№12 (5983) Сенбі, 21 наурыз, 2015 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата08.01.2017
өлшемі14,14 Mb.
#1445
1   2   3   4   5   6

Қ. ЖҰМАБАЕВ

             «Ұлытау » ұлттық                   

тарихи-мәдени және табиғи 

қорық - мұражайының

 ақпарат жетекшісі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлытау өте қасиетті жер. Ұлытау деп 

аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне 

барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Дегенмен, 

Ұлытаудың орны бір басқа » деген болатын.

Мәдени мұра

ҰЛЫТАУ – ҰЛТ ҰЯСЫ, 

КИЕЛІ МЕКЕН

         Ұлытау аудандық Қорғаныс істері 

бөлімінде  «Өткен  жылдың  қорытынды-

сы, биылғы жылғы міндетті әскерге шақы-

ру  жөнінде»  жиналыс  өтті.  Жиналысты 

аудан әкімінің орынбасары Б.Ақышбеков 

ашып, бұл жиынның маңызын түсіндірді.

Бұдан  соң  күн  тәртібінде  қаралып 

отырған  мәселе  бойынша  аудандық 

Қорғаныс  істері  бөлімінің  басшысы 

Е.Өткелбаев 2014 жылы Қорғаныс істері 

бөлімінің  атқарған  жұмысы  жөнінде 

баяндама  жасады.  Өткен  жылы  1987-

1996  жылғы  азаматтар  әскер  қатарына 

шақырылғанын,  60  азамат  әскер  қата-

рына  алынғанын,  көктемгі,  күзгі  әскер-

ге шақыру 100%-ға орындалғанын айта 

келіп,  әскерге  шақырған  азаматтарды 

тексерістен  өткізуде  туындайтын  қиын-

дық  ауданда  құлақ,  тіс  дәрігерлерінің 

жоқтығы,  осы  мәселе  шешілсе  –  деді. 

Биыл 5 наурыздан 26 мамырға дейін 

азаматтарды әскерге шақыру іс-шарала-

ры жүргізіледі. Әскерге шақырудан жал-

тарғандарға айыппұл салынады немесе  

бес жылға дейін бас бостандығынан ай-

ырылады.  Осындай  заң  күшіне  енгенін 

айтты.  Биылғы  әскерге  шақыру  ісіне 

«Фоксис»  филиалы  демеушілік  жасай-

ды  –  деді.  Бұдан  кейін  Қорғаныс  істері 

бөлімі  басшысының  орынбасары  Асан 

Мырхиев үстіміздегі жылдың 1 қаңтарын-

да қабылданған жаңа заңға түсінік берді.

Жиналысты  аудан  әкімінің  орын-

басары  Б.Ақышбеков  қорытып,  Ұлы 

Отан  соғысының  Жеңісін  қарсы  алуда 

ұйымшылдық  көрсетуді  айтып,  Қорға-

ныс істері бөлімінің ісіне сәттілік тіледі.



Ж.АЯШЕВ.

АЗАМАТТЫҢ АРДАҚТЫ 

БОРЫШЫ


4

21 наурыз, 2015 жыл 

№12 (5983)

Ұлытау өңірі



Мереке мерейі

Әйел деген ұрпақтың анасы. Ел 

басқаратын дана да, тура төрелік айтар 

қазы да, алып батыр да, кемеңгер ғалым 

да ана арқылы өмірге келеді. Сондықтан, 

ұрпағының ертеңін, мемлекеттің 

болашағын ойлаған ұлт алдымен анаға 

қамқорлық жасап, әйелдерге қолдау 

көрсетіп келеді. Осы тұрғыдан 2015 

жылдың 5 наурыз күні  «Ұлытау ауданының 

жастармен жұмыс жасау орталығы» 

ММ –нің ұйымдастыруымен 8 наурыз — 

Халықаралық әйелдер күніне арналған 

«Ана - өмір шуағы» атты мерекелік шара 

аудан әкімінің орынбасары Ақышбеков 

Берік Базылұлының қатысуымен өтті. 

Аталмыш шара Ұлытау ауданының білім, 

дене шынықтыру және спорт бөлімінің 

конференция залында  ұйымдастырылып, 

Ұлытау ауданының жастармен жұмыс жасау 

орталығының атынан шағын сыйлық пен 

Құттықтау хаты ұсынылды.

    Аталмыш тақырыпта Жезді кентінің 

жастармен жұмыс жасау бөлімінің 

инспекторы А.Жәкенова  Алтын алқа иесі 

Жұмабаева Рысалды Сейтжапарқызына  

және Қарсақбай кентінің жастармен жұмыс 

жасау бөлімінің инспекторы А.Тоқметова 

Күміс алқа иесі Жантурина Қуаныш 

Ідірісқызын марапаттап, шағын сыйлықтары 

мен Құттықтау хаттарын ұсынды.

     Ардагер аналарды мадақтау, оларға 

құрмет көрсету өскелең жас ұрпақтың 

парызы деп білемін! Ардагерлерімізге 

қолғабыс көрсету олардың үй, дала 

шаруашылықтарына көмек көрсету 

мақсатында ауданның жастар орталығы 



«Ардағым – Ардагерім» акциясын жүзеге 

асырып келеді.



Қ. НҰРҒАЛИ,

Ұлытау ауданының жастармен 

жұмыс жасау орталығының 

инспекторы.

«АНА – ӨМІР ШУАҒЫ» 

ардагерлерді құттықтау акциясы  

Мерекелік  бағдарлама  ауыл  өнерпаз-

дарының  «Анасы  бар  адамдар  ешқашан 

қартаймайды»  атты  мерекелік  концертімен 

басталды.  Мерекелік  концертті  Қ.Сейтжап-

бар жүргізді. Концерт ауыл әкімі М.Ахметов-

тың  құттықтау  сөзімен  ашылды.  М.Ахметов 

аналар  қауымы  мен  қыз-келіншектерді  ме-

рекелерімен  құттықтап  және  ауыл  экономи-

касының дамуына өз үлестерін 

қосып  жүрген  бірнеше  белсен-

ді  әйелдерді  әкімшілік  атынан 

«Алғыс  хаттармен»  және  зат-

тай сыйлықтармен марапаттал-

ды.     Мереке құрметіне  «Кең-

гір» шаруа қожалығының иегері 

Б.Нұржанов  жалғызбасты  ана 

Ш.Әлменоваға және көпбалалы 

ана  Г.Жалғасбаеваға  әлеумет-

тік қалталар тапсырылды.

                Аналарға  арнап  ауыл 

өнерпаздары  Ж.Мұқанова,  Ж.Еламанова,Н.

Амандықтар  әнмен  шашу  шашса,  П.Дәлкен 

күмбірлетіп күй төкті.

        Бұдан кейін ортаға «Егінді аруы - 2015» 

сайысын жүргізуші Г.Жүнісова шығып

Бар   сұлулық табиғаттан басталады

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырған 

                                           гүлдей жайнап,

Қошеметпен қол соғып сахнаға — 

Шақырайық  сынға  түсер  аруларды    -  деген  

жыр жолдарымен сайысқа қатысушы 5 аруы-

мызды сахна төріне шақырды.

Сайыс  7  бөлімнен  тұрды.  1-бөлім  «Мен 

қазақтың  қызымын»  Өзін  -өзі  таныстыру. 

2-бөлім  «Өнерліге  өріс  кең»-өнер  сайысы. 

3-бөлім «Бармағынан бал тамған» -салат жа-

сау  сайысы.  4-бөлім  «Зерделінің  ойы  озық» 

лездеме  сұрақтарға  жауап.  5  –  бөлім  «Кел, 

билейік!» - әр ұлттың биінен жарыс. 6- бөлім 

«Қыз  еркем,  кестесімен  көркем»  үй  тапсы-

рмасы  (  қолөнер  бұйымдарын  әкелу).  7  – 

бөлім  «Көркіне  сәні  жарасқан»  (  сәндік  киім 

мен шаш үлгісін көрсету).

  Аруларымыздың өнерлері бірінен- бірі асып 

түсті.Берікбай С. орындаған «Қос бәйтерегім» 

әні мен Қажымұқан Д. шырқаған ағылшынша 

әні,С.Қоныс  пен  Ұ.Рүстембайдың  мәнерлеп 

оқыған  жырлары,  И,Жұматтың  М.Әлмаған-

бетовпен бірігіп орындаған «Қарттар үйінде» 

шағын  көрінісі  ,үй  тапсырмасына    әкелген 

қолөнер  бұйымдары  да,  жасаған  салаттары 

да, көрсеткен сәндік киім мен шаш үлгілері де 

аруларымыздың  жақсы  дайындалып,  біраз 

еңбек еткендерін көрсетті.

«Кел,  билейік»  бөлімі 

бойынша  биылғы  Қа-

зақстан  Халықтары  Ас-

самблеясы 

жылына 

байланысты  аруларымы-



зды әр ұлттың биін билеу 

тапсырылған болатын.

С.Қоныс- қазақ биін,С.

Берікбай-  үнді  биін,  Ұ.Рү-

стембай- 

ұйғыр 


биін,   

Д.Қажмұқан-  өзбек  биін, 

И.Жұмат  –  тәжік  билерін  

билеп көрерменді бір сер-

пілтіп тастады.

Аруларымыздың  «Зерделінің  ойы  озық» 

бөлімінде  аруларымызға  салт  –  дәстүрге 

және  Қазақстан  тарихына  байланысты  4 

сұрақ қойылып, 5- ші сұрақта  қыз балаға қа-

тысты    даналық  сөздердің    мағынасын  ашу 

керек  болатын.Аруларымыз  осы  бөлімде 

ғана қиналыңқырап, білгірлері озып кетті.

Сайысты  әділ  бағалаған  әділқазылары-

мыз:  село  әкімі  аппаратының  бас  маманы 

Г.Мешелова,  мектептің  технология  пәнінің 

мұғалімі М.Жайлаубаева, клуб үйінің әдіскері 

Г.Ахметовалардың  қорытынды  шешімімен  

«Егінді  аруы-2015»  номинациясын-С.

Қоныс,  «Өнерлі  ару»  номинациясын 

-С.Берікбай,  «Білімді  ару»  номинация-

сын-  Ұ.Рүстембай,  «Шебер  ару»  номина-

циясын-И.Жұмат, «Талантты ару»-номина-

циясын Д.Қажмұқан  иеленді.

Аруларымыздың барлығы Мадақтама  

қағаздарымен марапатталып, заттай сый-

лықтар тапсырылды.

               А.БАЛМАҒАНБЕТОВ,

Егінді селолық әкімі 

аппаратының маманы.

 

  ШЫРҚАЛАР ӘН 



АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Шығыс халықтарының арасында, 

жалпы мұсылман  әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарында-

сты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ. Өткен күні 

Егінді селолық клуб үйінде   8 наурыз  — Халықаралық әйелдер күніне 

арналған мерекелік бағдарлама өтті.

Жер бетін ақ қар құрсаулап, күн 

ызғарлы болғанмен де көктемнің 

алғашқы мерекесі – 8 наурыз күні, тір-

шілік нәрін сепкен, аналар құшағындай 

жанға жайлы, шуақты күн болды. Сахна 

төріндегі «Айналайын, ақ мамам» деген 

сөздің шармен жазылып, гүлмен көм-

керілгенінің өзі, анаға деген ыстық ықы-

лас пен мейірім айғағындай. Ертеңгілік 

қонақтары жүздері жайнап, музыка әу-

енімен «Көктем вальсін» ырғала билеп 

шыққан кішкентай бүлдіршіндерді ду 

қол шапалақтап қарсы алды. Арайлана 

атқан нұрлы таңмен бірге сәби жүрегі 

«Ана» деп соқса, бүгінгі ертеңгілігіміз 

аналарға арналды.

«Аналар – өмірдің гүлі, тіршілік нәрі, 

көңілдің жыры, әр шаңырақтың қуа-

ныш тынысы. Осынау шуақты күніңіз, 

тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі 

аналармен ардақты, аналармен нұрлы. 

Сондықтан да барлық ән-жырымыз ана-

ларға арналмақ» дей отырып, бүлдір-

шіндеріміз сәбилік тілекпен аналарына 

арнау тақпақтарын сыйлайды. Ана 

мейірімі, ана дауысы ешуақытта бала 

жадынан, бала жанынан ажырамақ 

емес. Осының дәлеліндей жүргізушінің 

көмегімен бүлдіршіндер «Өз анаңның 

дауысынан таны» ойынын ойнады. 

Аналарының өзін еркелете, айтқан әр 

сөзі бала жүрегіне шаттық сыйлағандай 

әсер қалдырды. Осы сәт музыкалық 

жетекші Т.Жалмурзиннің ойнаған сазды 

әуенімен ілескен балалар «Ақ мамам» 

әнін хормен шырқай жөнелді. Анаға 

қандай ән, қандай теңеу арнасақ та 

артық болмас еді. Болат Ернияз бен 

Дүйсенбай Ерсұлтанның орындауын-

дағы «Анашым» әні көпшіліктің көңілі-

нен шықты. Ақжаулықты әжесіне арнап 

Мәрлен Қожыр «Ана туған күніңмен» 

әндерін орындап, аналарына қуаныш 

сыйлады. Өнерлі бүлдіршіндеріміздің 

бірі Кәусар Дастанның орындаған «Біз 

өмірдің гүліміз» әніне көрермен қауым 

қошеметтеп қол соқты. Әдемі әсем 

қуыршақтай қыздарымыз Е.Қордабай, 

Я.Құттыбек, Н.Бөгетбай, Н.Марткамал, 

К.Дастан «Қуыршағым-ай», «Түрік биін» 

билеп, әдемі әсер қалдырды. Әсем 

әндері мен тамаша билерін аналарына 

арнаған бүлдіршіндер өздерінің ана-

ларына арнап өз қолдарымен жасаған 

сыйлықтарын табыс етті.

Мерекелік ертеңгілік соңында 

әкімшілік атынан З.Жолаев, балабақша 

директоры А.Ақпанова, ата-аналар ко-

митетінің атынан комитет төрайымы сөз 

сөйледі. Балаларға ата-аналар атынан 

сыйлықтар табыс етілді.



Ата-аналар ұйымы.

Байқоңыр ауылының «Балбұлақ» балабақшасында, 8 наурыз – Ха-

лықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Айналайын, ақ мамам» атты 

ертеңгілік өтті. Мерекелік іс-шараға ауыл әкімі С.Әбжанов және алтын 

құрсақты аналар шақырылды.

«АЙНАЛАЙЫН, АҚ МАМАМ»

Жуырда  №4  Қаракеңгір  орта  мек-

тебінде  өткен,  яғни  8  наурыз  мере-

кесінде «Әнім Сізге арналады!» атты 

тақырыпта  сынып  оқушылары  өлең 

шумақтарын  оқып,  ән  айтып,  би  би-

леп,  көрініс  қойып,  құттықтау  лебіз-

дерін ұстаздар мен қыздар қауымына 

паш  етті.  Сонан  соң  7,8,9,10  сынып 

оқушылары арасында «Көктем аруы» 

қыз сыны сайысы өткізілді. Сайыс бес 

кезең  бойынша  өткізілді,  яғни,  өзін-

өзі  таныстыру;  өз  өнерін  көрсету;  үй 

тапсырмасы; сән үлгісі; ас мәзірін да-

ярлау. Әрбір кезең бойынша сайысқа 

қатысушылар  өз  өнерлерін  көрсетіп, 

келген  қонақтар  мен  көрермендерді 

таңқалдырды.

Сайысты  қорытындылай  келе, 

«Көктем  аруы»  номинациясымен 

10  сынып  оқушысы  Назерке  Мұсыл-

манбекова жүлделі орынға ие болса, 

«Дарынды  ару»  номинациясымен  7 

сынып оқушысы Көркем Байсадық, ал 

8  сынып  оқушысы  Аружан  Төлеубек 

«Білімді  ару»  номинациясы  бойын-

ша  марапатталса,  9  сынып  оқушысы 

Ақтоты  Әлтай  «Өнерлі  ару»  номина-

циясы  бойынша  Дипломмен  мара-

патталды. Содан соң «Ерлігі дастан» 

атты  сынып  жетекшілерінің  ұйымда-

стыруымен  сынып  сағаты  өткізілді. 

Және де «Он саусақ» балалар шығар-

машылығының  көрмесі  ұйымдасты-

рылып, оған 3,4,6,7,8,9 сынып оқушы-

лары  белсене  қатысып,  дайындаған 

сурет,  жапсырма,  т.б.  да  қолөнер 

шығармаларын тарту етті.

Осындай игі істер жалғасын тауып, 

өнерпаздарымыз  биіктерден  көрінеді 

деген сенімдеміз, Наурыз – құт-бере-

ке, бірлік әкелсін, демекпіз.

К.БЕКТЕМІСОВА,

№4 Қаракеңгір орта мектебі тәрбие 

ісінің меңгерушісі.

«ӘНІМ СІЗГЕ АРНАЛАДЫ!»



5

21 наурыз, 2015 жыл 

№12 (5983)

Ұлытау өңірі



Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Жалпы  біз,  бүгінгі  орта  буын, 

кенже  буын  соғысты  қалай  қа-

былдаймыз?  Осы  уақытқа  дейін 

оқыған  шығармалар,  экраннан 

көрген бейнелер шын қауіптің қан-

дай  деңгейде  болғанын  сездіре 

алды  ма?  ХХ  ғасырдың  ең  сұра-

пыл  майданында  қисапсыз  ажал, 

телегей қан төгілгенін білдік – бірақ 

салмағын  сезіну  күрделі  мәселе. 

Соғыс  деген  ауылдан  аттанған 

бетте майданға кіріп, жауды жеңіп, 

даңққа  бөленіп  қайтар  аламан 

емес  екенін  түсіндік.  Оны  түсіну-

ге  ең  алдымен  соғысқа  қатысқан 

ақын, жазушылардың окопта, ұрыс 

даласында  туған  шығармалары 

көмектесті.  Деректерге  қарағанда 

Ұлы Отан соғысына 50-ден астам 

қазақ  қаламгерлері  қатысып,  қа-

ламын қаруға айырбастаған екен. 

Сол қаламгерлердің бірқатарының 

шығармаларын  жастайымыздан 

оқып  өскендіктен  бе  ержете  келе 

ауылдағы 

санаулы 

ардагердің 

шолақ 

қолына, 


балдақты 

аяғына,  түсініксіздеу 

мінез-құлқына 

құр-


метпен  қарайтынбыз. 

Олар  соғыс  жайлы 

көп  естелік  айтпай-

тын.  Мүмкін  көкірек-

тің  түпкіріне  тығып 

тастаған 

өлімнің 

үрейлі  бейнесін  сы-

ртқа 

шығарғылары 



келмейтін  шығар.  Әй-

тпесе,  сол  ардагердің 

әрқайсысы соғыс жай-

лы  бір-бір  хикаятқа 

кейіпкер  бола  алар 

еді. 


Соғыс  шындығы 

мен тарихы жайлы ең 

сүбелі  туынды  жазар 

қаламгер, қазақ әдебиеті тым ерте 

жоғалтқан  тұлға  -  Баубек  Бұлқы-

шев  еді.  Ол  қазақ  қоғамы  үшін 

заманның  аласапыран  шағында 

1916  жылы  Ұлытаудың  баурай-

ында дүниеге келді. Баубектің зе-

ректігі  мен  алғырлығын  аңғарып, 

білім  алуға  құштарлығын  оятқан 

ауыл  мұғалімі  Сейтжан  Смайлов 

болатын.Батырлық дастандар мен 

шығыс  шайырларының  тамаша 

жауһарларын көп оқыды. Әке-ше-

шеден  ерте  айырылған  Баубек 

1932 жылы Қарсақбайда ашылған 

фабрика-завод  мектебіне  оқуға 

түседі.  Бұл  мектеп  сол  кездегі 

Ұлытау,  Жезқазған  өңіріндегі  бір-

ден-бір кәсіпке баулу оқу орны еді. 

Шәкірттер тәжірибелерін негізінен 

Қарсақбай  заводында,  Байқоңыр 

көмір  шахталарында  өткізді.  Ба-

убек  те  солардың  қатарында 

болды.  Жезді  марганец  кенішінің 

алғашқы  қазақ  директоры  болған 

Ә.Тоқтыбаев  осы  мектепте  оқы-

тушы  еді.  Бір  күні  Қарсақбайға 

Мәскеуден  күміс  қанаты  күнмен 

шағылысқан шағын самолет келді. 

Баубек қатарлы мектеп шәкірттері 

самолет қонғаннан қаумалай қор-

шап,  қанатты  көліктің  маңынан 

кетпей  қойғанын  байқаған  ұстаз 

Ә.Тоқтыбаев  мәскеулік  ұшқышқа 

орындалуы  екіталай  ұсыныс  біл-

діреді.  «Жолдас  ұшқыш,  байқай-

сыз  ба,  сіз  біздің  балаларға  қан-

шалықты бақыт сыйладыңыз. Егер 

оларды мына қанатқа отырғызып, 

құс  ұшар  биіктікке  көтерсеңіз 

естен  кетпес  ғажайып  сыйлар 

едіңіз». Балалардың бақытты сәті-

не өзі де куә болып тұрған ұшқыш 

ұстаздың өтінішін жерге тастай ал-

мады. «Үш адамнан топқа бөлінің-

дер!  Алғашқы  үштік  бұйрықты 

тыңда!  Аспанға!».  Ұшқыштың 

қысқа  бұйрығы  ауыл  балалары-

на  қанат  бітіріп,  тұңғыш  рет  қара 

жерден көтеріліп, Қумоланың ире-

леңдеген сағасын, алып заводтың 

аумағын,  Жосалының  керуен  жо-

лын  көз  ұшынан  көру  мүмкіндігін 

сыйлады.  (М.С.  Ученик.  Баубек. 

д.  пов.).  Осы  сәт  Б.Бұлқышевтың 

есінде  мәңгі  сақталған  болар, 

1939  жылы  жазған  өлеңдерінде 

аспанға  ұшып,  жұлдызға  жақын 

барған  романтик  бозбаланың 

көңіл хошы аңғарылады. 

Фабрика-зауыт 

шәкірттік 

мектебін  бітірген  Б.  Бұлқышев 

аз  уақыт  туған  ауылында,  «Ұлы-

тау»  совхозында  кіші  қызметтер-

де  істейді.  1935  жылы  талапкер 

жас  білім  қуып  Алматыға  келеді. 

Жалғыз  емес  әрине.  Жанында 

осындағы кен-металлургия          ин-

ститутына  Қарсақбайдан  жолда-

ма  алған  Әбдірахман  Тоқтыбаев 

және екі серіктесі болады. Баубек-

тің институтқа тапсырарлық білімі 

болмағандықтан  жолдастарының 

ақылымен  есеп-кредит    технику-

мының  даярлық  бөліміне  түседі. 

Есепші  мамандығын  оқыған-

мен  Алматының  әдеби  ортасы,        

кітапханалар  ауылдан  сусап  кел-

ген  жасты  иіріміне  тартып  әкетті. 

Бұл кезде Баубек көркем әдебиет-

пен  ,  әсіресе  шетел  әдебиетімен 

кеңірек  танысуға  ерекше  ден  қо-

яды.  Оның  шығармашылығында 

шешуші  рөл  атқарған  осы  кезең, 

оның  ішінде  «КазОГИЗ»  баспа-

сында қызмет еткен аз ғана уақыт. 

«Каз  ОГИЗ-дің  »  директоры  Әбу  

Сәрсенбаев ерекше мейірбан жан 

еді. Ол Баубектің орыс және батыс 

әдебиетімен терең айналысып, өз 

бетінше  аудармалар  жасайтын 

әдетін  байқап,  болашағынан  үміт 

күтеді.  Ә.Сәрсенбаевтың  ұсыны-

сымен Жазушылар Одағының жа-

нындағы әдебиетшілер дайындай-

тын екіайлық курстан өтіп, қаламы 

төселеді.  Көптен  бері  көкіректі 

кернеп,  көңілін  алаң  қылған  күр-

делі оқиғалы «Айсұлу» поэмасын 

аяқтаудың сәті түседі. 

1940  жылы  әскер  қатарына 

шақырылған  Б.Бұлқышев  жауын-

герлік міндетін Москваның атақты 

пролетарлық дивизиясы құрамын-

да  бастады.  Дивизияның  атақты 

болатын  себебі  бар.  Өйткені 

онда  дүниенің  түпкір-түпкірінен 

жиналған  саяси  эмигранттардың 

балалары    міндетін  өтейтін.  Осы 

дивизия құрамында 1941 жылдың 

шілдесінде Березина өзенінің бой-

ында  алғашқы  ұрысқа  кірді.  Осы-

лайша  Ұлытаудан  ұшқан  қайсар 

ұлдың  өте  қысқа  да,  жалындай 

лаулаған  жорық  жолы  басталды. 

Ол  майданда  қару  мен  қаламды 

қатар ұстаған ерекше тұлға. Оның 

шығармашылық  қуаты  от  пен 

оқтың  астында  шыңдалған  қай-

сар  рухпен  астасып,  жау  жайра-

тар  қорғасынға  айналды.  Шығыс 

ұлының  майданнан  жазған  хат-

тары  мен  жалынды  публицисти-

касы  окоптан-окопқа  тарап,  қиын 

сәтте  жауынгерлердің  сүйенішіне 

айналды.  «Өмір  мен  өлім  тура-

лы»  жолжазбасы  (көсемсөздің 

үлгісі)  ең  алғаш  рет  1942  жылы 

«Комсомольская 

правданың» 

1-мамыр  санында  жарияланды.                              

Б.Бұлқышевтың кез-келген әскери 

бұйрықтан қуатты, жалынды туын-

дысы майдан газеттері мен корре-

спонденттердің назарын аударды. 

«Мен  міне  300  күннен  артығырақ 

соғыста  жүрмін...  Өлімді  тіпті  көп 

көрдім... Осы ғажап қырғын, сұра-

пыл  алыс  үстінде  жаныңа  сүйеу 

болатын  нәрсе:  —біздің  жігіттер 

ерлерше  өліп  жатыр  деген  берік 

сенім!  Олардың  өлімінде  де  өмір 

бар».  Әр  жолынан  оқ-дәрінің  иісі 

мен майдан даласының лебі есіп 

тұрғандай  әсер  беретін  шағын 

шығарманы 

бүгінгі 


«білімді       

оқырман»  жай  ғана  пафос  деп 

қабылдауы  мүмкін.  Алайда  таза 

жүректен  шыққан  асқақ  та,  ал-

бырт  жастық  сезім  соншалықты 

шынайы, кідіріссіз төгіледі. Мұнда 

бәрі бар – балаң жігіттің соғысты 

ӨЛІМДІ ЖЕҢГЕН   

ҚАЙСАР РУХ

«Олардың өлімінде де өмір бар»  

 Б. Бұлқышев.

қабылдауы,  кез-келген 

сәтте  ажал  құшуы  мүм-

кін  екенін  түсінуі,  өзін 

сол өлімге даярлауы, ең 

ақыры  адам  ұрпағынан 

өмірді  ешкімнің  тар-

тып  алуға  хақысы  жоқ 

екенін  түйсініп  жауына  кектенуі. 

Осы  жолда  өліп  кетсе  Баубек-

тің  арманы  жоқ.  Сондықтан  да 

ажал  құшқан  қаруластары  жайлы 

«олардың  өлімінде  де  өмір  бар» 

деп дәріптеп, аспанға көтереді. 

Б.Бұлқышев  екі  тілде  еркін 

жазды.  Оның  майдан  жазбалары 

«Комсомольская  правда»,  «Со-

циалистік  Қазақстан»  газеттерінің 

беттерінде  үзбей  жарияланып 

тұрды.  «Мен  өмір  сүргім  келеді», 

«Заман  біздікі»,  «Шығыс  ұлына 

хат», «Ескі карта туралы ойлар» - 

осының барлығы майданнан алы-

ста жатқан халықты да рухтанды-

рды.  Майданнан,  тылдан,  Кеңес 

Одағының бар қиырынан оған хат-

тар  тасқыны  толастамады.  Олар 

Баубекке  «Сен  біздің  жүрегіміз-

дегі  сөзімізді  айттың»  деп  сүйсін-

ді.  Кейбір  жазбаларына  200-ден 

астам хат келгенін кейін өзі бір ха-

тында айтып өтеді. «Әсіресе укра-

ин  мен  беларустың  қыздары  көп 

жазады. Мен кішкентай статьямен 

жастардың жүрегіне қобыз ойнат-

сам керек», - дейді Баубек Бұлқы-

шев.  Ол  осылайша  соғысқа  өмір 

лебін  әкеледі.  «Біз  осы  арпалы-

ста  жүргенде  қайғыра  да,  жылай 

да, қуана да, күле де, кектене де 

білгенімізді  ұғынса  болғаны»  деп 

толғайды Шығыс ұлы. 

Кейінгі  ұрпақ  зерделеп  оқып, 

ой  түйер  тағы  бір  кесек  дүни-

есі—«Жауыздық  пен  махаббат». 

«Ұрыста  жаныңда  жолдас  болса, 

қандай  қиын  уақытта  да  көңілге 

жеңіл. Сондықтан ба, әлде адам-

ның  адамға  деген  махаббатты 

зорлығының  әсері  ме,  әлде  өл-

сем  көрім  бір  болсын  дегенге 

сүйенесің  бе,  әйтеуір  от  астында 

окопты  бір-біріңе  жақын  қазуға 

тырысасың»-дейді  жазушы.  Зер-

делі  оқырман  автор  меңзеген 

себептерден  бөлек,  жұмырба-

сты  пенденің  бәрінде  бар  бей-

мәлім қорқынышты аңғарады. Ой 

желісі  ұлттар  татулығы,  бір-бірі-

не  қамқорлық  секілді  идеологи-

яны  көздегендей  көрінгенмен, 

аржағында  солдаттың  жай-күйі, 

ой-арманы,  сана-сезімі  шынайы 

да  дәл  бейнеленген.  Мұндай 

сезім-күйді  ұлы  қырғынның  орта-

сында болған барлық жауынгердің 

бастан өткергені сөзсіз.

Баубектің  қарамағындағы  са-

перлер взводының мина алқабын 

тазалауға шыққан соңғы сапарын 

журналист  М.С.Ученик  «Баубек» 

повесінде  былайша  әңгімелейді. 

«Жапалақтай  жауған  қар  таңға 

таяу  сап  тиылды.  Аспан  шай-

дай  ашық.  Бұлқышев  өз  еркімен 

соңынан ергендерге қарсылық та-

нытпады. Қатардағы жауынгер Ка-

плецкий  мен  сержант  Каратанов 

үшеуі мина алқабына беттеді. Қар-

сы  жақтың  жауып  тұрған  оғының 

астында  300  минаны  тұншықты-

рды.  Мергендердің  қарауылынан 

аман  өтіп  келеді.  Алқапты  айна-

лып  кері  бұрыла  бергендері  сол 

еді...  Аяқтарының  астынан  бұрқ 

еткен  оқ  аспанға  көтерілді.  Олар 

құлақ тұндырған жарылысты есті-

ген де жоқ...»

Б.Бұлқышевтың майдан дала-

сынан жазған ең соңғы хатын досы 

Мұқан  Иманжанов  1944  жылдың 

басында    алады.  Дәлірек  айтсақ, 

тілдей  қағазға  жазылған  ашық 

хат(открытка).  Орыс  тілінде  жа-

зылған. «...пули пока минует меня. 

Возможно,  моя  судьба  так  и  сло-

жится, что останусь живым...»-деп 

жазады  Баубек  соңғы  хатында. 

Бірақ  1944  жылы  наурызда  Кри-

вой  Рогқа  таяу  Ново-Юльевка 

селосында  қазақ  халқы  жалынды 

ұлынан,  қазақ  әдебиеті    болашақ 

қуатты  қаламгерінен  айырылды. 

Егер  тірі  болса  Ұлы  Отан  соғы-

сы  тақырыбында  Б.Момышұлы, 

Қ.Қайсенов сынды кесек дүниелер 

қалдыратын  нағыз  батыр  біздің 

жерлесіміз  Баубек  Бұлқышев  еді. 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы,  Б. 

Бұлқышевтың  туғанына  100  жыл 

толуы  қарсаңында  даңқты  жер-

лесіміздің  шығармаларын  мек-

тептерде,  кітапханаларда  жаппай 

оқуды қолға алсақ орынды болар 

еді.  Жерлесіміз  атындағы  көше, 

оның  шағын  ескерткіші,  Б.Бұлқы-

шев  атындағы  түрлі  жүлделер 

өткізу  өз  алдына.  Идеологияның 

ең төресі — Баубектің жан сарай-

ына үңілу, ажал табалдырығында 

тұрып өмірді асқақтатқан Баубекті 

тану,  өзіңді  іздеу,  ата-бабаң  мең-

зеген өлімнен кейінгі мәңгі өмірге 

дайындалу. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет