Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі2,76 Mb.
#1486
1   2   3   4

Үйлестіру кеңесінде

Ауырмайтын

жол ізде

Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Прези-

денті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан

халқына арнаған биылғы дәстүрлі

Жолдауы күллі қоғамдық-саяси

өмірімізге жаңа серпіліс әкелді. Осы аса

маңызды саяси құжатта мемлекет

басшысы ел экономикасын

өркендетудің өзекті міндеттерін алға

тартты.  Әлемдік өркениет үрдісіне

ұмтылған Қазақ елі қазір қарыштап

дамып келеді. Сүйікті Отанымыздың

игілікті істері мен өркенді өзгерістері

баршамыздың нұрлы келешекке деген

сенімімізді нығайтып, үмітімізді ұштай

түседі. Қазақстан дүние жүзі

қауымдастығында тұрақтылығы

тиянақты, бейбітшілігі баянды, бе-

реке-бірлігі бақуатты мерейлі мемле-

кет. Ежелден елінің абыройын асырып,

ұлтының ұлылығын ұлықтаған дана-

лар дәстүрі Елбасы саясатының сын-

дарлы бағыты, бұлжымас

темірқазығы. 

Бағзы замандардан бақ қарап, Қыдыр

қонған жайсаң Жетісу мен көгілдір

Көкше, берекелі Баянауыл мен

қасиеттті Қарқаралы, асқар Алтай

мен асқақ Атырау, сайын Сарыарқа

кең пейіл Қазақтың құтты қонысы,

өрісті өлкесі. Сылқым сұлудың сыңғыр

күлкісіндей сылдырап аққан Сыры мен

Ілесі, Шуы мен Жайығы, Ертісі мен Есілі

қаймана халқымыздың асыл

жауһарлары. Осы ұлан байтақ дархан

дала бекзада бабаларымыздың біз-

дерге өмір бақи өшпес аманат етіп

қалдырған киелі Отаны. 

Азаттықтың арайлы шуағына

бөленген Арқаның алтын алқасы –

Қарқаралы иісі қазақ ұлысының ірі та-

рихи және мәдени орталығы. Сол

Қарқаралыға биыл – 190 жыл. Ағаш

уықты, киіз туырлықты қазақ

баласының қара шаңырағы –

Қарқаралының іргетасы 1824 жылы

қаланған еді. Содан бері екі ғасырдай

уақыт өтті. Талай дәуірдің дүлей да-

уылдарына төтеп берген мәрт мінезді

Қарқаралы халқының шежіресі

ғасырлар тақтасына алтын

әріптермен жазылып қалды. 

Он тоғызыншы ғасырдың басында

сонау Сыр бойында туып, Қарқаралы

топырағында дүниеден озған айтулы

айтыскер ақын Күдеріқожа Көшекұлы:

«Қарқаралы – Қазылық, жатушы едің

жазылып...Қарқаралы қайран тау,

тиюші еді пайдаң тау» деп тебірене

термеледі. Қарқаралы Алаштың

аймаңдай азаматтары қызыққан киелі

өлке. Қазақтың тұңғыш ғұлама

ғалымы Шоқан Уәлиханов осы аты-

рапта екі мәрте – 1855 және 1863

жылдары болды. Ол қызмет

бабындағы бұл сапарын халық ауыз

әдебиетінің  інжу-маржаны – ән-жыр-

лармен танысуға арнады. Шоқан мал

шаруашылығы жөнінде көптеген

қызықты деректер жинады. Оның

«Қарқаралының сыртқы округтері

болыстарының қысқы көші-қоны»

деген белгілі зерттеу еңбегі осы

тақырыпқа арналған.

Орыс жазушысы М.М.Пришвин осы

өлкеге 1909 жылы ат басын тіреді.

Жақұттай жайнаған жасыл алқапты

көрген сәтін ол былайша толғана су-

реттейді: «Біз жоғары өрлеген сайын

әр шоқы жаңаша әсер етті. Жоғарғы

жылтыр тастарға қадалған

қарағайлар. Биіктегі жартастар ну

орманды екен, тау көлі күн көзімен

шағылысады». Табиғат-ананың

көрікті келбетін қарымды қаламгер

осылайша сипаттайды.

Шалқар білімді Шоқанның сүйікті

досы, белгілі саяхатшы – этнограф

Г.Н.Потанин осы өңірде болып алған

әсері жайында орыстың

И м п е р а т о р л ы қ - г ео г р а ф и я л ы қ

қоғамының Батыс-Сібір бөлімшесінде

арнайы баяндама жасаған. Қарқаралы

үйезінің байырғы халқының білімге,

орыс өнеріне деген ыстық ықыласына

разы болды. «Қазақ арасында

ақындық өнер керемет дамыған, дала

ақындар мен жыршыларға бай екен»

деп мәлімдеді. 

Қазақтың мың әнін жинаумен та-

рихта тамаша із қалдырған белгілі

музыка зерттеушісі А.В.Затаевич

Қарқаралы атырабының құйма құлақ,

көкірегі қазына жырауларынан 154 әнді

жазып алған. Атақты француз жазу-

шысы Ромен Ролланға жолдаған ха-

тында Затаевич: «даланың әсемдігін,

әсіресе, Қарқаралы даласының

сұлулығын мен өзімнің нашар француз-

шаммен сізге жеткізуге батылым бар-

май отыр» деп жазған болатын.

Жиырмасыншы ғасырдың бастапқы

тұсында қоғам өмірінде елеулі серпілі-

стер мен сілкіністер болды. Бұл ай-

тулы оқиғалар Қарқаралы өңіріне де

қатты әсер етті. 1905 жылдың 15

қараша күні Қарқаралы қаласында

үлкен шеру өтті. Патша өкіметінің

әділетсіздігіне қарсы шыққан халық

үлкен толқу туғызды. Қарқаралы

үйезіндегі 22 болыстан келген 42 сау-

атты өкілге қол қойдырылған

атақты «Қарқаралы петициясы» жа-

зылды. Бұл жеделхатта: «Қазақ дала-

сына қоныс аудару қозғалысы

басталды. Ең шұрайлы жерлер сырт-

тан келгендерге бөлініп берілді, ең

нашар жерлер қазақтарға тиді.

Қазақтардың діни-рухани істері

тұрғысында көріп отырған

астамшылықтарын санап айту қиын.

Халықтың рухани дамуына тосқауыл

жасап, тек қана залал әкелді» деп ащы

ақиқатты жайып салды. «Көп

қорқытады, терең батырады» деген-

дей «Қанды жексенбіден» жүрегі

шайлығып қалған Ресей

империясының билеушілері «Қарқаралы

петициясының» кейбір талаптарымен

санасуға еріксіз мәжбүр болды.

Қазақтардан Мемлекеттік Думаға де-

путат сайлауға рұқсат берді. Бірінші

Думаға Семей губерниясынан

Қарқаралы үйезінің тумасы, Алаш

көсемі Әлихан Бөкейханов сайланды.

Қарқаралының текті топырағынан

талай тарланбоздар мен дала даныш-

пандары түлеп ұшты. Туған халқының

дарабоз даналығы мен кемел

кемеңгерлігінің айнасы, Қазақтың бір-

туар перзенті – Қаздауысты Қазыбек

би бабамыз. Бала биден дана би

атанған көкірегінде көріпкелі бар

кемеңгер аса бір қилы кезең, дүрбелең

дәуірдің шытырман оқиғаларын ба-

стан кешті. Қазақ тарихында

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл

сұлама» деп аталған қанды қырғын

тұсында «елден құт-береке қашпасын

деп, жердің шетін жау баспасын деп»

ата жұртын көк найзаның ұшымен де,

қызыл тілдің күшімен де қызғыштай

қорғады. 

Әйгілі күйші-сазгер, асқан дүлдүл дом-

бырашы, аты аңызға айналған

тұғырлы тұлға – Тәттімбет

Қазанғапұлы. Бал бармағынан қырық

түрлі күй өрбіген дәулескер домбы-

рашы ұлттық өнер қазынасына мәңгі

өлмейтін, ешқашан көнермейтін мол

рухани мұра қалдырды. Тұлпар талант

Тәттімбеттің «Сылқылдақ»,

«Көкейкесті», «Балбырауын»,

«Салқоңыр» сынды күйлерінің сиқырлы

сазы жанды тербеп, жүректі бау-

райды. 

Тірлік пен бірліктің, қаһармандық пен

елдіктің ұйытқысы болған, халықтың

бабасына, халықтың данасына

айналған парасат иесі - Құнанбай қажы

Өскенбайұлы. «Құнанбай Орта жүздің

тұзы емес пе, жақсының артта

қалған  ізі емес пе?» деп ақын

жырлағандай дегдар бабамыз сөйлесе

сөздің шешені, бастаса елдің көсемі

болды. Ғибратты ғұмыр кешіп,

«қарадан хан болған» асыл текті

тақуа бабабыз халқымызға

имандылық нұрын шашты. Қажы

атамыздың ұрпақтарына үлгі болар

қайырлы қамқорлығының белгісіндей

Қарқаралының орталығында ғибадат

ғимараты – мешіт тұрғызылды. Ғазиз

жанның салдырған сол Алла үйі бүгінде

нағыз имандылық ұясына айналды. 

Қарқаралы – қазақтың Бас ақыны

(А.Байтұрсынов), хакім Абайдың әрі

нағашы, әрі қайын жұрты. Ұлы ақын

Қарқаралыны жанындай жақсы көрді.

Әкесі Құнанбаймен осы шаһарға сан

мәрте келіп, от ауыз орақ тілді Балта

мен Шөже сынды шайырлардың шырын

сөздерін, тамаша тәмсілдерін там-

сана тыңдады. Абайдың азаматтық,

ақындық келбетін, адамгершілік кейпін

шалқар шабытпен зерлеген

заманымыздың заңғар жазушысы

Мұхтар Әуезов өзінің атақты «Абай

жолы» роман-эпопеясында: «Абай

әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы

көп күндер болды. Қазір қыс әбден

түсіп, қар бекіп алған-ды. Құнанбай

кішкене қаланың тап ортасындағы көк

шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ

еткен. Қазағуар, қонақшыл татар

саудагерінің үйі» деп ерекше ілтипат-

пен сүйсіне сипаттайды. Даңқты

қаламгердің әспеттеп айтқан көркем

ғимаратының сыртында бүгінде «Бұл

үйде 1850 жылдары Абай (Ибраһим)

Құнанбайұлы болған» деген ескерткіш

тақта тұр.

«Атыңнан айналайын Қарқаралы» деп

айдай әлемге әуелетіп ән шырқаған

Мәдидің майдақоңыр мақпал үні бүгінде

Қарқаралының аспанын кернеп,

жүректерді тербеп тұрғандай.

Қарқаралының қыран тектес түлегі

Мәди Бәпиұлы сегіз қырлы, бір сырлы,

шашасына шаң жұқпас талант. Ол

Арғынның ақ серкесі атанған әйгілі Ал-

шынбай бидің немересі. Пәлесі мен жа-

ласы, мұңы мен наласы қос өрім

қамшыдай қатар жүрген қатыгез за-

манда ғұмыр кешті. Тағдырдың

тәлкегіне түсіп, қиянатты көп көрді.

Бар өмірі өксікпен өткен өжет ақынның

көңіл шері өлең боп өрілді: «Үшқара

басың биік мұнар шалған, Сұмпиып өте

шықты мына жалған. Тар есік, тар

босаға жаман екен, Ер едім ел ішінде

сайран салған» деп дүниеде көрген

азабы мен мазағына қатты күйінді.

Мәди – сырбаз сазгер. Мәди – ән

құдыреті. «Үшқара», «Қарқаралы,

«Қаракесек», «Шіркін-ай» әндері қазақ

өнерінің аспанында мәңгі жарқыраған

жұлдыздар. Ән дауылпазы әйгілі Әміре

Қашаубаев Мәди әндерін Мәскеу мен

Париж сахналарының төрінде әуелете

шырқады. 

Ұлтының қамын ойлап, қабырғасы

қайысқан қажырлы қайраткерлер

Қарқаралының қадір тұтар аса

ардақты перзенттері. Сонау зұлмат

заманның сұрқай саясатына атойлап

қарсы шыққан жолбарыс жүректі, ары-

стан білекті қайсар жандардың есім-

дерін елі ешқашан ұмытпақ емес.

Кезінде патша үкіметін қатты

әбігерге салған атақты «Қарқаралы

петициясы» құжатының мәтінін

дайындаған, көпшілікке қол қойдырып,

жоғарғы жаққа жіберуді

ұйымдастырғандар – айбынды Алаш

көсемі Әлихан Бөкейханов, ұлт ұстазы

Ахмет Байтұрсынов, қазақтың

тұңғыш жоғары білімді заңгері Жақып

Ақбаев еді. 

Тектінің тұяғы, сом алтынның

сынығы Әлихан Бөкейханов – жарты

әлемді жаулаған Шыңғысханның

жиырма екінші ұрпағы. Талабы таудай

тастүлек талант Әлекең тоғыз

тілде еркін сөйлеп, сауатты жаза бі-

летін асқан білімпаз еді. Кезінде кадет

партиясының тілі «Омичь» газетінде

редакторлық қызмет атқарған-ды.

Орыстың ойшыл жазушысы Лев

Толстойдың «Қажымұрат» хикаятын

сүйсіне оқып, оны қазақ тіліне ауда-

руды қолға алды. Қазақтың ақыл-ой

алыбы Абай туралы бірінші болып

ғылыми-зертеу еңбегін жазған да

Әлекең еді. Мол білім, биік парасат иесі

Ә.Бөкейхановты Мәскеудің, Санкт-

Петербургтың зиялы қауым өкілдері

қатты қадірлейтін. Солардың

қолдауымен 1926 жылы Ғылым

академиясының одақтас және автоно-

миялы республикаларды зерттеу

жөніндегі Қазақстан бойынша

тұрақты сарапшы қызметіне

тағайындалды. Ленинград

университетінің профессоры болды. 

Отызыншы жылдардың қуғын-сүргін

нәубетіне ұлт жанашыры, Алашорда

үкіметінің белсенді мүшесі, Берікқара

болысының аймаңдай азаматы Жақып

Ақбаев та іліккен еді. Бозбала шағынан

білімін тереңдетуге құлшыныс

жасаған Жақаң түрлі ғылыми кітап-

тарды, Пушкиннің, Белинскийдің,

Чернышевскийдің шығармаларын

құныға оқыды. Азаттық арманы

бойын билеген жас жігіт патша

үкіметінің көп мөлшердегі алым-

салығы қазақтарға ауыр тиетінін

айтып, орыс газеттеріне өткір

мақалалар жариялады. Осы көзқарасы

үшін ұлтжанды азамат абақтыда

азапталды, тірідей тамұққа түсті.

Қайраткерлік қуаты бойында

булыққан күйі өмірден өтті. 

Қазақ халқының бақыты жолында

күрескен арда ұлдарының бірі –

Нығмет Нұрмақов. Ол өзінің бүкіл са-

налы ғұмырын туған халқының

азаттығына арнады. Алғадай

азаматтың саяси сұңғылалығы,

қайсарлығы мен қайраткерлігі Омбы

оқытушылар семинариясында бірден

көзге түсті. Ойға кемел, тілге жүйрік,

зерек те зейінді жас, атақты қоғам

қайраткері, ақын әрі жазушы Сәкен

Сейфуллинмен өмір бойы ажырамас

достықта болды. Омбы қазақ

жастарының «Бірлік» атты жасырын

ұйымының ұйытқысы да,

ұйымдастырушысы да Нығмет пен

Сәкен еді. Қос қайраткер осы ұйымның

жарғысын, ережесін жазып,көпшіліктің

талқысына ұсынды. Табиғатынан

теңіздей тепсінген талантты

Нығмет биліктің биік мінберінде

болды. Семей губерниялық соғыс

комитетінің жауапты хатшысы,

Қазақстан Орталық атқару

комитетінің мүшесі, республика

Жоғары революциялық трибуналының

тұңғыш бастығы, Қазақстан Жоғары

сотының алғашқы төрағасы, бірінші

заң комиссары әрі республика проку-

роры. Қазақстан үкіметін 5 жыл

басқарған Нығмет Нұрмақов ел эконо-

микасы мен мәдениетін дамытуға

айтарлықтай сүбелі үлес қосты. 1912

жылы Семей гимназиясын алтын ме-

дальмен бітірген орыс ғалымы

Г.Н.Потаниннің аудармашысы, мате-

матика ғылымының бесаспап білгір

Әлімхан Ермеков Қарқаралының ту-

масы. Ә.Ермековтың тарихи зор

еңбегінің бірі – Бүкілодақтық Халық Ко-

миссрлар кеңесінде Қазақ автоно-

миясы шекарасының біртұтастығын

қорғау еді. Кеңес мәжілісінің төрағасы,

Коммунистік партияның көсемі

В.И.Лениннің ызғарынан да, ызбарынан

да қаймықпаған қайсар Ә.Ермеков сол

жиында қазақ жерінің тұтастығын

асқан ерлікпен қорғап қалды. Бес тілде

еркін сөйлейтін Ермековтың

батылдығына риза болған Ақаң

(Ахмет Байтұрсынов) : «Біздің Ерме-

ковпен сөз таластыратын орыстан

да бір ұл туған екен» депті Ленинді

меңзеп. 

(Жалғасы 4-бетте)

3

23 тамыз  2014 жыл

АРқАНЫң АЛТЫН АЛқАСЫ 

АРқАНЫң АЛТЫН АЛқАСЫ 

4

23 тамыз 2014 жыл

(Соңы. Басы 3-бетте)

Ұлт мүддесін қорғауда Әлімхан Ерме-

ков жанын жалдап, қара нардай

қайыспас қайсарлық көрсетті. Қазағы

үшін сау басын саудаға салып,

арыстанның аузына, зымыстанның

түбіне баруға даяр еді. Шыбын жанын

шүберекке түйген тегеурінді тұлға

ұлт бірлігін, ұлт жасампаздығын

қорғап жалынды сөздер сөйледі. 1930

жылғы 30 мамырдағы өлкелік партия

конференциясында Ә.Ермеков: "Жасы-

рып қажет емес, саяси

қылмыскерлердің салт-сана

жолындағы қателіктері дерт тәрізді,

аяғы саяси қылмыстарға әкеліп

соқтырады. Қоғамдық тартыста

олардың шығатын арналары да та-

былмай қоймайды. Мысалы:

Қазақстандағы үлкен түйіннің бірі –

жер мәселесін шешу болса, менің

ұлтшылдығым осы мәселені шешудегі

істерімде  анық көрінеді" деп өз ойын

бүгежектемей батыл білдірді. Дәл осы

өткір пікірі үшін Әлекең түрмеге де

қамалды, азаптың ауыр қамытын киді.

Бірақ қиындықтан қаймығып бой та-

саламады. Алаш арыстарының ара-

сында ең ұзақ жасаған, қиянат пен

қатыгездікті де көп көрген Ә. Ермеков

1971 жылы дүниеден озды. 

Қарқаралы достыққа пейілі кең,

бауырмалдыққа мейірімі мол құтты

мекен. Өзге ұлт өкілдерін туғанындай

көріп, бауырына басты. Мұның жарқын

көрінісін қазақ жерінің Ресей

бодандығына өткеннен кейінгі

жағдайдан анық көруге болады. Сол

тұста Қарқаралы Орта жүздегі

алғашқы сыртқы округтердің бірінің

кіндігіне айналды. Қалаға таяу жерде

Варнава Ботовтың атақты Қоянды

жәрмеңкесі ашылды. Түндік өзені бо-

йында орыс кәсіпкері Степан Иванович

Поповтың қазақ даласындағы тұңғыш

металлургия зауыты орын тепті.

Орыс кәсіпкерлері арқылы Сарыарқаға

сауда капиталы келді. Ел ішінде жаңа

кәсіп түрлері пайда болды. Соған орай

көшпелі халық бірте-бірте отырықшы

тұрмысқа бейімделді.

1856 жылы Қарқаралы уезіне

Қазақстанға жер аударылған белгілі

поляк революционері Адольф Янушке-

вич келіп, елдің көптеген жерлерін ара-

лады. Тәттімбеттің үйінде төрт күн

қонақ болды. Құнанбай қажының ауы-

лына барды, болашақ ұлы ақын Абайды

көрді. Балқаш бойын аралады. Сая-

хатшы өз күнделігінде көрген-білгенде-

рін, көңілге түйгендерін қағазға

түсірді. Янушкевичтің бұл жазбалары

«Қазақ даласына саяхаттан күнделік

және хаттар» деп аталады. Орыс жа-

зушысы Михаил Пришвин сайын

Сарыарқаны емін-еркін шарлады.

Қарқаралы үйезінде бір айдай уақыт

жүрді. Ол осы сапарында Қарқаралы,

Қу, Кент, Қызыларай тауларының

қойнау-қойнауын сүзді. Өлке

табиғатын тамашалады, жақпар

тастарға қолтаңбасын қалдырды. Ел

аузындағы әңгімелерге де құлақ түрді.

Атақты «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»

жырының ескі нұсқасын жазып алды.

Михаил Михаиловичті, әсіресе

Бұғылының басындағы Шайтанкөл

жөніндегі әңгіме айырықша

қызықтырды. Өзі сиқырлы көл

жағасында тамыздың жиырма тоғыз

күні болған еді. Келесі жылы «Русские

ведомости» газетіне «Шайтанкөлде»

(У Чертова озера) атты көлемді

мақала жазды. 

«Қазақстанның Швейцариясы»

атанған Қарқаралының бітімі мен жа-

ратылысы белгілі табиғат суретшісі,

орыс жазушысы Максим Дмитриевич

Зверевті де таңғалдырды. Ол Балқаш

бойында ақырғы жолбарыстың қалай

ұсталғанын әңгімелейді. Бұл жақта

қандай аңдардың болғанын

тәптіштеп баяндайды. Ұзақ жылдар

Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір ин-

ститутында инженер болған, өлке

зерттеушісі Юрий Поповты

қарқаралылықтар өз тумасындай

көреді. Өйткені, ол бұл өңірдің ойы мен

қырын, тау-тасын, жануарлар

дүниесін, өсімдіктер әлемін, атақты

адамдарын бес саусағындай біледі.

Оның Қарқаралы туралы бірнеше кі-

таптары жарық көрді. Қазір белгілі

өлкетанушы Ресейдің Санкт-Петер-

бург қаласында тұрады. 

Кезінде Мәди мәпелеп, Мәди

ардақтаған қазыналы Қарқаралының

даңқы дүйім дүниеге жайылды.

Ғасырлар шеруінде көнекөз

Қарқаралының өмірінде талай-талай

айшықты оқиғалар болды. Солардың

бірі және бірегейі -  қазақ халқының

жұлдызын жарқыратып, абыройын

асқақтатқан атақты Қоянды

жәрмеңкесі. Ән мен күйдің, ұлттық

өнердің ұлы думанына айналған

жәрмеңке шын мәнінде ұлан асыр

шаттық мерекесі болды. «Базарың

құтты болсын ардақты елім, Қоянды

ту көтерген думан жерім. Қарқаралы,

сұлу Көкше жер шоқтығы, Сарыарқа -

алтын асу, асқар белім» деп үкілі дом-

бырасын бебеулетіп жәрмеңке

шымылдығын ашқан Арқаның

ақтаңгер ақыны, ел еркесі Біржан сал

еді. Бір шеті сонау қиыр Қытай мен

алыс Үндістаннан, Иран мен Түркиядан

ағылған сауда керуені жыл сайын Арқа

төсін бір ай бойы толассыз қызық

думанға бөледі. Шалқыған ән,

күмбірлеген күй, мың бұралған би

халықтың көңілін көтеріп, шексіз

қуаныш сыйлады. Ұлттық өнеріміздің

сайыпқыран саңлақтары әйгілі Әміре

Қашаубаев, қырмызыдай құлпырған

Қали Байжанов, ғибратты Ғаббас

Айтбаев, майда үнді Майра Уәлиқызы,

дархан дарын Қалибек

Қуанышбаевтардың табиғи таза та-

лантына жұрт сүйсініп, қызу қошемет

көрсетті. Арқалы жырдың арғымағы,

ағынды ақын Иса Байзақов жыр нөсерін

төпелеп, сиқырлы сөзді сандуғаштай

сайратты. Алпамыстай аруақты,

Қобыландыдай қуатты, Ер Тарғындай

ерен, алып күштің атасы -

Қажымұқанның қайталанбас өнеріне

халық таң-тамаша болды. 

Арқа атырабында 82 жыл сайран

салған Қоянды жәрмеңкесі нағыз ән ба-

зарына, ғажайып өнер додасына ай-

налды. Ұлттың рухын, қазақтың

мәртебесін заңғар биікке көтерген

жәрмеңке ел тарихының есте қалар

ерекше белестерінің бірі.

Қарқаралының текті топырағы талай

тарланбоздарды тәрбиелеп, өмір ай-

дынына қанат қақтырды. Он жеті жа-

сында найзағайдай жарқылдап

жоңғарларды жайратқан, он

тоғызында орда бұзып жаудың сорын

қайнатқан Шор ұрпағы Матақ батыр,

Абылай ханның сардары болған

кемеңгер Қазыбектің ардағы болған,

дұшпанына қара бұлттай түйілген,

мұзбалақтай шүйілген сұсы суық

Сеңкібай әулие, оспадар заманның

ығына жығылмай, жадау халқының жа-

нына жалау, үмітіне демеу болған,

жасампаздығымен жарқыраған жам-

поздар Угар (Мұқатай) Жәнібеков пен

Мұхаммедқали Тәтімов, ұлы Абайдан

кейін қазақ көркемсөзіне даңғыл жол

салған, «өртке тиген дауылдай

өлеңіне» жалпақ жұрты тамсанған

дүлей дарын, дауылпаз ақын Қасым

Аманжолов, жайсаң жырдың жүйрігі

Жаппар Өмірбеков, қабырғалы

қаламгер Қапан Сатыбалдин, сын-

дарлы сөзден сыр суыртпақтаған

Әлжаппар Әбішев, өндіріс тақырыбына

өндірте жазған Әмен Әзиев, ән

дүлдүлі, ән бұлбұлы аққу үнді Жүсіпбек

Елебеков, ғұлама данамыз, әз бабамыз

Әл-Фараби мұраларын зерделей зерт-

теп, туған халқына тұңғыш

табыстырған жазушы-ұстаз Ақжан

Әл-Машани, сахна төрінде талай та-

маша кейіпкерді сомдаған тума та-

лант Шолпан Жандарбекова, қазір

жасы жүзге жақындаған кейуана, өнер

тарланы Хабиба Елебекова, тасқынды

жырдың телегей теңізі халық ақыны

Ғабдиман Игенсартов, уытты тілдің

усойқысы, сатира сарбазы Әбжан

Омарбаев,Ұлы Отан соғысының арда-

гері, қос тілде көсіліп жазып, көсем

сөйлейтін жалынды журналист Шай-

маран Мезгілбаев, танымдық,

тағылымдық маңызы зор «Қарқаралы»

журналын ұйымдастырушы, әрі бірінші

редакторы, ғалым, аудармашы,

облыстық «Орталық Қазақстан» га-

зетін біраз жылдар басқарған Рамазан

Сағымбеков, мәдени қызметтің май-

талманы әрі білгірі Қазақстанның

еңбек сіңірген қайраткері Атығай

Шанин секілді саңлақтарымыз осы

өлкеміздің дара, дана тумалары. 

Адамзат тарихындағы теңдессіз

сұрапыл соғыстың от жалынына ора-

нып, Отанын қорғауға қасық қаны

қалғанша қайыспай күрескен

ерлеріміздің есімдері ел есінде.

Қарқаралы топырағында түлеп,

қазыналы Қарағандыда қанаты

қатайған, Орынборда топшысы бекі-

ген, қазақ қыраны – Нұркен Әбдіров.

Қан майданға аттанар алдында асыл

анасы Бағжанның ақ батасын алған

сұңқар тектес сымбатты ұлан ұрыс

даласында қас дұшпанның 12 танкісін,

28 автокөлігін, 18 жүк машинасын, 50

жауынгерін жайратып салды.

«Мәңгілік өмір жырын» бастап, жауға

жасындай құлдилаған Нұркен сонда бар

болғаны жиырма үш-ақ жаста еді. Сұлу

табиғаты пенде баласын

тамсандырған Қарқаралы ерлік пен

батырлықты шар болаттай

шыңдаған шынайы тәрбие ордасы

болды. Ерлік мектебінде әбден пісіп-

қатқан жаужүрек батыр – Мартбек

Мамыраев. 1942 жылдың мамыр

айында майданға аттанды, анау-

мынау емес, өмір мен өлім кескілескен

қияметтей қиын Сталинград

шайқасына араласты. Жап-жас балаң

жігіт атқыштар полкінің пулеметші-

лер взводын басқарды. Украин жерін

басқыншылардан азат етудегі

жанқиярлық ерлігі үшін Мартбек

Мамыраевқа Кеңес Одағының Батыры

атағы берілді. Елге жеңіспен оралған

батыр ағамыз бейбіт еңбекке

құлшына кірісті. Жеті жыл бойы

Қарағанды қаласында Ленин аудандық

партия комитетінің бірінші хатшы

қызметін атқарды. Оның 30 жылдай

ғұмыры Бардин атындағы қара ме-

таллургия институтының

Қарағандыдағы қазақ филиалымен

тығыз байланысты. Әйгілі ғалым

Евней Бөкетовпен бірге жұмыс істеді,

көптеген ғылыми жаңалықтардың

өндіріске енгізілуіне жол ашты. 

Адамзатқа ауыр қайғы әкелген ала-

пат соғыс басталғанда Расул Есетов

бар болғаны он жетіге енді ғана

толған бозбала еді. Жастық жалын

мен намыс билеген қайсар жігіт

кәмелетке толмаса да өз еркімен

сұранып майданға аттанды. Сұрапыл

шайқас қатты жүріп жатқан Ужгород

түбінен бір-ақ шықты. Сол Ужгород

маңындағы төбе басына дзот құрып

алған фашистер бас көтертпей

қойды. Жанындағы жолдастарымен іл-

гері жылжыған жауынгер Есетов есе-

бін тауып дзотты отқа орады. Одан

қашып шыққан 46 фашисті

тұтқындап, әскери құрамаға әкеп

тапсырды. Осы ересен ерлігі үшін

Расул Есетовке Кеңес Одағының Ба-

тыры атағы берілді. Ұлы Отан

соғысына Қарқаралыдан 2300 жауын-

гер аттанды. Он екіде бір гүлі

ашылмаған боздақтардың басым

көпшілігі туған ошағына оралмады.

Отан үшін қанқасап қырғында шейіт

болғандардың рухына бүгінгі ұрпақ

үнемі тағзым етіп, ерлік істерін үлгі

тұтады. 

Мұзбалақ қыран шынарлы шыңды ме-

кендейді, ұлт ұланы соған ілесіп жетем

дейді. Алты Алаштың алақанына

салып аялайтын айбоз азаматы,

халқымыздың қыраны да, ұланы да

қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар

Әубәкіров. Жер әлемдегі санаулы,

таңдаулы ұшқыш-сынақшы, ХХ ғасыр

адамы, техника ғылымдарының док-

торы, профессор, КСРО батыры,

Қазақстанның Халық Қаһарманы.

Кеңес Одағының батыры атағына екі

мәрте ие болған атақты ұшқыш

Талғат Бигелдиновтың ақ батасын

алған Тоқтар Әубәкіров ғарыш әлемін

шарлап, қалың қазақтың абыройы мен

даңқын  төрткүл дүниеге паш етті. 

Дәулетіне сәулеті сай, қойнауы

қисапсыз қазынаға бай, қабырғалы ел,

қасиетті жер – Қарқаралы

Сарыарқаның алтын тәжі, алып

бәйтерегі. Абыройы Алатаудай

аймағымызға алты алаш сүйсініп,

түркі әулетінің текті тұяғы  - қазақ

баласы мейіріммен қарайды. Қарқаралы

қазақтың мақтанышы, Қарқаралы -

елдің айбынын асырып, даңқын жер-

әлемге жайған ұлттың ұлы мерейі.

Бүгінде Қарқаралы үш жарым миллион-

нан астам жерді алып жатқан ұлан

байтақ іргелі ел. Осы аймаққа Бельгия

немесе Нидерланды мемлекеттері

тұтасымен сыйып кетеді екен. Ал

ауданның қазіргі жер көлемі Израиль

мемлекетінен үш жарым есе үлкен.

Әлімсақтан елдің ырысын жері, мере-

йін ері үстейтіні белгілі.

Қарқаралының елдік пен ерлік тарихы

түгесілмес түпсіз теңіздей...

Әлбетте ұлылардың үлгісі,

жақсылардың ғибраты жас ұрпақты

ел мен жердің қадір-қасиетін

бағалауға, туған Отанын шексіз

сүюге баулиды. Уақыт озған сайын

жақсылар мен жайсаңдардың шарапа-

тын, олардың ардақты есімдерін елі

ерекше ілтипатпен атайды. Сол абы-

рой арқалаған арда азаматтарды шы-

найы құрметпен атау зор ғанибет!

Ақындығы мен жазушылығы жарасқан

белгілі көсемсөз шебері Сапарғали

Ләмбековтің күй күмбезі Тәттімбет,

әйгілі қоғам және мемлекет

қайраткері Нығмет Нұрмақов туралы

толғамды туындыларын осы өлкенің

тұтас дәуірнамасы деп бағалау

орынды болмақ. Қазақстан Журнали-

стер Одағы сыйлығының иегері, та-

нымал талантты журналист Мақсым

Омарбековтің очерктері мен

мақалалары, әдеби көркем

шығармалары осы аймақтың

тағылымды шежіресі. Қазіргі қазақ по-

эзиясында жанартаудай жалындаған

жасампаз, ақберен ақын Серік

Ақсұңқарұлы Шайтанкөлді әуелетіп

әнге, Қарқаралыны асқақтатып

жырға қосты. Қазақ зиялыларының

бүгінгі үркердей шоғырында орыс,

ағылшын, словак тілдерін еркін

меңгерген білімді жазушы, білікті

пәлсапашы Дидар Амантай осы өңірдің

аса дарынды перзенті. Спорт

саңлақтарының санатында әлем

чемпионының алтын тәжін киген

тұңғыш қазақ Серік Елеуов. Егіздің

сыңары Берік Елеуов Қазақстанның

былғары қолғап шеберлерінің ішінен

шыққан нағыз хас жүйрік.

Қарқаралының еліне ерен еңбек сіңіріп,

абырой арқалаған азаматтары,

ғылым докторлары Бақия Атшабаров,

Алшынбай Рақышев, Серғазы

Әдекенов біздің мақтанышымыз. 

Қасиетті Қарқаралы кезінде білімнің

кәусар бұлағы, имандылықтың бал

шырын ұясы болды. Шежіреге ден

қойсақ, Қазан төңкерісі тұсында

Қарқаралыда күллі мұсылман

қауымының Бас кітабы киелі Құран-

Кәрімді жатқа айтқан 11 мәзін (қари)

болған екен.

Жүрдек уақыт сіздер мен біздерге

жаңа ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек

етуге бұйырып отыр. Демек, елдің

ертеңі, ұрпақтың болашағы үшін білек

сыбанып, белсенді жұмыс атқару аса

жауапты әрі құрметті іс. Әсілі,

көздеген мақсатқа, діттеген межеге

жету ең алдымен тас түйін

тұтастыққа, бекем бірлікке тікелей

байланысты. «Біріңді қазақ бірің дос,

көрмесең істің бәрі бос» деп данышпан

Абай өсиет қылғанындай,

ынтымағымыз жарасса іргеміз бүтін,

табысымыз толағай, жүзіміз жарқын,

мерейіміз үстем, көңіліміз жайдары

болмақ. 

«Тойсаң тоба қыл» дейді дана

халқымыз. Қазір шүкір, әл-ауқатымыз

жақсарды. Тұрмыс түзелді. Ел еңсесі

көтерілді. Табысымыз молайып,

дастарханымызға береке үйірілді.

Мұның бәрі мемлекетіміздің нақты

қамқорлығының арқасы,

Елбасымыздың сұңғыла саясатының

жемісі. «Атқарылған іс аз емес, бірге

жалғастырайық!» деген

Президентіміздің парасатты пікірі

баршамызды жұмыла жұмыс істеуге

меңзеп тұр. 

Халел 


Халел 

МАҚСҰТОВ,

МАҚСҰТОВ,

аудан әкімі.

аудан әкімі.


Сəукелесі Арқаның,

Қарқаралы тауларың.

Жер біткеннің еркесі-

Шаттық өмір аймағың... – деп басталатын осы бір

əн - жер жаннаты, екінші Швейцария атанған, қаншама

ақын-жыршыларымыз əндері мен жырларына қосқан,

алдымыздағы 190 жылдық мерейтойын атап өткелі

отырған табиғаты, таңғажайып, ескен самалы жанға

жайлы, суына шөлің қанбайтын, жанға шипа ауасына

демалып рахаттанатын, топырағына «тəу» ететін  -

жұмақ төрі, киелі - Қарқаралы,

яғни, қандай сөздің асылын

терсеңіз де,  əнге қосып

əуелетіп жырласаңыз да шегі-

шеті жоқ «Ғажайып жұмақтың

ғажайып  бағы...»

Оқушылармен олардың  ата-

аналарымен ұжымдасып осы

бір ұлы  мерейтойдың шашба-

уын көтерісіп, көш көрігін

қыздырып, көрсең көзің той-

майтын, сөйлесең сөзіңнің

асылы жетпейтін əсем

қаламызға саяхат жасап едік.

Əсіресе, құрметпен

оқушыларымның ата-анала-

рына үлкен алғысымды айта-

мын. Олар: Сұңғат-Гүлмират, Егінбай-Динара,

Əли-Мағрипа, Дүйсенбай-Рымкеш, Сабыр-Светлана,

Дулат-Айман,  барлығы барып-қайту шараларын

ұйымдастыруымен қатар, мерейлі мерекенің

мағынасын бөлісе білді.  Мектеп директоры

Т.Қайдарұлы мұндай іс-шараларды      үнемі    мектеп

əкімшілігімен бірлесе  (С.К. Каримов, С.С. Абдрахма-

нов, З. Е. Мансурова) қадағалап, жас өскіндердің ше-

жіре-тарихтан алары мол болсын деген ниетпен

барлығын ауыл тұрғындарымен бөлісіп қолдап  от-

ырады. Болашақ ұрпақтарымызға тəлімді тəрбие,

өнегелі өсиет, іргемізде тұрған ғажайып қаланың

құдіретті де, қасиетті де киелі екенін, атағы асқаралы

Қарқаралымыздың шежірелі тарихын толық  та молы-

нан меңгеріп, білгеннің үстіне біле берсек, ата-баба-

мыздан қалған рухани байлығымыздың бай  екендігін,

қазақ ауыз əдебиетінде қалған маржан сөздер, мақал-

мəтелдер, қанатты сөздер, бəрі-бəрі өмірден

алынғанын, қазіргі уақытқа дейін мəнін

жоймайтындығын, ата-əжелеріміздің (көзкөргендер,

өзгермегендер...) іздері екендігін ұрпақ санасына құя

беруіміз ұстаздар қауымының мойнындағы жəне

отбасындағы үлкен жауапкершілік екенін сезіне білуі-

міз біздің міндетіміз.

«Инабат – иманның сабағы,

Инабатсыздық – құр жаны» - дегендей алғашқы

сапарымызды  1851 жылы Құнанбай қажы салдырған

мешіттен,  тəу етіп, дұға бағыштаумен  бастадық.

Осыдан кейінгі  саяхатымызды Қарқаралы та-

рихи-өлкетану мұражайына барып  жалғастырдық.

Мұражайдың қор сақтаушысы Галиева Гүлназ

Серікқызы ыстық ықыласпен қарсы алып, барлық экс-

понаттарды жан-жақты түсінікті түрде балаларға  та-

ныстырып, мағыналы түрде мағлұмат берді. 

Даналар сөзі – ақылдың көзі,

Оны ұққан жастар – мұрагердің өзі,

-

деп, қазағымыздың  дөп айтқан дəстүрімен ке-



лесі сапарымызды Қ. Аманжолов  атындағы аудандық

орталық кітапханасында жалғастырдық. 

Кіргеннен мəдениетті ілтипатпен кітапхана ди-

ректоры Бейсенова Бағдат Зияденқызы балаларды

жылы шыраймен қарсы алып, бірден таныстыру шара-

сын кітапхана тарихымен таныстырудан бастады.

«Үлкеннің кісілігін айт,

кішінің ізгілігін айт» де-

мекші, рухани байлық ата-

бабамыздан қалған мұра.

Оны жас ұрпаққа жеткізіп,

əрине, санасына ақ

қайыңның салалы

сабағындай құятын, үлкен

бір тарихы бар кітапхананы меңгеріп отырған

Б.Зияденқызы  бастаған кітапхана ұжымы дер едім. Ба-

лалар барлық айтылған

м а ғ л ұ м а т т а р д ы

ықыласпен тыңдап,

үлкен əсер алды. Мұнан

кейін саяхатымызды

«аудандық балалар кі-

т а п х а н а с ы м е н »

ұштастырдық.  Беспаева

Төлеубике Қабдуқызы

экскурсия жасап, бала-

лар кітапханасымен та-

ныстыра отырып,

барлық бағыттағы

көрмелерге шолу жа-

сады. Оқушыларым

небір көркемдік

оқулықтармен қызыға та-

нысып, оқулықтағы бейнелі суреттерді тамашалады.  

Бұдан кейінгі сапарымыз Абай тоқтаған үй, яғни,

«Саз-өнер мектебінің»  оқу-ісінің меңгерушісі Спабе-

кова Рымкүл  байыпты, мазмұнды түрде осы қасиетті

шаңырақтың барлық бөлмелерін аралата отыра,  өте

ыстық ықыласпен  тұжырымды таныстырып өтті.

Қарқаралы тауындағы түрлі өсімдіктер түрі, аң-

құстардың бейнесі қойылған табиғат паркіне барып,

əсем қаламыздың тарихы жөніндегі мағлұматымызды

одан əрі толықтыра түстік.            «Тəрбиесіз берілген

білім, адамзаттың қас жауы» деп ойшылдарымыз

айтқандай тəлім-тəрбие бере отырып, білімнің нəрімен

сусындатқан ұстаздардың еңбегі ерен ғой. Өз басым

осы уақытқа дейін білім берген мұғалім-ұстаздарыма

басымды иемін. Себебі, ұстаздық қызметтің ауыр да

қиын жолын өзім де отызға жете  жыл уақыт ішінде ба-

сымнан өткеріп келемін. Шырылдап дүниеге келген

адам баласы бар дүниені  уақыттың еншісімен, өмірден

көрген-түйгендерімен ұғынады.

Ал ұғындыратын бірден-бір отбасы. Балаларымыз

үшін үлкен тəрбие керек. Олар ата-бабаның ізбасары

болатын, халқымыздың əдет-ғұрпын сақтайтын, туған

ана тілімізді құрметтейтін, ақ пен қараны айыра  біле-

тін, жақсы мен жаманды таразының басына тең қоя бі-

летін, ата-ананың үмітін ақтайтын, ұстаздарының

сенімінен шығатын ұрпақ болуы қажет. 

Міне, осы мақсатта оқушыларды халқымыздың

тарихын білгеннің үстіне біле берсін деп, туған өлкеміз

Қарқаралының өзі бір шежіре екенін ұға білсін деп, сая-

хат барысында Қарқаралы қаласының 190 жылдық ме-

рекесіне орай мектеп мұражайына

фотоальбомымызды сыйға тартып, өз үлесімізді

қостық. Қаздауысты Қазыбек бабамыз  «...жай жатқан

елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз...» деген-

дей, Отанымыздың тыныштығын, болашақ

ұрпақтарымыздың білімді де, туған өлкесінің тарихын

біліп, тəрбиелі болып өсе беруіне тілектес болайық! 



Әнипа Мұхатайқызы,

Гуманитарлық пəндер бірлестігінің жəне

5-сынып жетекшісі, қазақ тілі мен 

əдебиет пəнінің мұғалімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет