«Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »


– Біздің өнертанушыларымыздың



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата11.01.2017
өлшемі2,61 Mb.
#1620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

– Біздің өнертанушыларымыздың 

арасында әлі күнге дейін «Қазақ театры 

қашаннан басталды?» деген даулы пікір бар. 

Осы жайлы ойларыңызды айтсаңыз.

– Кеңес кезінде қазақ театрын Алаш­

ордашылар ашты деген пікір әрине, 

айтылмады. Бірақ М.О.Әуезов атындағы 

Әдебиет және өнер институтында қазақ 

драматургиясын профессор Бағыбек 

Құндақбаев зерттеді. Оны институтта 

аспирант болып жүрген кезінде Мұхтар 

Әуезов шақырып алып: – Бағыбек, сен 

театрды зерттеймін десең, әуелі Семейге 

бар. 1915 жылы Ж.Аймауытов бастаған 

қазақ жігіттері «Біржан – Сара» айты­

сын алғаш сахналаған. Бұл қойылым 

– қазақ театрының басында тұрған 

оқиға. Мен саған сол мәтіндерді табуға 

көмектесейін» деп аспирантқа тапсыр­

ма береді. Б.Құндақбайұлының театр 

жайлы жазылған еңбектеріне сүйенсек, 

1915 жылы 13 ақпанда Семейдегі са­

удагерлер клубында қазақтың сауат­

ты жігіттері бірігіп әдеби кеш өткізеді. 

Кешті сағат сегізде Райымжан Мәрсеков 

қазақ әдебиеті турасында баяндамамен 

ашады. Баяндамадан кейін «Біржан – 

Сара» спектаклі қойылды. Осы спек­

такльде Біржан рөлін Жүсіпбек өзінің 

керемет дарындылығының арқасында 

ерекше сипатта ойнап шығады. Бұдан 

көретініміз –Ж.Аймауытұлының тек қана 

әдебиеттанушы емес, мықты актер, әнші, 

домбырашы болғандығы. Жүсіпбектің рөл 

ойнаудағы шеберлігін, әдемі қоңыр дауы­

сымен Біржан өлеңдерін «мәніне келтіріп 

орындағаны, өзі бас болып, сахнаны 

кереметтей құлпыртып безендіргені» ту­

ралы Міржақып Дулатұлы көлемді мақала 

жазады. Мақаланың қысқаша мазмұнына 

тоқталсақ, «Сараның рөлін Тұрар ханым 

Қозыбағарова ойнады. Спектакльдің 

соңынан керемет әндер орындалды. 

Әншілер қатарында Ж.Аймауытов та 

баулитын оқуға берген. Бұл – Қазан 

төңкерісіне дейін қазақтың екі­ақ пайызы 

сауатты болған дегендердің аузына құм 

құятын дерек. Жүсіпбек былай деген екен: 

«Адамның жазуының әдемі болуы, оның 

ойлау қабілетіне тікелей байланысты».

М е н   о с ы   с ұ х б а т т ы   п а й д а л а ­

н ы п ,   м ұ р а ж а й   д и р е к т о р ы   а з а м а т 

Жүрсін Ерманға бір өтініш айтқым 

келеді. Бұл қолжазбалар М.О.Әуезов 

мұражайында папкалардың ішінде жа­

тыр. Осылардың көшірмесін алып, кітап 

мұражайына көрмеге қойса, орынды 

болар еді. Мұражайға келушілердің 

қызығушылығын арттыратын құнды 

дүние болары сөзсіз. 

Ж.Аймауытұлының жазған қай ха­

тын алып қарасаңыз да, ең бірінші биік 

өре мен кісілік көрінеді. Екіншіден, 

қай мәселе болсын қазақтың әдебиеті, 

мәдениеті сөз болады. 

Қазақ ауыз әдебиеті мұраларын 

жинауға тікелей атсалысқан, сауат­

ты ғалым Мәшһүр­Жүсіп Көпеевпен 

хат алысып тұрған. Екеуі парасаттың 

биік үлгісінде жазылған хаттар арқылы 

сырласқан. Жүсіпбек Мәшһүр­Жүсіпке: 

«Сіз қазақтың гаухарысыз, бар білгеніңізді 

жазып қалдырсаңыз екен» деген тілек­

тапсырма хаттар жолдаған. Мәшһүр­Жүсіп 

Көпейдің бүгінгі шыққан 22 томдық әдеби 

мұрасы әдебиетші Ж.Аймауытұлы бер­

ген тапсырманың толық орындалғанын 

дәлелдеп тұр. Әр томның жүйесі, аталған 

хаттағы әдеби мақсатқа сай жүйеленген. 

Профессор Сәрсенбі Дәуітұлы төте жазу­

мен жазылған Мәшһүр­Жүсіп еңбектерін, 

қазіргі біз пайдаланып отырған әріп 

үлгісіне түсіріп, барлық еңбектерін жария­

лануына атсалысқаны белгілі. 

 Республикалық кітап мұражайында 



Абай, Шәкәрім, Сәбит Дөнентаев, 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтармен қоса, 

Алаш арыстарына арналған зал бар. Осы 

залдарға Ж.Аймауытовтың көзқарасымен 

саяхат жасап көрсек. 

– Жазушы Абай өлеңдері туралы 

былай дейді: «Абай өлеңдерімен бала 

күнімнен таныспын. Кітабы басылмай 

тұрғанда, ел қыдырған өлеңшілердің ау­

зынан бірталай өлеңдерін көшіріп алып, 

жаттаған едім. Ең алғаш басылып шыққан 

кітабын қолыма түсіріп, түгел көшіріп 

алдым».

Ж.Аймауытұлының абайтанудағы 



тұңғыш өмірбаяндық шығармашылық 

зерттеуі «Абайдың өнері һәм қызметі» 

деген атпен 1918 жылы «Абай» журналын­

да (№2) жарияланды. Мақала соңында 

«Екеу» деп қол қойылған (Ж.Аймауытұлы, 

М.Әуезов). Абай мұрасының, ақындық 

өнерінің мазмұндылығын көрсету 

мақсатында Ж.Аймауытұлы: «Абайдың 

ақындық өнері тар жолды бірбеткей емес. 

Әр тараулы сегіз қырлы» деп жазады. 

Мақала авторлары Абай шығармаларын 

осы сегіз қырынан таратып, талдап бер­

ген. Қарасөздерін бөлек қарастырған: 

«Сол сөздердің бәрі терең ойға салып 

толғап жазылған. Ахлақ, адамшылық, дін, 

халықтың мінезі, неше түрлі хақиқаттар 

туралы жазылған сөздері – Абайда 

пәлсапа қуаты барлығына үлкен дәлел». 

Осыған байланысты әдебиетшілер 

Абай шығарған 16 мақалын сөз еткен: 

«Абайдың данышпандық белгісі – өзі 

шығарған 16 мақалы бар. Мақалының 

біреуі: «Әкесінің баласы – адамның 

дұшпаны, адамның баласы – бауырың». 

Кеңес кезінде де, қазір де абайтанушылар 

әлі арнайы айқындамаған тақырып осы. 

Бұл күні бүгінге дейін абайтануда әлі 

арнайы зерттелмей келе жатқан ғылыми 

мәселе. 

Замандастарының өлеңдерінің 

сыртқы түрі мен қалпына қарап, қазіргі 

өлеңшілерді бірнеше жікке бөлуге бо­

лады, – деп әдебиетшілер оларды топқа 

бөліп қарастырған: «Сезімге әсер берерлік 

суретті өлеңдер – көбінесе Мағжан, 

Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт һәм 

Ахмет Мәметовтікі. Бұлардың өлеңінде 

өзгеше бір сарын бар. Жүрегінің сезімін 

суреттейтін, жалғастырып әкететін 

артықша бір маңыз бар. Бұлар – сыршыл 

(лирик) ақындар.

Екінші жіктің өлеңшілері –  Ахмет 

Б а й т ұ р с ы н о в ,   С ә б и т   Д ө н е н т а е в , 

Шәһкерім, Бекет Өтетілеуов. Бұлардың 

өлеңі сырты төгілген сұлу, тілі кестелі, 

анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңіл, 

тәтті. Бұлардың өлеңінің сезім мен қиялға 

тәрбие­әсері аз, ақылға азығы бар. Бұлар 

– халықшыл ақындар. Ана ақындардан 

бұлардың сөзінің халыққа бір атасы 

жақын тұрады». 

«Бұл айтылған өлеңшілердің ішінде 

өзіндік ақындық беті күшті, түр тапқыш, 

аса еліктегіш емесі – Міржақып». 

Ақынның азаматтық дискурсы туралы бы­

лай делінген: «Кенеттен келген оқиғаны 

тез сезіп, тез сіңіріп, тез жауап тапқыш, 

жүйрік қиялды өлең Міржақыптан 

шығады. Мысалы, «Сүлеймен Би­

жановтың, Қазы Нұрмахаммедовтің 

өлімдеріне шығарылған: «Жұт», «Қайда 

едің?» деген өлеңдері сияқты. Жүрекке 

әсер беретін өлеңдері – «Сағыну», 

«Қиял», «Шәкірт», «Қажыған көңіл», 

«Айырылу», «Жамалдың зары». Осы 

өлеңдерінде адамның жүрегіне тиетін 

қасиетті, зарлы, салмақты әсер бар».

Е к і н ш і   т о п т а ғ ы   ө л е ң д е р д і ң 

н е г і з г і   с и п а т  т а м а с ы   т у р а л ы   б ы ­

лай делінген: «Ойына сөзі дәл, тілге 

жайлы, көркем, халықтың керегіне, 

кемшілігіне ғана айналған өлеңдер – Ах­

мет Байтұрсыновтікі. Ахмет өлеңдерін 

ақындық еркі билеп, қиял ермегі ай­

дап шығармайды. Ойды оятуға, миды 

сергітуге, мұңлы, мұқтаж, терең мақсат 

түртіп шығарады. 

Әдебиетшілер Сәбит Дөнентаев 

өлеңшілігіне әділ баға берген. Кеңес 

әдебиеттануы бұл ақынды тек тақырып 

жағынан зерттесе, Алаш әдебиетшілері 

б а я ғ ы д а   д и с к у р с ы н   ж і к т е п   б е р ­

ген екен: «Халықшыл ақындардың 

ішіндегі алдыңғы қатардағысы – Сәбит. 

Сәбиттің өлеңі қысқа, дәмді. Аз сөзге 

көп мағына сыйғызғыш, сөзді ойына 

құл қылған, тілі тәтті, дәл келеді. Сәбит 

өлеңінде тақ еткізе түсетін тапқыштық, 

салыстырғыштық, сыншылдық, аса 

терең болмаса да төрт тағандап түсетін 

нығыздық бар. Мысалы, «һәр жан һәр 

түрде», «Той», «Азаттық күні», «Жаңа 

жылға» һәм басқалар сықылды өлеңдері 

сұлулығы, ұғымдылығы, тілге жеңілдігі, 

тәттілігімен қандай надан адам болсын 

көңіліне қона кетеді. Сөзге еркін, бай 

екендігіне қаптап тізген өлеңі дәлел». 

Осы ретте Шәкәрім поэзиясы ту­

ралы келесі баға берілген: «Сыртының 

сұлулығы, тақылдақтығымен Ахмет 

пен Сәбиттің өлеңіне Шәкәрімнің 

өлеңі ұқсайды. Бірақ терең мағыналы 

сөздерді өлеңмен келтірем деп сөзін 

созыңқырап, шұбатып әкеліп, оқушыны 

тез жалықтыратын қалпы бар. Шәкәрім 

көбінесе өлеңі халыққа ұнамды болуын 

көздейді және өлең арқылы халықтың 

ақылын да тәрбие қылып, жетілдіргісі 

келеді. Осы күнгі ақындардың ішіндегі 

Абайға өлеңінің сыртымен болма­

са да, мағынасымен еліктеген кісі – 

Шәкәрім. Мінді, кемшілікті айтқанда 

жерлеп, кекеп, шенеп, оңдырмайтын 

Шәкәрім өлеңінде шанышпа, ащылық 

бар». Біз күні бүгін ажырата алмай келе 

жатқан дискурстық ерекшелік осылай 

аңғарылған. 

– Жазушының қай жерде жерленгені 

туралы айтсаңыз?

 – 2014 жылы тамыз айында Ясная 

Полянаға «Толстой және әлем әдебиеті» 

деп аталатын симпозиумға қатыстым. 

Қайтар жолда профессор Гүлзия Пірәлі 

екеуіміз Жүсіпбек Аймауытұлы жерлен­

ген Ваганьков зиратына арнайы барып 

Құран бағыштадық. Сол жердегі архив 

басшысына жалынып, осы жерде жер­

ленген адамдардың тізімін сұрадық. 

Отыз жеті адам қатар атылып, бір 

шұңқырға көмілген екен. Ж.Аймауытов 

деп тізімде бірінші тұр, одан кейін тұрған 

қостанайлық екі қазақтың да аты­жөні 

көзіме оттай басылды. Олар: Жүсіпов 

Ахмет Сафа және Әділов Дінмұхаммед. 

Жалпы бұл мәліметтерді Мәскеудегі 

Қазақстан елшілігі анықтапты. Мемле­

кеттен қолдау болған жағдайда ғана аты­

жөні жазылған белгі қоюға болатынын 

анықтадық. 

– Жүсіпбектанудағы қажырлы еңбегіңіз 

үшін сізге үлкен рақмет.

Айгүл ТӨЛЕС,

республикалық Кітап мұражайының 

ғылыми қызметкері

салды. Әлемдік деңгеймен салыстырғанда 

тұралап тұрған қазақ мәдениетінің 

көтерілуіне өз мақалаларымен үн қосты. 

«Сарыарқа», «Қазақ», «Абай» сынды қазақ 

газет­журналдарының өркендеп дамуына, 

оның ұшқынының жан­жаққа таралуына 

көп атсалысты. Қазақтың өз ішіндегі тар­

тыстарды да тоқтатуға күш салды. 

Ж.Аймауытұлы саясаттанушы да 

болған. Саяси бағытта жазылған баян­

дамалары ұлтына қызмет ету, ұлтты 

сүю, қазақтың мемлекеттілігін сақтау 

б а ғ ы т ы н д а   ж а з ы л ғ а н .   Қ а з а қ т ы ң 

мемлекеттілігі үшін әрбір қазақ іс ба­

сында табылуы қажет деген керемет 

ойлар айтқан. Ж.Аймауытұлының осы 

баяндамалары күні бүгінге дейін жеке 

мұрасы болып, зерттелмей қалып отыр. 

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, 

Ж ү с і п б е к   А й м а у ы т ұ л ы   Қ а з а қ т ы ң 

мемлекеттілігін Ресей империясы да, 

одан кейін құрылған Кеңес өкіметі де 

қолдамағанына, мойындамағанына 

қарсы шықты. Бұлар өз баяндамаларын: 

«Қазақ – текті халық, шекарасы, жері бар, 

ұлттық тілі, ұлттық мүддесі, тарихы бар, 

мәдениетті, сауатты, парасатты елміз» 

деген рухани бағытта жазды. 

1917 жылы желтоқсанның 5­мен 13­і 

аралығында Орынборда екінші жалпы 

қазақ съезі өтті. Бұны бәріміз білеміз. Оған 

бүкіл қазақ зиялылары қатысты. 12­сі күні 

сағат үште азан шақырылып Алаш автоно­

миясы құрылды. Осы Алаш съезі туралы 

«Қазақстан», «Сарыарқа» газеттерінде 

Аймауытұлының саяси мақалалары 

шықты. Оның басты көтерген мәселесі – 

ата­бабаларымыздың қанымен қорғалған 

ежелден келе жатқан өз шекарамыз, өз 

жеріміздің бар екендігі жайлы болды. Бұл 

мақалаларды оқыған қазақтардың әрине, 

рухы көтерілді: «Біз орыстың боданында 

отырған ел емес екенбіз. Біздің өз тарихы­

мыз бар екен» деген пікір қалыптастырып, 

елдің еңсесін көтерді. 

Ж.Аймауытұлы жайлы анықтап басып 

айтатын тағы бір күрделі мәселе 1918 

жылы Семей қаласынан «Абай» жур­

налын шығаруы. Кеңес үкіметі Абайды 

феодал, бай деп қаралап жатқанда, са­

налы түрде басын қауіп­қатерге тігіп, 

журнал шығаруы – үлкен ерлік. «Абай» 

журналында ақынның шығармашылығы 

мен әдебиетке қатысты жазылған мате­

риалдарымен қоса көтерілген тағы бір 

мәселе – қазақ жастарының орысша 

білім алып, сол елдің мәдениетіне еліктеп 

«кекіреніп», өз қазағын менсінбей кетуі. 

Бұндай жағдай қазір бізде де ушығып тұр. 

Жүсіпбек дәл қазіргі қазақ қоғамында 

болып жатқан кейбір келеңсіз мәселелерді 

сол кезде болжап жазып кеткендей. 

Болыстарға аудармашы болып жүрген 

қазақ жігіттері мен аздап сауаты бар 

оқығандарының кейбіреуі, қарапайым 

елді менсінбей, жылтыраған түймеге 

қызығып, шенеуніктік психология 

қалыптастыра бастағанын айтқан. Қарап 

отырсаңыз, жақсы қызмет, ақша қуған 

қазіргі біздің кейбір атқамінерлерімізді 

жазғандай әсерде қаласың. Халықтың 

хал­ахуалымен көбінің ісі жоқ. «Елін 

«Дәрігер адамның тәнін сауықтырса, 

тәрбиеші адамның жанын, ақылын, 

мінезін сауықтырады. Мектепте білім беру 

домбыраның қос ішегіндей тәрбиемен 

қатар жүру керек. Ақылақты, ақылды 

адам көбейсе, олар – отанының күзетшісі, 

қорғаны» деген екен. Кеңес кезінен бері 

күні бүгінге дейін біз айырылып қалған 

білім беру жүйесінің әттеген­айы осы.

 Ж.Аймауытұлы мектепке де арнап 

оқулық жазған. «Тәрбиеге жетекші» 

еңбегінде: «Мектептің жаны – мұғалім. 

Баланың санасына ең бірінші ұлттық 

құндылықтарымызды сіңіру қажет, мек­

тепке арналып жазылған оқулықтар 

дұрыс жазылуы керек» деген құнды ойлар 

айтқан. 


 Нұржан Қуантайұлы деген заманда­

сымыз Ж.Аймауытұлының журналистік 

қызметі туралы ғылыми зерттеу жүргізіп, 

талдаулар жасады. Ғалымның зерде­

леуіне сүйенсек, 1921­жылы 21 ақпанда 

партбюроның шешімімен С.Сәдуа­

қасұлының орнына «Еңбек туы» газетінің 

р е д а к т о р ы   б о л ы п   Ж . А й м а у ы т ұ л ы 

бекітіледі. Олай болса, ұлы қаламгер 

бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетінің ең 

алғашқы редакторларының бірі. Бұл – күні 

бүгінге дейін көп айтылмай келе жатқан 

дерек. Ату жазасына ұшырауына байланы­

сты Ж.Аймауытұлының редакторлығымен 

7­8 ай шыққан «Еңбек туы» газетінің 

тігінділері қорда сақталмағандығы жай­

ында дерек бар. 

Қазақтың тұңғыш газеттерін шығаруда 

ғана емес, архив материалдары дәлел­

– Жүсіпбек Аймауытұлының мақала-

лары, өзі редактор болып шығарған газет-

журналдары туралы, әлі де толық зерттел-

мей жатқан еңбектері жайлы айтсаңыз.

–   С ұ р а ғ ы ң ы з ғ а   ж а у а п   б е р м е с 

бұрын Жүсіпбек Аймауытұлының кім 

болғанын айтып өтейін. Ж.Аймауытұлы 

– қазақтың психологиялық проза­

сын қалыптастырушы жазушы, ақын. 

Қазақтың тұңғыш пьесаларының авторы, 

драматург. Алаш қайраткерлерінің бірі. 

Көсемсөзші, қазақ журналис тикасының 

көшбасшысы. Сонымен қатар қазіргі 

XXI ғасырда таңғалатын психологиялық 

романдардың авторы. Психология, педа­

гогика, оқу әдістемесі деген мамандықтың 

басында тұрған ғалым. Ол жайында заман­

дастары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып 

Дулатұлы жазып кеткен.

  Ж . А й м а у ы т ұ л ы   қ а з а қ   г а з е т ­

журналдарының көбісін өзі шығарды. 

Қазақтың ұлттық мүддесін қорғайтын 

көптеген мақалалар жазды. Өзі Біржан 

салдың рөлін ойнап, қазақ театрының ба­

сында тұрған тұлға. Мәскеуге барып өзге 

елдің мәдениетін көрген Жүсіпбек, кен­

желеп жатқан қазақ көсемсөзін, яғни жур­

налистикасын алға сүйреуге бар жанын 

болды. Кештің үшінші бөлімінде «Жанақ 

пен баланың» айтысынан үзінді көрініс 

көрсетті. Сол жердегі көріп отырған 

жұртқа Жанақ пен баланың өздері ай­

тысып отырғандай әсерін қалдырды. 

Төртінші бөлімде жас қыз­келіншектер 

шығып Орал, Семей, Торғай, Жетісу 

өңірлерінің өзіндік ерекше киім кию 

үлгілерін көрсетті. Кеш сондай керемет 

әсерлі болды. Түнгі сағат 12 жарым болса 

да, жұрт үйіне қайтпай, қол соғып тұрып 

алды. Бұл әдеби кешті ұйымдастырушы 

Нәзипа ханым мен Нұрғали Құлжановтар 

болатын». 

Бұл қойылымды мәдени құбылыс 

деп бағалағанымыз дұрыс. Бұл қазақ 

театрының тұңғыш спектаклі болып 

саналады. Ж.Аймауытұлының қазақ 

театрының дамуына қосқан үлкен үлесі 

бар екенін, біз айтып жүруге міндеттіміз. 

Б.Құндақбайұлының Аймауытұлы­

ның пьесалары мен аудармаларын талда­

ғандарын естігенде біз, әдебиеттан у шылар 

таңғалатынбыз. Себебі ол кісі архивте оты­

рып, жазушының отбасылық деректерін, 

а ғ а й ы н д а р ы м е н   а р а қ а т ы н а с ы н , 

шығармаларын ыждаһаттықпен қараған 

екен. 

Ж.Аймауытұлының Смағұл Сәдуа­



қасұлы ның хатына берген жауабы мен 

«Ақбілек» романының қолжазбасы 

Мұхтар Әуезов мұражайында сақтаулы. 

Бұл қолжазбаларды С.Сәдуақасұлының 

жұбайы Елизавета Әлиханқызы сақтап, 

1950­жылдары Мұхтар Әуезовке табыс 

еткен деген дерек бар. С.Сәдуақасұлының 

хатына берген жауабында ата­бабасының 

шежіресі, өмірбаяны, жазған еңбектері 

т у р а л ы   м ә л і м е т т е р   б е р г е н .   С і з 

Аймауытұлының қолжазбасын көрсеңіз 

таңғаласыз, маржандай тізілген, сондай 

сұлу жазылған. Қазақ баласының калли­

графияны қалай керемет меңгергеніне 

куә боласыз. Әкелері ағасы Ахат екеуін 

қолөнер бұйымдарын жасап үйретумен 

қатар, әдемі жазуға (шимайшылыққа) 

менсінбейтін, өзім ішсем­жесем дейтін 

шенеуніктер қазаққа керегі жоқ» деп 

көсемсөзші ерекше тоқталып айтқан. 

Осы журналда жарияланған «Ұлтты 

сүю» атты мақаласына қысқаша тоқталсақ, 

«Басшы дүзу болса, басшыдан бас тартып, 

ауа жайылатын халық жоқ. Қазан бұзар, 

ар соққан біреулер болмаса. Қазақты тура 

жолға бастайтыны да, адастыратыны да 

оқығандары. Халыққа қызмет қылуға 

жарамаған, үлгі, шырақ бола алмаған 

оқығандардан пайда жоқ» дейді. Шы­

нымен де, қазір бізде «Болашақ» деген 

бағдарламамен пәленбай ақшаны желге 

шашып, оқып жатқандар бар. Олардың 

көбі қазақ тілін білмегендіктен, біздің 

мемлекеттің игілігіне жарап жатқандары 

шамалы. 

Көсемсөзші Ж.Аймауытұлы тағы бы­

лай дейді: «Жанды тәрбиелейтін үш түрлі 

сипат бар – ақыл, сезім, қайрат. Адам 

жаратылысында осы үш сипатты бірдей 

тәрбиелейтін болса, ол кісі данышпан 

болады. Ол адам қанағатшыл, кез келген 

іске байыппен қарайды. 

Әрбір қазақ баласына ерте бастан 

ұлт рухын сіңіруі керек. Орыс тәрбиесін 

алған бала ешқашан ұлт қызметкері 

бола алмайды. Біз орыстардың арақ ішу, 

темекі тарту, құмар ойнау сияқты жаман 

әдеттерінен қашуымыз керек». Ата­баба­

мызда болмаған осы жаман әдеттерден біз 

күні бүгін арыла алмай келеміз.

 Көсемсөз туралы тағы да айтып 

кетсек, «Тәрбие» деген мақаласында: 

дегендей, журналдар шығаруда да 

Жүсіпбектің еңбегі ересен. Мысалы, 1931 

жылы 6 ай бойы шыққан «Сәуле» жур­

налында Әлихан мен Мағжан бастаған 

ұлт әдебиетшілерінің шығармаларын 

жариялаған. Өзінің «Елеусіз ерлер», 

«Су жүзінде» сияқты алты әңгімесі де 

«Сәуледе» шыққан. Журнал Ташкенттегі 

баспаханада басылған, таралымы 2000 

дана болған.

 Енді бір өкінішпен айтатын нәрсе, 

Ж.Аймауытұлы еңбектерінің көбі 

жоғалған. Мысалы, Смағұл Сәдуа­

қасұлының 1926 жылы жазған анкетасы 

бар. Соған берген жауаптарында көптеген 

туындыларының атын атап жазған, соның 

үштен бірі жоқ. Біз, жүсіпбектанушылар 

соны анықтай алмай келеміз. 

Шымкент оқу комиссариатының 

ғ ы   л ы   м и   қ ы з м е т к е р і   Т . Ш о н а н о в , 

Сәкен Сейфуллин мен «Ауыл тілі» 

газе тінде істейтін Бейімбет Майлин­

ге: – Ж.Аймауытұлының «Қолдорба», 

«Оянған Асан», «Түлкі, қасқыр, түйе», 

«Екі еріншек» атты қолжазбаларына 

пікір білдірсеңіздер екен» деп өтініш хат 

жолдаған. Міне, осы аталған қолжазбалар 

еш жерде жинақ болып шықпаған. Кейінгі 

тағдыры да белгісіз. Осындай жоғалған 

қолжазбаларының ең көлемдісі – «Мәскеу 

және Қырымға жолаушылық». 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және 

өнер институтында істеген библиограф­

ғалым Үшкөлтай Субханбердина Кеңес 

өкіметі кезінде Санкт­Петербург, Мәскеу 

отырып, жаман әдеттерге тыйым салып 

отырған. Тыйым салу біздің ежелден келе 

жатқан дәстүрімізде осылай іске асқан. 

Жүсіпбек өз фельетондарында осыны 

жақсы пайдаланған. Фельетонды оқыған 

кез келген адам бірден өз мінін тауып 

алады. Бұл – жазудағы асқан шеберліктің 

белгісі.

 Қазіргі біздің ғылымның міндеті 

– Ж.Аймауытұлының қалған мұрасын 

игеріп, шығармашылығын жоғары 

деңгейде зерттеумен шектелмей, оны на­

сихаттай білу. 



– Республикалық кітап мұражайында 

1926 жылы жарық көрген «Қартқожа» 

романының төте жазумен (араб әрпімен) 

жарыққа шыққан нұсқасы көрмеде тұр. 

«Ақбілек», «Қартқожа» романдары, хатта-

ры туралы айтсаңыз. 

– Осы екі роман туралы «Қазақтың 

к л а с с и к а л ы қ   р о м а н д а р ы »   д е г е н 

тақырыппен докторлық диссертация 

жаздым. Бұл ғылыми жұмысым Мәскеуде 

талқыланып, жоғары баға алды. 1998 

жылы Алматыда диссертация қорғадым, 

содан бері Мәскеуде «Қазақ әдебиетіндегі 

ақтаңдақтар және репрессияланған 

ғылым» атты лекция оқып келе жатыр­

мын.

 Жазушының көзі тірісінде «Қартқожа» 



роман болып шықты, ал «Ақбілектің» 

бірінші бөлімі 1928 жылы «Әйел теңдігі» 

журналында жарық көрді. Екі романда 

да, Кеңес үкіметі орнап жатқан қазақ 

даласындағы қиыншылықтар, қазақ 

белсенділерінің сатқындығы суреттелген. 

Кеңес үкіметі қазақ қоғамына айбалтаның 

күшімен, ақ найзаның ұшымен келді. 

Осы кезеңде ресей төңкерісшілері, 

кедейшілікті ұтымды сипат қылып 

ұстанып, қазақты ата­баба дәстүрінен қол 

үзгендігі романда бейнеленген.

Ж.Аймауытұлы өзі туралы айтқанда: 

«Қартқожадағы» підие алатын бала мол­

даны оқысақ, ол – өзім. Қартқожаның 

әкесін көрсек, ол – өз әке­шешем» де­



Қазақ тарихында ел намысы жолында 

алысқанмен алысып, тістескенмен тістесіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет