елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа
тірегенін айтты.
халық саулығы үнемі назарда
«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз.
Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт тала-
бына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді
белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері
гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», - деді Н.Назарбаев.
Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап және одан кейінгі жылдарда да Елбасы халық
денсаулығын жақсартуда бірізді саясатты жүргізуде. Денсаулық саласын дамытуға бөлінген
қаржының айтарлықтай өсуі халық денсаулығының басты көрсеткіштерін жақсартуға
мүмкіндік берді. Елде медициналық-демографиялық жағдайдың оң өзгерісі, әлеуметтік
маңызды аурулардан болатын аурушаңдылық пен өлім-жітімнің, ана мен бала қазасының
төмендеуі байқалуда.
Президентіміз жуықтағы жылдар қазақстандықтар үшін «мүмкіндіктер көзі» болатынын
және азаматтардың өмірінің жыл сайын жақсаратынын атап айтты.
Мемлекет жыл сайын профилактикалық медицинаны жақсартуға назар аударуда. Ерекше
маңыздысы - «саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың
өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыру» болып табылады. Елбасы «спортпен шұғылдану,
дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі»
екенін атап айтты. Денсаулық саласын әрі қарай дамыту үшін Жолдаудың басты аспектісі
мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігіне
назар аудара отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту болып табылады.
Елдегі медицина қоғамы биылғы Елбасы Жолдауында қойылған барлық міндеттерді
жетістікпен орындайтынына сенімдімін.
Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстанның алдағы межесі әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің
қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру екенін атап өтті. «Қазақстан-2050»
бағдарламасын екі жыл бұрын жариялаған кезде, бұл межеге жетуге жолымызда қиындықтар
кездесетінін, соған дайын болып, тиісті шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. «Біз осы
мақсатқа жұмылғанда жететін боламыз. Елдің нақты табыстары бізге өз күшімізге сенімділікті
береді. «Мәңгілік ел» және «100 нақты қадам» бағдарламасы жұмыс істеуін жалғастыруда.
Мен бүгін жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда
дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына арнаған Жолдауымды жария-
лаймын», - деді Н. Назарбаев.
Жақып ЖЕКСЕМБИЕВ,
Облыстық наркология диспансерінің бас дәрігері.
өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
басшысының орынбасары Жасұлан ханалиев басқарманың атқарып жатқан жұмыстарын айтып өтті.
«ЖаСыл Белдеулер»
қаНат Жайып келеді
елбасы қазақстандықтар алдында үлкен мақсаттар мен
міндеттер қойып отыр. Соның бірі - «мәңгілік ел» ұлттық
идеясын жүзеге асыру арқылы өркениетті дамыған 30 елдің
қатарына кіру.
Ол үшін Қазақстанның толық мүмкіндіктері
бар екенін Жолдауда нақты атап өткен. Өркениетті
30 елдің қатарына қосылу тек экономиканы,
технологиялық, саяси жүйені модернизациялау-
мен шектелмейтіні белгілі. Сонымен бірге бұл
жолда халықтың рухын, мәдениетін, патриоттық
сезімін оятудың да маңызы зор. Елбасы Жолдауда
болашақ жастарға ерекше назар аударып, оларды
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы
басты қозғаушы күш деп таниды. Сондықтан
да жастар қоғамда жүріп жатқан үдерістерді
талдай алуға және сыни ойлау қабілеттерін
үнемі шыңдауға ұмтылуы қажет. Сондықтан
Елбасының жастар санасында сыни ойлау дағдысын
қалыптастырудың маңызы зор деп санайды.
Жолдаудың тағы бір маңызды бөлігі ол - мәдениетке,
қазақстандық жалпы мәдениетті дамытуға тікелей
байланыстылығы. Мәдениетті дамытпай, оған на-
зар аудармай, «Мәңгілік Ел» құра алмайтынымыз
белгілі. «Мәңгілік Елдің» тірегі - мәдениет. Осы
тұрғыдан келгенде, біз мәдениетті кең ауқымда
түсінуіміз керек. Мәдениет дегенде халық пен
үкімет, жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас,
ұлтаралық, дін және тіларалық мәдениет туралы
да айта кеткен жөн. Мемлекеттік қызмет негізінде
жатқан меритократияда, адалдықта, тиімділікте,
мемлекеттің абыройы мен имиджі де, мемлекеттік
қызметшілердің мінез-құлқы да, кәсіби этикасы да
осы мәдениетпен тікелей байланысты екені сөзсіз.
Ал мемлекеттік тілге келер болсақ, Елбасының:
«Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік
тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың
ұйытқысы ете білгеніміз жөн» - деп көрсетуінде де
үлкен маңыз бар. «Қазақстан-2050» Стратегиясында
да мемлекеттік тілді ұлтты біріктіруші күш ретінде
қарастырып: «Қазақстанның болашағы- қазақ
тілінде» - деп айтқаны белгілі. Бірақ, біз осы сөзге
әлі терең мән бермейтін тәріздіміз. Мемлекеттік
тілдің қазақстандықтарды біріктіргіш күш екенін,
бірігу тек мемлекеттік тіл негізінде ғана мүмкін
болатынын сезінетін уақыт жеткен тәрізді. Тіл ел
басқарудың тиімді құралына айналады. Міне, Ел-
басы Жолдауында осындай терең ойлар бар екенін
айта кеткен жөн. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идея
ғана емес, ол қазақстандықтарды біріктіретін, бір
мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жұмылдыратын
ұлттық идеология. Онда қазақ халқының ғасырлар
бойы армандаған арман-мұратымен бірге, бүгінгі
қазақстандықтардың өмір мақсаттары, тарихи,
мәдени миссиясы көрсетілген. Сондықтан да
«Мәңгілік Ел» идеясының пафосы ұлттық қана
емес, сонымен бірге жалпы қазақстандық деп айта
аламыз. Онда этникалық бірегейліктен азаматтық
бірегейлікке саналы түрде талпыну бар. Өз кезегінде
бұл идея болашақ мәдениет саясатының концеп-
циясын жасауда көрініс табары сөзсіз. Елбасының
биылғы Жолдауындағы тағы бір назар аударатын
мәселе - қазақстандықтардың мәдени менталитетін
қалыптастыру болып табылады. Ұлт рухының
жетілуі, кемелденуі, қозғаушы күшке айналуы
тәуелсіздік кепілі екені белгілі. Осы тұрғыдан келген-
де «Мәңгілік елдің» іргетасы адал, таза, өнімді еңбек.
Бүгінгі тәуелсіздіктің рухани менталдық ұстанымы
да осындай құндылықтар болуы тиіс. Олай болса,
қоғамдағы еңбектің орны, оның тәуелсіздікті баянды
етудегі басты ұлттық фактор болып саналатындығы
белгілі.
Мадина АЙТХОДЖАЕВА,
Жамбыл облысы бойынша қазынашылық
департаментінің Әкімшілік бөлімінің басшысы.
Жолдау жолы – даңғыл жол
Жағдай қалыпты.
Суретті түсірген Е.Пак
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Өңірдегі ормандарды қорғау,
олардың қорын молайту және жаңадан
орман өсіру шараларымен 14 орман
шаруашылығы мекемелері мен «Ор-
мандарды қорғау жедел қызметі»
айналысады. Бүгінде аймақтағы орман
қорының жалпы аумағы 4,4 млн. гек-
тарды құрайды екен. Оның орманды
жерлері 2,2 млн. гектар. Жалпы орман
қоры жерлері облыс аумағының 31,0
пайызын алып жатыр. Өткен жылы
осы салаға жергілікті бюджеттен
бөлінген 703,0 млн. теңге толық
игерілген. Оның ішінде мекемелерді
ұстауға 561,0 млн. теңге, өртке қарсы
шаралар жүргізуге 32,0 млн. теңге
жұмсалған.
2015 жылдың ерте көктемінде
орман қоры аумағында сексеуіл
және тағы басқа орман көшеттері
арқылы 1600 гектарға жаңадан орман
ағаштары отырғызылған. Ал күзде
3400 гектар сексеуіл алқаптарына
тұқым себу жұмыстары жүргізілген.
Осы мезгілдегі санақ бойынша 4560
гектар жер орман көмкерген алқапқа
ауыстырылған.
2016 жылы ормандарды қалпына
келтіру және ерте көктемде орман
қоры аумағына сексеуіл және тағы
басқа орман көшеттері арқылы –
900 гектар жерге жаңадан орман
ағаштарын отырғызу, күзде 4100
гектар көлемде сексеуіл алқаптарына
тұқым себу жұмыстарын жүргізу жос-
парланып отыр.
Елді мекендер айналасынан
жасыл аймақтар құру және білім,
денсаулық сақтау нысандары,
көшелер мен саябақтар, автокөлік
жолдары жағалауларын көгалдандыру
арқылы «жасыл белдеулер» құру
жоспарланған. Осы бағыт бойынша
Тараз қаласы мен аудандарда 1456
гектар аумаққа «жасыл белдеулер»
жасау жоспарға қойылған.
Аймақтағы 97 су айдындары
балық шаруашылығы үшін заңды не-
месе жеке тұлғаларға бекітіліп берілген.
Қазіргі таңда 30 су айдындары бой-
ынша конкурстық құжаттар әзірлену
үстінде екен. Жануарлар дүниесін
қорғау шаралары аясында 11 тонна
минералдық азық алынып, аңның көп
жүретін аймақтарына таратылған. Осы
жануарлар дүниесін пайдалануға, яғни
жабайы аң-құстың 17 түріне аңшылық
жасауға 3126 және 1206 тонна балық
пен басқа да су жануарларын аулауға
рұқсат берілген.
- Жалпы табиғат пайдаланушы-
лардан бюджетке 32,3 млн. теңге
түсті. Мұның 26,4 млн. теңгесі балық
шаруашылығынан, 5,9 млн. теңгесі
аң шаруашылығынан. 450 зиянкес
жыртқыш аңдар жойылды. Оған 4,5
млн. теңге жұмсалды. Ағымдағы
жылы 421 бас зиянкес жыртқыш
аңдарды жоюға 5,4 млн. теңге қаралған.
Қазіргі таңда мердігерлер анықталып,
жұмыстар жүргізілуде,-деді Жасұлан
Рахымбайұлы.
Бүгінгі күні облыста 117 су
қоймалары мен су бөгеттері бақылауға
алынған болса, оның 5-і республикалық,
7-і жеке және 105-і коммуналдық
меншікте. Аймақта қар көшкіні бола-
тын жерлер жоқ. Биік таулы аймақтарда
қардың еруінен және нөсерлі жауын
салдарынан су көтерілуі ықтимал.
Сел қауіпсіздігі «Қазселденқорғау»
мекемесінің 8 бекеті және гидрометео-
рология орталығының 23 бекеті арқылы
күнделікті бақыланады. Негізінен
селдің қауіпті кезеңі облыс-та сәуір-
мамыр айлары аралығында байқалады
екен.
Есепті кезеңнің қорытындысы бой-
ынша, кең таралған пайдалы қазбаларға
жасалған 144 келісімшарт тіркеуге
алынған. «Нұрлы жол» бағдарламасы
аясында жоспарланған темір жол
құрылыстарын, «Тараз» химиялық
паркі» арнайы экономикалық аймақ
құрылысын, республикалық және
облыстық мәндегі жол құрылыстарын
шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында
мердігер компанияларға 28 жер
қойнауы учаскелері бойынша жер
қойнауын пайдалануға жазбаша
рұқсаттар берілген.
Шуақты даланы нұрға бөлеген ұлыстың ұлы күніне орай тараз қаласындағы ы.Сүлейменов көшесінде ақшаңқан киіз
үйлер қаздай тізіліп, алтыбақан құрылды. ақ жаулығы желбіреп, қос етек көйлегінің етегін жер сүйген қыз-келіншектер
мен оюлы шапаны жараса күлімсіреген ел ағалары жүздері шаттыққа толып, бал-бұл жанып, киіз үйге бас сұққан халықты
қонақжайлықпен қарсы алды.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Облыс әкімі К.Көкірекбаев әуелі «Достық үйі» Қазақстан халқы
Ассамблеясы облыстық хатшылығы мен облыс әкімдігі «Қоғамдық
келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесе ұйымдастырған
«Бір ел – бір тағдыр» атты этно-мәдени бірлестіктердің дайындаған
фестивалін тамашалаудан бастады.
Онда этно-мәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары әсем әннен
шашу шашып, мың бұрала би билеп, Ұлыстың ұлы күнін тойлаған
көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Наурыз мерекесіне арнайы
дайындалған дәмді тағамдарын ұсынып, ұлттық ойындары көрсетілді.
«Шебердің қолы алтын» демекші, қолөнер шеберлерінің жұмыстары
да тараздықтардың зор қызығушылықтарын оятты.
Одан кейін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев киіз үйлерді аралап,
жиналған көпшілікке ақжарма тілегін ақтарды. Республикалық
жасөспірімдер айтысының бас жүлдегері, ТарМПИ-дің студенті Дидар
Апбасов арнау айтып, халықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.
Кәрім Көкірекбаев наурыз көженің дәмін татып, ризашылығын
білдірді.
– Ас та төк думанда дағдарыстың біздің елімізден алыс екенін
байқадық. Наурыз мейрамының думанды өтуіне атсалысып, киіз үй
тігіп, мол дастархан жайған барлық ұжымдарға ризашылық білдіремін.
Әр үйде ақ мол болсын! – деді облыс басшысы. Облыстық филар-
мония әншілері, қала өнерпаздары мен түрлі ұлт өкілдері даланы
ән-жырға бөледі.
Облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еркінбек
Солтыбаев көпшілікке ақ батасын беріп, Финляндиядан келген
халықаралық байқаушы Эмима Мерекиес, сондай-ақ, белгілі биші
Шұғыла Сапарғалиқызы қазақы қаймағы бұзылмаған Жамбыл
жұртшылығының қонақжайлығына тәнті болды.
Сондай-ақ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
спорттық ойындар ұйымдастырды. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша
Тараздағы №56 орта мектеп оқушысы Аяулым Мұрабекова жеңіске
жетсе, кір тасын көтеруде байзақтық Самат Баймамыров жеңімпаз
атанды. Асық ату ойынында №53 орта мектептің оқушысы Диас Айт-
беков мергендігімен көзге түсті. Ал дойбы бәсекесінде ТарМПИ-дің
доценті Аман Малдыбаев жеңімпаз атанды.
Салт-дәстүрден сыр шертер жөн-жоралғылар да жұртшылықтың
назарынан тыс қалмады. Жамбыл медициналық колледжінің
ұжымы тұсаукесер рәсімін жасап, Дарын Даниялдың тұсауын об-
лыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан
Масалимов кесті.
Бұл күні барлық киіз үйлерде келушілерге наурыз көже ұсынылды.
Тараз төрі, Жамбыл жері бұл күні мәре-сәре күй кешіп, арқа-жарқа
пейілмен бір-бірін құшақ жая қарсы алып, шаттыққа бөленді.
5
// «Жамбыл - Тараз» // №12 (1300), 25 наурыз 2016 Жыл //
Мереке
Наурыз мерекесі орталық «достық» алаңында сән-салтанатымен тойланды.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын,
нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын,
пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі-
Наурыз. Жұрттың аузын аққа жеткізген, нұр
тамшыларын аямай төккізіп, Самарқанның
көк тасын ерітіп, алтын күрекпен жер жүзін
жібітетін Наурыз мерекесі орталық алаңда
кең көлемде тойланды. Жамбыл облыстық
драма театры мен облыстық филармонияның
және Балалар шығармашылық орталығының
әртістері сахналық қойылым қойып, жиналған
көпшіліктің көңілін серпілтті. Мерекелік
шара алдымен қара және ақ түс киім киген
бишілердің күн мен түннің теңелгендігін
айшықтайтын әсем биінен бастау алды.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар та-
рихи сәтке көз тастатқызып, Қарахан мен
Айшаның махаббатын және сол кезеңнің
тұрмыс-салтын көріністері арқылы жұртшылық
назарына ұсынды. Келесі жылы елімізде
өтетін «EXPO-2017» мен ҚР Тәуелсіздігінің 25
жылдығын қойылымдарына арқау етті. Мұнан
соң қойылымда ұлттық киім киген әйелдердің
дас-тархан жайып, шашу шашқаны және ұлттық
ойындардан үзінділер көрініс тапты. Соңында
Қызыр баба Наурыз батасын беріп, ел-жұртқа
жақсы тілек тіледі.
Мерекелік шараға облыс әкімі Кәрім
Көкірекбаев қатысып, облыс тұрғындарын
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен
құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
- Наурыз – ақтың молаятын, тіршіліктің
жаңаратын, күн мен түннің теңесетін кезеңі.
Әз-Наурыз - ғасырлар қойнауынан бастау
алған салт-дәстүрімізді танытқан ұлы мұра.
Ұлыстың ұлы күнінде ата-бабаларымыз
бұлақ көзін ашып, ағаш егіп, бірін-бірі
құттықтап, өкпе-реніштерін кешірген. Ізгілікке
толы тілектер айтып, сауапты істермен
айналысып, қайырымдылық көмектер
көрсеткен. Наурыз – еңсесі биік елдіктің,
іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс төгілмес
тірліктің мерекесі. Тәлімі мен тағылымы мол
өсиет пен өнегенің мейірлі мерекесі. Бүгінде
ұлттарды ұйыстырған Наурыз халқымыз асыға
күтетін жалпыхалықтық мерекеге ұласты.
Наурыз - өткенді саралап, болашағымызды
болжайтын ерекше кезең. Былтырғы жыл
ұлттық тарихымызды ұлықтау жылы бол-
ды. Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ата
Заңымыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70
жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын
зор салтанатпен, ірі жетістіктермен атап
өттік. Биыл - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы.
Өткен ширек ғасырда өлшеусіз еңбекпен қол
жеткізген жетістіктерімізді қорытындылайтын
жыл. Бұл жылдың табысты болатынына
жамбылдықтардың сенімі мол. Өйткені, Ұлт
көшбасшысының бастамасымен дүниеге
келген, уақыт талабына бейімделген «100
нақты қадам» Ұлт жоспары бар. Ең басты-
сы, қоғамымызда келісім мен тұрақтылық
сақталған. Бірлігі жарасқан ел екендігімізді
күні кеше ғана өткен Парламент Мәжілісі
және мәслихат депутаттарының сайлауында
біз тағы да дәлелдедік. «Нұр Отан» партиясы
үлкен айырмашылықпен жарқын жеңіске
жетті. Мұның барлығы - Елбасының жүргізіп
отырған дана саясатының жемісі, халық
бірлігінің нәтижесі,-деді ол.
Бұдан әрі мерекелік шара ҚР Мемлекеттік
«Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан
Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреа-
ты, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі
Марат Ильясовтың қатысуымен концерттік
бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ шара бары-
сында халықаралық және республикалық
эстрада әншілері конкурстарының лауреаты
Нұрсұлтан Болат пен республикалық жас
әншілер конкурсының лауреаты Бөрібек
Расулов та өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің
ыстық ықыласына бөленді.
тОй тОйға ұлаСқаН күН
Шұғылалы шаттыққа бөленген күн
ақ үйден бір қыз көрдім көзі күлген....
Қала көркі - тал.
Суретті түсірген В.Алсуфьев
«KMF» микроқаржылық
ұйымының Жамбыл облысындағы
филиалы 22 наурыз ұлыстың ұлы
күні мерекесі қарсаңында «қазақ
хандығы» монументінің маңына тал
отырғызды.
Жас шыбықтар
отырғызды
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Қаламызда көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық
тазалық жөніндегі көктемгі екі айлығы өткізілуде. Бұл шараға
облыс, қала басшылығынан бастап барлық басқармалар,
кәсіпорындар мен қала жастары барынша атсалысып жатыр.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы берік ұстанғандар
тазалық шарасын қала аумағына тал егуден бастап кетті.
Осынау бастаманы қолдап, елдік шараның ортасынан табы-
луды міндет санаған «KMF» Микроқаржылық ұйымының
Жамбыл облысындағы филиалының қызметкерлері Наурыз
мейрамының қарсаңында «Қазақ хандығы» монументінің
маңына 50 түп боз арша ағашының көшеттерін отырғызды.
- Наурыз мерекесі қарсаңында біз өз қаламызға сыйлық
жасауды ұйғардық. Себебі, «KMF» Микроқаржылық компа-
ниясы өз қызметінде әлеуметтік және қайырымдылық жобала-
рына кеңінен қолдау көрсетіп келеді. Компанияның Қазақстан
бойынша филиалдарының барлығы қоқыс, макулатура жинау,
ағаш отырғызу секілді экологиялық шараларға, сондай-
ақ мұқтаж жандар мен көп балалы отбасыларына қолдау
көрсетуге бағытталған «Ізгілік акциясына» дәстүрлі түрде
қатысады. Бүгінгі шараға біздің филиалдың 55 қызметкері
атсалысып, боз арша ағашының көшеттерін отырғызуда,- дейді
«KMF» Микроқаржылық ұйымының Жамбыл облысындағы
филиалының директоры Сәуле Ыбыраева. Айта кетерлігі,
аталмыш банк қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызған
аумаққа «KMF Аллеясы» деген атау берілді. Ендігі жерде олар
ағаш көшеттерін отырғызғанмен қоймай, оны баптап, өсуіне
де атсалысатын болады.
Сондай-ақ барлық облыстық және қалалық мекемелердің,
кәсіпорындардың, облыс әкімдігі басқармаларының,
кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері және 11 аумақтық округтердегі
мекеме қызметкерлері 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай
ұйымдастырылған сенбілік шарасына бір кісідей атсалысты.
Жалпы сенбілікке 4250 адам қатысып, көлемі 165 тонна бо-
латын күл-қоқыс, қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Сондай-ақ шара барысында ұзындығы 3220 метр болатын
арық-атыз тазаланып, 3180 дана тал-дарақтар мен бағаналар
сырланып, әктелді. Бұл жұмыстарға 14 арнайы техника
жұмылдырылды.
айшықты күн.
Суретті түсірген Е.Пак
таныМ
6
// «Жамбыл - Тараз» // №12 (1300), 25 наурыз 2016 Жыл //
Айсана НҰРБАП
Бұл туралы өткен жылы ЮНЕСКО-
ның 18 қарашада Парижде аяқталған
Бас конференциясының 38-ші сессиясында
жарияланған болатын. Күллі қазақ халқы мен
өскелең ұрпақ үшін абыройлы осы сәт - кешегі
Алаш зиялыларын әлем мойындағанының сөзсіз
дәлелі. Әлихан Нұрмұхамедұлы - XX ғасырдың
бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған
ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін
қалаушы һәм Алашорда үкіметінің жетекшісі,
Алашорда ұлттық аутономиясы Халық кеңесінің
төрағасы болды. Сол уақыттағы саясаткерлердің
бірі, тарихшы, журналист, жазушы және дра-
матург Қошмұхаммед Кемеңгерұлы «Қазақ
тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде:
«Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде ай-
дауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын
құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы
болды. Бұл топты баулыған – Әлихан» немесе
«басқа жұрттың басшылары тым-тырақай шет
патшалықтарға шығып кеткенде, Әлиханның
қоныс аудармай қалуы да елін сүйгендікке дәлел»,-
деп жазды. «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт,
өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп, қайда
тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді,
келешекте басына қандай күн туатындығына көзі
жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір
ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де
жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деп астарлы
ащы шындықты, Жер-анаға табаны тиген әр елдің
тарихындағы жанайқайды дөп басып айтып кеткен
Ә. Бөкейхановтың өмірі қазақтың тағдырымен
қашанда бірге өрбіді. Отқа да, суға да бірге түсті.
Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Ешкімнің Әлиханға
бар ма сөзі, Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Се-
мей тұрсын, жеті облыс – бар қазақтан, Талассыз
жеке-дара тұр ғой өзі»-деп ел алдындағы тарихи
бағасын тайға таңба басқандай етіп жырласа,
Ахмет Байтұрсынов:
Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай! – деп
тебіренген екен. Алты жасында тілі шыққан
қазақтың парасатты перзенті алты алаштың басын
бір шаңырақтың астына жинап, сол заманның
өзінде бүгінгі тәуелсіздіктің іргетасын қалап кет-
кен болатын. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы
Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы-
тарпаң тарихқа бесенеден белгілі Сұлтан Барақ.
Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей - осы
Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан
Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед
туған. Қарап отырсақ, оның шежіресі тектіліктің
тұғыры іспетті. Бабалар буынының барлығы
да қараша халқын азаттыққа жетелеп, ұрпақ
үшін, ұланғайыр жер үшін қылышы қынабына
сыймай өткен тұлғалар. Ал патшалық биліктің
озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен
Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес,
жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты
киюге мәжбүр болған өз халқының салт-санасы,
тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл
көзқарасы да ерте қалыптасты. Жыл өткен сайын
күшейген отаршылдық саясаттың кесірінен
АлАш АсқАрының
Айбыны
Достарыңызбен бөлісу: |