Дипломдық ЖҰмыс туралы ереже дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар положение о дипломной работе



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата10.01.2017
өлшемі426,83 Kb.
#1600
түріДиплом
1   2   3   4

 

Диплом  жұмысының  беттері  барлық  мәтін  бойынша  өтпелі  нөмірлеуді 

қадағалай  отырып,  араб  цифрларымен  нөмірленеді.  Титульды  бет,  тапсырыс-

хат және дипломдық жұмысқа берген тапсырма, беттірдің жалып нөмірленуіне 

қосылады,  оларға  беттер  нөмірлері  қойылмайды.  Бет  нөмірлері  оның  төменгі 

жағының ортасына нүктесіз қойылады. 

Жеке  беттерде  орналасқан  суреттеп  сипаттаулар  мен  кестелер  жалпы 

беттер  нөміріне  қосылады.  Диплом  жұмысының  сыртқы  беті  диплом 

жұмысының беттерінің жалпы нөміріне қосылмайды. 

Жеке бетте орналасқан суреттеп сипаттаулар және кесте беттердің жалпы 

нөмірлеиіне  қосылады.    А3  форматындағы  кестелер  мен  суреттеп  сипаттаулар 

бір ғана бет болып саналады. 

 

5.4 Суреттеп сипаттаулар 



 

Суреттеп  сипаттаулар  (сызулар,  кестелер,  сызбалар,  диаграммалар) 

диплом  жұмысында  оларды  мәтіннен  кейін  немесе  келесі  бетте  орналастырған 

жөн. Барлық иллюстрацияларға мәтінде сілтеме болуы керек. 

Диплом жұмысында суреттеп сипаттаулар (сызулар, сызбалар, кескіндер, 

диаграммалар)  бірінші  рет  немесе  келесі  бетте  көрсетілетін  мәтіннен  кейін 

тікелей  орналастырылады.  Суреттеп  сипаттаулар  компьютермен  орындалған 

болуы  керек,  соның  ішінде  және  түрлі-түсті.    Барлық  суреттеп  сипаттауларға 

жұмыста сілтемелер болуы керек. 

Суреттеп  сипаттаулар  қосымшасынан  басқа  суреттеп  сипаттауларды 

өтпелі нөмірмен араб сандарымен нөмірлеу керек.   

Суреттеп  сипаттаулардың  атауы  және  түсіндірме  мәлметтері  (сурет 

соңындағы  мәтін,  қажет  болғанда  -  легенда)  болуы  керек.  «Сурет»  сөзі  және 

оның атауы түсіндірме мәлметтерінен кейін орналастырылады және   келесідей 

орналастырылады  «Сурет  1.  Банк  жүйесінің  құрылымы».    «Сурет»  сөзі  және 

оның атауы жол ортасына орналастырылады.  

Суреттеп  сипаттаулар  жеке  мәтіннен  жоғарғы  және  төменгі  жағынан 

қосымша  интервалдамен  бөлінеді.  Суреттеп  сиаппатуларға  сілтеме  жасаған 



 

22

кезде «...1-ші суретке сәйкес» деп жазу керек.  



Әр  бір  қосымшаның  суреттеп  сипаттаулары  жеке  араб  сандарымен 

алдына  қосымшаның  сандық  белгілеулерін  қоса  отырып  нөмірленіп, 

белгіленеді.  

Мысалы: Сурет А.3. Банк кірістерінің динамикасы 

Суретті рәсімдеу үлгісі 

Коммерциялық  банктердің  адам  ресурстарын  құру  мен  дамуға 

бағытталған  ақшалай  қаражаттарының  тұтастай  шығындары  зерттелген 

болатын. Бұл шығындар өзіне банк қызметкерлерінің еңбекақысын, сыйлықақы 

қорын,  әлеуметтік  пакет  ақы  төлеуін,  мамандарды  дайындау  және  қайта 

дайындау,  оқыту  және  сынақ  істен  өту,  және  т.б.  төлемдер  мен  жеңілдіктерді 

кіріктіреді.  2004–2008  жылдар  аралығында  адам  ресурстарын  дамыту  мен 

құруға  кеткен  жиынтық  шығындарының  көрсеткіштерінің  өсу  динамикасын 

келесідей 3–ші суреттен көруге болады. 

2 795 796

3 662 493

4 797 866

6 232 476

2 914 122

3 246 332

3 239 839

3 782 316

2 528 136

3 306 802

3 753 220

4 800 931

6855724

4213500

5809127

0

1 000 000



2 000 000

3 000 000

4 000 000

5 000 000

6 000 000

7 000 000

8 000 000

2004 ж


2005 ж

2006 ж


2007 ж

2008 ж


"Қазақстан Халық банкі" АҚ

"Казкоммерцбанк" АҚ

"Банк Туран Әлем" АҚ

Е с к е р т у –  ШҚО бойынша статистика статистика мәлметтері бойынша құрастырылған

 

 

Сурет 3. Коммерциялық банктердің адам ресурстарын құру мен дамытуға 



бағытталған жиынтық шығындарының динамикасы 

 

3-ші  кестенің  мәлметтері  көрсеткендей,    банк  шығындарының  жалпы 



көлемі 

ішіндегі 

операциондық 

шығындарының 

өсімі 

екі 


жағдаймен 

түсіндіріледі.  Біріншісі,  банк  ресурстарды  алатын  нарық  конъюктурасының 

нашар  жай-күйінде  болуы,  екіншісі  –  банкі  қызметінің  басшылығының 

нашарлауы. Банк қызметін қамтамасыз ететін шығындарға ерекше назар аудару 

қажет.  Экономикалық  дағдарыс  және  инфляция  жағдайында  әдеттегідей 


 

23

әкімшілік – басқарушылық шығындарының өсімі байқалады, әсіресе пайданың 



жеткіліксіз өсімі кезіндегі еңбек ақының төмендеуі. 

 

5.5 Кестелер 



 

Кестелер  көрнекіліктерді  және  көрсеткіштерді  салыстыруда  (ыңғайлы) 

жеңіл болу үшін қолданылады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі керек, 

нақты,  қысқа  болуы  керек.  Кестенің  атауын  кестенің  үстіне,  сол  жаққа,  азат 

жолдан  «Кесте 1» сөзінен кейін келесі жолға жазады.  

Кестенің  бөлігін  тасымалдауда  атауын  тек  кестенің  бірінші  бөлігінің 

үстіне орналасады, кестені шектемейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді. 

Кестені мәтіннен кейін орналастыру қажет. 

Жұмыста  барлық  кестелерге  сілтемелер  болу  керек.  Сілтеме  жасау 

кезінде оның нөмірімен «кесте» деп жазу керек. 

Көп  жолдары  бар  кестені  келесі  бетке  тасымалдауға  болады.  Кестенің 

бөлігін  тасымалдау  кезінде  «кесте»  сөзін  және  бір  рет  қана  кестенің  бір 

бөлігінің үстіне сол жағында оның нөмірін көрсетеді. 

Кестенің  басқа  бөліктерінің  үстіне  мысалы:  «1  –  ші  кестенің  жалғасы» 

деген сөзді жазады. 

Егер кестенің бағандарында (жол) мәтін бір сөздің  қайталануынан  тұрса, 

онда оны бірінші жазудан кейін тырнақшамен алмастыруға болады; егер екі не 

одан да көп сөзден болса, онда бірінші қайталауда оны «тағы да» сөзімен, одан 

әрі  тырнақшамен  алмастыруға  болады.  Тырнақшаны  қайталанатын  сандар, 

немесе  басқа  да  белгілерде  кестенің  қандай  да  бір  жолында  келтірмесе,  онда 

сызықша қойылады. 

Кестелерді  қосымшаның  кестесін  қоспағанда,  араб  сандармен  нөмірлеу 

қажет  (өтплеі  нөмірлеу).  Әрбір  қосымшаның  кестелерін  қосымша  шегінде 

қосымшаның жеке  қосымша саның қоса нөмірлеу керек. Мысалы: Кесте А2  

Кестенің атауының соңында нүкте қойылмайды. 

 

Кестені рәсімдеу үлгісі  



18  кестеде  әлеуетті  жоба  және  нарықтың  қатысты  кірістілігінің 

мәлметтері келтірілген.

 

 

 



Кесте 18 

Нарық және жоба кірістілігі 

Экономика жағдайы 

ықтималдық 

Кірістілік, % 

нарық 


жоба 



Терең құлдырау 



0,05 

-20 


-30 

Шамалы құлдырау 

0,25 

10 


Орташа жағдай 

0,35 

15 


20 

 

------------------------------------- келесі бет ----------------------------------- 

 

 


 

24

18-ші кестенің жалғасы 





Шамалы жандану 

0,20 

20 


25 

Жылдам көтерілу 

0,15 

25 


30 

Ескерт у – Кесте сараптаушылық бағалау негізінде құрылған 

 

Компанияның қаржылық аналитиктері 8% алдын ала тәуекелсіз кірістілік 



бағасын  берді.  Ары  қарай  орташа.....  күтілетін  нарықта  және  жоба  кірістілігін 

анықтау қажет.  

 

Графа  атауын  және  кесте  жолын  бас  әріппен  жекеше,  ал  графа 



бөлімшелерін – егер олар атауымен бір сөйлемді құрса кіші әріппен жазу керек, 

егер олардың өздерінің жеке мәні болса, немесе кіші әріппен.  

Кестенің бөлім және бөлімше атауларының соңына нүкте қойылмайды. 

Кесте  сол  жағынан,  оң  жағынан  және  төмен  жағынан  сызықтармен 

шектеледі.  Кестеде  мәтінге  қарағанда  кіші  –  шрифт  12  кегльді  қолдануға 

болады.  

Кестенің жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтарды жүргізбеуге 

болады  егер,  олардың  болмауы  кестені  қолдану  кезінде  қиындық  тудырмаса. 

Графа атауын, ереже бойынша, кесте жолына параллелді түрде жазады.  Қажет 

болған  жағдайда  графа  атауын  препентикульяр  түрінде  орналасытыруға  

болады.  

 

5.6 Ескертулер 



 

«Ескерту»  сөзін  азат  жолдан  бастап  бас  әріптермен  сиретіп  және  астын 

сызбай басу крек.   

Егер  мәтін  мазмұнына,  кесте  немес  сызба  материалына  анықтамалық 

мәлметтер  немес  түсіндірме  қажет  болса,  ескерту  диплом  жұмысында 

келтіріледі.  

Ескертуді  тікелей  осы  ескертуге  қатысы  бар  мәтіндік,  сызба 

материалдары  немес  кестедан  кейін  орыналастыру  керек.  Егер  ескерту  біреу 

болса,  онда  «Ескерту»  сөзінен  кейін  сызықша  қойылыда  және  ескерту  бас 

әріппен басылады. Бірнеше ескертулер араб сандарының тәртібі бойынша нүкте 

қойылмай  нөмірленеді.  Кестеге  ескерту  кесте  соңында  кестенің  аяқталуын 

білдіретін сызықтың астына орналастырылады.  

 

5.7 Формулалар және теңдеулер 



 

Диплом  жұмысында  формуланы  жазу  формула  редакторының  көмегімен 

жүргізіледі.  Формуланы  жазу  шрифті  Times  New  Roman,  кегль  14,  курсивпен 

жазуға болады.  

Формулаларды  және  теңдеуді  жеке  жолға  мәтінне  бөлек  жазу  керек.  

Әрбір  формула  немесе  теңдеудің  жоғарғы  және  төменгі  жағынан  біреуден  кем 

емес  бос  жол  қалтырылуы  керек.  Егер  теңдеу  бір  жолға  симаса,  онда  тең  (=), 


 

25

немесе  қосу  (+),  алу  (-),  көбейту  (х),  бөлу  (:),  немесе  басқа  да  математикалық 



белгілер белгісінен кейін екінші жолға тасымалдануы керек, мұнда белгі келесі 

жол басында қайталанады.    

Символдар  мәні  және  сандық  коэффициенттерге  түсіндірмені  тікелей 

формуланың  астында  формулада  олар  қалай  орналасады  сол  тәртіппен  беру 

керек.  

Диплом  жұсынында  формулаларды  барлық  жұмыс  шегінде  нөмірлеу 

тәртібі  бойынша  араб  сандарымен  домалақ  жақшада  бір  жолда  шеткі  оң 

жағында нөмірлеу керек.   

Формуланың тәртіптік нөміріне мәтінде сілтемелер жақшада беріледі.    

 

Формуланы рәсімдеу үлгісі.  



Таза келтірілген кіріс (NPV)  (1) формула бойынша анықталады: 

 





n

t

t

t

r

CF

NPV

0

)



1

(

 



 

 

 



 

 (1) 


 

где   CF



t

 – кезеңі үшін ақша құралдарының күтілетін құйылымы (ағымы); 



t – кезең; 

n – жобаны өткізудің жалпы кезеңі; 

r – жоба капиталының бағасы. 

 

Мәтіннің жалғасы…. 



 

 

5.8 Сілтемелер 



 

Қолданылған  көздерге  сілтемелер  қолданылған  әдебиеттер  тізімінде 

(тізім диплом жұмысында көздердің қолданылуы бойынша құрылады)көздердің 

реттік нөмірін көрсетумен сөйлемнің соңында квадрат жақшаға келтіріледі, үтір 

арқылы  аталған  мәтін  орналасқан  бет  саны  көрсетіледі.  Мысалы,  «...көпшілік 

авторлар осыған саяды [1, с.27]». 

 

5.9 Қолданылған әдебиеттер тізімі 



 

Көздер  туралы  мәлметтерді  диплом  жұмысының  мәтініндегі  көздерге 

сілтемелердің  пайда  болу  тәртібімен  орналастыру  керек,  араб  сандарымен 

нөмірлеп нүкте қоймай, азат жолдан бастап басыу керек.  

 

5.10 Қосымшалар 



 

Қосымшалар  аталған  диплом  жұмысының  жалғасы  ретінде  келесі 

беттерде рәсімделеді. 

Аталған диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер 



 

26

жасалуы  керек.  Қосымшалар  сілтемелер  тәртібімен  жұмыс  мәтінінде 



орналасады. 

Әрбір  қосымшаны  жаңа  беттен  «ҚОСЫМША»  сөзімен  беттің  жоғарғы 

жағынан және оның белгіленуін бастау керек.  

Қосымша үлкен әріппен жеке жолға мәтінге қатысты симметриялы түрде 

жазылады, өзінің атауы болуы керек.  

Қосымша  орыс  алфабитінің  бас  әріптерімен  белгіленеді,  А  әріпінен 

басталады Ё, 3, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа әріптермен белгіленеді.  

Егар  диплом  жұмысының  бір  ғана  қосымшасы  болса,  онда  оны 

белгілемеуге болады.  

Қосымша  ортақ  диплом  жұмысының  қалған  бөлігімен  бірінен  кейін  бірі 

нөмірленуі арқылы берілуі керек.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

27

6 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН РЕЦЕНЗИЯЛАУ 



 

Диплом  жазушының  еңбегін  қосымша  объективті  бағалауды  алу 

мақсатымен  сәйкес  аумақтағы  мамандар  диплом  жұмысын  рецензиялауды 

жүргізеді.  Рецензенттер  ретінде  мемлекеттік  органдар  мамандар,  бизнес 

сферасы,  өндіріс  және  ҒЗИ  мамандары,  сонымен  қатар  басқа  оқу  орындары 

мұғалімдері  және  профессорлары  тартылуы  мүмкін.  Рецензенттер  тізімін  және 

рецензияға бағыттаманы кафедра дайындайды.  

Рәсімделген  диплом  жұмысын  жетекші  пікірімен  бірге  диплом  жмзушы 

қорғауға 7 күн қалғанда, кешіктірмей рецензентке табыс етеді.  

Рецензияда  таңдалған  тақырыптың  өзектілігінің    бағасы,  тақырыпты 

ашуға  дербес  тәсілдің  болуы,  ақпараттарды  жинау,  қорытындылар  мен 

ұсыныстардың  дәлелділік  дәрежесі,  алынған  нәтижелердің  шынайылығы, 

олардың жаңалығы  және тәжірибелік мәні, рецензияланатын жұмыстың негізгі 

ережелері және тақырыптың мамандандырылған талдауы болуы керек.  

Жұмыстың  оң  жақтарымен  қатар  кемшіліктері  де  аталып  өтеді,  соның 

ішінде,  материалды  баяндаудың  сауаттылығы  мен  логикасынан  аутқып  кетуі, 

факт жүзіндегі қателердің болуы.  

Рецензияда    бал-рейтингтік  әріптік  жүйе  бойынша  бағаны  көрсетумен 

аргументтелген  қорытынды  және  сәйкес  академиялық  дәреже  және  біліктілік 

тағайындау мүмкіндігі беріледі.  

Мынандай  жағдайда,  егер  кафедра  меңгерушісі  ғылыми  жетекші  және 

рецензент  пікірлерінің  мазмұнынан  басқа,  Мемлекеттік  аттестациялық 

комиссияның алдына бітірушіні диплом жұмысын қорғауға жіберу мүмкін емес 

деп  санаса,  онда  бұл  сұрақ  автор  мен  жетекшінің  қатысуымен  кафедра 

отырысында қарастырылуы керек.     

Рецензентпен  қол  қойылған  рецензия  бекітілген  мерзімде  диплом 

жұмысымен бірге Мемлекеттік аттестациялық комиссияға табыс етіледі.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

28

7 ҚОРҒАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ҚОРҒАУ 



 

7.1 Қорғауға тапсырылатын, құжаттар  

 

Диплом жұмысын рецензиялағаннан кейін МАК хатшысына оны қорғауға 



үш күн қалғанда тапсырылуы керек:  

1) Толығымен рәсімделген диплом жұмысы, төмендегілерден тұрады:  

–  диплом 

жазушымен, 

норма 

бақылаушы 



кеңесшімен, 

ғылыми 


жетекшімен  және  кафедра  меңгерушімен  қол  қойылған  (бірінші  бет,  тігіледі) 

стандартты титулдық бет;  

–  тапсырыс-хат(тігіледі); 

–  тапсырма (тігіледі); 

–  диплом жұмысының мәтіні; 

–  жетекші пікірі (ішіне салынады); 

–  рецензия (ішіне салынады). 

–  диплом  жұмысын  сипаттайтын,  басқа  да  құжаттар  (егер  олар  болса, 

ішіне салынады). 

2) Суреттерді сипаттайтын (ілеспе) материал. 

3)  Диплом  жұмысының  электорндық  нұсқасы  дискетада  және  оның 

презентациясының материалдары; 

 

7.2 Диплом жұмысын қорғауға дайындық 



 

Диплом  жұмысын  қорғау  процедурасы  студент-диплом  жазушының 

баяндамасын өзіне қосады, мұндағы маңызды элемент болып диплом жұмысын 

презентациялау,  диплом  жазушымен  алынған  негізгі  нітижелерді  көрсету 

болып  табылады.  Презентация  көрсетілетін  материалдардың  көрнекілігін 

қамтамасыз  етеді,  МАК  мүшелеріне  диплом  жұмысының  нәтижелерінің 

ғылыми  сол  сияқты  және  тәжірибелік  мәнін  бағалауға  мүмкіндік  береді,  сол 

сияқты диплом жазушының оларды шағын баяндап беруіне көмегін тигізеді.   

Презентация мыналарды қосуы керек: 

–  біліктілік жұмысын көрсетуге мүмкіндік жасайтын, баяндама; 

–  презентацияның өзі; 

–  қорытынды. 

Презентацияны  таңдалған  тақырыптың    өзектілігін  баяндаудан,  ғылыми 

проблеманы сипаттаудан және жұмыс мақсатын құрудан бастау керек, тізбекті 

түрде  жүргізілген  зерттеудің  бекітілген  логикасына,  критикалық  салыстыру 

және  бағалаудға,  өте  маңызды  бөлімдерге  және  қызықты  нәтижелерге  ерекше 

мән  бере  отырып  бөлімдер  бойынша  жұмыстың  негізгі  мазмұнын  ашу. 

Баяндаманың  қорытынды  бөлімі  диплом  жұмысын  қорытындылау  мәтіні 

бойынша  құрылады,  негізгі  бөлік  бөлімдерін  сипаттау  кезінде  жасалынған, 

оның  мәтінінен  жеке  шолуларды  қайталаусыз  жалпы  қорытындылар  алынады, 

негізгі  ұсыныстар  біртұтас  жинақталады.  Студент  өзінің  диплом  жұмысының 

негізгі мақмұнын еркін, жазбаша мәтінді оқымай баяндауы керек.  

Презентация  MS  PowerPoint  ортасында  орындалған  және  ілеспе 


 

29

материалдары,  электронного  слайд-фильм  түрінде  көрсетілетін  визуалды 



материалдармен суреттеліп сипатталады.  

Визуалды материалдарды қолдану біріншіден МАК мүшелерінің назарын 

диплом  жұмысының  маңызды  элементтеріне  аударуға  мүмкіндік  жасайды, 

екіншіден    сөзбе-сөз  хабарламаны  нығайтады,  және  үшіншіден  ауызша 

жеткізуге қиындық туғызатын, суреттеп сипаттауға мүмкіндік жасайды.  

Суреттеп  сипаттайтын  материалдарды  таңдау  кезінде  қарапайымдылық 

және  қысқалық  қағидасын  қолданған  қажет.  Кесте  мен  сызба  ақпартты  болуы 

керек, бірақ оларды көп санды мәлметтермен толтырмау керек.  

Барлық  визуалды  материалдарды  дайындағаннан  кейін  алдын  ала 

репитиция жүргізу керек, бұл баяндаушы сөзінің шапшаңдығын және слайдтар 

көрсету жылдамдығын реттеуге көмегін тигізеді.  

 

7.3 Диплом жұмысын қорғауды жүргізу  



 

Диплом  жұмысын  қорғау  МАК  ашық  отырысында  оның  құрамының  кем 

дегенде  екі,  үш  қатысушысымен,  ғылыми  жетекші  және  диплом  жазушының 

қатысуымен,  сонымен  қатар  рецензенттердің  мүмкіндігі  бойынша  қатысуымен 

жүргізіледі.  

МАК  хатшысы  әр  бір  диплом  жұмысын  комиссия  отырысында 

таныстырады: 

–  диплом жұмысының данасы; 

–  ғылыми жетекшінің қорытындысы; 

–  рецензенттер пікірі; 

–  біліктілік жұмысына алынған басқа да пікірлер; 

–  студент-диплом жазушының оқу картасы; 

–  студент-диплом жазушының сынақ кітапшасы. 

Жұмысты қорғау тәртібі көздейді:  

–  студент-диплом  жазушының  баяндамасы  (15  минут  дейін),  мұнда 

тақырыптың  дәлелділігі  беріледі,  жүргізілген  зерттеулердің  мақсаты  мен 

міндеттері,  зерттеу  объектісі  мен  пәні,  жасалынған  жұмыстың  негізгі 

нәтижелері,  дербес  орындалған  есептер  және  зерттелулердің  қорытындылары, 

маңызды қорытындылар, ұсыныстар, ұсынымдар көрсетіледі; 

–  МАК мүшелері сұрақтарына студент-диплом жазушының жауаптары;  

–  рецензенттердің сөзі және басқа тұлғалардың;  

–  біліктілік жұмысына алныған, басқа да пікірлерді оқу;  

–  студент-диплом  жазушының  қорытынды  сөзі  –  диплом  жұмысын 

талқылау барысында алынған, ескертулерге жауабы.  

МАК  отырысына  қатысушылардың  барлығының  сұрақтар  қоюға 

мүмкіндігі бар және творчествалық дискуссияға қатыса алады.  

Соңғы 

(балдық) 



баға 

комиссия 

төрағасының 

немесе 


оның 

орынбасарының  міндетті  түрде  қатысуымен,  отырыста  қатысатын  МАК 

мүшелерінің  қарапайым  көпшілік  дауысымен  МАК  жабық  отырысында 

шығарылады. Тең дауыстар саны  кезінде комиссия  төрағасы (немесе комиссия 

төрағасын  ауыстыратын  оның  орынбасары)  бірінші  шешуші  дауысқа  ие.  


 

30

Ғылыми жетекші және рецензенттің өз ойларын айтуға құқығы бар, бірақ дауыс 



беруге қатыспайды.   

МАК  біліктілік  жұмысын  жариялау  бойынша,  олардың  конкурсқа 

қатысуға,  тәжірибелік  қолданылуы  бойынша  ұсыныстар  беруге  құқығы  бар. 

Өте 


қабілетті 

бітірушілерге 

(факультет 

деканымен 

және 

кафедра 


меңгерушісімен  келісу  бойынша)  МАК  төрағасы  магистратураға  түсуі  үшін 

ұсыныс жасауы мүмкін.  

МАК  хатшысы  отырыс  хаттамасын  жүргізеді,  бұған  барлық  қойылған 

сұрақтар,  жауаптар,  диплом  беру  (үздік,  үздік  емес)  немес  бермеуі  туралы 

комиссия  шешімі  және  ерекше  пікірлер  енгізіледі.    Хаттамаға  отырысқа 

қатысқан,  төраға  және  комиссия  мүшелері  қол  қояды.  МАК  отырысының 

хаттамасын  рәсімдегеннен  кейін  сол  күні  студенттерге  біліктілік  жұмысын 

қорғаудың нәтижелері баяндалады.   

Құжатпен расталған, белгілі бір орынды себептермен бекітілген мерзімде 

жұмысын қорғамаған, студенттерге МАК жұмысының келесі кезеңіне дейін оқу 

мерзімі  ұзартылуы  мүмкін,  бірақ  үш  ай  мерзімнен  ерте  емес  және  алғашқы 

қорытынды  мемлекеттік  аттестацияны  өткеннен  кейін  үш  жылдан  көп  емес 

мерзімде.  Бұл  үшін  студент  факультет  деканатына  жеке  арызын  бұған  қоса 

орынды себебін растайтын құжатын тапсыруы керек.  

 

7.4 Диплом жұмысын бағалау критерилері 



 

«Үздік»  бағасына  басқарудың  ғылыми-теориялық,  әдістемелік  немесе 

тәжірибелік  міндеттерін  шешуге  көмегін  тигізетін  және  автормен  қойылған 

міндеттерді  шешу  құралдарын  және  қазіргі  тәсілдерді,  адекваттық  талдау 

тәсілдерін 

қолдануды 

куәландыратын 

теориялық, 

әдістемелік 

немесе 


тәжірибелік  қызығушылығын  көрсететін,  ғылыми  дәлелденген  тақырыптағы 

диплом  жұмысы  лайық.  «Үздік»  бағасына  бағаланған  диплом  жұмысының 

құрылымы  нақты,  логикалық  және  қойылған  мақсатқа  сәйкес  болуы  керек. 

Қорытындысында  қойылған  проблеманы  шешуге  үлесін  қосатын,  оны  ары 

қарай  дамыту  үшін  болашағы  бар,  нақты,  жан-жақты  дәлелденген 

қорытындылар келтірілуі керек. Жұмыс әдеби тілмен жазылуы керек, ғылыми-

анықтамалық  аппарат  тыңғылықты  түрде  тексерілуі  керек,  қолданыстағы 

МЖББС  және  «»Әдістемелік  нұсқауларға»  сәйкес  болуы  керек,  кесте,  сызба, 

суреттеулер, кескіндер түріндегі қосымшалардан тұрады. 

Үздік  бағаны  алу  жағдай  студент-диплом  жазушының  баяндамасының 

қысқалығы  және  логикалығы  болып  табылады,  мұнда  диплом  жұмысының 

негізгі  ережелері,  сонымен  қатар  МАК  мүшелерімен  қойылған  сұрақтарға 

нақты және аргументтелген жауаптар бейнеленеді.  

Мынандай  жағдайда,  егер  диплом  жұмысы  толық  көлемде  жоғарыда 

аталған талаптарға жауап бермейтін болса, онда ол төменгі балмен бағаланады.  

 

 



 

 


 

31

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



 

1  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27 шілде 2007 жыл 

№ 319-III ҚРЗ.  

2  ҚР  МЖББС  5.04.019-2008  «Жоғарғы  білім.  Бакалавриат.  Негізгі 

ережелер» 23 қаңтар 2008 ж. № 26 

3  ҚР  МЖББС  5.03.016-2009  «Жоғарғы  оқу  орындарында  диплом 

жұмысын  (жоба)  орындау  ережесі.  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

жүйесі. Негізгі ережелер» 

4  ҚР МЖББС 6.08.008-2008 по специальности 050509 – Қаржы.  

5  Типовые  правила  проведения  текущего  контроля  успеваемости

промежуточной  и  итоговой  аттестации  обучающихся  в  высших  учебных 

заведениях,  утвержденные  приказом  Министра  образования  и  науки 

Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125. 

6  ГОСТ 2.105 -  95 Межгосударственный  стандарт. Общие требования к 

тестовым документам.  

7  ГОСТ  7.32-2001.  Межгосударственный  стандарт.  Отчет  о  научно-

исследовательской работе. Структура и правила оформления  

8  ГОСТ  7.1-2003.  Библиографическая  запись.  Библиографическое 

описание. Общие требования и правила составления. 

9  ГОСТ 2.104 - 68 ЕСКД. Основные надписи. 

10  ГОСТ 2.105 - 73 ЕСКД. Основные требования к чертежам. 

11  ГОСТ 2.301 - 68 ЕСКД. Формулы. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

32

ҚОСЫМША А 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет