Жаннан қымбат оларга ар, Мен жастарга сенемін. Мағжан ж а стары Газет 2013 жылдың



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата10.01.2017
өлшемі4,01 Mb.
#1581
1   2   3   4   5   6

-  Өнімге сұраныс бар  ма?

—  Әрине,  сұраныс  бар.  Об- 

лысымыздың  мал  шаруашы- 

лығының 


дамуына 

серпіліс 

беретін 

нысанның 

ашылуы 

сырттан  жеткізілетін  құрама 



жемнің  көлемін  азайтты.  Бар- 

лық  аудандардағы  ірі  қара  мал 

шаруашылығымен 

айналыса- 

тын  ш аруа  қожалықтарға  жет- 

кізілуде.  Ал  біздің  зауытта 

ақталған  күрішті  Ресей,  Гер­

мания  елдеріне  экспорттап  жа- 

тырмыз.  Біздің  өнім  тек  мал 

ш аруашылығына  ғана емес,  со­

нымен қатар құс, балық өсіретін 

шаруашылықтардың  дамуына 

да ықпал етеді.

-   Ж аста  болса,  жауапты 

қызмет 

атқарып 

отырсыз. 

Ұжым туралы айтыңызшы?

— 

Дағдарыс 



уақытында 

елдегі  кәсіпкерлікті  дамыту  -  

басты  мақсат.  Агрокеш еннің 

құрылысы  кезінде  120  адам 

еңбек  етті.  Бүгінде  80  адам

қызмет  атқаруда.  Олардың  ба- 

сым  бөлігі  технологтар  мен 

операторлар, жүргізушілер.

Орташа  жалақы  50  мың 

теңге.  Ұжымның  ауызбіршілігі 

жақсы.  Бүтін  бір  отбасындай 

қуанышта  да,  қайғыда  да  де- 

меу  боламыз.  Жеке  мәселелері 

бойынш а  келген  әрбір  өтінішті 

мүмкіндігінше  қолдауға  тыры- 

самыз.  Ж ұмысш ылардың  тең 

жартысы  30  жасқа дейінгі  ж ас­

тар. 


Сондықтан 

замандаста- 

рыммен  ұжымдық  жиналыстан 

бөлек  те  дидарласуға  тырыса- 

мын.  Барлығының  күнделікті 

өз міндеттері бар. Үлкен жауап- 

кершілікпен  жұмыстарын  тия- 

нақты  орындайды.  Агрокешен- 

де  жұмысш ыларға арналған  ас- 

хана,  жатақхана  жұмыс  жасай- 

ды.

-  Алға қойған жоспарыңыз 

қандай?

—  Әйгілі  миллионер, 

әрі 

бизнес  кеңесші  Брайн  Трейси 



«Тағдырға  лағнет  айтып,  қол 

қусырып  қарап  отыра  беру  де, 

алға  жылжып  алдыңғы  қатарға 

қосылу  да  біздің  қолымызда. 

Мен  адам  баласының  өзіне 

белгілі  бір  қатаң  тәртіп  қойса, 

табысқа 

жететініне 

көзім 

жетті.  Ең  бастысы  еш  уақытта 



берілмеу,  табандылық  таны- 

ту»,  -  дегенін  оқып  едім.  Ра- 

сында да  еңбекпен  қатар  үлкен 

табандылық  та  қажет.  Алдағы 

басты  жоспарымыз 

10  гектар 

аумақты  алып  жатқан 

«Жан 


Арай»  агро  кешенін  одан  әрі 

дамыту.  Алдағы  уақытта  ұн 

дирмені,  күріш  ұнынан  мака­

рон  өнімдерін  өндіретін  за- 

уыт,  күріш  ұнынан  жылдам 

әзірленетін  кеспе, 

наубайха- 

на,  дайын  өнімді  буып-түйіп 

орайтын  цех  ашу  секілді  жо- 

спарларымыз бар.  Мұнан бөлек 

агро  кешеннің  кеңсесі,  қонақ 

үй,  жатақхана,  мәжіліс  залы  да 

алдағы  жылы  ашылатын  бола- 

ды.  Темір жол тұйығын салдық. 

14  қойма  бар.  Ж оғарыда  атал- 

ған нысандар толық іске қосыл- 

ғанда  500  адамға  жаңа  жұмыс 

орны ашылады.



-  Қаншалықты ізденесіз?

— 

Қоғамның 



әлеуметтік-

экономикалық 

даму 

деңгейі 


сол  қоғамдағы  жеке  адамның 

мүмкіндіктеріне 

байланыс- 

ты. 


Сондықтан  мен  өмірде 

белсенді,  қабілетті,  еркін  жә- 

не  жан-жақты  жетілген  тұлға 

болуға  талпынамын. 

Өзімді- 

өзім  тануға  ұмтылып,  өз  бе- 

тімше  ізденіп жүремін.  Өмірде 

дұрыс  жол  табу  үш ін  адам 

дұрыс  ой  түйіндеп,  өздігінен 

сапалы  ш еш імдер  қабылдай 

білуге 

қабілетті 



болу 

ке- 


рек. 

Сондықтан  күн  сайын 

жаңаш ылдыққа 

жаным 


құ- 

мар.  Ж ұмы сқа  қаж ет  техни- 

каларды  ғаламтордан  қарай- 

мын.  Ж аңаш ылдық  күн  сай­

ын 

түрленуде. 



Сондықтан 

көш тен  қалмау  үш ін  «әлемде 

не  болып  жатыр?»  деп  ш олып 

ш ығатыным  бар.  У ақыт  тау- 

ып  кітап  оқуға  тырысамын. 

Бүгінде А байдың қара сөздерін 

оқып  жүрмін.  М ұнан  бөлек 

әлемдегі  табысты  адамдардың 

өмір  жолы  мен  ұстанымдары 

туралы  оқыған  ұнайды.  Ж ұ- 

мыстан уақыт болса әдеби шы- 

ғармалар  оқыр едім.



-   Жас  кәсіпкерге жол  көр- 

сеткен  алдыңғы  буын  ағала- 

рыңыз  бар  ма?

—  «Білгенім  бір  тоғыз,  біл- 

мегенім  тоқсан  тоғыз»  демек- 

ші  кәсіпкерлік  саласында  әлі 

де  үйренерім  көп.  М ені  осы 

кесіпкерлікке  алып  келген,  әрі 

бағыт-бағдар  берген  алдың- 

ғы  буын  ағаларым  бар.  «Ж ан 

Арай»  Ж Ш С  директоры  Бақ- 

дәулет  М ақаш ев,  «Вест  Сер­

вис»  Ж Ш С-нің  бас  директоры 

Асқар М ахамбетов ағаларымыз 

алғаш   қолдау  білдіріп  жол 

көрсетті.  Әлі  күнге  дейін  осы 

кісілерден  білмегенімді  сұрап, 

ақыл-кеңестеріне жүгінемін.



-  Болашақта сізді биліктен 

көруіміз  мүмкін  бе?

—  Саясат  үлкен 

шахмат 

алаңы  сияқты  көрінеді.  Онда- 



ғы 

ауыс-түйістерді 

сырттай 

бақылаймын.  Билікке  қызығу- 

шылығым  бар.  Агроном  әрі 

мықты  кәсіпкер  Абзал  Ералиев 

ағамыздың  бүгінде  ҚР  Пар- 

ламенті  мәжілісінің  депутаты 

екенін  білемін.  Елдің  қамын

жоғарыдан  шешуге  атсалысқан 

да  жақсы 

шығар. 


«Саясат- 

пен  сен  айналыспасаң,  саясат 

сенімен 

айналысады» 

демей 

ме?  М ен  бүгін-ертең  билікке 



ауысып  кетемін  деп  айта  ал- 

маймын.  М әжіліс  мінберінен 

үлкен  мәселелерді  шешуге  ат- 

салысу үш ін де  үлкен  тәжірибе 

мен  білім  керек  деп  ойлаймын. 

Алдағыны Алла біледі.



-   Отбасыңыз  туралы  айта 

кетсеңіз.

—  Анам  Гүлсім  Ж ақсылық- 

қызы  аспазшы  болып  еңбек 

етеді.  Әкем  Ахметбек  Берді- 

бекұлы  бүгінде  кәсіпкерлікпен 

айналысуда.  2007  жылы  Ләйлә 

есімді  арумен  шаңырақ  көтер- 

дім. Бүгінде Аллабек, Аси, Аси- 

ма есімді балаларымыз бар.

 М ақсатыңыз қандай?

— «Егер бай болу сіздің жал-

ғыз  мақсатыңыз  болса  онда  ол 

орындалмайды» 

деген 


екен 

миллиардер 

Джон 

Рокфелл. 



М ақсатым  бай  болу  ғана  емес, 

ата-анама  қуанышымды  көр- 

сету. 

Баланың  адамгерш ілік 



қасиеті,  отбасының  өзіне  д е­

ген көзқарасына, ата-анасының 

мейіріміне  байланысты.  Олар- 

ды  адамгерш ілікке  тәрбиелеу 

бізге  тиесілі.  Біз  өзімізді  орта- 

да  қалай  ұстасақ  бала  соған 

қарай  бейімделеді.  «Балаңды 

тәрбиелегің  келсе,  ең  алды- 

мен  өзіңді  тәрбиеле»  деген 

жақсы  сөзді  ж ады ма  түйіп 

жүремін.  Балаларыма  жақсы 

тәрбие  беріп,  үлгілі  әке  болу. 

Ж арымның 

алдындағы 

мін- 

деттерімді 



орындап, 

жақсы 


отағасы  болу.  Іздегенде  ба- 

уырларымның 

қасынан 

та- 


былып  отырсам,  азамат  ре- 

тінде 


айналамдағыларға

қарайласып,  сүрінгенге  демеу 

болу.  М ақсатым  көп.  Басты ­

сы 


халыққа 

қызмет 


етсек. 

Ү  лкендердің 

батасын 

алып, 


биіктерді бағындырсақ деймін.

-   Сұқбатыңызға  рақмет! 

Дегеніңізге жетіңіз!

-   Сіздерде  табысты  болы- 

ңыздар!

Сұқбаттасқан: 

Гүлбану М АҚАЖ АН

№ 33 (155)  18  ТАМЫЗ, БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

АМШЬІ


Қазақ халқы  көрш і ақысын «көрш і ақысы -   Тәңір ақысы»  деп 

ерекше  қадірлеген.  Ж ан-жағында  т ірш ілік  етіп жат қан жандар- 

мен  әрдайым т ат у тұрған.  Сондықтан  да  бауырды  да,  басқаны 

да жаны на  жақын  тартып,  көм ек берген.  Ел  аузында  «алыстағы 

ағайыннан жақы ндағы   көрш ің  артық»  деген.  Расымен  де,  басқа  іс 

түскенде  жы рақт ағы   ағайыннан  гөрі  жәрдем  беруге  жүгірет ін  де, 

қайғымен,  қуанышпен  алғаш  бөлісетін  де  жанашыр 

көрші.  Сондықтан  да  оның  орны  ерекше.  Халқымыз 

«Көршіні ешкім таңдамайды, Құдай қосады» деп есеп- 

теген.  Сондықтан  болар  жақы н  көрш іні  «Құдайы 

көрші»  деп  атаған.  Адам  баласы  өзінің  күнделікті 

өмірінде 

әрдайым 

байланыста 

болып  тұрады. 

Адамны ң  өмірі  көп  жағдайларда  көршілермен  бо- 

лат ы н  мәмілеге,  қарым-қатынастарға  байланыс- 

ты.  Құрылыс  салғанда  көршісімен  ақылдасып  салу, 

оған  зиян  тигізбеуге  т ырысу  да  көрш і  ақысына 

жатады.  Егер  Алла  тағала  пендеге  жақсы   көрші 

нәсіп  етсе,  ол  көптеген  жақсылыққа  себеп  бола- 

ды.  Керісінше  жаман  көршіден  әр  т үрлі  жаманды қ 

себебінен  тұрмыс  ауыртпашылығына  жол  беріліп 

жат ат ын жағдайлары  да ж оқ  емес.  Жалпы,  көрш ілік 

қатынаста 

өзара 

іс-қимыл, 

ынтымақтасып, 

бірлесіп жүзеге асы ру мәселелеріне  ерекше мән  беру 

қажет.  Көршінің көрш і  ақысының көпт ігі  соншалық, 

Пайғамбарымыз  с.а.у  бұл  турасында  «Көршімен 

көрш і алдындағы ақысы жоғары  оларға қолымыздан 

келгенше  жақсы лы қ  жасауы мыз  керек»  деген  бола- 

тын. Кейде арзымаған жер үшін ұры сы п қалы п жата- 

мыз.  Көршіміздің қат елігін  басқаларға  айтып,  іріткі 

т аст ау  бізге  жат   қылық.  Үйде  балаларымыз  қате 

іс жасап  қойса,  дереу жасыруға  әрекет  етеміз.  Неге 

енді  біз  көрш іміздің  қателігін  жасы ра  алмаймыз. 

Көршіміз бізбен ж ақсы  қарым-қатынаста болсын де- 

сек,  әуелі өзіміз олармен жақсы  мәміледе  болайық.

А.ҚАРЖАУБАИҚЫЗЫ

Қазіргі  қоғамда  белең  алып 

отырған  жайт  көршілердің  бірін- 

бірі  сырттай  тануы.  Яғни  көшеде 

көрген  кезде  саулық  сұрасуымен 

шектелуі. Бұрындары жаңадан кө-

шіп келген үйге қоныс тойын өткі- 

зуде  де  қазақ  халқы  көрші-қолаң- 

мен 

танысып-білісуді 



мақсат 

тұтқан.  Қазіргі  кезде  бұл  үрдіс  өз 

құндылығын  жоғалтып  барады.

Қарбалас тірліктің қамымен жүре- 

міз  деп  кейде  өзімізден  басқаны 

ойлауға  шамамыз  келмей  жата­

ды.  Қуансақ  қызығымызды  бір- 

ге  бөлісетін,  қысылтаяң  шақта

ауыртпашылықты  бірге  көтерісе- 

тін  көршілерді  кейде  ұмытып 

кетіп  жатамыз.  Көршісімен  қоян- 

қолтық  араласатын,  шәй  сұраса 

май  қосып  беретін,  кең  пейілді,

дархан  жүректі  қазақтың  бүгінде 

көршісімен  сыйластығы  нашар- 

лап бара жатқандай.

Ертеде  Ұлықпан  хакімнің  бір 

шаһарда  екі  үйі  болыпты.  Бірі 

хан  сарайындай  үлкен  болса,  бірі 

құрқылтайдың  ұясындай  шағын, 

жұпыны  екен.  Бір  күні  Ұлықпан 

үйін  сатып,  өзге  қалаға  көшпек 

болады. Кең сарайлы үйін арзанға, 

ал лашығын қымбатқа  бағалайды. 

Алушы  түсінбей,  оның  мәнісін 

сұрайды.  Ұлықпан хакім:

-   Мына  үйім  лашық  болған- 

мен,  көршім  жақсы  адам.  Ондай 

көршіні  Алла  өзі  нәсіп  етпесе, 

шаммен  іздеп  таппайсың.  Сон- 

дықтан  үйдің  құнын  емес,  абзал 

көршімнің бәсін қымбатқа бағала- 

дым. Екінші үйім -  сән-салтанатты 

боз үй.  Бірақ,  көршім  -  нашарлау 

кісі.  Онымен қоңсы болған кісінің 

қуанышы  аз  болады.  Ол  үйді 

арзанға сатқан себебім сол -  депті.

Өмірімізде  күнбе-күн,  жүзбе- 

жүз кездесіп, туыс-туғаннан артық 

амандық-саулық  сұрасып,  қоян- 

қолтық  араласып,  шүйіркелесе 

бір  кесе  шай  ішетін  жанымызға 

жақын жандар көршілер. Олардың 

мәртебесі  қашанда  жоғары  болып 

қалмақ.  Арада  мәселе  туындаған 

жағдайда ауызбіршілікпен шешіп, 

ал  басына  күн  туғанда  жана- 

шырда  сол  көрші  екенің  естен 

шығармайық.  Көршімен  көрші 

тату  болса,  еліміздің  амандығы, 

біздің  келешек  ұрпақтарымызға 

қалдырған  жақсы  ғибратты  жол 

болмақ.

ЖАУЛЫҚ  -   ӘЙЕЛДЕРДІҢ  БАС  КИІМІ,  ОРАМАЛЫ.  КЕЙБІР  ӨҢІРЛЕРДЕ  СӘУКЕЛЕГЕ,  КИ 



МЕШЕККЕ  ҚОСЫМША ЖАМЫЛҒЫ  ОРНЫНА  ҚОЛДАНҒАН.  ОРАМАЛ  ДА  БАСҚА  БАС  КИІМДЕР 

ТӘРІЗДІ  АЯҚ АСТЫ  ЕТПЕЙ,  ҚАСИЕТТІ  КИІМ  РЕТІНДЕ  ҚАСТЕРЛЕНЕДІ.  ӘСІРЕСЕ,  БАСКИІМДІ 

БӨГДЕГЕ  ТАРТУ  ЕТПЕЙТІН  ТЫЙЫМ  ОРАМАЛҒА  ДА  ҚАТЫСТЫ.  АРАЗДАСҚАН,  КЕШІРІМ 

СҰРАҒАН  АДАМДАР  ӘЙЕЛДІҢ  АҚ  ЖАУЛЫҒЫНЫҢ  КИЕСІНЕ  ТОҚТАЛҒАН.  АЗАМАТТАРДЫ 

АРАҚҚА САЛЫП,  АНАЛАРЫМЫЗДЫҢ АҚ ЖАУЛЫҒЫМЕН  АЛЫСҚАН  АУМАЛЫ  ТӨКПЕЛІ  ТҰСТА 

ДА  ӘЗИЗ  ӘЖЕЛЕРІМІЗ  «ЖАУЛЫҒЫМДЫ  АЛҒАНША,  ЖАНЫМДЫ  АЛСЫН»  ДЕП  ЖҮРГЕН 

АНАНЫҢ  КӨРКІ  ДЕ,  ҚАСИЕТІ  ДЕ  АҚ ЖАУЛЫҚТА.  АЛЫСҚА  САПАР  ШЕКСЕК  АРТТАҒЫ  АНА- 

МЫЗДЫ  АҢСАП  АСЫҒЫП  ТҰРАМЫЗ.  АҚ ЖАУЛЫҒЫ ЖЕЛБІРЕП  АЛДЫМНАН  ШЫҒЫП  КЕЛЕР 

ДЕЙ  БОЛАТЫН.

ҚОҒАМ ДАҒЫ   ӘКЕНІҢ 

О РН Ы   ҚА Н ДА Й ?

Гүлбану МАҚАЖАН

Қазақта жаулық тағу тұрмысқа 

шығып,  келіншек  болғанның  бұл- 

жымас  белгісі,  ал  басына  бәнтик 

байылап,  бұрымын  өріп  қою  қыз 

баланың  нышаны.  Бірақ  бүгінде 

бәрі  басқаша.  Жас  келіншектер 

жалаңбас  жүр,  кейбір  аналары- 

мыз  «мода»  деп  мейірлі  бейнесін 

өзгерткен.  Жаңа  түскен  келінде 

көп  ұзамай  орамалын  таққысы 

келмейтінін  білдіруде.  «Шүберек 

тағып,  шашты  құндақтап  жүр- 

геннің  несі  жақсы?»  деп  бүгінде 

көп  аналарымыз  орамалсыз  жүр. 

Мәдениетті  өмір  салты  деп  шаш- 

ты  қысқартып,  оны  түрлі  түске 

бояп  жүрген  әжелер  де  көбейді. 

«Ақ  жаулығың  емес  пе,  аппақ 

арың,  сылдырлаққа  сыныңды  сат- 

па жаным,  белгісі әйел адам-аппақ 

жаулық,  аппақ  деген  ұлы  ұғым  ақ 

маралым»,  -  деп  айтатын  ерлер  де 

жоқтың қасы.

Қалаға  тұрмысқа  шыққан  қы- 

зын  бірер  жылдан  соң  іздеп  кел­

ген шешесі танымай қалыпты.  Үш 

баланың  анасы  алдынан  шашын

О Р А М А Л Ы Ң Ы З   Қ А Й Д А ?

жайып  шықса  керек.  Қозысынан 

жеріген  қойдай  болған шешей  қы- 

зын  әзер  танып  талып  қала  жаз- 

даған  екен.  Аман-саулық  далада 

қалып,  ана  мен  қыз  арасында  ақ 

жаулық  әңгіме  болыпты.  Замира 

үлкен  әулеттің  келіні.  Бірақ  ке- 

ліншек  болып  түскеннен  кейін 

бір  жеті  өтпей-ақ  орамал  тағуды 

қойыпты. Ері де, енесі де қарсылық 

білдірмеген екен. «Қаладағы келін- 

шектердің  көбісі  басына  орамал 

тақпайды.  Мәдениетті  ортада  ора- 

нып  жүрсең оғаш  көрінеді.  Батыс- 

тың  сұлу  келіншектердей  біз  де 

шашты  арасынан  гүл  шығарып 

сәндеп,  заманауи  шаш  үлгісін  жа- 

сатқымыз келеді» деген пікірде.

Бірде  жұмысқа  орамал  та- 

ғып  келдім.  Көйлегіммен  түс- 

тес  жарасып-ақ  тұрды.  Алдым- 

нан 

шыққан 


бір 

әріптесім 

«Неге  орамал  тағып  алғансыз, 

шешіп  тастаңызшы»  деді.  Ал  сәл 

сайқымазақтау  бір  ер  жігіт  «сізге 

не  болған  басыңыз  жарылды  ма? 

Әлде  шашыңыз  алынды  ма?»  деп, 

жаулық  көрмегендей  таңғалды. 

Тіпті  бір  әріптесім  орамалды  жа- 

қыны қайтыс болғанда ғана тағады 

деп жүр екен. Керсінше, жары өліп

жесір  қалған  әйел  шашын  жайып 

жоқтау  айтқан.  Ал  біздің  бүгінгі 

қаракөздер  күннің  ыстығына  қа- 

рамастан  белден  төмен  түскен 

бұрымдарын  жәйіп  жүр.  Керіс-

кедей  кей  еркектің  өзі 

ер  бола  алмай жүргенде, 

әйелдердің  еркек  болғы- 

сы  келгендей  жаулығын 

жұлып  алып,  жалаңбас 

жүргені  жараса  ма?  Әу 

бастан-ақ  ұлттың  анасы 

болып келе жатқан әйел- 

дердің  жалаңбас  қалуы 

бізге  нені ұғындырады? 

Қасиетті  бас  киімнен 

айырылсақ  не  болмақ? 

«Басқамен  ойнасаң  да, 

басыңдағы бас киіммен 

ойнама»  деп қазақ атам 

бекер  айтпаса  керек. 

Орамалыңыз 

қайда? 


Ойланыңызшы?!

«Әке»  бір  сөздің  өзі  қанша  мағына  береді  десеңізші?  Әке  -   бұл 

күнделікті  тұрмыстағы  отбасының  тірегі,  ақылы,  күші.  «Әке  асқар 

тау» деп бекер айтылмаса керек.  Өйткені әке орны қай заманда да биік 

болған, әрі оны ештеңе толтыра алмайды. Алайда, әкенің қадір-қасиетін 

түсінбей, оны тұлға ретінде қабылдамай жүрген жандар қаншама? Осы 

төңіректе  отбасындағы  ер  адамның  рөлі  қандай?  Шаңырақтың  берік 

болуының  кепілі -   әке  өз  міндетін  мүлтіксіз  атқарып  жүр  ме?  Қазіргі 

таңда әкені қаншалықты бағалап жүрміз?

Кеңес дәуірінде әкелер өз балаларын қатаң тәртіппен тәрбиелеген.  Бала- 

лары да әкелеріне ешқандай қарсы сөз айтпаған,  келіспеген жағдайда жаза- 

ланып отырған.  Қазір айналаға көз жүгіртейікші. Қарттар үйінде  де, көшеде 

де қағажу  көрген әкелерді кездестіреміз.  Бір өкініштісі қолына шарап алып, 

аялдамада  жүрген  жандар  көп.  Әкешім  деп  отырған  баласы,  «отағасы»  деп 

отырған сүйіктісі болмаған соң бақыт қайдан болсын?

Бірде  көшеде  келе  жатып,  жылап  отырған  ер  кісіге  көзім түсті.  Бет-жүзі 

қожалақ, көздері іскен киімі жыртық-жыртық. Аялдамада жалғыз тұрғанмын. 

Қорқып  кеттім.  Туған  өлкеме  қатынайтын  көлікке  біршама  уақыт  қалған. 

Бойымда  қорқыныш  сезімі  басым  еді,  айналама  көз  жүгіртіп  тірі  жанды 

көрмедім.  Ол  кісі  де  сезген  болуы  керек,  түріме  қарап  тұрып  «меніңде  сен- 

дей қызғалдағым бар, менде әкенмен жасты адаммын»  деді.  Сол сөзден кейін 

бар  қоқынышым  сейілді.  Қасына  жақындап  сөзге  тарттым.  Амалсыз  көзіне 

жас  алып,  өзінің  өмірін  баяндап  берді.  «Ауқатты  отбасында  тұрдым.  Әке- 

шешем жол апатынан ерте қайтты. Мен жалғыз қалдым жиған-тергенінің бәрі 

менің  мұрагерлігімде  қалды.  Жоғарғы  оқу  орнын  бітіріп,  қолыма  қос  дип- 

ломымды  алдым.  Әжептәуір  қызметке  орналастым.  Басында  бәрі  де  тама- 

ша.  Сүйген  жарыма үйленіп,  бақытты едік.  Екі  қыздың  әкесі  атандым.  Жыл- 

дар  өте  келіншегім  өзгеріп  шыға  келді,  қыздарымды  да  қарсы  қойды.  Өзіме 

байқатпай  үйімді  өз  атына  аударып  алыпты,  жалақымды  да  өзі  алып  отыра- 

тын.  Мені  бір  күнде  үйден  қуды  да  жіберді.  Кейін  білдім,  ол  тек  мен  үшін 

ғана  сүйген  жар  екен.  Өзінің  тұрмысқа  шықпай  тұрып  сөз  байласқан  жігіті 

бар болып шықты.  Олар бірлесе отырып,  қаншама жылдар бойы менің зәулім 

үйімді,  көлігімді,  фирмамды  өздеріне  аударып  алуды  жоспарлапты.  Талай 

жылдар  өтті.  Қыздарым  бойжетті.  Олардың  жүзін  содан  кейін  көргенім  жоқ. 

Қазір менің үйіме бас сұқсаңыз бөтен бейнемен ғана кезігесіз.  Себебі бәрі, бәрі 

көшіп  кеткен.  Сол  сәттен  бастап  шараппен  серік  болдым,  шарапқа  сылқиып 

алып  қараңғы  түнде  өзіммен  өзім  сырласатынмын.  Жардан  құлаған  сәтте, 

аяқтан тұрып  кетуге  болар ма  еді?  Бірақ менде  махаббат,  сенім,  отбасы  деген 

ұғымдардың  орнын  өшпенділік,  жалғыздық,  қатыгездік  басқан.  Қазір  досым 

да, сырласым мен бауырларым да жоқ.  Өзім әкемді құдайдай көретінмін.  Оның 

айтқан сөзі  біз үшін міндетті түрде орындалуы тиіс-ті. Бірақ мен өз балаларыма 

әкелік махаббатымды  білдіре  алмадым.  Олар маған  «сіздей  әкенің керегі  жоқ» 

деп  екі-үш  жейде  салынған  дорбаны  лақтырып  жіберді.  Анам  әрдайым  «әкең 

келді»,  «әкең  тапсырған  істі  бітір»,  «әкеңнің  айтқан  тілін  ал»  деп  өсірген.  Өзі 

де  әкеме  қарсы  келмейді  «иә,  отағасы»  деп  жүре  беретін.  Біз  үшін  әкенің  сөзі 

заң.  Әкенің  шаңырағын  ешкімге  сатпай,  көздің  қарашығындай  сақтаймын  деп 

жоспарлағанмын.  Алайда  менің  анам  маған  берген  тәрбиені,  келіншегім  бала- 

ларыма бере алмады.  Міне менің өмірім осылай үйсіз-күйсіз жүрген қайыршыға 

айналды»,  - еңсесін көтере  алмады.  Оның «көше  кезіп жүргеннің бәрі қайыршы 

болғанымен,  әркімнің басынан  өткен қайғылары  бар.  Олардың  жүрегі  тасқа  ай- 

налса да, олар да адамдар»  деген сөзі әлі де есімнен кетер емес.

Несіне  жасырамыз,  қазір  үйлену  де,  үй  болу  да  қиын.  Осының  салдары- 

нан қаншама сәби әкесінен айырылып жатыр, әке де осылайша әкелік құқығынан 

айырылып  барады.  Аналар  қос-қос  сәбиін  құшақтап  жалдамалы  пәтерде  жүрсе, 

енді  бірі  өзге  біреудің  етегінен  ұстап  кете  барды.  Әкенің маңыздылығын,  оның 

қамқорлығын, махаббатын сезінейік. Барды бағалай білейікші ағайын!



№ 33 (155)  18  ТАМЫЗ,  БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

1

М



\э\

нУп ІД ІLК І



и

Сырдың  даласы  салиқалы  тарихтың  сыбағасы  секілді.  Төсінде  тірлігі  де  озған, 

берекесі  мен  бірлігі  де  озған  өнегелі  өңір.  Алаштың  анасы,  қазақтың  панасы  болған 

шежіресі  шың,  маңызы  мың.  Ұлы  өзеннің ұлтанында тарихи  өркениеттің  өрелі  белгісі, 

шағыл құмында шындық пен шырғалаңның ізі жатыр. Бұл зерттеуі бітік деген сөз емес, 

көне  көмбенің  көзі  әлі  толық  ашылған  жоқ.  Бел  шешкен  бетбұрыс  болса  Сыр  жерінің 

құйқалы  беті тағы  бір қатпарға аршылар еді...

Біздің  бабалар  не  көрмеді?  Құс  қанаты  талатын,  топырақ  құнарына  қасиетті 

құрма  шығатын,  суы  да,  нуы  да  мол  жазира  даланы  ұрпаққа  аманаттады.  Құшағына 

қонақжайлық  қонған,  мінезінен  қарапайымдылық  мамырлаған,  пейіліне  дархандық 

тамырлаған ерекше қасиетті аталық қанымен, аналық ақ сүтімен дарытты. Қай ұлттың 

болмысында бар  осы артықшылық?

Санақ  сөйлегендей,  жүз 

отыздан астам ұлт пен ұлысты 

ұлы шаңырақтың астына алып, 

«тілегі  де,  жүрегі  де  бір»  деп 

жатсынбай,  бір  жапырақ  на- 

нын  қылдай  бөліскен  құдіреті 

керемет  құндылық  емес  пе? 

Мұны  елдіктің  асыл  мұраты 

деген дұрыс болар.  Әсілі, мәр- 

тебелі елдің мұраты алысқа  да, 

ғарышқа да самғай берсін.

Қазір  Қызылорда  облы- 

сында 11 ұлттық мәдени орта- 

лық,  12 діни бірлестік жұмыс 

істейді.  Бір үйдің баласындай 

бірлігі  жарасқан  ұлттардың 

конфессияаралық  және  мәде- 

ни  келісімін,  достық  қарым- 

қатынасын  нығайтуға  бағыт- 

талған  жүйелі  саясат  еркін 

елдің  ерекше  үлгісі  болып 

қалыптасты.  Ұлт  пен  діни 

сенімге қарамастан барлығын 

біріктіретін  осы  күн -   қоғам- 

дағы  тұрақтылық  пен  келі- 

сімнің,  қайырымдылық  пен 

жақсылықтың 

жаршысына 

айналды.


Халқымыз  исламға дейін- 

гі  түркілердің  далалық  заң- 

дарын  биік  ұстады.  Бір  адам 

қиыншылыққа 

тап 

болса, 


бүкіл  ел  жұмыла  жәрдемде- 

сетін  игілікті  ісі  ислам  дінін 

қабылдаған  соң  да  дамып, 

қуаттана  түсті. 

Бүгінде  ай- 

мақтың  143  мешітіндегі  не- 

гізгі  уағыз  -   имандылық,

адамгершілік, бірлікке апарар 

жолды  бағыттайды.  Демек, 

қай  діннің  қалауы  болсын, 

адами  құндылықты  қолдауға 

ниетті.  Демократиялық,  за- 

йырлы мемлекет үшін бұл ба- 

ғыт басты мәселе.

Жаһандану  заманы  келді. 

Өркениет  өріс  алды.  Адам- 

гершілік  принциптерінің  ар- 

туына  қоғамдық  бірлестіктер 

бақылауы 

өсті. 


Соның 

нәтижесінде 

жұртшылық 

қиын 


жағдайда 

«бір 


жа- 

ғадан  бас,  бір  жеңнен  қол 

шығарып»,  қой  үстіне  боз- 

торғай жұмыртқалаған заман- 

ды  сақтап  қалуға  тырыса- 

ды.  Қазақстанды  ортақ  үйім 

және  туған  жерім  деген  мақ- 

таныш  санаған  ұлттардың 

ыстық  ұясы  берік  болғанын 

бүгінгі ұрпақ біз де қалаймыз, 

үміттенеміз,  үлес  қосуға  ұм- 

тыламыз.


Қазір  адамның  тілі  мен 

құдайдың тілі тең емес.  Тәңір 

әрдайым  төрде  тұруы  тиіс. 

Ал,  Құранның  қасиеті  — 

қоспасы  жоқ,  тәңір  тілі  еш 

өзгеріссіз келеді. Дін саясатқа 

қарсы  тұрмайды,  өйткені  ол 

өтірікке  жүрмейді.  Қадір  мен 

сыйластықтың  осал  келуі, 

ар-намыстың  мықты  еместігі 

және  діннің  өз  деңгейінде 

болмай  тұрғанында.  Аңыра- 

қай  соғысындағы  жеңіс  бір-

лігіміздің  бағасы,  діннің  қуа- 

тында  еді.  Сол  арқылы  қазақ 

халқының  даңқы  бір  аспан- 

даған  жоқ  па?  -  деген  ой  бо- 

латын.


Жалпы, 

атам  қазақтың 

аталы сөзі бар:

Ұлың жер болмасын, 

Келінің кер болмасын, 

Атың тер болмасын, 

Көкірегің  шер  болмасын, 

-  дейтін.  Мұның  нақты  ны- 

шаны  «балаң  жақсы  бол­

са  көзің  тірі,  халқың  жақсы 

болса,  сөзің  тірі»  дегенге 

саяды.  Ойды дәл бұлай бұру- 

дың  астары  жоқ  емес.  Жәй 

ғана  мысал.  Кәсіби  бокс- 

тан  әлем  чемпионы  Генна­

дий  Головкиннің  жақсы  бір 

сөзі  бар:  «әкем  -  орыс,  ше- 

шем - кәріс, мен -  қазақпын» 

деген.  Қандай  керемет  сөз! 

Туасы,  осы  бір  сөздің  өзі 

бүкіл Қазақстанды жылытып 

тұрғандай әсер  әкеледі.

Ел  тәуелсіздігі  бауырлас- 

тардың бірлігіне барлық мүм- 

кіндікті  ашты.  Қазір  ұлттар- 

дың  тілін,  ділін  дамытуға 

даңғыл жол бар.  Оның бір па- 

расы  деп  Қазақстан  халық- 

тары  Ассамблеясының  құ- 

рылуы  мен  қызметінің  қанат 

жаюымен  өлшеуге  болады. 

Не десекте, рухани келісімнің 

келелі  көкжиегіне  халық  бір- 

лігі кепіл бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет