«Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді


„ Жыл сайын әлемде туберкулезден



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата11.01.2017
өлшемі8,04 Mb.
#1671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

Жыл сайын әлемде туберкулезден 



2 миллионнан астам адам қайтыс 

болады екен. медицина мамандары 

осынау кеселдің алдын алумен ұдайы 

күресіп келеді. 24 наурыз дүниежүзілік 

туберкулезбен күрес күніне орай, 

облыстық балалар жұқпалы аурулар 

ауруханасында дөңгелек үстел 

ұйымдастырылды.   

 

„

5 мөлтекауданда орналасқан жатақхана аумағында Жамбыл 



облыстық туберкулезге қарсы диспансері және Салауатты өмір 

салтын қалыптастыру  орталығының ұйымдастыруымен дүниежүзілік 

туберкулезге қарсы күрес күніне орай ауқымды акция өтті.

аумақ тұрғыНдары 

текСерудеН өтті

қатерлі дертті бірге 

жеңеміз!

Индира БАЙҚОНЫС

Оған облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің фтизиатр-

дәрігері Эльмира Жаңбырбаева, аталған диспансердің фтизиопедиатр-

дәрігері  Роза Қырғызбаева, облыстық Салауатты өмір салтын  

қалыптастыру мәселелері орталығының валеолог-дәрігері Айдана 

Сүлейменова және ақ желеңді абзал жандар қатысты.

Дөңгелек үстелде алғы сөз алған облыстық балалар жұқпалы 

аурулар ауруханасының бас дәрігері Батырбек Үсенбаев туберкулез 

аса қауіпті және осы күнге дейін жеңілмей келе жатқан инфекциялық 

ауру  болып  табылатынын,  жұқпалылық  сипатына  қоса,  оның 

әлеуметтік-экономикалық тұстары да бар екенін тілге тиек етті.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің фтизиатр-дәрігері 

Эльмира Жаңбырбаева  аса қатерлі кеселдің пайда болуы себебін 

алға тартты.

- Туберкулез – өкпені зақымдайтын ауыр инфекциялық ауру. Сол 

себепті, ауа тамшылары арқылы жұғады. Әсіресе, туберкулезбен 

ауыратын адаммен жиі қатынасқа түскенде жұқтыру қаупі артады. 

Оның алғашқы белгілеріне тоқталатын болсақ,  егер 2 аптадан аса 

жөтел, әлсіздік, түнде субфебрилді дене ысуы, қатты терлегіштік, 

қанмен қақырық тастау қайтпаса, уақыт оздырмай учаскелік дәрігерге 

қаралу қажет. Жалпы, туберкулездің алдын алып, дер кезінде емдеуге 

болады,-деді дәрігер. 

Сондай-ақ Эльмира Алпысбайқызы жыл санап облыс және 

қалада туберкулезге шалдыққан науқастардың саны едәуір азайып 

отырғанын жеткізсе, фтизиопедиатр-дәрігер Роза Қырғызбаева да 

балалар арасында да бұл дерттің мейлінше төмендегенін алға тартты. 

Ал    облыстық  Салауатты  өмір  қалыптастыру  мәселелері 

орталығының валеолог-дәрігері Айдана Сүлейменова туберкулездің 

даму себептері, асқынулары мен алдын алу шаралары жайында 

әңгімелеп, көпшілік  назарына туберкулез туралы бейнероликті  

ұсынды. 

Дөңгелек  үстел  соңында  баяндама  оқыған  мамандарға 

қатысушылар  тарапынан  сауалдар  қойылып,  тиісті  жауаптар 

қайтарылды.



 

„

тараз қаласы бойынша 



жоспарлы және жоспардан тыс 

екпе егу  нәтижесінде екпемен 

басқарылатын жұқпалы аурулардың 

эпидемиологиялық жағдайы  тұрақты 

деп  саналады.     

қызылша, қызамық және 

олардың алдын алу 

жолдары

Қызылша   және қызамық – ауа арқылы таралатын вирусты жұқпалы 

аурулар. Бұл инфекциялардың негізгі таратушы көздері – ауру 

адам. Соңғы кездері бұл  аурулар тек балаларда ғана емес, сонымен 

қатар ересектер арасында  кездесіп жүр. Көп адамдар қызылша мен 

қызамықтың бастапқы кезеңін тұмау, жедел респираторлық вирус 

инфекциясымен, ал бөртпе шыққан кезде аллергиялық аурулармен 

шатастырады. Аурудың жасырын өту кезеңі - орташа есеппен 8-12 күн. 

Қызылша ауруының алғашқы күндерінде дене қызуы көтеріліп, мұрын 

бітіп, жөтел пайда болады, көздері жасаурайды. 3-5 күн өткеннен кейін 

құлақтардың артына, бетке бөртпелер шығып, олар денені қаптайды. 

Қызылша індетінің асқынбаған түрі 10 күннен 15 күнге дейін со-

зылады.  

Ата-аналар келесіні  ескеру керек: Егер  дене қызуы төмендемесе,  

ауру асқынуға айналғаны.

Індет кейде бронхит, пневмония, ортаңғы құлақтың қабынуы 

түрінде асқынуы мүмкін. Ауру баланың жағдайы ауырлайды, асқа 

тәбеті жоқ, шөлдей береді. Балаға жиі-жиі сұйық беріп, аузын шайқап 

отыру, көзін  бор қышқылы ерітіндісімен немесе  қайнаған сумен 

жиі-жиі жуу керек. 

 Жарық көзіне әсер ететіндіктен, бөлменің іші аса жарық болмағаны 

дұрыс, оны жиі-жиі желдетіп отыру керек. Бала таза және жылы 

бөлмеде болуы тиіс.

Аурудың алғашқы белгілері білінісімен-ақ тездетіп дәрігерге 

көрініп, оның барлық ұсыныстарын бұлжытпай орындау қажет.  

Сонымен қатар қызамық жүкті әйелдерге өте қауіпті. Жүктілік 

кезінде қызамықты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған 

жағдайда туылған балаларда ауыр туа біткен аурулар кездеседі.  

  Егуден бас тартқан  жағдай өте қауіпті, ол жұқпалы індеттердің 

өршуіне алып келуі мүмкін. 

 Баланың 12-15 айлығында және 6-7 жасында  қызылша мен  

қызамыққа  қарсы егу - осы аурулардан сақтанудың тиімді жолы. 



Қаршыға  ТАРҒЫНОВА,

Тараз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау 

басқармасының бас маманы.                                                                 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аталмыш акция барысында тұрғындар 

арасында сауалнама жүргізіліп, ақпараттық 

парақшалар таратылды.  Сонымен қатар 

флюра  аппараты  орнатылған  көлік 

тұрғындар үшін қызмет көрсетті. Акцияға 

келген  тұрғындарға  фтизиатр-дәрігерлер 

туберкулездің алдын алу, емдеу және диа-

гностикалау жөнінде кеңестер берді.

- 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында 

Дүниежүзілік  туберкулезбен  күрес 

күніне  орай    туберкулездің  алдын  алу 

айлығы  өткізілді.    Айлық  барысында 

мөлтекауданның адамдар тығыз орналасқан 

жатақхана  аумағында  рентген  аппара-

тын қойып, тұрғындарды түсіріп жатыр-

мыз.  Мұндағы  мақсат  –  халық  арасын-

да  үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізіп, 

туберкулездің  алдын  алу.  Бұл  жерде 

біз  тұрғындар  арасында  сауалнамалар 

жүргізудеміз.  Туберкулез  ауруын  дер 

кезінде анықтайтын болсақ, алдын алуға 

болады. Жалпы осы ауру бойынша тексеріп, 

оны анықтау тегін жүргізіледі. Сондықтан  

айлық аясында осындай іс-шара өткізіп жа-

тырмыз. Былтыр осы шараны «Ауыл-Бере-

ке» базарында өткізсек, биыл мөлтекауданда 

өткізудеміз. Қазіргі уақытта адамдар көптеп 

келуде.  Мұның  ішінде  зейнеткерлер, 

жұмыссыздар және көп балалы аналардың 

қарасы  көп.  Сондай-ақ  олар  бізден  ту-

беркулез  ауруының  алдын  алу  бойынша 

кеңестер алып, тексерілуге жоғары деңгейде 

құлшыныс танытуда,-дейді облыстық ту-

беркулезге қарсы диспансерінің фтизиатр-

дәрігері Эльмира Жаңбырбаева. 

Туберкулезге қарсы ұлттық орталықтың 

мәліметтеріне сүйенсек, 2014-2015 жылдың 

қорытындысында елімізде 100 мың адамға 

шаққанда,  аурушаңдылық  66,4-тен  58,5-

ке,  яғни  11,9%-ға,  өлім-жітім  22,4%  -ға 

төмендеген. Негізгі індетті көрсеткіштердің 

азаюы халықтың барлық жастық топтарын-

да байқалуда. Жалпы, өңірімізде туберкулез 

бойынша  эпидемиологиялық  ахуал  2015 

жылдың  қорытындысында  аурушаңдық 

көрсеткіші  1,4%-ға  төмендеген  екен.  

Аурудың эпидемиологиялық көрсеткіштері 

мен  науқастарды  сүйемелдеу  сатысында 

емдеудің  тиімділігін  арттыруда  туберку-

лезге  шалдыққан науқастарға әлеуметтік 

жәрдем көрсету өз нәтижесін беруде. Осы 

мақсатта облыс бойынша туберкулез ау-

руымен ауыратын науқастарға әлеуметтік 

көмек көрсету мақсатында  33587,5 мың 

теңге бөлінген.           

Жадынамалар таратылды. 

 Суретті түсірген Е.Пак



 

„

Жамбыл облысы «іскер әйелдер 



қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің 

бастамасымен қр тәуелсіздігінің 25 

жылдығы шеңберіндегі «25 мейірімді іс» 

жобасының аясында мүмкіндігі шектеулі 

120 баламен қатар, олардың ата-анасына 

Наурыз мерекесіне орай «Гауһартас» 

мейрамханасында думанды кеш өткізіп, ақ 

дастархан жайды.

Жүректерге жылылық 

сыйлап...

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Ас та төк мерекелік іс-шарада Іскер әйелдер 

қауымдастығының  атқарушы  директоры                                                                                   

Хадиша Оспанова балаларды Ұлыстың ұлы 

күнімен  құттықтап,  ізгі  тілегін  жеткізді. 

Сондай-ақ, кеш барысында Тараз қаласының 

Құрметті  азаматы,  «Ел  анасы»  кеңесінің 

төрағасы  Лидия  Ахметова,    «Қызыл  Ай» 

қоғамы  Жамбыл  облысы  филиалының 

төрағасы  Оразкүл  Тастемірова  сынды  ақ 

жаулықты аналар да сөз сөйлеп, ақжарма 

тілегін жеткізіп, сый-сияпат табыстады.

Тараз  қаласының  өнерпаздарының  ән-

күйімен жалғасқан кеш барысында жарым-

жан балғындар көтеріңкі көңіл-күйде мәз-

мейрам болып, үлкендер тарапынан тараған 

жылылықтан жүздері бал-бұл жанды. Мұнда 

келген барша балғындарды құшағына алып, 

мейріммен маңдайынан сипап, қамқорлық 

көрсетіп жүрген Жамбыл облыстық «Қамқор 

ана» қоғамдық бірлестігінің президенті Әсия 

Мамыраимовамен тілдесудің сәті түскен еді.

- Балаларға қамқорлық көрсетіп жүрген бар-

ша мейірімді жандарға алғысымды білдіремін. 

Әсіресе,  «Гауһартас»  мейрамханасының 

иесі  Меруерт  Лештаева  жүрегі  мейірімге 

толы, қамқор жан екенін атап айтқым келеді. 

Қаржылай көмек көрсетіп, үнемі сый-сияпат 

жасаудан бір жалыққан емес. Ал бүгін мына 

Ұлыстың  ұлы  күніне  орай  Іскер  әйелдер 

қауымдастығының ұйымдастырып отырған 

іс-шарасы  балаларға  ерекше  көңіл-күй 

сыйлағаны  анық.  Наурыз  мерекесі  барша 

мұсылман қауымның шаңырағына шаттық, 

құт-береке ала келсін, - деді ол.

бар мейіріммен... 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев


12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №12 (1300), 25 наурыз 2016 Жыл  //

әлеуМет

 

„

Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінде ата-аналармен 



тығыз байланыс орнатылған.Әр семестр ата-аналардың педагогикалық 

білім дәрежесі мен мәдениетін арттыру мақсатында ата-аналар консилиумы 

өткізіліп тұрады.

ОтБаСы-тӘрБие БаСтауы

Отбасылық  тәрбиенің  үздік  үлгілерін  наси-

хаттап, ата-аналарды колледжбен, оқытушысымен, 

басқа  ата-аналары мен тұрақты қарым – қатынасын 

қалыптастыру мақсатында жыл сайынғы «Супер ана» 

сайысы дәстүрлі түрде өтіп келеді.Салауатты өмір сал-

тын қалыптастыру, ата-аналар мен білім алушылардың 

денсаулығын жақсарту мен әлеуметтік белсенділігін 

көтеру мақсатында ата-аналар арасынан  волейболдан, 

футболдан, шахматтан, теннистен командалар құрылып, 

облыс,  республика  көлемінде  спорттық  жарыстар 

ұйымдастырылып еліміздің басқа облыстарына барып 

командалар жарысады. Тіпті  3-4 жыл бұрын бітіріп  кет-

кен түлектердің ата-аналары кеткілері келмей, спорттық 

командаларда  колледж  ата-аналарының  намысын 

қорғап жарыстарға бүгінгі күнге дейін қатысып жүр.

Ал жуырда колледжде  Жамбыл облысы әкімдігінің 

білім басқармасымен бірлесіп «Отбасы-тәрбие баста-

уы» атты облыстық семинар өткізді. Шараны облыстың 

білім  басқарма  басшысының  орынбасары  Дәмеш 

Ускумбаева кіріспе сөзімен ашты. Семинарға облыстың  

техникалық және кәсіптік  білім мекемелерінің тәрбие 

жөніндегі орынбасарлары қатысып, тәрбие саласы бой-

ынша  тәжірибе алмасып, ТИГУ-дің «Педагогика және 

психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор Ж.Сарыбекованың 

«Қыздарға тәрбие берудің бүгінгі жағдайы» туралы 

баяндамасын тыңдап, өзара ой бөлісті.

Семинар қатысушылары колледждің ата-аналармен 

атқарып жатқан жұмыстарының іс-шараларымен таны-

сып, үлгі ретінде алуға тұрарлықтай  тәжірибелерімен 

алмасып, ризашылықтарын білдірді.



Тамара КАРИМ 

белсенді ата-ана осындай... 

 

 

„

өркениетке құштар  



елдің өрісі қашанда 

өзінің саналы да білімді 

ұрпағымен кеңейе 

бермек. Әлемдегі 

алпауыт елдердің 

қатарына енуді  көздеген 

халықтың басты 

мақсаты да сауатты 

ұрпақ тәрбиелеу екені 

белгілі. ал сауатты ұрпақ  

дегеніміз - өз ана тілінде 

еркін сөйлей алатын, оны 

терең меңгерген ұрпақ.

 

„

қазақ тілі – 



халқымыздың рухани 

байлығы, атадан балаға, 

ұрпақтан – ұрпаққа 

мирас болып қалып 

отырған баға жетпес асыл 

мұра. ана тілдің қасиеті 

туралы қанша айтсақ та 

таусылмайды. 

 

„

елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын бірте-бірте, 



кезең-кезеңімен кеңейту шаралары жүзеге асырылып жатқаны 

баршамызға аян. Соның үлкен бір көрінісі – «тілдерді қолдану 

мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы» көпшілікке ұсынылып отырған жобасы. 

тіл – бірлік пен 

татулықтың 

кепілі

 Әуелі тіліңді 

құрметте!

Жаңа жүйе деңгейлер мазмұнын 

арттырады

Ана тіліміздің қасиеттерін дәл танып, 

қанатты  сөздерге  айналдырған  зиялыла-

рымыз баршылық. Осы орайда сөз зергері 

Ғ.Мүсіреповтің: «Ана тілін ұмытқан адам-өз 

халқының болашағынан да қол үзген адам», 

«Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап 

жатқан халықтың мәңгілік мәселесі» деген 

сөздері  ойға  оралады.  Халқымыздың  ұлы 

перзенті  А.  Байтұрсынұлы  тіл  тазалығы 

жайында: «Тіл тазалығы – ана тілдің сөзін 

басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілдің 

сөзін  тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, 

құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа 

түсінікті сөздерді алу», «Тiлiмiздiң бүлiнбей 

сақталуын тiлесек, әуелi,  өз  ана тiлiмiзде 

оқытып,  сонан  соң  басқа  тiлді  үйретуге 

тиiспiз» деген ойлары дер кезінде айтылған 

қағида. «Тiлсiз ұлт, тiлiнен айырылған ұлт 

дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Он-

дай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшiн 

бiрiншi шарт – тiлi болу. Ұлттың тiлi кеми 

бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. 

Ұлтқа тiлiнен қымбат нәрсе болмасқа тиiстi» 

деген Мағжан Жұмабаевтың өткір сөздері 

әрбір  азаматтың  жадында  сақталуы  тиіс. 

Б.Момышұлының: «Қазақ тілі түрлі тілдердің 

ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар 

шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері» деген 

сөзі қазақ халқының сөйлеу мәдениетіне мән 

беру керек екендігін ойға салады.

«Ешкім  өзгерте  алмайтын  бір  ақиқат 

бар. Ол қазақ тілі Мәңгілік Елдің - Мәңгілік 

тіліне  айналды.  Тіл  мәселесін  біз  даудың 

емес, ұлттың ұйытқысы үшін пайдалануымыз 

керек», «Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі 

мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған- 

оның  ғажайып  тілі»,  «Өз  тілімізбен  өмір 

сүрейік!» - бұдан артық қалай айтуға болады? 

Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: 

«Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін!» деген 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменді 

сөздері тек қана қазақ халқына емес, бүкіл 

қазақстандықтарға тағылым болары анық.  

Бүгінгі күні әлем мойындаған Қазақстанға 

деген қызығушылық артып, өркениет елдері 

рухани  құндылықтарымызды  да  танып-

білуге деген ықыластарын білдіруде. Рухани 

құндылықтарымыздың қайнар бұлағы - қазақ 

тілінің қадірі мен қасиетін басқалардан бұрын 

өзіміз  жете  түсінуіміз  қажет  екендігінің                    

дәлелі - өткен жылдың соңында ғана Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблея-

сында қазақ тілінде баяндама жасап, жаһан 

назарын өзіне аударуы болды.

О с ы   т ұ р ғ ы д а   Т а р а з   қ а л а с ы 

Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар 

жүйесінде «Оқу - мемлекет және тұлға үшін 

құндылық»,   «Дауыстап оқу – руханиятқа 

талпынысты  ояту»    жобалары  мен  «ХХІ 

ғасырда  мемлекеттік  тілменен»,  «Ұлттық 

қасиеттің басты тұлғасы – тіл»  атты мақсатты 

бағдарламалары  бойынша  іс-шаралар 

ұйымдастыру  алға  қойылған.  Кітапхана 

қорындағы қазақ тілі мәселелері, мемлекеттік 

тілдің қазіргі күйі және даму философиясы, 

қазақ тілінің мұраттары жайындағы кітаптар 

жоғары деңгейде насихатталуда. 

Кітапхана оқырмандары арасында өтетін 

«Тіл  –  басты  байлығымыз»,  «Ана  тілім  - 

туған тілім», «Мен тілімді сүйемін» т.с.с. 

іс-шаралардың  дені  ана  тілін  сақтау  мен 

дамытуға, туған тілдің қадір-қасиетін жастарға 

түсіндіруге, мемлекеттік тілдің мәртебесін 

көтеруге бағытталған. Барлық іс-шаралардың 

науқандық  сипатта  емес,  тұрақты  түрде 

өткізілуі де оқырмандарды қуантады.

Жалпы кітапханаларда атқарылып жатқан 

жұмыстардың  барлығы  Елбасының  «Ұлы 

Дала  елі»  идеясынан,  «100  нақты  қадам» 

Ұлт жоспарынан  туындаған міндеттерді іске 

асыруды көздейді.



Ж.АХУМБЕКОВА,

М.Әуезов атындағы кітапхананың 

меңгерушісі.

Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары 

тозады, жоғалады, ал тіл - тозбайтын ең қымбат 

мұралардың  бірі.  Қазақтың  біртуар  ақыны 

М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ 

емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, 

тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады»  

деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. 

Әр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай 

қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына 

қарсы тұруға тиісті.

Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас 

сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты 

айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза 

қазақ қылатын кез болды. Бүгінде кейбіреулердің 

қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ 

тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің 

қатерлі  дерті  болып  табылады.  Туған  тілден 

безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің: 

«Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік» деп 

ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын 

ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына да 

қолынан келген көмегін    аямауы тиіс. Өкінішке 

орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана 

тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-

ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді 

қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл 

тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген 

анаңды ұмытумен бірдей.

Райхан ЫБЫШЕВА,

Тараз қалалық №4 ХҚКО инспекторы.

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 

Заңының  8-бабында:  «Білім  беру  жүйесінің    басты 

міндеттерінің бірі – оқытудың  жаңа технологияларын 

енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық- 

ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап 

көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә  Назарбаев  Жолдауында 

айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған 30 елдің 

қатарына  жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». 

Сондықтан, қазіргі  даму кезеңі білім беру жүйесінің 

алдында  оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесіне 

қойып отыр.

Қазіргі таңда  республикада білім берудің жаңа  

жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге 

батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны 

жаңарып,оларды  технологиялық-педагогикалық 

тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру 

деңгейіндегі  озық  технологияларды  пайдаланудың 

мақсаты -  үйрете жүріп, үйрену. Білім беру саласында  

озық  технологиялардың  енуі  оқытушының    ойлану 

стилін,  оқыту  әдістемесін  өзгертеді.  Жас  ұрпақтың  

жаңаша ойлануына, олардың біртұтас  дүниетанымының  

қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік 

негіздерін  меңгеруіне  ықпал  ететін  жаңаша  білім 

мазмұнын құру - жалпы білім беру  жүйесіндегі  өзекті 

мәселе. Барлық кедергілерді жеңу, табысқа талпыну өз 

қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз 

күнің  жоқ»  деген  халық  даналығы  ешқашан  мәнін 

жоғалтпайды. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында 

білім ордаларында жаңа педагогикалық технологиялар-

ды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни 

«берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігі, 

сапасын көтеру.

Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын 

зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын 

тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты 

оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі 

күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы 

алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім 

жүйесінің  стратегиялық  бағыттарына,  мақсаты  мен 

мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген 

жаңа көзқарастар қалыптасуда. Педагог мамандарды 

ақпараттық-коммуникациялық  технология  негізінде 

дайындауда келесі қағидалар негізге алынған:

– вариативтілік – әрбір білім беру қызметкерлерінің 

жасақтаған  материалдарына сәйкес біліктілікті көтеру 

жүйесін бағыттайды;

–  болашаққа  негізделген  –  күтілетін  нәтижені  

анықтайтын  кезеңдік  бағдарламалардың  бағытын 

орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың 

жалпылама мақсатын  анықтайды; 

– рефлективті-креативті – жаңа ақпараттық техноло-

гияларды меңгерту, білімдерін ұйымдастыруда курстың 

бағыты даралық-шығармашылық негізге бағытталуы 

қажет;

– экономикалық – нақтылы мәселелерді үйренуге 



қажетті уақыт мөлшері талап етіледі; 

–  ізгіліктілік – бейімделген оқыту жүйесін құруды 

талап етеді, біліктілікті көтеру жүйесінің құрылымы мен 

нақтылы нәтижесін анықтау; 

– тәжірибеге бағытталған - оқыту көздерінің бірі 

ретінде  оқытушылардың  тәжірибесін  қолдану,  ой-

пікірі жүзеге асырылады және нақтылы іс-әрекеттер 

бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің 

өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретінде 

қалыптасу деңгейі анықталады.

Мемлекеттік  тілді  дамыту  туралы    көтерілген 

мәселелер мен берілген тапсырмаларды жүзеге асыру 

мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту 

басқармасының Мемлекеттік тілді оқыту орталығы қазақ 

тілінің қолданыс аясын кеңейтуде түрлі семинарлар, 

конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да  іс- 

шаралар ұйымдастырып, мемлекеттік тілді жаңғыртуда. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет