Ж. ШƏМШІ, Астана қ.
Б
үгінде мүлде жаңа ұрпақ-
тың, елін ойлайтын жастар-
дың еркін ойлы үлкен легі қа-
лыптасқанына ешкім шүбə
келтірмес. Олар – ХХІ ғасырдың
жастары. Олар – ағыны қатты
заманға əбден бейімделген
қоғамның белсенді бөлігі. Оқуы
мен жұмысын қатар ұштастыра
білетін осы аймақтағы жас-
тарымыздың көбі бүгінде еңбек
отрядтарының қатарына кіріп,
аянбай еңбек етуде.
2005
жылы
елбасымыз
Қазақстан
Республикасында
«Жасыл ел» бағдарламасын
нығайту, облыстық, аймақтық
студенттік
құрылыс
отряд-
тарын құру туралы айтқан
болатын. Сол 2005 жылы
елімізде екі республикалық
штаб құрылды. Олар: «Жасыл
ел» жастар еңбек отрядтары
жəне студенттік құрылыс отряд
штабы. Сол жылы біздің об-
лысымызда да осы Павлодар
облыстық студенттік құрылыс
жəне «Жасыл ел» еңбек от-
рядтары құрылды. Жыл сайын
2000-нан астам студенттеріміз
жұмысқа тартылуда.
«Мақсатымыз – студенттік
қауымды
жазғытұрым
кез-
де уақыттарын бос өткізбей,
осындай игі істерге қатыстыру
болып отыр», - дейді студенттік
құрылыс жəне «Жасыл ел»
отрядтарының Павлодар об-
лыс тық штабының командирі
Əбіл шайықов Нариман Бақ ты-
байұлы.
Кешегі
кеңес
заманында
да осындай отрядтар болды.
Бірақ одан айырмашылығын
айтар болсақ, Кеңес одағы
кезінде тек қана құрылыс от-
рядтары болған. Ал бүгінгі
тəуелсіз Қазақстанның сту-
денттік құрылыс отрядтары
нақты 9 бағыт бойынша жұмыс
істейді.
Олар:
студенттік
құрылыс отрядтары, «Жасыл
ел» отрядтары, педагогикалық,
медициналық, археологиялық,
механикаландырылған
жəне
үгіт насихаттау отряды мен
қоғамдық тамақтандыру сияқты
отрядтар. Қазіргі күнде олар
белсенді түрде жұмыс істеп
жатыр.
Маусым айының 30 жұл-
дызында студенттік құрылыс
отряд тарының жетінші еңбек
семестрі басталды. Жаз ғы-
тұрым семестрде Павлодар
облысы бойынша 213 отряд
құрылып, 2,5 мыңнан астам
сарбаздар жұмысқа тартылған.
Олардың ішінде орта білімді
колледж студенттері мен Пав-
лодар облысының бүкіл ау-
дандары мен қалаларының
студенттері мен жұмыссыз
жастары бар. Еңбекақы көлемі
30-35 мың теңгені құрайды. Со-
нымен қатар, республика бой-
ынша біздің қаламызда ғана
осы жазғытұрым кезде еңбек
отрядтарында жұмыс істейтін
балаларға қоғамдық көлікте 50
пайыздық мөлшерде жеңілдік
бар. С.Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік универ-
ситеті тарапынан да көмек
көрсетіліп, жазғытұрым кезде
студенттік құрылыс жəне жа-
сыл ел отрядтарында жұмыс
істеп
жүрген
сарбаздарға
жатақханадан орын беріліп
отыр.
«Салыстырып қарасақ, басқа
облыстарға бұл жұмысқа аса
көңіл бөлінбейді. Біздің об-
лы сымызда тек қана қа ла-
лық
қордың
қазынасынан
осы жұ мыстарды атқару мақ-
сатында 80 млн. теңге ақша
бө лініп отыр», - дейді Нариман
Бақтыбайұлы.
Бүгінгі таңдағы басты бағ-
дарлама – «Жасыл
ел»
бағ дар ламасы.
Бұл
бағ-
дар лама аясында облысы-
мызда 1200-ден астам сарбаз
жұмыс атқаруда. Павлодар
қаласының өзінде «Жасыл
ел» бағдарламасы негізінде
500-ден астам студент жұмыс
істеп жатыр. Осы күнге дейін
сарбаздарымыз қаланы та-
зарту,
көгалдандыру,
гүл
отырғызу сияқты игі істерді
атқарып
келді.
Мəселен,
Астана күні қарсаңында Естай
Беркімбаев атындағы Мəде-
ниет сарайының жанында 1,5
мың жұпаргүл көшеті отыр-
ғызылды.
Н.Əбілшайықовтың
айтуы
бойынша, қазіргі кездегі ең
белсенді əрі жетекші отряд –
«Жасыл ел» отрядтары. «Олар
саны жағынан да көп. Ең мықты,
ең күшті отрядтардың бірі.
«Жасыл ел» деген мемлекеттік
бағдарлама. Бұл мемлекеттік
бағдарламаны
жалпы
іске
асыруға елбасымыз жастарды
тартып отыр. Сондықтан да
бұл бағдарламаны жастардың
бағдарламасы деуге болады»,
- дейді Павлодар облыстық
штабының командирі.
Бүгінгі таңда студенттік құ-
рылыс отрядтарының атқа-
рып жатқан маңызды, көлемді
деген жұмыстар қатарынан
«Ертіс орманы» резерватын
айтуға болады. «Ертіс орма-
ны резерватына жыл сайын
150 сарбазды жібереміз. Жеті
жыл жұмыс істесек те, жұмыс
əлі де жеткілікті. Неге десеңіз,
өткен бес-алты жылдың ішінде
үш мыңнан астам гектар тоғай
жанып кетті. Біз бұның ішінен
тек қана бір мыңнан астам гек-
тар жерін тазалап отырмыз.
Бұны біз қазір тазалап отыр-
мыз, келесі жылы тазаланған
жерге
майқарағайдың
кіш-
кентай көшеттерін отырғы-
замыз. Сондықтан да мұндай
жұмыстарды айту керек, қо-
ғам білуі керек», - деп сө зін
сабақтады Нариман Бақты-
байұлы.
Сонымен бірге, «Жасыл па-
труль», «жасыл өлке» атты
отрядтар
біздің
қоршаған
ортамызға зор үлесін қосып,
табиғат анамызды қамқорлыққа
алып отыр. Мəселен, «Жасыл
патруль» отряды майшабақты
құтқару жұмыстарын жасауда.
Аталмыш отряд сарбаздары
көктем уақытында, су тасқыны
кезінде су қоймасында қалып
қойған майшабақтарды теріп,
өзенге жіберумен айналысады.
Ал «жасыл өлке» отрядының
мақсаты – Ертіс бойының оң
жағалауын тұрмыстық қоқыстан
тазалау. Ертістің жағалауына
саяхатқа шыққандардан кейін
қалған жəне үйде ремонттарын
жасап, қоқыстарын қалалық
қоқыс свалкасына апармай
Ертіс жағалауына төге салған
тұрмыстық қоқыстың барлығын
сарбаздар жинап жүр. Біздің
сарбаздарымыз осындай игі
істерді жасауда.
Студенттік құрылыс жəне
«Жасыл ел» отрядтарының
Павлодар облыстық штабының
командирі Əбілшайықов На-
риман Бақтыбайұлының ай-
туы бойынша, ақырғы екі-үш
жылда құрылыс объектілері
азайғанның
себебінен
жұ-
мыс көлемі азайып қалды.
«Шыны керек, 2005-2008 жыл-
дармен салыстырғанда жал-
пы мына құрылыс объекті-
лері
азайғаннан
біздің
отряд тарымыздың саны сəлде
болса азайып отыр. 2005
жылы Қазақстан эликтролиз
зауыты, Усолка мөлтек ауда-
ны салынғанда жұмыс көлемі
көп болған. Біз құрылыс от-
рядтарын құрып жіберетінбіз.
Бүгінгі таңда, шыны керек, об-
лысымызды алсақ, Павлодар
қаласында химгородок мөлтек
ауданында мектеп салынып
жатыр, оған қосымша екі отряд-
ты Баянауыл кентінде салынып
жатқан емханаға жіберіп отыр-
мыз. Сол себепті де біз бүгін
басты назарды «жасыл ел»
отрядтарына қойып отырмыз»,-
деп өзінің сөзін түйіндеді штаб
командирі.
С. НЫСАНБЕКОВА.
МАҚСАТЫМЫЗ – ИГІ ІСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫРУ
МАҚСАТЫМЫЗ – ИГІ ІСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫРУ
АРАЛАС МЕКТЕП ОРЫСТАНДЫРУДЫҢ БІР ТҮРІ
АРАЛАС МЕКТЕП ОРЫСТАНДЫРУДЫҢ БІР ТҮРІ
№ 7 (129)
шілде, қоян жылы 2011
)
10
Елордамыз Астана 6 шілде күні
өзінің туған кү нін жылдағы үрдіс бой-
ынша атап өтті. 13-ші мүшелге толған
астананың əр күні тарихи оқиғалардың
куəсі. Осы мерекені атап өту 4 шілдеден
бастау алды. 4 шілде күні Астана күніне
арналған негізгі мерекелік іс-шаралар
Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен
жəне де Мемлекеттік рəміздер алаңында
Қазақстанның көк байрағын көтеру
рəсімімен басталды. Осы күннен ба-
стап қала тұрғындары мен қонақтарына,
барлық қазақстандықтарға арналған
бағдарламалардың ауқымы кеңейді.
Астанада осы күні «Опералия – 2011»
VI халықаралық музыкалық фестивалі
италяндық
композитор
Джакомо
Пуччинидің «Манон Леско» операсының
тұсаукесерімен басталды. Одан кейін
балеттің
əлемдік
жұлдыздарының
гала-концерті болып, оған Германия,
Австрия, Латвия, Куба жəне Дания
елдерінің өкілдері қатысты. «Əлемдік
опера жұлдыздарының» гала-концерті
де болып өтті. Астана күнін атап өту
аясында осымен төртінші рет өткен
«Мыңжылдықтар тоғысындағы Аста-
на» көшпелілер өркениетінің фестивалі
келушілерді биыл да қазақ халқының
терең мəдениетімен, тұрмысымен таны-
стырды. Биыл фестиваль аясында «Хан
Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінің
маңына 50 киіз үй тігілді. Хан шаты-
ры тəрізді пішінде құрылған сахнада
этникалық музыка мен күй кештері де
өтті. Ауылға келген қонақтар сондай-ақ,
көшпенділер өміріне өздері араласып,
барлық болып жатқан шараларға қатысуға
мүмкіндік алды. Келушілер сондай-ақ, ат
құлағында ойнайтын шабандоз
жігіттердің өнерін, қазақтың
қыз ұзату, беташар, тұсау
кесу, шашу, бесікке салу салт-
дəстүрлерін, қазақтың ежелгі
ұлттық киімдерімен танысты-
ратын
театрландырылған
қойылымдарды,
айтысты
жəне көшпелі цирк өнерін та-
машалай алды.
Сонымен қатар, Астанаға
тамаша тарту ретінде, «Əн
жүрегім-Астана» атты гала-концерті
ұйымдастырылды. Оған Қазақстан əн
өнерінің жарық жұлдыздары ел аста-
насын мерейтойымен құттықтап, сұлу
шаһарға авторлық əндерін шырқап,
халықты бір серпілтіп тастады. Тағы бір
айта кетерлігі, Астана күні мерекесінде
өнер сүйер қауым Ресейдің халық əртісі
Сергей Безруковтың тағы бір туындысын
тамашалады.
Астан мерекесін тойлаудың екінші күні,
яғни, 5 шілдеде асық атудан «Алтын
сақа» сайысының турнирі өтті. Астанада
бұл спорт ойынынан жарыстар үшінші
мəрте өткізіліп отыр. Сайыс нəтижелері
бойынша
жеңімпаздарға
бағалы
сыйлықтар табысталды.
«Астана самалы» үрлемелі аспап-
тар оркестрлерінің фестивалі Қазақ-
стандық оркестрлер мен танымал
сахна шеберлерінің орындауындағы
классикалық
əуен
мен
заманауи
шығар малары ашық аспан астында
өтті. «Астана Самалы» көптеген елдің
өкілдерін бір сахнаға
жинайтын
қайталанбас
сазды
думан.
Осы
күні
«Аспазшылардың
шеберлігі – сүйікті қалаға»
атты фестивалдің ая-
сында
ұзындығы 150
метрлік «Кимпаб» рол-
лын дайындау бойынша
əлемдік Гиннес рекор-
ды жаңартылады. Жаңа
əлемдік рекордты көзбен
көру үшін Астанаға Гин-
нес рекордтары кітабының
өкілдері арнайы келді.
Рекорд
қуатталғаннан
кейін
шеф-
аспаздың командасы роллды теңдей
бөліктерге бөліп, астана тұрғындары мен
қала қонақтарына дəмнен ауыз тигізді.
Осы күнгі шаралардың бірібарлығын
таңқалдырған Лара Фабиан мен Игорь
Крутой ұсынған «Мадемуазель Живаго»
шоу-концерті болып табылады.
Мерекелік шаралардың соңы – 6
шілдеге
жоспарланған
əнші
Сара
Брайтманның жеке концерті. Ол өз
шығармашылық кешінде екі музыкалық
бағытты – өткен ғасырдың классикалық
музыкасы мен соңғы онжылдықтағы
«поп» жанрын шебер үйлестіре білді.
Сонымен қатар, мерекенің көркін жа-
лынды жастар жағы да қыздыра түсті.
Мұнда экстремалды спорт түрлерінен
байқау ұйымдастырылды. Бұған дейін
«брэйк-данс», «рэп», «хип-хоп» бойын-
ша жеке-дара өнер көрсетіп жүрген ел
жастары алғаш мəрте бір жерде бас
қосты. Астананың туған күніне арналған
мерекелік бағдарлама «Қазақ елі»
монументінің алдындағы алаңда өтетін
«Астана – бақыт мекен» атты гала-
концерт аяқтады. Шара аяқталған соң
Қазақстанның бас қаласы құрметіне –
мерекелік отшашумен ұлысып, ерекше
атап өтілді.
Туған күнің құтты болсын, еңсесі биік
елордам!!!
Астанадан арнайы
Н. ИСАБЕКОВА
Ұлт рухы
Ұлт рухы
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ
ҚАДІРІН ЖЕТЕ
Жаһан ғалымдарының пі кірі
мен тұжырымдарына сүйен-
сек бүкіл əлем бойынша 6
мыңнан астам тіл бар екен.
Демек, 6 мың халық бар де-
ген сөз. Жақсы Африкадағы,
Оңтүстік Америка мен Шығыс
Азия мемлекетеріндегі сансыз
тайпалардың тілін қысқартып
тастағанның өзінде 3 мыңдай
тіл өз тұғырында. Егер осы 3
мың халық өз алдына мем-
лекет құруға құқылы десек,
дүние жүзінде 3 мың мем-
лекет болуы керек емес пе?
Ал, бүгінде өз алдына дербес
мемлекеттердің саны 200-
ден сəл ғана асады. Оның бірі
сүйікті Отанымыз – Қазақстан
Республикасы. Жаратушы жа-
рылқап 20 ғасырдың со ңында
бізге ең құнды бай лығымыз
тəуелсіздікті сыйлады. Бір
ғана Ресейдің өзінде қаншама
халық ғасырлар бойы еге-
мен ел болуға қолдары жет-
пей келеді. Ең өкініштісі сол
олардың біразының тілі, діні,
менталитеті əлдеқашан жой-
ылып, орысқа айналған.
Айтпағым,
арамыздағы
кей бі реулер
егеменділіктің
қа ді рін жүрекпен сезіп, ұғын-
байтын сияқтымыз. Сəл дү-
ние болса сол бір орыстық
қармағында жіпсіз қылғынып,
қазақ деген ғажаптығымыздан
сəл
болмағанда
жоғалта
жаздағанымыз естен шығып
кететін тəрізді. Бірдеңе болса:
«Шіркін Кеңес үкіметінің кезін
айтсаңшы. Барлығы тегін еді.
Жұмыссыздық деген бол-
майтын...» деп шығады. Сол
қызылдардың халқымызды та-
рих бетінен өшіріп, ұлт ретінде
жойып жіберуге шақ қалғанын
есінен шығарып алғандай.
Баянды тəуелсіздігіміз ба-
сымызда тұрғанда өткенді
неліктен сағынып аңсаймыз.
Өзге мемлекеттер біздің ел-
дегідей бейбітшілік пен ты-
ныштық, татулық пен бірліктің
ұйтқысы бола алуда ма?
Соларға
қарап
бүгінімізге
тəубə деуіміз керек.
Өткенді аңсайтын қоғамда-
ғы кей тұлғалардың жадына
мынаны сала кетейін. Сіздер
аңсап отырған сол кеңес зама-
нында 4 миллион қандасымыз
аштықтан ажал құшқан да,
асыл арыстарымызды «халық
жауы» деп қынадай қырған
да, 1941-1945 жылдары 1
миллионнан астам азаматы-
мыз соғыста қаза тапқаны да,
Қазақтардың саны 28 пайызға
түсуі, Алматыда 1980-ші жыл-
дары жалғыз қазақ мектебінің
қалғаны, 1986 жылы жел-
тоқсанда
қыздарымызды
көк мұзға отырғызып, жігіт-
терімізді
аяусыз
тепкілеп
өлтіріп, соққыға жыққан да сол
кез емес пе еді…?
Ойланыңыз да, ой түйіңіз!
Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.
құлағында ойнайтын шабандоз
жігіттердің өнерін, қазақтың
қыз ұзату, беташар, тұсау
кесу, шашу, бесікке салу салт-
дəстүрлерін қазақтың ежелгі
Рекорд
қуатталғаннан
кейін
шеф-
аспаздың командасы роллды теңдей
бөліктерге бөліп, астана тұрғындары мен
қала қонақтарына дəмнен ауыз тигізді.
Осы күнгі шаралардың бірібарлығын
ТӘУЕЛСІЗД
ТӘУЕЛСІЗД
ҚАДІРІН Ж
ҚАДІРІН Ж
Баршаны бас идірген құт
Баршаны бас идірген құт
мекен АСТАНА!
мекен АСТАНА!
№ 7 (129)
шілде, қоян жылы 2011
)
11
Тағылым
Тағылым
Өлі разы болмай
Өлі разы болмай
тірі байымайды
Қазақтың «қазыналы қарттарым
аман болсын», «асыл қарттың əр
күні өлшеусіз байлықпен тең» де-
ген қанатты сөздерінің айтары мен
білдірер берекеті көп қой. Бұл жолы
өңіріміздің мақтанышы, ұлтымыздың
қаһарман қыздарының бірі, қызығы
мен қиындығы мол журналистика
саласына алғашқылардың бірі бо-
лып араласқан қазақ қызы Лəзиза
Серғазина жайлы жеткен əрбір ақпа-
рат пен өлшеусіз құндылықтарды ты-
нымсыз еңбегімен, өзінің қарттығына
қарамай жеткізіп жүрген қазыналы
апамыз Жүсіпова Зейкен Əбдірахман-
қызы жайында болмақ.
Зейкен апамыз 1942 жылы тамыз
айының 10 жұлдызында дүниеге кел-
ген. №15 мектепті бітіргеннен кейін ар-
ман қуып Алматы қаласына аттанады.
Сол жердегі ҚазПИ де оқып, Ақтоғай
ауданы Шұға ауылында мектепте 3
жыл, Спартак 25 ауылында ұстаз бо-
лып қызмет атқарғаннан кейін Педин-
ститутта 7-8 жыл қызмет атқарады.
Кейіннен С.Торайғыров атындағы ПМУ
да қызмет атқарып зейнетке шығады.
Зейнетке шыққаннан кейін қолын
жылы суға малып қана қарап отыру-
ды жөн көрмеген апамыз туысқаны
Л.Серғазинаның материалдарын жи-
нап, реттеп, заттарын мұражайға та-
быстап бүгінгі таңға дейін тынымсыз
еңбек етуде. Данагөй қазақтың «өлі
разы болмай тірі байымайды» деуінің
өзінде қаншама сыр жатыр. Міне,
Лəзиза апамыздың 95-100 жылдық
мерейтойы кезінде көптеген заттарын
мұражайларға өткізіп, үлкен шараның
басы қасында болып қарттығына
қарамаған Зейкен апа бүгінгі таңда да
тынымсыз ізденістің соңында жүр.
Лəзиза Серғазинаның туған жері
Қызылжар ауылының мектеп ұжы-
мымен де тығыз байланыс орна-
тып əрбір мерейлі жылдарды құр
өткізбеген. Жасының қарттығына,
денсаулығына қарамай ат басын тар-
тып мінген арда азаматтар істейтін
ұлағатты істі өзі тындырып жүр. Осы
орайда Зейкен апа бірлесіп жұмыс жа-
сап жүрген жан барлық дүниені көзінің
қарашығындай сақтап, анасының көзі
болып отырған Райхан Əбуқызы.
Райхан жəне Зейкен апалардың
көмегімен ПМУ баспасөз орталығы-
ның жанынан қыркүйек айында Лəзиза
Серғазинаға арналған экспедициялық
көрме тақтасы да ашылады деп жо-
спарланып отыр. Зекен апамыздың
көңіліндегі кір шалмаған бір дүние
туған жері Қызылжар ауылынан
Лəзиза Серғазинаның есіміне бір көше
берілсе деген арманы да жоқ емес.
Тау мүсін, қазыналы қартымыз
Зейкен
апа
журналистика
саласының алғашқы қарлығашы
Лəзиза
апа мыздың
атқарған
істерінің жарқын келбетін, құнды
дүниелерін бүгінгі жас ұрпақпен
қауыштырушы абзал ана. Дүниенің
нұры, өмірдің гүлі, қызықтың
қызығы – ананың қолында. Ана
бір қолымен бесік тербетсе, екінші
қолымен əлемді тербетеді деген
осы болса керек-ті!
Қ. ХАШЫМҚЫЗЫ
27.09.43 жыл
27.09.43 жыл
Кеше Қаскеленде военком жол-
дасты кездестірдім (Тайыр). Қатты
зерігіп жүрген көрінеді. «Кейде ойла-
сам, творчестволық команда, рыскада
жүрген сияқтымын» деп күледі.
Мынау Тайырдың бір отырысқа жа-
зып тастаған өлеңі:
Өмірдің бесігінде тəн шыныққан
Жан доспен бал мінезді жан
тыныққан.
Сұлудың қуанышты көз жасындай
Минутын əсем кештің мəңгі ұмытпан.
Тұтуға кеңде кере таң самалын,
Нұр шашқан таң шолпаны аңса-
ғаным.
Өмірдің алтын аймақ кесесінен
Сол үшін көтерем жыр боя шарабын.
13.10.43 жыл
13.10.43 жыл
Мынау Түркістан немістер бомба-
лап кеткендей тас-талқан, үйілген шикі
кірпіш қой. Адамдар солардың арасын-
да тұр.
Бүгін Ходжа Ахмет Яссауидың мешітін
көрдім.Тамаша-ақ
салынған
дүние
екен. Бірақ күтім, күй жоқ. 1940 жылы
Самарқанттан шеберлер шақырып,
қалпына келтіре бастаған екен.Соғыс
басталып кетіп,аяқсыз қалыпты.
Сыры белгісіз əсем нақыштар бояу-
лар көз тартады.Тек, бүлініп барады
екен.
Мешіттің іші толған қабір тастары –
бір кезде адам жерленген. Яссауидың
анық əйелінің қабірі бір бөлмеде.
Абылайдың қабірі бар.Бір таста 1294
жыл деген жазу қалып, қалғаны өшкен.
«Найман Алдабергеннің «Шам Шариф-
тен келген Жолбарыс ханның қабірі»
деген тастар бар. Бұрын құлақ естіп, ат
жердің атақты адамдарын осында əкеп
жерлей беріпті. Қабір мешіттің астын
кеңлеп, қабырғалары қисайып кетіпті.
Одан шыққан соң Өзбек көшесі 19
– ға бардым.Редакцияға Бектемірова
дегеннен арыз түскен.Ол рай.исполком
председателі Ертаевтың айтқаныма
көнбейсің деп қуғынға ұшыратқаны
айтылған.Өзі де бір өзгеше сұлу
келіншек екен. Ертаев паспортын тар-
тып алыпты.Осы мəселеге байланысты
Ертаев өзі де құруға жақын екен.
Түркістан райкомының секретары
бірде бие, бірде түйе берекесіз адам
болар.Ертаев екеуі соғыс жылдарының
кеуделерінен түскен есерлері ғой.
Кеше кешке жас əйелдер жиналысы
болды.Тұрмыстан азғындау деген күн
тəртібі бар екен.Сөйлеуге тура келді.
Достарыңызбен бөлісу: |