экономикаға қосылу
Дүниежүзілік сауда ұйымының ғимаратында осы Ұйымның
елдерді мүшелікке қабылдау жөніндегі де партаментінің
директоры Чиеду Осакве қазақстандық журналистермен
кездесіп, шағын баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Чиеду
Осакве бұл күнді Қазақстан үшін өте маңызды күн деп атады.
Оның айтуынша, кез келген елдің ДСҰға мүше болып енуі оның
экономикасына үлкен өзгерістер әкелуі тиіс.
«Биылғы жыл – ДСҰ үшін де маңыз ды жыл. Өйткені, осы
жылы біздің Ұйым ның құрылғанына жиырма жыл болмақ. ДСҰ
осы аралықта, яғни 19952015 жылдар аралығында әлемнің 33
елін өз қатарына мүшелікке қабылдаса, енді, міне, 34ші болып
Қазақстан қабылданғалы отыр. Осы жөніндегі келіссөздер
үдерісін жүргізу барысында Қазақстан Президенті бұл мәселеге
үлкен мән беріп, икемділік пен дипломатиялық шеберлік танытты.
Келіссөздердің әрбір сәтін қадағалап отырды. Бұл – дұрыс саясат.
Өйткені, ДСҰға қосылу дегеніміз – жаһандық экономикаға
қосылу деген сөз. Сондықтан осынау ел экономикасы үшін тарихи
сәтте ештеңені мүлт жіберуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда,
сіздердің Президенттеріңізді алысты болжайтын көреген адам
деуге болады. Менің бұлай дейтін себебім, осының алдында ғана
сіздердің елдеріңіз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қабылдады.
Мұнда, ДСҰға мүшелік жағдайында елді алға жылжыту әбден
ескерілген. Қазақстанның жаһандық экономика жағдайында
жұмыс істеу тәртіптері, бәсекелестікке қабілетті болу мәселесі
айқындалған. Мұның өзі елдің өз ішкі жағдайында да тас түйін
әзірліктерді жүзеге асырып жатқандығын білдіреді.
Жалпы, Қазақстанның ДСҰға қо сы лу мәселесінде үлкен
проблемалар бол ған жоқ. Проблемалар болса, ол саяси тұрғыдан
емес, техникалық тұрғыдан болды. Көптеген заңдарға өзгерістер
енгізу қажет болды. Қазіргі күнге дейін елдің 350 заңы қайта
қаралып, өзгерістер енгізілді. Енді 50ге жуық заң қайта қаралуы
керек. Сондықтан бұл жұмысты жеңіл деп айтуға келмейді.
Заңдарға өзгерістер енгізілу себебінің бірі сіздерде сырттан енетін
тауарларға кедендік салық тарифтері жоғары болды.
Біз Қазақстанның ДСҰға енуін қуанышпен қабылдаймыз.
Өйткені, Қазақстан – қазіргі уақытта Орталық Азиядағы өте
ықпалды ел. Оның Батыс пен Шығыстың арасында орналасуының
өзі дүниежүзілік сауданың дамуына жағымды ықпал етеді.
Сондықтан мен бұл жерде «Қазақстан ДСҰға қосылу арқылы
болашақ үшін үлкен қадам жасады және осы қадамы арқылы
ол ДСҰны да қуатты ете түсетін болды» дер едім. Енді ДСҰға
қосылу арқылы қазақстандық кәсіпкерлер де жаһандық экономика
жағдайында жұмыс істей бастайды. Оларға енді өздерін жарыс
жолындағы спортшылардай сезінуге тура келеді. Өйткені,
жаһандық экономикада бәсекелестік күшті. Бұл, әрине, тек
кәсіпкерлерге ғана қатысты емес. Кез келген үкімет, халық бәсекеге
қабі летті болуы керек. Осы жолда мен сіз дер дің елдеріңізге үлкен
табыстар тілей мін. Қазақстан өзінің қазіргі даму қарқы нымен
осындай биіктен көрінеді деп сенемін. Сіздер әлемнің дамыған
отыз елінің қатарына қосылуды мақсат етіп отырсыздар. Осы
мақсатқа ДСҰға қосылу арқылы қол жеткізесіздер», – деді.
Дүниежүзілік сауда ұйымының штатында 640 адам жұмыс
істейді екен. Оның орталық кеңседен оңаша тұр ған негізгі
шешімдерді қабылдайтын үлкен залына кіргенімізде, қатар
қатар тізілген үстелдерді жағалай 161 орындық қойылғандығын
байқадық. Мұнда ұйымға мүше 161 елдің өкілдері отырып,
қабылдайтын шешімдерге байланысты дауыстарын осы арадан
береді екен. Бразилия экономисі, осының алдында біраз жыл
бойы Бразилияның ДСҰдағы тұрақты өкілі болып қызмет істеген
Роберто Карвалью ди Азеведо 2013 жылдың мамыр айынан
бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры қызметіне
сайланыпты.
Жоғарыда сөз болып отырған маңызды шараға қатысу үшін
Дүниежүзілік сау да ұйымының штабпәтеріне келген Қазақстан
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Ұйымның Бас директоры
Роберто Азеведомен кездесті. Тараптар кездесу барысында
Қазақстанның ДСҰға қосылуы жөніндегі келіссөздердің
сәтті аяқталғаны туралы пікірлер алмас ты. Сондайақ, біздің
еліміздің Ұйымға қо сылуы жөніндегі құжаттар топтама сын
ратификациялауға қажетті ішкі рәсімдерге қатысты мәселелер де
қоз ғалды.
Елбасы
«Қазақстан2050»
ұзақ
мер зімдік
даму
стратегиясындағы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, сондай
ақ, сыртқы сауданы одан әрі дамыту, шетелдік инвесторлармен
ісқимылдарды кеңейту тұрғысында республикамыздың ДСҰға
қосылуының маңыздылығын атап көрсетті.
бас кеңес берген баға
Мұнан кейін ДСҰ Бас кеңесінің отырысы басталды.
Қазақстанның ДСҰға кіруі бойынша Жұмыс тобының төр
ағасы, Финляндия елшісі Веса Химанен өз сөзінде келіссөздер
12
барысында Қ а зақстанның 50ден астам жаңа заң қа былдап,
Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында
қабыл данған 10нан астам халықаралық келі сімдерге түзету
енгізгендігін атап көр сетті.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен
заңдар жөніндегі алға жылжушылық және Қазақстанның ЕАЭО
бойынша әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі соңғы
жылдары біздің жұмысымызды айтарлықтай жылдамдатты.
Қазақстанның құжаттар топтамасы – бұл жоғары сапалы
құжаттар топтамасы», – деді өз сөзінде В.Химанен.
ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведо Қазақстанның аталған
Ұйымға кіру жөнінде келіссөздер үдерісі барысында Президент
Назарбаевтың көшбасшылық қырлары айқын көрінгендігін
айтып, жоғары баға берді. Бұл – Қазақстан үшін де, ДСҰ үшін де
шынымен тарихи күн. Ұйымға кірудің артықшылықтары – жаңа
жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, тұрмыс
деңгейін жақсарту. Қазақстан үшін бұл сіздердің соңғы жылдары
қол жеткізген жетістіктеріңіз бен жұмсаған күшжігерлеріңіздің
мойындалуы. Бұл – реформалардың кешенді бағдарламасының
қисынды нәтижесі, Қазақстанның бизнес үшін ашық екені туралы
бүкіл әлемге жолдауы. Бұл күн ДСҰ үшін де айшықты болып
табылады. Қазақстанның қосылуы біздің пікірталастарымызға
қуатты әрі беделді үн қосады, Ұйымды Орталық Азияның
жүрегіне жақындатады, – деп атап өтті Р. Азеведо.
Отырыста Қазақстан басшысы Нұр сұлтан Назарбаев сөз
сөйледі. Елба сы өзінің сөзінде ДСҰға мүше бар лық елдерге,
Ұйым хатшылығына келіссөздер барысындағы сындарлы
ұстанымдары мен қолдауы үшін, сон дайақ, Қазақстанның ДСҰ
ға кіруі жөніндегі жұмыс тобындағы төраға лықты қолдағаны
үшін Финляндия Үкі метіне алғысын білдірді. Елбасы Қазақ стан
үшін бұл оқиғаның тарихи мәні зор екенін айтты. Келіссөздерді
жүргіз ген он тоғыз жыл уақыттың ішінде Қазақстан
экономикасының елеулі өзгеріске түскендігін жеткізді.
Біріншіден, ол қуатты да ашық бола түсті. ІЖӨнің жан
басына шаққандағы көлемі 18 есе өсіп, Орталық және Шығыс
Еуропа елдерінің деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120
миллиард долларды құрады. Сыртқы сауда айналымының 90
пайыздан астамы ДСҰ қатарындағы елдермен жасалады. Сауда
қатынасының географиясы да әлдеқайда кеңейе түсті. «Егер
тоқсаныншы жылдардың ортасында Қазақстан тек посткеңестік
елдермен ғана сауда қатынасын жасаса, бүгінгі күні біз әлемнің
185 елімен сауда жасаймыз. Еуропалық одақ Қазақстанның негізгі
экономикалық әріптесі болып табылады. Біздің саудамыздың
40 пайыздан астамы соның үлесіне тиеді.
Ресей, Қытай, АҚШ, Канада және басқа
да бірқатар елдер Қазақстанның сауда
айналымына едәуір үлес қосуда», – деп
атап көрсетті Қазақстан Президенті.
Екіншіден, Қазақстан эко но мика
сының құрылымы да үлкен өзгерістерге
түсті. Бүгінгі күні еліміздің ішкі жалпы
өнімінің 54 пайызын қызмет көрсету
саласы қамтамасыз етіп отыр. Бұлар
қаржы, телекоммуникация, құрылыс,
энергетика, көлік салалары. «ДСҰ
аясында қаржы қызметін ырықтандыру
«Астана» халықаралық қаржы орталығын
құру үдерісімен бір мезгілде қабаттаса
жүргізіледі. Ол Қазақстанның қаржы
инфрақұрылымының негізіне айналады,
мұнан кейін бүкіл өңірдің қаржы хабы
болады деп есептейміз. Қазақстан барлық
елдерді осы жобаға қатысуға шақырады.
ДСҰ
аясында
ырықтандырылып,
қолжетімді бола түсетін жоғары табыс
ты саланың бірі – телекоммуникация. Біз
шетелдік инвесторларды осы нарыққа шақырамыз. Олардың
жұмысы қызметтің бағасын төмендетіп, сапасын арттыра түсуге
ықпал етеді деп үміттенеміз», – деген Елбасы Қазақстанның
теңізге шығатын жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет екендігін
жеткізді. Сондықтан елге көліктік инфрақұрылымдар мен
көліктіклогистикалық қызметтерді дамыту өмірлік маңызға ие
болып отыр.
«Біз жаһандық коммуникациялардың бір бөлігіне айналу
үшін жұмыс істеу деміз. Осы мақсатта біз аса ірі нарықтарды
жалғайтын стратегиялық көліктік дәліздерді қалыптастырудамыз.
Соның бірі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолының
құрылысы. Оның жалпы ұзындығы 8 мың шақырымды құрайды.
Оның 2800 шақырымы Қазақ стан аумағынан өтеді. Бүгінгі күннің
өзінде осы бағыттағы транзиттік жүк тасымалының көлемі 2
еседен астамға өсті», – деді Елбасы.
Қазақстан басшысы өткен жылы «Нұрлы Жол» Жаңа
Экономикалық Саясаты қабылданғанын айтып өтті. Ол қазіргі
заманғы көлік және энер гети калық инфрақұрылымдарды қалып
тастыруға арналған. Осының негізінде 7 мың шақырымдық
автожол қайта жаң ғыртылатын болады. «2019 жылға таман біз
ірі қалалар арасындағы жолға кететін уақытты үштен біріне
қысқартуды ұйғарып отырмын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев осы
орайда.
Үшіншіден, Қазақстан инвестициялық әлеуетін едәуір
нығайтты. Соңғы 10 жылда ел экономикасына 200 миллиард
доллардан астам шетелдік инвестициялар тартылды. Нидерланд,
АҚШ, Швейцария, Франция, Ұлыбритания, Канада, Жапония,
Корея Республикасы елдің ірі инвесторларына айналды.
Инвестициялық ахуалды жақсарта отырып, экономиканы
әртараптандыруға басымдық берілуде. Инвестициялардың
тек мұнай мен газ, таукен секторларына ғана емес, сонымен
қатар, эконо миканың өңдеу салаларына келуіне бар лық жағдай
жасалған. Басымдық беріл ген салалардағы инвесторлар 10
жылға корпоративтік табыс салығын және жер салығын, 8 жылға
мүлік салы ғын төлеуден босатылды. Нысандар іске қосылғаннан
кейін мемлекет жұм салған күрделі шығындардың 30 пайы
зын өтеп беруге әзір. Инвесторлар ешқандай бір квота мен
рұқсаттарсыз шетелдік жұмыс күштерін тарта алады. Мұның
сыртында қатарында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция,
Италия, Малайзия, Нидерланд, БАӘ, Оңтүстік Корея, Жапония,
Австралия, Бельгия, Швейцария, Швеция секілді әлемнің
дамыған елдері бар 20 елдің инвесторларына визасыз режім
13
бекітіліп отыр.
«Қазақстан өзара тиімді ынты мақ тастық үшін ашық.
Біздің посткеңестік кеңістікте бірінші болып ЭКСПО2017
халықаралық мамандандырылған көр месін өткізу құқығына
ие болуы мыз осыны дәлелдей түседі. Оның «Болашақтың
энергиясы» тақырыбы энер гетикалық ресурстарды үнемді
пайдалану проблемасының адамзат үшін неғұрлым өткір сипатқа
ие болған дығын білдіреді. Халықаралық қоғам дастық үшін
«жасыл» экономика және орнықты даму қағидаттарына көшу –
баламасыз таңдау. Осыған байланыс ты
ЭКСПО2017 көрмесін өткізудің әлем
үшін маңызы зор. Бүгінгі күні ондаған
мемлекет көрме аясындағы жұмысқа
өз ықыластарын білдірді. Осы өтіп
жатқан оқиға жағдайын пайдалана
отырып, сіздердің елдеріңізді Астанада
өтетін ЭКСПО2017 көрмесіне қа ты
суға шақырамын», – деді Қазақстан
Пре зиденті.
Мұнан әрі Елбасы Қазақстан
экономикасын жаһандық нарыққа
интеграциялау бойынша үлкен жолды
басып өткенімізді және мұнымен
тоқталып
қалмайтынымызды
айтты.
Қазақстанның
5
кең
ауқымды институттық реформаны
жүзеге
асыруға
кіріскендігін
мәлімдеді. «Бұл реформалар қазіргі
заманғы
мемлекеттік
аппаратты
қалыптастыруды, заңның үстемдігін
қамтамасыз
етуді,
экономиканы
әртараптандыруды, болашағы біртұтас
ұлт қалыптастыруды, мемлекеттің
ашықтығы мен есептілігін арттыруды
көздейді. Осы барлық реформа
бойынша нақты қадамдар белгіленген.
Мұнда сыртқы экономикалық ынты
мақтастықты одан әрі дамыту жолдары қарастырылған.
Реформаларды тиімді жүзеге асыру сапалық жаңа институттық
ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Президент.
«Біздің келесі қадамымыз Эко но микалық ынтымақтастық
және даму ұйымымен белсенді түрдегі өзара ісқимыл
әрекеттестігі болып табылады, – деп жалғады сөзін Елбасы.
Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық бірінші
кезекте Елдік бағдарлама аясында басталды. Қазақстанның осы
бағыттағы күшжігеріне сіздердің елдеріңіз қолдау білдіреді деп
үміттенемін». Осылай деген Елбасы Қазақстанның таяудағы
уақыттары ДСҰ нормалары бойынша жұмыс істей бастайтынын
атап өтті. Өңірлік интеграцияның локомотиві бола, ашық қарым
қатынас жасаудың қағидаттарын алға жылжыта, осы реттегі
кедергілерді жоя отырып, Қазақстанның өзінің экономикалық
саясатын ДСҰ рухында бұрыннанақ жүргізіп келгендігін айтты.
Осы жылдардың ішінде бірлесіп жүргізілген жұмыстар үшін
алғысын білдіріп, ұйым жұмысына табыс тіледі.
Отырыс қорытындысында мүше елдер өкілдерінің
қатысуымен Қазақстанның ДСҰға қабылданғандығы туралы
хаттама әзірленді. Оны енді Парламентіміз ратификациялауы
керек. Сол кезден бас тап біз ДСҰның толыққанды мүшесіне
айналамыз. Әрине, көрінген таудың алыстығы жоқ. Оның үстіне,
ДСҰ өзі тарапынан бізді мүшелікке қабылдады. Енді қалғаны
Қазақстанның өзінің ішкі рәсімдік мәселелері. Сондықтан бұл
сәтті шынайы тарихи сәт деп айтатынымыз айқын.
Осы күні Елбасы БҰҰ Женева бө лімшесінде болып, оның
жұмысымен танысты. БҰҰ Женева бөлімшесі осы Ұйым
жүйесіндегі маңызы жөнінен екін ші офис болып табылады және
20 ха лықаралық ұйымның қызметін үйлес тіреді.
Сондай ақ, Қазақстан Президенті Ұлттар сарайында және
онда орналасқан «Қазақстан» залында болды. Елбасы шешіміне
сәйкес 2013 жылы ашылған бұл зал бүгінгі күні БҰҰның
Женевадағы штабпәтерінің неғұрлым техникалық жабдықталған
орынжайы болып табылады.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
14
Абай Құнанбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысында жасаған
қазақ поэзиясының шұғылалы шыңы, ұлы тұлғасы. Ол қазақ
әдебиеті тарихында қазақ жазба әдебиетінің негізін салумен бірге,
сыншыл реализмнің де негізін қалаған кемеңгер ақын. Оның ұлы
ақын, тамаша философ, кемел аудармашы, композитор, ірі қоғам
қайраткері болып жетілуінің бірденбір сыры, академикжазушы
Мұхтар Әуезов берген мәліметіне қарағанда, ол үш мектептің
қайнар көзінен, нәрлі бұлағынан сусындап, әлем әдебиеті
қазынасына өзінің мол үлесін қоса алды. Біріншіден, ол туған
әдебиетінің бал бұлақтарынан нәр алған болса, екіншіден, Шығыс
классиктерінің мол мұраларынан, үшіншіден, орыс және Батыс
Еуропа әдебиетінің таңдаулы шығармаларынан сусындағандығын
байқаймыз. egemen (26) Иә, жасыратыны жоқ, күні кешегі, ХХ
ғасырдағы қызыл империяның негізгі тұтқасы болған, коммунистік
партия тұсында Абай нәр алған мектептер ішінде «Орыс
әдебиетінің ықпалы басымдау, молдау» болды деген ой түйінді
жиіжиі айтып келген болатынбыз. Шынтуайтына келгенде, оның
айрықша нәр алған бал бұлақтары – Шығыс әдебиетінде
жатқандығын байқау оншалық қиын емес. Әрине, бұдан біз
Абайдың шын мәніндегі ұлы тұлға болып жетілуінде орыс
әдебиетінің де бір жөн ықпалы болғандығын түгелдей жоққа
шығармақ емеспіз. Бірақ, Абайдың Абай дәрежесіне көтерілуінде
Шығыс шайырларының ықпалы басым екіндігі анық аңғарылды.
Мәселен, ақынның өз қолымен жазған 45 қара сөздеріне байыппен
үңілер болсақ, оған анық қаныға түсеміз. Тіптен, Абай, 1859 жылы
14 жасында жазған өлеңінің өзінде де: Физули, Шәмси, Сәйхали,
Навои, Сағди, Фирдауси, Хожа Хафиз – бу һәммаси, Мәдет бер, я
шағри фәрияд, – деп, Шығыстың ұлы шайырларын айрықша
құрметпен тілге алып, олардан шалқар шабыт жолында медет
сұрап, ерекше қадірқұрмет тұтқан болса, Абайдың шәкірті болған
немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев те өзінің 1907 жылы жазған
«ЛәйліМәжнүн» дастанының кіріспесінде: Науаи, Сағди, Шамси,
Физули бар, Сайқали, Қожа Хафиз, Фирдаусилер… Бәйітші елден
асқан шешен болып, Әлемге сөздің нұрын жайған солар, – деп,
Абай дәстүрін одан әрі жалғастыра түседі. Бұл жолдар ақынның
Шығыс шайырларының шығармашылығынан жастайынанақ мол
хабары бар екендігін анық аңғартумен бірге, оның үлкен зейіні мен
пайымпарасатының аса биіктігін де байқатады. Оның үстіне, бұл,
Абай өмірінің соңғы сәттеріне дейін кең өріс алған негізгі кредосы
болды десек, ол артық айтқандық бола қоймас. Өйткені, ақын
ержетіп есейген шағында да, әбден танылған кезінде де, ылғи да
Шығыс шайырларына, оның ішінде Физули, Науаи, Низами,
Фирдауси, Хожа Хафиз, Бедил, Бабыр еңбектеріне жиіжиі соғып
отырады. Рас, Абай Құнанбайдың 41 жасында көрген аса талантты,
шоқтығы биік перзенті. «Атадан алтау, анадан төртеу, Жетімдік
көрер жайым жоқ» деп өзі айтқандай, Құнанбайдың алты
баласының ішінде Абай жастайынанақ аса зерек, ерекше ұқыпты,
алғыр ойлы, тым зейінді болып өседі. Табиғатында аса зерек боп
өмірге келген Абай, өмірдің алуан сырларына тереңірек үңіліп,
өмірде, қоғамда болып жатқан әлеуметтік теңсіздіктерге ой
көзімен қарайды. Өзінше ізденіп, көп оқып, ойға көп тоқиды. Осы
арада өзбек халқының: «Өмірден алмаса тәлім, үйрете алмас ешбір
мұғалім» деген қанатты сөзі ойға оралады. Сондайақ, Абай да
қазақ қоғамында болып жатқан күрестартыстардың негізгі
сырларына тереңірек үңіле отырып, зорлықзомбылықтарды,
әпербақандықтарды, алауыздықты өз көзімен көріп, біліп, оны
зерек жүрекпен сезінеді. Өмірдегі ұсқынсыз ісәрекеттерден, жер
дауы, жесір дауы, әмеңгерлік мәселелеріне қатты налиды. Абай
тек налып қана қоймастан, онымен тікелей күреседі. Феодалдық
қоғамның зорлықзомбылығына қарсы тұрып, әділеттілік пен
адалдықты арман етеді. Халықты солай қарай жұмылдыра түсуге
бет бұрады. Жастайынанақ айрықша зейінді, ойлы боп өмірге
келген Абай, араб, парсы, ескі өзбек (шағатай тілі) тілінде жазылған
Шығыс шайырлары еңбектерімен кеңірек танысып, олардан
рухани нәр алады. Әсіресе, өзіне Әлішер Науаиды ұлағатты ұстаз
ретінде танып, оның шығармаларынан ерекше нәр ала бастайды.
Науаи мен Абай арасындағы әдеби байланыстардың терең
сырларын жанжақты аңғарғанжазушы, ғұлама ғалым, академик
Мұхтар Омарханұлы Әуезов: «Оған тілдері түсінікті болған соң
Низами, Науаи көп әсер етті – дей келе, одан әрі: – … Өзіне ең
жақын ұстаз етіп классик Науаи шығармаларынан үлгі іздейді», –
деген ойды алға тартады. Иә, бұл, түгелдей шындық. Оны біз
Әлішер Науаи мен Абайдың кейбір шығармаларын өзара
салыстыра назар аударсақ, анық аңғара түсеміз. Рас, Әлішер Науаи
мен Абай екі түрлі дәуірде, екі түрлі тарихиәлеуметтік, саяси
жағдайда, яғни бірі – орта ғасыр мәдениетінің әбден гүлденген кезі
– ХV ғасырда, қолөнершілер ортасында, қалада жасаса, екінші –
Абай ХІХ ғасырдың екінші жартысында, қасиетті мекенде, қазақ
сахарасында дүниеге келіп, сонда жасады. Солай бола тұрса да,
олардың өмір жолдары мен шығармашылығында өзара ұқсастық
пен үндестік, сарындастық сипаттар аса молынан кездеседі.
Біріншіден, олардың өмір жолдарындағы ұқсастықтарға назар
аударар болсақ, онда өзінің сыныптас досы Құсайын Байқараның
тікелей бұйрығымен Әлішер Науаи Астрабад әкімі болған сияқты,
Абай да әкесі Құнанбайдың қолдапқуаттауымен біраз уақыт
болыс болып, ел басқарады, билік құрады. Екеуі де үстем тап
иелерінің озбырлығына, әділетсіздігіне шыдай алмай, оларға
тікелей қарсы шығып, ылғи да қарапайым халық жағында болады.
Өз өлеңдерінде адамдықты, адалдық пен пәктікті, теңдікті биікке
көтере
жырлап,
зорлықзомбылықты,
әпербақандықты,
әділетсіздіктерді сын астына алады. Әлішер Науаи мен Абай
Құнанбаев әділет пен адамгершілікті, пәк сезім мен таза
махаббатты, адалдықты, азаматтықты өз шығармаларында
дәріптеп, барлық ойтүйіндерін ақ қағазға түсіруді басты мақсат
етеді. Жауыздыққа, зорлықзомбылыққа тікелей қарсы шығып,
достық пен ынтымақ, бірлікке, теңдікке айрықша мән береді.
Жастарды білімге тікелей шақырып, оқып, үйренуге үндейді. Әрі
өмір, қоғам жайлы кең толғана отырып ақындық, өнер туралы да,
оны орындаушылар жөнінде де өз пікірлерін ашық айтады. Жалпы,
өнерге үлкен баға береді. Екіншіден, Әлішер Науаи өзінің
сыныптас досы, құрдасы Құсайын Байқараның ел басқару ісіндегі
әділетсіздіктеріне тікелей қарсы шығып, оны ылғи да
адамгершілікке, адалдыққа, қарай үндеп отырса, Абай Құнанбаев
та озбырлыққа, зорлықзомбылыққа, әрі сол тұстағы болыс
билердің әділетсіздіктеріне тікелей қарсы шығады. Оларды өз
өлең жолдарында мінеп, сынап, ылғи да әділетті, ынсапты болуға
үндейді. Оны біз ақынның 1889 жылы жазған «Болыс болдым
мінеки» өлеңінен анық аңғарамыз. «Болыс болдым мінеки, Бар
малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге
тығындап. Сүйтсе дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін
салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сыяз бар десе жүрегім,
науаИ және абай
15
Орнықпайды суылдап», – деп, ұлы ақын өз дәуірінің шындығын
шынайы аша түседі. Бұл орайда белгілі әдебиет сыншысы
В.Г.Белинскийдің: «Ұлы ақындардың басқа ақындарға тигізетін
әсері, сол ақын поэзиясының басқа ақын поэзиясында көрінуінде
ғана емес, қайта сол ақын бойындағы қуатын кең өріс алдыруында»,
– деген ойы ойға оралады. Дегенмен де, күні бүгінге дейін Әлішер
Науаи мен Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы сарындас
сипаттар мен үндестік сырларын терең танып, оны жанжақты
ғылыми тұрғыдан үйрене алмай жүрміз. Әрі екі ақын
шығармашылық жолдарының ішкі мәндеріне терең үңіле алмай
келеміз. Мәселен: ұлы ақын Әлішер Науаидың бейнелеу теориясы
«АқсиЖиһан» жайлы болған көзқарасы мен Абайдың дәл осы
мәселе жөніндегі ойтүйіндерінде бір ұқсастықтар мен өзіндік
ерекшеліктері өз алдына сөз боларлық – бір төбе, қадауқадау
мәселелер. Өйткені, Әлішер Науаи қоғамдық өмірдегі бес сезім
мүшесінің рөлін ерекше бағалап, хауасқа («Харенки захир булбул
беш ХауасХамса») айрықша мән бере қараған болса, Абай өзінің
38қара сөзінде «Хауас хамса заһари» деп үлкен ой түйеді. Абай
өлең жолдарының бірінде: «Ақыл хауас барлығын Білмейдүр
жүрек сезедүр» – деп, көп жағдайда адам жүрегі кейбір нәрселерді,
оқыс оқиғаларды алдынала сезетіндігін ескертеді. Егер, екі
ақынның ойтолғаныстарына тереңірек көңіл бөлер болсақ, онда
Науаи мен Абай таным мәселесін бір мағынада, яғни адам
баласының ішкі, сыртқы сезімдерінің жиынтығы ретінде
бағалайтындығын байқау оншалық қиын емес. Сондықтан да
белгілі ғалым, ұлағатты ұстазым Мекемтас Мырзахметов осы
мәселе төңірегінде ой жүгірте келіп: «Дүниетаным туралы
мәселеде хауастың орны өзгеше екендігіне екі ойшыл ерекше мән
береді» – деп, терең байлам жасайды. Расында да Әлішер Науаи
ақылды, ойлауды –шындықты білудің негізгі критерийі, өлшемі
ретінде анық айтса, Абай да бұл мәселеге осы тұрғыдан көңіл
аударады. Сол үшін де ақын Абай: «Ақыл – мизан, өлшеу қыл…
Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз», – деп, барлық
мәселеге ақыл көзімен ой бөліп, ақыл сенгенде ғана соған сене
біліңіз деген ойды алға тартады. Тағы бір айта кетерлік жайт,
Мұхтар Әуезов берген мәліметке қарағанда, Абай өзінің үлкен ұлы
Ақылбайға кемеңгер ақын Әлішер Науаидың «Сабъай Сайер»
(«Жеті кезбе») дастаны негізінде «Жаррақ» атты дастан жазуды
тапсырған екен. Бірақ, Ақылбай «Жаррақ» атты дастанды жазды
ма, жоқ әлде жазбады ма, ол жайлы күні бүгінге дейін қазақ
әдебиеттану ғылымында бірдебір мәлімет жоқ. Оны ғылыми
тұрғыдан мұқият зерттеп, ғылым сарабына салу да алдағы абзал
міндеттердің бірі. Ұлы ақын Әлішер Науаи өзінің «Чар диуан»
атты лирикалық туындысында адам өмірін «балалық», «жігіттік»,
«орта жастық», «кәрілік» деп төрт кезеңге бөліп, оның әрбір кезеңі
жайлы өз ойын жанжақты білдірсе, Абай оның тек «жігіттік»
кезеңіне ғана айрықша мән беріп, ол туралы өз ойын ортаға
салады. Оның үстіне, Әлішер Науаидың кейбір ғазелдері мен
лирикалық шығармаларында көрініс тапқан ой түйдектері,
көтерген көкейкесті мәселелері Абай шығармаларында да аз
көрініс береді. Оны біз Абайдың «Иузи рау шан», «Көзімнің
қарасы», «Адамның кейбір кездері», т.б. өлеңдерінен байқау
мүмкіндігіне ие боламыз. Міне, олар Әлішер Науаидың «Хазаийн
улмоаний», яғни «Мағыналар қазынасы» атты еңбегіндегі көңіл
күй лирикасымен үндесіп, сарындасып кетеді. Шындығында да
Абай Шығыс шайырларына жас шағында ізденіп барған болса, ол
кейін келекеле, кең тынысты кемел ақын болған шағында да,
оқтатекте болса да қайта соғып, оларға сын көзімен қарап, өзінше
түйіндеулер, пайымдаулар, байламдар жасағандығын да
байқаймыз. Әлішер Науаи ұлы адамгершілік пен шын мәніндегі
адамилықты аса жоғары бағалап «Одамий эрсанг демагил адами,
Ониким йуқ халқ ғамидин ғами» десе, Абай да «Атаның баласы
болма, адамның баласы бол» деген тамаша идеяны алға тартады.
Сондайақ, Әлішер Науаи «Одамларда одамлар бор, одамларнинг
нақшидур, одамларда одамлар бор, хайвон ундан яхшидур» – десе,
Абай да «Адамның адамы бар, наданы бар» деп, ұлы адамдықты,
адалдықты барлық нәрседен биік қоя біледі. Оның үстіне Әлішер
Науаи «Өмірді босқа өткізбе, еңбек ет» дей келіп, «Умирини зайъе
этма, мехнат қил, Мехнатни саодатининг калиди бил», – дейді.
Абай болса: «Сақалын сатқан кәріден, Ақылын сатқан бала артық.
Арын сатқан патшадан, Еңбегін сатқан құл артық», – дей отырып,
адал еңбектің, шынайы пешене тердің мәні мен мазмұнын аса
биікке көтере түседі. Сөйтіп, екі ақынның екеуі де адал еңбек,
төккен тер адам баласын ер атандыратындығын өте әдемі
жеткізумен бірге, адамды қарапайымдылыққа, адалдыққа баули
түседі. Сондайақ, Әлішер Науаи өзінің «Хайратулаброр»
(«Жақсы жандардың қайраттануы») еңбегінде өлең сөздің
мазмұны мен пішініне айрықша мән бере келіп: «Назмда ҳам анга
маъни дурур Бўлсин анинг сурати ҳар не дурур. Назмки маъни
анга марғуб эмас, Назмни ҳам сурат зрур хуш анга. Заинда маъни
доғи дилкуш анга», – десе, Абай Құнанбаев та өзінің «Өлең –
сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңінде, өлеңнің мазмұнын
алтынға, сыртын күміске балайды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз
сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке
жылы тиіп, Тептегіс жұмыр келсін айналасы», – дейді, Абай.
Тіптен Әлішер Науаи өзінің «ФархадШырын» дастанында қыс
көрінісіне жан бітіре, жандандыра суреттей келіп: Совурда чун
шажар баргини сарсар, Су(в)нинг сиймобини дай қилди мармар.
Ҳаво доғи булутдин кийди синжоб, Булут доғи хавога сочди
сийоб», – десе, Абай Құнанбаев та өзінің «Қыс» атты өлеңінде
табиғат тылсымына жан бітіріп, жандандыра суреттейді. Оқып
көрелік: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқырмылқау танымас
тірі жанды. Үстібасы ақ қырау, түсі суық. Басқан жері сықырлап
келіп қалды. Дем алысы үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң қыс келіп,
әлек салды», – дейді ұлы ақын. Екі ғұлама ақын өлеңдеріндегі
үндестік осылай жалғасып отырады. Абай шығармалары 1922
жылы Ташкентте қазақ тілінде басылып шыққаны белгілі. Белгілі
ғалым Абдурахман Сағди 1923 жылы Ташкентте қазақ тілінде
шығып тұрған «Ақ жол» газетінде алғаш рет «Абай» атты
мақаласын жариялайды. Онда Абай өлеңдеріне аса жоғары баға
береді. Әсіресе, «Жаз» атты өлеңіне тоқтала келіп: «Ес кетерлік
ұсталықпен, тіпті жеңіл һәм табиғи шығарылған», деген байлам
жасайды. Одан әрі ол: «Абай барлығы 5313 жол шамасында өлең
жазған. Бұлардың ішінен орысшадан тәржімалағаны 1700
шамасында. Соңғыларын шығарып тастағанда 3612 жол
шамасында болады», деген ойды алға тартады. 1945 жылы
ақынның 100 жылдық мерейтойы Алматыда ерекше салтанатпен
атап өтілгенде, бұл ұлы жиынға Өзбекстаннан Айбек, Ғафур
Ғұлам, Абдурахман Сағди, Миртемир, Хади Зариф секілді өзбек
жазушылары мен ғұлама ғалымдары қатысады. Әрі сол жылы
ақынның 100 жылдығына орай «Өлеңдер» жинағы тұңғыш рет
өзбек тілінде басылып шықса, онан соң 1961, 1970 жылдары тағы
да «Өлеңдер» жинағы жарық көріп, туысқан өзбек халқының
рухани игілігіне, мәдени байлығына айналады. Тіптен, 1995 жылы
ақынның 150 жылдық мерейтойына орай «Абай» деген атпен,
оның 20дан астам өлеңдері, «Мақсұд», «Ескендір» поэмаларымен
бірге, 45 қара сөзі Нәсір Фазылов аудармасында өзбек тілінде
жарық көреді. Әрі сол жылы, «Шолпан» баспасынан осы мақала
авторының «Абай мәңгілігі» атты зерттеу еңбегі өзбек тілінде
басылып шықты. Абай өлеңдерін өзбек тіліне аударуда Ұйғын мен
Миртемир, Мақсут Шайхзаде мен Жұманияз Жаббаров, Асқад
Мұхтар, Мұхаммад Әлі, т.б. ақындар өз үлестерін қосты. Тіптен,
белгілі өзбек ақыны, қазақ әдебиетінің ең жақын досы Миртемирдің
ақынға арнап «Абай – бабай» атты өлең жазуының өзі, ұлы тұлғаға
деген мейірінің сәтті жемісі десек, ол артық айтқандық бола
қоймас. Ақын өлеңін Ә.Абайділданов «Абай ата» деп, қазақ тіліне
сөлін жоғалтпай сәтті аударды. «Алатаудың мәрмәр тасын тұғыр
етіп қырандай, Алматының көшесінен отыр көзін бір алмай.
Халқының ол зердесіне жағып сөнбес шырақты, Елдің даңқын
жырға бөлеп, ойлы отырған сияқты. Замандардан зарлап өмір,
қаншалықты көрді азап, Туған елдің күшқуатын бүгін ашты бұл
қазақ. Сол халықтың даналығы бойында еді Абайдың, Ескерткіші
алдында оның бас имесін қалай кім?» – дей келе, ұлы тұлғаның
бүгінгі қазақ өміріне емірене қарап, қол жеткізген табыстарына
дән риза екендігін ақын ерекше сезініп, қуана тілге алады. Онан
соң ақын: «Барған сайын терең бойлап табиғаттың сырына, Бүгін
міне, шықты қазақ – өнер, білім шыңына. Жеті қабат көк жүзінде
ғарышқа да бойлады, Жұлдыздарға бірге жетпек ақын Абай
ойлары. Жазда барсаң, қыста барсаң – Абай отыр бір қалып,
Кептер барып иығына қонақтайды жыр барып. Абай ата маңғаз
отыр, төбесінде – көк аспан, Түзде жұлдыз жыпырласып көруге
оны таласқан», – деп, тамаша түйіндеулер жасайды. Бүгінгі таңда
ұлы ақынның 170 жылдығын үлкен салтанатпен тойлағалы
отырған осы бір кезеңде, Абай тойы тек қазақ халқы арасында ғана
емес, ол сонымен бірге, туысқан өзбек халқының да ұлы тойына,
мерейлі мерекесіне айналары дау сыз. Осы мерейлі мерекеге орай
өзбек тілінде Әбділлә Рустемовтің «Абай әлемі» атты еңбегі жарық
көрумен бірге, біздің алғысөзімізбен, әрі әзірлеуімізбен Абайдың
кітабы «Жарқын жұлдыз» деген атпен өзбек тілінде басылып
шықты. Міне, мұның бәрі, туысқан өзбек халқының данышпан
ақын Абайға деген сүйіспеншілігінің жемісі десек, ол артық
айтқандық емес, бірден бір шындық.
Қалдыбек СЕЙДАНОВ, филология ғылымдарының
докторы, профессор. Ташкент.
|