№12 (5983) Сенбі, 21 наурыз, 2015 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата08.01.2017
өлшемі14,14 Mb.
#1445
  1   2   3   4   5   6

 №12 (5983)   Сенбі,  21 наурыз,  2015 жыл                                Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады

Ұлытау 


өңірі

Ұлытау 


өңірі

                                                   Береке, байлық — бірлікте!

             

Ұлық мейрам

Құрметті ағайын, ар-

дақты жерлестер!

Біздің халқымыздың әр 

күні мереке мен берекеге, 

қызық пен қуанышқа толы. 

Міне бүгін мұсылман 

халқының қасиетті күні, 

жаңа жылдың басы, ұлты-

мыздың ұлық мейрамы 22 

наурыз – Ұлыстың Ұлы 

күнін тай қазанды тасытып, 

ұлттық тағамдарға толы 

дархан дастархан жайып, қуа-

нышпен қарсы алып отыр-

мыз.

Биылғы Наурыз мере-



кесінің өзіндік ерекшелігі бар. 

Бұл ырыс пен береке, ынты-

мақ пен бірлік, туысқандық 

пен бауырмалдық, достық 

пен татулық күні – ҚР-ның 

сайлауы қарсаңында келіп 

отыр. Мұның өзі жақ-

сылықтың нышаны.

Аудан халқы қытымыр 

қыстан қысылмай шығып, 

қара жерді нық басып отыр. 

Бұл күн мен түннің теңе-

летін, Алла Тағаланың 

жер бетіне мейірім нұрын 

төгетін, Самарханның 

көктасы жібитін жан-жану-

ар күннің шуағына бөленіп, 

рахаттанатын, берекелі 

істердің басталатын қасиет-

ті күні.


Біз аудан халқын осы 

қасиетті Ұлыстың Ұлы 

күнімен шын жүректен 

құттықтаймыз. Әр шаңы-

раққа шаттық, әр отбасына 

ырыс-береке, бақыт, елге 

бірлік тілейміз. Ұлыстың 

Ұлы күні – Әз-Наурыз 

құтты болсын!

  

 Аудан әкімі                  

                        Х.ОМАРОВ

Аудандық  мәслихаттың 

хатшысы                      

 Т.СЕЙТЖАНОВ.

 

Құрметті  ұлытаулықтар!  Ар-



дақты  ағайын!  Сіздерді  Әз-Нау-

рыз мерекесімен құттықтаймыз!

Міне,  жер  дүниені  түлетіп, 

халыққа  шаттық  сыйлаған,      ұл-

тымыздың  ең  ұлық  мерекесі  – 

Ұлыстың Ұлы күні де жетті таулы 

өлкеге.  Мұсылман  қауымның  ға-

сырлар  бойы  мерекелеп  келген 

Наурыз тойы – Қой жылы ерекше 

мәртебеге  ие  болып  отыр!  Биыл 

елімізде  Қазақстан  халқы  Ассам-

блеясының,  Ата  Заңымыздың  20 

жылдықтары,  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығы және Қазақ хандығының 

550  жылдық  мерейлі  мерекелері 

аталып  өтіледі.  Солармен  қатар, 

биылғы  сәуір  айының  26  жұлды-

зында  ҚР  Президентінің  кезектен 

тыс  сайлауы  өткізілмекші.  Осы  бір 

тарихи даталар Наурыз мерекесіне 

айрықша  сипат  беріп,  мән-мағына-

сын тереңдетіп отыр.

Әз-Наурыз  мейрамы  –  негізінен 

тіршілік  атаулының  түрленіп-көбей-

етін,  көркейіп-түлейтін  күні.  Көктен 

құйылған  шуақ  Жер-Ананы  қысқы 

ұйқыдан  оятып,  ерекше  бір  күй-

ге  бөлейді.  Алты  ай  қыс  араласа 

алмаған  ағайын,  бір-бірімен  төс 

түйістіріп,  құшақтаса  амандасады. 

Мол  дастархан  жайылып,  ұлттық 

тағамдар қойылады. Жеті түрлі дәм 

қосылып әзірленген Наурызкөжеден 

ауыз тиіседі. Көпшілік ән айтып, би 

билеп,  көңіл  көтереді.  Көгілдір  көк-

темнің  көркем  мерекесін  бүкіл  ел 

болып,  қатарынан  бірнеше  күн 

тойлайды.  Ұлттық  нақышта,  ұлт-

тық  рухта  мерекеленетін  Наурыз 

тойы  –  ұрпақтан  ұрпаққа  жалға-

сып келе жатқан Ұлық мереке!

Біз аудан тұрғындарын жаңару 

мен  жаңғыру  мерекесі  –  Наурыз 

мейрамымен  шын  жүректен  құт-

тықтаймыз. Әр отбасына бақытты 

ғұмыр, ашық аспан, ырыс пен бе-

реке, молшылық тілейміз.

Ұлыс  оң  болсын,  ақ  мол  бол-

сын!

Құрметпен «Нұр Отан» 

партиясының аудандық 

филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары 

 Ж.Бабатаев.

Ұлтымыздың ұлық мерекесі – 

Әз-Наурыз!

Теңелген табиғаттың күн мен түні,

Құтты болсын Ұлыстың Ұлы күні!


2

21 наурыз, 2015 жыл 

№12 (5983)

Ұлытау өңірі



Президент сайлауы – 2015

Рахымжан ӘДЕНҰЛЫ

Қазақстан  халқы  Ассамблея-

сының  20  жылдығы,  Ұлы  Жеңістің 

70  жылдығы,  ҚР-ның        Конститу-

циясының 20 жылдығы және Қазақ 

хандығының  550  жылдығы  сияқты 

мерейтойлар  аталып  өтетін  Қой 

жылы,  тағы  бір  тарихи  оқиға  орын 

алғалы  отыр  елімізде.  Ол  –  ҚР 

Президентінің  кезектен  тыс  сай-

лауы.  Құрылғанына  биыл  20  жыл 

толған  Қазақстан  халқы  Ассам-

блеясының  Саяси  Кеңесінің  ба-

стамасымен,  2016  жылы  өткізілуге 

тиісті  Президент  сайлауы  биыл, 

яғни  2015  жылы  өтетін  болды.

Әлемдегі 

саяси-экономика-

лық  хал-ахуалдың  тұрақсыздығы, 

қаржылай  дағдарыс,  мемлекет-

тер  арасындағы  қақтығыстар  Қа-

зақстанға  да  кері  әсерін  тигізері 

сөзсіз.  Көпұлтты  Қазақстандағы 

халықтың  бірлігі  мен  татулық,  ұл-

таралық  және  конфессияаралық 

келісім – еліміздің дамуына септігін 

тигізіп,  өркениетті  елдердің  қата-

рынан орын алуға жол ашып отыр. 

Ал  елді  кез-келген  қиындықтан 

алып  шығатын  тұлға  –    Мемлекет 

басшысы!  Осы  орайда  кезектен 

тыс өткізілгелі отырған сайлау – ең 

дұрыс шешім. Сайлауды ұйымшыл-

дықпен,  таза  әділетті  өткізудің 

маңызы  зор  бұл  жерде.  Ол  үшін 

тиянақты даярлық, қапысыз дайын-

дық  жұмыстарын  жүргізу  қажет-ақ. 

Бұл  орайда  республикада  айтар-

лықтай  шаралар  өткізілу  үстінде.

Ұлытау  ауданы  бойынша  220-

ға  жуық  адам  жұмылдырылған  1 

аумақтық,  30  учаскелік  сайлау  ко-

миссиялары құрылған. Осы сайлау 

комиссияларының құрамы (төраға-

сы,  орынбасары  және  5  мүшесі) 

бекітіліп, сайлаудың алғышарттары 

жасалуда. Учаскелердің шекарала-

рын  анықтау,  сайлау  учаскелерінің 

мекен-жайларын  белгілеу,  т.с.с. 

іс-шаралар жүргізілді. ҚР-ның Пре-

зиденттігінен  үміткерлерді  тіркеу, 

заң  талаптарына  сәйкес          линг-

вистикалық  сынақтан  өткізу  жұ-

мыстары  аяқталды. Өздері таңдаған 

үміткерді  қолдау  мақсатындағы 

үгіт-насихат  жұмыстары  Наурыз 

тойынан  басталмақшы.  Үміткер-

лерді қолдау штабтары құрылып, өз 

жұмыстарын  жандандыруға  даяр.

Президент  сайлауы  –  Тәу-

елсіз 

Қазақстанның 



 

баян-


ды 

болашағының 

кепілі!

   МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА — 

ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

 ҚЫСЫЛТАЯҢ ШАҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫ 

ШЕШІМ

Биылғы 2015 жылғы Қой жылы өте қуанышты, мерейлі жыл 



болғалы тұр. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  20  жылдығы  және  Ұлы  Жеңістің  70  жыл-

дық  мерекелерінің  тоғысуы  еліміздің  бейбіт  те  бақытты  өмір 

сүруінің айғағы. Міне, осындай мерекелерге қол жеткізуіміз Ел-

басымыздың көрегендігі мен іскерлігінің арқасында дер едім.

Қазір біз Қазақ елі 50 елдің қатарында бәріне қол жеткізіп ке-

леміз. Әрбір адам еңбекқор, талантты, бірауызды болса екен. 

Сонда ғана біз келешекте бәріне қол жеткізе алатын 30 елдің қа-

тарына енетін Мәңгілік ел боламыз. 26 сәуірде болатын Прези-

дент сайлауын айрықша қолдаймын. Бұл – қысылтаяң шақтағы 

маңызды шешім болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарба-

евтың ел басқару ісі өте құптарлық. Себебі «ХХІ ғасыр бейбіт-

шіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің «алтын ғасыры» болады 

деп, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ерекше айтқан бола-

тын. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз деген.   

Сондықтан да барша ауылдастарымды Президент сайлауы-

на біркісідей қатысып, Елбасымызға дауыс беруге шақырамын.



Саида ТАДЖИЕВА, 

зейнеткер ұстаз.

Сарысу ауылы.

сыз  етумен  қатар,  импорт  пен 

экспортты  алмастырып  сыртқа 

да  шығарудамыз.  «Қазақстанда 

жасалған»  деген  өнімдерге,  таяу 

жақын елдерден басқа да мұхит-

тың  арғы  жағындағы  АҚШ-ның 

халқы,  біздің  өнімдерімізді  дүкен 

сөрелерінде  тұрғызбай  алып  ке-

туде.  Оған  Алтайдың  балығы-

ның  өзі  де  мысал  бола  алады. 

Қазір  еліміздің  экономика-

сы  тұрақты,  халқымыздың  әле-

уметтік  жағдайы  бір  қалыпта. 

Мұның 


бәрі 

Елбасымыздың 

ерен  еңбектерінің,  салиқалы  са-

ясатының  арқасы  деп,  биылғы 

жылғы  еліміздегі  президенттік 

сайлауға 

Н.Ә.Назарбаевтың 

кандидатурасын  Жезді  кентінің 

зейнеткерлері  мен  қарттар  қа-

уымдастығы              бірауыздан 

қоштап  қолдаймыз  және  26 

сәуірде  болатын  сайлауда  дауы-

сымызды береміз – деп ұйғардық.

Қадыр ҚҰЛАХМЕТОВ, 

зейнеткер.

Жезді кенті.

   ҚОЛДАЙМЫЗ ЖӘНЕ

 ДАУЫСЫМЫЗДЫ БЕРЕМІЗ!

Президент сайлауы – 

баянды болашақ кепілі!

Ауданнан  ,  Ұлытау  өңірінен 

осы  бір  тарихи  жиынға  таңдау 

—  шеңберлік  Сағат  Сұлтановқа 

түсті деген сүйінші хабар келгенде 

ауылдастары ешқандай таңданған 

жоқ. Керісінше,қолдап, қолпаштап, 

қол  соқты.  Өйткені,  Сағат  мұндай 

үлкен  жауапкершілік  артылған 

аманатқа лайықты азамат. Баяғы-

ша айтқанда бұл орынға «биогра-

фиясы да, географиясы да»  келіп 

-ақ тұр. Ауылдағы жаңашыл жеке 

шаруа  қожалық  иегері.  Жоғары 

білімді.Саяси да, әдеби де сауат-

ты.  Оқығаны  көп,  тоқығаны  одан 

да мол. Сөзге шешен, іске мығым.

Ана  бір  жылдары  аудандық 

мәслихаттың  депутаты  болып 

жүргенде өзін халық қалаулылары 

арасынан әр қырынан көрсете біл-

ген ол ауыл әкімі болып тағайын-

далды. Жаңа қызметке жігерлі жі-

гіт бар ынтасымен белсене кірісті.

Алғашқы  жұмысын  ауылдың 

негізгі арқа сүйерлері -  жеке  ша-

руа  қожалық  иелерінің  басын 

қосып,бәтуалы  әңгіме  өткізуден 

бастады. Сонау 1995 жылы совхоз 

таратылғаннан    бері  бірі  –  ой  да, 

бірі  –  қырда  тарыдай  шашылып 

өз  күндерін  өздері  «жеке  дара 

–  құдай  пана»    деп  көріп  жатқан 

фермерлерді  өз  шаңырағына 

жиып ,ақ дастарханынан дәм тат-

тыра отырып, оларды бірлесе жұ-

мыс  атқаруға,  ауылды  көркейтуге 

көмек қолдарын созуға шақырды.

Жаз  шыға  «Туған  жерге  тағ-

зым»  атты  әдемі  іс-шара  өткізді. 

Оған осы Шеңбер ауылында кіндік 

қандары  тамып,осы  топырақтан 

қанат қағып бүгінде іргелес жатқан 

қос  қалада  тұрып  жатқан  жерле-

стерін жиды туған жердің төсіне,  

құрметті еңбек демалысында жүр-

ген  қазыналы  қарттар  да  ұмыт 

қалмады. Бас қосудың негізгі мақ-

саты  -  қамқорлыққа,  мейірімге, 

шапағатқа  шөлдеген  алтын  бесік 

ауылдың аузына тамшыдай болса 

да су тамызу.

      Арнайы  алдын  ала  жасалған 

айшықты  бағдарлама  бойын-

ша  туған  жерлерінде  бас  қосқан 

қорғасындықтар  –  игілікті  шараны 

ауыл мешітінде о дүниелік болған 

ауылдастарына  құран  бағыштау-

дан  бастады.  Одан  соң  жаңадан 

пайдалануға  берілген  село  клуб 

үйінде жерлестер құрылтайы өтті.

Ауылдың бүгіні ертеңі жайлы  ой-

пікірлер  ортаға  салынды.  Ауыл-

дастар  жоғары  жаққа  алақан  жая 

бермей, қор ашсақ деген тоқтамға 

келді.  Оған  жауапты  адамдар  да-

уыс  беру  арқылы  тағайындалды. 

Келелі    кездесу  соңы  жергілікті 

өнерпаздар  концертіне,  желілеп 

құлын  байлаған  жайлаудағы  қы-

мызмұрындыққа,  «Бәйгетөбеде» 

ұлы жеңіс күніне арналған ат бәй-

геге ұласты.

Біздің  ауылымызда  күмбезді 

кесенелер  (Дәбей,  Есенбек,  Нұр-

ман,  Оспан,  Махат)  баршылық.

Кезінде  ауқатты  адамдар  тұрған. 

Аласапыран 

заманда 


Кеңес 

үкіметінің  қудалауына  ұшыраған 

олардың  басқа  жақтарға  қоныс 

аударуларына  тура  келген.  Бүгін-

де  олардың  ұрпақтары  Торғай  - 

Қостанай  облыстарында,  Астана 

маңында  тұрып  жатыр.  Қолдары 

қалт  еткенде  осы  жерлерге  келіп, 

ата - бабаларына құран бағыштап, 

күмбез  –  кесенелерін  тәртіпке 

келтіріп  кетеді.  Ауыл  әкімі  Сағат  

Сұлтанов олардың да  мекен-жай-

ларын    анықтап,  қарым-қатынас 

орнатып, келер жазда жоғарыдағы 

тақырып  аясында  емен  –жарқын 

жүздесу жоспарларын жасады.

        Іскер  басшы  –  өзінің  жұмыс       

кестесіне    үш  саланы  –  тәртіп, 

тазалық  және  ауыл  мәдениетін 

көтеруді басты мақсат етіп қойды. 

Әр  бейсенбі  тазалық  күні  болып 

жарияланып,  жергілікті  жұрт-

шылық – таза үй, таза көше, таза 

ауыл  шарасына  жұмылдырылды. 

Селолық  клуб  үйінің  де  жұмы-

сы  жанданып  жүре  берді.  Жаңа 

жыл,Наурыз  мерекелері  жаңаша 

көріністе өте бастады.Осы уақытқа 

дейін елеусіз болып келген тарихи 

орын – дала көкжалы Кейкі  батыр 

үңгірінің басына жергілікті азамат-

тардың күшімен белгі орнатылды. 

Батырдың «пәтері» болған бұл тас 

үңгірді тамашалауға келушілердің, 

оған  түсіп  шығуы  қиындау.  Сағат  

енді  осыны  жеңілдету  үшін  аспа-

лы  баспалдақ  қойдыруды  қойын 

дәптеріне жазып қойған. «Өлі риза 

болмай, тірі байымайды...».   Ауыл 

жанындағы қос қорымның маңайы 

тазартылды.  Үлкен  жолдан  ауыл 

орталығына дейінгі «28 шақырым» 

аталған  көтерме  жолдың    бойы-

на  тазалық  сақтау  мақсатында 

арнайы  қоқыс  тастайтын  үлкен 

жәшіктер қойылды.

     Жарғақ құлағы жастыққа тимей,  

ауылды  гүлдендіремін  деп  қыру-

ар  жұмыс  атқарып  жүрген  азамат  

әкімдік  қызметпен  аяқ  астынан 

қош  айтысты.  Дәл  жергілікті  әкім-

дер  сайлау  қарсанында.  Себеп 

–сайлауға  түсу  үшін  үміткердің  

жаңа  заң  бойынша  мемлекеттік 

қызметте  кем  дегенде  4  жыл  ең-

бек тәжірибесі  болуы керек екен.

Ауылдастары  бұл  жайсыз  хабар-

ды ауыр қабылдады.Азаматтарын 

аттан  түсіргісі  келмеген    шеңбер-

ліктер бастамашыл топ (жетекшісі 

–  Р.  Мақашев)  құрып,  қол  жинап 

Сағатты  сайлауға    қатыстыруын 

сұрап  аудан  әкіміне  арнай  хат  та 

алып барды. Жауап біреу ... «Зай-

ырлы мемлекетпіз – заңға қайшы».

Әрине,  бұл  аталған  заңның 

шикілігі  емес,  қайта  қатты  «пісіп» 

кеткендігінен болар. Әйтпесе,осы-

дан  20  жыл  бұрын  жекешеленіп 

кеткен  шалғайдағы  қазақи  ауылға 

(мұғалімдерден  басқа)    мұндай 

талап  қойылу  томпақтау  сияқты. 

Осылайша жерлестері жүйріктерін 

додаға қосуға дәрмендері жетпей, 

жоғары  жаққа  айқайлаған  дауы-

стары өтпей шарасыз күйде қалған 

болатын.

Ал  мына  шаруаны  естіген-

де  шеңберліктер  шын  қуанды.

 «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі қайдан алсын  кемеңгерді»

«Нұр  Отан»    съезіне  делегат  бо-

лып  қатысып  қайтқан  ауыл  аза-

маты  Сағат Сұлтанов ауылдаста-

рымен  үлкен  форумнан  алған 

әсерлерімен бөлісуде.  



Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ, 

Қазақстан Журналистер 

одағының  мүшесі.

Атам қазақ – жуанның жіңіш-

керіп,  жіңішкенің  үзілгені  деген-

дей,  мына  заманда,  жаһандық 

дағдарыс  дүниежүзін  шарпып, 

көптеген  кәсіпорындар  тоқтап, 

жұмыссыздар  саны  өсіп,  сырт 

елдері  талай  қиыншылықтарды 

бастан  кешуде.  Оларда  солай 

болып  жатқанда  біздің  еліміз-

де,  Елбасының-2050  страте-

гиялық  сындарлы  саясатымен 

«Нұрлы  жол»  бағдарламасы-

ның  арқасында  жылдан  жылға           

кәсіпорындар бой көтеріп, жаңа-

дан  жұмыс  көздері  ашылып, 

елімізде  жұмыссыздар  саны 

азайып,  әр  отбасының  кірісі  ар-

тып,  жағдайлары  жақсаруда. 

Ел  бюджетінен  бөлінетін  зей-

нетақыларымыз  жылдан  жылға 

көтеріліп,  әлеуметтік  және  де 

басқа да төлемдер өз қалпында 

сақталуда. Мұның бәрі еліміздегі 

тыныштық  пен  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 

ұйымдық 

бірлестігінің  арқасы.  Еліміздің 

ішкі  өнімі  күннен  күнге  өсіп, 

оның  ішінде  ауылшаруашылық 

өнімдері  өз  ішімізді  қамтама-

АУЫЛ АЗАМАТЫ – СЪЕЗД  ДЕЛЕГАТЫ



Ол жақында ғана Астанада өткен «Нұр Отан» 

партиясының ХVI съезінің делегаты болып қатысып 

қайтты. Әрине, мұндай жоғарғы деңгейдегі форумның 

бел ортасынан табылу – екінің бірінің пешенесіне 

жазылмаған құрмет.

болашаққа  баратын  айқын 

бағытпен  елді  бастап  келеді.

Мен  биылғы  26  сәуірде 

өтетін  Президент  сайлауына 

Н.Назарбаевтың  өз  канди-

датурасын  ұсынуға  келісімін 

бергеніне 

қуаныштымын. 

Әлемді алаңдатып, елді елең-

детіп  отырған  экономикалық 

дағдарыстан 

Н.Назарбаев 

қана аман алып шығатынына 

мен  ғана  емес  бүкіл  ел  се-

нетініне сенімдімін. Мен бар-

лық  аудан  халқын  Н.Назар-

баевты қолдауға шақырамын.



Қ.БЕКІЛДЕКОВ, 

еңбек ардагері.

Тәуелсіздіктің 

алғашқы 

жылдарындағы 

қисапсыз 

қиындықтан,  табан  тіреген 

тапшылықтан  жол  тауып,  ха-

лықты  қалтыратпай,  қантөгіс 

пен  қақтығысқа  соқтырмай, 

көпұлтты  еліміздің  бірлігі-

не  сызат  түсірмей,  алып 

шығып,  аз  жылда  Қазақстан-

ды  дүниежүзіне  танытып, 

іргелі  де  ірі,  көшбасшы  мем-

лекетке  айналдырған  ҚР 

Тұңғыш  Президенті,  Елбасы              

Н.Ә.Назарбаевтың  кемеңгер 

басшылығы мен салиқалы да 

салмақты  саясатының  арқа-

сы. Алысты болжайтын көре-

ген Елбасымыз Мәңгілік елдің 

нұрлы жолын салып, жарқын 

ЕЛБАСЫН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫН


3

21 наурыз, 2015 жыл 

№12 (5983)

Ұлытау өңірі

Әлеуметтiк газ!

 

Электр қуатынан әлдеқайда тиiмдi!



Әртүрлi модификациялық газ-

плиталарды (бағасы 2 000 тг ден) 

тiкелей зауыттың бағасымен тегiн 

жеткiзуге тапсырыс қабылдаймыз!!!

Газды қала бағасымен  кесте бой-

ынша мезгiлiнде үйлерiңiзге дейiн 

тегiн жеткiземiз!

Баллондарымыз толы!

Газ баллондары Ұлытау, Жездi, 

Өрнек, Қарсақбай әрбiр айдың 2,4 

(екiншi, төртiншi), жексенбi (дема-

лыс) күндерi, Борсеңгiр, Сарысу 

әрбiр айдың 3 (үшiншi) жексенбi 

(демалыс) күндерi жеткізіледі.

Ағымдагы жылдың 12 сәуiрінен 

жұмысымызды бастаймыз.

Координаторлар, тапсырыс 

қабылдаушылар: 

Ұлытау  селосы  - Құрман, Гүлжан 8 705 288 0707; 2-12-68.

Жездi кентi, Өрнек ауылы - Арман 8 777 384 2169; 2-16-99. 

Қарсақбай кентi - Бектемiр 8 777 487 9449.

 Борсеңгiр селосы - Жасұлан 8 777 109 7871; 2-36-89.

Сарысу селосы - Нұрлан 8777 485 78 95, 2-42-52; 2-37-64. 

Толық мәлiметтi Жезқазған Газ Қызметi диспетчерiнен алуга 

болады. Демалыссыз барлық күндерi сағ: 10.00 - 18.00 аралығын-

да хабарласа аласыздар. тел: Жезқазған  қаласы  8(7102)77 33 23;      

Сәтбаев қаласы  8(71063)7 05 55.

Ұлытау – қасиетті жер, киелі 

мекен. Ұлытаудың ұлы ата-

нуында тылсым күштің негізі 

бар. 

Асанқайғы бабамыз  



желмаяға мініп, жиһан кезіп, 

«жерұйық» іздегенде  Ұлытау-

ды таңдаған.   Қазақ  хандарын  

ұлықтау рәсімі Ұлытауда Хан 

ордасында өткен.

1505-1510 жылдардағы 

Қазақ хандығына қарсы Ма-

уереннахрдағы шибанилық 

әулет жасақтарының шайқасы 

Ұлытауда болғаны тарихи 

шындық. Ұлытаудағы шай-

қастан кейін Қасым хан жеңіске 

жетіп, бүкіл қазақтың билеушісі 

атанды. Қазақ хандығының өр-

леу кезеңі Қасым хан тұсында 

болды. Қазақ халқының бірлігін   

нығайтқан, Үш жүздің басын 

біріктіріп бір мәмілеге келтірген 

жер – Ұлытау.

1723-25 жылдары қазақ 

жерінің шығысымен Жетісуды, 

Сырдарияның орта ағысына 

дейінгі өңірін басып алған 

жоңғарлар Ұлытауға қарай 

беттеді. Жоңғарлардың көздегені Ұлытау 

өңірін басып алу еді. 1726 жылы жоңғар-

лар қазақ жасақтарынан жеңіліс тапты. 

Мұның артынша 1727 жылы жұдырықтай 

жұмылған қазақ қолы жоңғарларды 

ойсырата жеңіп, жойқын соққы берді. 

Тарихқа Бұланты шайқасы деген  атпен 

енді. Бүгінгі күні қазақ жасақтарынан 

қалған белгі, Жеңіс туы желбіреген 

жері – Ұлытау өңіріндегі  Байқоңыр  

ауылынан 15 

км жердегі 

Үйтас. Бұл 

жер – қазақ 

жасақтарының 

жеңіске жетіп, 

жоңғарлар-

ды Ұлытауға 

жеткізбей 

тоқтатқан 

тұсы.

Осы кезде 



де Ұлытау 

ұлылығын 

танытып, Әу-

лиетау құдірет-

тілігін көрсетті. 

Жоңғарлар 

Ұлытауға 

беттей алмай 

қара жерді 

жастанды, 

тас-талқа-

ны шықты. 

Ұлытаудың 

қасиеттілігі, 

құдіреттілігі осында жатыр.

Азия барысы атанып,  жер жаһанды 

дүр сілкіндірген Әмір Темір де Ұлы-

тауға басын иген.  Тасқа қашап белгі 

қалдырған.   «Керегеміз – ағаш,  ұран-

мыз –Алаш» деген қанатты сөз негізіне 

сай келетін Алашахан кесенесі қазақ 

жұртшылығының алып символы,  көне 

тарихтың куәсі.                 

Ұлытаудағы әр қойылған белгінің, 

жазылған жазудың өзіндік тарихы бар. 

«Мемлекет тұтастығы мен Қазақстан 

халықтарының бірлігі» монументі жанын-

дағы «Белгітас» - 1993 жылы Шеңбер 

ауылынан әкелінген гранит тас. 

2009 жылы Ұлытау ауданының сол 

кездегі әкімі Ж.Дәрібаев  мекеме басшы-

ларына ауданның 70 жылдығына байла-

нысты жаңа өзгерістер енгізу мақсатын-

да ұсыныс білдіруді талап еткен. Осы 

берілген тапсырмадан кейін Ұлытаудың 

кіре-берісіндегі шыңға «Ұлытау – ұлт 

ұясы» деген қанатты сөз жазылса деп 

ұсынысты «Экономика және бюджеттік 

жоспарлау» бөлімінің сол уақыттағы 

басшысының міндетін атқарушы Думан 

Жұманов айтқан екен.

Қазіргі таңда осы қанатты сөз елдің 

игілігіне айналып, Ұлытаудың ұлтқа тән 

болмысын, құндылығын тарихи өлкенің 

қасиетін айғақтап тұр. «Ұлытау – ұлт 

ұясы» сөзі бұрыннан қазақ тілімізде 

қолданыста 

болғанымен, 

Д.Жұманов-

тың ұсыны-

сы арқылы 

айбынды 


монумент 

жанындағы 

асқақ шыңға 

таңбаланып 

жазылып, Ұлы-

таудың мәрте-

бесін асқақта-

тып, ұранына 

айналды. 

Өткенімізге 

үңілсек, та-

рихқа жүгінсек 

Ұлытау талай 

ғаламат ке-

зеңді басынан 

өткерді. Әули-

етау киелі ме-

кен, жер мен 

көктің түйісетін 

нүктесі. Ұлы тұлғалардың, батырлар-

дың, хандардың, билердің Ұлытауға ат 

басын бұрып, тағзым етуі киелі  өлкенің 

тылсым күшін түсінгені. Осыдан барып, 

Әулиетаудың   қасиеттілігін, құдіреттілігін 

біліп, мекендеп қалған. Ұлытау қазақтың 

көне астанасы атанып, Қазақ хандығы 

қалыптасқан өлкеге айналды. Бүгінгі 

күні Қазақстанның түкпір-түкпірінен,  

шет елдерден қандас  бауырларымыз 

келіп, Әулиетауға тәу етеді. Сондықтан 

Ұлытаудағы әр белгінің өзіндік тарихи 

мәні бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет