандай  тауып  айтылған  сөз.
Тәрбие  отбасынан  басталады. Бала  тәрбиесі өте  қиын  және  де  қызық. Әуелі  ата-ананың өздері  тәрбиелі  болуы және
перзенттеріне үлгі   бола білулері   керек. Олар   балалары   көзінше   ұрыспауы, бірін-бірі кемсітпеуі, әрқандай жағдайда
болсын өзара  дауыс  көтермей, мәлеленің  шешімін  табуға  әрекет  жасаулары  керек. Ата-ана  арасындағы  түсініспеушілік
жанұяның  берекесін  қашырады. Ата-ана  өздері  біліп-білмей перзентінің  тәрбиесін  бұзып  қояды. Бала  отбасынан  безіп,
35

суып  кетеді. Егер  бала  бір  қателік  жіберсе, оны ұрмай, дау-жанжал  көтермей  жай  сөзмен  түсіндіру  жеткілікті. Ата-ана
баланы   ұрғаннан, ісінің   дұрыс   еместігін   айтып   түсіндірсе, балаға   пайдасы, ықпалы   көбірек болады. Кейде ата-ана
перзентінің   досы   болуына, кейде өзі де   бала   болуына тұра   келеді. Әсіресе, өспірім   кезеңінде, себебі   бұл   жастағы
жасөспірімнің   бойында   күрделі   өз- герістер   болады. Махаббат   сезімі, өз түр-әлпетіне   көңілі   толмау, оқуға   болған
қызығушылықтың  төмендеуі  сияқты  өзгерістер. Бұл  кезеңде олармен  өте  абай болып сөйлесу  керек.
    Бала  тәрбиесіне  ата-анадан  кейін  өте  көп  ықпал  ететін  тағы бір тұлға ол –ұстаз. Мұғалім  оқушының  білімі  мен
тәртібіне  жауап  береді. Мұғалім  сыныбындағы  оқушылардың  отбасы  жағдайы, тұрмыс жағдайы, ата-анасымен  танысып
алуы  қажет. Оқушының  мінезі, айналасындағы  достары, ата-анасымен  өзара  ғарым-қатынасы, қай  пәнге  қызығушылығы
жоғары, бос уақтысын  кіммен, немен, қайда өткізеді  деген  сұрақтарға  ата-анамен  бір  қатарда мұғалімде  қызығуы  керек.
   Егер   балада девиантты   мінез-құлық белгілері   байқалса, ата-анамен   ұстаз   оның   себебін   анықтап, бірге   жұмыс
атқарулары  қажет.
  Ата-бабаларымыз: «Адам қайғысы – заман  қайғысы» деп  текке  айтпаған. Сондықтан да  аға ұрпақ  өмірде  қиындыққа
тап  болған, тұра  жолдан  адасқан  адам- ға  қол  ұшын  берген. Осындай  әділетті ұрпақтың сенімін  ақтай  отырып, ол  бала
болсын, жасөспірім немесе  жасы  үлкен  кісі  болсын  ауыр  күнінде  жәрдем  беру  біздің адамдық  парызымыз.
   Қәтелікке  жол  берген баланы  кешіре  білу, оның  жағымды қасиеттеріне сүйену, балаға ілтіпатпен, ізгі  тілектестікпен
қарау, оның   адамгершілік   күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сене   білу керек. Баланың   азда   болса   жетістіктерін
марапаттау,өз-өзіне   болған   сенімін   арттыру және   бағасын   көтеру   тәрбиенің   бір   бөлігі   болып   есептеледі. Біз, ата-
аналар  және  ұстаздар  баланың  жан  дүниесін түсініп, бірге  жұмыс  істесек, қоғамдағы  арты  өкінішке  алып  баратын
оқиғалардың     алдын     алған     боламыз.   Қытай     халқының:   «Шешуі     жоқ     жағдай     болмайды,   тек     дұрыс     шешім
қабылданбаған  жағдай  болады» деген  аталы  сөзін  келтіре  отырып, тәрбиедеде  түзелмейтін  бала  болмайтынын, барлық
балаларды  тәрбиелеу  мүмкін  екендігін  айтқым  келеді.
    Біз   перзенттерімізге  дұрыс  тәрбие  беріп, салауатты  өмір   салтын   ұстанып, ата-бабаларымыз   киелі  санаған  салт-
дәстүрден   аттап   өтпей, тіліміз   бен   дінімізді   келешек   ұрпаққа   жеткізсек, адамдық   және   азаматтық   міндетімізді
атқарған  боламыз.
  
                              Пайдаланылған  әдебиеттер:
1.
 Жарықбаев  Қ.Б.  “Жантануға  кіріспе: хрестоматия.  Алматы.Дарын.2005.
2.
 Кон И.С.  «Психология  старшиклассника»  1987.
3.
 Миренский  Б.А. “Семья  и подросток” Ташкент. Укитувчи. 1991.
4.
 Шнейдер Л.Б. “Девиантное  поведение  детей  и  подросков”. 2005.
* * * * * * * * 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет