Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования


Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата07.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#1377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері 
 
1 Кесте 
Түрі 
Педагогикалық міндеттері 
Дәріс 
Демонстрация 
(көрсету) 
Білім 
алушылардың 
шығармашылық 
ойлау 
қызметін белсендіру 
Семинар 
Дайындық 
Жаттығу 
Аналитикалық ойлауды қалыптастыру. 
Ұжымдық жұмысты дамыту шеберлігі. 

14 
 
Дискуссия 
Экзерсис 
Ақпаратпен  алмасу,  сыни  тұрғыдан  ойлау 
дағдыларын  дамыту  және  өз  көзқарасын  қорғау 
жолдары арқылы білімін кеңейту 
Конференция 
Байқау 
Концерт 
Көрме 
Өз  қызметінің  нәтижесін  ашық  талқылау 
дағдылары арқылы дамыту  
 
Саяхат 
 
Ой-өрісті  кеңейту  және  сезімдік  қабылдауды 
байыту 
Экспедиция 
Туристік жорық 
Таным,  тәрбиелеу,  сауықтырудың  әр  түрлі 
жоспардағы міндеттерін шешу 
2 Кесте 
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі емес 
түрлері 
Түрі 
Педагогикалық міндеттері 
Пәннің,  деректің, 
құбылыстың, 
оқиғаның 
тұсаукесері 
Шеберлікті  қалыптастыру  және  дамытуды  бір 
оқиғаны  /  құбылысты  және  т.б.  бейнелеу  ғана 
емес, сондай-ақ өзінің ұстанымын дәлелді айту. 
 
Сюжетті-рөлдік 
ойын 
Қоғамдық  қатынас  пен  құбылыс  құрылымында 
өзін түсіну 
Жоба қорғау 
Орындалған  жұмысқа  талдау  жасау  қабілеттілігі, 
жаңа  идеялар  ұсыну,  дауыстап  әлеуметтік  сөйлеу 
дағдыларын дамыту 
Шай ішу және 
аспаздық 
байқаулар 
Ерекше  психологиялық  атмосфера  құру,  қарым-
қатынасты жұмсарту 
«Қатты жаңғақ» 
Өмірдің қиын өмірлік сауалдардын бірігіп шешу, 
сенімді әңгімелесу 
Мейірімді 
тосын 
сыйлар күні 
Ықылас  белгісін  көрсете  білу,  қуаныш  әкелетін 
жаттығулар 
Сұрақтар 
хатқалтасы, 
қызығушылық 
бойынша клубтар 
Достық жағдайда пікірлермен еркін алмасу 
 
 
Сабақтан тыс қызмет оқу-тәрбие беру үрдісінің құрамдас бөлігі 
және оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың бір формасы болып 

15 
 
табылады. Сабақтан тыс қызмет бүгінде негізінен сабақтан тыс уақытта 
оқушылардың  мазмұнды  бос  уақытқа  деген  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру,  олардың  өзін-өзі  басқаруға  және  қоғамдық  пайдалы 
қызметке  қатысуы  үшін  ұйымдастырылатын  қызмет    ретінде 
түсіндіріледі.  
Мектеп  оқушыларының  сабақтан  тыс  қызметін  білім  беру 
ұйымында  тәрбиелеуші  және  дамытушы  ортаны  құруға,  бала 
тұлғасының  түрлі  салаларын  қалыптастыруға,  оның  танымдық 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  және  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға арналған зор әлеуетке ие қызмет ретінде қарастыру керек.  
Дұрыс  ұйымдастырылған  сабақтан  тыс  қызмет  жүйесі  әр 
оқушының  еркін  тұлғаны  тәрбилеуді  қамтамасыз  ететін  танымдық 
қажеттіліктері 
мен 
қабілеттерін 
барынша 
дамытуға 
немесе 
қалыптастыруға  болатын  жағдайлары  бар  сала  болып  табылады. 
Блаларды  тәрбилеу  олардың  қызметінің  кез  келген  сәтінде  жүреді. 
Алайда бұл тәрбиені оқудан бос уақытта іске асырған барынша өнімді. 
Сабақтан  тыс  қызметке  бөлінетін  сағаттар  оқушылардың  қалауы 
бойынша  пайдаланылады  және  оны  сабақтық  оқыту  жүйесінен  бөлек 
ұйымдастырудың  түрлі  формаларын  іске  асыруға  бағытталған. 
Сабақтан  тыс  қызметті  ұйымдастыру  кезінде  оқушылардың  сабақтары 
эскурсиялар,  дөңгелек  үстелдер,  конференциялар,  пікірталастар, 
олимпиадалар,  сайыстар,  дидактикалық  театрлар,  кітапханалық 
сабақтар,  қоғамдық  пайдалы  іс-тәжірибелер,  ізденушілік  және 
ғылыми  зерттеулер,  туристік  және  өлкетанушылық  экспедициялар 
формаларында өткізілуі мүмкін.  
Оқушыларды  сабақтан  тыс  қызметтің  барлық  бағыттары 
бойынша  біріктірудің  ұйымдастыру  формалары  үйірмелер,  секциялар, 
клубтар, студиялар, оқушылардың ғылыми қоғамдары, зерттеу немесе 
жобалық зертханалар, кіші ғылым академиясы, балалардың қоғамдық 
бірлестіктері  және  т.б.  болуы  мүмкін.  Сабақтан  тыс  сабақтар  өз 
қызметін өзінің бірегейлігі мен қажеттілігін сезінуі үшін әрбір оқушыға 
бағыттауы  тиіс.  Үйірмелер  мен  секцияларға  бара  отырып  оқушылар 
құрдастары  ортасында  тамаша  бейімделеді,  жетекшінің  жеке 
жұмысының  арқасында  оқ  материалы  терең  үйретіледі.  Сабақтан  тыс 
қызметті  оқу  пәндері,  курстары  бағдарламалары  мазмұнының 
жекелеген  аспектілерін  бекіту  және  тәжірибеде  қолдану  үшін 
пайдаланудың  артықшылығы  айдан  анық.  Сабақтарда  жетекшілер 
оқушылардың  ұйымдастырушылық,  шығармашылық,  музыкалық 
сияқты  қабілеттерін  ашуға  тырысады,  бұл  жеткіншектердің  рухани 
дамуында маңызды рөл атқарады. Сабақтарды тек жалпы білім беретін 
мектептердің  мұғалімдері  ғана  емес,  сонымен  қатар  қосымша  білім 
беру  ұйымдарының  педагогтері  де  өткізулері  мүмкін.  Сабақтан  тыс 
қызмет  сабақтан  бос  уақытта  белгілі  бір  жас  тобындағы  балалар  мен 

16 
 
жасөспірімдерді  әлеуметтендіру,  оларда  әлеуметтік  маңызды  іс-
тәжірибелерге  және  өзін-өзі  басқаруларға  қатысуға  деген  қажеттілікті 
қалыптастыру,  тұлғаның  маңызды  позитивті  қасиеттерін  дамытуға 
арналған  жағдайлар  жасау,  олардың  шығармашылық  және  танымдық 
белсенділіктерін  іске  асыру,  мәнді  бос  уақытқа  қатыстыру  үшін 
ұйымдастырылады.  Нақ  осы  сабақтан  тыс  қызмет  бірінші  кезекте 
уәждемесі  төмен  балаларда  шығармашылыққа  деген  талпынысты 
дамытуға септеседі.  
Балаларға  оқу  материалын  стандартты  емес  жағдайларда  игеру 
жеңіл  екені  ешкімге  жасырын  емес.  Нақ  осы  сабақтан  тыс  қызмет 
ұжымдық  шығармашылықты  дамытуға  септеседі,  қарым-қатынас 
дағдыларын,  жауапкершілік  сезімін,  еркін  ойлау,  сабақ  оқу  кезіндегі 
кедергіні  еңсеру  іскерлігін  қалыптастырады,  ынтымақтастық  үшін 
жағдайлар жасайды.  
Оқушылардың, ең алдымен дарынды балалардың және мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  әлеуетін  дамыту  үшін  оқушылардың  өздерінің 
және  олардың  ата-аналарының  (заңды  өкілдерінің)  қатысуларымен 
жеке  оқу  жоспарлары  әзірленуі  мүмкін.  Жеке  оқу  жоспарларын  іске 
асыру білім беру ұйымы педагогінің қолдауымен бірге жүреді. 
Оқушылардың  сабақтан  тыс  қызметтерін  ұйымдастыру  кезінде 
білім  беру  ұйымдары  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының, 
мәдениет  және  спорт  ұйымдарының  мүмкіндіктерін  пайдаланады. 
Каникул кезеңінде сабақтан тыс қызметті жалғастыру үшін балалардың 
демалысы  және  оларды  сауықтыру  ұйымдарының,  тақырыптық  лагерь 
ауысымдарының,  жалпы  білім  беретін  мектептер  базасында  құрылған 
жазғы мектептердің және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының 
мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін. 
Сабақтан  тыс  қызметтің  табысы  тек  белсенді  оқушыларға  ғана 
емес, сондай-ақ  педагогикалық әсерге, мұғалімнің тәрбиеленушілердің 
қызығушылықтарына  қоғамдық  пайдалы  бағыт  беру  іскерлігіне  де 
байланысты.  
Сабақтан  тыс  жұмысты  табысты  ұйымдастырудың  және 
дамытудың  негізгі  шарттарының  бірі  –  бұл  пән  мұғалімінің  пән 
мазмұнын іске асыру үшін арнайы дайындығы.  
Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері 
Сабақтан  тыс  қызметтің  міндеттеріне,  формаларына  және 
мазмұнына  қарай,  оны  базалық  ретінде  іске  асыру  үшін  келесі 
ұйымдастыру моделі қарастырылады.  
Сабақтан 
тыс 
қызметті 
іске 
асырудың 
базалық 
ұйымдастырушылық моделі:  
білім беру үрдісінің қатысушылары қалыптастыратын білім беру 
ұйымының  оқу  жоспары  (сабақтыққа  қарағанда  бөлек  формаларда 

17 
 
өткізілетін қосымша білім беру модульдері, арнайы курстар, мектептік 
ғылыми қоғамдар, оқу ғылыми зерттеулер, практикумдар және т.б.); 
білім  беру  ұйымдарының  қосымша  білім  беру  бағдарламалары 
(қосымша білім берудің мектепішілік жүйесі); 
балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының,  сонымен  қатар 
мәдениет және спорт ұйымдарының білім беру бағдарламалары;  
сынып  жетекшілігі  (экскурсиялар,  пікірталастар,  дөңгелек 
үстелдер, сайыстар, қоғамдық пайдалы тәжірибелер және т.б.); 
білім 
беру 
қызметкерлері 
лауазымдарының 
біліктілік 
сипаттамаларының 
лауазымдық 
міндеттеріне 
сәйкес 
өзге 
педагогикалық 
еңбеккерлердің 
(ұйымдастырушы-педагогтің, 
әлеуметтік педагогтің, педагог-психологтің, аға тәлімгердің) қызметі; 
жаңа  білім  беру  бағдарламаларды,  оның  ішінде  өңірлік 
ерекшеліктерін есепке алатын бағдарламаларды әзірлеу, апробациялау, 
енгізу бойынша инновациялық (тәжірибелік) қызмет. 
Аталмыш  базалық  модельге  сүйене  отырып,  сабақтан  тыс 
қызметтің  ұйымдастыру  модельдерінің  бірнеше  негізгі  типтері 
ұсынылуы мүмкін:   
балаларға қосымша білім беру моделі; 
«толық күн мектебі» моделі; 
оңтайландырылған  модель  (білім  беру  ұйымының  барлық  ішкі 
ресурстарын оңтайландыру негізінде);  
инновациялық-білім беру моделі. 
Балаларға  қосымша  білім  берудің  моделі  мектепішілік  қосымша 
білім  беру  әлеуетін  басым  қолдануға  және  балаларға  мектептен  тыс 
қосымша  білім  беру  ұйымдарымен  ынтымақтастыққа  сүйенеді. 
Сабақтан тыс қызмет балалардың шығармашылық қызығушылықтарын 
дамыту  үшін  жағдайлар  жасау  және  оларды  көркем,  техникалық, 
экологиялық-биологиялық,  спорттық  және  басқа  қызметке  қосу 
жағынан  балаларға  қосымша  білім  берумен  тығыз  байланысты. 
Сабақтан  тыс  қызмет  пен  балаларға  қосымша  білім  беру  арасындағы 
байланыстырушы  болып  факультативтер,  мектептік  ғылыми  қоғамдар, 
кәсіби  бағыттағы  бірлестіктер,  таңдау  бойынша  оқу  курстары  сияқты 
оны іске асырудың формалары болып табылады. 
Қосымша  білім  беру  моделі  негізіндегі  сабақтан  тыс  қызмет 
кезінде  білім  беру  ұйымдары  балаларға  қосымша  білім  беру 
ұйымдарының,  мәдениет  және  спорт  ұйымдарының  мүмкіндіктерін 
қолдануы  мүмкін.  Аталмыш  модель  сабақтан  тыс  қызметтің  және 
балаларға  қосымша  білім  берудің  ортақ  бағдарламалық-әдістемелік 
кеңістігін  құруды,  білім  беру  ұйымын  басқарудан  білім  беру 
бағдарламасын басқаруға көшуді іске асыруды көздейді.   
Аталмыш  модель  балалардың  аумақтық,  әлеуметтік  және 
академиялық ұшқырлыққа дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. 

18 
 
Модельдің  артықшылығы  балаларға  қызығушылықтар  бойынша 
балалар  бірлестігі  бағыттарының  спектрі  негізінде  кең  таңдау  ұсыну, 
балалардың еркін өзін-өзі анықтау және өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі, 
сабақтан тыс қызметті іске асыру білікті мамандарды тарту, сондай-ақ 
білім  беру  үрдісі  ұйымының  балаларға  қосымша  білім  беруге  тән 
тәжірибелік-бағдарлы және қызметті негіз болып табылады.  
 Қосымша  білім  беру  ұйымы  өзінің  әлеуетін  толық  шамада  іске 
асыруы  үшін  барлық  педагогикалық  жүйенің  нақты  әрі  үйлесімді 
жұмысы  қажет.  Сондықтан  педагогтерге  бір-бірінің  –  балаларға 
қосымша  білім  берумен  кәсіби  айналысатын  және  мектептегі  пәндік 
оқытумен байланысты педагогтердің мәселелерін білу және түсіну аса 
маңызды.  Тек  солардың  өзара  көмегі  және  бірлесе  ойластырылған 
қызмет  жеке  мектеп  деңгейінде  де,  бүтін  қала,  өңір,  ел  деңгейінде  де 
тұтас білім беру кеңістігін құру үшін негіз бола алады.  
«Толық  мектеп  күні»  моделі.  «Толық  мектеп  күні»  моделінің 
негізі  –  сабақтан  тыс  қызметті  көбінесе  ұзартылған  күн 
тәрбиешілерімен іске асырылуы.  
Аталмыш модельді сипаттайды:  
баланың күні бойы білім беру ұйымында толыққанды болуы үшін 
жағдайлар  жасау,  оның  ішінде  мектептің  білім  беру  ортасын 
поляризациялау және түрлі акценттелген кеңістіктерді бөлу арқылы;   
тәрбие беру жүйесі және білім беру ұйымының негізгі білім беру 
бағдарламалары  аясындағы  оқу,  тәрбие  беру,  дамыту  үрдістерінің 
мазмұнды бірлігі;  
санитарлық-эпидемиологиялық  ережелер  мен  нормативтердің 
сақталуын  қамтамасыз  ететін  және  білім  беру  үрдісін  тиімді 
ұйымдастырудан,  қимыл  белсенділігін  оңтайландырудан,  тиімді 
тамақтануды  ұйымдастырудан,  денсаулықтың  және  салауатты  өмір 
салтының  құндылығын  қалыптастыру  бойынша  жұмыстардан  тұратын 
денсаулық сақтау ортасын құру; 
балалар  қоғамдық  бірлестіктерінің  және  оқушылардың  өзін-өзі 
бсқару  органдарының  белсенді  қолдауымен  балалардың  өз-өздерін 
көрсетулері, 
өз-өздерін 
іске 
асырулары 
және 
өз-өздерін 
ұйымдастырулары үшін жағдайлар жасау;  
баланың  білім  беру  ұйымында  болуының  жеке  білім  беру 
траекториясын және жеке кестесін құрастыру; 
негізгі 
және 
қосымша 
білім 
беру 
бағдарламалары 
ынтымақтастығына сүйену. 
Аталмыш  модельдің  артықшылықтары  болып  табылады:  күні 
бойы  білім  беру  үрдісін  табысты  іске  асыруға  арналған  жағдайлар 
кешенін құру, тамақтануды қоса алғанда.  
Оңтайландырушы  модель.  Білім  беру  ұйымының  барлық  ішкі 
ресурстарын  оңтайландыру  негізіндегі  сабақтан  тыс  қызметтің  моделі 

19 
 
оны  іске  асыруға  аталмыш  білім  беру  ұйымының  барлық 
педагогикалық  қызметкерлерінің  (мұғалімдер,  ұйымдастырушы-
педагог,  әлеуметтік  педагог,  педагог-психолог,  мұғалім-дефектолог, 
мұғалім-логопед,  тәрбиеші,  аға  тәлімгер  және  т.б.)  қатысуын 
қарастырады. Бұл жағдайда үйлестіруші рөлін әдетте сынып жетекшісі 
атқарады, ол өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес:   
педагогикалық  қызметкерлермен,  сонымен  қатар  білім  беру 
ұйымының оқу-қосалқы қызметкерлерімен өзара әрекеттеседі; 
сыныпта  мектеп  ұжымы  қызметінің  аясында  оқушылар 
тұлғасының оң әлеуетін дамытуға арналған оңтайлы білім беру үрдісін 
ұйымдастырады; 
сынып  ұжымының  тәрбиелеуші  үрдісінің  түрлі  формалары 
арқылы,  оның  ішінде  өзін-өзі  басқару  органдары  арқылы  қарым-
қатынастар жүйесін ұйымдастырады; 
оқушылардың  әлеуметтік  маңызды,  шығармашылық  қызметін 
ұйымдастырады. 
Оңтайландырушы  модельдің  артықшылығы  сыныптан  тыс 
қызметке кететін қаржылық шығындарды азайту, білім беру ұйымында 
бірыңғай  білім  беру  және  әдістемелік  кеңістік  құру,  оның  барлық 
құрылымдық  бөлімшелерінің  мазмұндық  және  ұйымдастырушылық 
бірлігі болып табылады.  
Инновациялық-білім  беру  моделі.  Инновациялық-білім  беру 
моделі  республикалық  және  өңірлік  деңгейдегі  инновациялық 
(тәжірибелік,  қанатқақты,  ендірушілік)  алаң  қызметіне  сүйенеді. 
Аталмыш  модель  аясында  жаңа  білім  беру  бағдарламаларының,  оның 
ішінде  өңірлік  ерекшеліктерді  ескеретін  бағдарламалардың  әзірленуі, 
апробациялануы,  енгізілуі  жүреді.  Инновациялық-білім  беру  моделі 
білім беру ұйымдарының кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарымен, 
ғылыми  ұйымдармен  және  әдістемелік  қызметтермен  тығыз  өзара 
қызметін  қарастырады.  Аталған  модельдің  артықшылықтары  болып 
табылады:   
сабақтан тыс қызмет бағдарламалары мазмұнының және (немесе) 
әдістемелік құрал-жабдықтарының жоғары өзектілігі;  
оларды 
іске 
асыруды 
ғылыми-әдістемелік 
сүйемелдеу, 
қалыптасатын тәжірибенің брегейлігі.  
Мектепте сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру моделі білім беру 
үрдісі жүретін жағдайларға байланысты: параллель сыныптардың саны; 
қосымша  білім  беру,  мәдениет  және  спорт  ұйымының  болуы;  жұмыс 
ерекшелігі (бір нмесе екі ауысым, сыныптардың комплектілігі). 
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру моделін әзірлеу кезінде 
келесі ұстанымдарға жүгіну керек: 
Оқушылардың және олардың ата-аналарының қажеттіліктерін 
есепке  алу  ұстанымы.  Бұл  үшін  ата-аналар  мен  оқушылардың 

20 
 
қажеттіліктерін  анықтау,  сұраныстың  мектептің  кадрлық  ресурсымен, 
даму бағдарламасының ерекшеліктерімен сәйкестендіру керек. 
Негізгі  мектепте  жалғасатын  қызметтің  кем  дегенде  бір 
бағытын  таңдауға  негізделетін  сабақтастық  ұстанымы.  Мысалы: 
жобалық  қызмет.  «Мен  –  зерттеушімін»  үйірмесі  бастауыш  мектептің 
төрт жылы бойында жұмыс істей алады, өзінің зерттеу спецификасына 
ие,  және  негізгі  мектептегі  клуб  немесе  ғылыми  қоғам  түрінде  заңды 
жалғасады.  
Сабақтан  тыс  қызмет  бағыттарының  әртүрлілігі  ұстанымы, 
ол сабақтан тыс қызметтің бағыттарын іске асыруды көздейді:  
Мектептің  әлеуметтік-мәдени  ерекшеліктерін,  білім  беру 
ұйымының  даму  бағдарламасын  есепке  алу  ұстанымы.  Мысалы,  егер 
мектеп  экологиялық  білім  беру  және  тәрбие  беру  мәселесі  бойынша 
жұмыс істесе, аталмыш бағыт бастауыш мектептен бастап сабақтан тыс 
қызмет сабақтарында көрініс табуы тиіс. 
Сабақтан  тыс  қызметтерді  ұйымдастыруға  арналған  өңірлік 
әзірлемелерді есепке алу ұстанымы. Бірінші сыныпта «Оқы, оқы» атты 
үйірмені  ұйымдастыру,  оның  бағдарламасы  тек  сабақтарда,  пәндік 
материалда  ғана  емес,  сондай-ақ  түрлі  ойындық  және  танымдық 
сценарийлерде де әмбебап оқу қызметтерін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарымен өзара 
қызмет  ұстанымы.  Сабақтан  тыс  сабақтардың  бөлігі  қосымша  білім 
беру  ұйымының,  кітапхананың  аумағында  іске  асырылуы  мүмкін. 
Үйірме  жетекшісі  болып  қосымша  білім  беру  жүйесінің  немесе 
мәдениет және спорт мекемесінің маманы істей алады.  
Сабақтан 
тыс 
қызметті 
ұйымдастыру 
ормаларының 
әртүрлілігі 
ұстанымы. 
Мектептің 
сабақтан 
тыс 
қызмет 
бағдарламасында  үйірмелер,  студиялар,  клубтар,  шеберханалар, 
секциялар, қоғамдар және т.б. болулары тиіс. 
Сабақтан  тыс  қызметті  ұйымдастыру  кезінде  оқу  жылының 
оқу  және  каникулдық  кезеңдерін  оңтайлы  пайдалану  ұстанымы. 
Сабақтан тыс қызмет бағдарламасының бір бөлігі каникул уақытында, 
демалыс  күндері  іске  асырылуы  мүмкін.  Белгілі  бір  сабақтардың 
өткізілу 
уақыты 
туралы 
ақпарат 
 
үйірменің, 
студияның 
бағдарламасында болуы тиіс.   
Білім беру үрдісінде қолданылатын оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) 
мүмкіндіктерін есепке алу ұстанымы. 
Сабақтан  тыс  қызметке  іс-әрекет  мазмұнының  қатаң  реттелуі 
және  бағдарламаларды,  алгоритмдерді,  жоспарларды  құрастыру 
кезіндегі таза басқарушылық амал-тәсіл тән емес. Сабақтан тыс қызмет 
баланы  тәрбиелеудің  жеке  сипатын  көздейді,  бұл  ретте  тәрбие  оқушы 
таңдап алған қызмет пәніне деген қызығушылыққа негізделеді. 

21 
 
Сабақтан тыс қызметті  ұйымдастыру кезеңдері:  
1. 
Жобалық, 
ол 
балалардың 
қызығушылықтарына, 
қажеттіліктеріне 
диагностикадан, 
олардың 
ата-аналарының 
сұраныстарынан  және  оның  нәтижелері  негізінде  ресурстық 
қамтамасыз  етудің  мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып,  мектептегі 
сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру жүйесін жобалаудан тұрады. 
2.  Ұйымдастырушылық-қызметтік,  оның  аясында  сабақтан  тыс 
қызметтің  әзірленген  моделінің  оның  ресурстық  қамтамасыз  етілуі 
арқылы құрылуы және жұмыс істеуі жүреді.  
3. Сараптамалық кезең, оның барысында сабақтан тыс қызметтің 
іске асырылушы моделіне талдау жүргізіледі  
Сабақтан  тыс  қызметті  іске  асыру  үшін  жағдайлар  жасау. 
Сабақтан  тыс  іс-  қызметті  табысты  іске  асыру  үшін  мына  бағыттар 
бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу қажет:  
Ұйымдастырушылық  қамтамасыз  ету  ресурстық  орталықтарды 
құрудан тұруы мүмкін. Алғашқы құрамдас ретінде мына «ресурстық» 
модель  бола  алады:  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымы  бірнеше 
жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқушыларына  арнап  білім  беру 
үрдісін  іске  асыру  үшін  өзінде  бар  материалдық-техникалық  базаны 
қолданады,  ол  мектептер  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымына 
«топтасады».  
Вариативті  модельдің  екінші  құрамдас  бөлігі  де  өзара  қызметті 
ұйымдастыруға деген дәстүрлі амал-тәсіл болып табылады, яғни жалпы 
білім  беру  ұйымының  оқушылары  қызығушылықтары  бойынша 
аталмыш  жалпы  білім  беретін  ұйымның  базасында  жұмыс  істейтін 
балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  үйірмелеріне, 
секцияларына, клубтарына және т.б. барады. 
Оқушылар  санының  көп  жағдайында  аталмыш  модельдің  ары 
қарай  дамуы мектеп базасында БҚББҰ тиісті филиалының ашылуына 
әкеледі.  
Өзара қызметтің вариативті моделінің үшінші құрамдас бөлігі – 
бұл  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымының  базасындағы 
тағылымдамалық  алаң  қолданылатын  модель.  Бұл  жағдайда  БҚББҰ  – 
бұл  жалпы  білім  беру  жүйесі  педагогтерінің  біліктілігін  арттыруға 
арналған  белгілі  бір  ұйымдастырушылық-әдістемелік  орталық  және 
базалық ұйым. 
Балаларға  жалпы  және  қосымша  білім  беретін  ұйымдардың 
барлық  өзара  іс-  қызметі  жағдайларында  ортақ  бағдарламалық-
әдістемелік  кеңістік  құрылуы  тиіс.  Мұндай  өзара  қызмет  аясында  іске 
асырылатын  сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламаларының  мақсатты 
бағдарлары нақты жалпы білім беретін ұйымның жалпы орта білім беру 
бағдарламасын  игерудің  жоспарланып  отырған  нәтиежелерін  көздеуі 
тиіс.  

22 
 
Сабақтан тыс қызметті іске асыруды нормативті қамтамасыз 
ету  мектептің  басқа  ұйымдармен  өзара  қызметін,  оның  құрылымдық 
бөлімшелерінің,  сондай-ақ  білім  беру  үрдісі  қатысушыларының 
қызметін ұйымдастыруға арналған тиісті құқықтық өріс құруы қажет.  
Білім  беру  ұйымдарының  әзірленуші  немесе  үйлестіруші 
локальдық  актілері  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 
саласындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келуі тиіс.   
Қаржылық-экономикалық 
шарттар. 
Жалпы 
білім 
беру 
ұйымдарында  және  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарында 
жергілікті  бюджеттерден  қаржы  бөлу  арқылы  тегін  жалпы  орта  білім 
беруді қамтамасыз ету ЖАО құзіретіне жатқызылған.   
Заңнамаға  сәйкес  білім  беру  ұйымдары  тиісті  білім  беру 
бағдарламаларымен  және  МЖБС-пен  қарастырылмаған  ақылы 
қосымша  білім  беру  қызметтерін  көрсетуге  (қосымша  білім  беру 
бағдарламалары  бойынша  оқыту,  арнайы  курстарды  және  пәндер 
циклін  оқыту,  репетиторлық,  оқушыларға  пәндерді  тереңдетіп  үйрету 
сабақтары және басқа қызметтер) құқылы.  
Алайда  бұл  ақылы  білім  беру  қызметтері  бюджет  қаржысы 
есебінен  қаржыландырылатын  білім  беру  қызметімен  бірге  көрсетіле 
алмайды.  
Сондықтан,  егер  қосымша  білім  беру  қызметтері  жоғарыда 
көрсетілген  жағдайлар  сақталған  кезде  сұранысқа  ие  болса,  және  бұл 
сабақтан  тыс  қызметтің  қолда  бар  бағыттарын  кеңейтсе,  сондай-ақ 
тиісті  құрал-жабдықтарға,  орынжайларға  және  т.б.  ақы  төлеумен 
байланысты  болса  (мысалы,  жүзу  секциясы,  мәнерлеп  сырғанау 
секциясы, атқа мініп жүру секциясы үшін және т.б.), онда олар сабақтан 
тыс  қызметті  ұйымдастыруға  арналған  қосымша  ресурс  ретінде 
қолданыла алады.  
Сабақтан  тыс  қызметті  іске  асыруды  ақпараттық  қамтамасыз 
етуге мыналар енгізілуі мүмкін:  
білім  беру  ұйымдары  педагогтері,  оқушылар  және  ата-аналар 
қауымдастығы арасында кәсіби-қоғамдық пікір мониторингін жүргізу; 
білім  беру  ұйымдарының  ата-аналар  қауымдастығымен, 
әлеуметтік  серіктестермен,  басқа  білім  беру  ұйымдарымен,  білім  беру 
саласында  басқаруды  іске  асыратын  органдармен  өзара  қызметін 
ұйымдастыруға 
арналған 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар;  
түрлі  мәліметтер  базасын  (нормативтік  құқытық,  әдістемелік 
және т.б.) құру және жүргізу;  
сабақтан тыс қызметті іске асыруды жоспарлау, уәждеу, бақылау 
үрдістерін 
қамтамасыз 
ететін 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар.  

23 
 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
аумақтық 
қашықтыққа қарамастан білім беру үрдісінің барлық субъектілеріне тек 
өңірлік  немесе  республикалық  қана  емес,  сондай-ақ  халықаралық 
конкурстарға  қатысуға  мүмкіндік  береді,  осылайша  олардың 
шығармашылық  өзін-өзі  іске  асыруларына,  оның  ішінде  сабақтан  тыс 
қызметтегі өзін-өзі іске асыруларына арналған кеңістікті кеңейтеді.  
Сабақтан тыс қызметті іске асыру өзінің міндеттеріне қарай білім 
беру  үрдісін  ұйымдастыруға,  оған  қатысушылар  қызметінің 
нәтижелерін бағалауға, білім беру мазмұнын іріктеуге басқа (сабақтық 
формадағы оқу үрдісіне қарағанда) амал-тәсілдерді талап етеді. 
Осы  ретте  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлерінде  ғылыми-
әдістемелік сүйемелдеуге маңызды рөл беріледі, өйткені сабақтын тыс 
қызметтің  ортақ  бағдарламалық-әдістемелік  кеңістігін  құруды 
қарастырады.  
Білім  беру  ұйымдары  үшін  бұл  ашық  ғылыми-әдістемелік 
кеңістікке  интеграциялану,  педагогтердің  кәсіби  құзіреттіліктерін 
арттыруға деген амал-тәсілдерді жаңарту дегенді білдіреді. 
Сабақтын  тыс  қызметтерді  іске  асыруға  арналған  кадрлық 
шарттар:  
білім  беру  ұйымының  қажетті  педагогикалық,  басқарушы  және 
өзге еңбеккерлермен қамтылуы
білім  беру  ұйымының  педагогикалық  және  өзге  еңбеккерлерінің 
тиісті біліктіліктерінің болуы; 
білім  беру  ұйымы  педагогикалық  еңбек  ерлері  кәсіби  дамуының 
үздіксіздігі.  
Оқушылардың  сабақтан  тыс  қызметін  ұйымдастыру  кезінде  егер 
жалпы  білім  беретін  білім  беру  ұйымында  қажетті  материалдық-
техникалық  база  жоқ  болса,  балаларға  қосымша  білім  беру,  мәдениет 
және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдану керек.  
Каникул  кезеңінде  сабақтан  тыс  қызметті  жалғастыру  үшін 
балалардың  демалыс  және  оларды  сауықтыру  ұйымдарының,  жалпы 
білім  беретін  ұйымдардың  және  балаларға  қосымша  білім  беру 
ұйымдарының  базасында  құрылатын  тақырыптық  лагерьлік  және 
бейінді ауысымдардың, жазғы мектептердің мүмкіндіктері қолданылуы 
мүмкін.  
Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, ол жалпы білім 
берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді, мектепте алынған білім 
мен  дағдылардың  тәжірибеде  қолданылуына  септеседі,  оқушылардың 
танымдық уәждемелерін ынтыландырады. Ал бастысы – қосымша білім 
беру  жағдайларында  балалар  өздерінің  шығармашылық  әлеуеттерін, 
қазіргі  заманғы  қоғамға  бейімделу  дағдыларын  дамытады  және  бос 
уақыттарын толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін лады. 

24 
 
Қосымша  білім  беру  –  оқушылардың  білім  беру  қажеттіліктерін 
жан-жақты  қанағаттандыру  мақсатында  іске  асырылатын  тәрбие  беру 
және оқыту үрдісі (ҚР-ның «Білім туралы» заңы). 
Балаларға  қосымша  білім  беру  –  түрлі  өмірлік  жағдаяттардан 
(оның ішінде белгісіздік жағдайларынан) шығудың басқа, дәстүрлі емес 
жолдарын  апробациялайтын,  тұлғаға  өз  тағдырын  таңдаудың  көптеген 
мүмкіндігін беретін, тұлғалық өзін-өзі дамыту үрдісін ынталандыратын 
ізденістік  білім  беру.  Қосымша  білім  беру  өзінің  әлеуетін  толық 
көлемде  іске  асыруы  үшін  барлық  педагогикалық  жүйенің  нақты  әрі 
үйлесімді жұмысы қажет.    
Мектептегі қосымша білім берудің өзгшелігі мынадан байқалды: 
баланың  мақсатты  өз  еркімен  сабақтан  бос  уақытын  өзінің 
әлеуетті мүмкіндіктерін толыққанды дамыту үшін пайдалануы; 
қызмет  бағытын,  педагогті,  білім  беру  бағдарламасын  таңдау 
еркіндігі; 
қызмет түрлерін, ұжымды, педагогті ауыстыру мүмкіндігі; 
қосымша  білім  беру  бағдарламалары  негізінде  іске  асырылатын 
білім беру үрдісінің шығармашылық сипаты; 
бала 
мен 
педагогтің 
ерекше 
өзара 
қарым-қатынасы 
(ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық, балаға жеке амал-тәсілдер 
қолдану); 
кәсібиге дейінгі дайындықты алу мүмкіндігі.  
Балаларға  қосымша  білім  беру  тұлғаны  оқытудан,  тәрбиелеуден 
және  шығармашылық  дамытудан  басқа  бірқатар  басқа  әлеуметтік 
маңызды  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  береді,  мысалы  мынадай: 
балаларды  жұмыспен  қамту,  олардың  өзін-өзі  іске  асыруы  мен 
әлеуметтік  бейімделуі,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру, 
панасыздықтың, 
құқықбұзушылықтардың 
және 
балалар 
мен 
жасөспірімдер  арасындағы  басқа  әлеуметтік  емес  құбылыстардың 
алдын алу.  
Балаларға  қосымша  білім  берудің  негізінде  таңдау  бойынша 
сапалы  білім  берумен  қамту  мәселелері,  балалар  мен  отбасының 
әлеуметтік-экономикалық  проблемалары,  тұтас  қоғамды  сауықтыру 
проблемалары шешіледі. 
Қосымша  білім  беру  балаға  өзінің  жеке  білім  беру  жолын 
таңдаудың,  оқу  үлгерімі  деңгейіне  қарамай  өз  қабілеттеріне  сәйкес 
табысқа  жету  мүмкіндіктерін  алудың  нақты  мүмкіндігін  береді. 
Қосымша  білім  беруде  бала  сабақтың  мазмұнын,  формасын  өзі 
таңдайды,  сәтсіздіктерден  қорықпайды.  Осының  бәрі  табысқа  жету 
үшін  жағымды  психологиялқ  жағдау  туғызады,  бұл  өз  кезегінде  оқу 
қызметіне оң ықпал теді.  
Қосымша  білім  беру  міндеттерін  іске  асыра  отырып  мектеп  бір 
жағынан – білім беру стандартын игеру қажеттілігі мен екінші жағынан 

25 
 
–  тұлғаның  еркін  дамуы  үшін  жағдау  жасау  арасында  орын  алатын 
қарама-қайшылықты шешеді, бұл блім беруді жаңартудың аса маңызды 
ұстанымы ретінде жарияланған білім беруді ізгілендірудің негізі болып 
табылады.  Гуманистік  педагогика  баланы  тұлға  және  индивид  ретінде 
қабылдауға,  оның  өзін-өзі  іске  асыруға  және  өзін-өзі  анықтауға  деген 
құқығын  қорғауға  бағытталуымен  ерекшеленеді.  Нақ  осы  қосымша 
білім  беру  аталмыш  критерийлерге  барынша  толық  сәйкес  келетін 
болып  шықты.  Ол  өзінің  мәні жөнінен  пәндік  бағытта  қалып  отырған, 
мектеп стандартын игеруге бағытталған базалық білім беруге қарағанда 
тұлғаға бағытталған болып табылады. 
Тек  мектеп  қабырғаларында  білім  берудің  қос  түрінің 
органикалық үйлесім табуы жеке баланы да, сондай-ақ бүкіл білім беру 
ұйымын  да  дамытуға  көмектесе  алады.  Мұны  ұғыну  –  мектеп 
педагогтерінің қосымша білім беруді негізгі білім берумен бір қатарда 
қабылдаулары жолындағы психологиялық кедергіні еңсерудің негізі.  
Қосымша  білім  беру  қызметінің  негізгі  мақсаты  балаларға  өз 
ойларын  білдіруге,  өздігінен  дамуға  және  өзін-өзі  анықтауға  жағдай 
жасау.  Бұл  мақсатты  іске  асыру  үшін  білім  алушыны  объект  ретінде 
қарастырмай,  белсенділік,  дербестік,  коммуникативтілік  сияқты  жеке 
қасиеттерді  дамытуда  мүмкін  болып  табылатын  оқытудың  субъектісі 
ретінде қарастыру қажет. 
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде білім беру үдерісі нақты 
өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:  
негізгі  оқу  уақытынан  бос  уақытта  балалармен  іске  асырылады, 
бағыт  және  қызмет  түрлерін  таңдау,  жыл  бойы  қызмет  сферасын 
ауыстыру мүмкіндігі болуымен ерекшеленеді; 
еркіндікпен,  бастамалармен  және  барлық  қатысушылардың 
белсенділігімен  (балалардың,  ата-аналардың,  педагогтердің),  қатаң 
реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады; 
білім  алушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға 
бағытталған  танымдық  қызығушылықтарын  дамытады  және  білім 
алушыларға  сабақтардың  түрлі  бағыттары  мен  түрлерін  үйлестіру 
құқығын береді; 
оның  барлық  қатысушыларына  формалдық  емес  жайлылық 
сипатта болады. 
Тек  білім  беру  үдерісіне  ғана  сенім  артуға  болмайтыны  туралы 
айтатын  уақыт  туындады,  қосымша  білім  беруді  екінші  кезекте 
қабылдау  стереотипін  артта  қалдыру  қажет  және  оның  оқытудың, 
тәрбиелеудің,  баланы  дамытудың  ортақ  үдерісіне  біріктіре  алатын 
объективті мүмкіндігін түсіну қажет.  
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  балаларға  қосымша  білім 
берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды: 
1. Қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты 

26 
 
таңдауға,  оқушылардың  бос  уақыттарын  толық  қамтамасыз  етуге, 
көптеген пәндерді терең оқуға мүмкіндік береді.  
2.  Мектепте  қосымша  білім  беру  аясында  оқушылармен  жұмыс 
жасау  маңызды  тәрбиелік  міндеттерді  атқарады:  оқушылардың  бос 
уақытын  мақсатқа  сәйкес  ұйымдастырады,  шығармашылық  тұлғаны 
қалыптастырады,  әлеуметтік,  мәдени  және  кәсіби  өзін-өзі  анықтауға 
жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті алдын алады.  
4.  Биология,  физика,  тарих,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  және  басқа 
пәндер  бойынша  пәндік  кеңес  беру  осы  пәндерден  оқушыларға 
жобалық  және  зерттеушілік  қызметтердің  негіздерін  оқуға  мүмкіндік 
береді. 
5.  Қосымша  білім  беру  жүйесі  педагог  кадрлардың 
шығармашылық  әлеуеттерін  жоғарылатуға,  педагогикалық  үздік 
тәжірибені анықтауға және таратуға  мүмкіндік береді.  
6.  Инновациялық  педагогикалық  идеяларды,  білім  берудің 
модельдері мен технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды. 
Сөйтіп, қосымша білім беру балалардың рухани, зияткерлік, дене 
даму  тұрғысында,  шығармашылық  және  білім  алу  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  үшін  қосымша  мүмкіндіктермен  қамтамасыз  етуге 
міндетті. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр 
балаға  білім  беру  салаларын,  қосымша  бағдарламаның  бейінін  және 
оны  меңгеруге  кететін  уақытын  еркін  таңдауға  мүмкіндік  жасау.  Бұл 
мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім беру үдерісінің 
тұлғаға  бағытталу  сипаттамасын,  оның  тұлғасын  тануға  және 
шығармашылыққа 
деген 
уәждемесін 
дамытуға 
бағытталуына, 
балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік 
береді.  
Заманауи 
мектепте 
балаларға 
қосымша 
білім 
беруді 
ұйымдастырудың жолдары 
Балаларға қосымша білім беруді дамытуды зерделеу қазіргі кезде 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  оны  ұйымдастырудың  негізгі  төрт 
моделі бар екендігін көрсетеді. Қосымша білім берудің бағдарламалары 
бойынша жұмыс жасайтын балаларды сабақтан тыс жұмыстар жүйесіне 
тарту нақты әрбір мектеп қарастыратын қосымша білім берудің қандай 
деңгейді көздеулеріне сәйкес, өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін және 
әртүрлі тәрбиелік қорытындыларға жетуі мүмкін.  
Олар мынадай болуы мүмкін:  
1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар  
кадрлық және материалдық жағдайларға толығымен тәуелді үйірмелер, 
секциялар, клубтарды кездейсоқ ашу; 
2)  балалар  шығармашылық  ұжымдарының  және  бірлестіктерінің 
жұмыстарын  ішкі  шоғырландыру,  олардың  қызметтерінің  әртүрлі 
бағыттарға бағытталуы; 

27 
 
3)  балаларға  қосымша  білім  беруді  дамытуды  мектептің  жеке 
бөлімшесі ретінде қарау
4)  негізгі  және  балаларға  қосымша  білім  беруді  кіріктіру, 
мектептің негізгі құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық 
бірлестігі. 
Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген барлық 
ұйымдастырушылық  модельдерді  қолдануға  болады.  Қазіргі  кезде 
мектептерде  қосымша  білім  беруді  ұйымдастырудың  бірінші  екі 
деңгейіне  артықшылық  береді.  Кіріктіру  үдерісін  іске  асыру 
жағдайында үшінші және төртінші деңгейлер өздерінің жеке тәрбиелік 
жүйесін құруға бағытталған мектептерге тән. 
Әр  модель,  кім  оларды  жобалап  және  алдыңғы  уақытта 
тәжірибеде  іске  асыратын  болса,  барлығы  үшін  нақты  бір 
құндылықтармен  қамтамасыз  етеді.  Мектепте  қосымша  білім  беруді 
ұйымдастырудың  бірінші  деңгейі  негізіндегі  модельдердің  нақты  бір 
мән-мағынасы бар, өйткені, балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді 
және  олардың  сабақтан  тыс  жұмыстарының  спектрларын  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Екінші  деңгейдегі  модельдер  балаларды,  сонымен 
қатар  балалар  мен  ересектерді  біріктіретін  (қауымдастықтар, 
шығармашылық  зертханалар,  экспедициялар,  шеберханалар  және  тағы 
басқалар) өздерінің өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.  
Ұйымдастырушылық  әрекеттестіктің  үшінші  және  төртінші 
деңгейлерінде  құрылған  модельдер  балалардың  қосымша  білім  беруге 
әртүрлі  сұраныстарын  қанағаттандыруды  қамтамасыз  етуге  және 
сонымен бірге бұданда маңызды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік 
береді.  Мұндай  жетістіктерге  жету  тәрбиелік  бағдарламалардың 
мазмұнын  бірлесе  әзірлеу  арқылы  барлық  субъектілер  жұмыстарының 
бірлігі  есебінен  мүмкін  болады.  Бірінші  жағдайда,  ортақ  бағдарлама 
негізінде  жұмыс  жасайтын,  тәрбиелік  қызметтің  жалпы  мектептік 
компоненті  ретінде  қарастырылатын,  барлық  қосымша  білім  беру 
педагогтері  қызметтерінің  бірлігі  есебінен  іске  асырылады.  Екінші 
жағдайда  –  мазмұн  деңгейінде,  сондай-ақ  технологиясы  деңгейінде 
негізгі  жалпы  білім  беру  бағдарламаларын  қосымша  білім  берумен 
кіріктіру есебінен іске асырылады.  
Ішкі, 
сондай-ақ 
сыртқы 
механизмдерді 
қолданатын 
ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерін 
іске  асырумен  құрастырылған  модельдер,  басымдық  ретінде 
қарастырылады, себебі олар мектептегі білімнің барлық деңгейлерінде 
жаңа  стандарттармен  қарастырылған  тәрбиелік  жүйе  құруға 
бағытталған.   
Мектептегі  қосымша  білім  беру  міндетті  түрде  қосымша  білім 
берудің оқу бағдарламаларын басшылыққа алатын, қызығушылықтары 
бойынша  құрылған  балалардың  түрлі  шығармашылық  бірлестіктерінің 

28 
 
жетекшілері іске асырылады. 
Мектептегі  қосымша  білімнің  бағыттары:  көркем-эстетикалық, 
әлеуметтік-педагогикалық, туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, 
спорттық-сауықтыру және тағы басқа. 
Сабақтан  тыс  жұмыстар  мен  қосымша  білім  берудің  маңызды 
байланыстырушы  буын  пәндік  үйірмелер  болып  табылады:  бұл 
міндетті  оқу  материалымен  байланыс;  білімге,  біліктілікке,  дағдыға 
және жеке дамуға бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; 
білім беру материалының көлемін және оны меңгеруге кететін уақытты 
таңдау мүмкіндігін береді. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс 
жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша білім берудің бөлімі. 
Білім  беру  үдерісінің  баланың  дамуына,  оның  шығармашылық 
мүмкіндіктерін, қабілеттерін  ашуға  бағытталғандығы  маңызды.  Мұнда 
білім  беру  үдерісінің  нысандалған  сипаты  аз,  сондықтан  ол  бала 
дамуының табиғи негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің 
белсенді  субъектісі  болып  табылады,  білім  алу  міндеттерін  белсенді 
шешеді: бақыланатын көріністердің мәнін және себептерін түсіндіреді, 
қызметті  орындау  түрлерін  анықтайды,  бақылау  объектілерінің 
арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді. 
Егер  мектепте  оқытуды  жекелендіру  ережесіне  сәйкес  бастама 
мұғалім тарапынан болатын болса, ал  балаларға қосымша білім беруде, 
өзіне қызықты қызмет түрін анықтау, ең алдымен, баланың тарапынан 
болады.  Педагогтің  позициясы  өзгереді:  ол  тек  қана  білім 
тасымалдаушысы  ретінде  қарастырылмай,  сонымен  қатар  оқушының 
тұлғалық 
қалыптасуына 
көмекші 
ретінде 
қарастырылады: 
ынтымақтастықтың,  формалдық  емес  қарым-қатынастың    идеясы 
бекітіледі.  Қосымша  білім  берудің  педагогі  кеңес  берушінің  қызметін 
орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы 
жерде оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады. 
Баланы  дамыту  мақсатына  жету  үшін  білім  беру  үдерісінде 
ұйымдастырудың  жеке  және  ұжымдық  түрлерін,  оқытудың 
проблемалық  түрлерін  (жұптық  әрекеттестік,  шағын  топтар,  топтар 
арасындағы әрекеттестік) қолдану қажет. Оларды қолдану білім алушы 
мен  педагог  ұстанымдарын  ауыстырады,  олардың  әрекеттестіктерінің 
субъект-субъектілік  сипаттамаларын  іске  асыруға  көмектеседі,  қарым-
қатынас  жасаудың  демократиялық  стилін  және  педагог  қызметінің 
ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді. 
Оқытудың жекелендіру мен дифференциациялау проблемаларын, 
өзін-өзі  анықтау  және  тұлғаның  өзін-өзі  іске  асыруды  шешу 
жағдайында балаларға қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі. 
Қосымша  білім  беру  педагогінің  қағидалық  ұстанымы  –  бала 
тәрбиелеу,  бұл  жағдайда  пән  мақсат  емес,  ол  тұлғаның  барлық 
қырларын:  ой-өрісін,  тәжірибелік  ақылын,  еңбексүйгіштікті,  дене 

29 
 
дамуын  және  өзін-өзі  жетілдіру,  мінезі  мен  рухын  қалыптастыру, 
дамыту және жетілдіру құралы болып табылады. 
Басқаша айтқанда, қосымша білім беру  – баланың бай ішкі жан-
дүниесіне  еніп,  оны  түсіну  және  мүмкіндіктерін  ұлғайту  болып 
табылады.  
Қосымша  білім  беру  жүйесіне  тиісті  технологияларды  мектептің 
оқу үдерісіндегі сабақтарда қолдануға болады. Олар кешенді сабақтар, 
оқу  жобалары,  дискуссиялық  технологиялар,  ойындар,  пәндік 
технологиялар  болуы  мүмкін.  Олар  әдеттегідей  сабақтың  шегінен 
шығатын  оқытушының  басшылығымен  білім  алушылардың  өзіндік 
жеке  және  топтық  қызметін  қарастырады.  Сонымен  қатар,  мектеп 
сабақтары  оқу  сабақтарының  аясында  материалдың  мазмұнын 
тереңдету  мен  кеңейту  арқылы  және  сабақтан  тыс  қызметтеріндегі 
әртүрлі нысандарда мектеп сабақтарының бөлек элементтерін қолдану 
арқылы  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  үдерісінде 
жалғасын табуы мүмкін. 
Бір  жағынан  негізгі  және  қосымша  білім  беруді  кіріктіруді 
дамыту  мектептің  әртүрлі  мектептен  тыс  қосымша  білім  беру 
ұйымдарымен  әрекеттесу  қызметі  болып  табылады.  Бұл  оқушыларды 
көркемөнер,  спорт,  туристік-өлкетану  және  басқа  қызметтерге 
тартудың  өте  жақсы  мүмкіндігі.  Әрекеттесу  қызметі  жұмыс  жоспарын 
үйлестіруге,  мектеп  және  қосымша  білім  беру  ұйымдарының 
мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.   
Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері 
Егер  мектепте  бұрын  қосымша  білім  беру  блогы  болмаған 
жағдайда,  әкімшілік  кезең-кезеңімен  келесі  талдамалық  және 
ұйымдастырушылық                         қызметтерді жасауы керек.     
1-кезең – талдамалық.  
Осы кезеңдегі дайындық жұмыс келесіні қамтиды: 
•  мектептің  мақсаты  мен  міндеттеріне  мұқият  талдау  жасау. 
Балаларға қосымша білім берудің бағыттарын педагогикалық ұжымның 
мақсатына,  бағытына,  міндеттеріне,  жоғары  сыныптардағы  бар  немесе 
жоспарлаған  бейінінің  сипатына  байланысты  тандаған  мақсатты 
болады; 
•  қосымша  білім  беру  қызметтеріне  балалардың  және  ата-
аналардың 
сұранысын 
анықтау. 
Олардың 
қажеттіліктерін 
сауалнамалар,  ауызша  сұрау,  ата-аналар  жиналыстарында  ұжымдық 
талқылау арқылы анықтау;  
• мектептегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс 
істейтін  үйірмелерді,  секцияларды  анықтап,  оларды  балалардың  және 
ата-аналардың сұраныстарымен салыстыру; 
•  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдары  ұсынатын  қосымша 
білім  беру  қызметтерін  зерттеп,  олармен  біріккен  жұмыстардың 

30 
 
түрлерін ойластыру; 
•  мұғалімдердің,  ата-аналардың,  жоғары  сынып  оқушыларының 
шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;  
• мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру; 
•  ғылыми  және  оқу-тәрбие  жұмыстары  бойынша  директор 
орынбасарларының,  қосымша  білім  беру  педагогтерінің,  сынып 
жетекшісінің, ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша 
білім беру әдіскерінің лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;     
•  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдары  бойынша  негізгі 
құжаттарды  (заңдар,  қаулы,  бұйрықтар,  нұсқаулар,  өкімдер),  сонымен 
қатар  республикалық  және  өңірлік  деңгейдегі  бағдарламалық 
құжаттарды оқып білу;    
Алдын  ала  жасалған  талдау  қосымша  білім  беру  қызметтеріне 
әлеуметтік  тапсырыстар  мен  мектептің  нақты  мүмкіндіктері  туралы 
түсінік береді.  
2-кезең – жобалау.  
Осы  кезеңнің  негізгі  міндеті  –  мектепте  қосымша  білім  берудің 
жалпы  сызбасын  дайындау.  Оны  дайындау  үшін  келесі  сұрақтарға 
жауап беру керек:   
• мектепке қосымша білім берудің қандай бағыттары қажет және 
қандай шамада  мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;     
•  осылардың  қандай  бағыттарын  және  қандай  формада    мектеп 
базасында,  қандайын  балаларға  мектептен  тыс  қосымша  білім  беру 
ұйымдарының базасында іске асыру қажет;  
•  қайсысын  педагогтердің,  шақырылған  мамандардың,  ата-
аналардың,  жоғары  сынып  оқушыларының  көмектері  арқылы  іске 
асыруға болады; 
•  балаларға  қосымша  білім  беру  саласында  мектептің  негізгі 
материалдық-техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;   
• не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады; 
• бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды қосымша білім беру 
бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;  
• білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру 
арқылы  қандай  кәсіби  деңгейге  дейінгі  немесе  кәсіптік  бейімделу 
жұмыстарын ұйымдастыруға болады. 
Осы  сұрақтарға  жауап  бергеннен  кейін,  мектептегі  сабақ  кестесі 
мен тәрбие жұмыстарының жоспарын байланыстырып, қосымша білім 
беру блогының жұмыс кестесін құру.   
3-кезең  –  мектепті  қосымша  білім  берудің  ұйымдастырушылық 
және бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету. 
Жобалау  кестесі  іске  аспай  тұрып  үйірмелердің,  студиялардың, 
секциялардың,  клубтардың  жұмыстары  ұйымдастырушылық  және 
бағдарламалық-әдістемелік  қолдау  алу  керек.  Біріншіден,  ол  үшін 

31 
 
мектеп  жарғысына  қосымша  білім  беру  блогын  ұйымдастыру  жөнінде 
бап енгізу керек. 
Бұл  бап  әр  мектепте  іске  асырылатын  қосымша  білімнің  білім 
беру  бағдарламаларының  мазмұны  мен  түрі  анықталғыш  бағыты  бар  
аса  маңызды  жеке  сипаты  болады.  Сонымен  қатар,  тұжырымында 
бірнеше міндетті жағдайларды айқындау қажет:   
•  білім  беру  ұйымдары  қандай  мақсатпен  қосымша  білім  беру 
бағдарламаларын  (тұлғаның  жан-жақты  дамуы,  өздігінен  білім  алуда 
балалардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  оқытуда  бейіндікті 
қамтамасыз ету және т.б.); 
•  мектептерде  балаларға  қосымша  білім  беру  қандай  бағыттарда 
жүзеге асырылады; 
• 
оның 
мазмұны 
қандай 
бағдарламалардың 
(үлгілік, 
модификацияланған, авторлық) түрлерімен анықталады
•  балалар  бірлестіктерде  (үйірмелер,  клубтар,  студиялар, 
секциялар  т.с.с.)  қосымша  білім  беру  аясында  білім  беру  үдерістері 
қандай нысанда іске асырылады; 
• қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады; 
•  педагогикалық  қызметтерге  осы  бағдарламаларды  іске  асыру 
үшін кім жіберіледі;  
• мектепте балаларға қосымша білім беру қандай негізде (ақылы, 
тегін, аралас) іске асырылады?   
Бапты  тұжырымдау  неғұрлым  кәсіби  тұрғыда  болуы  үшін,  оны 
дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.  
Екіншіден, мектепте қосымша білім берудің блогы туралы Ереже  
дайындау. 
Үшіншіден,  мектеп  бір  немесе  бірнеше  арнайы  ұйымдармен  – 
балалар  шығармашылық    орталығымен  (үйлерімен),  балалар  спорт 
мектептерімен,  мұражайлармен,  кітапханалармен  тағы  с.с.  әрекеттесу 
туралы шарт жасау; 
Төртіншіден,  қосымша  білім  беру  блогында  жұмыс  істейтін 
барлық педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау. 
Сонымен  қатар,  лауазымдық  нұсқаулар  олардың  мақсаттарын, 
қызметтерін,  құқықтарын,  міндеттерін,  жауапкершіліктерін  белгілейді 
және келесі жағдайларда қажет: 
•  мектептегі  қызметкердің  мәртебесі  мен  жұмысының  көлемін 
анықтау қажет;   
•  оның  кәсіби  міндеттерін  көрсеткенде,  белгісіздікті  жою  және 
қызметтердің шеңберіне шек қою. 
Білім беру үдерісін ұйымдастыру 
Қосымша  білім  беру  блогының  жұмысы  жылдық  және 
жоспарлардың  басқа  түрлерімен,  мектеп  директоры  немесе  оның 
қосымша  білім  жөніндегі  орынбасары  бекіткен  қосымша  білім  беру 

32 
 
бағдарламалары және жоспарлары негізінде іске асырылады.     
Қосымша  білім  беру  блогында  оқу  жылы  15  қыркүйекте 
басталады  және  ағымдағы  жылғы  25  мамырда  аяқталады.  Жазғы 
каникул  кезінде  білім  беру  үдерісін  (білім  беру  бағдарламаларында 
қарастырылған жағдайда) жорық, жиындар, плэнерлер, экспедициялар, 
түрлі  бағыттардағы  лагерлерде  және  тағы  с.с.  жалғастыруы  мүмкін. 
Осы кезеңде білім алушылардың құрамы өзгермелі болуы мүмкін. Көп 
күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін көбейтуге 
рұқсат етіледі.     
Балаларға  қосымша  білім  беру  бірлестіктеріндегі  сабақ  кестесі 
балалардың  және  жасөспірімдердің  міндетті  оқу  жұмыстарына 
қосымша жүктеме болып табылатынын ескере отырып құрастырылады.   
Осыған  байланысты,  әрбір  баланы  бірлестікке  қабылдағанда, 
денсаулығының  жағдайы  туралы  анықтаманы  және  таңдаған  бейіні 
бойынша қосымша білім беру топтарында оқуға мүмкіндіктері туралы 
дәрігерден қорытындысын  көрсетуі қажет.    
Сабақ  кестесі  оқу  жылының  басында  білім  алушылардың  ең 
қолайлы  еңбек  және  демалыс  тәртіптерін  ескере  отырып,  педагог 
қызметкерлердің  ұсынысы  бойынша  әкімшілік  құрастырады.  Сабақ 
кестесін  мектеп  директоры  бекітеді.  Сабақтарды  ауыстыру  немесе 
сабақ  кестесін  өзгерту  қосымша  білім  беру  блогы  бойынша  әкімшілік 
келісімі  бойынша  жасалады  және  құжатпен  ресімделеді.  Мектептегі 
каникул кезіңде сабақтар арнайы кесте бойынша өткізіледі. 
Балалар бірлестігінің тізімдік құрамы: 
- бірінші оқу жылы - 12-15 адам; 
- екінші оқу жылы- 10-12 адам; 
-  үшінші және оқытудың кейінгі жылдары - 8-10 адам; 
Оқу-зерттеу  қызметіндегі  балалардың  тізімдік  құрамы  8  адам 
(мұндай  топтарда  білім  алушылардың  саны,  оқу  топтарына  қарағанда 
аздау,  4-8  адам;  сабақтар    2-4  адамнан  тұратын  топтарда  өткізілуі 
мүмкін.   
Қосымша  білім  беру  блогында  қалалық,  республикалық  және 
халықаралық  байқауларға  қатысатын  балалармен  жеке  жұмыс  жасау 
қарастырылған (аптасына 2-ден  6 сағатқа дейін). 
Жыл  бойы  сабаққа  қатысуы  төмендеген  жағдайда,  топтарды 
біріктіруге  немесе  таратуға  болады.  Бұл  жағдайда  артылған  қаражат 
балалардың жаңа бірлестіктерін ашуға жұмсалады.  
Аптадағы  сабақтардың  ұзақтығы  мен  саны  қосымша  білім  беру 
педагогінің  білім  бағдарламаларымен,  сондай-ақ  қосымша  білім  беру 
ұйымдарындағы  балалардың  қызметтерінің  тәртібі  мен  талаптарына 
сәйкес   анықталады. 
Сабақтарда  компьютерлік  техникаларды  пайдалану  Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек. 

33 
 
Бағдарламаға  сәйкес  педагогке  білім  беру  қызметіндегі  әртүрлі 
нысандарды: 
аудиториядағы 
сабақтар, 
дәрістер, 
семинарлар, 
жаттықтыру 
сабақтары, 
экскурсиялар, 
концерттер, 
көрмелер, 
экспедициялар  және  т.б.  пайдалануға  болады.  Сабақтар  бүкіл  топпен, 
сондай-ақ 3-5 адамнан тұратын  топтарда немесе жеке өткізуге болады. 
Педагог өз бетінше баға қою жүйесін тандауға, білім алушыларды 
аттестаттауға  құқылы.  Тест,  сауалнама,  сынақ,  сұхбаттасу,  баяндама, 
реферат,  олимпиада,  байқау,  көрме,  конференция,  концерт,  басылым 
және т.б.  
Білім  алушыларды  балалар  бірлестіктеріне  бағдарламада 
қарастырылған  мерзімге  қабылдайды.  Мектеп  жарғысын,  Ішкі  тәртіп 
ережесін  бұзған  жағдайда  білім  алушыларды  бірлестіктен  шығарады. 
Білім  алушы  науқастанған  жағдайда  немесе  шипажайлық-курорттық 
емдеуде болғанда, бірлестікте орны сақталады.  
Оқушылардың 
қызметтері 
бірдей 
жастағы 
және 
қызығушылықтары  бойынша  әртүрлі  бірлестіктерде  (оқу  тобы,  клуб, 
студия,  ансамбль,  театр  және  т.б.)  іске  асырылады.  Бірлестіктің 
жұмысына  тізімдік  құрамына  кірмесе  де,  педагогпен  келісіп,    ата-
аналарға да қатысуға болады. 
Әрбір  білім  алушы  бір  уақытта  болатын  әртүрлі  бағыттағы 
бірлестіктерде  оқуға,  сонымен  қатар  оқытудың  бағытын  өзгертуге 
құқығы бар. 
Балаларға  қосымша  білім  беру  бірлестіктеріндегі  білім  беру 
үдерісінің мазмұны.  
Қосымша  білім  беру  жүйесінде  көркем-эстетикалық,  экология-
биологиялық, 
тарихи-өлкетану, 
әлеуметтік-педагогикалық, 
дене 
шынықтыру  –  сауықтыру  және  т.б.  бағыттардағы  балаларға  қосымша 
білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады. 
Бірлестіктерде  сабақтарды  бір  тақырыптық  немесе  кешенді 
(біріктірілген) бағдарламалар бойынша өткізуге болады.   
Кешенді  білім  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін  2  немесе  одан 
көп  педагогті  тартуға  болады,  оқу  жүктемесі  қосымша  білім  беру 
бағдарламасында көрсетіледі. 
Педагог  бағдарламаның  Түсінік  хатында  көрсетілген  білім  беру 
міндеттерін, 
психологиялық-педагогикалық 
мақсаттылығын, 
санитарлық-гигиеналық нормаларды айқындайтын қосымша білім беру 
бағдарламасының  мазмұны,  оны  іске  асыру,  әдісі  мен  формасы, 
бірлестіктің санын және жас ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.  
Педагог қызметкерлер өздері дайындаған білім бағдарламаларын 
пайдалануға  немесе  мектеп  директоры  бекіткен  балаларға  қосымша 
білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады. 
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде ұйымдастырылған білім 
беру үдерісі келесі талаптарға сәйкес болу керек: 

34 
 
дамытушылық  сипаттың  болуы,  яғни  балалардың  табиғи 
қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған (білім беру 
үдерісінде  білім  алушылардың  білім,  білік,  дағдыларының  деңгейі 
өзіндік  мақсаты,  балалардың  тұлғалық  көп  қырлы  дамуы  мен 
қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);    
формалары  бойынша  әртүрлі  болуы  (топтық  және  жеке, 
теориялық  және  практикалық,  орындаушылық  және  шығармашылық 
сабақтар), сонымен қатар мазмұны бойынша (балалардың жалпы және 
арнайы қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды); 
қосымша  білім  беру  бағдарламаларының  алуан  түрлілігі  — 
жобалық,  модификацияланған,  авторлық  бағдарламаларына  негізделуі; 
олардың  бәрі  білім  алушының  дене  және  психикалық  денсаулығына 
зиян  келтірмеуі  үшін  білім  беру  үдерісіне  енгізбестен  бұрын 
әдістемелік немесе педагогикалық кеңесте қарастырылуы; 
балаларды  оқытудың  дамыту  әдістеріне  негізделуі;  қосымша 
білім  беру  педагогіне  пәндік  салада  сабақ  беретін  білімі  жеткіліксіз: 
балаларға  қосымша  білім  беруден  оқытудың  дамыту  жүйесіне  ауысуы 
әр  оқытушыдан  өз  жұмысында  психологиялық  және  дидактикалық 
принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың 
жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;   
әртүрлі  қызығушылықтары  мен  проблемалары  бар  балаларға 
жүрегіне  жақын  іспен  айналысу  үшін  балалардың  мүдделері  мен 
уәждемелерінің диагностикасын пайдалану.  
Мектеп  оқушыларының  сабақтан  тыс  қызметі  тиімділігінің 
диагностикасы  
Диагностиканың мақсаты – оқушылар айналысатын сабақтан тыс 
қызмет  түрлері  тәрбиелеуіш  болып  табыла  ма  және  қандай  деңгейде 
дегенді  анықтау.  Бұл  сабақтан  тыс  салада  кездесетін  барынша  өткір 
мәселелерді  анықтау  және  шешу  үшін,  тәрбиелеудің  оң  тәжірибесін 
сараптау, жалпылау және тарату үшін жасалады.  
Диагностика  мәні  не  болуы  тиіс,  тәрбиелеу  тиімділігін  бағалау 
үшін нақты нені зерттеу керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін тағы бір 
мәрте тәрбиелеудің анықтамасына жүгінейік.  
Тәрбиелеу  –  жағымды  жағдайлар  жасау  арқылы  бала  тұлғасын 
дамыту үрдісін басқару. Тиісінше диагностика да оқушы тұлғасын және 
сабақтан  тыс  қызметте  жасалатын  тұлғаны  дамыту  жағдайларын 
зерттеуге  бағытталуы  тиіс.  Осыдан  келіп  диагностиканың  үш  негізгі 
мәнін бөліп қарауға болады.  
Бірінші диагностика мәні – бұл тәрбиеленушінің өз тұлғасы 
Оқушы  тұлғасын  дамыту  қандай  бағыттарда  жүреді?  Ол  қандай 
құндылықтарға  бағыт  алған?  Тәрбиелеу  үрдісінде  балада  қоршаған 
әлемге,  басқа  адамдарға,  өзіне  деген  қандай  қарым-қатынастар 
қалыптасады? 

35 
 
Мектеп  оқушысы  тұлғасында  болып  жатқан  өзгерістерді  түрлі 
тәсілдер арқылы білуге болады. Бұл мектеп оқушыларының күнделікті 
өміріндегі, арнайы жасалатын педагогикалық жағдайлардағы; оқушыны 
адами қарым-қатынастардың күрделі әлеміне апаратын рөлдік, іскерлік, 
ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік 
ойындардағы, 
педагогтер 
ұйымдастыратын  өзекті  мәселелер  бойынша  топтық  пікірталастардағы 
жүріс-тұрысын  және  эмоционалды-адамгершілік  жағдайын  бақылау 
болуы  мүмкін.  Бұл  оқушының  жазбаша  жұмысына:  күнделіктеріне, 
шығармаларына,  эсселеріне,  мектеп  газеттеріндегі  мақалаларына 
талдау жүргізу және т.б. болуы мүмкін.   
Диагностиканың  үшінші  мәні  –  балалар  ұжымы  оқушы 
тұлғасын дамытудың аса маңызды жағдайларының бірі ретінде 
Мектептерде  сабақтан  тыс  қызмет  дәстүрлі  түрде  ең  алдымен 
ұжымда  ұйымдастырылады:  үйірме  сыныбында,  спорт  секциясында, 
балалардың қоғамдық бірлестігінде және т.б.  
Қазіргі заманғы бала тұлға ретінде бірнеше түрлі – қызмет сипаты 
бойынша,  оларға  балалардың  ену  тәсілі  бойынша,  осы  ұжымдарда 
олардың іске асыратын рөлдерінің сипаттамасы бойынша және оларда 
балалардың  болу  ұзақтығы  бойынша  әртүрлі  ұжымдарда  дамиды. 
Ұжымның  оқушыға  әсері  көп  аспектілі:  өздерінің  бір  қасиеттері 
есебінен  ол  тұлғаны  бір  сарынға  түсіру,  оны  орташалау  үрдісін 
тудыруы  мүмкін,  ал  екінші  қасиеттер  есебінен  ол  оқушының 
бірегейлігін, оның шығармашылық әлеуетін дамытуы мүмкін.   
Сол  себепті  балалар  ұжымының  даму  деңгейін  зерттеу  маңызды                  
(А.Н.  Лутошкиннің  «Біздің  ұжымымыз  қандай?»  диагностикалық 
әдістемесі). 
Мектеп 
оқушыларының 
өзара 
қызмет 
сипатын 
диагностикалау үшін социометрия әдістемесін қолданған тиімді.  
Диагностиканың  үшінші  мәні  –  бұл  педагогтің  кәсіби 
ұстанымы,  оқушы  тұлғасын  дамытудың  тағы  бір  аса  маңызды 
шарты  
 
Ұстаным  бұл  –  сана  мен  адамның  қызметінің  бірлігі,  бұл  жерде 
қызмет оның базалық құндылықтарын жүзеге асыру амалдарының бірі 
ретінде қатысады.  
Осыған  орай  мынаны  анықтау  маңызды:  тәрбие  педагогтің 
саналы  түрде  таңдап  алған  қызметі  болып  табыла  ма  (немесе  педагог 
өзіне  біреумен  жүктелген  міндеттерді  орындай  ма);  педагогтерде 
қандай  кәсіби  құндылықтар  қалыптасқан  (немесе  ондай  құндылықтар 
мүлдем жоқ, және педагог өзінің жұмысын немқұрайлы атқара ма)?  
Сол  сияқты  педагогтік  ұстанымның  сипаты  да  жоғары  маңызға 
ие.  Тәрбие  берушінің  бойында  гуманистік  немесе  авторитарлы 
педагогикалық  ұстаным  қалыптасқан  ба,  ол  тәрбиеленушінің  өзін-өзі 
басқаруын  бағамдай  ма  немесе  оны  өз  ойларын  іске  асыру  үшін 

36 
 
қарастыра  ма?  Бұл  жерде  педагогтің  тәрбиеші  ретіндегі  кәсіби 
ұстанымының диагностика әдісін қолдануға болады.    
Сабақтан  тыс  қызметтегі  нәтижелер  мен  формалардың  өзара 
байланыстарын,  оның  диагностикасын  түсіну  педагогтерге  мүмкіндік 
береді: 
сабақтан  тыс  қызметте  нәтижелер  туралы  айқын  көріністері  бар 
білім бағдарламасын әзірлеуге
белгілі  бір  деңгейде  нәтижеге  қол  жеткізуге  кепіл  болаты 
сабақтан тыс қызмет үлгілерін іріктеп алуға; 
нәтижелердің  бір  деңгейінен  келесі  деңгейіне  ауысу  логикасын 
құруға; 
сабақтан 
тыс 
қызметтің 
тиімділігі 
мен 
нәтижелілігін 
диагностикалауға; 
сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламасының  сапасын  бағалауға 
(қандай  нәтижеге  таласады,  таңдап  алынған  үлгілер  болжанған 
нәтижелерге сәйкес келе ме т.б.).     
Соның  арқасында,  сабақтан  тыс  қызметті  ұйымдастыру  түрінің 
біреуін мектепте жүзеге  асырудың  нәтижесінде  тәрбие  беру  жүйесінің 
тиімділігі  мен  оқушылардың  әлеуметтенуі  арта  түсуі  мүмкін,  сондай-
ақ, мектеп өміріне айырықша үлес қосуға жағдай туады.  
Мектептегі  сабақтан  тыс  қызметтің  елеулі  сипаттамалары 
мыналар: 
оқушылардың  білім  алу  мұқтаждықтарына  ата-аналардың, 
қоғамның, мемлекеттің бағдарлануы; 
құндылықтарды  баланың  өзінің  әрекеті  арқылы  қабылдауы, 
мұғалімдер мен тәрбиешілердің, ата-аналардың, қатарластарының және 
басқа  да  ол  үшін  маңызды  адамдардың  педагогикалық  ұйымдасқан 
ықпалдастығы;   
базалық  құндылықтардың  әртүрлі  көздерін  пайдалану  (оқу 
материалдарының мазмұны, фольклор, көркем әдебиет, фильмдер және 
т.б.); 
жалпы білім беретін мектептерде басым рөлге ие тәрбие беру мен 
әлеуметтенудің әртүрлі субъектілері қызметтерінің бірлігі; 
балаларды  тәрбиелеу  мен  әлеуметтендіруде  орталық  тәсілді  іске 
асыру. 
Көп  қырлы  қызмет  түрлері  енгізілген  және  айналадағы  өмірде 
жағымды  қарым-қатынас  жүйесіне  қосылған  баланың  өмірі 
материалдық  және  рухани  құндылықтар  жинақтауға  әсер  етеді.  Бұл 
ретте ол тұтынушыдан материалдық және рухани игіліктер өндірушіге 
біртіндеп  өтуге  ықпал  етеді,  ал  ол  өз  кезегінде  тұлғаның 
әлеуметтенуінің өзегі, даму мен адамның өсуінің көрсеткіші.  

37 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет