1.
Ғылыми ағарту және үгіт насихат жұмыстары
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған іс толымды.
Барымызды баптап, құндылықтарымызды қастерлеу бүгінгі міндет, ертеңге ұлағат.
Бүгінде мәдени мұраны сақтау және тиімді пайдалану мәселесін ескере отырып,
бағдарламаның 2009-2011 жылға арналған негізгі міндетті іс-шарасы жүзеге асуда.
Жіліктеп айтар болсақ олар төмендегіше түзілер еді.
Арнаулы ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижесінде әлі де белгісіз жаңа, тың
деректер табылып тарихымызға айтарлықтай мәліметтер қосылуда. Жамбыл облысы
әкімдігінің 14.04.2010 жылғы №90 қаулысымен жергілікті 713 тарих және мәдениет
ескерткіштері мемлекеттік тізімге енгізіліп, 435 ескерткіш алдын-ала есепке
алынған.
Осы тізімдегі тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік құжаттарын жасау
мақсатында мекеме қызметкерлері аудандық жер қатынастар комитеті
мамандарымен бірлесе бастама көтерді. Нәтижесінде бірталай аудандық бюджет
есебінен қаражаттар қарастырылып, құжаттама шаралары іске асырылып жатыр.
Аудандарда жер телімдерін бөлу және құрылыс салу кезінде алдын ала барлау
жұмыстары жүргізілмей басқада шаруашылық аймақтарына айналу іс-әрекеттері
кездесетіні жасырын емес. Осындай олқылықтарды дер кезінде тоқтату үшін жыл
басынан бастап аудандық газет беттеріне ай сайын: Байзақ ауданының «Ауыл
жаңалығы» газетіне №40.25.04.2011 жылы «Ескерткіш – елдің келбеті», Жуалыда
«Жаңа өмір» газетіне №25.25.02.2011 жылы «Маңызды жұмыс жалғасын табуда»,
Жамбыл ауданында «Шұғыла» №15.16.02.2011 жылы «Құндылықтар қорғалуы
қажет», Қордай ауданында «Вестник потребителя и предпринимателя» №10.(485)
11.03.2011 жылы «Свидетели времени», Меркі ауданы «Меркі тынысы» №35-36
25.03.2011 жылы «Меркі өңіріндегі ескерткіштер», Мойынқұм ауданы «Мойынқұм
таңы» 11 наурыз 2011 жылы «Тарихи-мәдени ескерткіштер-ел мұрасы», Талас
ауданында «Талас тынысы» №23.26.02.2011 жылы «Тамды қаласы туралы не
білеміз?», Т.Рысқұловта «Құлан таңы» №22.(6648)12.03.2011 жылы «Мәдени мұра
халық қазынасы», Шу ауданында «Шу өңірі» №30.09.04.2011 жылы «Көне тарих
ұрпаққа үлгі», Сарысуда «Сарысу» газеті №27.02.04.2011 жылы «Мәдени мұрамыз
басты құндылығымыз» тақырыбында мақалалар жарияланды.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының Алқа мәжілісінде
өзіндік мәдени құндылығын жоғалту алдында тұрған тарихи-мәдени ескерткіштер
туралы жағдайды барлық аудандық әкім орынбасарының төрағалық етуімен
құрылған
«Тарихи-мәдени
ескерткіштерді
қорғау
жөніндегі
комиссия»
отырыстарында жиі қарастыруын және осы аталмыш комиссияның жұмысын
жандандыруды қолға алу мәселелері қозғалды. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері
өкілдерінің қатысуымен құқықтық түсіндіру жұмыстарының өзекті мәселелері
бойынша, өз қызметіміздегі кездесетін құқықтық мәселелерді талдап, тиісті
құжаттар ұсынылды.
Облыс аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді түгелдеу мен
есепке алу мақсатында Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен жұмыс
жүргізу барысында осы жылы Мерке және Т.Рысқұлов аудандарының тарих және
мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-энциклопедиялық жинағы шығарылды.
Үстіміздегі жылы Шу мен Мойынқұм аудандарының жинағы жарық көретін
болады.
Республикалық деңгейдегі тарихи ескерткіш «Айша-бибі ХІ-ХІІғғ.» кесенесіне
демеушілер тарапынан бей-берекет құрылыстарға жол бермеу туралы тапсырамасы
дер кезінде қолға алынып, Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 8-тармағына
сәйкес, мұраның сақталуына теріс әсерін тигізетіндіктен бассейн құрылыс әрекеті
тоқтатылды.
Ортағасырлық
«Төрткүл
ХІ-ХІІІғғ.»
керуен-сарай
кешенінде
көкалдандырумен қатар абаттандыру іс-шаралар мен жүргіншілер өтетін көше
бойына бильборд орналастырылды.
Үстіміздегі жылы жоспарланып отырған
Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет
басқармасының жеке сайтын ашуға қатысты «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау
және қалпына келтіру дирекциясы» мекеменің ашылу тарихы, жылы, мекен жайы,
атқаратын міндеті мен ескерткіштердің жалпы саны, алдағы уақытта
ұйымдастырылатын іс-шаралар мен оның мақсаттары туралы берілген тапсырма
бойынша мәліметтер толыққанды тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен
еліміздегі, тарихи-мәдени орындарға экспедицияға шығу, телевизиялық жобаға
қамтамасыз етуге, облыстағы мұражайлар мен мешіттер, тарихи орындар, діни
ғибадатханалар және кесенелер туралы біршама мәліметтер жинағы берілді. Тарихи
ескерткіштердің құндылығы мен маңыздылығы турасында сұхбат беретін
мамандарды тартып, жобаны іске асыру шаралары тиянақталды. Талап етілген
орынға тарихи-мәдени орындар мен маңызды ескерткіштер тізімі берілді.
Телевизиялық экспедиция қамтамасыз етіліп деректі фильм түсіру жұмыстары іске
асырылды.
Телевизиялық экспедиция құрамы деректі фильм түсіруде
ТарМУ-дың көпсалалы колледжі мұғалімдері мен білімгерлерінің қатысумен
«Ежелгі ескерткіштер Қазақстанның алтын қоры» атты дөңгелек үстел өткізілді.
«Ежелгі ескерткіштер Қазақстанның алтын қоры» атты дөңгелек үстел
18-сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай Облыстық тарихи-
өлкетану музейінде «Халықаралық ескерткіштерді қорғау» атты дөңгелек үстел
өткізілді. Басқосуда ТарМПИ-дің тарихшы мұғалімдер мен білімгерлері және
журналисттер қатысты.
Басқада аудандарда «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының мамандарымен
біріге «Мәдени мұра-өткен тарихымыз», «Ортағасырлық қалашықтар», «Киелі
мұрамызға тағзым», «Ежелгі қалалар», «Өз еліңді тани біл», «Ескерткіштер-ел
мұрасы» атты кітап көрмелері, мектеп оқушыларымен әңгіме-сұхбат, тарихи саяхат
және түрлі сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Барлық аудан орталықтары мен әрбір ауылдық округтердегі ұйымдастырылған
іс-шаралар мен өткізілген тарихи танымдық, сонымен қатар мұраларымызды
насихаттау, қорғап-сақтау және пайдалану жұмыстары туралы мәліметтер
жинақталып, апталық, айлық, жартыжылдық есептер даярланып, межеленген
уақытта өткізіліп келеді.
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы»
КМҚК мекемесімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20
жылдығына орай «Жастар тәуелсіздік тірегі» атты облыстық конференция өткізілді.
Конференцияға ЖОО ұстаздары мен білімгерлері БАҚ өкілдері, «Қазақстан-Тараз»
телеарнасы және басқада мекеме қызметкерлері ат салысты.
«Жастар тәуелсіздік тірегі» атты облыстық конференция
Жамбыл ауданы әкімі орынбасары жер бөлу комитетімен бірлесе «Бектөбе
VI-XII ғғ.» қаласының аумағын заңдастыру шараларын қолға алды. Жергілікті
архитекторлар мен жер қатынас комитеті инспекторларынан құрылған комиссия
мүшелері тыңғылықты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, ауыл басшылары мен
ақсақалдарына толыққанды таныстырылып, үлкен жиын өткізілді. Жиында
тұрғындар тарапынан дұрыс көзқарас қалыптастыру және т.б. мәселелері талқыға
салынды.
Тараз қаласы, Самал мөлтек ауданындағы (9мкр.) Қ.Сарымолдаев атындағы
№1 балалар үйінде тәрбиеленуші оқушылармен «Облысымыздың тарихи-мәдени
мұралары» тақырыбында кездесу өтті.
Сонда тәрбиеленуші өзге ұлт жасөспірімдерінің тарихи мұраларға
қызығушылығын арттыру мақсатында қалақұрылыс ескерткіштерінің суретін
салудан конкурс болды. Үлкен талғаммен сипатталған еңбектердің жеңімпаздары
марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.
Кездесу соңы театрландырылған көрініс пен концерттік бағдарламаға ұласты.
Осылайша балалар үйінде өте дарынды жастар бар екендігіне куә болып қайыттық.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде тәрбиеленуші
оқушылармен «Облысымыздың тарихи-мәдени мұралары»
тақырыбындағы кездесу
Облыстағы бүгінгі күні адам қолымен және құрылыс салудың әсерінен
бұзылып жойылудың алдында тұрған тарихи ескерткіштерді сақтап, қайта қалпына
келтіру мақсатында «Қазқайтажаңғырту» мемлекеттік мекемесіне ұсыныс
жолданды.
Барлық аудандардағы қалақұрылыс ескерткіштерінің, Ұлы Жеңіс күніне орай
Ұ.О.С. жылдарында қайтыс болган жауынгерлерге және т.б.орнатылған
ескерткіштердің айналасына тал-дарақ отырғызу, тазалау, әктеу, абаттандыру,
көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Баспадан
шығарылған
«Жамбыл
облысы
тарих
және
мәдениет
ескерткіштерінің жинағына» енгізілген ескерткіштер аудындық карта тірек карта
схемасына енгізілуде. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты, тәуелсіздік
жылдарында қазақ халқының тарихи мұрасына, тарихына арнап тұрғызылған 1991
жылдан бері бүгінгі күнге дейін орнатылған ескерткіштер мен монументтер туралы
ақпарат жинақтап, жеке-жеке авторлары қамтылып кесте түрінде өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы №63 қаулысымен
қабылданған «Тарих және мәдениет ескерткіштерін» қорғау жөніндегі комиссияның
құрамына өзгерістер енгізілді.
Т.Рысқұлов ауданы орталығындағы 1901 жылы іргетасы қаланған
архитектуралық көне мектеп үйі есепке алынып, құжаттары жасалынды. Бұл нысан
келешекте Т.Рысқұлов есімімен жеке-дара мұражайы етіп қалдыру мәселесі
талқыланды.
2011 жылдың 6 желтоқсан «Мәдени мұра» күніне орай, «Баласағұн» орталық
концерт залында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы - 20 жұлдызды күн» іс-шара аясында
«Мәдени мұра» бағдарламасы және облыс аумағында орналасқан тарихи-мәдени
ескерткіштерді қорғап, сақтау мен зерттеп насихаттауда жеткен жетістіктерді,
атқарылған жұмыстардың нәтижесі және алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды
саралаған ғылыми конференция өтті.
2011 жылдың 6 желтоқсан «Мәдени мұра» күніне орай
өткізілген ғылыми конференция
Конференцияға Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бастығы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі К.Байпақов,
профессор Г.Капекова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының
академигі Б.Көмеков, «Археологическая экспертиза» ЖШС –нің бас директоры
Д.Воякин, Мемлекеттік «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-
мұражайының директоры Т.Молдақынов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға
ғылыми қызметкері С.Қалиев, «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Н.Қанатовтың қатысуымен «Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл
облысының қазыналары» атты кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті. Авторлар кітаптың
басылуы мен жинақталған материалдарға тоқталып, ой пікірлерін білдірді.
Кітапта ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының бай
тарихи-мәдени мұрасына және оның зерттелу тарихына арналады. Олар тас ғасыры
мен қола дәуірінің ескерткіштері, сақ және үйсін обалары, қаңлылардың қоныстары,
Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар – Тараз бен Құлан, Меркі мен
Аспара, Жамұқат пен Касрибас. Сонымен бірге көне қалалар археологтардың
жұмыстары мен археологиялық қазба барысында табылған қыш бұйымдар алтын,
күміс, қоладан жасалған бірегей бұйымдар сипатталады. Түркілердің тас мүсіндері,
ортағасырлық озық сәулет өнері, петроглифтер әлемі суреттеледі. Қазақтардың
қолданбалы өнеріне: сақ, үйсін, қаңлы, ежелгі түркі және қыпшақтардың дәстүрлі
қолданбалы өнерін сақтаған өнеріне, кілем мен киіз өндірісіне, оның ою-
өрнектеріне, киімдеріне, бас киімдері мен зергерлердің, шеберлердің туындыларына
арналады.
Айша-бибі атындағы қазақ-түрік қыздар лицейіның тарихшы мұғалімдерімен
бірлесе «Тарихымыздың інжу маржаны – мәдени мұра» атты облыстағы тарих және
мәдениет ескерткіштері туралы дұрыс мәліметтер беріліп, түсіндірме жұмыстары
ұйымдастырылды.
Айша-бибі атындағы қазақ-түрік қыздар лицейіндегі
«Тарихымыздың інжу маржаны – мәдени мұра» атты дөңгелек үстел
Айша-бибі атындағы қазақ-түрік қыздар лицейіндегі
«Тарихымыздың інжу маржаны – мәдени мұра» атты дөңгелек үстел
«Ежелгі Тараз түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени орталығы» атты
қоғамдық кеңес болып өтті. Облыс әкімі бірінші орынбасары, облыстық ішкі саясат
басқармасы, мемлекеттік емес ұйымдар, туристік фирма қызметкерлері қатысты.
Конференцияда әртүрлі пікірлер ортаға салынып, жан-жақты талқылаулар болып,
облыс көлемінде туристік нысандарды ары қарай қалай дамытуға болады ? - деген
ұсыныстар айтылды.
«Ежелгі Тараз түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени орталығы»
атты қоғамдық кеңес
Тараз қалалық әкімшілік ғимаратындағы Қоғамдық кеңес отырысы
Тараз қалалық әкімшілігі ғимаратында қала әкімінің орынбасары
төрағалығымен Қоғамдық кеңес өткізілді. Отырысқа БАҚ өкілдері, жеке
кәсіпкерлер, қалалық әкімшілік басқарма басшылары қатысты. Қазба жұмыстарына
байланысты орталық базарды көшіру мәселелері талқыға салынды. Заңгер мамандар
тарапынан базар сияқты көпшілік орында қандай заң талаптары орындалу керек
екендігі де сөз болды. Халықты соған үгіттеу, саудагерлерді міндеттеу сияқты
ойларда айтылды.
Кеңес соңында базар аумағында археологиялық қазба жұмыстары өңірдегі
ішкі саяси ахуалға кері әсер етіп отырмағанды дәлелденді және археологиялық қазба
жұмыстары барлық ортақ талаптарға сай жүргізілуде деген ортақ мәлімеге келді.
Ж А Л Ғ А С Ы
Достарыңызбен бөлісу: |