3
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ветеринариялық медицина кафедрасы
Тегза А.А., Кунтуган А.К.
ЖАНУАРЛАР ЭТОЛОГИЯСЫ
Оқу құралы
Қостанай, 2016
4
ӘОЖ 591.500(075)
КБЖ 28.6я7
Т 38
Автор: Тегза А.А. Ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры ,
ветеринариялық ғылым докторы, Кунтуган А.К. ветеринариялық медицина
кафедрасының оқытушысы.
Пікір жазғандар: Д.Т.Конысбаева биология ғылымдарының кандидаты, доцент
К.У.Сулейманова биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Г.Ж. Султангазина биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Тегза А.А.
ISBN 978-601-7481-70-4
Т38 «Ветеринариялық медицина» «Ветеринариялық санитария», «Зоотехника»,
«Биотехнология», «Биология» мамандықтарының студенттеріне арналған.
«Жануарлар этологиясы» оқу- құралы/ А.А. Тегза., К.А.Кунтуган - Костанай,
2016.- 270 б. Жануарлар этологиясы оқу – құралы жануарлар мінезқылығы
формалары мен типтерінің жіктелуінің талдауынан, әр түрлі әдістермен
орындалатын этологиялық зерттеулер әдісінің сипаттамаларынан тұрады.
Ветеринариялық медицина, эоотехника, биотехнология, биология, жануарлар мен
құстардың физиологиясы мен этологиясын зерттеумен айналысатын ҒЗИ және
зертхана қызметкерлеріне арналған. ӘОЖ 591.500(075
КБЖ 28.6я7
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу әдістемелік
кеңесінде бекітілген №4 хаттама 01.06.2016 бастап
©
Тегза А.А. Кунтуган А.К. 2016
5
Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................. 6
ЖАНУАРЛАР ЭТОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ.................................................... 8
Өмірлік көріністердің өзгерістері....................................................................... 14
Инстинктивті мінезқылық..................................................................................
15
Инстинктивті мінезқылықтың құрылымы.......................................................
26
Эндогенді әсер факторының мінезқылығы........................................................ 33
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ.................................. 38
Рефлекстер туралы ілім......................................................................................... 39
Ми қыртысындағы тұйықталудың түрлері......................................................... 63
Жануарлардың жоғарғы жүйке жұмысының типтері........................................ 75
Анализаторлар....................................................................................................... 84
ЖАНУАРЛАР МІНЕЗҚЫЛЫҒЫНЫҢ ЭТОЛОГИЯСЫ........................
87
Мінезқылықтың формалары.............................................................................
88
Ойда сақтау – импринтинг................................................................................... 90
Жануарлардың мінезқылығының қалыптасуы...............................................
92
Мінезқылықтың түрлері мен классификациясының негізі...........................
94
Мінезқылығының генетикалық негіздері........................................................
98
Инстинкт................................................................................................................. 101
Жануардың әлеуметтік мінезқылық..................................................................
104
Ориентация........................................................................................................... 106
Жануарлар популяцияның кеңістіктегі этологиялық құрылымы.................... 107
Табындық (топтық) мінезқылық.......................................................................
115
Ерекшелеу қызметіне байланыстырылған мінезқылық.................................
125
Жыныстық мінезқылық...................................................................................... 145
Аллеломенттік (еліктеу) мінезқылықтар.........................................................
164
Зерттеулік мінезқылық......................................................................................
177
Қауымдастық емес мінезқылығы...................................................................... 182
Когнитивті оқыту.................................................................................................. 187
Ойындар................................................................................................................ 192
Жануарлардың мінезқылығын бағалау әдістері.............................................
193
Өзін-өзі сақтау мінез қылығы............................................................................
209
Азықтық мінезқылық............................................................................................ 219
Қамқорлық мінезқылығы(ұрпағына байланысты қамқорлығы)....................
235
Әдебиеттер тізімі
266
6
Кіріспе
Қоршаған ортадағы өзгерістер тірі ағзаның бейімделуіне ықпал етеді.
Қоршаған ортаның баяу өзгерістері дегеніміз - мүшелер жүйесінің немесе ағзаның
бірте-бірте физиологиялық өзгерістерге ұшырауы. Қоршаған ортаның кенет
өзгеруіне жануарлардың бейімделуі физиологиялық және мінезқұлықтық жылдам
реакциялар арқылы жүзеге асады.
Мінезқылық – бұл жануар ағзасының қоршаған ортаның өзгерістеріне
жауабы, яғни ағза мен тіршілік ортасының өзара байланысы.
Мінезқылық реакциясы бейімделгіш болып келеді және түр мен
түршелердің өмір сүруіне ықпал етеді. Мінезқылық
–
бұл
жануарлардың
қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін функция.
Этология мінезқылықтың мынадай түрлерін зерттейді: азықтық, ата-аналық
және әлеуметтік мінезқылықтар, жануарлардың орын ауыстыруы, себепті
мінезқылық факторлары, онтогенездегі мінезқылық эволюциясы және дамуы,
жануарлардың түрлік ерекшеліктері мен мінезқылқы.
Этологияның
негізін
қалаушылардың бірі К.Лоренц (1970)бұл жіктеуді «Мінезқылық морфологиясы»
деп атап, жануарлардың этологиялық ерекшеліктеріне назар аударады.
К.Фабридің пікірі бойынша (1976) мінезқылық – жануарлар өмірлік қажеттіліктері
үшін, қоршаған ортамен байланысуға бағытталған қозғалыс жүйесі деп атады.
Э.Кеделл (1980) мінезқылыққа жануарлардың қоршаған ортаға немесе өз
ағзасының күйіне жауап қайтаратын үрдісті жатқызады.
В.Великжаниннің (1983) ойынша, мінезқылық– бұл жануарлардың
биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған өмір сүру салты.
Жалпы барлық анықтамаларда ғалымдар интактті мінезқылық негізіне
жануарлардың өмірлік маңызды қажеттіліктері мен оған қозғалыс реакциясының
жиынтығы кіреді деп жазған. Л.Баскин (1976) мінезқылықтың белсенділігінің 5
типін ажыратты: азықтық, әлеуметтік, жыныстық, аналық және қорғаныс.
7
В.Великжанин (1983) бірінші дәреженің 5 типін ажыратуды ұсынады:
азықтық,
бейімделгіш,
қозғалыс,
популяциялық
және
репродуктивті.
И.П.Павловтың рефлекстердің классификациясына негізделе отырып және
зоотехника ғылымында қалыптасқан дәстүрлерді ескере отырып, үй
жануарларының мінезқылқының жүйесін Б.П. Мохов (1991) 6 типке бөлді:
- гомеостатикалық (азықтық, ыңғайлық, экскреторлы);
- репродуктивті (жыныстық, аналық,есте сақтау);
- топтық (иерархиялық, ойындық, табындық, еліктегіш және т.б.);
- қорғаныс (агрессивті, байқаушы, жасырын және т.б.);
- зерттеулік;
- себепті.
Этология ғылымын зерттеушілердің бірі Роберт Кайндтің ойынша,
жануарлардың мінезқылқы жүйелерінің классификациясы шектеусіз. Бірақ,
барлық ұсынылған классификацияларды тәжірибеде және зерттеулік жұмыстарда
қолдануға болатынын ескеру қажет. Мал шаруашылығында азықтық, топтық және
репродуктивті мінезқылықты зерттеу негізгі орында болғаны жөн.
Этологияның қолданбалы мағынасы мінезқылықтың ең қолайлы шарттарын
анықтау, жануарларды қолданудың жүйелерін жобалау мен жағымды
мінезқұлықтың құрылу әдістерін қолдану болып табылады.
Мінезқылықтың жағымды жақтары өндірістің экономикалық тиімділігін
арттырумен қатар ағза мен қоршаған ортаның ара қатынасын үйлестіріп. Бұл
жерде тұқым қуалаушылықтың өзгеруі, онтогенез, қоршаған орта жағдайы мен
ағзаның физиологиялық жағдайының негізінде мінезқылықтың реттелуі жайлы
сұрақ туындайды. Мінезқылықтың өзгеруінің себептерін оқып білмей этологияда
тәжірибе жүргізуге болмайды.
8
ЖАНУАРЛАР ЭТОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ
Ауыл шаруашылық жануарларының этологиясы жануар ағзасында пайда
болатын өмірлік ерекшекліктерді қысқаша сипаттайды.
Этология – бұл экологиялық аспектілермен тығыз байланысқан зоологиялық
пән. Оның аты гректің «этос» деген сөзінен шыққан, яғни әдет деген мағынаны
береді.
Этологияның негізі нақты зоологиялық обьектілерге негізделген индуктивті
зерттеу болып табылады. Этология тәуліктік режимді белгілі бір жануарлардың
түріне қарай реттейді.
Этология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы этология жануар
ағзасында болатын өмірлік көріністердің негізін қалайды және жануардың жүйке
жүйесінің, гормондарының, ағзаның тұқым қуалаушылық факторларының,
абиотикалық әсерлерінің және өмірлік көріністерінің динамикасын сипаттайды.
Жеке этологияның зерттеу нысанына жеке түрлердің әлеуметтік жағдайы,
жануарлардың өзіндік қарым – қатынасы, көбею кезіндегі мінезқылық формалары
(мысалға, ұяны салу және т.б.) жатады.
Қазіргі түсінік бойынша этология сипаттамалық ғылым ғана емес, сонымен
қатар физиологияның бір бөлігі болып саналады және этологияны биологиялық
зерттеулердің жеке бағыты ретінде қолданады. Негізгі этологиялық зерттеулер
жабайы жануарларға, сирек ауыл шаруашылық жануарларына жүргізілді. Соңғы
онжылдықта көптеген этологиялық зерттеулер ауыл шаруашылық жануарларына
да жүргізіліп келді. Бұл зерттеулердің нәтижелерін алу үй жануарларын бейімдеу
кезіндегі өзгерістерді болдырмау үшін қажет болды. Бұл қоршаған ортаның
түбегейлі өзгеруіне, ағзаның негізгі стимулдарының жоғалуымен (азық қабылдау,
өсіру және жұптастыру кезінде) және жануарлардың өнімділігінің артып,
біржақты болуына байланысты болып, сонымен қатар, қолайсыз жағдайларға
жануарлардың ағзасының сезімталдығы артады. Этология саласында жүргізілген
9
зерттеулер ауыл шаруашылығы жануарларының өмірлік көріністеріне қатысты
негізгі параметрлерін жіктейді.
Этологиялық зерттеулердің негізі: Жануарларды ұстаудың этологиялық
зерттеулері үш негізгі мақсатқа негізделеді.
1.Практикада немесе эксперименттік түрде тиімді ұстау жүйесін анықтап
бағалау үшін әр түрлі жануарлардың өмір сүру қабілетін оқып білу барысында
олардың тұқымы, жасы мен өндірістік санатын өмір сүру ортасына сай
(анықталған биоклиматтық, технологиялық және өндірістік-ұйымдастыру
көрсеткіштері арқылы) зерттеу жүргізу керек.
2.Әр түрлі параметрлерге байланысты жануарлардың әрекет қабілеттілігін
немесе қоршаған ортаның параметрлерінің сәйкестігі, биологиялық және физика-
техникалық мінезі арқылы модельді оқып білу. Бұл екінші топтағы зерттеулер
негізгі этологиялық қасиеттерді анықтайды және де оларды ұстау жағдайына
байланысты ортаның бөлек параметрлері арқылы техникалық сұрақтарды шешуде
басты рөл атқарады.
3.Бір түрдегі, бірақ әр түрлі тұқымдағы, санаты мен өнімділігі жағынан
біркелкі
өндірістік-технологиялық
жағдайда
ұсталған
жануарлардың
салыстырмалы этологиялық зерттеу барысында зерттелген жануарлар топтарының
негізгі өмір сүру қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге мүмкіндік туады.
Айта кететін болсақ, жануарлардың ішкі ортаға әсер етуі негізгі шешуші
фактор болып табылады. Өйткені жануарларды ұстау жағдайын бағалау олардың
әр түрге табиғи талап қоюына сәйкес және сауалды тиімді практикалық
қолдануда қанағаттануы тиіс.
Ортаның өзгеруіне байланысты жануарлар көп түрлі реакцияларға әсер
етеді, көбіне ең басты олардың негізгі өмір сүру ортасының өзгеруі басты себепші
болады. Сондықтан да мұны ағзаның ішкі жағдайға интегралдық реакциясы деп
санаймыз.
10
Ауылшаруашылық малдардың өмір сүру тәжірибесі жөніндегі негізгі
ақпарат оларға тәжірибе жүргізуге және алынған көрсеткіштерді талқылау үшін
қажет. Бұл қарапайым мәліметтерсіз сыртқы тәжірибелердің дұрыс жүргізілуі
олардың көрсеткіштеріне малдың тәртібіндегі реакциялардың кем есептелуіне
әсер етеді. Осы мәліметтер арқылы авторлардың бір өзекті мәселені шешу
барысында бір әдістемені қолдануы, бірақ сонда да әр түрлі көрсеткіштерге жетуін
осыдан түсіндіруге болады.
Этологиялық зерттеулердің әдістері.Өмірінің тануынан нақты мәліметтер
алу (туылғаннан бастап өсу деңгейіне дейін) әр түрлі малдың тұқымы, жасы мен
өндірістік санатын өмір сүру ортасына сай әр түрлі даму кезеңі – осының бәрі
этологиялық зерттеулерді қажет етеді. Бұларды оқыту негізінде индуктивті
зерттеу әдістері жатқаны байқалады.
Белгілі бір түрді бақылау бағытындағы этологиялық зерттеулер барысынды
суреттеу бақылау түрі және эксперименттік зерттеу қолданылады. Бірінші әдіс
бойынша морфологиясы, ал екінші әдіс бойынша зерттеліп отырған малдардың
физиологилық тәуліктік тәртібі анықталады.
Суреттеу этологиясы. Бұл этолгияның бір бөлігі әр түрлі әдістер негізінде
жүзеге асады, қарапайым бақылау арқылы әр түрлі жануарлар арасындағы кеңістік
уақытаралық қарым-қатынасты түрлі құбылысты орнату арқылы жүзеге асады.
Этологиялық зерттеудің бірінші кезеңінде тәуліктік тәртіп қалай сақталатынын
және малдардың орын алған реакциялары (этограмма) жайында суреттеу міндеті
қойылады. Бұл этограмманы белсенділік санатына қарай бөліп қарастыруға
болады. (мысалы, тамақтану, мерзімі, қозғалысы, демалысы) немесе суретке
түсіру, киноға түсіру, дыбыстарды жазу арқылы хаттама толтыру арқылы іске
асады.
Жануарлардың саны және уақытша жоспар. Зерттеудің мақсты мен
міндеттеріне сәйкес бақылауға алынған жануарлардың саны анықталады. Үлкен
11
топтарды немесе табынды оқып білу барысында ғимарат ішін бірнеше секторға
бөлу керек, әр секторға этограмманы жеке жұмысшы құрастырады. (табын 100
бастан асса этологиялық көрсеткіштер екі-үш жұмысшының көмегімен есептеледі)
Егер зеттеулер жеке түрінде жүргізілетін болса жануарларға ен салу керек
(мысалы, тек қана бөлек алынған топтар бойынша (мол өнімді, доминантты
немесе рецессивті немесе топқа жаңа алынған аңшылық кезінде өз бетімен өмір
сүруші ағза, ұрғашы). Салынған ен берілген жануарды алыс қашықтықта ажырата
алатындай болу керек.
Ірі қара малды түрлі түсті бояумен бояған ыңғайлы. Бұл тәсілдің
қолайсыздығы бояуды жаңалатып отыруда. Сан түрінде қойылған таңба ірі болуы
шарт, мадлың қай жағынан қарасаң да ыңғайлы болу үшін ол арқасының екі
жағына да қойылады. Түнгі уақытта бақылау жүргізуге ыңғайлы болу үшін бояуға
жарқырап тұрушы заттар қосылады.
Іс-тәжірибелерді есепті белгілеу үшін таңба салынатын пластмассадан
жасалған әріптермен белгіленген тақтайша пайдаланылады. Зерттеулер малдардың
мазасын алмауы керек, сондықтан да жүргізіліп жатқан зерттеу белгіленген бір
алыс қашықтықта жүргізілуі тиіс. Бұл оңтайлы зерттеудегі ең негізгі шарт болып
табылады.
Сандық және сапалық өзгерістерді байқау үшін бақылау тәулік бойы үзілмей
жүргізілуі тиіс. Керісінше, тәуліктің анықталған бір бөлігі қайталанып тұрған
жағдайда ғана және малдың тәртібінің өзгеруін зерттеу жазуларының негізінде
тәуліктің әр түрлі кезеңіне байланысты өзгеріп отыруына байланысты қадағалап
отырады. Бақылаулардың арасындағы жоспарланған үзіліс этологиялық
зерттеулердің бағытына және зерттеп жатқан малдың санына байланысты 5-10
минут аралықта болмақ.. Ауылшаруашылық малдардың өмірлік құбылыстарын
оқу барысында негізгі зоотехникалық және өндірістік көрсеткіштермен қатар
микроклиматтық технологиялық параметрлерді көрсету керек..
12
Әр түрлі деңгейдегі өмірлік құбылысты сол ортаға бейімделген және жаңа
келген жануарлардан байқауға болады. Сонымен қатар жануарлардың
денсаулығының жағдайы оларды тамақтандыру мен өнімділігі және т.б мәліметтер
қажет болған жағдайда олардың өмір сүру жағдайында ауытқушылықтар байқауға
болады. ( табынға жаңа малдарды кіргізу, тұрған орнын, торларды, вольерлерді
жинау, рациондардың ауысуы, ветеринарлық тексерулер және т.б)
Зерттеу мақсатына сәйкес оны әр түрлі схемада жүргізуге болады.
Шағын аумақтағы климаттың өзгешеліктерінің күйзеліс жағдайын табу
кезінде (мысалы, жоғары қосындысы С02 — 2 дан 5%ға дейін) малдың өмірлік
тіршілігін жануардың реактивті қысымын анықтау тәсілімен оқып білуге болады.
Сонымен қатар 10,20,30,40,50 және 60 секунд аралықта малдардың қозғалыс
белсенділігі бағаланады. (бастапқыда барлық малдар жатады)
Қолданылатын акустикалық қысымның деңгейін шуыл өлшегіштің
көмегімен нақты бағалау қажет. Шошқаның әр түрлі СО2 қосындысында
акустикалық ынталандыру әсерін нақты мысал түрінде 4-кестеде келтірілген.
Қоражайларда жүргізілген өндірістік тәжірибелердің толық бейнесін
суреттеу. (тағам мөлшерін ескере отыра) Жеке жұмыс операцияларының
механимінің жұмысы туралы деректер.
Шағын аумақтағы климаттың өзгешеліктерінің негізгі параметрлері
температура, °С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %, қозғалыс
қарқындылығы, м/с , жарықтандыру қарқындылығы.
Бірінші кезекте бұл мына жағдайларын қарастыруы қажет:
а) бір малға шақтағанда жату орнының аумағын есептей отыра (берілген
ұстау түрі бойынша);
б) бір малға шақтағанда тамақтанлыру орныныңаумағын есептей келе;
в) далаға шығару аумағын бір малаға шақтағанда;
13
г) тамақтандыру немесе суару орнына келген малдың санынына қарай
(немесе бір малды тамақтандыруға қарай);
д) жеке өндірістік үрдістің механизмі үшін қажет барлық техникалық
қондырғылар туралы
Этологиялық зерттеу барысында малдардың беімделуіне аса көп назар
аударылуы қажет. Сондықтан да қандай да бір зерттеу жасаған кезде берілген
технологиялық жағдайларда қаншалықты уақыт аралығында зерттеулер
жүргізілгенін тіркеп отыру керек.
Аспапты зерттеу. Аталып өткен малдардың тыныс-тіршілігі зерттеу
аспаптарынан басқа( (фотоаппараттар, кинокамералар, магнитофондар және т.б.).
этологиялық зерттеулер үшін басқа да аспаптар керек. Бұл бір жағынан
жабдықтау, берілген мақсат үшін дайындалған, ал басқа жағынан алғанда
этология басқа да ғылымдармен физиология, биоклиматология, психология және
классическалық зоологиямен тығыз байланыста.
Қозғалыс
қарқындылығын
есептеу.Ірі
қара
малдың
қозғалыс
қарқындылығын малдың жайылымға дейінгі барар жолдың арақашықтығын
регистрлік аралықтың алыс-жақындығын өлшейтін оптикалық аспаппен есептеу
қажет. Бұл деген кішкентай бір дөңгелекті арбаны теріден жасалған шынжыр
арқылы тартады. Сол кезде дөңгелектің айналу қозғалысы арқылы малдың
жайылымға дейінгі арақашықтықты анықтауға болады. Малдың қозғалыс
бейімділігін малдың жотасына орнатылған адым өлшегіш арқылы жүзеге асыру
оңайырақ болады.
Алыстан өлшеу. Телеметрия. Этологиялық зерттеулер кезінде кейбір
негізгі физиологиялық көрсеткіштерді оқып білу қажет болады. Бұл жаңа
тәсілдерді қолдануға алып келеді. Ол дегеніміз малдың қылықтарына әсер етпей
классикалық әдістерді толықтырып отыруына, ортаның динамикалық ортаның
өзгеруінің көрсеткіштерін алуға мүмкіншілік береді.
14
Бұл жағдайлар көбіне алыстан өлшеу кезінде пайдаланылады.
Алыстан өлшеу дегеніміз - бұл өлшеу үрдісі. Өлшегіш орын көлемін, бір
жағынан өлшегіші және тіркеу аппаратурасы арқылы, ал екінші жағынан,
қашықытық қолданылады, жіберілаппаратурасына түсер алдында құпияланған
түрде көптеген қиыншылықтардан өтеді. Сымсыз алыстан өлшеу мен алыстан
өлшеуді бір-бірінен сымдар арқылы ажыратады. Сымсыз немесе арнайы алыстан
өлшеуге радиотолқынның көмегі арқылы өтетін барлық өлшеу үрдістері жатады.
Сым арқылы алыстан өлшеу жағдайында ақпарат тоқ арқылы беріледі.
Этологиялық зерттеулердің мақсаты алыстан өлшеу әр түрлі жағдайларда
өлшеу түрлерін жүргізгенге өте ыңғайлы. (тәжірибе кезіндегі ірі қара малдың
эмоциялық жағдайының ауытқуы ), сонымен бірге қозғалыс үрдісін бақылауға
мүмкіндігі жоқ жерлерде (ағзада немесе дене мүшелерінде) Келесі артықшылық,
бұл өлшеу үрдісінің өлшенетін объектіге әсерін тигізбейді.
Алыстан өлшеу (Телеметрия) үздіксіз өлшеу мүмкіншілігін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |