№12 (5983) Сенбі, 21 наурыз, 2015 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата08.01.2017
өлшемі14,14 Mb.
#1445
1   2   3   4   5   6

Дайындаған Альмира МАҚСҰТҚЫЗЫ.

шөмшекті айқастырып, жүнмен 

байлап қояды. Онысы – жел 

шамынан сақтану болса керек;

–  қозының құйрығы мен енінің 

кесіндісін құмырсқадай көп 

болсын деп илеуіне тастаған;

–  үй-жайды қорғайды деп, 

қойдың кәрі жілігін босағаға 

іліп қояды;

–  алғаш туған қозыға шашу 

шашып, «мыңның басы 

болғыр» деп аузын үрлеген;

–  қой сойғанда төстегі шемір-

шекті кесіп алып, балаларға 

қарата «атың жүйрік бола 

ма?» деп қабырғаға лақтырып 

жабыстырады;

–  қой қырқатын қайшыны 

иесіне жүнге орап қайтарады

сондай-ақ, қолға бермей, жер-

ге қойып беру керек.



Қойға байланысты салт-дәстүрлер

8

21 наурыз, 2015 жыл 

№12 (5983)

Ұлытау өңірі

Бірлігіміз  бен  ұлттық  са-

наға  жат,  кереғар  ағымдарға 

төтеп  беру,  жеткілікті  діни  ілімі 

жоқ  адамдарымыз  үшін,  әри-

не  оңайға  соқпайды.  Ол  үшін 

харам-халалды  ажырата  білу 

үшін, дұрысты қолдап, бұрысты 

білу  үшін,  әрине  діни  ілім  бе-

ретін жерлер, мешіт пен медре-

сеге бару – дәріс алу, оқу. Алла 

Тағала Құранда: «бөлінбеңдер» 

деп  тұрған  жоқ  па,  елге  іріткі 

салып,  бөлініп  жүргендердікі 

несі, ойы не, мақсаты не? Алла 

Тағаланың  «бөлінбеңдер»  де-

ген  әміріне  қарсы  шығуларыңа 

қандай  хақылары  бар?  Қазақ 

ата-бабаларының  сөзі  бар  ғой: 

«Құдайдан  безгеннен  без»  де-

ген.  Ақылсыздыққа  салынып, 

түрлі  жат  ағымдар  жетегінде 

жүрген  бауырларымызға  Алла 

сана,  ақыл-ой  бергей,  алған 

беттері  бері  қарауына  Алла 

күш-жігер бергей. 

Қазіргі  кезде  Республика-

мызда  түрлі  конфессиялардың 

қатар  өмір  сүруіне  құқықтықта, 

ұйымдастырушылықта  жағдай 

бар.  Мемлекеттік  органдар 

конфессияаралық 

келісімді 

сақтау  мақсатында  барлық 

мүмкіншіліктерді 

жасауда. 

Бұған  Үкіметтің  2005  жылғы 

30  желтоқсандағы  №1319  қа-

улысымен  жаңа  мемлекеттік 

орган  ҚР  Әділет  Министрлігі 

Діни  істер  жөніндегі  комитеттің 

және оның құрылымдық бөлім-

шелері  Астана  мен  Алматы 

қалалары, облыстық Әділет де-

партаментінің Діни істер бөлім-

дерінің  құрылуы  нақты  дәлел. 

Жанға  бататын  жәйт,  ол  соңғы 

кездері  Египет,  Пәкістан,  Үн-

дістан және Сауд Арабиясы ел-

дерінен  қысқа  курстарды  оқып 

келгендердің  көбеюі.  Олардың 

дәстүрлі  дінімізді  хош  көрмей, 

қайдағы бір теріс ілімдерді елге 

таратқысы  кеп,  амал  етулері. 

Дәстүрлі  дінді  қолдаушылар-

дың  міндеті,  барлық  күшті  са-

лып,  келеңсіз  жағдайлардың 

белең  алып  кетпеуіне  ықпал 

жасауға  тиіспіз.  Дін  атын  жа-

мылып,  еліміздің  егемендігіне 

– Конституциялық құрылысына 

қарсы  лаңкестік,    экстремистік 

ниет-пиғылдағы  ұйымдардың 

қызметін әшкерелеу, мемлекет-

тік  органдардың  негізгі  міндеті, 

деп білеміз. Дегенмен, өз Ота-

нына, өз болашағына, ұрпақ бо-

лашағына  жаны  ашыған  әрбір 

азаматтың  борышы,  парызы 

деп білуіміз керек. Яғни, қандай 

да бір топ, ұйым – Отанға, қор-

шаған  ортаға,  елге,  зиянкестік, 

лаңкестік  іс-әрекет  жасауда 

болғанын  білген,  сезген,  көр-

ген  әрбір  адам  құқық  қорғау, 

ел  тыныштығын  сақтайтын, 

қорғайтын органдарға хабарла-

уы керек. Егер де адам баласы 

жамандықты  әшкерелеп,  оған 

тосқауыл  қойса,  жақсылықты 

қолдап, өзі де жақсылық, ізгілік 

істеушілерден  болса  сөз  жоқ 

Алла  Тағаланың  ірі  сыйлығы 

мен разылығына бөленеді. Бұл 

сөзіме  дәлел  Құранда:  «Алла 

Тағала  сондай  иман  келтіріп, 

ізгі іс істегендерге жарылқау әрі 

ірі  сыйлық  уәде  етті»  (Мәйдә 

сүресі, 9-аят).



Бауырлар! 

Республи-

ка  Президенті  және  Қа-

зақстан Мұсылмандары Діни 

басқармасы  Бас  мүфтидің: 

–  елімізде  ынтымақ  пен  бір-

лікті  нығайтуға,  бейбітшілік 

пен  татулықты  сақтауға         

шақырған  барлық  мұратта-

рына  қолдау  көрсете  оты-

рып,  халқымыздың  рухани 

қажеттілігін  хал-қадірімізше 

қанағаттандыруға,  дініміздің 

асыл  құндылықтарын  өрке-

ниетті  жолдармен  насихат-

тауға  қызмет  етіп,  оның  бір-

лігін сақтауға күш-жігерімізді 

жұмылдыруымыз 

керек. 

Отанымызда,  әр  шаңыраққа 

тыныштық күндер мәңгі бол-

сын!

С.ОРЫНБАЕВ,

Ұлытау аудандық мешітінің 

бас имамы.

қоғамға зияны

ТЕРІС АҒЫМДАРДЫҢ

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим! Құрметті мұсылман ба-

уырлар! Сүйікті Отанымыздың дамуының өзіндік бір ерек-

шелігі қоғам өміріндегі Дін рөлінің нығаюы. Ғибадат үйлері 

көбейіп, халық арасында Исламның беделі арту үстінде, 

дегенмен соңғы жылдары қоғамымызды, елді алаңдатқан 

жәйт, түрлі атпен ел ішінде іріткі салып жүрген адасты-

рушы топтар, ұйымдар, яғни өздерін тақуа етіп, өзгені 

білімсіз етіп, өздерінің зымиян ой істерін іске асырып 

мақсаттарына жету үшін түрлі амалдар істеп, топ-топқа 

бөлініп жүргендер бар. Құран-Кәрімде: «түп-түгел Алланың 

жібіне жабысыңдар да бөлінбеңдер», «осылайша Алла, сен-

дерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді» 

(Имран сүресі, 103-аят).

 

Имандылық иірімдері

Хауажа  имам  Мұхаммед 

Таййар (Алланың рахметі бол-

сын)  былай  деп  риуаят  етеді. 

Таңда  қиямет  күні  болғанда 

амал  сауабы  аз  болғандар 

мен  күнәһар  тозақыларды 

азап  періштелері  тозаққа  қа-

рай айдайды. Сонда қариялар 

жастарға  айтады:  «Сендер 

ілгері  жүріңдер.  Сендердің  ғи-

бадаттарың  көбірек,  күнәла-

рың  азырақ  болған»  десе, 

жастар: «Сіздер ілгері жүріңіз-

дер.  Егер  бізге  бір  мүшкіл  іс 

келсе,  сіздер  алда  жүретін 

едіңіздер.  Сіздер  әлсізсіздер, 

Алла  Тағала  әлсіздіктеріңіз 

үшін  фазылымен  рахым  етіп, 

күнәларыңызды  кешсе»,  деп 

айтысумен  тамұқтың  нақ  қа-

сына барып қалады екен. Егер 

пенде мүһмин осы жалған дү-

ниеде  «Бисмилланы»  айтуға 

әдеттенген  болса,  дозаққа  қа-

дамын аттап жатып, «Бисмил-

ла» дейді екен. Бұл сөзді естіп, 

тозақ  500  жылдық  жолға  қа-

шатын  көрінеді.  Сонда  тамұқ 

періштесі  ашуланып:  «Неге 

тамұқ,  оларды  өзіне  алып  қа-

лып  азаптамайсың»,  деп  бұй-

ырыпты. Тамұқ айтыпты: «Мен 

оларды  қалайша  азаптаймын, 

олар жаратқан тәрбиелеушімді 

«рахман-рахим»  деп  айтып 

жатыр  депті.  Осы  кезде  Алла 

Тағаладан  бір  хабар  келеді. 

«Олар  менің  пенделерім, 

тамұқ  та  менің  мақлұғым.  Ол 

тамұқ  менің  есімімді  ізет-құр-

мет  тұтады.  Мен  өз  есімімді 

құрмет  етіп,  қадір  тұтуға  ар-

тығырақпын»,  деп  өз  есімін 

айтқан адамдардың барлығын 

(«бисмилла-рахман-рахим» 

айтқандарды)  «бисмилланың» 

берекетімен Алла Тағала тозақ 

отынан құтқарады.

Міне,  «бисмилланы»  әдет 

етудің  қасиеті.  Алла  Тағала 

жалғыз. Алла Тағаланы таухид 

деп білу біздерге парыз болса, 

«бисмилла-рахман-рахимде» 

19 әріп бар. Оның бір әрпі Алла 

Тағаланың 

жалғыздығына 

ишарат болса, 18 әрпі 18 мың 

әлемді жаратқан жалғыз Алла 

Тағалаға  ишарат.  Ол  құдай  – 

жалғыз.  Біздер  ойлағандай 

оның серігі де, баласы да жоқ. 

Осы күнгі ғылыми зерттеулер-

ге  қарағанда  «бисмилланың» 

мұғжизасы  айқын  көрінуде. 

Шамдағы  университеттерде 

әртүрлі саланың 30 профессо-

рынан  құрылған  зерттеу  тобы 

үш жыл бойы «бисмилламен» 

және  «бисмилласыз»  сой-

ылған мал еттерінің арасында 

өзгешеліктер  барын  зертха-

нада  салыстырып,  тәжірибе 

жасау  арқылы  көз  жеткізген. 

«Бисмилла Аллаһу Әкбар» деп 

сойылған  мал  мен  құс  етінен 

ұйыған  қан,  микроб,  бактери-

ялардың  кездеспейтіндігі,  бұл 

мұғжизаның адам денсаулығы-

на  пайдалылығын  медицина 

дәлелдеген.  «Бисмилланың» 

қадір-қасиетін  толық  мағына-

сында ашып көрсетіп, түсіндіру 

өте қиын. Ал, тәжірибе көрсет-

кендей,  «бисмилласыз»  сой-

ылған  мал  мен  құс  еттерінде 

ұйыған қан, көбейіп кететін бак-

териялар мен микробтар бары 

анықталған.  Тамақ  ішіп-же-

уде,  киім  киюде  және  әрбір 

іс-әрекеттерімізді  бастарда  ең 

алдымен  «бисмилла»  деудің 

тигізер пайдасы өлшеусіз. Ал-

ланың  атымен  басталған  нен-

дей іс-әрекеттеріміз болмасын 

алға  басып,  берекеті  болары 

анық.

Берікбай 



Сағындықұлы 

Мүсірбай  –  Телеудің  «Ғалам-

ның  ғажайып  сырлары»  деген 

кітабында  мынадай  әңгіме 

бар.  Бір  әйел  намаз  оқымаса 

да, ораза ұстамаса да, отырса, 

тұрса,  бір  іс  істесе  ауызынан 

«бисмилланы»  тастамайтын 

болыпты.  Әлгі  әйелдің  күйе-

уі  басқа  әйелмен  көңіл  қосып, 

үйленбекші болады. Бірақ, әй-

еліне қоятын еш кінәсі болмай, 

басы  қатыпты.  Бір  күні  еркек 

үйдің ішін қарап жүріп, әйелінің 

алтын  алқасын  тауып  алады. 

Ол алқаны әйелі күнде су ала-

тын  құдыққа  тастап  жібереді. 

Ондағы  ойы  алқаны  ашынаңа 

бердің  деп,  әйеліне  жала  жа-

уып,  ажырасу  еді.  Әйел  бір 

күні  бұрынғы  әдеті  бойынша 

«бисмилла»  деп  шелегін  құ-

дыққа  салып,  су  алып  шыға-

ды. Шелегінің тұтқасына өзінің 

алтын  алқасы  ілініп  шығады. 

Әйел  алқасының  құдыққа  қа-

лай түскеніне таңданып, ойла-

умен  болады.  Арада  бірнеше 

апта  өткенде  ері  арам  ойын 

іске  асырып,  ұрыс  шығарып, 

әйелінен  ажырасып,  сүйгеніне 

қосылуға  бел  буып,  әйеліне: 

«Осы  сенің  алтын  алқаң  осы 

үйден  көрінбейді  ғой,  алқаң 

қайда?», дейді. Ойында арам-

дық  жоқ  әйел  күйеуіне  қойған 

жерінен  алқаны  алып  беріпті. 

Күйеуі 


өзінің 

жиіркенішті 

пиғылынан  айнып,  Алладан 

кешірім  сұрап,  әйелімен  бар-

лық  өмірін  тату  сыйласып  өт-

кізіпті.


«Бисмилла-рахман-рахим» 

деп тозақ есігін аттағандар то-

заққа  кірмейтінін,  Рахман-ра-

хим  Жаратушы  иеміздің  аты 

екенін естен шығармай, осыны 

ескере жүрейік, ағайындар!



Тәшен ЕСІМСЕЙІТҰЛЫ.

Мибұлақ ауылы.

«Бисмилланың» 

қасиеті


«Бисмилла» – сүрелердің орталарын бөліп тұратын 

сөз. «Бисмилланы» әрбір адам жақсы істерді істегенде 

айтып жүргені жөн және ол сауап болады. «Бисмилланы» 

жүніп, ихтилам, хайыз-нахас болған, яғни шариғатта таза 

болмаған адамдар құран оқу үшін айтса, күнә болмайды 

екен. «Солате Масғұд» деген кітапта «бисмилланы» көп 

айту керек деген.

9

21 наурыз, 2015 жыл  

№12 (5983)

Ұлытау өңірі



1. Жалпы ережелер

      1. «Азаматтық хал актілерінің 

жазбаларын қалпына келтіру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызметі 

(бұдан әрі – мемлекеттік көр-

сетілетін қызмет). 

      2. Мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет стандартын Қазақстан 

Республикасы Әділет министр-

лігі (бұдан әрі – Министрлік) 

әзірлеген. 

      3. Мемлекеттік көрсетілетін 

қызметті аумақтық әділет орган-

дары (бұдан әрі – көрсетілетін 

қызметті берушілер) көрсетеді. 

      Өтініштерді қабылдау және 

мемлекеттік қызмет көрсету 

нәтижесін беру баламалы не-

гізде: 

      1) көрсетілетін қызметті 



беруші; 

      2) Қазақстан Республикасы 

Көлік және коммуникация мини-

стрлігі Мемлекеттік қызметтерді 

автоматтандыруды бақылау және 

халыққа қызмет көрсету орта-

лықтарының қызметін үйлестіру 

комитетінің «Халыққа қызмет 

көрсету орталығы» шаруашылық 

жүргізу құқығындағы республи-

калық мемлекеттік кәсіпорны 

(бұдан әрі – орталық) арқылы 

жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету 

тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет 

көрсету мерзімдері: 

      1) құжаттар топтамасын 

тапсырған кезден бастап: 

      көрсетілетін қызметті 

берушіге немесе орталыққа – 

Жеке тұлғалар туралы мемлекет-

тік деректер қорының Орталық 

серверінде Қазақстан Республи-

касы бойынша акт жазбалары-

ның электрондық нұсқалары 

болған кезде – күнтізбелік 15 (он 

бес) күн (қабылдау күні мемле-

кеттік қызмет көрсету мерзіміне 

кірмейді), басқа мемлекеттік 

органдарға сұрау салу және 

қосымша зерделеу немесе 

тексеру қажет болған кезде – 

көрсетілетін қызметті алушыны 

қарау мерзімі ұзартылған кезден 

бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде 

хабардар ете отырып, күнтізбелік 

15 (он бес) күннен аспайтын 

уақытқа ұзартылады. 

      2) көрсетілетін қызметті 

алушының құжаттар топтамасын 

тапсыруы үшін рұқсат берілетін 

ең ұзақ күту уақыты: 

      көрсетілетін қызметті 

берушіге – 20 (жиырма) минут; 

      орталыққа – 15 (он бес) 

минут; 

      3) көрсетілетін қызметті 



алушыға қызмет көрсетудің 

рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты: 

      көрсетілетін қызметті 

берушіде – 20 (жиырма) минут; 

      орталықта – 15 (он бес) 

минут. 


      5. Мемлекеттік қызметті 

көрсету нысаны: қағаз түрінде. 

      6. Мемлекеттік қызметті 

көрсету нәтижесі – жеке басын 

куәландыратын құжатты 

көрсеткен кезде азаматтық хал 

актісін мемлекеттік тіркеу туралы 

тиісті куәлік беру. 

      7. Мемлекеттік қызмет 

ақылы/тегін көрсетіледі. 

      Азаматтық хал актілерінің 

жазбаларын қалпына келтіруге 

байланысты куәліктер берілгені 

үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерінде мемлекеттік баж 

алынады. 

      Мемлекеттік баж сомасы 

«Салық және бюджетке төле-

нетін басқа да міндетті төлемдер 

туралы» 2008 жылғы 10 желтоқ-

сандағы Қазақстан Республика-

сының Кодексінде (Салық 

кодексі) белгіленген мөлшерле-

мелер бойынша есептеледі және 

заңдық түрде маңызы бар 

іс-әрекеттер жасалған және 

(немесе) уәкілетті мемлекеттік 

органдар немесе лауазымды 

адамдар құжаттар берген орны 

бойынша есепке алынады. 

      Азаматтық хал актiлерiн 

тiркеу кезiнде мыналар: 

      1) Ұлы Отан соғысына 

қатысушылар және оларға 

теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан 

соғысы жылдары тылдағы 

жанқиярлық еңбегі мен мінсіз 

әскери қызметі үшін бұрынғы КСР 

Одағының ордендерімен және 

медальдарымен наградталған 

адамдар, 1941 жылғы 22 маусым 

мен 1945 жылғы 9 мамыр 

аралығында кемінде алты ай 

жұмыс істеген (қызмет еткен) және 

Ұлы Отан соғысы жылдары 

тылдағы жанқиярлық еңбегі мен 

мінсіз әскери қызметі үшін 

бұрынғы КСР Одағының орден-

дерімен және медальдарымен 

наградталмаған адамдар, 

мүгедектер, сондай-ақ бала 

жастан мүгедектердің ата-анала-

рының бірі, қорғаншылар (қамқор-

шылар), мемлекеттiк ұйымдар – 

тууы туралы куәлiктері тiркелгенi 

және қайта берілгенi үшін; 

      2) жеке тұлғалар – азаматтық 

хал актiлерiн тiркеу кезiнде 

жiберiлген қателерге байланысты 

туу, қайтыс болу туралы, әкесін 

анықтау, ұл бала асырап алу (қыз 

бала асырап алу) туралы актiлер 

жазбалары қалпына келтірілген 

және өздеріне куәлiктер берілгенi 

үшiн растайтын құжаттар ұсынған 

ретте мемлекеттiк баж төлеуден 

босатылады. 

      Орталықта мемлекеттік баж 

мөлшері мен төленген күнін 

растайтын төлем құжатын беретін 

банк мекемелері арқылы төленеді. 

      Орталықта «электрондық 

үкімет» порталының төлем шлюзі 

(бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлем 

жүргізу мүмкіндігі көрсетілген. 

      8. Жұмыс кестесі: 

      1) көрсетілетін қызметті 

берушінің – Қазақстан Республи-

касының еңбек заңнамасына 

сәйкес демалыс және мереке 

күндерін қоспағанда, дүйсенбіден 

бастап жұманы қоса алғанда, 

сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі 

үзіліс 13.00 ден 14.30-ға дейін. 

      Мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет кезекке тұру тәртібімен, 

алдын ала жазылусыз және жедел 

қызмет көрсетусіз көрсетіледі. 

      2) орталықта – Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнама-

сына және белгіленген жұмыс 

кестесіне сәйкес демалыс және 

мереке күндерін қоспағанда, 

дүйсенбіден бастап сенбіні қоса 

алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға 

дейін үзіліссіз. 

      Мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет жеделдетіп қызмет 

көрсетусіз «электрондық» кезек 

тәртібімен көрсетіледі, электрон-

дық кезекті портал арқылы 

брондауға болады. 

      9. Көрсетілетін қызметті алушы 

не оның уәкілетті өкілі көрсетілетін 

қызметті берушіге немесе 

орталыққа жүгінген кезде мемле-

кеттік қызметті көрсету үшін 

ұсынатын қажетті құжаттардың 

тізбесі: 

      азаматтық хал актісі жазбасын 

қалпына келтіру үшін: 

      1) осы мемлекеттік көр-

сетілетін қызмет стандартына 

3-қосымшаға сәйкес белгіленген 

нысандағы өтініш; 

      2) жеке басын куәландыратын 

құжат (сәйкестендіру үшін); 

      3) азаматтық хал актілерін 

тіркеу кітаптарында акті жазбасы-

ның жоқтығы туралы жоғалтылған 

жазба болған жер бойынша 

облыстық (қалалық) азаматтық 

хал актілерін жазу мұрағатының 

анықтамасы; 

      4) көрсетілетін қызметті 

алушының және оның жақын 

туыстары (ата-анасы, балалары, 

аға-інілері, апа-сіңлілері мен 

қарындастары) туралы деректер 

толық көрсетілген өмірбаян; 

      5) еңбек кітапшасының 

көшірмесі, егер көрсетілетін 

қызметті алушы студент болса – 

оқу орнынан туған күні мен жері 

көрсетілген анықтама (бар болса); 

      6) егер көрсетілетін қызметті 

алушы әскери міндетті болса, 

әскери билеттің көшірмесі (бар 

болса); 

      7) көрсетілетін қызметті 

алушының 3х4 мөлшердегі екі 

фотосуреті; 

      8) мемлекеттік бажды 

бюджетке төлегенін растайтын 

құжат немесе салық жеңілдіктерін 

беруге негіз болып табылатын 

құжат. 

      Егер азаматтық хал актілерін 



тіркеу 2008 жылға дейін жүргізіл-

ген болса, мынадай құжаттардың: 

      9) егер некеде (ерлі-зайып-

тылықта) тұрған болса, неке қию 

(ерлі-зайыптылық) туралы 

куәлігінің; 

      10) егер бар болса, балалар-

дың тууы туралы куәліктерінің; 

      11) ата-анасының жеке басын 

куәландыратын құжат (жеке басты 

сәйкестендіру үшін) не ата-анасы-

ның қайтыс болуы туралы 

куәлігінің; 

      12) ата-анасының неке қию 

(ерлі-зайыптылық) туралы 

куәлігінің (егер бар болса); 

      13) көрсетілетін қызметті 

алушының өкілі жүгінген кезде 

нотариалды куәландырылған 

сенімхаттың; 

      14) егер көрсетілетін қызметті 

алушы зейнеткер болса, зейнет-

кер куәлігінің (орталыққа жүгінген 

кезде мәліметтер тиісті мемлекет-

тік ақпараттық жүйелерден 

халыққа қызмет көрсету орта-

лықтарының ақпараттық жүйесі 

арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған 

электрондық құжат нысанында 

түседі) көшірмесі ұсынылады. 

      Көрсетілетін қызметті алушы-

ның жеке басын куәландыратын 

құжаттар туралы мәліметтерді, 

сондай-ақ егер тіркеу 2008 

жылдан кейін жүргізілген болса, 

азаматтық хал актілерін тіркеу 

туралы куәліктерді көрсетілетін 

қызметті беруші немесе орталық 

қызметкері тиісті мемлекеттік 

ақпараттық жүйелерден мемле-

кеттік органдардың уәкілетті 

тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәлан-

дырылған электронды құжаттар 

нысанында алады. 

      Көрсетілетін қызметті бе-

рушінің қызметкері немесе 

орталық қызметкері құжаттар 

түпнұсқаларының түпнұсқа-

лылығын мемлекеттік органдар-

дың мемлекеттік ақпараттық 

жүйелерінен ұсынылған мәлімет-

термен салыстырып тексереді, 

содан соң түпнұсқаларды 

көрсетілетін қызметті алушыға 

қайтарады. 

      Мемлекеттік қызмет орталық 

арқылы көрсетілген жағдайда 

көрсетілетін қызметті алушы, егер 

Қазақстан Республикасының 

заңнамасында өзгеше көзделме-

се, ақпараттық жүйелердегі 

заңмен қорғалатын құпияны 

құрайтын мәліметтерді пайдала-

нуға орталық берген нысан бойын-

ша жазбаша келісім береді. 

      Мемлекеттік қызметті орталық 

арқылы көрсетуге қажетті 

құжаттарды қабылдау кезінде 

көрсетілетін қызметті алушыға: 

      1) сұрау салудың нөмірі мен 

қабылданған күні; 

      2) сұратылып отырған 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет-

тің түрі; 

      3) қоса берілген құжаттардың 

саны мен атауы; 

      4) құжаттарды беру күні, 

уақыты және орны; 

      5) құжаттарды рәсімдеуге 

қабылдаған орталық қызмет-

керінің тегі, аты, әкесінің аты 

көрсетілген тиісті құжаттардың 

қабылданғаны туралы қолхат 

беріледі. 

      Заңды күшіне енген сот 

шешімі негізінде мемлекеттік 

қызмет көрсету кезінде көр-

сетілетін қызметті алушы мына-

ларды: 

      1) көрсетілетін қызметті 



алушының жеке куәлігін (тұлғаны 

сәйкестендіру үшін); 

      2) осы мемлекеттік көр-

сетілетін қызмет стандарты-

на 2-қосымшаға сәйкес белгілен-

ген нысандағы өтінішті; 

      3) мемлекеттік тіркеу орны 

мен уақыты көрсетілген актілік 

жазбаны қалпына келтіру туралы 

соттың заңды күшіне енген 

шешімін ұсынады. 

      Мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет көрсетілетін қызметті 

беруші арқылы көрсету үшін 

қажетті құжаттарды қабылдау 

кезінде көрсетілетін қызметті 

алушыға мыналар: 

      1) өтініштің қабылданған күні; 

      2) қоса берілген құжаттардың 

саны; 


      3) құжаттарды беру күні, 

уақыты; 


      4) құжаттарды рәсімдеуге 

өтінішті қабылдаған маманның 

тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген 

қолхат беріледі. 

      Оралмандар Қазақстан 

Республикасына заңды көшіп 

келгені туралы және олардың 

Қазақстан Республикасының 

азаматтығын алу туралы қолдау-

хаттары туралы ішкі істер 

органдары берген құжаттарды 

қосымша тапсырады. 

      Азаматтық хал актілерінің 

жазбаларын қалпына келтіру үшін 

көрсетілетін қызметті алушы 

азаматтық хал актілерінің 

жазбаларын қалпына келтіруге 

қажетті мәліметтерді растайтын 

құжаттарды (жұмыс немесе оқу 

орнынан анықтама, білімі туралы 

құжаттар, мемлекеттік мұрағаттар-

дың анықтамалары) ұсынады. 

      10. Көрсетілетін қызметті 

алушы осы мемлекеттік көр-

сетілетін қызмет стандарты-

ның 9-тармағында көрсетілген 

тізбеге сәйкес құжаттардың 

топтамасын толық бермеген 

жағдайда орталық қызметкері 

өтінішті қабылдаудан бас тартады 

және осы мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет стандартына 3-қосым-

шаға сәйкес нысан бойынша 

құжаттарды қабылдаудан бас 

тарту туралы қолхат береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет