Инстинкстивті мінезқылықтың құрылымы
Іздеу және қортынды фазалары. Жоғарыда кілтті тітіркендіргіштердің
мәжбүрлі түрде әсер ететіні, жануар өзінің мінезқылығында бастаушы жағыдайға
мойынсұнатыны туралы айтылған. Бірақ,
Жануардың қоршаған ортаға деген бастамалық, таңдамалы көз қарасы, ең
алдымен қажетті бастаушы жағыдайларды белсенді іздеуден және мінез актілерін
орындау үшін ең тиімдірек мүмкіншіліктерді белсенді таңдаудан басталады. Айта
кету керек, бұл жерде объектінің өзінен емес, ол объектінің биологиялық
маңызынан шығатын тітіркендіргіштерді іздеу туралы айтылады. Біз бағыттаушы
немесе бастаушы функциясы кілтті тітіркендіргіштер туралы білеміз.
Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жануарлардың тәртібін американдық
зерттеуші У.Крэйг инстинкивті әрекеттің жеке фазалардан тұратынын көрсеткен.
Ең алдымен Крэйг екі фазаға бөлді, олардың этологиялық әдебиеттердегі іздеу
(немесе дайындық) және қортынды фаза деп атайды.
Іздеу фазасы кезінде жануарлар өздерінің комбинациясы үшін нақты,
нәтежиісінде, барлық инстинктивті әрекеттің биологиялық маңызы іске асатын
қортынды фазаға алып келетін кілтті тітіркендіргіштерді іздейді (фазаның атауыда
осыдан шыққан).
Барлық аралық тітіркендіргіштер жануарлар үшін өзіндік мақсат құрмайды
және қортынды мінездің кілтті тітіркендіргіштерін қаншалықты қабылдауға алып
келетін болса, соншалықты құнды болып есептеледі. Тек қана қортынды фазада
өміріне қажетті оның орта элементтерін тұтыну жүзеге асады. Бірақ, дәлме – дәл
тітіркендіргіштерді іздеу жануарлар үшін осындай бастапқы өмірлік қажеттілік
болып табылады.
Іздеу фазасы әр қашанда бірнеше сатыларға бөлінеді; қортынды фазада
осындай бөлінуілер жоқ деседе болады немесе ол тек қана аздаған қатаң реттілікте
орындалатын қозғалыстардан тұрады.
28
Крэйг өзінің концепциясын жануарлардың азықтық мінезқылығын зерттеу
нәтежиісінде алынған мәліметтерге құрды.Осы мінезқылық түріне мысал
келтірелік. Аң аулауға шыққан жыртқыш аң өзінің олжасын қайдан табарын
білмейді, сонықтан да оның ең басты қозғалысы бағытсыз іздеуден басталады.
Нәтежиісінде, ол ертеме кешпе құрбан болатын жануардан шығатын стимулдық
әрекеттің аясына тап болады.
Келесі сатыдан тұратын бірінші кілтті тітіркендіргіш анықталған: ол құрбан
болатын жануардың жүрген жерін анықтау үшін қосымша тітіркендіргіш бойынша
бағытталған бағдары. Одан кейін олжасын аңдиды, оған ұмтылады және
иемденеді, кейде жеке кесектерге бөлінген ұшаларын басқа жерге тасиды, ақыр
аяғында етті тісімен тістеп, оны жұтады. Осы тізбектегі орындарған әрекеттер мен
қозғалыстардың ішінен, тек соңғы екеуі ғана (жеу актісі) жыртқыштың азық
жеуінде сипатталған қортынды фазаға жатады, ал қалғандары өзінің жиынтығынла
іздеу мінез – қылығын (немесе дайындық) көрсетеді. Шыныменде, осындай әр
сатының ішінде өзінің дайындық және сатыны аяқтайтын қортынды фазалары
болады. Сондықтанда аса күрделі құрылыстық әрекет қалыптасады.
Осындай жағыдайларда мысалы ұйқы мен тыныштық кезіндегі
қарапайым мінезқылық аясы басқаша болатын еді. Жануарлар алғашында дем алу
мен түнде жатуға арналған (ағаштар, жабындылар, топырақтағы үңгірлер немесе
ашық кеңістіктің белгілі бір жерлері) орын іздейді, кейін табылған орынға
жайғасады, кейде ең алдымен тазалап барып бірақ жайғасады. Бұл жерде тапқан
орынана жату қортынды фазаны көрсетеді, ал оған дейінгілері іздеу фазасын
білдеріді.
Осы мысалдарға мінезқылықтың қандай да болсын аясындағы көптеген
әрекеттерді
келтіруге
болады.
Келірілген
мысалдардан
екі
фазаның
маңыздылығын көрсететін, екеуінің арасындағы терең айырмашылықты байқауға
болады.
29
Іздеу фазасы инстинктивті мінезқылықтың бірқалыпты фазасы болып
табылады. Ол жануардың анық көрінетін бағдарлаушылық – зерттеулік әрекетімен
және мінез компоненттерінің дара тәжірибесіне негізделген, туа біткен және жүре
пайда болған шиеленістермен сипатталады. Дәл осы іздеу фазасына инстинктік
бірқалыптыққа, атап айтқанда инстинктивті мінезқылықтың модификациясына
байланыстылардың барлығы жатады.
Қортынды фаза керісінше, ригидті фазадан тұрады. Бұл фазада орындалатын
қозғалыстар қатаң реттілікпен, стереотиптілікпен ерекшеленеді және сәйкес
макро- және микроморфологиялық құрылыспен болжанады. Жүре пайда болған
компоненттен мүлдем болмауы мүмкін. Сондықтан, өзгергіштік дара түрленумен
шектелген (генетикалық бекітілген). Бұған тұрақтылық туралы айтылған
интинктивті мінезқылықтың ригидтілігі және кілтті тітіркендіргіштердің шарасыз
әрекеті жатады. Бұл жерде іс жүзінде туа біткен, генетикалық бекітілген.
Қортынды фазада орындалатын қозғалыстарға қатысты айтатын болсақ, онда бұл
нақты инстинктивті қозғалыс немесе «туа біткен қозғалту координациясы», оны
заманауи этологияның негізін қалаушылардың бірі, австрия ғалымы К.Лоренц
солай деп атаған.
Инстинктивті қозғалыстардың жалпы сипаттамасы жоғарыда айтылды.
Сондай-ақ, олар қоршаған ортаның кездей оқ жағыдайларынан
тәуелсіздігімен анықталатын табиғи таңдау нәтежиісінже түрмен жиналған, өмірге
қажетті, құнды сақтағыг болып табылатыны да айтылған. Етті тас еденген көму
кезіндегі инстинктивті қозғалыс көрсететін түлкі өзін немқұрайлы ұстайды. Бірақ
түлкінің филогенезі тасты субстраттар қалыптаспады және осы жануарларға
арналған мінездің түрінің болуы үшін фатальді болып табылады. Сондықтар, көму
қозғалысын қандайда болсын жағыдайларда жүргізу керек және мінездің қатаң туа
біткен бағдарламасы осыны істеуге жануарларды итермелейді.
30
Инстинктивті қозғалыстардың жалпы ориентациясы Лоренц бойынша
таксистермен жүзеге асырылады, әр қашанда туа біткен қозғалтқыш
координацияларымен шиеленіседі және солармен бірге біріңғай инстинктивті
реакция құрады ( немесе бірнеше осындай реакциялардан)
Инстинктивті қозғалыс ретінде таксистер – бұл ортаның белгілі бір
агенттеріне туа біткен, генетикалық бекітілген реакциялар.Бірақ, егерде
инстинктивті қозғалыстар бастаушы тітіркендіргіштерге жауап тудыратын болса,
ондай таксистер бағыттаушы «кілтті» тітіркендіргіштерге жауап береді. Олар
қандай да болсын инстинктивті реакцияның бастауына негіз бола алмайды, тек
қана оның өту векторын ауыстырады.
Олай болса, таксистер жануардың қозғалтқыш белсенділігінің кеңістіктік
бағдарын қолайлы жағына немесе қажетті ортасына қарай (оң таксистер)
қамтаммасыз етеді және керісінде, биологиялық құндылығы аз немесе қауіпті
жағыдайлардан (теріс таксистер). Өсімдіктерде осғына ұқсас реакциялар өсуі
бағытынң өзгерісінде байқалады (тропизмдер).
Бағыттаушы ішкі стимулдарының сипаты бойынша, таксистер фото-, хемо-,
термо-, гео-, рео-, анемо-, гидротаксистерге бөлінеді (жарыққа, химиялық
тітіркендіргіштерге, температуралық градиентке, ауырлық күшіне, сұйықтықтың
ағуына, ауа ағынына, ортаның ылғалдылығына және т.б.).
Эволюциялық дамудың әр түрлі деңгейлерінде таксистер күрделіліктің әр
түрлі деңгейіне ие және психика эволюциясын шолу кезінде әр түрлі
функцияларды орындайды. Таксистер мінезқылықтың күрделі формаларының
тұрақты компоненттері болып табылады.
Біз балапандардың бағдарын сипаттағанк кезде бағыттаушы кілтті
тітіркендіргіштермен кездескен болатынбыз. Объектінің өзінің пайда болуы
(дискпен жүргізген эксперимент кезінде, табиғи жағыдайларда – ата-аналық
даралармен) реакцияның бастаушы тітіркендіргіші болып табылады, бұл оъекті
31
бөліктерінің өзара орналасуы – осы реакцияның бағытталған кілтті тірікендіргіші,
ал осы тітіркендіргіш бойынша балапандардың кеңістіктік бағытталауы – оң
фототаксис болып табылады.
Сондай-ақ қызыл түс өз-өзінен балапандар үшін оның азықтық реакциясын
қалыптастыратын (басқада бастапқы тітіркендіргіштермен қатар – құстың пайда
болуы, нақтырақ оның тұмсықты басы) бастапқы кілтті тітіркендіргіші бар сұр
шағала болып табылады. Тұмсығындағы қызыл дақтың орналасуы бастаушы
тітіркендіргішке бағыттаушы оң фитотаксис негізіндегі биологиялық тиімді
кейіпте құстың реакциясына бағыттайды.
30-шы жылдары Лоренц пен Тинберген екеуі сұр қаздың ұясынан
жұмыртқаны алу реакциясы кезіндегі туа біткен қозғалыс координациясы мен
таксистердің өзара қарым – қатынасын зерттеді. Сәйкес туа біткен қозғалыс
координациясы өз алдына тұмсықтың құс кеудесіне қарай бірнеше рет
қайталанатын қозғалысанан тұрады, зат құс ұясына жақындаған кезде ол қозғалыс
тоқтайды.
Егер ұяның шетіне цилиндрді тұмсыққа перпендикуляр қоятын болса
(қаздар осындай затқа оң көз қараспен қарады), онда құстың барлық мінез –
қылығы ұқсас инстинктивті қозғалыстармен шектеледі. Егер де жұмыртқаны
немесе оның макетін салатыг болса, онда басын бір жақтан екінші жаққа қоғалта
отырып қосымша қозғалыстар жасайды, ол қозғалыс заттың ұяға дұрыс
бағытталуына әсер етеді. Цилиндрге қарағанда, жұмыртқа біресе солға, біресе
оңға қарай жылжи береді. Осы ауытқулардың түрі бастың токсисті бүйір
қозғалыстары үшін бағыттаушы тітіркендіргіш болып табылады. Демек,
таксистер жоғары құстарда барлық ағзаның ғана емес, сонымен қатар дене
бөліктері мен ағзаларының инстинктивті қозғалысын бағдарлауы мүмкін.
Инстинктивті қозғалыстар мен таксистерлен әр мінезқылықтық актінің
қортынды фазасы қалыптасады. Сонымен бірге, олар іздеу фазасының құраушы
32
бөлігіне енеді, жоғарыда айтылғандай, ол ағзаның осы актідегі қортынды
фазасына жетуіне мүмкіндік жасайтын сыртқы іздеу жағыдайлары үшін қажетті
бөлігі болып саналады. Іздеу фазасы үлкен құбылмалылықпен және өте күрделі
құрылысымен ерекшеленеді. Инстинктивті қозғалыстар осы фазаның әр аралық
сатысын аяқтайды, нәтежиісінде әр сатының аяғында қортынды мінездің белгілері
пайда болады. Іздеу фазасында таксистер бағдарлаушы – зерттеулік
реакциялармен толықтырылады. Олар оған жалпы іздеу мінез – қылығын аясында
соңғыларын бағалауға мүмкіндік туғызатын, қоршаған орта компоненттерінің
өзгерістері, параметрлері және жағыдай туралы ақпараттарды ағзаға тікелей
жеткізеді.
Іздеу фазасында көрсетілгендермен қатар, инстинктивті актімен бірге, әр
түрлі дәреже мен әр түрлі сәйкесулерде жүре пайда болатын үйренуге жататын
мінездің барлық элементтері болады. Сондықтанда, инстинктивті әрекет (қозғалыс
емес) туралы айтқан кезде, мінез – құлықтық актіні еске түсіреміз.
Шын мәгісінде, жануарлардың үйрене алатын қабілеттіліктері мынаған
бағытталған: қортынды мінезге жетудің жылдам әрі тиімді мүмкіншіліктеріне.
Жануарлар мінезінде қортынды,я ғни аяқт алмайтын ешқандай фаза жоқ –
инстинктивті қозғалыстармен немесе оған туыстас реакциялармен, яғни туа біткен
қозғалыс координацияларымен. Осыдан инстинктивті мінезқылық пен үйренудің
бірлігі көрінеді.
Әрине, айтылғандардың барлығы бірдей дәрежеде іздеу фазасының барлық
сатыларына жатпайды. Оның себебі, мінездің құбылмалылығы осы фазаның әр
түрлі сатысында біржей емесе және қортынды фазаға жақындаған сайын азая
түседі.
Іздеу мінезқылығының бір сатысынан екіншіге ауысу жануарлардың кілтті
тітіркендіргіштерду белсенді іздеуін және табуын білдіреді. Іздеу мінез –
қылығының бір сатысының ауысуы белгілі бір заңдылықта жүзеге асады. Бұл
33
жануар белсенжілігіні аясының сатылы тарылуымен сүйемелденеді: оның мінезі-
қылығы
тітіркендіргіштермен
сәйкесе
отырып,
мінез
актісі
үшін
спецификалықтармен детерминацияланады, ақырғы, қортынды инстинктивті
қозғалыстарға қарай бағыттала түседі, жануар мінез – құлығы түрінің дара өзгеру
мүмкіншіліктеріне тоқталады.
Мысалы, қарлығаш ұя салуға кірісер алдында, ең алдымен ұя салуға
арналған материал іздейтін орын табуы керек. Жерлерді бастапқы бағытталмаған
қарау ұя салу әрекетінің бірінші сатысы болып табылады. Осының өту
жылдамдығы мінездің, ең алдымен иеленген дара тәжірибесінің дара – өзгеретін
компоненттеріне байланысты болады. Өзінің дара психикалық мүмкіншіліктеріне
байланысты, әр құс осы міндетті өздігінше, тиімдірек шешеді.
Іздеу фазасының келесі сатысы – тиісті сай келетін орында ұя салатын
материалдарды іздеу және жинау. Бұл жере түрлік типті мінезқылықтың дара
өзгерістерінің мүмкіншіліктері жинақталған, бірақ сонымен бірге, дара амал –
әрекеттердің рөлі еш қашан таусылмайды.
Эндогенді әсер факторының мінезқылығы
Ырғақтылықтың басқа себептеріне жндогеді әсерлер жатады. Олар туа
біткен болып табылмайды, бірақ ерте стадияларда өсіп дамиды. Негізгі
ырғақтылықтың маусымдық өзгерістері кейбір ағзалардағы физиологиялық
өзгерістеріне қарай өтеді.
Көптеген жануарларға тұрақты ырғақтылықпен күннен күнге өмір сүру
ерекшелігі тән. Физиологиялық функциялардың кортикальды дұрысталуының
арқасында оның ішкі режимінің уақытша ұйымдасуы иілгіштікпен байланысты.
Ол қоршаған ортаның өзгергіштіктеріне сай ағзаның ішкі режимін тез арада
ауыстыруға бейім болып келеді. Осыдан, ауыл шаруашылық жануарларының
өнімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін ағзаінің ырғақты
34
функцияларының өзгергіштігін оқып білуіміз керек.
Маусымдық қайталану.Жануарлардың өмірлік көріністері маусымнан
маусымға өзгеріп отырады. Ішінара бұл ағзаның жыл бойғы метеорологиялық
өзгерістерге деген жауап реакциялары болып табылады. Ағзаның ішіндегі көбею
бнлсенділігінің маусымдық өзгергіштігімен шақырылған өзгерістер де маңызды
роль атқарады.
Әр түрлі ауыл шаруашылық жануарларының табиғаттағы күндік және
маусымдық өзгергіштіктерінің тәртіптеріне түрлік және жеке бейімделгіштіктері
тарихи эволюциялық үрдістер негізінде құрылған.
Сондықтан қоршаған ортаның факторларының өзгерістеріне жауап беретін
өмірлік көріністердің тұтас жүйесінің аранйы бағытталған жағдайлары
жануарлардың өмір сүру қабілетін және өнімділігін белгілі бір дәрежеге
арттырады. Бірақ, өкінішке орай, жануарлардың ағзаінің продуктивті қорларын
өндіру қызметінің ритмикасы әлі күнге дейін дұрыс зерттелмеген. Ірі қара
малдарды бағып күту тәжірибесі ұдайы әсер ететін жасанды ұстау шарттарының
олардың өмірлік көріністері мен продуктивтілігіне кері әсер етеді. Осы шарттарға
икемделе, ағза өзінің иілгіштігін жойып, жағымсыз факторларға қарсы тұру
қабілетінен айырылады. Әр шаруашылық осы шарттарды, ең алдымен керекті
тәуліктік ырғақты ұстануға қабілеттері бар. Осындай жағдайлар ауыл
шаруашылық жануарларының райиондарының тәуліктік және маусымдық
ырғағына үлкен септігін тигізуі мүмкін.
Қоршаған ортаның мінезқылыққа тигізетін әсері: Зоотехния ғылымының
тәжірибесіне сүйене отырып, жануарлардың өмірлік көріністері өмір сүрудің
қалыпты жағдайларының жағымсыз әсер етуі туралы ойды растайды. Өмір
сүрудің тұрақты жағдайларына бейімделуден жануарлардың ағза
сезімталдылығынан айырылады, сонымен қоса қоршаған ортаның жағымсыз
факторларына әсері де төмендейді.
35
Мысалы, бір жыл ішінде микроклиматтың өзгеруі жануарлар ағзаіне
физиологиялық тренинг тудырады.
К. Лоренц пен Н. Тинбергеннің этологиялық концепциясына сүйене отырып,
әрбір Мінезқұлықактіне жүйке орталықтарында тиісті мінез – құлыққа сай
мотивациялық факторлар жиналады (Н. Тинберген оны «мотивационды
импульстар» деп атады). Мінезқұлықактін тудыратын ішкі стимулдың пайда
болуына дейін, «мотивационды импульстардың» орталықтан қозғаушы ағзаларға
кетуі бұғаттаушы механизмдердің жүйесімен ұсталып тұрады. Ішкі
стимулдардың пайда болуымен бұғаттар алынады және «мотивационды
импульстардың» қозғаушы ағзаларға кетіне жол ашылады. Осыдан, «босатушы»
стимулдар немесе, анығырақ, «туа біткен босатушы механизмдер» деген аты
пайда болады. Бұл концепция қазіргі кезде біраз ескірген.
Ауыл шаруашылық жануарларының этологиясын білу ұстау
технологиясының әр түрлілігінде қоршаған орта жағдайының әсер етуін дәл
талдауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығындағы дамуларға сәйкес жануарларға ұдайы бұрынғы
дәстүрлі бағуда қолданылмаған факторлар әсер етеді.Қоршаған ортаның
технизация кезінде пайда болған, ерекше білінетін жаңа факторы шу болып
табылады.
Шу – жануарлардың ағзаіне әсер ететін факторлардың бірі. Егер шудың
қысымының мөлшері белгілі бір деңгейден асатын болса, шудың әсері стресс
факторы ретінде байқалады.
Шу жүйке жолдарына физикалық әсер етуді тудырады. Шудың шектен тыс
жағымсыз әсер етуі оның ағзаға комплексті түрде әсер етуінің нәтижесінде пайда
болады. Бұл ауыл шаруашылық жануарларының өмірлік көріністерінің өзгеруімен
байқалады.
Жануарлардың өмірлік көріністеріне шудың әсер ету деңгейі төмен
36
бөлмелерде ұсталатын жануарларға оның 40-60 дБ-дан асуы әсер етеді.
Жануарлар мазасызданады, дем алу уақыты азаяды, азық қабылдау дәрежесі
төмендейді және т.б. Мұның бәрі жануарлардың өнімділігіне кері әсер етеді. Бірақ
адаптацияның бірнеше уақыты өткен соң бұндай шуға жануарлар үйрене
бастайды.
65 дБ- да әсер еткенде кейбір жануарларда вегетативті-гормональды
жүйесінің тітіркенуі байқалған, ал 70 дБ-да шудың ұзақ уақыт әсер етуі
жануарлардың кейбір түріне кері әсер етеді.
Дыбыстың кері әсер етуінің дәрежесі оның интенсивтілігіне және
ұзақтығына байланысты. Жалпы айтқанда, ағзаның бейімделуінен кейін ұзақ
уақыт бойы шудың әсері анда – санда әсер ететін шуға қарағанда (дыбыстың
қысымының бірдей дәрежесінде) зияны аз болып табылады. Керісінше, қатты әрі
тез әсер ететін шу төменгі дыбыс қысымында ылғи әсер ететін шуға қарағанда
зиянды. Интенсивті шулардың жағымсыз әсері негізінен маңызды жеке ағзаларға
біршама әсер етуіне байланысты сипатталады.
Жануарлардың шуға жауап қайтару реакциясы адамдарға қарағанда төмен.
Сондықтан шудың адамдар мен жануарларға әсер етуін зерттеу әр түрлі болып
келеді.
Ауыл шаруашылық жануарларының арасында қатты шу ірі қара мал және
жылқыларға жағымсыз әсер етеді, ал шошқаларға оның әсері онша әсер ете
қоймайды.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Орталық жүйке жүйесі ағзада ең алғашқы маңызды функцияларды атқарады.
Біріншіден, ағзаның ішіндегі барлық үрдістердің сай келуін, координациясы мен
интеграциясын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде барлық ағзалар мен жүйелер
өзара әрекеттесіп, ағза функционалды бір тұтастылықты құрайды. Екіншіден, оған
ағза мен үнемі өзгеріп отыратын қоршаған ортаның арасындағы байланыстыратын
37
функция тән.
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы жалпы және жеке болып жіктеледі.
Үлкен жарты шардың функциясының сипаттамасы «Жоғары жүйке жұмысы» деп
аталатын ерекше бөлімде айтылған.
Орталық жүйке жүйесінің функциясы.Омыртқалылардың орталық жүйке
жүйесі бір – бірімен тығыз байланысқа түсетін көптеген нейрондардан тұрады.
Бірақ, әр нейрон өз алдына жеке болып келеді. Бұл бір жасушаның протоплазмасы
мен өсінділері басқа жасушаға енбеуімен түсіндіріледі. Бір жүйке жасушасының
аксоны басқа жасушаның дендриттерімен немесе денесімен ғана жанасады. Екі
нейронның бір – бірімен жанасқан жері синапс деп аталадыы. Орталық жүйке
жүйесінде көптеген синапстар бар.
Функционалды жағынан нейрондарды үш негізгі классқа жіктейді:
1) сезімтал немесе афферентті;
2) қозғалғыш немесе эфферентті;
3) аралық немесе қондырма.
Афферентті нейрондар рецепторлардан қоздырғыштарды орталық жүйке
жүйесіне өткізеді, оларды рецепторлы деп те атайды. Бұл нейрондардың денесі
орталық жүйке жүйелерінен тыс, жұлын мен ми ганглияларында орналасқан. Бұл
нейрондардың басқаларынан ерекшелігі - екі ұзын өсінділерінің бар болуында.
Аксон, қоздырғыштарды жасуша денесінен жұлын орталығына жеткізуші және
аксон тәрізді дендриттер, афферентті талшық ретінде периферияға кіретін және
сезімтал жүйке ұштары – рецепторларға барып қосылатын өсінділері бар.
Рецепторлы нейрондарға тағы да орталық жүйке жүйесіндегі қоздырғыштарды
рецепторлардан емес, басқа рецепторлы нейрондардан алатын кейбір нейрондар
жатады. Оған мысалға, көру мүшесінің нейрондары жатады.
Рецепторлы нейрондарды сезімтал немесе сенсорлы деп те атайды, себебі
олар орталық жүйке жүйесіне әр түрлі сезімдерді тудыратын импульстарды
38
жеткізеді.
Эфферентті немесе эффекторлы нейрондар қоздырғыштарды орталық жүйке
жүйесінен жұмысшы ағзаларға – эффекторларға жібереді. Бұл нейрондардың
денесінен қоздырғыштар периферияға ұзын аксондар арқылы тасымалданады.
Қаңқа бұлшық еттеріне импульстарды жіберетін эфферентті нейрондар қозғалғыш
немесе мотонейрондар деп аталады. Олардың денелері жұлынның вентральды
бөлігінде, орта және сопақша мида орналасқан.
Көптеген эфферентті нейрондар импульстарды тікелей периферияға
жібермей, басқа төмен орналасқан нейрондар арқылы тасымалданады. Мысалы,
үлкен жарты шардың немесе орта мидың қызыл ядросының эфферентті
нейрондары импульстарды жұлынның мотонейрондарына жібереді. Вегетативті
жүйке жүйесінің эфферентті нейрондары орталық жүйке жүйесінен тыс жерде –
перифериялық ганглияларды орналасқан.
Қондырма (аралық, байланыс нейрондары, интернейрондар) орталық жүйке
жүйесіндегі нейрондардың ең көп тобын құрайды. Олар рецепторлы және
эффекторлы нейрондарды байланыстырады. Олар тудыратын әсерлерге қарай
байланыс нейрондарын қоздырғыш және тежегіш деп ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |