Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата03.01.2017
өлшемі1,3 Mb.
#1066
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Н.Ә.Назарбаев.  Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару 
жолында // Егемен Қазақстан - 2005. 19 ақпан. 
2.
 
М.Қайырғалиев  Қазақстан  мен  Орта  Азия  Республикалары  қарым-қатынасының 
болашағы //Международная научно-практическая конференция. 7-8 апреля 2005. 
3.
 
С.Абдулпаттаев Орталық Азия мемлекеттерінің Одағын құру бастамасының маңызы 
// Международной научно-практической конференции 7-8 апреля 2005. 
4.
 
Жоламановa  Г.  Центральная  Азия:  интеграция  и  геополитика.  11-05-2006. 
http://www.iimp.kz 
5.
 
Егемен Қазақстан -2010. - 12 наурыз.  
6.
 
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. Алматы, 2006 . 
7.
 
Егемен Қазақстан -2011. - 29 наурыз. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
126 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматриваются  возможности  интеграционного  развития 
сотрудничества стран Центральной Азии и Казахстана. 
 
SUMMARY 
In  this  article  possibilities  of  development  of  integration  collaboration  of  countries 
Kazakhstan  are examined  and Central to Asia. 
 
 
 
ӘОЖ9(с)55 Е15 
 
ҚАЗАҚСТАН
 
МЕН
 
ШАНХАЙ
 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
 
ҰЙЫМЫНЫҢ
 
 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
 
 
Есмурзанова Г.-
магистрант  
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті
 
 
Аннотация:  Тәуелсіздік  алған  жылдардан  бастап,  халықаралық  қоғамдастықта  қазақ 
халқы  үшін  қашан  да  болсын  бейбітшілікті  жақтаушы,  қолдаушы  ел  ретінде  танылғаны 
баршамызға  белгілі.  Қазақстан  тәуелсіздігін алған кезден-ақ сыртқы саясатта кӛрші  жатқан 
елдермен тығыз қарым-қатынасты ұстанып келеді.  
Түйін сөздер: Қазақстан, Шанхай ынтымақтастығы, ұйым, лаңкестік, ядролық қару. 
Шанхай  Ынтымақтастық  ұйымының    мемлекеттерімен  қарым-қатынас  жасау  арқылы 
ӛздерінің  кӛздеген  мақсаттарына  жету,  бір-біріне  сенімділікпен  қарау,  түсіністік  таныту, 
ӛзара  бекітілген құжаттардың міндеттемелерін сақтай отырып, мемлекет мүдделерін сақтау 
қажет. Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің кӛптеген елдерімен әрі тарихы тағдырлас елдермен 
ынтымақтастық  жағдайында  ӛмір  сүруге  баса  кӛңіл  бӛліп,  Орталық  Азияның 
кӛшбасшысына,  халықаралық  лаңкестікке,  есірткінің  жайылуы  мен  ядролық  қарудың 
таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.  
Бүгінде Халықаралық қатынастарда Халықаралық ұйымдар елеулі роль атқарып келеді. 
XIX  ғасырдан  бастап  қоғамдық  ӛмірдің  кӛптеген  қырлары  Халықаралық  достықтың  жаңа 
үлгілерін құруға алып келді. 
Тәуелсіздік  алған  жылдардан  бастап,  халықаралық  қоғамдастықта  қазақ  халқы  үшін 
қашан  да  болсын  бейбітшілікті  жақтаушы,  қолдаушы  ел  ретінде  танылғаны  баршамызға 
белгілі.  Қазақстан  тәуелсіздігін  алған  кезден-ақ  сыртқы  саясатта  кӛрші  жатқан  елдермен  
тығыз қарым-қатынасты ұстанып келеді. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан-2050»  Стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  атты  Қазақстан  халқына  арнаған  биылғы 
Жолдауында «Еліміз әлемдік саясатта талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді 
серіктес.  Біз  жаһандық  қауіпсіздікті  нығайту  ісінде  маңызды  роль  атқарамыз,  халықаралық 
терроризмге,  экстремизмге  және  есірткінің  заңсыз  айналымына  қарсы  күресте  әлемдік 
қауымдастықты  қолдай  отырып,  Қазақстан  Республикасы  Еуропадағы  Қауіпсіздік  пен 
Ынтымақтастық  Ұйымына,  Ислам  Ынтымақтастығы  Ұйымына  және  Ұжымдық  Қауіпсіздік 
Ұйымына тӛрағалық етіп келе жатқанын» атап кӛрсетті [1].  
Сондықтан  да,  елімізде  140  этнос  пен  17  конфессияның  ӛкілдері  тұрса  да  елдің  ішкі 
саяси  тұрақтылығы  мен  ұлттық  бірлігін  сақтай  отырып,  саясатымыздың  нығаюына 
Ұйымдардың  қосқан  үлесі  зор.  Мұндай  жағдай  елімізге  шын  мәнінде  стратегиялық 
артықшылықтар,  оларды  іске  асыру  Қазақстанның  дамуына  ғана  емес,  тіпті  күллі  Еуразия 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
127 
құрлығында оңтайлы ахуалдың қалыптасуына жәрдемдесуі мүмкін» [2] - деп Елбасы осыдан 
он жеті  жыл бұрын 1996 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  еліміздің сыртқы 
саясатының  нақты  даму  бағыттарын  айқындап  берген  болатын.  Міне,  кӛріп 
отырғанымыздай, қазіргі күні Қазақстан шынымен де бүкіл Еуразия кеңістігінде оң ахуалдың 
қалыптасуына бастамашы, ұйытқы болып отыр. 
Еліміздің  алыс-жақын  шет  елдерімен  қарым-қатынас  орнатуда  үнемі  кӛптарапты 
бағыттарды ұстанатынын атап ӛту қажет. Қазақстан ӛзінің орналасу аймағы жағынан алғанда 
да  еліміз  аса  ықпалды  үш  геосаяси  орталықтардың:  Ресейдің,  Қытайдың  және  мұсылман 
әлемінің  ортасында  тұр.  Оған  қоса  Еуропа  мен  Азияның  түйіскен  тұсында  орналасқан. 
Мұның  ӛзі  кӛп  жағдайда  еліміздің  сыртқы  саясатының  мазмұнын  айқындап  келді  және 
келешекте де айқындай беретін болады.  
Негізінен,  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясатта  ұстанатын  бағыты  ӛңірлік 
және  аймақтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету.  Сондықтан  еліміз  Шанхай  Ынтымақтастық 
Ұйымы,  Тәуелсіздік  Мемлекеттер  Достастығы,  Еуразиялық  Экономикалық  Қауымдастығы 
сияқты интеграциялық ұйымдардың атқарып келе жатқан жұмысымен жан-жақты дамытуға 
ӛз үлестерін қосып,  жетілдіре түсуге белсене араласып келеді. 
Ал,  Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымы,  (ШЫҰ)  —  1996  жылы  «Шанхай  бестігі»  деп 
атаумен құрылған халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған ашық ұйым болып құрылды. 
ШЫҰ-ның  мақсаты  мен  міндеті  –  ӛзара  сенімді,  достық  пен  татулықты  нығайту,  саяси, 
сауда-экономикалық,  ғылыми-техникалық,  мәдени, энергетикалық,  экологиялық  және басқа 
салаларда мүше мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық орнату, ӛңірде бейбітшілікті, 
қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету.  
«Шанхай бестігі» Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы сыртқы саясатында 
ұстанған  негізгі бағыты бойынша айтарлықтай орын алды. Ол Қытайдың Шанхай қаласында 
шекаралары шектесіп жатқан 5 мемлекет - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, 
Қытай  Халық  Республикасы,  Ресей  Федерациясы  мен  Тәжікстан  Республикасы 
басшыларының  1996  жылы  26  сәуірде  алғашқы  кездесуі  ӛтті.  Осы  форумға  қатынасқан 
мемлекеттердің  басшылары  кейін  Мәскеуде  (1997  ж.),  Алматыда  (1998  ж.)  және  Бішкекте 
(1999 ж) кездесулерін ӛткізді [2].  
ШЫҰ-ға  мүше  мемлекеттер  Еуразия  кеңістігінің  жер  аумағының  3/5-ін  құрайды,  ал 
жалпы ауданы 30 миллион 189 мың шаршы шақырым. Халық саны - 1 миллиард  
455 миллион адамды қамтиды, яғни мұның ӛзі жер шарын мекендеген тұрғындардың тӛрттен 
бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр дегенді білдіреді [5]. 
ШЫҰ  құрамына  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  Қауіпсіздік  кеңесінің  Қытай  және  Ресей 
тәрізді  екі  бірдей  тұрақты  мүшесінің  кіруі,  ұйымның  халықаралық  аренада  үлкен  саяси 
беделге  ие  болуына  және  аумақта  осы  державалар  мен  АҚШ  мүдделерін  теңгермешілік 
дәрежеде  ұстауға  мүмкіндік  беруде.  Сыртқы  қатынаста  ШЫҰ  ӛзге  мемлекеттерге  қарсы 
бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді: 
-
 
ШЫҰ  ауқымында  оған  мүше  мемлекеттердің  бірлесіп  жасалатын  іс-қимылдары 
әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту;  
-
 
лаңкестіккке  және  экстремизмге,  заңсыз  кӛші-қонға,  есірткі  тасымалына, 
трансшекаралық ӛзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою; 
-
 
экономикалық ынтымақтастық, ӛзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының 
стандарттарына біртіндеп жақындау; 
-
 
табиғи  және  техногенді  мазмұндағы  тӛтенше  жағдайларды  бірлесе  отырып 
сақтандыру және болдырмау;  
-
 
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады. 
«Шанхай  бестігінің»  осы  кезге  дейін  ӛткен  тӛрт  кездесуінде  Қазақстан  делегациясы 
айтарлықтай  белсенділік  кӛрсетті.  1996  жылы  Шанхайда  ӛткен  алғашқы  басқосуда  ортақ 
шекараларға  байланысты  әскери  саладағы  сенім  мәселелері  талқыланды.  Мәскеуде  ӛткен 
кездесуде  шекаралық  аудандардағы  қарулы  күштерді  қысқарту  жӛніндегі  құжатқа  қол 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
128 
қойылды.  Ал,  1998  жылы  Алматы  саммитінде  «бестік»  елдерінің  ӛзара  қатынастарындағы 
басым  бағыттар  айқындалып,  осы  елдер  арасындағы  сауда  -  экономикалық  қатынастарды 
теңдік және ӛзара тиімділік негізінде дамыту мәселелері талқыланды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, Қырғыз Республикасының 
Президенті  А.Ақаевтың,  Қытай  Халық  Республикасының  Тӛрағасы  Цзян  Цземиннің,  Ресей 
Федерациясының  Президенті  Б.Ельциннің,  Тәжікстан  Республикасының  Президенті 
Э.Рахмоновтың  қатысуымен  1999  жылғы  24-25  тамызда  Бішкекте  ӛткен  басқосуда  осыдан 
бұрын  Шанхайда,  Мәскеуде  және  Алматыда  қол  жеткен  келісімдердің  орындалу  барысы 
жӛнінде  пікір  алмасылды,  ӛңірдегі  қауіпсіздік  пен  қарым-қатынас  мәселелері  талқыланды 
және «Бішкек декларациясы» деген маңызды құжат қабылданды. 
Осы кездесудің алдында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытай 
Халық Респуликасының Тӛрағасы Цзян Цземинмен әңгімелесті. Мемлекет басшылары екі ел 
арасындағы  қатынас  оңды  бағытта  дамып  келе  жатқандығын  атап  ӛтті.  Қазақстан  ТМД 
елдері  арасында  тауар  айналысы  бойынша  Қытай  үшін  екінші  әріптес  болып  отырғаны 
айтылды.  
Соңғы  кезде  ұзаққа  созылған  келіссӛздер  нәтижесінде  екі  ел  арасындағы  шекаралық 
мәселелер  екі  жақ  үшін  де  әділ  шешімін  тапты:  Шағын-Оба  асуы  мен  Сарышелді  ӛзені 
аудандарындағы  даулы  болып  келген  жерлер  жӛнінде  Қазақстан  мен  Қытай  арасында 
келісімге қол жетті. Жалпы кӛлемі 1000 шаршы шақырым болатын осы даулы жердің, 57%-ы 
Қазақстанға, 43%-ы Қытайға жатады деп шешілді [3]. 
2001  жылғы  28  сәуірде  Мәскеуде  ӛткен  сыртқы  істер  министрлерінің  кездесуінде 
Шанхай ұйымның ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде: 
-
 
әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту мен сенім шараларын нығайту;  
-
 
экономикалық  ынтымақтастық  пен ӛзара сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп 
жақындату;  
-
 
табиғи  және  техногендік  тӛтенше  жағдайлардан  бірлесіп  сақтану  және  олардың 
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту; 
-
 
мүше мемлекеттердің сыртқы саяси, ішкі экономикалық, құқықтық мәртебесін кӛтеру; 
-
 
антитеррорлық шараларды бірлесіп жоспарлау және ӛткізу;  
-
 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ұлттық жарнамаларды үйлестіру;  
-
 
тиісті кадрларды даярлау [7]. 
Ал, 2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда ӛткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия 
энергетикалық  стратегиясын  жасауға  бастама  кӛтерді.  Бұл  ШЫҰ-да  сауда-экономикалық 
салада  тәжірибелік  ынтымақтастықтың  басталуына  түрткі  болды.  ШЫҰ-ға  мүше 
мемлекеттерінің  парламенттері,  жоғарғы  соттары  басшыларының,  білім  министрлерінің 
алғашқы  кездесуі  ӛтті.  Сыртқы  экономикалық  және  сыртқы  сауда  қызметіне,  кӛлік  пен 
мәдениетке  жауап  беретін  бас  прокурорлардың,  министрлердің  кездесулері  тұрақты 
ұйымдастырылып  отырады.  Отын-энергетика  кешені  саласында  ӛзара  іс-қимыл  нығаюда. 
Сондай-ақ  ҚР  Президенті  ШЫҰ  аясында  заңсыз  кӛші-қонмен  күрес  жӛнінде  келісім 
жасасуды ұсынды.  
Бүгінде  ШЫҰ  Орталық  Азиядағы  ӛңірлік  ынтымақтастықтың  барынша  табысты 
модельдерінің  бірі  болып  табылады.  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  айтуынша, 
«Қазақстанның  ұсынысымен  жүзеге  асырылған  Еуразия  идеясының  3  киті  –  ЕурАзЭҚ, 
АӚІСШК  және  ШЫҰ»  [5].  ШЫҰ  жылдан  жылға  ынтымақтастықтың  жаңа  салаларын 
қамтып  келеді.  Жоғарыда  аталған  барлық  фактілер  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  кӛп 
жақты ӛңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды. 
Шанхай ұйымына мүше елдердің жарғысында атап кӛрсетілген негізгі бағыттар. Десек 
те,  Шанхай  ұйымының  белсенділігі  мен  геосаяси  бағыты  үстіміздегі  жылдың  5  шілдесінде 
Астанада  ӛткен  саммиттен  кейін  нақты  кӛріне  бастады.  Астана  саммитінде  тұңғыш  рет 
«АҚШ-қа Орта Азиядан әскери базаларын алып кету туралы» шарт қойылды. ШЫҰ-ға мүше 
барлық мемлекеттер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
129 
Демек,  Орталық  Азияда  әскери  базалары  бар  АҚШ-қа  Каримовтың,  тіпті  алғашқыда 
жаңадан  президент  болған  Бакиевтің  «базаларды  алып  кету  туралы»  пікір  айтуының 
астарында не жатыр деген кӛзқарастар қалыптасты. Бұған «Шанхай ынтымақтастық ұйымы - 
Қытайдың  Орта  Азияға  дендей  енуіне  мүмкіндік  жасайтын  құрал»  дегенді  айтады.  Демек, 
осы  ұйым  арқылы  Қытайдың  аймаққа  ықпал  ету  рӛлі  арта  түсетінін  байқауға  болады.  Бұл 
жӛнінде британ сарапшысы Филип Наубел: «ШЫҰ - жаңа құрылым. Мұнда Қытайдың рӛлі 
басым.  Кіндік  Азияда  Қытайдың  саяси  әрі  экономикалық  мүддесі  бар.  Қытай  үшін  кӛрші 
елдердегі мол мұнай мен газ және ӛзге де ресурстар ауадай қажет. Сондықтан Цзинтао елінің 
сыртқы саясатының ең бір негізгі тетігі, осы Кіндік Азия елдеріне қандай да бір жолдармен 
әсер  ету»,  –  деген  байлам  жасаған  [4].  Шанхай  ұйымы  қазір  аймақтық  қана  емес,  әлемді 
ауқымды қамтып барады. Соңғы саммитте Шанхай ұйымына Монғолия, Үндістан, Пәкістан 
мүше  болып  енді.  Алдағы  уақытта  бұл  ұйымға,  сондай-ақ,  Иран  бақылаушы,  сонан  соң 
толыққанды  мүше  болмақ  деген  болжам  бар.  Олай  болған  жағдайда,  Шанхай  ұйымының 
антиамерикалық  бағыт  ұстанатыны  тіпті  айқындала  түседі.  Мысалы,  Ұжымдық  қауіпсіздік 
шарты ұйымының (ОДКБ) Бас хатшысы Николай Бардюжаның пікірінше,  «Шанхай ұйымы 
әскери-саяси Одаққа айналмаса да, ол аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді бір 
ұйым болып табылады деп ӛзінің пікірін айтқан болатын [5].  
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына 
қарсы  күрес  жүргізу  бойынша  ӛкілеттік  берілген  органдар  басшылары  кеңесінің  есірткіге 
қарсы  сұранысты  тӛмендету  жӛніндегі  сарапшылар  тобының  бас  қосқан  отырысы  болды. 
Оған  ШЫҰ-ға  мүше  мемлекеттердің  есірткінің  заңсыз  айналымына  қарсы  күрес  бойынша 
құзыретті органдары сарапшыларының жұмыс тобы мүшелері қатысты. Отырыс барысында 
аса маңызды әрі кең ауқымды мәселелер қаралды.  
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған  
есірткіге қарсы стратегиясын іске асыру бойынша тараптардың ұсыныстары талқыланды [6]. 
Ӛйткені,  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  –  ӛңірлік  халықаралық  ұйым  болып  табылады. 
Сондықтан да аталған отырыста есірткіге қарсы сұранысты тӛмендету, есірткіні насихаттау 
үшін  қолданылатын  мүмкіндіктерді  шектеу  айтылып,  бұған  қоса  есірткіге  қарсы  күресте 
үкіметтік  ұйымдар  мен  қоғамдық  бірлестіктердің  әлеуетін  пайдалану  жӛнінде  нақты 
ұсыныстар  жасалды.  Кездесуге  қатысушылар  медициналық-әлеуметтік  оңалтудың 
толыққанды жүйесін қалыптастыру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде халықтың нашақорлыққа 
салыну деңгейін анықтау арқылы есірткіге тәуелділерді есепке алу жүйесін жетілдіру, ШЫҰ-
ға  мүше  мемлекеттерде  нашақорлыққа  әлеуметтік  ауру  мәртебесін  беру  жӛнінде  нақты 
ұсыныстар  айтты.  Сондай-ақ  ШЫҰ-ға  мүше  мемлекеттердің  есірткінің  жаңа  түрлерін 
анықтау  мәніне  есірткі  нарығына  мониторинг  жүргізу  және  нақты  профилактикалық 
шараларды қабылдау бойынша бірлескен іс-қимылдардың үйлестіру тетіктері талқыланды. 
Сӛйтіп, бұдан әрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары басшыларының 
кеңесінде  қаралатын  болды.  Отырыста  қабылданған  шешімдер  ШЫҰ-ға  мүше 
мемлекеттерде  есірткіге  қарсы  сұранысты  тӛмендетудің  тиімді  кешендік  жүйесін 
қалыптастыру  мақсатында  құзыретті  органдардың  есірткінің  заңсыз  айналымына  қарсы 
жұмысын  үйлестірудің  неғұрлым  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізуге  және  нашақорлықтың 
алдын алуды жетілдіруге мүмкіндік береді. 
Жоғарыдағылардың  барлығын  қорыта  келе,  Шанхай  Ынтымақтастық  ұйымының 
мемлекеттермен  қарым-қатынас  жасау  арқылы  ӛздерінің  кӛздеген  мақсаттарына  жету,  бір-
біріне сенімділікпен қарау, түсіністік таныту, ӛзара бекітілген құжаттардың міндеттемелерін 
сақтай  отырып,  мемлекет  мүдделерін  сақтау  қажет.  Тәуелсіз  Қазақстан  дүние  жүзінің 
кӛптеген елдерімен әрі тарихы тағдырлас елдермен ынтымақтастық жағдайында ӛмір сүруге 
баса  кӛңіл  бӛліп,  Орталық  Азияның  кӛшбасшысына,  халықаралық  лаңкестікке,  есірткінің 
жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.  
 
 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
130 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  Халқына 
Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2013. 
2.  Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы. 
А., 1992. 
3.  Самат  Мұса.  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  Еуразиялық  Одақ 
құрылымына  
4. Сапиулла Абдулпаттаев. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Ақиқат. 2002. №3 62 б.  
5.  Толипов  Ф.  Организация  Центрально-Азиатского  сотрудничества  в  Шанхайской 
Организации Сотрудничества. 
6. Киреев Г. Долгий путь к «Шанхайской пятерке». // Международная конференция //  
7. Шанхай ұйымына мүше елдер// Егемен Қазақстан 2005. 5 шілде. 
 
РЕЗЮМЕ 
Статья  посвящена  вопросам  взаимосвязи  между  Казахстаном  и  Шанхайской 
организации сотрудничества. 
 
SUMMARY 
In  this  article  examined  mutual  coherent  creator  Kazakhstan  and  Organizations  of 
Collaboration Shanghai. 
 
 
 
ӘОЖ 9(с) 55 Р201 
 
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАР ЖӘНЕ 
ДҮНИЕТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Рамазанов С.Ж.-магистрант 
Қазақстан, Алматы қ.,  
әл-Фараби атындағы  
Қазақ ұлттық университеті 
Шешенханова Г.М.-оқытушы 
Қазақстан, Алматы қ.,  
№13 Кәсіптік лицей 
 
  
Аннотация:  Мақалада  қазақтардың  аса  тартымды  фольклордағы  әдет-ғұрыптар  және 
дүниетаным  мәселелеріне  шолу  жасалды.  Қазақ  фольклорының  ән  түрінің  қазақтың  салт-
дәстүрін  бейнелейтіндігі  баяндалған.  Қазақ  фольклорын  зерттеушілердің  еңбектеріне 
сипаттама  берілген.  Фольклор  туындыларын  дерек  ретінде  пайдалануға  болатындығы 
туралы қорытынды жасалған. 
Түйін сөздер: Қазақ фольклоры, әдет-ғұрып, дүниетаным, қазақ әндері, дерек кӛздері. 
Қазақ  фольклорын  этнографиялық  дерек  ретінде  қолдану  үшін,  біріншіден,  оның 
методологиялық  мәселелерін  қарастыру  қажет.  Фольклорымыздың  халық  ӛмірімен, 
күнделікті  тіршілігімен,  ӛткен  тарихымен,  мыңдаған  жылдар  бойы  қалыптасқан  сана-
сенімімен,  дүниеге  кӛзқарасы  біте  қайнасқаны  соншама,  оның  халықтың  бүкіл  тұрмыс-
тіршілігінен,  тарихы  мен  сана-сезімінен  тұтастай  қалпында  ажыратып  алу  былай  тұрсын, 
иненің  ұшымен  шұқылап  отырып,  босатып  алу  –  бос  әурешілік.  Иненің  ұшына  ілінген 
түйнек-түйнек бӛлшектерді қанша ұқыптылықпен қайта құрастыра білгенімізбен, қаны-сӛлі 
бар  фольклорлық  тұтас  организмді  қайта  тірілту  ешкімнің  қолынан  келе  қоймас. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
131 
Фольклортану  ғылымының  әу  бастан-ақ  этнография,  тарих  ғылымымен  тығыз,  етене 
байланыста болғандығының басты себебі де осы болар. 
Фольклордағы этнографиялық мәселелердің бастауы түркі халықтардың бірлестігімен, 
Алтын  Орда  дәуірі,  ноғай  кезеңімен,  қазақ  хандығының  құрылуымен  тығыз  байланысты. 
Қазақ  ұлтының  фольклоры  ауызша  дамып,  ХІХ  ғасырдан  бастап  жазбаша  жинақтала 
бастады.  
Еліміздің  тәуелсіздігіне  дейін  фольклорлық  деректердің  кӛбінің  жарық  кӛрмей, 
зерттелмей  қалуына  Кеңес  үкіметінің идеологиясы  мен  партияның кереғар  қаулылары  әсер 
етті. Ал, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда тарихымызды тереңдей зерттеп, ұзақ 
жылдар  бойы  айтылмай  келген  мәселелерді  ашық  айтуға,  ӛткен  оқиғаларға  жаңа  ұлттық-
тарихи  кӛзқарас  тұрғысынан  баға  беруге  мүмкіндік  туды.  Осындай  жаңа  кӛзқарас 
тұрғысынан  кӛрсетуді  талап  ететін  аса  маңызды  мәселелердің  бірі-  Қазақ  фольклорындағы 
дәстүрлі әдет-ғұрыптар және дүниетаным мәселелері.  
Қазақ  ұлтының  тарихи  дерек  кӛздер  қатарына  барлық  ауызекі  таратылған,  қазақтың 
ұжымдық жадында сақталған, тарихи шығармалар жатады. Тарих ғылымында бұл дерек кӛздер 
осы күнге дейін ӛте сирек қолданылды. Қазақ ұлтының фольклорындағы мәселелер қазіргі 
таңға  дейін  филология,  лингвистика,  әдебиет  тұрғысынан  зерттелуде.  Фольклордағы 
этнологиялық  деректер  типологиясын  этнографиялық  жағынан  зерттеп  қиыстыру  қиындау 
болмақ.  Біздің  ғылыми  жұмысымызда  фольклордағы  этнологиялық  деректер  типологиясын 
шаруашылыққа  байланысты  әдет-ғұрыптар  мен  наным  сенімдер  және  үй-іші  әдет-ғұрып 
ӛлеңдеріндегі  салт-дәстүр  және  дүниетаным  аясында  қарастырамыз.  Қарастырылып отырған 
мәселе қазақ ұлтының фольклорындағы дәстүрлі әдет-ғұрыптар және дүниетаным мәселелерін 
тарихи,  археологиялық  және  этнографиялық  ұлттық  ой  санамен  зерттеудің  алғашқы 
тәжірибесі болмақ.  
Зерттеушілер  жалпы  қазақ  фольклорының  алғашқы  типологиясын  түркі  халықтардың 
фольклорлық  материалдарымен  тарихи  салыстырмалы  зерттеулер  арқылы  жүргізген. 
Фольклор  шығармаларының  әрбір  жанрына  тән  ӛзгешеліктерді  кӛне  мұра  ескерткіштерін 
зерттеу  арқылы  ғана  саралап  зерттеп  сипаттауға  болады.  Қазақ  фольклорында  үй-ішіндегі 
әдет-ғұрып,  неке,  жерлеу  салты  және  тӛрт  түлікке  байланысты  әдет-ғұрыптары  мен  салт-
дәстүрлер  негізі,  археологиялық  деректер  зерттеулерінің  нәтижелері  кӛрсеткендей  неолит 
дәуірінен  басталған.  Халық  туындылары  тек  ауыздан  ауызға  ауызша  жетіп  отырған.  Ерте 
дәуірде  туындаған  дүниелер  бертін  келе  жазбаша  қағаз  бетіне  түсіріліп  ата-бабамыздың 
қалыптастырып кеткен салт–дәстүрлері, тұрмыс салт жырлары ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып 
жеткен.  Қазақ  фольклорының  типологиясын  алғаш  жасаған  фольклор  танушы  ғалымдар 
Р.Бердібаев,  Б.Уахатов,  Б.Адамбаев,  Е.Тұрсынов,  С.Қасқабасов,  тағы  басқа  біраз  ғалымдар 
бар. 
Негізінен  фольклорлық  ескерткіштер  жақындығы  заңдылықтарын  анықтай  отырып, 
ауыз  әдебиеті  шығармалары  түрлі  факторлар  әсерінен  құралатыны  анық.  Сондықтан 
фольклордағы  этнологиялық  деректердің  типологиясын  фольклортанушы  ғалымдардың 
тұжырымдамасына сүйене отырып екі типке бӛлуге болады. 
1)
 
Қазақ  фольклорындағы  шаруашылыққа  байланысты  әдет-ғұрыптар  мен  наным 
сенімдер. 
2)
 
Үй-іші әдет-ғұрып ӛлеңдеріндегі салт-дәстүр және дүниетаным. 
Біздің пікірімізше, осылайша бӛліп қарастырсақ қате болмас деп негіздейміз. 
Ә.Қоңыратбаевтың  «Қазақ  фольклорының  тарихы»  атты  еңбегінде  «Ертеде  Қазақстан 
жерін  мекендеген  сақ,  массагет,  хұн,  үйсін,  жужуан,  сәнби,  кӛк  түріктер  және  қарахандар 
дәуірі, ІХ – Х ғасырдағы оғыз – қыпшақ мәдениеті, Алтын Орда кезіндегі деректер, эпостар 
сол  дәуірлердің  нанымдары,  әдет-ғұрыптары  мен  салт  –  санасы  қазақтың  мифологиялық 
ертегілерінен  айқын  кӛрінеді»  -  дейді  [1,  40  б.].  Қазақ  фольклорындағы  этнологиялық 
деректерді  жіктеу  негізін  сәби  ӛлеңдерінен  бастаған  орынды.  Қазақ  халқының  дәстүрлі 
тәрбие  ісін  дамыту  үшін  балалар  фольклорындағы  ӛлеңдерді  қазіргі  күнде  жандандырған 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
132 
жӛн деп санаймыз. Себебі, бала тәрбиесі бүгінгі күнде емес, сонау ерте кезден қолға алынған 
мәселе.  
От басында баланың дүниеге келуі  үлкен қуаныш. Қазақ халқы ӛмірге жаңа адамның 
келуіне  орай  үй  ішілік  мейрам  тойдың  бірі  шілдехана.  К.Матыжановтың  «Қазақ 
фольклорының  тарихилығы»  атты  ұжымдық  монографияда  «Балалар  фольклорының 
этнографиялық  бастаулары»  атты  еңбегінде  нәрестенің  дүниеге  келуі  және  шілдеханада 
сәбиге арналған ӛлең жырды былай келтірген: 
Қуанып, қан жүрегім қақ жарылып, 
Қасірет басымдағы қалды арылып. 
Ұл кӛріп, ұлы дүбір той жасаймын, 
Атқан  соң,  маңдайымнан  таң  арылып  -  деп  баланың  ата-анасының  ұлды 
болған қуанышы ӛлеңмен білдірген [2, 274 б.]. Балаға байланысты кӛптеген ырым сӛздер бар 
мысалы: Сәбиді қолына алып отырған адамның үстіне ол сиіп қойса «құт келеді ал, баласы 
жоқ  адам  болса,  «кішкенелі  боласың»,  әйтпесе  «балаң  кӛп  болады  екен»  деп  жұбатып 
ырымдайды  [3,  216  б.].  Б.Ерзакович  ӛз  еңбегінде  «Бӛбек»  әнін  шілдехана  тойында 
айтылатынын жазады. Бұл ӛлеңде: 
Балдырған бӛбек, 
Аймалап анаң  
Адал жан адам,  
Ӛсірген ерек. 
Ай шын батыл жүрек, 
Ӛсетін үрдеп. 
Болашақ, құрал, 
Бӛбегім сен –жас түлек. 
Ақпейіл жарқын 
Іс пенен қарқын. 
Жан-жақты білім. 
Алсын деп бүгін 
Күтеді  халқын!  -  деп  жаңа  босанған  ана  мадақталып  баланың  жолы  болып,  оған  үміт 
артатыны  жырланады  [4,  15  б.].  Қазақ  қоғамында  шілдеханадан  басқа  сәбиге  байланысты 
салт бесік жыры, уату, ырыми, тұсау кесер ӛлеңдері мол екендігіне кӛзіміз жетіп отыр. Осы 
дүниелерді жарыққа шығарып жас бүлдіршіндерді қазақтың тәрбиелі мағыналы ӛлеңдерімен 
тәрбиелеген  жӛн.  Фольклордағы  этнологиялық  деректер  типологиясын  этнографиялық 
жағынан  жіктеу  қазақтың  неке  салты  және  оның  халық  ӛлеңдерімен  байланысы.  Адам 
ӛміріндегі  ендігі  бір  жауапты  кезең  ӛзіне  ӛмірлік  жар  тауып,  жеке  шаңырақ  кӛтеру.  Қазақ 
халқында  үйлену  тойына  байланысты  орындалатын  кӛптеген  жӛн-жосықтар,  әдет-ғұрыптар 
бар.  Х.Арғынбаев  алғашқы  қауымдық  құрылыстағы  ең  кӛне  семья  формасы  топты  некеге 
негізделгеніне  тоқталған.  Ондағы  некелер  тобы  рулар  ішіндегі  бірімен-бірі  тұтас  ұрпақтар 
жігімен  бӛлінетін.  Айталық,  бабалар  мен  әжелер  әкелер  мен  шешелер,  балалар  тобында 
ағалы-қарындас  бола  тұра  некелес  болатын. Семья  тарихында  бұдан  кейін  даму  сатысында 
топтың  некенің  ішінде  жұп  семьяның  қалыптаса  бастауымен,  яғни,  қандас  туысқандар 
арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салынуына байланысты болған. Осының нәтижесінде 
алғашқы қауым ішінде бірімен-бірі некелеспейтін «ағалы-інілер», «апалы-сіңлілер» топтары 
қалыптасады  да,  тағылық  дәуірдегі  топты  неке  біртіндеп  ығыса  отырып  оның  орнына  жұп 
семья дүниеге келеді [5, 25 б.]. Неке жайлы зерттеп жүрген ғалымдар қазақ халқы арасында 
ӛмір  сүрген  некенің  негізгі  формасы  дара  неке,  яғни,  моногамия  деп  атайды.  Біз  зерттеп 
отырған  қазақ  фольклорында  от  басының  тағдырына,  жас  буынның  ӛсіп  ӛнуіне,  мұратқа 
жетуіне немесе солардың арман-қайғысына байланысты ӛлеңдер кӛптеп саналады. Қазақтың 
неке  салты  және  оның  халық  ӛлеңдері  тереңнен  философиялық  тәрбиемен  байланысты. 
Қазақ  фольклорындағы  неке  салтына  байланысты  халық  ӛлеңдерін этнография тұрғысынан 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
133 
зерттеуіміз  қажет,  себебі,  қазіргі  қоғамдағы  некені  сақтау  үшін  жастардың  ой  санасындағы 
батыстық түсініктен арылтуға негіз қалауға тиіспіз.  
Қазақтың  неке  салтының  ӛткені  мен  бүгінгісін  сипаттайтын  мақал-мәтел,  жар-жар, 
беташар, сыңсу, кӛңіл айту және жоқтау ел аузынан жазып алынған мәліметтер баршылық. 
Қазақтың неке яғни, үйлену салтына байланысты тақиямен қоштасу, той бастар ӛлеңдеріне 
тоқталамыз.  Тақиямен  қоштасу  сыңсу  ӛлеңіне  ұқсас  мұнда  да  қыз  тағдырына  кӛнгісі 
келмейтіндігін,  тілегімен  санаспай  еріксіз  ұзатып  отырған  әкесіне  ӛкпелі  екендігін  зарлы 
ӛлеңмен  сыртқа  шығарған.  Әйел  бас  киімін  кигізудегі  жеңгесі  болғандықтан  ӛлең  соған 
қаратылып айтылған.  
Тақиямды алмашы, 
Басыма шәлі салмашы. 
Тақиям ауыр деуші едім, 
Оданда ауыр шәлі арттым. 
Бозторғай неге болмадым, 
Босағама қонбадым? 
Аямаған жан әкем  
Қасыңа серік болмадым. 
Базардан алған сары асық, 
Жүруші едік жарасып. 
Айналайын, жан жеңгем, 
Қайда да кеттім адасып-деп жас қыз ӛзінің сырын осылай жырлаған [6, 73 
б.]. Тойбастар қыз ұзату тойында да, сонымен қатар келін түсіру тойында да айтылады. Кез 
келген  істің  басталуы,  оны  ұйымдастырушысы  болатыны  сияқты,  әрбір  ғұрыптың  да 
басталуын ұйымдастырушысы болған. Осы тұрғыдан тойбастарда қалындық пен күйеу жігіт, 
олардың ата-анасы мен туысқандары мадақталады және жаңа үйленген жастарға бақыт пен 
ақ тілек тіленеді. Тойбастарды жыршы ақын, немесе шешен, аузының ебі бар кісі айтады. Ал, 
тәңірлік  дінде  тойбастарды  бақсылар,  абыздар  атқарған  және  ислам  дінінде  қожа-молдалар 
атқарған. Той бастар тойды жасап жатқан той иесінің жағдайына қарай айтылған және той 
бастаған кісіге жырдың мазмұнына байланысты ат, жібек шапан немесе ақшалай сый береді. 
Әрине,    ұлан-асыр  той  жасап,  ат  жарыстырып,  атақты  ақындарды  әкелу  –  бай,  дәулетті 
адамдардың қолынан келеді. Тойбастарды қазіргі таңда тойдың соңынан айтады, ал негізінен 
ол  басында  айтылған.  Х.Досмұхамедов  үйлену  тойында  тойбастарды  халық  кӛп  жиналған 
жерде  жолы  бойынша  белгілі  бір  рудың  немесе  атаның  ақыны  айтады  дейді  [7,  17  б.]. 
К.Матыжановтың 
«Қазақтың 
отбасылық 
ғұрып 
фольклоры» 
атты 
докторлық 
диссертациясында  той  бастардың  мәтіні  мазмұны  және  оны  қалай  басталу  заңдылықтарын 
кӛрсетеді. Мысалы, тойбастар ең алдымен былай басталады деп ӛлең жолдарымен келтірген: 
Ассалаумағалейкум, жиылған топ, 
Бұл тойға тағдыр айдап келіппіз дӛп. 
Болыпты жұрт кӛрмеген бір ұлы той, 
Таң  қалып  қарағандай  жерменен  кӛк,-деп  сәлемдесе  отырып  той 
бастаушы, той жасаушыны ӛзіңде кӛрсете отырған. Г.Ж.Болатованың «Қазақтың үй іші әдет-
ғұрып  ӛлеңдері»  атты  кандидаттық  диссертациясында  Қазақтың  үйлену  салты  және  некеге 
байланысты  бӛлімінде  қыз  үйінде  орындалатын  тойбастар  жайлы  былай  түсіндіре  отырып 
қалыңдықтың  қайғысы  алысқа  аттанып  бара  жатқанын,  құрбы-құрдастарын  қимай  бара 
жатқандығын тӛмендегідей суреттейді: 
Ақ отау шетке тіксе жылайсыңыз, 
Әкемнің сыйлағаны осы ма-ай деп. 
Үстінде тӛсегіңнің әкең жылар, 
«Алланың ақ бұйрығы осылай»,- деп. 
Алдында саба аяқтың шешең жылар  
«Қыз» қылып әлпештеген басым-ай»,-деп 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
134 
Егіліп сен жылайсың «Елім-ай»,-деп, 
«Құрбылас ойнап-күлген теңім-ай»,-деп. 
Елжіреп жүрек-бауыр шешең жылар 
«Ашыған тар құрсағым белім-ай»,-деп. 
Мінгенде ат үстіне досың жылар  
«Біздерді кеткен тастап шыны ма-ай»,-деп. 
Ойларсың бір күн жатып, екінші күн, 
«Оң жақта ойнап ӛскен күнім-ай»,-деп [6, 60 б.]. 
Сонау сақ, үйсін, ғұн кезінде басталған құдаласу салт-дәстүрлері болғандығын ғұн ханшасы 
Шижұнның үйсін гуньмосы Елжау биге тұрмысқа шығып тӛркінін сағынып айтатын «Аққу» 
деп аталатын әні «кӛрісу» сол кезде бастау алған. 
Мені ұзатты әлемнің бір жағына,  
Алыстағы жат елге-үйсін ханына. 
Дӛңгелек үй, туырлық там орнына,  
Ет жеп, айран ішеді ас-суына. 
Туған жерді сағынып, сарғаямын, 
Аққу құс боп қайтсам деп ауылыма [8, 73 б.].  
Қазақ қоғамында тағыда дүниеге келгеннен кейінгі және дүниеден қайтқаннан кейінгі 
аралықта  әдет-ғұрып,  ырым,  жоралғылары  халық  арасында  кӛп.  Адамзат  саналы  ғұмырға 
жетіп, ӛмірдің мәніне ой жүгірте бастаған сәттегі алдынан шыққан ұлы жұмбақтың бірі-ӛлім. 
Осы тұрғыдан қазақтың жерлеу салты-халқымызда кӛне заманнан келе жатқан салт-дәстүрі. 
Адам қайтыс боларда немесе қайтыс болғаннан кейін молданы алдырып, ислам діні аясында 
Құран  жолын  білетін  кісіге  иманын  айтып  отырады.  Әрине,  ӛлген  адамды  о  дүниеге 
аттандыру  мен  оның  артын  күтудің  әлем  халықтарының  ӛмір  салтында  қалыптасқан  жӛн-
жосығын санамалап түгендеп шығу мүмкін емес. Абай Құнанбаев айтпақшы: 
«Туғанда дүние есігін ашады ӛлең, 
Ӛлеңмен  жер  қойнауына  кіреді  денең»  -  деп  ӛлген  адамға  арнайы  ӛлең 
жолдарымен  жоқтаулар  айтылған.  Жерлеу  салтына  байланысты  ӛлеңдер  оның  шығуын 
Ә.Марғұлан ежелгі кӛшпелі тайпалардың тіршілігіндегі «патриархал қауымының әлеуметтік 
тұрмысы,  жора-жосыны,  ӛлікті  қадірлеумен  байланысты  және  ӛлеңдер  кәдемен  байланыса 
отырып дәстүрлері – қоштасу, естірту, жоқтау, аза тұтып қайғыру, жылау, қадірлеп шығарып 
салу,  басына  белгі  орнату,  ас  беріп,  той  жасау,  сойыс  қылу,  арыздасу  бәрі  ерте  темір 
дәуіріндегі  сақ,  ғұн,  үйсіндерден  бері  қарай  қазақ  пен  қырғыз  халқына  жеткен  тарихи 
жоралар  жерлеу  ӛлеңдер  кәдемен  байланысады  дейді  [9,  36  б.].  Қазақ  ұлтының  жерлеу 
салтында кӛңіл айту ӛлеңі бар. Кӛңіл айту кейде естіртумен бірге келеді. Ауыр хабар жеткен 
кезде құр қайғыны қана айтып қоймайды, қазақта бауырмалдық, туысқандық, жан күйерлік 
негізінде, соның емі сияқты айтылады. Кӛңіл айтудың үстінде бұрынғы би сияқты қариялар, 
кӛбінесе  дүниенің  баянсыздығы  туралы,  тіршілікте  адам  басына  неше  түрлі  ӛзгеріс, 
жаңалықтар  келетіні  туралы  ӛзінше  терең  пікір,  толғаулы  сын  айтады.  Дүниеде  бір  халден 
ӛзгермей тұратын тұрақтылық жоқ, бүтіндігін мәңгі сақтап тұратын тұрақтылық  жоқ. Кӛңіл 
айтқан  тоқтау  түрде:  «Қанаты  бүтін  сұңқар  жоқ,  тұяғы  бүтін  тұлпар  жоқ,  жапырағы  бүтін 
ағаш  жоқ,  бауыры  бүтін  алаш  жоқ»  деген  сияқты  толғаулар  бүкіл  дүние  адамзат  баласын 
мәңгілік емес екенін келтірген [10, 35 б.]. Қазақ ұлтындағы жоқтау дәстүрі анау ерте заманда 
басталған десек қателеспейміз. Бұлай айтудың себебі: Алтай ӛңірінен табылған сақ кезеңіне 
кемер  белдіктегі  бейне  мынандай  мәлімет  береді.  Терек  түбінде  екі  еркек  бір  әйел.  Әйелге 
қарама-қарсы  малдас  құрып  отырған  еркек.  Ал,  еркекке  қарап  отырған  басында  шошақ 
сәукеле камзол киген әйел. Екінші ер адамның жалтыр басын әйел адам ұстаған. Бұл кӛрініс 
алып қашу да немесе  шаршап шалдығу  да  емес. Мұндай сырды  «Қозы Кӛрпеш-Баян сұлу» 
эпосынан  іздеу  жайлы  мәлімет  беруші  археолог  Бекмұханбет  Нұрмұханбетов  және 
Ә.Марғұланның  еңбектерінде  берілген  жырдан  Баянның  Қозысын  жоқтап  тұрғандығын 
аңғаруға болады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
135 
Жатырмысың-ай, жалғызым, жер бауырлап. 
Қарға жүнді қамыс оқ оны ауырлап, 
Құдай қосқан қосағың Баян келді, 
Тұра кетсең нетеді күліп-ойнап [11, 54 б.]. 
Қазақ  халқы  ӛзінің  ұзақ  тарихында  діни  наным-сенімдерді  басынан  ӛткерген.  Қазақ 
фольклорында кӛрініс тапқан наным-сенімдерді бәдік, жарапазан қарғыс сӛздерден байқауға 
болады. «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» деген еңбегінде Болатжан Абылқасым  
306 қарғыс сӛздерді қарастырған. Еңбектегі қарғыс сӛздер былай келеді. 
 
№305 қарғыс сӛзден 
Қора-қора қойларың, 
Құмырсқа боп шақсын. 
Табын-табын сиырларың, 
Жылан боп шақсын. 
№306 қарғыс сӛзден 
Орта жасқа келгенде шешек шықсын. 
Құжы болып, ӛне-бойыңа кесек шықсын. 
Әйелің де сол кезде қайтыс болсын,  
Шипа  бермей,  шешегіңнен  ірің  шықсын    
[3, 189-190 бб.]. 
«Жетіссең  де  жер  жемісін  жеті  аса»  дегендей  қазақ  халқы  тек  мал  шаруашылығымен 
айналыспай жер ӛңдеумен де айналысқан. Оған археологиялық қазба жұмыстары дәлел бола 
алады. Мысалы: Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалаларының маңайында ескі арықтардың 
ізі  әлі  байқалады.  Байқап  қарасақ,  ӛте  ескі  заманда  да,  қазаққа  ислам  діні  әсерін  әлі  жая 
алмай  тұрған  кезде,  егін  атасы  Шығыр,  Шынар  деп  сиынған.  Диқаншылық  пен  айналысып 
«Алла» - аты шала таныс болып жүргенде егін аталарына былай сыйынған. 
Шығырдың түп атасы-Әлі шынар, 
Шығырға сиынбасаң шығыр сынар. 
Шығырға әлімнен сиынсаң 
Қашанда егін бітіп, кӛңіл тынар [12, 9 б.]. 
Бір  кездері  жабайы  аңдарды  ұстап,  үй  түлігіне  айналдырған  шаруаларды  халық  тӛрт 
түлік  малдың  «пірі»  деп  ұғынып,  алғашқыда  ұстап  баққандарын  құдайлары  санап,  солар 
жайында  түрліше  аңыздар  тудырып  отырған.  Қазақ  ұлтының  фольклорындағы  мал 
шаруашылығына байланысты әдет-ғұрыптар мен наным-сенім мәселелері осы уақытқа дейін 
егжей-тегжейлі  зерттелді.  Қазақ  ұлтының  ғұрыптық  фольклоры  оның  ӛткендегі  ӛмірін, 
тұрмыс-тіршілігін,  әдет-ғұрпын,  салт-санасын,  дүниетанымын,  арман-мүддесін  т.б. 
мәселелерді жан-жақты бейнелейді. Қазақтың тӛрт түлікке байланысты әдет-ғұрыптары мен 
салт-дәстүрлер  негізі,  археологиялық  деректер  зерттеулерінің  нәтижелері  кӛрсеткендей 
неолит  дәуірінен    басталған.  Халық  тӛрт  түлік  малдың  тӛлін  анасы  қалай  сүйсе,  адам  да 
солай  сүйе  білуге  тиіс  деп,  қозы,  лақ,  құлын,  торпақ,  ботақан,  қойшы,  құс  жӛнінде  түрлі 
ӛлеңдер тудырып келген. Тӛрт түлік малдың иелері Шопан, Қамбар, Ойсылқара, Зеңгі баба 
деп  тілек  тілеп  табынып  антропологиялық  мифтерді  тудырды.  Сонымен  әйел  бедеулігін 
емдеу үшін тӛрт түлікті қолданған. Садуақас деген бақсы әйел бедеулігін толық емдеу үшін, 
тӛрт  түлік  малдың  тӛрт  түрін  алып  келіп,  үйдің  ішіндегі  ауруға  есік  арқылы  қолын  беріп, 
былай ӛлеңдеткен: 
Тӛрт түлік мал тӛлім-ау, 
Пірлерінді шақыршы! 
Қамбар – ата қауымы-ау, 
Пірлеріңді шақыршы. 
Шопан-ата қауымы-ау, 
Пірлеріңді шақыршы. 
Зеңгі-баба қауымы-ау, 
Пірлеріңді шақыршы. 
Ойсыл-қара қауымы-ау, 
Пірлеріңді шақыршы. 
Тарқұрсаққа тағылған, 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
136 
Белден соққан бес шайтан. 
Албастының қанынан, 
Перілердің жолынан, 
Арылтсаңшы  жаным-ау,-деп  бақсы  әйелді  тӛрт  жыл  ішінде  балалы 
болатынын айтып тӛрт түлікті ӛзімен алып кетеді [13, 53 б.].  
Сонымен, қорыта айтқанда Қазақ халқының дәстүрі наным-сенімдері, кӛптеп таралған. 
Қазақ ұлтының әдет-ғұрыптары мен наным-сенімдері мал шаруашылығымен тығыз байланысты 
ӛрбіген,  қазақ  фольклорында  қай  ертегі,  аңыз,  әңгімелерін  алып  қарасаңда  халық  тұрмысының 
ішкі  дүниесіне  сәйкестендіріліп  құрылған.  Қазақ  ұлтының  адамгершілік  туралы  халықтың 
нақылдары  дәстүрлі-салтымен,  ӛзіндік  ерекшелігімен  сабақталып  келе  жатыр.  Қазақ  ұлтының 
дүниетанымы кез келген зерттеуші маманды қызықтырады, тарихпен сабақтасып жатқан дүниені 
тану  үшін  қазақ  фольклоры  құнды  материалдар  болып  табылады.  Осы  дүниені  зерттей  отырып 
ұлттың  даналығын  тануға  болады.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  аталмыш  тақырып  әлі  де 
болса толық зерттеуді қажет ететін мәселе болып табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет