Жаннан қымбат оларга ар, Мен жастарга сенемін. Мағжан ж а стары Газет 2013 жылдың



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата10.01.2017
өлшемі4,01 Mb.
#1581
1   2   3   4   5   6

ТӘУЕЛСІЗДІК

Жаммрммз

  613 


ж оңо есті,

сенсең,  жиып

Толдыр  босын  т ум н  ел  теңселді  иіп, 

ТзуеладЬК  — сен  неткен  0630л  едің, 

Алашоудай  бұл  күні  еңсем  биік.

Салон  жеттік  S13  оңсоп  ел—көшімен 

Бұл  ложоп  құбылыс  ерЫ  өсірген.

ТәуелсідЬК  — сен  неткен  0630л

  едің, 


ДоломмЗрои  көңілім  кең  көсілген. 

Тәуелсізрік.  сен  балдой  тәтті  екенсің, 

Тәуелсіздік  — құз  жортос,  қоттм

екенсің.

6І3  іздеген  жерұйық  сен  екен  лой, 

Жұмоліымдой  жонымо,  боқ  мекенсің 

Болорсың  бо,  жұрмммо, соншомо, осыл, 

Болорсың  бо,  ұлшммо соншомо. осмл. 

Тәуелсіздік  — мен  солон

  қ


оройлобым, 

Қлншомо. күн,  қоншо. жмл,  қоншо.  лосыр 

Сой-сүйегім  сырқыроп  елге жетті,

Төріме өрлеп  жот  жұрттор  серуен  ешші. 

Қо^оқ  бобом  қомылып  к&з  олдмнон, 

Торихтың  мәуелділік  керуені  өтші, 

Етек-жеңім,  «03  бен  жос  толор  мұңғо, 

Құлдмқ-лұммр  сон  лосыр  жеңе олдым  бо



Тәиелсізоік.  — сен  неткен  обзол

  едің,

Содолоң  боп  кетейін  мен

  олдыңдо.! 

Бодоңдмққо. холқым 

бор  шЫдон  көнген, 

Толдырдон

 до, 


Тәңірден де  сұроп  көрген. 

Тэуелсіз/дік  — қымботым  боло. жемпес, 

Ғұммрымдл өмірге  б р - о қ   келген

!

Шөмішбай САРИЕВ



к ө ш б а с ш ы

 

к о м п а н и я л а р

«ҚазТрансГаз»

«ҚазТрансГаз 

Аймақ» 

АҚ  -  


елімізді 

газбен 


жабықтаушы 

ірі 


компания. 

Компания 

миссиясы 

-   адамдарға  жылу  мен  қуаныш 

сыйлау,  еліміздің  өркендеуіне  үлес 

қосу.  2007  жылдың  11  маусымынан 

бастап 

компания 



таратушы 

газ 


құбырларымен  газ  тасымалдауды 

өзінің  өндірістік  филиалдары  арқы- 

лы  жүзеге  асыра  бастады.  Бүгінде 

компания  инфрақұрылымды  бірік- 

тірген  мемлекетіміздегі  ең  ірі  газ 

таратушы  кешенге  айналды.  Ак- 

ционерлік  қоғам,  ауыл,  елді  мекен- 

дерді  газдандыру,  сонымен  қатар 

оларды  урбанизациялау  және  өнер- 

кәсіптік  әлеуетін  дамыту  жолында 

қарқынды 

жұмыс  жасап 

келеді. 

Кәсіпорынның  негізгі  міндеттері  -  

тауарлы  газды  жеткізу, 

таратушы 

желілер  бойынша  көгілдір  отынды 

тасымалдау,  аймақтарға  газ  тасы- 

малдау 

активтерін 



басқаруды 

ұйымдастыру. 

Қызметтің 

басты 


бағыты 

-  


елді 

мекендерге, 

коммуналдық-тұрмыстық 

және


өнеркәсіптік  кәсіпорындарды  газбен 

үздіксіз  қамтамасыз  ету.  Аталмыш

компанияның өндірістік филиалдары, 

Ақтөбе,  Атырау,  Шығыс  Қазақстан, 

Жамбыл,  Батыс  Қазақстан,  Қызыл- 

орда,  Қостанай,  Маңғыстау,  Алматы 

және  Оңтүстік  Қазақстан  облыста- 

рына  тауарлы  газ  жеткізеді.  Қазақ- 

стандағы тауарлы газды  өткізу нары- 

ғындағы  компанияның  үлесі  95% 

өсті.

«Өңірлерді  дамыту-2020»  бағ- 



дарламасы 

аясында 


Қызылорда 

іргесіндегі 

Тасбөгет  және 

Қы- 


зылжарма  елді  мекендерін  газбен 

жабдықтауға  2014-2015  жылдары 

республикалық 

және 


облыстық 

бюджеттен  2,1  млрд  теңге  бөлін- 

ген.  Сонымен  қатар,  өткен  жылы 

«ҚазТрансГаз 

Аймақ» 

АҚ-ның 


құны  23  млрд  теңге  болатын  ин- 

вестициялық 

бағдарламасы 

ая- 


сында  облыстың  төрт  аудан  ор- 

талығы  мен  Байқоңыр  қаласы  газ 

құбырына  жалғанып,  облыс  тұр- 

ғындарын  табиғи  газбен  қамту 

63%-ға  жеткізілді.  Мұнан  бөлек, 

Жосалы,  Жалағаш,  Тереңөзек және 

Қызылорда  маңындағы 

бірнеше 


елді  мекен  газ  желісіне  қосылады.

№ 33 (155)  18  ТАМЫЗ, БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

Ж Л РШ ЬІ

Мен Венгриядағы Печ университетінде халықаралық қатынастар мамандығы 

бойынша білім алудамын.  Шет елде оқу маған әрдайым қол жетпес арман секілді 

көрінетін  еді,  алайда,  міне  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  арқасында  арман 

қуып  Венгрияға  да  жеттім.  Әрине,  шет  елде  өзімді  бірден  еркін  сезініп  кеткенім 

жоқ. Еуропа халқы өте мейірімді, сыпайы. Шет елден келген студент болғандықтан 

барлығы  көмек  қолын  созуға дайын  тұрады.  Сырттан  келген  студенттерді  күтіп 

алып,  жатақханаға  өзге  ұлт  өкілдерімен  орналастыра  отырып,  достық  қарым- 

қатынасқа негізделген  орта құруға ұмтылады.  Көзді ашып жұмғанша бір жыл да 

өтіп кетті.  Осының бәрі мектеп кезімдегі еңбегімнің жемісі деп түсінемін.

МЕНІҢ

ЖЕТІСТІГІМ

Ата-анам  мені  бірінші  сыныпқа  үш 

тілде  оқытатын  №2  “Мұрагер”  мектебіне 

берді. Тоғыз жыл білім алып, кейін жаңадан 

ашылған  Назарбаев  Зияткерлік  мектебіне 

түстім. “Мұрагер” мектебіне айтар алғысым 

шексіз,  мені  білім  нәрімен  сусындатқан, 

мінез-құлқымды 

қалыптастырған 

осы 


мектеп  деп  санаймын.  Үйдің  еркесі  бол- 

ғандықтан,  өзім  бастауыш  сыныптан  жал- 

қаулау  болатынмын.  Сынып  жетекшім 

Ләззат  Жеңісқызы  әрдайым  “Сен  оқысаң 

үлкен  белестерді  бағындырасың!”  деп  ай- 

татын.  Алтыншы  сыныбымнан  ғылыми 

жобаларға қатысып,  жүлделі  орындарға ие 

болдым.  Сегізінші  сыныбымда  физикадан 

қалалық  олимпиадаға қатысатын  кезде  жа- 

затайым  көлік  апатына  ұшырадым.  Келесі 

жылы  өз  арманыма  жетейін  деп,  қайтадан 

бағымды  сынап  көрдім.  Тоғызыншы  сы­

ныбымда  қалалық  олимпиадада  физи­

ка  пәнінен  бірінші,  облыстық  олимпиада- 

дан  үшінші  орынды  иелендім.  Сол  сәтте 

ешқашан  сүрінбей,  тек  алға  ұмтылу  ке- 

рек  екенін  түсіндім.  Жоғары  сыныптар- 

ды  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінде  жал- 

ғастырдым. Білім ордасында ағылшын тілін 

тереңдете  оқыдым.  Кейін  мектепті  «Ал­

тын  белгімен»  тәмамдадым.  Мектеп  өмірі 

мен  үшін  ең  керемет  кездер. 

Мен  оқушы 

кезімде  сапалы  білім  алып,  білікті  ма-

ман  атануды  армандайтынмын.  Міне  енді 

студенттік өмірге қадам бастым. Қазір Вен­

грия елінде білім алудамын.

Бұл  өмірде  алға  деген  ұмтылыс  болса, 

адамзат  кез-келген  белестерді  бағындыра 

алады.  Туған  жерден  жырақта  жүріп  білім 

алу  мен  үшін  өмірдің  жаңа  парағындай. 

Шет  елдегі  өмірімнің  әрбір  күні  қызыққа 

толы.  Қоршаған  орта,  тамақ,  оқу  үрдісі  - 

бәрі мен үшін жаңаша.  Студенттік өмір  әлі 

де  өз  қызықтары  мен  жетістіктерімен  мені 

қуантады деген үміттемін.



Әйгерім ЖОЛМЫРЗА, 

Назарбаев зияткерлік 

мектебінің түлегі

С ЕМ И Н А Р  ӨТУДЕ

Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығының ұйымдастыруы- 

мен «Әлеумет» жобасы аясында тамыздан бастап «Белсенді азаматтық қоғам -  мық- 

ты  Қазақстан»  тақырыбында  семинар-тренинг  өтуде.  Шара  10 -  желтоқсанға дейін

жалғасады.

Оқу  бағдарламасы  7  та- 

қырыпты  қамтиды:  мемле- 

кеттік  сатып  алуларға  қа- 

тысу  және  қызмет  көрсету, 

ұйымды  басқару  және  қыз- 

метін  ұйымдастыру,  әлеу- 

меттік  жобаларды  әзірлеу 

және  тиімді  жүзеге  асы- 

ру, 


фандрейзинг,  мемле- 

кеттік  әлеуметтік  тапсы- 

рыс 

бойынша 


сапалы 

қызмет  көрсету,  үкіметтік 

емес ұйым қызметін страте- 

гиялық жоспарлау және  ме­

неджмент, PR компаниясын 

ұйымдастыру және әлеумет- 

тік желілерде жұмыс жасау.

Әр тақырып  6 академиялық 

сағат ішінде жүргізіледі.

Оқыту 


курсының 

20 


семинар-тренингін  «Самұ- 

рық»  инновациялық  идея- 

ларды  дамыту  орталығы» 

ҚҚ-ның 


директоры, 

заң 


ғылымдарының 

магистрі, 

республикалық 

«Таным», 

облыс  әкімнің  «Сыр  үмі- 

ті»  сыйлықтарының  иегері 

Ж.Тұсмағанбетов  жүргізе- 

ді.  Ол  облыста  азаматтық 

қоғамды дамыту саласында 

еңбек  еткен,  80-нен  астам 

әлеуметтік  жобалардың  ав­

торы.


Семинар-тренинг 

ау- 


диториясы 

облыстағы 

үкіметтік  емес  ұйымдарға 

бағытталған.  Алғашқы  дә- 

ріс  «М емлекеттік  сатып 

алу  және 

қызмет  көр- 

сету»  тақырыбында  өтті. 

Ш араға 

қатысушылар 

веб-порталды  қолдануды 

үйреніп,  нормативтік-құ- 

қықтық  актілерге  сәйкес 

мемлекеттік 

сатып 

алу 


жөнінде  құжаттар  дайын- 

дады. 


Семинар-тренинг 

соңында  барлық  қатысу- 

шыларға  сертификат  бе- 

ріледі.


£

hJQ


>4

ҚОНАҚ ҮИІ  А Ш Ы ЛДЫ

«РЕМ А»

Сыр  өңірінде  «Рема» 

қонақ  үйі  ашылды.  Оған 

2014 

жылы 

«Бизнестің 

жол 

картасы 

-  

2020»

бағдарламасы 

аясында 

70,0  млн.  теңге  қаражат 

берілген болатын.

Қазіргі  таңда  аталмыш 

қонақ үй 20 адамды жұмыс- 

пен  қамтуда.  Қонақ  үй  40 

келушіге  қызмет  көрсете 

алады,  сондай-ақ  бірінші 

қабатында  50  адамға  ар- 

налған 


мейрамхана 

бар. 


Қонақ  үйдің  ішкі  дизайны 

еуропалық  үлгіге 

сәйкес 

безендірілген.  Қонақ  үйдің 



басқарушысы  Хе  Анна  ке- 

лушілерге  сапалы  қызмет 

көрсету  үшін  ыңғайлы  жағ- 

дай  жасалғандығын  айтты. 

«Біздің 

қызметкерлердің 

барлығының  басты  міндеті 

қонақтардың  көңілін  табу, 

мүмкіндігінше  барлық  жағ- 

дайларын 

жасау. 

Қонақ


үй  ашылғалы  бері  200-ге 

жуық  келушілерге  қызмет 

көрсеттік.  Сондай-ақ  қонақ 

үйде  10  стандарт,  2  люкс 

және  8 жартылай люкс  бөл- 

мелер  бар.  Бағасы  14000­

45000  теңге  аралығында. 

Бізге  шет  елден  келушілер

көп.  Ресейден,  Мәскеуден 

жұмыс 


барысымен 

кел- 


ген  кісілер,  қайта  біздің 

қонақ үйге  оралады.  Мұнда 

қала  қонақтарына  барлық 

жағдай  жасалған»,  -  деді 

қонақ үйдің басқарушысы.

М.КЕНЖЕҒҰЛОВА

ЖАСТАР МЕРЕКЕСІ  ТОЙЛАНДЫ

Қызылорда  қалалық  мәдени 

және  демалыс  саябағында  облыс- 

тық  ішкі  саясат  басқармасы  және 

«Қорқыт  елі-Қармақшы»  жастар 

қоғамдық  бірлестігінің  ұйымдас- 

тыруымен 12 тамыз -  Халықаралық 

жастар  күніне  орай  «Өнерінде 

ғарыштың  сырлары  бар»  атты 

Байқоңыр  жастарының  кеші  өтті.

Оған  Қызылорда  облыстық  ішкі 

саясат 


басқармасының 

жастар- 


мен  жұмыс  жасау  бөлімінің  бас- 

шысы  М.Тасқынбаева,  Қармақшы 

ауданының 

«Жастар  ресурстық 

орталығы» 

мемлекеттік 

меке- 

месінің  бөлім  басшысы М.Ибраев  пен  белсенді жастар  қатысты.  Жастарға арнал- 



ған мерекелік кеште  облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жа­

сау бөлімінің басшысы Мая Тасқынбаева барлық жастарды мерекемен құттықтап, 

алғыс хатпен марапаттады.  Сонымен қатар, Байқоңырлық  жастар ән салса,  «ЧАС 

ПИК»  тобы  би  билеп,  жас  жайдарманшылар  әзілдерімен  орталық  алаңда  өнер 

көрсетті.

Мөлдір САБЫРЖАН

ҚҮРЫЛЫСШЫЛАР  БАҚ СЫНАДЫ

«Студенттік  жастардың 

ең- 

бек  жасақтары  облыстық  штабы» 



қоғамдық  бірлестігінің  ұйымдас- 

тыруымен  «Арай  №3»  мөлтек 

ауданының  құрылыс  нысанында 

халықаралық  құрылысшылар  кү- 

ніне  орай  «Жас  құрылысшылар» 

еңбек  жасағының  сарбаздары  ара- 

сында қыш қалау мен  сылақ сыла- 

удан сайыс өтті.

Сайысқа  қаламыздағы  әлеу- 

меттік 


құрылыс 

нысандарында 

жұмыс  істейтін  жасақ  сарбазда- 

рынан  4  топ  қатысты.  Ал  олардың 

жұмысына құрылыс  саласының  майталмандары  «Техоснастка Ремсервис»  ЖШС- 

нің шебері  Серік Қуанышбек,  «Ахат ГС» ЖШС-нің аға шебері Мұхит Жұмабеков 

баға  берді.  Сайыс  нәтижесінде  «Құрылыс  қырандары»  қыш  қалаудан  өздерінің 

мықты  екенін  дәлелдесе,  «Нұрлыжолдықтар»  тобы  сылақ  сылаудың  шеберлері 

екенін  дәлелдеді.  Шара  соңы  құрылысшылардың  құрметіне  арналған  мерекелік 

концертпен аяқталды.



КІШІ  ФУТБОЛДАН  САИЫСТЫ

Жаңақорған  ауданы  Кейден 

ауылдық  округінде  тәуелсіздіктің 

25  жылдығына және халықаралық 

жастар  күніне  орай  ауыл  әкімінің 

жүлдесі  үшін  кіші  футболдан  сай­

ыс  өтті.  Оған  ауыл  әкімдігінің  ап­

параты, №208 орта мектеп ұжымы,

Клуб 

үйінің 


қызметкерлері,

Вет  станциясы,  ауылдық  ауру- 

хана  ұжымы  мен  ауыл  жаста- 

ры  қатысты.  Сондай-ақ,  ауылдық 

округке қарасты Аққұм, Қауық елді 

мекендері  мен  СКЗ-U  мекемесі  де 

жарыстан  тыс  қалмадьғ  Сегіз  ко­

манда қатысқан  сайыста І  орынды  СКЗ-U  мекемесінің ұжымы,  ІІ  орынды Аққұм 

елді  мекенінің  жастары,  ІІІ  орынды  Кейден  ауылдық  округінің  жастары  жеңіп 

алды.


«АЗАМАТ»  АЛҒА  ШЫҚТЫ

Қызылорда 

облыстық 

ішкі 


саясат  басқармасы  мен  «Өрке- 

ниетті  Қазақстан»  ҚБ-ның  ұйым- 

дастыруымен халықаралық жастар 

күніне  орай  жастарды  бұқаралық 

спортқа  ынталандыру мақсатында 

Қызылорда  қаласы,  Шанхай  мөл- 

тек  ауданындағы  №120  мектептің 

спорт  алаңында  «Менің  таңдауым 

-  спорт» тақырыбында жастар ара- 

сында шағын  футболдан сайыс бо- 

лып өтті.

«Байқоңыр»,  «Титов»,  «Шан­

хай»,  «120  мектеп»,  «Реал»,  «187 

мектеп», 

«Азамат» 

командала- 

ры  арасында  өткен  сайысқа  №120  мектептің  дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі 

Дәулетхан Қожбан төрелік жасады.  Сайыс нәтежесі бойынша І орынды  «Азамат» 

командасы, ІІ орынды «Реал» командасы, ІІІ орынды «Титов» командасы иеленді. 

Ал Рүстем Иманов  «Үздік шабуылшы»,  Ернұр Ерлеген  «Үздік ойыншы»,  Жалғас 

Кенжебек «Үздік қақпашы»  аталымымен марапатталды.

БІЗДІҢ  КӨШЕНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ

Жаңақорған  ауданы,  Бірлік  ауылдық  округінде  «Біздің  көшенің  тұрғындары» 

атты көшелер сайысы өтті. Жарысқа қатысқан 3 команда 4 кезең бойынша бақ сы- 

нады.  Шарада қатысушылар өз көшелері жайлы ән айтып,  бейнеролик те көрсетті. 

Сахналық  көріністе  салт-дәстүрдің  ерекшелігін  жеткізді.  Қорытынды  бойынша, 

І орынды «Ынтымақ» тобы, ІІ орынды «Болашақ» тобы, ІІІ орынды «Береке» тобы 

жеңіп алды.


№ 33 (155)  18  ТАМЫЗ,  БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

ЫИТЬІМАҚ____



ж е д е л

 

с ұ қ б а т

лантады?

-   Сыр  елінің  жеті  ауданын- 

да  да болып,  тұрғындармен  кез- 

дестік.  «Нұрлы  жол»  бағдарла- 

масы 

аясында 


тұрғындарға 

бірінші  кезекте  қажетті  мектеп, 

аурухана,  балабақша  көптеп  са- 

лынуда. 


Әлеуметтік  нысан- 

дардың  бой  көтеруі  халықтың 

әлеуетін  жақсартуда.  Сондықтан 

болар, 


кездесулерде 

аса  бір 

күрделі  мәселелер  көтерілмеді. 

Басым  бөлігі  егін  егу  үшін  аяқ 

судың 

келмеуі 


туралы 

бол- 


ды.  Біз  барлық  сұрақтар  мен 

ұсыныстарды 

жазып 

алдық.


бәрі  бар,  соларға  отыратын  ма- 

мандар  жоқ»  деген  болатын. 

Тракторист,  комбайнер  секілді 

мамандар  керек.  Бұл  мәселемен 

тиісті 

орындармен 



бірлесіп, 

жұмыс  жасаймыз. 

Жастарды 

кәсіпкерлікке  баулу  -   жақсы 

шешім.  «Атамекен»  ҰКП  мен 

бірлесіп, жастарды кәсіпкерлікке 

шақыру  жұмыстарына  қолдау 

білдірер  едім.  Өз  кәсібі,  мақсаты 

бар  адам  жат  дүниеге  мой- 

ын  бұрмас  еді.  Мұнан  соң  қа- 

зір  діни  мәселелер  өршіп  тұр. 

Сондықтан жалынды топ  өкілде- 

рімен  ашық  дидарласып,  олар-

Өздеріңізге  белгілі,  қазақ  от- 

басы 

Насыровтар 



әулетінің 

тәрбиесінде  өстім.  Оған  дейін 

балалар  үйінде  болғандықтан 

жетім 


балалардың 

жағдайын 

жақсы  білемін.  Олардың  идео- 

логиясы 


жұмыс  жасауды  қа- 

жет  етеді.  Сондықтан  жетім  ба- 

лалардың  тұрақты 

жұмыспен 

қамтылу 

мәселесін 

көтергім 

келеді.  Бұған  дейін  үкіметтік 

сағатта  мен  Ішкі  істер  министрі 

Қалмұхамед  Қасымовқа  соңғы 

8  жылдың  көлемінде  республи­

ка  бойынша  уақытша  оқшау- 

лау  орталығы,  бейімделу  ме-

Геннадий  ШИПОВСКИХ,

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

ш с е л ш р г е  т щ   ну

0

й |ш ы з



-  ҚР Парламент мәжілісінің 

бірінші  сессиясының  жұмысы 

қорытындыланды.  Алғашқы 

мәжіліс  жұмысынан  не  түй- 

діңіз?

-   Парламент 

Мәжілісі 

-  


үлкен  саяси  алаң.  Әрбір  депу­

тат 


өз 

аймағынан 

сайланған 

халықтың  қалаулысы.  Мен  жа- 

ңадан  келген  жас  саясаткер  ре- 

тінде  бұл  ортадан  түйерім  көп. 

Әріптестермен  бірлесіп  жұмыс 

жасап,  көп  іздендік.  Депутаттық 

сауал  қоятын  болған  соң  «жеті 

рет  өлшеп,  бір  рет  кес»  деген- 

дей, 

мәселені  толық  зерттедік. 



Әріптестерім  Абзал  Жұмашұлы, 

Ольга  Шишигинамен  бірлесіп

Арал  өңірінің  экологиясы,  тұр- 

ғындардың  денсаулығы  туралы 

көбірек  іздендік.  Балықшылар 

өмірі  мен  олардың  табиғатқа  зи- 

янын да қарастырдық.  Арал қала- 

сындағы  сор  көлдерді  көму,  құм 

басқан  ауылдық  округтер  айна- 

ласына  сексеуіл,  жыңғыл,  дүзгін 

көшеттерін отырғызу, Арал теңізі 

және көлдер жүйесін Қытай аула- 

рынан  тазалау,  теңіз  суына  зиян 

ауларды  қолдануға  заң  жүзінде 

тыйым  салыну  керегін  айтып, 

депутаттық сауал жолдадық.



— Жазғы демалыс уақытын- 

да  ел  аралап,  жағдайымен  та- 

ныстыңыздар.  Халық  арасын- 

да  қандай  мәселелер  сізді  ой-

Алдағы  уақытта  жұмыс  жасай- 

тын боламыз.

-   Сыр  жастарының  қандай 

мәселелері бар?

-  «Арман алға жетелейді» де­

ген  шара  аясында  теміржолшы 

жастармен 

кездестім. 

Барлық 


ауданда  болып  жастармен  ди- 

дарластық.  Бүгінгі  басты  мә- 

селе  мектеп  түлектерінің  ма- 

мандық  таңдауда  дұрыс  шешім 

қабылдауы. 

Көптеген 

өндіріс 

орындарында  мамандар  жетіс- 

пейді.  Олар  техникалық  маман- 

дықтар таңдаса игі.  Сайлау  алды 

бағдарламамен  Жалағаш  ауда- 

нында  болған  сапарымда  бір 

ақсақал  «заманауи  техниканың

дың  жат  ағымның  жетегінде 

кетпеуі  үшін  жұмыс  жасауы- 

мыз  керек.  Әлеуметтік  желідегі 

діни  ақпараттар  да  кері  әсер 

етуі  мүмкін.  Жастар  діни  сауа- 

тын  қалай  ашуда?  Дін  туралы 

сұрақтарға  қайдан  жауап  алып 

жатыр?  Осы тұрғыда дер  кезінде 

көмекке келе білуіміз керек.



-   Мәслихат  мінберінен  об- 

лыстың қандай мәселесін көте- 

ретін болдыңыз?

-   Облысымыздың  басқа  да 

аудандарындағы 

түйткілдерді 

жеткізетін  боламыз.  Байқоңыр 

аймағы  мен  Шиелі  ауданындағы 

экологиялық жағдайды тиянақты 

зерттеп,  өз  кезегімен  ұсынамыз.

кемелеріне  70  мыңнан  астам 

кәмелеттік 

жасқа 

толмаған 



жасөспірім 

жеткізілгенін 

ай- 

тып  сауал  қойдым.  Себебі  қыл- 



мысқа 

баратын 


жастардың 

көбі  жетім  балалар  үйінің  жас- 

өспірімдері.  Олардың  өмірге  де­

ген  көзқарастары,  тәрбиесі  оң 

бағытта  болуы  керек.  Жұмысқа 

орналасса, айқын мақсат арманға 

апарады.  Белгілі  жұмысы,  мақ- 

саты  бар  адам  қылмысқа  бармас 

еді деп ойлаймын.

-  Сұқбатыңызға рақмет!

-   Сіздерге  де  шығармашы- 

лық табыс тілеймін!

Сұқбаттасқан: 

Гүлбану МАҚАЖАН

ТАТУ ЕЛГЕ ТЫНЫШТЫҚ 

ОРНАЙДЫ,  БЕЙБІТ ЕЛДЕ ҒАНА 

БЕРЕКЕ  БОЛАДЫ. ТАРИХТАҒЫ 

АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ  ЗАМАНДА ҚАЗАҚ 

ХАЛҚЫ  ӨЗГЕ ҰЛТТЫ ЖАТ СЫНБАЙ 

БАУЫРЫНА БАСТЫ.  БІР ҮЙГЕ 

ҚОНЫСТАНЫП,  БІР  НАНДЫ  БӨЛІП 

ЖЕП  БІРГЕ ТАТУ ТІРШІЛІК ЕТТІ. 

ОСЫНДАЙ  ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН 

БУЫННЫҢ БАЛАЛАРЫ ДА ТӘУЕЛСІЗ 

ЕЛІМІЗДЕ  БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР 

КЕШУДЕ.

Біздің  бүгінгі  кейіпкеріміз  түрік  қы- 



зы  -   Чинар  Мурсалова.  Ол  1999  жылы 

28-маусымда Қармақшы ауданы III интер­

национал ауылында дүниеге келген. Қазақ 

балаларымен  қатар  өскен  ол  ауылдағы 

№108 орта мектептің озат оқушыларының 

бірі  болды.  Бала  күнінен  қазақ  әдебиеті 

мен  прозасына  жаны  жақын  оқушы 

мектеп  қабырғасында  жүріп-ақ  түрлі 

шығармашылық  байқауларға  қатысты. 

Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа 

оқиды.  Қазақ  елінде,  қазақ  балаларымен 

қатар  өскен  соң  мемлекеттік  тілді  жетік 

меңгерген. 

Алғыр  оқушы  биылғы  оқу 

жылын да сәтті аяқтады.  ҰБТ-дан жоғары 

балл 


алып, 

Шымкент 


қаласындағы 

М.Әуезов атындағы оқуға түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет