Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования


    МЕКТЕП  ЖАСЫНА  ДЕЙІНГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет23/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96

 

 

263 


 

МЕКТЕП  ЖАСЫНА  ДЕЙІНГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МАҢЫЗЫ 



 

Берлибекова Сагат Айдархановна  

Адилова Нұржанат Сагатбековна  

КМҚК «Қарлығаш»балабақшасы 



 

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін 

тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі 

орталықтарда  барлық  ұйымдарда  көкейкесті  болып  табылады.  Балаларды  Отанды  , 

туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да 

қадірменді  парызы"-деген  еді.  Әр  дәуірдің  тарихи  кезеңдерінде  Отансүгіштікке 

тәрбиелеудің  өзіндік  мүдделері  болады.  Ол  ең  алдымен,  "ұлтжандылық", 

отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен 

туындайды.  Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  жас  ұрпақ  тәрбиесінің  темірқазығы-

қазақстандық патриотизм бол 

Ұрпағымызды      кеудесінде    азаматтық    намысы    бар,    білімді,    туған    елін, 

жерін  сүйетін   өнегелі  ұрпақ  етіп   өсіргіміз  келсе,бар  назарды  келешек  ұрпақ  тә

рбиесіне  аударуымыз  қажет.Қазіргі  білімнің  болашағы  мол  факторларының  бірі 

-    патриоттық    тәрбие.«Жас    бала    -    жаңа    өркен    жайған    жасыл    ағаш    тәрізді»  - 

дейді  халқымыз.Яғни,  жаңа   отырғызған  жас   шыбық  тамыры  тереңдеп,  жапырағ

ы  жайқалып,  саялы  ағаш  болып  үлкейгенше,  мәпелеп  күтіп,  үзбей   тәрбиелеуді  

керек  етеді   

Еліміздің  болашағы-жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  бірінші  бесік-отбасы,  ата-ана 

тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – 

адам  қалыптасуының  алғашқы  баспалдағы.  Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына 

ерекше  әсер  етіп,  оған  өмір  бойы  өшпестей  із  қалдырады.  Заман  талабына  лайық 

тәрбие  мен  білім  беру  жұмысын  кешенді  ұйымдастыру  жаңа  технологияларды, 

идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа 

білім  беруді  жетілдіру  мәселесі  толассыз  күн  сайын  өзгеріп  тұрған  әлеммен  бірге 

жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – 

жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын  орын. Бала бойындағы жақсы 

қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып  олардың  өнегелі,  тәрбиелі  болып  өсуіне 

балабақша  ошағының  тигізер  әсерінің  маңызы  зор.      Мектепке  дейінгі  мекемеде 

балалар  еркін  дем  алып,  рухани  патриоттық  тұрғыдан  білім  алып,  тәрбиеленуіне 

барлық жағдай жасалған.   

Мектепке  дейінгі  шақта  балада  қайырымдылық,  жанашырлық,  қуанышқа 

ортақтасу  сезімдері  қалыптасады.  Сезім  балаларды  белсенді  іс-әрекетке:  көмек 

көрсетуге,  қамқорлық  жасауға,  көңіл  аударуға,  жұбатуға,  қуантуға  итермелейді. 

Патриоттық  сезімге:  туған  өлкесін,  Отанын  сүюге,  басқа  ұлттардың  адамдарын 

құрметтеуге  тәрбиелеудің  ерекше  маңызы  бар.  Мектепке  дейінгі  балалардың 

ерекшелігі  еліктеу  қабілеттілігінің  айқын  көрінуі  болып  табылады.  Тәрбиеші 

балаларда  үлкендерге  құрмет  көрсетуді,  өз  қатарларымен  дұрыс  қарым-қатынас 

жасауды,  заттарға  ұқыпты  қарауды  білдіретін  сан  алуан  мінез-құлық  дағдыларын 

қалыптастырады.  Бұлар  әдет  бола  отырып,  мінез-құлық  нормасына  айналады: 


 

264 


 

сәлемдесу  мен  қоштасу,  біреудің  көрсеткен  қызметіне  рақмет  айту,  алған  затын 

орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру 

әдеті. 


Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  балаларды  патриоттық  сезімде 

тәрбиелеу,  Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттату, әңгімелеу арқылы 

бала  бойына  елге,  жерге,  Отанға  деген  сүйіспеншілікті  сіңіру  болып  табылады. 

Сондай-ақ,    тәрбиешілер  балалармен  тақырыптық  сабақтар  өткізеді.  Еліміздің  төл 

мерекелерін    балабақшада  ертеңгіліктер  өткізіп  тойлайды.  Осы  сабақтар, 

ертеңгіліктерді    өткізуге  тәрбиешілер,  ата–аналар  белсене  қатысып,  өз  үлестерін 

қосады. 

 Балаларды  тәрбиелеуде    балабақша    мен    мектептің,  кітапханалар  мен 

мұражайлардың  сабақтастығы  дұрыс  жолға  қойылған.  Сонымен  қатар,    отбасымен 

ынтымақтастық  жұмыстарын нығайту  мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, 

ертеңгіліктер,  ата-аналар  жиналыстары  жүргізілген  жұмысымыздың    нәтижесі  деп 

есептейміз. Соның ішінде атап айтсақ:«Менің елім - Қазақстан!», «Отан –отбасынан 

басталады», «Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік»  т.б.  Патриотизм – тарихи, әлеуметтік 

ұғым, гректің parties – Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған 

жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте 

– бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.Бір 

жағынан,  ол  жеке  тұлғалық,  қоғамдық  сана  элементтерінен  тұрса,  екінші  жағынан, 

Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім.Қазақстандық патриотизмнің 

қайнар көзі – халықтың береке- бірлігінде, ынтымақ-ықыласында, елдігі мен ерлігінде 

және  мемлекетіміздің  күш-қуатының  беріктігі  мен  ұлан  –байтақ  жерінің 

біртұтастығында.Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғы 

шарттар қажет: 

- төл тарихымызды білу; 

- ана тілді ардақтап, құрметтеу; 

- ұлттық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды қадірлеу. 

Адамзат  отансүйгіш  және  қайырымды  бала  тәрбиелеуді  мақсат  тұтады.  Қазақ 

халқы  өз  баласының  ізгі ниетті,  адал жүректі, өр әрі намысшыл  болғанын  қалайды. 

Қазақтың атына кір келтірмей, елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке 

пиғылынан жоғары қоятын жан болғанын тілейді. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек 

тәрбие арқылы сіңеді. Отанымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ 

астында тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуі үшін еліміздегі әр азаматтың бойында ортақ 

мақсаттарға деген ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Оның басты 

құралы-  патриоттық  тәрбие.  Патриоттық  сезім-  ұлттық  рух  деңгейінің  өлшемі.  Сол 

себептен  Елбасы  өзінің  халыққа  арнаған  Жолдауында  азаматтардың  отаншылдық 

сезімі мен өз еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі 

элементтерінің бірі ретінде таниды. Дей тұрғанмен, әттеген-ай дейтін тұстарымыз да 

жетерлік.  Қоғамдық  жерлерде  қазақтың  қара  көз  балалары  өзара  орысша  сөйлеп, 

Еуропа мәдениетіне еліктейді. Мұның себебі неде? Жастардың арасында патриоттық 

сезімді қалай дәріптеуімізге болады? Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «берік денелі, 

түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі 

түрден  ләззат  алып,  жан  толқынтарлық  болса,  баланың  тәрбие  алып,  шын  адам 


 

265 


 

болатындығы»  деген  қағидасы  өміршең  болып  отыр.  Дәл  осындай  игі  қасиеттерді 

бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты 

мақсаттарына  сай  келетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  -  баршамыздың  алдымызда 

тұрған міндетіміз. 

Адам  махаббаты  қандай  мәңгілік  болса,  оның  патриотизмі  де  сондай  мәңгілік. 

Адамзат махаббатсыз, мұратсыз өмір сүре алмайды, оны теріске шығару еш нәтиже де, 

жеміс те бермейді. Олай болса, қазақстандық патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола 

алмаймыз. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге 

керек, болашаққа керек. 

Халқымызда  «баланы  жастан»  деген    дана  сөз  бар.  Тәрбиенің  бесіктен 

басталатынын    ескерсек,    ата  –  бабадан  келе  жатқан    дәстүрлерді  ең  алдымен 

өзіміз    түсініп,    балаларға  оның  нәрін  сіңіре  білсек,    болашақ  патриот  тәрбиелесек 

бұл  еңбегіміздің  жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз болмақ. 

Патриоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  өн  бойындағы  ұрпақтан  – 

ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектепке дейінгі балалардың 

бойындағы  Отанға  деген  сүйіспеншілігін,  яғни  патриоттық  санасын  дарытуда 

халқымыздың  біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы,жазушы,  Қазақстанның  Халық 

Қаһарманы  батыр  Бауыржан  Момышұлы  ағамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп 

қалдырып  кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы  шығармаларының  алатын  орны 

ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз  

Ата мекен жер үшін,  

Қасиетті ел үшін,  

Әзиз ана, қарт ата,  

Ботакөз сұлу қарындас  

Күң, құл бомасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік 

істерге шақырады. 

Бауыржан  Момышұлы  өз  шығармаларында  патриотизмге,  ерлікке,  батырлыққа 

байланысты  біршама  терминдерге  анықтама  берген.  Енді  соларға  тоқталып  өткім 

келеді:  

Патриотизм  дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман– 

саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал 

мемлекетті  нығайту  дегеніміз  –  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын 

айтқанда,  патриотизм  мемлекет  деген  ұғымды  жеке  адаммен,  яғни  оның  өткенімен, 

бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.  

Ерлік  дегеніміз  –  табиғат  сыйы  емес,  ең  алдымен,  өзінің  ар-намысын  және 

адамзаттың  қасиетті  абыройын  ұятқа  қалу,  опасыздық  пен  масқара  болу  сезімінен 

қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай 

адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана 

емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға  – жанмен, қанға  - 

қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге 

ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу. 

 

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.  



Табандылық – батырлардың қалқаны. 

 

266 


 

Өжеттілік,  қайсарлық  –  адамның  тіпті  мүмкін  емес  деген  жағдайдың  өзінде 

абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.  

Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына 

көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған. 

 Мысалы:  

• Намысты нанға сатпа.  

• Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.  

• Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.  

• Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық.  

• Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. 

•  Ешкім  іштен  батыр  болып  тумайды:  батырлық  та,  мінез  секілді  өскен  орта, 

көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.  

• Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да 

ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.  

• Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады. 

• Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.  

• Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің - тізесін бүктір.  

• Ептілік те - ерлік.  

• Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол.  

Осындай  тағы  да  басқа  батырлық,  ерлік,  тәлім-тәрбие,  өсиет,  тағлым  туралы 

біздерге өсиет сөздер қалдырған.  

Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс 

табады.  Олай  болса,  рухани  байлыққа,  ең  алдымен,  тілімізді,  дінімізді,  салт  - 

дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – 

дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін 

белгілі бір асқақ сезімдерден, мақтаныш - сүйініштен бөле - жара қарауға болмайды. 

Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, 

атадан  балаға  жалғасып,  жақсы  үрдісін  тапқан  ұлттық  тілді  құрметтеу.  Осы 

сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм 

деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл 

өздігінен  бола  салатын  нәрсе  емес,  ол  да  нақты  тәрбиенің  жемісі.  Бұл  тәрбиенің 

жемісін еккен әрине, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - тәрбиеші, ал орта білім мен 

жоғарғы білім алушылар үшін –ұстаздар қауымы деп айта алар едім.  

Қазақстан  азаматтарын  патриотизмге  тәрбиелеу  –  тұлғаның  патриоттық  сана  – 

сезімін  қалыптастыру;  патриоттық  іс  –  әрекетін  ұйымдастыру.  Егеменді  елдің 

азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты - дені сау, ұлттық 

сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар  – ожданы 

мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.  

Қорыта айтқанда, балармен осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді 

жеткізе білсек, баланың көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, 

онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет 

ететін қайраткер тәрбиелейміз.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер 



 

267 


 

1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы  Қазақстан  Республикасының 

азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы  туралы  2006  жылғы  10  қазан  №200  //  Қызылжар  нұры  –  2006  -  24 

қараша.  

2. «Әдеби әлем» Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталы.  

3.  Жастарды  патриотизмге  тәрбиелеу  -  мұғалімнің  басты  міндеті  //  Қазақстан  орта 

мектебі – 2005 - №9 – 7 - 9 бет.  

4. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 - №8 – 72 – 73 

5. Нысанбаев.Ә. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы Алматы. 

 

 

ХУДОЖЕСТВЕННОЕ ТВОРЧЕСТВО В МЛАДШЕМ ВОЗРАСТЕ 



 

Беспалова Г.И. 

КГКП детский сад «Алпамыс» г. Караганды 

 

 «Тот, кто рисует, получает в течение одного часа больше,  



чем тот, кто девять часов только смотрит». И. Дистервег 

 

Художественное творчество  – один из  любимых видов творчества, потому что 



один из немногих видов художественной деятельности, где ребенок творит сам. Как 

важно не упустить  момент и не оттолкнуть человека от творческой деятельности, а 

наоборот,  приблизить  к  ней,  заинтересовать,  научить  видеть    и  реализовывать  свои 

возможности. 

Вопрос гармоничного развития и творческой самореализации становится чуть ли 

не  самым  главным  вопросом  для  современного  человека.  В  наше  время,  полное 

технических изысканий, требуются специалисты в различных областях, способные не 

только принимать важные умные решения, но и часто экстраординарные, необычные. 

Некоторые личности наделены такими способностями от природы, а некоторые, а их 

большинство, нужно обучать, развивать их творческий потенциал.  

Удивительное  явление  искусства  -  рисование  в  детстве.  Каждый  ребенок  в 

определенный период жизни с упоением рисует грандиозные композиции. Правда, как 

свидетельствует  жизнь,  увлечение  это  проходит  и  навсегда.  Верными  рисованию 

остаются  только  художественно  одаренные  дети.  Но  с  2-3  лет  и  до  подросткового 

возраста  дети  в  своих  рисунках  обязательно  проходят  стадии  «каракулей», 

«головоногов». Рисование на первых порах помогает координировать работу зрения и 

движения.  Ребенок переходит от хаотического восприятия пространства к усвоению 

таких  понятий,  как  вертикаль,  горизонталь;  отсюда  и  линейность  первых  детских 

рисунков.  Рисование  участвует  в  конструировании  зрительных  образов,  помогает 

овладеть  формами,  развивает  чувственно-двигательную  координацию.  Дети 

постигают  свойства  материалов,  обучаются  движениям,  необходимым  для  создания 

тех  или  иных  форм  и  линий.  Все  это  приводит  к  постепенному  осмыслению 

окружающего. 


 

268 


 

Осознание окружающего происходит у ребенка быстрее, чем накопление слов и 

ассоциаций.  И  рисование  предоставляет  ему  эту  возможность  наиболее  легко  в 

образной форме выразить то, что он знает, несмотря на нехватку слов. Здесь особенно 

важна связь рисования с мышлением и речью. 

Большинство специалистов – и психологов, и педагогов  – сходятся во мнении: 

детское  рисование  –  один  из  видов  аналитико-синтетического  мышления:  рисуя, 

ребенок как бы формирует объект или мысль заново, оформляя при помощи рисунка 

свое  знание,  изучая  закономерности,  касающиеся  предметов  и  людей  вообще,  «вне 

времени  и  пространства».  Ведь  дети,  как  правило,  рисуют  не  конкретный  образ,  а 

обобщенное знание о нем, обозначая индивидуальные черты лишь символическими 

признаками, отражая и упорядочивая свои знания о мире, осознавая себя в нем. Вот 

почему, по мнению ученых, рисовать ребенку так же необходимо, как и разговаривать. 

Ведь неслучайно Л. С. Выготский называл рисование «графической речью». 

Будучи  на  прямую  связанным  с  важнейшими  психическими  функциями  – 

зрением,  двигательной  координацией,  речью  и  мышлением,  рисование  не  просто 

способствует  развитию  каждой  из  этих  функций,  но  и  связывает  их  между  собой. 

Помогает ребенку упорядочить бурно усваиваемые знания, оформить и зафиксировать 

модель все более усложняющегося представления о мире.  

Поэтому  в  младшей  группе  наряду  с  основными  занятиями  по  творчеству 

организовали    кружок  по  изобразительной  деятельности.  Одним  из  приемов, 

направленных на создание условий для творческого самовыражения ребенка, является 

организация  работы  с  детьми  с  применением  нетрадиционных  техник  

изобразительной деятельности.   Первая творческая работа «Давайте познакомимся» 

была  выполнена  ладошками.  Огромный  букет  разноцветных  ладошек  украшал 

приемную и каждый родитель всматривался, пытаясь найти ладошку своего ребенка. 

Для малыша рисование ладошкой – это и познание  и  радостный, вдохновенный труд, 

к которому его не надо принуждать, но очень важно стимулировать и поддерживать 

ребенка,  постепенно  открывая  перед  ним  новые  возможности  изобразительной 

деятельности. Ладошка – это и цветочки,  и птица, и рыбка, и слон. И все это такое 

веселое  и  сказочное,  что  хочется  вновь  и  вновь  рисовать.  Во  время  рисования 

пальцами, ладошками ребенок получает необыкновенно чувственное наслаждение при 

тактильных контактах с краской. Рисуя осеннюю листву на дереве, дети обмакивали 

пальчик то в красную, то в желтую краску. Видно было, что они испытывали огромное 

удовлетворение  от  работы.    Рассматривая  работы,    дети  обращали  внимание,  что 

некоторые  листочки на дереве, а некоторые  летят и ложатся на землю. Так мы еще 

раз закрепили явление природы – листопад.  

Собирая  на  прогулке  осенний  букет,    мы  рассматривали  листья,  искали 

одинаковые, подкидывали и наблюдали,  как они летят и плавно ложатся на землю. 

Взяв с собой в группу листья, предложила детям нарисовать  ковер, используя листья.  

Нанося  на  лист  красную,  желтую  краски,    мы  отпечатали  листочки  на  бумагу,  и 

получился осенний ковер.  

Чтобы  не  ограничивать  возможности  малышей  в  выражении  впечатлений    от 

окружающего мира, недостаточно традиционного набора изобразительных средств и 

материалов.  Нетрадиционные  материалы  и  средства  изображения    пробки,  листья 


 

269 


 

деревьев,  поролон,  целлофан,  овощные  штампы  и  печати,  нитки  и  многое  другое 

любопытны детям как игра с неизвестным. 

Рисуя  машину  (дети  обводили  контур  машины,  намеченный    пунктирными 

линиями, и раскрашивали ее), а колеса мы нарисовали  пробками.  Нарисовав третье 

колесо,    дети  объясняли  «колесо  укатилось»,  «это  запасное  колесо».  Так  обычная 

пробка помогла развить сюжет детского рисунка. 

Развивая  мелкую  мускулатуру  пальцев  рук,  часто  даю  детям  пластилин.  Ведь 

пластилином тоже можно рисовать. В работе «Ветка рябины»  дети заполняли шаблон 

пластилиновыми шариками – ягоды, столбиками – листья, смешав пластилин желтого, 

красного,  зеленого  цвета.    Выполнив  работы  «Снег  идет»,  «Новогодняя  елка» 

предложила  обратной  стороной  колпачка  фломастера  «нарисовать»    снежинки, 

украсить узором елочные шарики.  

Большие возможности в использовании нестандартных материалов  открывает и 

аппликация.    Малыши    рвали  салфетки  и  делали  наряд  зимних  деревьев,  шубку 

овечкам, скатывая  салфетки в шарики, мастерили снеговика, приклеивая нарезанные 

шерстяные нитки, украшали котят и щенят, покрывали спинку и крылья воробья клеем 

и насыпали гречку.      Заключительным этапом является оценка работы. В искусстве, 

критерии оценок несколько иные, нежели в других дисциплинах. Нет жёстких рамок, 

которым  обязательно  нужно  соответствовать.  Результатом  всегда  может  быть 

множество разных и одинаково удачных решений. Если видно, что ребёнок старался 

выполнить поставленную задачу, то его нужно похвалить, поддержать. Таким образом, 

добиваемся  главной  цели:  от  занятия  к  занятию  ребёнок  развивается,  узнаёт  что-то 

новое. 


Наряду с рисованием на бумаге рисовали  палочкой  на снегу, на песке, на земле, 

мелом    на  асфальте.  Все  это  тренирует  руку  и  глаз  детей,  способствует  развитию 

зрительного  контроля  за  движением,  укрепляет  рисовальные  движения,  делает  их 

более  уверенными,  смелыми.  Такое  рисование  развивает  и  воображение  ребенка: 

снова и снова он переживает виденное, пытается воплотить его в рисунке, и каждый 

раз это получается по-разному. 

Мы малыши и многому еще предстоит научиться. Творчество - это увлекательная, 

завораживающая деятельность. И мы не раз убедились в этом, рисуя с детьми. Ведь 

главным является не конечный продукт – рисунок, а развитие личности: формирование 

уверенности в себе, в своих способностях, целенаправленность деятельности.  

Осваивая нестандартные  методы рисования, я пришла к выводу: если нравится, 

когда  воспитанников    блестят  глаза  от  восторга  на  занятиях,  если    хочешь,  чтобы 

каждое занятие было праздником, если  желаешь смеяться, удивляться, радоваться и 

общаться    с  детьми,  то  больше  надо  с  ними    наблюдать,  творить,  рисовать    и 

импровизировать. 

Поэтому  использую в своей работе  нетрадиционные  приемы в рисовании, лепке, 

аппликации, которые развивают творческий потенциал каждого ребенка. 

 

Литература. 



1.

 

Давыдова Н.Г. «Нетрадиционные техники рисования в детском саду»  



 

270 


 

2.

 



Доронова  Т.Н.  «Развитие  детей  в  изобразительной  деятельности»  -  журнал 

«Ребенок в детском саду» № 4/2008, с.21-29; № 5/2008, С.3-13 

 

 

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ: ИННОВАЦИЯ, ОПЫТ, ПРОБЛЕМЫ И 



ПЕРСПЕКТИВА 

 

Биллер Н.А. и  Хасенова Ш.С. 



КГКП Детский сад «Балдырған» 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет