Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45

БолжамЕгер әр адам қымыз ішіп,спиртті ішімдік қолданбаса,онда ұрпағымыздың дені сау,салауатты
өмір салтын ұстанған азамат болып өсетін еді.
  
Дәрігермен сұхбат:
Қымыздың құрамындағы қоректік заттары(белок,май,қант)толық 95 пайыз қорытылады, себебі оның
құрамындағы   алькогол   мен   көмір   қышқылы   ішекқарын   жүйесінің   сіңіргіштік   қасиеттін
арттырады.Қымыздың науқастың тәбетін ашатын В,В-2,Р,С витаминдері көп болады.Сондай-ақ оның
антибиотиктік қасиеттері организмнің инфекцияға төтеп беру қабілетін күшейтеді.
Қымызбен емдегенде қанда гемоблабин,эритроцит көбейеді. Холестерин құрамы өз қалпына келеді,
тамырдың   соғуы   жылдамдап,қан   айналымы   көтеріледі.осыған   орай   жүрек,қантамыр   жүйесінің
жұмысы жақсарады. Қазақстанда қымызбен емдейтін орындар Көкшетау, Семей,Алматы облысында
ұйымдастырылған.
  Қымызбен   емдеу   ережесі:  Қымызды   алғашқы   кезде   тәулігіне   6-рет   100мл-ден(қатты   науқас
адамдарға 50мл),кейін 250мл дейін береді.организм қымыз ішуге үйренгенне кейін оның мөлшерін 2-
3 литрге дейін жеткізуге болады. Қымызды тамақ алдында 1-1,5 сағат бұрын ішу керек.Биенің жаңа
саулған сүтін де емдік ретінде пайдаланады.Бұл ем көбінесе ауру салдарынан әлсіреген,арықтаған,қан
азайған,туберкулез ауруына шалдыққан адамдарға қолданылады. 
Мазмұны:
 Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын көрген қасиетті түлігінің бірі-жылқы.Халық
ұғымында   “қазақ,дала,жылқы”деген   сөздер   бір-бірімен   етене   жақын,тамырлас   та   тағдырдас
айтылады.Жалпы,көшпелі  тұрмыс  кешкен халықтардың көне   заманнан  бергі  ең көп  өсірген малы
және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны да – жылқы.Жылқы ең алдымен өте ерте кездерде
басталған   жаугершілік   талабына   сай   құнды   көлік   малы   ретінде   қолға   үйретілген.Өйткені   сол
замандарда жауды қуып жетуге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған.Тарих
деректері бойынша,Адам баласы жылқыны біздің жыл санауымызға дейінгі 3-4 мың жыл бұрын бас
білдірген.Жылқының ең алғашқы қолға үйретілген негізгі Отаны,яғни,мәдени орталығы – Шығыс
Еуропаның   далалы аймағы,Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп саналады.Қолға үйретілген
жылқы   малының   арғы   тегі   жабайы   жылқылар-   тарпан   мен   керқұлан   деп   есептеледі.Бұл   жабайы
жылқылар – ертезаманда Еуропаның Оңтүстігіндегі далалы аймақтарда мың-мыңдап,үйір-үйірімен
жайылып жүрген.
Қазіргі   кезде   дүниежүзіндегі   мақсатқа   сай   қолдан   сұрапталып   шығарылған   250   –   ден   астам
жылқының қолтұқымдары қолда өсіріледі.
Қазақстанның   арнайы   жылқы   өсіретін   зауыттары   мен   шаруашылықтарында   жылқының
қолтұқымдары – еліміздің табиғат жағдайларына бейімделген, ғасырлар бойы өсіріліп келе жатқан
қолтұқымдар.Қолтұқымның бірі-қазақы жылқы,ол негізінен көлік ретінде әрі еті мен сүті пайдалану
үшін де өсіріледі.Оның дене бітімі шымыр,ауа райының қатаң жағдайларына төзімді келеді.
Олар  жыл  бойы  жайылады  әрі  жем-шөп талғамайды,жалқұйрығы қою,жүні  қалың  болады.Қазақы
жылқының негізгі тобын “жабын”деп атайды.Ол алыс жолға шыдамды,дене бітімі шомбыл,еті мол
әрі мықты.Дене тұрқы ұзын, қарны жуан, аяқтары қысқа.Тез қоңданады,жұмысқа төзімді әрі салт
мінуге де ыңғайлы,жүрісті келеді.Оны күш көлігі ретінде пайдалануға болады.Қалың қарда тебіндеп
жайылады әрі қысқа аязға да шыдамды.Биелері тәулігіне 18-20 литр сүт береді.Жабы жылқылары
268

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Атырау,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл,Алматы облыстарында өсіріледі.
  Мұхаммед Хайдар Дулатидың (15-16ғ) еңбегінде қымыз қазақтардың татымды,дәмді тағамы ретінде
аталады. Қымыз-қазақ халқының ежелден бергі құнарлы асы,сусыны.
  Кең сахара, жапан түзді жайылған көшпелі елдің басты   күнкөрісі жылқы малы болды. Жылқы –
халықтың ішсе қымызы,жесе еті,кисе киімі.
 Халқымыздың тұрмысында жылқыға тікелей қатысы бар теңеу сөздер,даналық нақылдар,түрлі аңыз-
әңгімелер және мақал-мәтелдер өте көп тараған.
  Мысалы,   “Ат   –   ер   қанаты”,   “Жылқының   пірі   –   Қамбар   ата”,   “Тай-тайға   жеткізер,құнан   атқа
жеткізер,ат мұратқа жеткізер”.
 Қымыз – жылқы сүтін ашыту жолымен алынатын ашыған сүт бактериялары мен ашытқыдан пайда
болатын қышқылтым айырықша азық.Оны дайындауға екі түрлі ашыту процесі жүреді.Сүттен сүт
қышқылы,спирттер шарапспиртті түпкі нәтижеге айналып,СО көмір қышқылы газы пайда болады. 
Ферменттің сүт қышқылы бактериялары мен кейбір ашытқылардан түзілген лактозаның әсерінен сүт 
қантты глюкоза мен галакозаға ыдырайды.Моносахариттер (глюкоза мен глюкоза сүт 
қышқылдарының) шараптық спирттің, көмірқышқылының және дәмі мен иісіне қатысы бар басқалай 
көптеген заттардың түзілуіне орай одан  әрі ыдырай түседі.
  Кез-келген сүт,судан,белоктардан,майлардан,углеводтардан, фосфариттерден,стериндерден,әр түрлі 
минерал қосындыларынан,органикалық тұздардан,ферменттерден,витаминдерден,фигменттерден(май
қышқыл жоқ),белоктан, азоты заттардан, микроэлементтерден құралатын биологиялық сұйық болады.
 Мысалы:Бие сүтінің 1 литрінде 890 г су,110 г құрғақ  қалдық.16 г май,61 г лактоза,
27 г белок және 5 г тұз болатынын дәлелдедік.
 Қымыз – биенің ашыған сүті.Қымызды ашытып, баптау – өте күрделі процесс.Қазақтар қымызды 
көбінесе жылқы терісінен жасалған сабада,место,торсықта немесе шетен шелектерде ашытылады. 
Қымызды ашыту қорын сол қымыздың өзінен жасайды.Күзде сабадағы,местегі немесе торсықтағы 
қымыз тұнған кезде ыдыс түбіне қымыздың қоюы жиналады.Міне,сол қоюын мата дорбаға 
құйып,салқын жерде келесі маусымға дейін сақтайды.Жаңа сауылған бір шелек Бие сүтіне бір ожау 
сақталған қордан салып, бір тәулік жылы жерге қою керек. Содан соң осы қор үнемі қымыз ашытуға 
пайдаланылады.  
Қымыздың алғашқы ашытқысын  қоры деп атайды.Оны бие сүтіне сүр қазының 
қабырғасын,жұлынды сүйегін не малта салып, бөлек ашытып алады.Содан кейін сабадағы осы қорды 
сарықпай биенің жылы сүтін саумалдап жаңартады.Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттей пісіп,жаңа
сүтпен қорды араластырып,іртігін жазып,ашуын басып отырады. Көп сапыру арқылы қымызға таза 
ауа(оттек,азон.т.б)көп сіңіріледі.
 қымыз тәулігінде ашуы жетіп сапыруға жарайды.Дұрыс ашыған қымыз іртіктеніп,боршып 
көпірмейді,су жиектеніп тұнып, кілегейленіп шұбатылмайды,көкаяз кермек дәмі болмайды.Тіл 
үйірілткен ашымал дәм, сүр саумал майының иісімен қосылып, тек қымызға тән көкірек сарайыңды 
ашатын хош иісі аңқып тұрады.
 Ашыту түрлерімен ашыған күндерінің санына, ыдысы мен қоспасына, тәулік уақыты мен 
мезгілдеріне қарай ашытылатын қымыз түрлері мен атаулары көп.
 Олар:Саумал-енді ғана Аши бастаған немесе қымызға биенің жаңа сауылған сүтін құйып, пісіріп 
жұмсартқан тұщы қымыз;
 Уыз қымыз-жаңа құлындаған биенің уызынан ашытылған қою қымыз;
 Бал қымыз-бал,қант секілді тәтті қосып жуасытқан қымыз;
 Құнан қымыз – үш тәулік ашытқан қымыз;
 Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытқан қымыз;
 Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Алау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қымыз  - нағыз Бие сүтінен ғана жасалады.
Қымыз шипалы сусын ретінде  өте заманнан белгі. 
Жылқы туралы сөз қозғағанда елең етпейтін қазақ жоқ. Жылқы малы 
12 – жылдың құрамына қасиетті 7-ші жыл болып енген.Мұның өзінде үлкен мән бар.Бұл жылда  
269

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
айтылатын бата тілектерде жылқы түлегінің қадір- қасиеті алдымен ауызға алынады. Мысалы: 
“азаматтарымыз аттан түспесін, қазандарымыз оттан түспесін”, “бұл қазаққа қанат болған жүйрік 
ат,бұл қазаққа жақсы ән мен күй мұрат”.
 Әсіресе,ақын – жыраулар, би – шешендер жылқы малы туралы жүрек тебіреністерін ерекше 
айшықты өрнектер арқылы жеткізген.
БАЛ           ҚҰНАН       ДӨНЕН 
УЫЗ           ҚЫМЫЗ       САУМАЛ 
БЕСТІ        АЛАУ            ЖУАС 
Қорытынды: Мен болашақта жастарымыздың дені сау болу үшін өз үлесімді аянбай қосар 
едім.Қымызды күнделікті тұрмыста пайдаланып,ережеге сай тұтыну үшін жылқы малын көптеп 
өсіретін шаруашылықтарға көп көңіл бөлер едім.
 Жылқы мінсе – көлік,ішсе-сусын,жесе – тамақ екенін естен шығармай,қымызды Отандық тауарлар
атынан   айналымға   шығартатын   едім.Оның   емдік   сусын  екенін   мойындап  және   оған   жоғары   баға
берген Л.Толстой,А.С.Пушкин т.б болғандықтан оның әлемдік сұранысқа ие болатынына   сенемін.
Ал,одан еліміздің экономикасы көтерілетн еді.Қымызды қазіргі уақытта бізді көп алаңдатып отырған
қаназдық   ауруына   ем   ретінде   дәріханаларға   да   бөлінгенін   қадағалар   едім.   Еліміздегі   қымызбен
емдейтін орындар яғни орталықтарды әр қалаға ұйымдастырар едім.
 Үйретілген Сары алтындай Сары қымыз,
 Ауруға – ем сауға – қуат дәрі қымыз.
 Сапырған далам, қалам бәрі қымыз,
 Жайлаудың бүгін болды сәні – қымыз. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ энциклопедиясы.
“Егеменді Қазақстан газеті”
    Академик Т.Шарманов. “Қымыздан артық дәм болмас”
3. Биология, география,химия.Доцент Р.Сәтімбекұлы “Жылқыдан асқан мал бар ма”
4. Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқыту методикасы
5. Ж.Жабаев өлеңдері
6.Г.Есмағанбетова, “Қымыз,шұбат”. “Қайнар ”
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«ҚЫЗЫЛ МИЯ-САҚТЫҢ, ЯҒНИ СКИФТІҢ АЛТЫН ТАМЫРЫ»
     №201 орта мектеп. Мектепішілік «Зерде»   ғылыми жобасы
Тақырыбы: «Қызыл мия-сақтың, яғни скифтің алтын тамыры» 
Секциясы:Дүниетану 2013-2014 оқу жылы
Жоба қорғаушы: Шайділда Мақсат  Сыныбы: 1«б»
Жетекшісі: Шалқымаева Ұлбосын
                          
 Жоспары:
1.Кіріспе.  Қызыл мия –шөптесін өсімдік  
2.Негізгі бөлім.
а)Қызыл мия-сақтың, яғни скифтің алтын тамыры
ә)Қызыл мия –дәрі
б)Қызыл мияны ысырыпсыз пайдалану мен  өңдеудің адам өміріндегі маңызы
270

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Қорытынды. Қызыл мияны қорғау және өңдеу біздің негізгі міндетіміз
1.Кіріспе. Қызыл мия –шөптесін өсімдік 
Мен жоба қорғаушы Шайділда Мақсат1«б» сыныбында оқимын.Жобамның тақырыбы «Қызыл мия-
сақтың, яғни скифтің алтын тамыры» деп аталады.Бұл тақырыпты зерттеуге алған себебім, 
ауылымызда қызыл мия тамырын өңдейтін зауыт салынып ашылғалы жатқанын үлкендерден 
естідім.Менің әкем мал бағумен айналысады.Малға мияны орып әкеліп береді,қысқа дайындаған 
шөптерінің ішінде де мия шөбі кездеседі.Оның кепкен түрін осы кезде мал қорадан көп көріп 
жүрмін.Сондықтан,мені қызыл мия тамырын өңдеуге байланысты әңгімелер  қызықтырып , зерттей 
бастадым.   
Қызыл мия өсімдігінің адам денсаулығына емдік шипасы мол дәрілік шөп екені баршаға мәлім. Біздің
дәуірімізге дейінгі 426-484 жылдары бұл дәрілік өсімдік жайлы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың 
өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтқан екен. Тіпті бұл шөптесін өсімдікті 
“Сақтың, яғни скифтердің алтын тамыры” деп әспеттепті. Ал қазіргі уақытта дамыған медицинада 
бұл көптеген дертке дауа екені дәлелденіп отыр екен.                                                                                    
2.Негізгі бөлім.
а)Қызыл мия -сақтың, яғни скифтің алтын тамыры
Қызыл мия – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның шөл, 
шөлейтті, далалы аймақтарында өседі. Қазақстанда қызылмияның 5 түрі кездеседі екен.Әсіресе,олар 
Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 80 – 100 см-дей, тамыры жуан 
болады. Сабағы тік өседі, жапырақтары қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, 
күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен 
көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты 
бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін 
тіршілігін жоймайды. Қызылмия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, 
эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және 
тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.                          
ә)Қызыл мия –дәрі
Айта берсек, бұл өсімдіктің адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор.Мияның тамыры дәрі,оны 
көктем мен күзде қазып алып,ұсақ,шашақ тамырларын қиып алып тастап,жуып-тазалап 
кептіреді.Шикідей немесе бал қосып жасалатын дәрілердің құрамына  қосады.Қолқа демікпесін 
емдеуде бұл тамырдың алатын орны өте үлкен. Дененің ыстығын басып, уытын қайтарады. 
Көкбауырды күшейтіп, әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, жөтелді басады. Кеудені босатып, 
қақырық түсіруге көмектеседі, дәрілерді теңестіреді. Денедегі ыстықты басуға пайдаланады.                
1. Қолқа демікпесіне берілетін глициам дәрісі осы қызыл миядан жасалады. Түрлі тері ауруларына, 
аллергияға, асқазан жараларына, ішектердің созылмалы сырқаттарына тиімді дәрі ретінде белгілі. 
Нақтылап айтқанда, қолқаны тазалап, қақырық түсіруге, жөтелді бастыруға 30 г мия тамыры, 15 г 
қылша, 15 г өгейшөп гүлі, 15 г қарағай бүршігі, барлығын қосып, жарты литр суға қайнатып, 40 
минут бұқтырады. Астан бұрын күніне үш рет ішеді. Бір қайнатқанды екі күннен асырмау керек. Бір 
емделу мерзімі 15-20 күн.
    2. Асқазан және он екі ішек жарасына 31 г ақ жүрек, 30 г балмен өңделген қызыл мия, 16 г тырнақ 
гүлді қосып араластырып, әр жолы 3,5 грамнан қайнаған сумен ішеді.
   3. Жұтқыншақ қабынып, өкпенің ыстығы көтерілсе, жөтел қысса шикі қызылмия, қоңырау гүл, 
ошағанның әрқайсынан 9 грамнан қосып, суға қайнатып ішеді.
  4. Адам көтеріліп, есі ауысып ауырғанда 31 г тамырдан, солыңқы бидай (дәні толық піспей бүрісіп 
қалған) 9 г, өңделген мия тамырынан 9 г, шылан ағашының 6 дана жемісі, сарана гүлінен 18 г, қарабас 
шөбінен 12 г, ерте заманда өлген жануарлардың тасқа айналған сүйегінен 9 г қосып, суға қайнатып, 
ішеді.
  5. Бұзылған тағамдардан уланған кезде: шикі қызыл мия мен бұршақтың әрқайсынан 31 грамды суға 
қайнатып, ішу керек.
  6. Қызыл мияны көз мөлшермен өлшеп, қалыптан асырып алуға болмайды. Ол шамадан асып кеткен
жағдайда дене ісінеді. Ет пен терінің арасында натрий қышқылы жиналады. Жоғарыда аталған 
271

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
өсімдіктерден басқамен қосуға да болмайды. Демек, әр дәріні өз мөлшерімен ыңғайына қарап 
қабылдағанда ғана тиімді болатынын ұмытпаған жөн.
 б)Қызыл мияны ысырыпсыз пайдалану мен  өңдеудің адам өміріндегі маңызы
  Аталмыш өсімдік біздің елімізде, оның ішінде көп бөлігі Қызылорда облысы аумағында өседі деп 
ауыз толтырып айтқанымызбен, оны әлі де өз пайдамызға жарата алмай, құрдымға жіберіп 
жатқанымыз қынжылтады. Осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни “Батыс Европа-Батыс Қытай” 
халықаралық дәлізінің құрылысы басталған тұста Сыр жұртшылығы қызыл мияның құрдымға кетіп 
жатқанын айтып, бір шу көтерген болатын. Себебі сол уақыттарда иесіз жатқан ен дала құрылыс 
алаңына айналғанда техникалар сыр бойындағы санаулы ағаштарды аударып тастады. Оның арасында
өзі аз  әрі аса құнды саналатын қызыл мия өсімдігінің біраз бөлігі де келмеске кетті. Осы жәйтке орай 
аймағымызға іс-сапармен келген халық қалаулыларына тұрғылықты халық сауал тастап, табиғатты 
қорғауға қол ұшын созуды сұраған болатын. Бірақ аталмыш мәселеге орай қандай шешім жасалғаны 
бәрімізге беймәлім күйде қалып келе жатыр. 
 Алайда биыл қызыл мияға қырғидай тиюшілер шетелдік компаниялар ғана емес, өз арамызда да бой 
көрсетіп отыр. Өзен бойын жағалай қоныстанған халық жыл басынан бері қос-қос жүк көліктерімен 
келген соқталдай жігіттердің өзі құрдымның аз-ақ алдында тұрған қызыл мия өсімдігін тамырымен 
қопарып әкетіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Өңір жұртшылығының сөзіне құлақ түрсек, бұл 
өсімдік медицина ғылымы жоғары қарқында дамыған көршілес Қытай сынды шет мемлекеттерде зор 
сұранысқа ие екен. Бағасы да аспандап тұрғанға ұқсайды. Сондықтан да оңай табысқа кенелуді 
көздеген кейбір бауырларымыз туған жеріміздің табиғатын аяусыз тонап, бар байлығымызды сыртқа 
тасумен әлек. 
 Өкініштісі сол, мұндай бассыздықты көре тұра көз жұма қарап отыр ма, әлде бұл жәйттен бейхабар 
ма, әйтеуір табиғат - ананың байлығын тонаушыларға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа табылмай 
отыр. Жергілікті атқарушы билік тарапынан қандай да бір шара көрілмей тұр. Ал контрабандалық 
жолмен қызыл миядан қып-қызыл табысқа кенелуді көздеушілер дәрілік өсімдікті «Камаз-камазбен» 
тасуын тоқтатпақ емес. Бұлай жалғаса берсе, табиғат-ана берген байлығымызды шет ел асырып, 
ертеңгі күні бармағымызды тістеп қалмасымызға кім кепіл. 
   Ендеше ,алтынға бергісіз байлығымызды шет елге тасуға жол бермеу үшін, біздің ауданымызда 
қызыл мияны игеретін арнайы өндіріс орны ашылмақшы .   Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 
өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен қызыл мия өсімдігінің тамырын өңдейтін 
зауыттың іргетасы  қаланды.                                                                             Зауытты «БИС-групп» 
ЖШС бірлескен кәсіпорны салып бастады.Қызыл мия тамырынан ерітінді дайындайтын 
кәсіпорынның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, іске қосылады деп күтілуде. Аймақтағы iрi 
жобалардың бiрi-бұл зауыттың жалпы көлемi 10 гектар жерге орналасқан. Зауыт үш бөлiктен тұрады. 
Жоба құны 1 887 миллион теңге тұрады. 
      Кәсіпорынның бас директоры Ділдахан Ахметовтің мәлімдеуінше, жоба еліміздің индустриялық-
инновациялық бағдарламасына енген және оның өнімдері 100 пайыз экспортқа бағытталатын болады.
Мамандар зауыттан шығарылатын қызыл мия тамырының ерітіндісінен бөлек, 1200 түрлі 
медициналық препаратқа қажетті шикізат әзірлейтін болады. Әлемдік нарықта қызыл мия тамырына 
Германия, АҚШ, Түркия, Жапония елдері ерекше сұраныс танытып отыр. Зауыт толық қуатына 
шыққанда 320 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. 
    Облыс әкімі Қ.Көшербаев инвесторларға жобаның жүзеге асуына жергілікті билік тарапынан 
барынша қолдау жасалатынын мәлім етті. Ал Жалағаш ауданының әкімі СерікСермағанбетовке жоба 
толық іске асқанға дейін оны жіті бақылап, қолғабыс етуді тапсырды.
Қазақта «қасқалдақтың қанындай тапшы» деген сөз бар. Дәл сол секiлдi қызыл мия тамырынан 
сығып алынған шырын тамақ өнеркәсiбi, косметика, медицина саласында кеңiнен қолданылады. Ал 
өндiрiлген өнiмнiң қалдығын ауылшаруашылығы саласына мал азығы ретiнде жаратуға аса пайдалы 
саналады. Демек, қалдықсыз өнiм өндiрiп, Қытай, Ресей, Жапония секiлдi алпауыт елдермен 
әрiптестiк бағытта жұмыс жасайтын зауыттың келешегi зор. Әрине, жылына миллиардтаған салық 
түсiрiп, үш  жүзге жуық адамды жұмыспен қамтитын зауытты өз аумағында салуға барлық аудан 
басшылары құмартып едi. Алайда, зауыттың басшысы айтқандай, Жалағаш ауданының әкiмi бiрiншi 
кезекте барынша қолдау көрсетiп, әкiмгершiлiк кедергiлердi туындатпай, мәселенi жедел шешiп 
272

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
берген. Бүгiнде зауытқа ауданның 47 азаматы жұмысқа орналасты. Жоба бойынша зауыт 2015 
жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға берiледi. 
3.Қорытынды. Қызыл мияны қорғау және өңдеу біздің негізгі міндетіміз. 
Қызыл   мия   өңдейтін   зауыттың   іске   қосылуына   жергілікті   атқамінерлер   де   қал-қадірінше   қолдау
білдіріп отыр. Сондай-ақ кәсіпорын қызыл мия тамырын өңдеп қана қоймай, 2000 гектар жерге оның
өзегін   егіп,   күтіп-баптауды   да   қолға   алмақ.   Өндіріс   жылына   22   мың   тонна   қызыл   мия   тамырын
өңдейді. Қазір бұл облыста 80 мың гектар алқапта қызыл мия қоры бар екенін мамандар анықтап
отыр. Негізі, жаңа кәсіпорынды іске қосуға ықыластылар қызыл мия қоры елімізде бұдан да көбірек
екендігіне сенімді болар деп ойлаймыз. Өйткені бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін
өсімдіктер   еліміздің   шөл,   шөлейтті   және   далалы   аймақтарында   бұрыннан   кездеседі.   Оның   кең
тараған   5   түрі   өседі.   Тіпті   зауыт   ашып   отырған   Қызылорда   облысының   барлық   аймақтарын   да
жерсінген және молынан кездеседі. Негізі, өсімтал, аса күй талғамайтын бұл өсімдік жылына бірнеше
жүздеген   ұрық   салады.   Топыраққа   түскен   тұқым   2-3   жылға   дейін   тіршілігін   жоймайды.   Қызыл
мияның   тамыры   бірнеше   ауруға   ем,   дертке   дауа   екендігі   әлдеқашан   дәлелденген.   Сондықтан   да
іргетасы енді қаланып жатқан кәсіпорынның болашағы зор болмақ. Арзымаған тиын-тебенге елімізде
өсетін пайдалы өсімдікті шекара асырудың орнына, жергілікті кәсіпорынның аяғынан тік тұруына ел
болып   атсалыссақ,   ол  біріншіден,   жергілікті   халыққа   тұрақты   жұмыс   орны,   екіншіден,   бюджетке
түсетін қомақты қаражат, сосын ел экономикасының дамуына үлкен үлес болар еді. 
Қазып,   құртқан   оңай,   әрине.   Ал   тамырымен   жұлынған   соң   оның   орнына   келмесі   кәдік.
 Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ол өсімдіктің қайта өсіп шығуы үшін жүздеген жыл қажет
болуы   да   мүмкін.   Яғни   тамырынан   түк   қалмаған   соң   ол   қайта   өсіп   шықпайтыны   айқын.   Қызыл
кітапқа   енгізіліп   отырған   қызылмияның   тамырын   өңдеу   үшін   ашылғалы   отырған   зауыттың
жұмысына сәттілік тілеп ,үлкен үміт күтемін және төмендегідей ұсыныс айтқым келеді:
1.Қызыл мияны ысырапсыз пайдалану үшін оның өсетін аймақтарын қорғауға алса;
2.Қызыл мияны егетін арнайы шаруашылықтар ашылса;
3.Мектеп оқулықтарына қызыл мия туралы мағлұматтар енгізілсе;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Орал өңірі" газеті 2013 жыл
2. "Таным мен тағылым" журналы ,2012жыл
3. «Жалағаш жаршысы »газеті,11 желтоқсан 2013жыл.Серiк БЕРТАЕВ
    4.«Сыр елі энциклопедиясы»
5.«Қызылорда облысының өсімдіктер әлемі».оқу құралы .2013жыл
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БАС КИІМІ»
Жұмыстың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық бас киімі»
Бағыты: Этномәдениеттану
Орындаушы: Карифуллаев Байтұрсын 4 в сынып оқушысы №  201 орта мектеп 
Жұмыстың жетекшісі: Шарипкулова Базаркул, бастауыш сынып мұғалімі, №  201 орта мектеп
Жұмыстың орындалған уақыты: 2014 жыл, ақпан
Шолу
Бұл   ғылыми   жұмыс   жазуды   4   –   сынып   оқушысы   Карифуллаев   Байтұрсын     бастады.   Байтұрсын
салмақты,  сабырлы,  мектепте  жақсы оқитын оқушылардың бірі.  Байтұрсынның бұл жобаны  жазу
барысында қызығушылық танытып, қазақ халқының бас киімдерін жазуды таңдады. Таңдау себебі,
Байтұрсынға     ұлттық   бас   киімдер   қатты   ұнайтын   болды.   Қызығушылықпен   қазақ   халқының   бас
киімдерін жазып шықты. Жазу барысында жан – жақты дайындық үстінде болды. Байтұрсынның бұл
жұмысты жазу барысында көптеген ізденістер жасап аудандық, мектепішілік кітапханаларға барып
273

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
бірнеше   мәліметтер  әкеліп,   одан  түйінді   ой  жинай  білді.   Байтұрсынның    жұмысын  мен  мұғалімі
ретінде өте жақсы деп бағалаймын.  
№  201 орта мектептің 4 в сынып оқушысы Карифуллаев Байтұрсынның
«Қазақтың ұлттық бас киімдері»тақырыбындағы ғылыми жұмысына 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет