Жаннан қымбат оларга ар, Мен жастарга сенемін. Мағжан ж а стары Газет 2013 жылдың



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата10.01.2017
өлшемі4,01 Mb.
#1581
1   2   3   4   5   6

ӨНЕРЛІ  ҚЫ З  ЧИНАР

Жарасқан ҚУАНЫШБАИҰЛЫ

Чинар  -   өнерлі  қыз.  Ауылдағы  түрлі 

мәдени  кештерде  шығыс  халықтарының 

биін  мың  бұрала  билеп,  қазақтың  ха- 

лық  әнін  нақышына  келтіріп  орындап 

тұрғындардың  ыстық  ықыласына  бөле- 

ніп жүр.  Мұнан  бөлек Чинардың  он  сау- 

сағынан  өнер  тамған.  Тоқыма  тоқып, 

майда  мойыншақтардан  түрлі  әшекей 

бұйымдарын  жасайды.  Спорттық  шара- 

лардан  да  қалмай  саламатты  өмірді  се- 

рік  етеді  екен.

«Адамдардың  бойындағы  адамгерші- 

лігін  жоғары  бағалаймын.  Қолынан  келсе 

жәрдемдесу,  айналаңдағы  жандарға  қа- 

райлап  қолдау  білдіру  бәріміздің  мінде- 

тіміз.  Ата-анам  ешкімнің  ала  жібін  ат- 

тамауға,  әркез  адал  болуға  үйретті. 

Отбасымызда  адал  еңбекпен  тапқан  нан 

ғана  тәтті  болатыны  жиі  айтылады»,  -

дейді  Чинар.  Әкесі  Мердяс  Мурсалыұлы 

ауылда  жұмыс  жасайды.  Анасы  Заида 

Фамиқызы  үй  шаруасында.  Чинар  төрт 

ағайынды.  Екі 

әпкесі  және  бір  ағасы 

бар.  Әпкелері  жоғарғы  оқу  орнын  қызыл 

дипломға  бітірген.  Қазір  балабақшада 

жұмыс  жасайды.  Ағасы  да  қызметте. 

«Менің  жақсы  оқушы  болуыма  осы 

үлкендердің  де  септігі  тиді.  Тәтелеріме 

қарап 

бой  түзедім. 



Қазір  тұрмысқа 

шығып  әрі  жұмыстарын  да  қатар  алып 

жүр.  Менің  басты  арманым  -   оқуымды 

жақсы  тәмәмдап,  үздік  маман  болып 

еңбек  етіп,  ата-анама  қуаныш  сыйлау», 

-  дейді  Чинар  Мердясқызы.  Бірлігі  мен 

ынтымағы  жарасқан  тәуелсіз  еліміздің 

талантты  жастары  өсіп  келеді.  Арманы 

асқақ,  мақсаты  айқын  кейіпкеріміздің 

студенттік жылдарына сәттілік тіледік.

ТАТУЛЫҚТЫ  ТУ  ЕТКЕН  ОРТАЛЫҚ

Ерасыл ШӘРІБЕК

СЫР  ӨҢІРІ  -   ОН  АЛТЫ  ҰЛТТЫҢ  ӨКІЛІ  ТОҒЫСҚАН  ӨЛКЕ.  ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 

ҚАЗЫҚ  ҚАҒУДЫ  ТАҒДЫРЫ  БҰЙЫРТҚАН  ҰЛЫСТАРДЫҢ  ҰРПАҒЫ  ҮШІН 

ҚАРАШАҢЫРАҚ  БОЛҒАН  ӨҢІР  ЕШКІМДІ  ЖАТСЫНБАЙДЫ.  ЭТНИКАЛЫҚ, 

МӘДЕНИ ЖӘНЕ ДІНИ ӘРАЛУАНДЫҚҚА ҚАРАМАСТАН, ЕЛІМІЗДЕ БЕЙБІТШІЛІК 

ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛУЫНАҰЙЫТҚЫ  БОЛЫП  КЕЛЕДІ.  «СЛАВЯНЕ» 

ЭТНО-МӘДЕНИ  ҚОҒАМДЫҚ  БІРЛЕСТІГІНІҢ  ТЫНЫС  ТІРШІЛІГІН  ҚАЛЫҢ 

ОҚЫРМАНҒА ҰСЫНУДЫ ЖӨН  КӨРДІК.

«Славяне»  этно-мәде- 

ни  орталығы  1997  жыл- 

дың  16  шілдесінде  рес- 

ми  тіркелген.  Жетекшісі 

-  

Галина 


Щербакова. 

Бірлестіктің  басты  мақса- 

ты  -   облыс  көлемінде  қо- 

ғамдық-мәдени  шараларға 

белсенді  қатысу,  мәдени- 

көпшілік  іс-шаралар  мен 

байқаулар  өткізу.  Соны- 

мен  қатар  славян  халқы- 

ның 

салт-дәстүрі 



мен 

мәдениетін және тілін сақ- 

тап, дамыту.

«50  адаммен  қамтыл- 

ған  тұрмысы  төмен  отба- 

сы  балаларын  халықтық 

қолөнер  кәсібіне  үйрету»

әлеуметтік  жобасын  жү- 

зеге 

асырып 


келеді. 

Тұрақты түрде «Қазақстан 

-   Ресей: 

мәңгі  бірге»,

«Шекарасыз достық»  атты 

дәстүрлі  фестиваль  өткі- 

зіп тұрады.  10 жылдың кө- 

лемінде  «Масленица»  ме- 

рекесін  сондай-ақ,  басқа 

да республикалық,  облыс- 

тық,  қалалық ауқымды  өт- 

кізілетін  барлық  мәдени 

іс-шараларға  белсенді  ат- 

салысады.

Бірлестік 

жанынан 


«Сударушки»  және «Весе- 

лушки» 


вокалдық  топ- 

тары,  «Жемчужинка»  би 

ансамблі  құрылып,  жұ-

мыстарын жүргізіп келеді. 

«Сударушка» 

ансамблі 

орыс  халық  әндерін,  со­

вет  және  қазақ  халқының 

композиторларының әнде- 

рін,  қазақ,  поляк,  украин, 

белорус, шешен және тағы 

басқа тілдерде ән шырқай- 

ды.

Бірлестік  жыл  сайын 



тұрмысы төмен отбасы ба­

лаларын сауықтыру лагер- 

леріне,  Ұлы  Отан  соғысы 

және  еңбек  ардагерлерін 

шипажайларда 

емделуін 

және  қайырымдылық  кө- 

мек  көрсету  шараларын 

назардан  тыс  қалдырған 

емес.


$

№ 33 (155)  18  ТАМЫЗ,  БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

ta fT lT I



КОНСТИТУЦИЯ - 

ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Былтыр  еліміз  Ата  Заңымыздың  мерейлі  20  жылдық 

мерекесін  ерекше  атап  өтті.  Қазақстан  халқы  1995  жылы 

еліміздің  қазіргі  қолданыстағы  басты  құжаты  конституцияны 

қабылдады.

ЖАҚЫНДА  БАС  ПРОКУРАТУРАНЫҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ  СТАТИСТИКА  ЖӘНЕ  АРНАЙЫ  ЕСЕПКЕ 

АЛУ  ЖӨНІНДЕГІ  КОМИТЕТІ  ЕЛІМІЗДЕ  ЖОҒАЛАТЫН  АДАМДАРДЫҢ  ЖАЛПЫ  СИПАТТАМАСЫН 

ШЫҒАРДЫ.  ОЛАР  КӨП  ЖАҒДАЙДА 



30-45

  ЖАС  АРАЛЫҒЫНДАҒЫ  ЕР  АДАМДАР.  ЖОҒАЛУДЫҢ 

НЕГІЗГІ  СЕБЕБІ:  ҰРЫС-КЕРІС,  ІШІМДІК  ІШУ,  ТҮРЛІ  ТАБЫС  ТАБУ  МАҚСАТЫНДА  ҮЙДЕН  КЕТІП 

ҚАЛУ.  КЕЙДЕ  АДАМДАРДЫҢ  ХАБАР-ОШАРСЫЗ  КЕТУГЕ  ТҮРЛІ  СИПАТТАҒЫ  ҚЫЛМЫСТАР  ДА 

ӘСЕРІН  ТИГІЗЕДІ.

Сара ОМАРОВА

Конституция  -   әр  мемлекеттің  біртұтастығын  көрсететін, 

биліктің  қағидаларын  бекіткен  құқықтық  құжат.  Қазақстандықтар 

үшін Ата Заңымыздың орны айрықша.  Әр кезеңде конституцияның 

идеясы  мен  атқарар  қызметі  өзгеріп  отырды.  Дегенмен,  негізгі 

түпкілікті  функциясы  ретінде  адам  және  оның  өмірі,  азаматтың 

жеке бостандығы, конституциялық құқықтары бекітілді.

ҚР  Конституциясының  идеяларын,  принциптерін  және  норма- 

ларын  саяси,  құқықтық  жағынан  талдау  еліміздің  экономикалық- 

әлеуметтік,  рухани  тұрғыда  өсуіне  серпіліс  пен  қуат  беретінін 

көрсетеді.  Ол  адамның  құқығы  мен  бостандығын  іске  асыру, 

материалдық әл-ауқатын жақсарту, саяси тұрақтылық  пен қоғамдық 

келісімді  бекітудің,  құқық тәртібі  мен заңдылықты  орнықтырудың 

сөзсіз шарты болып табылады.

Қазақ жерінде  130 ұлттың өкілдері мекендейді. Олардың бәрінің 

ынтымағының ұйытқысы -  Ата заң.  Ол -  әр адам бұлжытпай орын- 

дайтын заңның темір  қазығы,  еліміздегі  барлық заңдардың бастау- 

шысы.


Конституцияда  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын 

қорғайтын екі маңызды тәсіл бекітілді:  сот арқылы және әкімшілік.

Бірінші  кезеңде  бұл  өз  құқықтары  мен  бостандықтарын  сот 

арқылы қорғалу құқығы.  Құқықтық мемлекет жағдайында тәуелсіз 

сот адамның құқығын қорғаудың негізгі құралы болып табылады.

Еліміздің  Конституциясы  азаматтардың  сот  төрелігіне  еркін 

қол  жеткізуін  белгілеп,  әрбір  азамат  өзінің  құқықтары  мен 

бостандықтарын сот арқылы қорғауына кепілдік береді.

Бүгінімізді  қамтамасыз  еткен,  жарқын  болашағымызға  жол 

ашып тұрған Ата заңымыздың ғұмыры ұзақ,  егемендігіміз  баянды 

болғай! Мемлекетіміз бен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген 

сенім  мен  халқымыздың  ауқатты  тұрмысының,  лайықты  өмірінің 

кепілі -  Ата Заңымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

Камшат ЖОЛДАСОВА, 

Қызылорда облыстық сотының бас маманы

Соңғы уақытта жоғалған адам- 

дарды  еріктілер  тобының  іздеуі 

жиі  кездеседі.  Дегенмен,  мұндай 

топтардың  жұмысынан  арнайы 

мамандардың  ісі  бір  қадам  алда 

жүреді.  Ал  адамды  сұрастыру,  ол 

туралы ақпарат жинауда  еріктілер 

еркін  форманы  қолданады.  Стати­

стика  бойынша  елімізде  былтыр 

3  000  адам  жоғалса,  биылғы  6  ай 

ішінде  1806  адам  хабар-ошарсыз 

кеткен.  Ал  Қызылордада  жыл  ба- 

сынан  бері  120  адам  із-түссіз  кет­

кен.  Жоғалғаны  көп  болғанымен, 

табылғандар аз.



Н.Анарбаев, Қызылорда 

ОІЩ-нің бастығының орынба- 

сары, полиция полковнигі:

-  Қызылорда  облысында  ОІІД- 

мен  облыс  көлемінде  жыл  басы- 

нан  бері  120  хабар-ошарсыз  кет-

ЖОҒАЛУДЫҢ  СЕБЕБІ  НЕДЕ?

кен  азамат  іздестіріліп,  51-інің 

мекен-жайы  анықталып,  отба- 

сына  оралды.  69-ы  іздестірілуде. 

Олардың ішінде жасы 29-га дейінгі 

2-і  азаматша,  1  шетел  азаматы 

бар.  Халықаралық  іздеуде  хабар- 

ошарсыз түлгалар жоқ.

-  Адамдардың  із-түзсіз  кетуі- 

нің себебі неде?

-  Көп  жагдайда  әлеуметтік 

жагдайларының  төмен  болуынан, 

кейбір  түлгалар  цаңгыбастыцца

және  кезбелеңге  салыну  салдары- 

нан  хабар-ошарсыз  кету  есебіне 

алынады.

Ал  ел  бойынша  жоғалғандар- 

дың  407-сі  18-25-ке  дейінгі  жас. 

Сондықтан  жастардың  қылмыс- 

тық, 

субмәдени 



топтарға 

жә- 


не  секталарға  кіріп  кетпеуін  ба- 

қылау  қажет. 

Сонымен  қатар, 

балалардың  жоғалуы  әлемдік  мә- 

селе  мінберінен  түспей  келеді. 

Мұндай  көрсеткіш  жөнінен  Еуро-

па  елдері  ішінде  АҚШ  пен  Ресей 

алға  шыққан.  Сондықтан  маман- 

дар ата-аналарға балаларды көзден 

таса  етпеуге  кеңес  береді.  Себебі, 

шетел  журналистерінің  зерттеуі 

бойынша  аулада  жүрген  баланы 

кез  келген  бейтаныс  адам  ертіп 

кетуі үшін 20-30  секунд жеткілікті 

екен.  Жалпы,  әлем  бойынша 3  ми­

нут сайын бір адам жоғалса, жылы- 

на  2  миллионға  жуық  адам  хабар- 

сыз кетеді.

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ  АЛДЫН  АЛУ  МАҢЫЗДЫ

и

Елімізде І жартыжылдықта қылмыстың жай-күйі 



өткен  жылмен  салыстырғанда  едәуір  төмендеген.

Адам өлтіру мен ұрлық 12%-ға қысқарған.  Нақтырақ 

айтсақ  адам  өлтіру  фактісі  480-нен  423-ке,  ұрлық  6  853- 

тен 6 035-ке дейін кеміген. Ал,  бұзақылық пен зорлау үштен 

бірге  азайды.  Былтыр  бұл  қылмыс  бойынша  13  859  факті 

тіркелсе,  биыл  8  502-ге  дейін  жеткен.  Зорлық-зомбылық 

1  382-ден  979-ға  дейін.  Бұл  туралы  Бас  Прокурор  Жақып 

Асанов бірінші жартыжылдықтың қорытындысына  арналған 

алқа мәжілісінде мәлімдеді.

АЙЫПТАУ ҮКІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі маманданды- 

рылған  ауданаралық  сотында  Рысбеков  Рустамға  қатысты  айыптау 

үкімі жарияланды.  Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 

2  бөлігінің  7  тармағымен  (алдын  ала  сөз  байласу  арқылы  адамдар 

тобы  болып,  адамды  өлтіру)  кінәлі  деп  танылып,  15  (он  бес)  жылға 

бас  бостандығынан  айырылды.  Басты  сот талқылауында  айыпталушы 

кінәсін ішінара мойындады.  Енді Р.Рысбеков жазасын қатаң режимдегі 

түзеу колониясында өтейді.

АЛАЯҚТАР АРБАУЫНА ТҮСІП  ҚАЛМАҢЫЗ

Алматы  қаласының  полиция  қызметкерлері  ұялы  телефондарды 

бұғаттайтын алаяқтардың жүргенін ескертеді,  - деп хабарлайды қалалық 

ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз  қызметінің  мәліметінше,  Алматы  қаласының  полиция- 

сына  алаяқтардың  құрбаны  болған  бірнеше  азаматтан  шағым  түскен. 

Азаматтардың  көбісі  мобильді  iPhone  телефоны  бұғатталып,  кейіннен 

олар телефонды қайта іске қосу үшін бопсалау арқылы ақша алмақ болған 

алаяқтарға алданған.  Сонымен қатар,  алаяқ өзінің құрбандарымен «ВКон­

такте» әлеуметтік желідегі таныстарының парақшасы арқылы байланысқан.



ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАРҒА ЖЫҚТЫ

Қазалы  аудандық  сотында  жалған  маркалы  алкоголь  өнімдерін  сатқан 

азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта,  көрінеу жалған акциздік маркалар жабыстырылған, барлығы 1  814 

шөлмек алкоголь өнімдерін  1  145  520 теңгеге сатқаны анықталды.

Сот үкімімен айыпталушы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 233-бабының 2-бөлігімен 

кінәлі  деп  танылып,  коммерциялық  ұйымдарда  басшылық  ету  құқығынан  1 

(бір) жыл мерзімге  айыра отырып,  1 (бір) жылға бас бостандығын шектеу және 

екі  жүз  сағатқа  мәжбүрлі  еңбекке  тарту  жазасы  тағайындалды.  Сондай-ақ, 

айыпталушыдан сот шығыны 29  125 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.



Дайындаған: Ерасыл ШӘРІБЕК

Гүлбану МАҚАЖАН________

«Сыбайлас  жемқорлыққа бүкіл 

қоғамның төзбеушілігі қажет. Тіпті 

пара алу немесе беру туралы ойдың 

өзі  әр  азаматтың  санасында  дереу 

тыйым сезімін туғызуы тиіс.  Бұған 

қол жеткізу қиынның қиыны», - де­

ген  болатын  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан  Әбішұлы.  Қоғамның 

құқықтық  мәдениетінің  әлдеқайда 

жоғары  деңгейі  және  белгілі  бір 

тәжірибе  туралы  сөз  болған  тұста 

төзбеушілікті  азаматтардың  бой- 

ында 


балғын 

кезінен-ақ 

тәр- 

биелеу  қажеттігін  айтты. 



Бұл 

жауапты  жұмысқа  мемлекет  аза- 

маттық  қоғаммен,  партиялармен, 

үкіметтік емес ұйымдармен,  БАҚ- 

пен  иық  түйістіре  жұмыс  істеп 

кіріскеніне де  көп болды.  Сыбай- 

лас  жемқорлықтың  алдын  алу  -  

министрлік  пен  оның  аумақтық 

департаменттері  үшін  басым  ба- 

ғыттардың бірі. Жыл басынан бе- 

рі сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

мәдениетті  қалыптастыру,  оған 

деген  «мүлдем  төзбеушілік» 

қағидатын  орнату,  сыбайлас 

жемқорлық  тәуекелдері  бар 

мемлекеттік  органдарда  тал- 

дау жұмыстарын жүргізу және 

оның 


деңгейін 

төмендету 

мақсатында  ҚР  Мемлекеттік 

қызмет  істері  министрлігінің 

Қызылорда облысы бойынша 

департаменті  біршама  ша- 

ралар  атқарды.  Жыл  ба­

сынан 


облыс 

аумағында 

әртүрлі 

әлеуметтік 

топ 

өкілдерімен  157  дәріс  пен 



семинар,  5  конкурс және  18 

дөңгелек  үстел  1  ғылыми- 

тәжірибелік  конференция 

өтті.  Мемлекеттік  орган- 

дарда  өткізілген  профи- 

лактикалық 

шараларға 

3500-ге жуық мемлекеттік 

қызметшілер қатысты.

Департамент 

бас- 

шылығымен 



ағымдағы 

жылы  ҚР  мемлекеттік 

қызмет  және  сыбайлас

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  са- 

лаларында  қабылданған  заңдарды 

түсіндіру  мақсатында  қалада  жә- 

не  7  аудан  орталықтарында  түсін- 

дірме  жұмыстары  жүрді.  Кезде- 

сулерге  облыс,  қала,  аудан  әкімі 

аппараттары, 

бөлімдерінің  бас- 

шылары,  мен  қызметкерлері,  мем- 

лекеттік 

органдардың 

басшы- 

лары  ауылдық  округ  әкімдері, 



азаматтық  қоғам  институттары, 

кәсіпкерлер  қатысты.  Мұнан  бө- 

лек,  Студенттер  сарайында  Де­

партаментпен  Қорқыт  ата  атын- 

дағы  ҚМУ  бірлесіп,  «Сыбайлас 

жемқорлыққа 

қарсы 

құқықтық 



саясат:  жаңа  басымдықтар»  атты 

облыстық 

ғылыми-тәжірибелік 

конференция  өтті.  Конференцияға 

құқық  қорғау  органдары,  мемле- 

кеттік 


мекемелердің 

басшыла- 

ры, 

ЖОО-ның 


оқытушылары 

мен  студенттері,  орта  арнаулы 

оқу  орындарының  директорлары, 

азаматтық  қоғам  мен  БАҚ  өкілде- 

рінен  500-ге  жуық  адам  қатысты. 

Сонымен 


қатар, 

департамент 

басшылығы  және  қызметкерлері 

7  аудан  орталығында  21  ауылдық 

округтерде 

тұрғындармен 

кез- 

десіп,  түсіндіру жұмыстары,  мәсе- 



лелері 

бойынша 


азаматтарды 

жеке  қабылдаулар  өткізіп,  әдісте- 

мелік  көмектер  көрсетті.  Мұндай 

жұмыстар  шілде  айынан  бастап 

облыстың  50  ауылдық  округінде 

жалғасуда.

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жос- 

парында  Елбасы  мемлекеттік  қыз- 

меттің имиджін көтеруді тапсырған 

болатын.  Бұл  бағытта  4  маусым 

Мемлекеттік рәміздер  күніне  орай 

мемлекеттік  қызметшілер  арасын- 

да  веложарыс,  мемлекеттік  қыз- 

метшілердің 

кәсіби 

шеберлігін 



айқындайтын  «Үздік  мемлекеттік 

қызметші»  атты  байқауы  өтті. 

Мұнан  бөлек,  департамент  облыс- 

тық  дене  шынықтыру  және  спорт 

басқармасымен  бірлесе  отырып, 

облыс  көлеміндегі  мемлекеттік

қызметшілер  арасында  спартакиа­

да өткізіп тұрады.

ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері 

министрлігінің Қызылорда облысы 

бойынша департаменті мемлекеттік 

органдар  тарапынан  көрсетілетін 

мемлекеттік  қызметтер  мен  сы- 

байлас 


жемқорлық 

әрекеттерін 

анықтау  бағытында  талдау  жұ- 

мыстары  жүргізіліп  келеді.  Де­

партаментпен  4  мемлекеттік  ор- 

гандардың 

қызметтерінде 

сы- 


байлас 

жемқорлық 

қатерлерін 

анықтауға 

байланысты 

талдау 


жұмыстары  жүргізілді.  Талдау  ба- 

рысында  көрсетілген  мемлекеттік 

қызметтердің  органдардағы  ақпа- 

раттары  мен  «ИИС  ЦОН  Монито­

ринг»  бағдарламасына  енгізілген 

қызметтер 

санының 

деректері 

арасында  сәйкессіздіктер  кездес- 

кен.  Сондай-ақ мемлекеттік көрсе- 

тілетін  қызмет  түрін  ХҚКО  және 

«Е-лицензиялау»  веб-порталы  ар- 

қылы  көрсетілетіні  белгіленсе  де, 

қызмет  көрсету  барысында  қыз- 

меткерлердің  қызмет  алушылар- 

мен  тікелей  байланысқа  түсетіні 

анықталған.  Қазіргі  таңда  депар­

таментпен  облыстық  медицина 

орталығының  қызметіне  сыбай- 

лас  жемқорлық  қатерлерін  анық- 

тауға  байланысты талдау жұмыс- 

тары  жүргізілуде.  Жыл  басынан 

бері  мемлекеттік  сатып  алу  пор- 

талына  мониторинг  жүргізіліп, 

сатып алу  бағаларын өсіру  факті- 

леріне  талдау  жүргізіліп  келеді. 

Мемлекеттік  сатып  алу  интернет 

сайттарына  жүргізген  монито­

ринг  қорытындысымен  конкурс 

бойынша  қойылған  бағалардың 

көтеріңкі  болғаны  анықталып, 

бюджет  қаражатынан  12  010  969 

теңге негізсіз жұмсалмайтын бол­

ды. 


Сыбайлас 

жемқорлықпен 

нақты  күресте  керек.  Әйтсе  де, 

жемқорлықтың  алдын  алуға  ба- 

ғытталған мұндай шаралар  өз  ке- 

зегінде  оң  нәтижесін  берері  сөз- 

сіз.


№ 33 (155)  18  ТАМЫЗ,  БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

М

 И САЛ


М

 К

Ежелден  қазақтың  тойының  сал  серісіз  сәні  кірген  емес.  Топтаса  жүріп,  ауыл-ауылды 



аралаған,  ақын,  әнші,  балуан,  т.б.  өнерпаз  сал  серілер 

көшпелі  дала  әртістеріндей  әсер 

қалдырған. Сал-серілер ақын, композитор, әнші болумен қатар әртістік, бишілік, сиқыршылық, 

т.б.  қасиеттерді  бойына жинақтаған өнерпаздар еді. Бүгінгі  қоғам басқа десек те, қоңыр дауыс- 

ты әншілер мен жыраулар, мың бұралған бишілер де сал серілердің сынығындай тойларда топ- 

тасып жүріп өнер көрсетеді. Біздің бүгінгі кейіпкерімізде осындай сегіз қырлы, бір сырлы жігіт.

Сыр  сүлейлерінің  жырына  сусындап  өскен 

Думан  Запа  Даулетбаевтың  «Сыр  сүлейі»,  Тұр- 

мағанбет Ізтілеуовтың «Бір Алла», Асқар Тоқма- 

ғанбетовтың  «Жастарға  өсиет»,  Кете  Жүсіптің 

«Жастарға  өсиет»,  Базар  Жыраудың  «Бір  пиа­

ла  май»,  Әбзәли  Егізбаевтың  «Майданнан  хат», 

Нұрхан  Ахметбековтың  «Ұры  қарға»  дастанын, 

халық  шығармашылығынан  «Көрұғлы»  дастаны 

және  басқа  да  көптеген  шығармаларды  қоңыр 

даусымен  ерекше  орындайды.  Сыр  сүлейлерінің 

жалғасы  жырау  Серік  Жақсығұлов,  Руслан  Ах­

метов,  Айдос  Рахметовтың  шәкірті.  Студенттік 

жылдары «Жыр керуені», «Сыр сүлейін сұрасаң» 

бағдарламаларына  қатысып,  көпшілік  назары- 

на  ілікті.  Алғаш  еңбек  жолын  Жалағаш  ауданы, 

Аққыр ауылдық клубында мәдени ұйымдастыру- 

шы  болып  бастады.  Кейіпкеріміздің  бірінші 

ұстазы  -   әкесі  Әділхан  Құлтасов.  Өнерге  жолы 

түспесе де, талантты әкесі ауылдағы той думанда 

жырдан  шашу  шашып,  халықтың  батасын  алған 

өнер  иесі.  Әке  жолын  қуған  Думанның  жүрген 

жері  де  думанға  толы.  А.Жұбановтың,  Ә.Тә- 

жібаевтың  естеліктерінде  Шашубай  Қошқарбай- 

ұлы  туралы  “ат  үстінде  тұрып  баянмен  ән  сал- 

ғанда  бет-аузын  адам  танымастай  өзгертіп,  бас 

терісін  жүгіртіп  ойнатқанда  қалпағы  төбесінде 

мөңкитін, таяғын сиқыршыдай ойнататын” дейді. 

Осы  секілді  Думан  да  Жалағаш  ауданындағы 

барлық  мәдени  шара,  той-думанды  дүрілдеткен



Д ҮЛ Д ҮЛ   ДУМ АН

Гүлбану МАҚАЖАН

Думан Ахметов  1991  жылы  1  қаңтарда Жала- 

ғаш ауданы, Аққолқа елді мекенінде дүниеге кел- 

ген.  1998 жылы Мәдениет ауылындағы №32 Ілияс 

Қабылов  атындағы  орта  мектептің  түлегі.  Бала 

күнінен  өнерге  біртабан жақын  жігіт  алғашында 

Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ-дың  жанындағы 

колледжге  пісіру  өндірісі  мамандығына  оқуға 

түседі.  Оқу  орнының мәдени шараларына белсе- 

не қатысып, өнерімен көпке танылған жас ақыры 

көп ұзамай Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың му­

зыка  педагогика  факультетіне  дәстүрлі  өнер  ка- 

федрасына ауысты.

сері жігіт.

Бүгінде  Жалағаш  ауданындағы  Қ.Қазантаев 

атындағы  мәдениет  үйінде  ұйымдастырушы  бо- 

лып  қызмет  атқаратын  Думан  бұл  қызметінен 

бөлек, әріптестерімен бірге ән де шырқайды, би де 

билейді,  сахналық  қойылымдарда  да  кейіпкерді 

сомдайды.  Басшылық  сеніп  тапсырған  барлық 

шаруаны  үлкен  жауапкершілікпен  атқарады. 

Елдің  тарихы  мен  руханияты,  мәдениеті  бізге 

жеткен  мол  қазына.  Көне заманнан  бергі халық- 

тың  ақыл  мен  парасатының  жиынтығын  жеткіз- 

ген жыр өнері бойына дарыған жас жырау Думан 

Әділханұлы болашағынан зор үміт күттіреді.

ТАНЫМАЛ ӘН 

БОЛУАРМАНЫ



Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА

«Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен 

тәтті  күй.  Көңілге  түрлі  ой  салар,  әнді  сүйсең 

менше  сүй»  -  деп  Абай  атамыз  айтпақшы,  ән 

өнері  — ұлттық  дәстүріміздің  жалғасы.  Әнді 

жүрегімен,  нақышына  келтіріп  орындай- 

тын  әншілер  көп.  Барлығы  дерлік  танымал 

болмаса  да,  өнерге  деген  көзқарасы  ерекше. 

Әншілікті  жанына  бала  кезден  серік  қылып 

жүрген  жанның  бірі  —  жерлесіміз  Сырым 

Құрманов.

Сырым 


Мырзабекұлы 

Шиелі 


ауданын- 

да  1992  жылы  12  желтоқсанда  дүниеге  кел- 

ген.  Ы.Алтынсарин  атындағы  №219  мектеп- 

те  білім  алған.  Қазанғап  атындағы  музыкалық 

колледждің  баян  класында  оқыған.  Қазіргі 

таңда  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық  Кон- 

серваториясының  3  курс  студенті.  Ол  мектеп 

табалдырығында  жүріп-ақ  көптеген  шараларда 

өнер  көрсеткен.  Әншілерге  еліктеп,  ата-анасына 

шағын  концертін  өткізіп,  өнер  әлеміне  осы- 

лайша  қадам  басты.  Уақыт  өте  келе  жыл  сайын 

өткізілетін Абай әндеріне қатысып, ерекше көзге 

түсті.  Мектепте  озат  оқушылардың  бірі  бол- 

ды.  «Жігітке  жеті  өнерде  аз»  деп  бекер  айтпа- 

са керек.  Сырымның  қолынан  бәрі  де келеді.  Ол 

көкпар  тартып,  орақпен  шөп  орған  қарапайым 

ауыл  жігіті.  Сондай-ақ,  спорттың  кез-келген 

түрінен  бақ  сынасты.  Үлкен  жетістіктерінің 

бірі  ретінде  облыстық  дельфийлік  ойындардың 

лауреаты  атанған  сәтін  айтады.  Одан  басқа  да 

жүлделер,  алғыс  хаттар  саны  жетерлік.  Сырым 

Абай  әндері  конкурсының  жеңімпазы.  «Отба- 

сым  өнерге  жақын  болды,  бала  кезімнен  ән  ай- 

тып  жүрген  соң  өнер  жолын  тандадым.  Өзімнің 

болашаққа  қойған  мақсаттарымның  бірі  үлкен 

сахналарда  өнер  көрсетумен  ғана  шектел- 

мей  халқымның  сүйікті  әншісі  болсам  деймін. 

Тыңдармандарымның  көп  болғанын  қалаймын.

Әншіге  демеуші  де,  күш  қайрат  беретін  де  тың- 

дармандары.  Сыр  елінің  тыныс-тіршілігімен 

жіті  таныспын.  Түбінде  өзімнің  туған  ауылы- 

ма  қайта  ораламын.  Ал  ұстаздарыма  тоқталып 

өтер  болсам,  Өскен  Қалымбетов  алғашқы  но- 

тадан  сауатымды  ашқан  кісі.  Төлеген  Кәденов 

колледждегі  болашаққа  дайындаған  ұстазым. 

Қазіргі  таңда  Сұлтан  Қожахметовтен  білім  алу- 

дамын.  Ұстаздарымның  барлығы  дерлік  атап 

айтуға тұрарлық.  Олардың берген білімінің арқа- 

сында  өзімнің  алға  қойған  мақсаттарыма  табан 

тіредім», - дейді жас әнші.

Сырым  үйінің  кенжесі.  Алдында  екі  әпкесі 

бар.  Ата-анасының  үмітін  ақтап,  өзі  қалаған 

мамандығының иесі  атанды.  Қазіргі таңда үлкен 

сахналарда өнер көрсетуде.  Оның  басты арманы 

шетелдік  байқауларда  бағын  сынап,  жетістікке 

жету.  Жерлесіміздің  армандары  орындалуына 

тілектеспіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет