«Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »


өмір сүрген кезеңнің қызығы мен шыжығын бір



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата11.01.2017
өлшемі2,61 Mb.
#1620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

өмір сүрген кезеңнің қызығы мен шыжығын бір 

адамдай бастан кешіріп, 77 жасында дүниеден 

өткен. Біреуден ілгері, біреуден кейін деген-

дей, 4 баланың әкесі болған, олардан өрген 

ұрпақтарын көрген, ешқашан еңбексіз отырмаған, 

ешкімнің ақысын жемеген әрі ешкімге қол жайып 

көмек сұрамаған. Былай қарағанда мыңдаған 

өмірбаянның бірі. 

Кездейсоқ танысқан осы өмірбаянда деген-

мен назар аударарлық бір нәрсе бар көрінді. 

Мұстафа Көкебаевтың өз қолымен жазған барлық 

өмірбаяндарында: «1907 жылдан бері туған 

жерімде болған жоқпын, сотталған жоқпын, 

қуғын-сүргінге ұшыраған жоқпын...» деген дерек-

тер кездеседі. 

«Бөкей бөлімшесінің меңгерушісі, бұған дейін 

Бөкей облыстық атқару комитетінің  жауапты 

хатшысы қызметін атқаруға  М.Көкебаев  

тағайындалды.  Оның тұсында,  Сейітқали 

Меңдешов, Ғабдулғазиз Мұсағалиев,  Халил 

 Есенбаев, Тамамдар Сафиев, Ишанғали 

Меңдіхановтар мүшесі  болған коллегия 

құрылды. Хатшысы  А.Ахметов болды. Бөлімше 

коллегиясының әрбір мүшесі бөлім секцияларының 

біріне жетекшілік ететін болды. Мысалы, 

И.Меңдіханов – баспа жұмыстары секциясына, 

Ғ.Мұсағалиев – мәдени-ағарту, Х.Есенбаев пен 

С.Меңдешов – аударма, Т.Сафиев – көпшілік 

ұйымдастыру секцияларына жетекшілік етті. 

ӨМІР СҮРУДІҢ 

ӨЗІ ЕРЛІК 

Қазақ АССР­нің Мемлекеттік жобалау салаларын­

да қызмет етті. 1937 жылдан бастап ол Шымкент 

педагогикалық институтында педагог ретінде 

жұмыс жасады. М.Көкебаев 1964 жылы Шымкент­

те қайтыс болды». 

Бұл С.Зиманов, С.Дәулетова, М.Ысмағұлов­

тардың «Казахский отдел народного комис­

сариата по делам национальностей РСФСР» 

атты кітабында М.Көкебаев жайлы айтылған 

тұжырымдардан үзінді. Оның саналы өмірі мен 

қызметі туралы қысқа болса да толық ақпарат деуге 

болады. Өзі ес біліп, етек­жеңін жиғаннан бастап, 

заманының талабына қарай, халқының игілігіне, 

болашақ ұрпақтың санасына сәуле түсіруге еңбек 

еткен адам. 

Ендеше, сондай адам барлық анкеталық 

сұрақтарға, барлық өмірбаяндарында: «1907­

1917 жылдар арасында туған жерімде болған 

жоқпын, әскер қатарында болған жоқпын, партия 

қатарында болған жоқпын, сотталған жоқпын» деп 

жауап береді. Бүкіл өмірі, қызметі өзі өмір сүрген 

кезеңнің айнасындай­ақ адам емес пе? 

Сөйтсек өмірбаянның арғы жағында да 

өмірбаяндар болады екен. Бір қоғамның 

бет­бейнесін екінші қоғам айқындайды. 

М.Көкебаевтың негізгі «сенімсіздігі» хан тұқымына 

үйленгені болса керек. Әрине, алашордашыларға, 

демек қазақ халқының өзіндік көзқарасы болуы ке­

рек дегендерге бүйрегі бұрғаны да бар. Қазақ дала­

сында қазақ балаларына арнап ашылған Ордадағы 

төрткластық училищені бітірген, одан Омбыда 

3 жыл оқыған жиырмадағы жігіт өз заманы үшін 

қоғамның игілігіне жұмсаған, шын мәніндегі 

ұлтшыл, халықтың болашағына көрегендікпен 

қызмет еткен азаматтар 1937­1938 жылдары қуғын­

сүргінге ұшырап, мезгілінен бұрын көз жұмды. 

 Осындай адамдармен жақындығы үшін 

М.Көкебаев НКВД­ның бірнеше тергеуінен өтсе 

керек. Өзінің өмірбаяндық анықтамалығында 

көрсеткендей, 1907 жылдан бастап аудармашы, 

санитарлық фельдшер және кеңесші, мұғалім әрі 

газет қызметкері сияқты гуманитарлық салада 

қызмет істеген адам неліктен күдікті болуы мүмкін? 

1921­1926 жылдары Саратов университетінің 

қоғамдық ғылымдар факультетін сырттай оқып 

бітірген Көкебаев француз, латын, араб тілдерін 

білемін деп анкетада көрсеткен. Себебі Ордадағы 

гимназияда ашылған кезден бастап дін сабақтары 

сауатты, әлеуметтік көзқарасы айқын қалыптасқан 

азамат болатын. Сондықтан жаңа заманның 

бағытына қарай өз халқының мұқтажына қызмет 

ету керек дегендердің қатарынан табылуы заңды 

еді. 


1910­1917 жылдары М.Көкебаев алғашқы 

мамандығы бойынша Астраханьда малдәрігерлік 

фельдшер болып жұмыс істейді. Сол кезде 

қаладағы большевиктер ұйымымен, оның белсенді 

мүшелерімен байланыс орнатып, пікірлес адам­

дардан елдің жағдайын тереңірек білгені болашақ 

қызметтеріне бағыттағандай. 

Өйткені осы жылдарда ол түйе шаруашылы­

ғының жай­күйі жөнінде монографиясын шы­

ғарады. Бұл сол өңірдегі шаруашылықтың маңызды 

саласы болатын. Осы кездегі тәжірибесі, яғни 

«Айқап» журналына мақала жазып тұрғаны, 

баспасөздің бұқараға әсерінің маңызын түсінгені 

Бөкей облыстық атқару комитетінде тиімді әрі 

жемісті жұмыс істеуіне көмектеседі. Бұл өңірде 

Елеусін Бұйрин бастаған алдыңғы қатарлы қазақ 

қайраткерлерінің еңбегімен 1911 жылы халықтық­

демократиялық бағыттағы «Қазақстан» атты 

бірінші ұлттық газет шыққаны белгілі. Содан 

кейін қазақша «Ұран», қазақша­орысша «Қазақ 

дұрыстығы» сияқты газеттер шығып тұрды. Ақыры 

бұлардың бәрі жабылып, 1919 ж. РСФСР халық 

комиссариаты Қазақ ұлттық бөлімінің Бөкей 

бөлімшесі ресми органы ретінде «Дұрыстық жолы» 

газеті, кейінірек «Мұғалім» журналы шықты. Осы 

басылымдардағы аударма комиссиясының жұмысы 

өте жемісті болды. Комиссияға бөлімшенің ең сау­

ат ты әрі таңдаулы қызметкерлері: М.Көкебаев, 

Ғ.Мұсағалиев, Х.Есенбаев, И.Меңдіханов, 

Т.Сафиевтер кірді. Бұл М.Көкебаевтың халық 

ағарту саласында белсенді жұмыс істеген кезі. Әрі 

түпкілікті жол болды. 

Осы кезеңде Ғабдолхакім Бөкейхановтың апа­

сы Рахила Бөкейхановаға үйленеді. Ғабдолхакім 

Бөкейханов – Ішкі Орда ханы Бөкейдің немересі, 

белгілі күйші Махамбет Бөкейхановтың інісі, өнерді 

де, қоғамды да түсінген қайраткер. Заманының 

жаңалығын оң қабылдап, ұйымдастырушылық 

қабілетімен, білімімен, өз заманына адал қызмет 

еткен ақсүйек, зиялы тұлға. Ағасы Махамбет 

Бөкейханов дәулескер күйші, 1926 ж. өз ауылын­

да А.Затаевичті 2 ай ұстап, оған 30­дан астам күй 

берген, қазіргі Құрманғазы атындағы академиялық 

ұлттық оркестрдің ұйымдастырылуына көп еңбек 

сіңірген адам. Затаевичке Ғабдолхакім де 30­ға тар­

та ән­күй жаздырған. Әкеден қалған мал­мүлікті 

өз еріктерімен өткізіп, бойдағы өнері мен білімін 

1 қазан – Қарттар күні еліміздің барлық меке ме­

лерінде аталып өтіледі. Осы дәстүр біздің мектебімізде 

жалғасын тауып келеді. Білім ошағында Аққұдық 

ауылының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарға 

арналған мерекелік шара өткізілді. Оқушылар мен 

ұстаздар өз өнерлерін көрсетіп ән айтып, би билеп, 

күй тартып, балалардың өз қолдарымен жасаған 

сыйлықтарын табыстап, үлкендерді қуанышқа бөледі. 

Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен қарттарға 

арналған мерекелік дастарқан жайып сый, құрмет 

көрсетілді. Ауыл ақсақалдары өз ризашылықтарын 

білдіріп, ақылдарын айтып, мектеп ұжымына, білім 

алушыларға ауыл ақсақалы Болат Мангалов ата бата­

сын берді. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, 

үлкендеріміз ортамызда аман­сау жүре берсін демекпіз.



Армангүл МҰЗДАҚОВА,

Аққұдық орта мектебінің мұғалімі

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

Таяуда Шымкент қаласындағы 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 

педагогикалық институтында 

қоғам қайраткері, ақын, сазгер 

Әкім Ысқақтың мерейтойлық 

шығармашылық кеші өтті.     

Кеш иесін Шымкент қаласы 

әкімінің орынбасары Қайрат 

Нұртай, облыстық кәсіподақтар 

Кеңесінің төрағасы  Досыбай 

Шерімқұлов, облыстық мәдениет 

б а с қ а р м а с ы н ы ң   б а с ш ы с ы 

Күлия Айдарбекова, «Нұр Отан» 

партиясының облыстық филиалы 

Қабылдау бөлмесінің меңгерушісі 

Б е р і к   Қ ұ л ж а н о в ,   о б л ы с т ы қ 

мәслихаттың депутаты Әбілқасым 

Досболов  құттықтап, ақ тілектерін 

жаудырды. Салтанатты жиында 

Ә.Ысқақ қазақ тіліне қамқорлығы 

мен Отанға деген патриоттығы 

үшін Ауған соғысы ардагерлерінің 

«Намыс» орденімен марапат­

талды. Кеште Қазақстан Ре­

с п у б л и к а с ы   П а р л а м е н т і 

Мәжілісінің вице­спикері Абай 

Тасболатовтың депутаттар атынан 

арнайы жолдаған құттықтау хаты 

оқылды. Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі, Жамбыл облы­

сынан келген қаламгер Алдаберді 

Мақашев өзінің «Әкім Ысқаққа 

хат» атты кітабын таныстырып, 

университет кітапханасына 

және көпшілікке сыйға тартты. 

Жаңадан  жарық көрген  қаламгер 

жайындағы бұл туындыға түрлі 

естеліктерге толы хаттар мен ар­

наулар енгізілген.

                                                              

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ

үшін араб тілі, жалпы білім үшін орыс тілі, қазақ 

(ноғай, татар) тілдері оқытылған. Қазақ балала­

ры үшін осы мектеп­гимназияны ашқан Жәңгір 

хан көзінің тірісінде оқушылардың математика, 

тіл салаларындағы білімін өзі тексеріп отырған. 

Ханның өзі неміс, француз, орыс, араб, татар 

тілдерін білгені тарихтан белгілі.

 М.Көкебаевтың осындай жан­жақты білімі 

мен сауаттылығы Кеңес өкіметінің шала сауат­

ты қызметкерлеріне күдік туғызуы да мүмкін. 

Себебі қуғын­сүргінге ілінгендердің бәрі шетінен 

«жапонның жансызы», «немістің тыңшысы» 

деген дүдәмал айыптаулармен атылушы еді ғой. 

Мұстафа Көкебаевтың кіші қызы Айманның пай­

ымдауынша, әкесі ерекше тағдырлы, «қазақтың 

Ломоносовы» дегендей білімді адам болған. 

Оны істеген қызметтерінен де шамалауға бо­

лады. Мәселен, 1924­1930 жылдары Орал мен 

Алматы облыстық жобалау бөлімінде сектор 

меңгерушісі, Түркістан­Сібір теміржолын салуға 

көмек комитетінің хатшысы болған. Ал 1930­1932 

жылдары Қастек үлгілі ауданында экономист, 

Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде 

орындаушы­куратор, 1932­1934 жылдары 

Қазполиметалда экономист және техникалық 

бөлімнің меңгерушісі, 1934­1937 жылдары 

Ташкент жылқы және түйе шаруашылығы 

зоналық стансасында ғылыми қызметкер 

болған. Осы соңғы мекеме оның мамандығына, 

яғни малдәрігерлікке тікелей байланысты. Бұл 

тақырыпқа ол жиырма жыл бұрын Астрахань­

да жүргенде монография жазған. Демек, қазақ 

тіршілігінде маңызы зор осы салада түбегейлі 

терең зерттеулер жүргізу бұрыннан жоспарын­

да болған сияқты. Бірақ адамның ойлағанына 

қоғамның әртүрлі өзгерістер енгізе беретіні бола­

ды ғой. М.Көкебаев та сондай қиыр­шиыр жол­

дардан өтті. Революция болды, әртүрлі ағымдар 

өтті, алысты қойып, ағайындылар қарама­қарсы 

тұратын замандар келді. «Адамның басы – 

Алланың добы» дегенді айтқан қазақ басынан 

өткізді ме, әлде қандай да бір философиялық 

тұжырым жасады ма, кім білген... Бірақ сол басты 

аман сақтау және әрқашанда өз иығында сақтау 

әжептәуір сын болған замандар келді. Сол кезде 

М.Көкебаев басын да, бас қосқан отбасын да 

аман сақтап қалды. 

Бірде мектептен жүгіріп келген Айман: 

«Мама, Сталин заманында өмір сүрген біз қандай 

бақыттымыз!» деп қуанғанда анасы Рахила 

Бөкейханова ақырын ғана «Миколай заман да 

жаман емес еді» деп жауап беріпті. 1937 жылы 

Австралиялық дәрігерлер адам 

сенгісіз ота жасап, айды аспан-

нан бір-ақ шығарды. Дәрігерлер 

жол апатына түсіп, бас сүйегі 

жарылған және мойын омыртқасы 

бір-бірінен ажырап кеткен 

баланың жанын сақтап қалған. 

Тәуекелге бел байлаған 

ақхалат тылар 6 сағат бойы ота 

жасап, науқастың омыртқасы 

мен бас сүйектерін қайта орнына 

келтіріп, арнайы құрсаумен бекіткен. Әдетте мұндай 

жарақат соңы сәбилердің өліміне немесе мүгедек бо­

лып қалуына әкеліп соғатын еді. Алайда бұл жолы авс­

тралиялық дәрігерлер сәби екі айдан кейін құлан таза 

айығып, қалыпты өмір сүре алады деп үміттеніп отыр.

76 жасқа қараған 

ш а ғ ы н д а   б е л г і л і 

мемлекет және қоғам 

қ а й р а т к е р і ,   з а ң 

ғылы мы ның  про­

фессоры, академик 

Мақсұт  Сұл танұлы 

Нәрікбаев өмірден 

озды. 

Мақсұт Сұлтанұлы 



еңбек жолын Темір­

т а у   қ а л а с ы н д а ғ ы 

Қарағанды метал­

л у р г и я   к о м б и н а ­

тында бастап, кейін 

Т а л д ы қ о р ғ а н   о б ­

лы сының  мәдени­ағарту  ме кеме­

лерінде қызмет атқарды. Кейін 

а т а л ғ а н   о б л ы с т а   а ғ а   т е р  г е у ш і , 

заң консультатциясының мең­

герушісі, судья болды. Әділет ми­

нистрлігінде, Бас прокуратурада, 

ҚР Президентінің Әкімшілігінде, 

Ми нистрлер кабинетінде лауазым­

ды қызметтер атқарды. Мұнан соң 

республикамыздың Бас прокуроры, 

Жоғарғы Соттың төрағасы болып 

тағайындалды. Заңгер мамандарды 

даярлайтын іргелі оқу орындарының 

бірі – Қазақ гуманитарлық заң 

университетінің ректоры, басқарма 

төрағасы болды. 

Аталған іргелі оқу орнының бас­

шысы ретінде білім ордасының 

Б е л г і л і   м е м ­

лекет және қоғам 

қайраткері, Қазақ­

стан  Респуб ликасы­

ның бұрынғы Пре­

м ь е р ­ м и н и с т р і 

Н ұ р л а н   Ө т е п ұ л ы 

Балғымбаев 68 жа­

сында өмірден озды. 

Нұрлан   Өтеп ұлы 

Қ а з а қ   п о   л и   т е х ­

ни калық  инсти ту­

тының мұнай және 

г а з   ф а к у л ь т е т і н 

тау­кен инженері 

м а м а н д ы ғ ы   б о й ­

ы н ш а   б і т і р д і .   Е ң б е к   ж о л ы н 

қазіргі Маңғыстау облысының 

Құрық кентінде бұрғылаушының 

көмекшісі болып бастаған. Кейін 

«Маңғышлақмұнай» бірлестігінде, 

Атырау облысындағы Аққыстау 

өндірістік қызмет көрсету базасын­

да, «Ембімұнай», «Ақтөбемұнай» 

бір лестіктерінде, КСРО Мұнай 

және газ өнеркәсібі министрлігінің 

Бас басқармаларында жауапты 

қызметтер атқарды. АҚШ­тың 

Массачусетс университетінде 

оқып, «Шеврон» компаниясында 

тәжіри беден өтті. 1994­1997 жыл­

дары еліміздіің Мұнай және газ 

өнеркәсібі министрі, «Қазақойл» 

ұлттық мұнай­газ ком паниясының 

прези денті болды. 1997­1999 жыл­

деректермен негіздеу керек еді. Профессор 

Т.Кәкiшұлы ізденістерінің басты арнасы 

осыдан басталды. 

Сәкеннің көркемдік­идеялық ізде­

ніс тері жаңа ағымдар мен бағыт тардың 

арасындағы тартыстардың ортасын­

да емес, басында қалыптасты деген 

пікірлерді дәлелдеу қажет болды.  Ең ба­

стысы, осы шығармашылық ізденіс терге 

С.Сейфуллиннің өмірбаяндық мәліметтері 

мен жеке психологиясының ерекшеліктері 

тартылды. Қаламгердің шығармашылық 

ерекшеліктерін айту, дәлелдеу, орнықтыру 

үшін ұзақ жылдарға созылған зерттеулер 

жүргізді. С.Сейфуллиннiң қазақ қоғамы 

санасынан алатын орны атқарған қызметi 

мен шығармашылық ерекшелiктеріне бай­

ланысты болғаны дәлелденді. Сәкен туралы 

табылған, жинаған жаңа материалдарды осы 

ұстанымға сүйене жаңаша баяндады. Бұл 

тарихты терең және түбегейлi бiлмейiнше 

шындыққа жақындау қиын екендігін 

көрсетті. Басқа зерттеушiлерден өзге, жаңа 

бағыт осы еді. Профессор Т.Кәкiшұлы 

сәкентанудағы өз жолын осылай тапты. 

Бірақ бұл аз күндердің, жылдардың нәтижесі 

емес.


Профессор қазақ әдебиетiнiң классигi 

Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқанов 

арасындағы адами қарым­қатынас, 

шығармашылық, идеялық­көркемдiк бай­

ланыс туралы да маңызды материалдар 

жариялады. 

Сәбит Мұқанов – Сәкен  Сейфул лин 

алдында адалдығын сақтаған қаламгер. 

Профессор Т.Кәкiшұлы қазақ әдебиетiнiң 

классиктерi арасындағы байланыстар туралы 

жазғанда осы жағдайларды, түрлi сипаттағы 

еңбектердi, мақала, зерттеу, монография­

ларды, т.б. ой елегiнен өткiзе, ескере жазды. 

Бүгiнгi жаңа деректермен үнемi салыстыра 

қолданды. Олардың қазақ әдебиетi тарихы 

Ресми идеология ұнатпаса да, сирек 

кездесетiн мұрағаттық деректердi білгені 

үшiн әдетте оң қабақ танытпайтын әріптес­

те рінің өзі де сыйлайтын. Ал зия лы қауым 

ортасындағы құрметі ерекше болды. Әсі­

ресе, студенттердің ұстазына ықыласы ай­

рықша еді. 

Әдебиет тарихы мен қоғамдық­гумани­

тарлық оқулықтарда жазыл маған көптеген 

материалдармен профессор Т.Кәкiшев 

лекцияларында, біз, 60­жылдардың соңғы 

кезеңіндегі студенттері, осылай таны­

са бастадық. Қырық­елу шақты студент 

отырған дәрісханаларда 1920 жылдардағы 

әдебиет тарихы туралы дәрістерінде әдеби 

үдерісте басты орын алған уақиғаларды 

алуан түрлі деректермен шегендеп, шегелеп 

отыратын. Сондықтан да күмәндануға, дау 

айтуға орын қалмайтын.Әрине, олардың 

көбі біздің оқулықтарымызда жоқ еді. Қым­

қиғаш айтыстар мен ымырасыз тартыс­

тарды баяндау үстiнде кейде айтуға бол­

майтындай деректермен де таныстыратын. 

Ұстазымыздың ағынан жарыла, ақтарыла 

сөйлеуi, «шындықты» айтуы бiзге қатты 

ұнайтын.

Біздің қалыптаса бастаған ойымызды, 

дүниетанымымызды осындай дәрістер мен 

тәжірибелік сабақтар біртін деп жаңартты. 

Дерексiз, дәйек сiз қалыптаса бастаған 

iргетассыз пiкiрлерiмiздi өзгерттi. 

«Ұстаздың студенттеріне шын дықты 

айтуы қашан да оңай емес, бірақ ол өзің 

үшін керек. Ар­ұжданың таза болады. 

Бірақ шындық үшін дерек керек. Құжатқа 

сүйене сөйлесеңдер мерейлерің әрқашан 

үстем болады. Ешқашан ақиқатқа қиянат 

жасамаңдер»  деп айтып отыратын.

 «Қазақ әдебиеті тарихындағы Алаш­

орда ұсталғанға дейінгі кезеңге, ол кез­

де менен басқа адам барған жоқ. Тіпті 

С.Мұқановтың өзі болсын, М.Әуезовтің өзі 

біраз нәрсе айттық қой, көбіне Сәкеннің 

көзқарастарына қарайладық.. Бірақ кім 

білген... бұл терең зерттеуді талап ететін 

тақырып қой, әрі идеология да жібермейді, 

ретіне қарай көрерміз»  деумен шектелетін. 

Кейін, егемендік алған соң, Тұрсағаң Алаш 

қозғалысы, Алаш әдебиеттану туралы біраз 

материалдар жариялады. Қолжазба күйінде 

қалғандары да бар шығар.. 

Профессор Т.Кәкiшұлы – қазақ 

әдебиетiндегi сын жанрының тарихын 

жалғыз жазған адам. Қазір ойлап отырсақ, 

жалғыз кісінің қолынан келетін еңбек 

емес тәрізді. Қаншама материалдарды 

қараудың, саралаудың, жүйелеудің үстіне 

эстетикалық таным теориясының ұлттық 

үдерістеріне сүйену қажет. Кеңес өкіметінің 

төңкеріске дейін қазақта жазба әдебиет 

те, мәдениет те болған жоқ деп қақсап 

отырғаны белгілі. Мұның ақиқаттан алы­

стау екенін ғалымдардың көбі білсе де – 

жазбайтын, жазса да – баспайтын. Ресми 

идеологияның қырағы, қызыл көз өкілдері 

де, жұмсақ креслоға бауыр басқан мансап­

шыл қазақтардың өздері де өткізбейтін.

Профессор Т.Кәкiшұлы Кеңес өкi ме тi 

кезiнде оның идеологтары күнбе­күн ауыз 

жаппай айта бастаған талай қағидаларға 

карсы болды. Жарияланбаса да жазды, реті 

келген жерде айтты...

Қоғамдық сана дамуы мен әдебиеттер 

тарихын зерттеу барысында көп айтылмай­

тын, анығында айтқызбайтын деректерді 

алға тартты. 

Бүгінде Тұрсағаңның сын тари­

хына қатысты оқулықтары республи­

ка жоғары мектептерiнiң филология 

факультеттерiнде тегiстей оқылатын 

жалпы курсқа айналды. Ұстаз оның 

бағдарламасы мен оқу құралдарын, 

оқулықтарын шығарды. «Сын сапары», 

«Онаша отау», «Қазақ әдебиетi сынының 

алдындағы адалдығ 



«Черкаск қорғанысы» – тарихтың бір парағы

Жуырда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Сарқан ауданында іссапармен 

болды. Бірқатар шаруа қожалықтарының  жұмысымен танысып, жаңа нысандардың 

әзірлік барысымен танысты.

Облыс әкімі сапар аясында «Черкаск қорғанысы» деп аталатын мұражайды  тама-

шалады. Мұражайдың осы күнде қордаланып қалған мәселелері де аз емес көрінеді. 

Соңғы рет нысанға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізгелі де біршама уақыт 

өтіпті. Бұл орайда облыс әкімі Амандық Баталов тарихты  ұмытуға еш болмайтынын, 

мұражайға шетелдерден арнайы қызығушылық танытып келушілердің барын ескере 

отырып, оны қалпына келтіру, жол салу, көше шамдарын орнату туралы құзырлы ме-

кеме басшыларына тапсырма беретіндігін атап өтті.

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ

МҰРАЖАЙ

«Черкаск қорғанысы» мұражайы 1968 

жылы салынған. Осындай атаумен тарих­

та қалған азаматтық соғыс 1918 жылдың 

маусым айында бас талып, 1919 жылдың 

14 қазанына дейін жалғасқаны белгілі. 

Черкаск қорғанысын ұстап тұрған Жетісу 

фронтына 5­ші Сібір атқыштар дивизия­

сы мен атаман Б.Анненковтың парти­

зан дивизиясы шабуыл жасаған. Черкаск 

қорғанысының ұзындығы 70 шақырымға 

созылған. Жаудың жолына қорғанушы 

тарап бір жылдан астам уақытқа тосқауыл 

болып, өз жерінен өткізбей, негізгі 

күштердің жасақталуына мүмкіндік бер­

ген. Мұражайда сол кезеңдегі сұрапыл 

соғыстың кей сәттерінің мүсін түріндегі 

көрінісі, сол кездегі ерлігімен көзге түскен 

батыр тұлғалар, олар туралы жазба дерек­

тер, қолданған қару­жарақтары және ең 

бағалы жәдігері саналатын 1904 жылы Обу­

хов болат құю зауытында жасалған зеңбірек 

қойылған. 

Сапар аясында аудандағы «Самал» ша­

руа қожалығының алқабында болды. Ша­

руа қожалығының иесі Ермек Қалиев өзінің 

жер аумағына себілген қант қызылшасынан 

алынған өнім жайында ойымен бөлісті.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын аудан 

бойынша қант қызылшасының мол көлемін 

жинағандардың қатарында болатынмын. 

Сол кездегі тәтті түбірді өткізетін зауыттың 

толық қуатымен жұмыс істемеуі салдарынан 

өнімді өткізу кезінде көптеген қиындықтар 

туындады. Өнімді өсіруге кеткен шығын 

өзін­өзі әрең ақтайтын. Бұл өнім жақсы 

күтімді де қажет етеді.  Содан 4 жыл бойы 

қант қызылшасын егуді тоқтатқанбыз. Міне, 

осы жылы бұл өнімді өсіруді қайта қолға 

алған едік. 7 га алқапқа қант қызылшасын 

ектім. Өнімділігі жақсы. Әр гектардан 500 

центнерден жинау дамыз. Мемлекеттен 

де ауыз толтырып айтарлықтай көмектер 

алудамыз. Мәселен, Көксу қант зауыты 

өткізген әрбір тонна қант қызылшасына 

13 мың теңге төлейді. Одан бөлек әр тон­

насына 1500 теңге көлемінде мемлекет­

тен төлемақы қарастырылған. Өнімді 

егістік алқабынан зауытқа дейін жеткізу 

кезіндегі жол шығындарының 40 пайы зы 

дотацияланады. Бүгін зауытқа өніміміздің 

бірінші көлемін жеткізгелі отырмыз. Өнімді 

жинауға аудан жастары да жұмылдырылған. 

Алқапта 100 адам еңбек етуде. 1 га. жиналған 

өнім үшін 25 мың теңгеден төленеді. Жалпы 

айтқанда, Елбасының қолдауымен бүгінде 

қант қызылшасын өсіретін шаруаларға мем­

лекеттен субсидия бөлініп, арнайы техника, 

сапалы тұқым, жанар­жағармай сатып алуға 

көмек көрсетілуде, – деді Е.Қалиев. 

Облыс басшысы алқапта еңбек етіп 

жүрген жастармен де жүздесті. Өзінің мек­

теп қабырғасында оқып жүрген кезінде де 

дәл осылайша қант қызылшасын теруге 

атсалысқандығын тілге тиек етті. Жастарға 

тек маңдай терімен, адал еңбекпен табылған 

әрбір теңгенің ғана қадірі болатындығын, 

тек еңбек ету адамды биік жетістіктерге 

жетелейтіндігін айтты. 

Аталған шаруа қожалығының күтіп­

баптаушысы Исатай Нәбиевтің сөзіне 

қарағанда жұмысшылардың жалақысы 

тұрақты әрі жоғары, қожалық иелері 

олардың жағдайына көңіл бөлуді назардан 

тыс қалдырған емес. Өнім бітік шығып 

жатса жыл соңында қант түрінде сыйақы да 

беріледі екен. 

Ш а р у а   қ о ж а л ы ғ ы н ы ң   б а с ш ы с ы 

Е.Қалиев бұрын­соңды өнімнің осындай 

көлемі болмағандығын және осы жылдың 

жоспары ойдағыдай орындалса алдағы 

уақытта егілетін қант қызылшасының 

көлемін арттыратындығын жеткізді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет