Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»



Pdf көрінісі
бет32/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Қазақстандағы саяси модернизация 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  зайырлы,  демократиялық, 
құқықтық    және  әлемге  ашық  мемлекет  құруға  кірісті.  Елімізде  саяси 
партиялардың  және  партиялық  жүйенің  орнығуына,  күшті  заң  шығарушы 
органның,  тәуелсіз  баспасөз  және  автономиялық  жергілікті  басқарудың 
дамуына көп көңіл бөлінді. 
Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін, 
мақсат-мұратын  білдіретін  қастерлі  рәміздерді  құрмет  тұту,  сыйлау, 
асқақтата  дәріптеу  қазақстандық  әрбір  азаматтың  ең  қымбатты  борышы. 
Рәміз  дегеніміз  белгілі  бір  нәрсені  өз  қалпынан  өзге,  жанама  сипаттап 
көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба, 
Ту, Әнұран - әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым 
Қазақстан  тарихында  мемлекеттік  рәміздердің  дүниеге  келген  ерекше 
мәртебелі күн.  
Қазақстан  Республикасы  туының  авторы  –  Ш.Ниязбеков.  Тудың 
біртүстілігі  Қазақстан  халқының  бірлігін  білдірсе,  көгілдір  түс  геральдика 
тілінде  адалдықты,  кіршіксіз  тазалық  пен  пәктіктің  нышаны,  күн  –  энергия 
көзі,  байлықтың  нышаны.  Тудағы  бүркіт  бейнесі  мемлекеттік  билікті, 
кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың 
нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік 
тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” деп аталатын қазақы 
өрнек салынған. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары – Ж. 
Мәлібеков  пен  Ш.  Уәлиханов.  Елтаңба  мәңгі  өмірдің  белгісі,  отбасы 
берекесін,  бірлікті,  байлықты,  бейбітшілікті  меңзейді.  Қазақстан  Әнұраны 
әуенінің  авторлары  –  композиторлар  М.  Төлебаев,  Е.  Брусиловский,  Л. 
Хамиди болса, мәтінінің авторлары – ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. 
Молдағалиев,  Ж.  Дәрібаева.  Әнұранда  халқымыздың  еркіндікке  құштар 
көңілі,  тамыры  терең  болмысы,  келешегіне  бағышталған  арманы  көрініс 
тапқан.  Әнұран  патриоттық  сезімнің  белгісі.  Әнұранның    әуені  1992  ж.  4 
маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.  
2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 
туралы»  конституциялық  заңға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізіліп, 
бұрынғы Әнұранның орнына жаңа Әнұранның мәтіні қабылданды. Еліміздің 
жаңа  Әнұраны  -  жұртқа  әйгілі  «Менің  Қазақстаным»  әні.  Оның  сөзінің 
авторы – Жұмекен Нажмиденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. 
Жаңа  Әнұранның  мәтіні  бүгінгі  өмір  талаптарына  сай  ҚР  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаев тарапынан толықтырылды.  
Ал  2007  жылы  Елбасы  Жарлығымен  4  маусым  Мемлекеттік  рәміздер 
күні болып белгіленді. Бұл – Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет 
белгісі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір 
жарқын көріністерінің бірі.      

Астана – егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. 1997 жылы Республика 
Президенті  Н.Ә.Назарбаев  астананы  Алматы  қаласынан  Ақмола  қаласына 
көшіру  туралы  тарихи  шешім  қабылдады.  Бұл  тарихи  шешімнің 
қабылдануына  қаланың  өте  ірі  көліктік  жолдардың  тоғысында,  еліміздің 
ұтымды  геосаяси  орталығында орналасуы  себепкер болып,  ол  көп  жағдайда 
біздің жас мемлекетіміздің келешек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 
жылы 6 мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. 
Ал  20  мамырда  «Қазақстан  Республикасы  астанасының  мәртебесі  туралы» 
ҚР-ның  Заңы  қабылданды.  Осы жылғы 10 маусымда  тәуелсіз  Қазақстанның 
жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Біз айрықша қысқа 
мерзімнің  ішінде  еліміздің  дәл  ортасында  жаңа  астанамызды  тұрғыздық. 
Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.  
 Қоғамды  демократияландыру  барысында  жаңа  саяси  институттар  – 
парламент,  1993-ші  және  1995  жылдардағы  конституциялар  қабылданды, 
тәуелсіз  сот  билігі  қалыптасты.  Қазақстанда  көппартиялық  жүйе  пайда 
болды.  1999  ж.  республикада  14  саяси  партиялар  мен  30-ға  жуық  саяси 
қоғамдық  қозғалыстар,  бірлестіктер  құрылды.    Ал  2003  жылы  саяси 
партиялардың  саны  19-ға  жетті.  Жаңадан  халық  арасында  танымал  “Отан”, 
“Ақ жол” т.б. партиялар бой көтерді.  
1995  жылғы  желтоқсанда  өткен  бірінше  қоспалаталы  парламент 
сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан 
әрі  жалғасын  тапты.  Ашық  баламалы  сайлау,  саяси  күрес  мәдениеті, 
көппартиялық  жүйеге  кең  жол  ашылды.    Оның  нақтылы  дәлелі  ретінде 
елімізде  жүргізілген  Президент,  Парламент  Сенаты,  Парламент  Мәжілісі 
депутаттарын сайлауды айтуға болады.  
1999  жылғы  10  қаңтарда  болып  өткен  Қазақстан  Президенті  сайлауына 
балама  негізде  4  кандидат  тіркелді.  Олар:  Коммунистік  партия  өкілі 
С.Ә.Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ.Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің 
төрағасы  Ғ.Е.Қасымов  және  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев.  Қазақстан  Президентін  сайлауға  барлық  сайлаушылардың 
87,05  проценті  қатысты.  Дауыс  беру  қорытындысында  Н.Ә.Назарбаев 
жеңіске  жетіп,  қайтадан  Қазақстан  Республикасы  Президенті  болып 
сайланды.  Оған  дауыс  беруге  қатысқан  барлық  сайлаушылардың  79,79 
проценті өз дауыстарын берді.  
Қазақстандағы  болып  жатқан  демократиялық  өзгерістер  1995  жылы 
қабылданған  Ата  Заңында  өзінің  басты  көрінісін  тапты.  Еліміз  егемендік 
алғаннан  бері  екі  Конституция  қабылданды.  Оның  біріншісі  –  1993  ж. 
қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі бар 
еді.  Бірінші  Конституцияны  жасауда  асығыстыққа  жол  берілді.  Нақтылап 
айтсақ,  ел  ішінде  болып  жатқан  саяси-экономикалық  және  әлеуметтік 
процестерді  бірден  ой  елегінен  өткізу,  мемлекетіміздің  мүмкіндіктерін 
ғылыми тұрғыдан нақты айқындау әлі мүмкін болмады. Осындай себептерге 
байланысты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады. 1995 жылы 30 
тамызда  бүкіл  халықтық  дауыс  беру  арқылы  референдумда  еліміздің  жаңа 
Конституциясы қабылданды.  

Жаңа  Конституцияға,  оның  алдыңғысымен  салыстырғанды,  көптеген 
өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң 4 бөлім, 21 тарау, 
131  баптан  тұрған  болса,  кейінгісі  көлемі  жағынан  едәуір  қысқарып,  9 
бөлімнен,  98  баптан  тұрады.  Онда  еліміздің  экономикалық  күш-қуаты  мен 
мүмкіндіктері  ғылыми  тұрғыдан  тиянақталып,  халықтың  әлеуметтік 
топтарына  тиісті  кепілдікті  құқықтар  беретін  көкейкесті  мәселелерді  шешу 
ескерілді.  Жаңа  Ата  Заң  құқықтық  мемлекет  құруға  бағдарланған. 
Конституцияның кіріспесінде: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық
зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады:  оның 
ең  қымбат  қазынасы  –  адам  және  адамның  өмірі,  құқықтары  мен 
бостандықтары”,-  делінген.  Мемлекеттік  билік  заң  шығарушы,  атқарушы 
және  сот  биліктеріне  бөлінеді.  Конституция  бойынша  Қазақстан 
Президенттік  республика  болып  табылады.  Президент  елдің  ішкі  және 
сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарын  белгілейтін  мемлекет  басшысы,  ең 
жоғарғы лауазымды адам болып есептеледі.  
Конституцияда  Парламенттің  орны  мен  атқаратын  қызметі  айқын 
белгіленген.  Ол  заңдар  шығарып,  қабылдайтын  орган.  Парламент  –  Сенат 
және  Мәжіліс  палаталарынан  тұрады.  Бұған  дейін  Парламентте  мұндай  екі 
палата  деген  ұғым  болған  емес.  Жаңа  Конституцияда  екі  палаталы 
парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. Жоғары мемлекеттік 
органдар  жүйесіндегі  үкіметтің  тиісті  орны,  сот  билігінің,  прокуратураның 
қызметтері  де  айқындалған.  Бұрынғы  Ата  Заңда  көрсетілген,  бірақ  жете 
тиянақталмаған 
көптеген 
маңызды 
мәселелердің 
түйіні 
кейінгі 
Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе, жер, тіл, азаматтық,, негізгі 
құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы 
және  Президентті  айып  тағу  арқылы  қызметтен  кетіру  мәселесі  жөніндегі 
баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.  
Қорыта  келгенде,  біздің  жаңа  Конституциямыз,  еліміздің  рәміздері 
халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  аңсаған  шынайы  егемендікке  қол 
жеткізгендігінің 
нақты 
көрінісі 
болып 
табылады. 
Сондықтан 
республикамыздың  әрбір  азаматы  Ата  Заңымыздың  мазмұнын  жете  біліп, 
оның  талаптары  мен  қағидаларын  мүлтіксіз  сақтауға,  мемлекеттік 
нышандарды құрметтеуге міндетті.  
2007  жылы  мамырда  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Ол республика 
халқы  тарапынан  түсіністікпен  жылы  қабылданды.  Конституциялық 
реформалардың негізгі мақсаты – қоғамды одан әрі демократияландыру. Бұл 
жаңа  өзгерістер  мен  толықтырулардың  негізгі  мәні  қандай?  Біріншіден, 
президенттік  жүйеден  басқарудың  президенттік-парламенттік  моделіне 
көшудің  конституциялық  негізі  қаланды.  Елбасы  өз  ұсынысымен  біраз 
өкілеттілігін Парламентке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар 
өзгерістер  енгізілді.  Парламенттің  құзіреті  едәуір  кеңейтілді.  Президенттің 
құзіреті  біршама  шектелді.  2012  жылдан  кейін  Президент  7  жылға  емес,  5 
жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен 
жауапкершілікті  Парламентпен  бөлісті.  Президент  Үкімет  басшысын  саяси 

партиялардың  фракцияларымен  ақылдасып-кеңесуден  кейін  әрі  Мәжіліс 
депутаттары  көпшілігінің  келісімімен  ғана  тағайындайтын  болды,  яғни 
Президент  үкіметті  жасақтауды  Мәжіліспен  келісіп  шешеді.  Енді  Премьер-
Министрді  бекітуде,  демек  бүкіл  Үкіметті  де  бекітуде  басты  рөл  Мәжіліске 
беріледі. 
Парламенттің  мәртебесін  көтеретін  бірқатар  өзгерістер  енгізілді. 
Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мәселен, Мәжілісте енді 107 депутат 
болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық 
жүйемен  жеке  округтар  бойынша  емес,  пропорционалды  негізде  партиялық 
тізім бойынша сайланады. Депутаттар сайлаудың пропорционалдық жүйесіне 
көшу  саяси  партиялардың  қоғамдағы  рөлін  арттыруға,  әрі  депутаттардың 
сапалық құрамын жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана 
емес,  оның  орындалуына  да  бақылау  жасай  алады.  Палаталардың  бірлескен 
отырысында  Парламент  Үкімет  пен  Республикалық  бюджеттің  атқарылуын 
бақылау жөніндегі есеп комитетінің бекітілген бюджеттің орындалуы туралы 
есебін  қарап  бекітеді.  Егер  оны  бекітпесе,  бұл  Үкіметке  білдірілген 
сенімсіздік  деп  танылады.  Мәжілістің  Үкіметке  сенімсіздік  білдіруі  үшін 
бұрынғыдай депутаттар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай 
көпшілік  дауысы  жеткілікті  болады.  Сөйтіп,  Конституцияға  енгізілген 
түзетулерге  сәйкес  Үкіметтің  Мемлекет  басшысының  алдында  ғана  емес, 
Парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді.  
Сонымен  бірге  қазір,  Конституцияға  енгізілген  өзгерістерге  сәйкес 
Мәжілістің  9  депутаты  Қазақстан  халқы  Ассамблеясынан  сайланады.  Сенат 
депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен кейін тағайындалады. 
Сенат  та  көп  өкілеттілікке  ие  болады.  Ол  Ұлттық  банктің  төрағасын,  Бас 
прокурорды,  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  төрағасын  тағайындау  және 
оларды қызметтен босату жөнінде Президентке келісім береді. Сенат құрамы 
республика  Президенті  тағайындайтын  15  депутаттың  есебінен  көбейтілді. 
Парламенттегі  154  депутаттың  47-сі  сенаторлардан  құралады.  Сенат  пен 
Мәжілістің  бірлескен  отырысы  ең  қажетті  жағдайда  өтеді.  Көбінесе  өздері 
жеке  жұмыс  істейді.  Мәжіліс  өз  қызметін  тоқтатқан  жағдайда  Сенат  бүкіл 
Парламент үшін жұмыс істей береді.  
Конституциялық  реформа  бойынша  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жаңа 
деңгейге  көтеріледі.  Мәслихаттардың  бұл  бағыттағы  мәртебесі  күшейтіледі. 
Жергілікті мәслихаттар мен олардың депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді. 
Олардың  өкілеттік  мерзімі  4  жылдан  5  жылға  ұзартылады.  Мәслихаттар 
жергілікті әкімдерді тағайындауға келісім береді. Ендігі жерде облыстардың, 
қалалар  мен  аудандардың  әкімдері  сол  деңгейлердегі  мәслихаттардың 
келісімімен  ғана  тағайындалатын  болады.  Сондай-ақ  мәслихаттарға  басым 
көпшілік дауыспен әкімдерге сенімсіздік білдіру, оларды қызметінен босату 
жөнінде мәселе көтеру құқығы берілді. Осылайша, мәслихаттар мен олардың 
депутаттарының саяси рөлі арта түседі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі 
мәслихаттар болатыны Конституцияда баянды етілген.  
Конституциялық  реформада  саяси  партиялардың  қоғамдағы  рөлін 
күшейтуге  көп  негіз  жасалған.  Сайлауда  жеңіске  жеткен  партия  үкімет 

жасақтауға  мүмкіндік  алады.  Конституциядағы  қоғамдық  бірлестіктерді 
мемлекеттік қаржыландыруға салынған тыйым алынып тасталды. Енді саяси 
партиялар  бұл  қаржыға  иек  арта  алады.  Республика  Президентінің  өз 
өкілеттілігін  атқару  кезінде  саяси  партиялардағы  өз  қызметін  тоқтата 
тұратындығы  туралы  43-баптағы  2-тармақ  алынып  тасталды.  Енді 
Президенттің саяси партияны басқаруға құқығы бар. Бұл да саяси партияның 
рөлін арттыра түспек.  
Сот  жүйесінің  тәуелсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  шаралар 
ескерілді.  Судьяны  іріктеу-таңдау  бір  жүйеге  келтіріліп,  Жоғары  Сот 
Кеңесінің  қарауына  берілді.  Бұдан  былай  барлық  деңгейдегі  соттардың 
судьяларын  тағайындауға  ұсынымды  Жоғары Сот  Кеңесі  жасайтын  болады. 
Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау біршама жақсартылған. 
Елімізде 2004 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. 
Енді  өлім  жазасы  іс  жүзінде  қолданыстан  шығарылды.  Өлім  жазасын  жою 
заңды  түрде  енгізілді.  Жаңа  өзгерістерге  байланысты  біздің  елімізде 
адамдарды  апатқа  ұшыратуға  соқтырған  террорлық  қылмыстар  жасағаны 
үшін,  сондай-ақ  соғыс  кезінде  ерекше  ауыр  қылмыстар  жасағаны  үшін  ғана 
адамдарға  өлім  жазасы  қолданылады,  әрі  олардың  кешірім  жасау  туралы 
өтініш ету құқы да қарастырылған.  
Сондай-ақ  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  сақтауға 
бағытталған  Конституцияның  16-бабының  2-тармағы  жаңа  редакциямен 
қабылданды:  Заңда  көзделген  реттерде  ғана  және  тек  қана  соттың 
санкциясымен  тұтқындауға  және  қамауда  ұстауға  болады,  тұтқындалған 
адамға  шағымдану  құқығы  беріледі.  Прокуратура  органдары  бұл  құқықтан 
айырылады.  Соттың  санкциясынсыз  адамды  72  сағаттан  аспайтын  мерзімге 
ұстауға  болады.  Мұның  өзі  адам  құқығын  сақтауға  бағытталған  оң  өзгеріс 
болып табылады.  
Жаңарған  Конституция  бойынша  жасы  қырыққа  толған,  мемлекеттік 
тілді  толық  меңгерген,  соңғы  15  жыл  бойы  Қазақстанда  тұратын,  туа 
республиканың  азаматы  болып  табылатын  кез  келген  адамның  Президент 
болып сайлануға құқығы бар. 
Конституцияға  енгізілген  жаңалықтардың  ішінде  парламентарийлердің 
ұсынысымен енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел Президенті болып бір 
адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды» деген тұжырым одан әрі 
күшінде  қалып,  ол  «бұл  шектеу  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 
Президентіне  қолданылмайды»  деген  сөздермен  толықтырылды.  Мұны 
палаталардың бірлескен отырысында депутаттардың өздері көтерді. Тұңғыш 
Президенттің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы ерен еңбегін 
бағалай  отырып,  елдің  экономикалық  қуатын  арттыру,  қорғаныс  қабілетін 
күшейту,  республиканы  бүкіл  әлемге  таныту  жолындағы  қыруар  істеріне 
көрсетілген  құрмет  ретінде  осындай  қадамға  барғанын  депутаттар  ашық 
айтты.  Екі  депутаттан  басқасы  мұны  бірауыздан  қолдады.  Соған  сәйкес  Н. 
Назарбаев  тұңғыш  Президент  әрі  жалпыға  танылған  ұлттық  көшбасшы 
ретінде ерекше құқыққа ие болып, Конституцияда белгіленген екі мерзімнен 

тыс,  әрине,  баламалы  негізде  мемлекет  басшысының  лауазымына  дауысқа 
түсу мүмкіндігін алды.  
Парламент  қабылдаған  өзгерістер  мен  толықтырулар  сипаты 
Конституциямыздың  жаңа  мазмұнға  ие  болғанын  көрсетеді.  Бұл 
Конституциялық  реформа  заман  талабынан,  тарихи  қажеттіліктерден  туған 
еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышарты болып табылады. 
Біздің  еліміз  саяси  жаңарудың,    демократиялық  дамудың  жаңа  кезеңіне  аяқ 
басты.  
2007  жылғы  18  тамызда  өткен  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің 
төменгі  палатасы  -  Мәжілісті,  сондай-ақ  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
органдары  –  облыстық  және  аудандық  мәслихаттарын  мерзімінен  бұрын 
сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілуімен  байланысты  болып,  ол  елдің  президенттік  басқарудан 
президенттік-парламенттік  басқару  түріне  өтуін  заң  жүзінде  баянды  етті. 
Мұндай  қадам  демократияны  дамыту  мен  азаматтық  қоғам  құруға 
бағытталған  Қазақстан  Республикасында  жүзеге  асырылып  отырған 
саясаттың қисынды нәтижесі болды.  
Тәуелсіз 
Қазақстанның 
тарихында 
тұңғыш 
рет 
бұл 
сайлау 
пропорционалды  жүйе  негізінде  партиялық  тізіммен  өтті.  Мажоритарлық 
жүйеден  кетіп,  саяси  партиялар  бәсекеге  түсетін  сайлау  жүйесін 
қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматтарының өз 
еріктерін еркін білдіруі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз атанды, 
бұл партияны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 
басқарады.  Сөйтіп,  елдің  қалауымен  көп  дауыс  жинаған  «Нұр-Отан» 
халықтық-демократиялық  партиясы  қатарластарынан  озып  шықты.  Әрине, 
нұротандықтар  басқа  партиялар  сияқты  науқан  кезінде  ғана  емес,  қай  кезде 
де  үздіксіз  жұмыс  жүргізіп,  еліміздің  өсіп-өркендеуіне  тұрақты  атсалысты. 
Сайлауға  электораттың  65  пайызға  жуығы  қатысуы  жағдайында  бұл  партия 
дауыстардың 88-ден астам пайызын жинады, сөйтіп, заңмен белгіленген жеті 
пайыздық сайлау кедергісінен өткен бірден-бір саяси күшке айналды.  
Мониторингтің  нәтижелері  бойынша,  тұтастай  алғанда,  Қазақстан 
Республикасындағы  кезектен  тыс  сайлау  елдің  қолданыстағы  заңына  сәйкес 
өткізілді.  Дауыс  беру  барысында  анықталған  жекелеген  ұсақ-түйек  заң 
бұзушылықтар  сайлаушылардың  еркін  білдіруіне  ықпал  еткен  жоқ.  Барлық 
саяси  партиялармен  қатар,  үміткерлерге  тең  жағдай  жасалды.  Бұқаралық 
ақпарат  құралдарында  белгіленген  күнге  дейін  сөйлеуіне,  халыққа  өз 
бағдарламасын таныстыруына мүмкіндік берілді.   
Сөйтіп,  біз  тарихымызда  тұңғыш  рет  Шығыс  Азия  мемлекеттерінің 
тәжірибесін  және  өзіміздің  көпұлтты  әрі  көп  дінді  қоғамымыздың 
ерекшелігін  ескеріп,  Батыс  демократиясының  қағидаттарына  сай  келетін 
тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.  
Қазақстан 
Республикасының 
егемендігінің 
жариялануы 
және 
мемлекеттік  тәуелсіздік  алуы,  бірпартиялық  өктемдіктің  және  социалистік 
саяси  жүйенің  ыдырауы  демократиялық  принциптер  негізінде  қызмет 
жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне 

жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-
мүдделерін,  талап-тілектерін  жүзеге  асыру  жолында  қызмет  жасаған  саяси 
партиялар  қалыптасты.  Жаңадан  құрылған  қоғамдық  бірлестіктер  мен  саяси 
партиялар  қоғамдық-саяси  өмірді  демократияландыру,  саяси  әр  алуандық, 
халықтың  әр  түрлі  әлеуметтік  топтарының  мүдделері  мен  құқықтарын 
қорғау,  тұрақты  әлеуметтік-экономикалық  дамуға  қол  жеткізу  мақсатында 
кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық 
қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды.  
1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті 
болды.  Оған  КОКП  Орталық  Комитетінің  кейбір  жетекшілері  қатысты. 
Мұның  өзі  партияның,  оның  басшы  органдарының  беделін  түсірді.  Бұл 
жағдай  Қазақстан  Компартиясының  жұмысына  теріс  әсерін  тигізді.  Сөйтіп, 
1991  жылғы  қыркүйек  айында  өткен  республика  Компартиясының  төтенше 
съезінде 
оның 
қызметі 
тоқтатылды. 
Өзін 
Компартияның 
ісін 
жалғастырушымыз деп  санайтын  Қазақстан социалистік партиясы құрылды. 
Оның  құрамында  сол  кезде  50-60  мың  мүшесі  болды.  1992  жылы  наурызда 
Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы 
саяси,  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  және  партияның  таяудағы 
міндеттері,  партияның  бағдарламасы  мен  жарғысына  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.  
1991  жылы  қазанда  жетекшілері  О.Сүлейменов  пен  М.Шаханов  болған 
Қазақстан  Халық  Конгресі  партиясы  құрылды.  Сондай-ақ,  бірқатар 
коммунистер  бұрынғы  Қазақстан  Коммунистік  партиясының  қызметін 
қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады.  
Барлық  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  қозғалыстардың  алдында  тек 
демократиялық  жолмен,  Конституция  талабына  сай  қызмет  ету  мақсаты 
қойылды.  Олар  парламенттік  партияларға  айналу,  сайлаушылардың  көп 
дауысына  ие  болу  үшін  күрес  жүргізді.  Бұл  саяси  партиялар  мен  қоғамдық 
қозғалыстар тек құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс 
жасап отыруға тырысты.  
Қайта  құру  жағдайында  Қазақстанның  қоғамдық  ұйымдарында  да 
сапалық  жаңа  өзгерістер  іске  асты.  1991  жылы  қазан  айында  Қазақстан 
комсомолының  кезектен  тыс  ХҮІІІ  съезі  болып  өтті.  Съезд  делегаттары 
республика  комсомолын  Қазақстанның  жастар  одағына  ауыстыру  жөнінде 
шешім  қабылдады.  Оның  алдында  республика  жастарының  құқықтары  мен 
мүдделерін қорғау міндеті қойылды.  
Осы  кезде  кәсіподақтың  жергілікті,  әсіресе,  бастауыш  ұйымдарының 
рөлін  көтеруге  ерекше  мән  берілді.  Олар  өздерінің  мұшелерінен  жиналған 
қаржыларды  ұйым  қажетіне  жұмсауға  толық  ерік  алды.  Қазақстан  Орталық 
кәсіподақ  комитеті  және  облыстық  кәсіподақ  комитеттері  салалы  кәсіподақ 
Кеңестері  болып  қайтадан  құрылды.  Соңғы  жылдардағы  кәсіподақ 
ұйымдарының  негізгі  қол  жеткен  табысы  –  ол  әр  түрлі  саяси  және 
мемлекеттік  ұйымдардан  тәуелсіздік  алды.  Бұқара  халықтың  мүддесін 
қорғауда  олар  көптеген  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  мемлекеттік 

және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын 
жағдайға қолдарын жеткізді.  
Сондай-ақ  бұл  жылдары  әйелдер  кеңесіне  балама  ұйымдар  әдеттен  тыс 
төменнен  пайда  болды.  Солдат  аналарының  комитеті,  Қазақстан  мұсылман 
әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы, “Айша”, “Ақ отау” 
және  Іскер  әйелдер  қауымдастығы  құрылды.  Сөйтіп,  республикада  1991 
жылы  барлығы  120-дан  астам  дербес  қоғамдық  негізде  бірлестіктер  жұмыс 
істеді.  
Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80-ші жылдардың 2-ші 
жартысында  қоғамды  қайта  құру  барысында  Қазақстанның  қоғамдық-саяси 
өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.  
Қоғамдық-саяси  қозғалыстардың  ішінен  «Азат»  (1990  ж.  1  шілде), 
«Поколение»  (1992  ж.  24  қараша),  «Лад»  (1993  ж.  мамыр),  «Азамат» 
азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. 
Қазақстанда  қоғамдық  бірлестіктердің  қалыптасуының  келесі  кезеңінде 
Қазақстанның  либералдық  қозғалысы  (1997  ж.  мамыр),  «Қазақстанның 
болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» 
(1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық 
қозғалыстары  (1998),  Қазақстанның  демократиялық  таңдауы  қоғамдық 
бірлестігі  (2002),  т.б.  құрылды.  1989-1994  ж.  аяғында  Қазақстанда  500-ге 
жуық  қоғамдық  бірлестік  ҚР  Әділет  министрлігінде  тіркелді.  1998  ж. 
олардың  саны  1500-ден  асты,  ал  2001  жылдың  аяғына  қарай  елде  1700-ден 
астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.  
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  елде  көппартиялық 
жүйе  қалыптасты.  Қазақстанның  социал-демократиялық  партиясы  (1990  ж. 
26  мамыр),  Қазақстанның  социалистік  партиясы  (1991  ж.  7  қыркүйек), 
Қазақстан  халық  конгресі  партиясы  (1991  ж.  5  қазан),  Қазақстанның 
республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда 
«Алаш»  ұлттық  партиясы  болып  өзгерді),  Қазақстан  коммунистік  партиясы 
(1991  ж.  қазан),  Қазақстан  халық  бірлігі  партиясы  (1993  ж.  6  ақпан), 
Қазақстан  халықтық-кооперативтер  партиясы  (1994  ж.  15  желтоқсан), 
Қазақстан  дәуірлеу  партиясы  (1995  ж.  27  қаңтар),  Қазақстанның 
демократиялық  партиясы  (1995  ж.  1  шілде),  Республикалық  еңбек  саяси 
партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.  
Көппартиялықты  құқықтық  жағынан  реттеу  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясының  5  бабында,  сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасының 
«Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы» 
(2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе 
дамуының  келесі  кезеңінде  Қазақстанның  азаматтық  партиясы  (1998  ж.  17 
қараша),  Қазақстан  республикалық  халықтық  партиясы  (1998  ж.  17 
желтоқсан),  Қазақстанның  аграрлық  партиясы  (1999  ж.  6  қаңтар), 
Республикалық    «Отан»  партиясы  (1999  ж.  19  қаңтар),  «Азамат» 
демократиялық  партиясы  (1999  ж.  27  наурыз),  Қазақстан  әйелдерінің 
демократиялық  паартиясы  (1999  ж.  21  маусым),  Қазақстан  патриоттарының 
партиясы  (2000  ж.  1  шілде)  құрылды.  2002  жылдың  2-ші  жартысында 

Қазақстанның  бірлескен  демократиялық,  Қазақстанның  «Ақ  жол» 
демократиялық  партиясының  құрылтай  съездері  болып  өтті.  2002  ж.  15 
шілдеде  қабылданған  «Саяси  партиялар  туралы»  жаңа  заңда  саяси 
партиялардың  құқықтық  негіздері,  олардың  құқықтары  мен  міндеттері, 
қызметінің  кепілдіктері  белгіленді,  саяси  партиялардың  мемлекеттік 
органдармен  және  басқа  ұйымдармен  қатынастары  реттелді.  Көппартиялық 
институтының  пайда  болуы  елде  азаматтық  қоғам  орнатудың  маңызды 
белгілерінің  бірі.  Бұл  қоғамның  саяси  жүйесінің  тиімділігін,  елде 
демократияның  орныққанын,  саяси  құқықтардың  қамтамасыз  етілгенін 
дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді.  
«Саяси  партиялар  туралы»  Заңға  2002  ж.  өзгертулер  енгізілуіне 
байланысты,  2003  ж.  Қазақстанның  азаматтық  партиясы,  Қазақстанның 
аграрлық  партиясы,  Қазақстанның  «Ақ  жол»  демократиялық  партиясы, 
Қазақстан  коммунистік  партиясы,  Республикалық  «Отан»  саяси  партиясы, 
Қазақстан  патриоттарының  партиясы,  Қазақстан  социал-демократиялық 
«Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті.  
Қазақстандағы  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  бірлестіктер  әлеуметтік 
әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық 
және  азаматтық  келісім  орнатуға  жәрдемдесіп,  Қазақстанның  тұрақты 
дамуына,  өзекті  қоғамдық  мәселелердің  шешілуіне  үлесін  қосып  келеді. 
Саяси  партиялардың  көпшілігі  Республика  президентінің  алған  бағытын, 
оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.  
Қазақстанның  тәуелсіздікке  қол  жетуімен  қазақ  халқының  рухани 
өмірінде  жаңа  мәдени  процестер  кеңінен  өріс  алды.  Халыққа  білім  беру, 
ғылым  мен  мәдениет  өз  дамуының  даңғыл  жолына  шықты.  Олар  бұрынғы 
Кеңес  Одағы  кезеңіндегі  партиялық  идеология  мен  саяси  қағидалардың 
қыспағынан құтылды.  
Өтпелі  кезеңнің  қиыншылықтарына  қарамастан  Қазақстанда  білім 
жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңғы жылдары оқу мазмұны 
өзгерді,  білім  стандарттары  жасалды,  оқытудың  жаңа  әдістемесі  енгізілді. 
Бірыңғай  орта  мектептермен  қатар  гимназиялар,  лицейлер,  жеке  және 
авторлық  мектептер  ашылып,  жұмыс  істей  бастады.  Көптеген  жаңа 
оқулықтар шығарылды. Мектептерде бұрын КСРО тарихы оқытылып келсе, 
енді қазақ халқының өз тарихы терең талданып оқытылатын болды.  
Қазақстанның  Білім  және  ғылым  министрлігінің  мәліметтері  бойынша 
2000/2001  оқу  жылында  елде  жалпы  білім  беретін  мектептердің  саны  8007 
болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і 
өзбек, 3 тәжік, 1 украин мектебі. Соңғы жылдары республикада қазақ тілінде 
оқитын  оқушылардың  саны  едәуір  артып,  2003  жылы  олар  барлық  мектеп 
оқушыларының  54,4%-ін  қамтыған.  Республика  мектептерінде  техникалық 
ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияларын  енгізуде  де  оң 
қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың 
бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден 
келген.  “Интернет-мектепте”  бағдарламасы  аясында  1414  оқу  орны,  оның 
ішінде  868  ауыл  мектебі  ақпарат  желісіне  қосылған.  Жалпы  білім  беретін 

мектептерді  «интернеттендіру»  жөніндегі  жұмыстар  белсенді  түрде 
жалғастырылып  келеді.  Бүгінде  интернет  жүйесіне  ауыл  мектептерін 
қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.  
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді. Соңғы 
он жылда (1997-2007 жж.) білім саласын мемлекеттік қаржыландыру көлемін 
6,7  есе  арттыруға  қол  жеткізілді.  (Тәуелсіздіктің  16  жылдығына  арналған 
салтанатты  жиналыстағы  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  сөзінен.  /Егемен 
Қазақстан. 15.12. 2007 ж.).  
Жылма жыл мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көтеріліп келеді. 2006 
жылдан  бері  жоғары  оқу  орындарының  таңдаулы  200  оқытушысына 
конкурстық негізде құны 15 мың АҚШ долларына тең «Жоғары оқу орнының 
үздік  оқытушысы»  гранты  тапсырылып  жүр.  Жыл  сайын  республикалық 
бюджет  қаржысының  есебінен  30  мыңнан  астам  педагогтың  қайта 
дайындықтан өтуі мен біліктілігінің арттырылуы жүзеге асырылуда.  
Еліміз  егемендік  алған  жылдары  жоғары  және  орта  арнаулы  білім 
беретін  оқу  орындарында  да  бірсыпыра  жаңа  өзгерістер  орын  алды. 
Республиканың  жетекші  оқу  орындары  -  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университеті,  Абай  атындағы  Алматы  университеті,  Қазақ  ұлттық 
техникалық  университеті  және  басқалар  Қазақстанның  тәуелсіз  ішкі  және 
сыртқы  саясатын  жүргізуге  қабілетті  маман  кадрлар  даярлайтын  жаңа 
факультеттер  ашты.  Түркістандағы  Ахмет  Яассауи  атындағы  халықаралық 
қазақ-түрік 
университеті, 
Сыртқы 
істер 
министрлігі 
жанынан 
Дипломатиялық  Академия  ашылып,  жұмыс  істеп  жатыр.  1997  жылы 
республикада  мемлекеттік  53  жоғары  білім  беретін  және  40-тан  астам  жеке 
меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары 
оқу  орындары  47-ге  дейін  азайды,  оған  керісінше  мемлекеттік  емес  жоғары 
оқу  орындарының  саны  160-тан  асты.  2003  жылы  Қазақстан  Білім  және 
ғылым  министрлігінің  шешімімен  43  мемлекеттік,  130  жеке  жоғары  оқу 
орындары қалдырылды.  
Қазақстанның  тәуелсіздік  алуымен  байланысты  халыққа  білім  беру 
саласында  халықаралық  қарым-қатынас  кеңейді.  Бүгінгі  күндері  мыңдаған 
оқушылар, студенттер және аспиранттар оқуларын шет елдерде жалғастырып 
жатыр.  Осы  мақсатта  Қазақстан  Президенті  жанынан  “Болашақ” 
бағдарламасы  бойынша  арнаулы  қор  құрылып,  республиканың  жоғары  оқу 
орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-
қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және т.б. жерлерге оқуға 
жіберіледі. Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті әлемнің 25 
университетіне  оқуға  жіберуде.  Соңғы  13  жылда  2  мың  қазақстандық 
шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алып қайтты (Егемен Қазақстан, 
27.11.2007). Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шетелдерде 
білім  алуда.  Олар  Қазақстанның  кадрлық  әлеуетінің  перспективалық  негізі 
болады (Егемен Қазақстан. 15.12.2007).    
2000  жылдан  бастап  қазақстандық  ғылымды  қаржыландыру  7  есеге 
артты. Бүгінде Қазақстанда  бір мың жұмыс істеушіге 3 ғалымнан келеді, ал 
енді  Ресейде  бұл  көрсеткіш  7,5-ке,  ЕО-да  –  5,8-ге,  АҚШ-та  –  9,3-ке  тең. 

Біздің  деңгейді  орташа  еуропалық  деңгейге  дейін  көтеру  үшін  біз  ғылымды 
қаржыландыруды  2012  жылы  25  есе  ұлғайтып,  оны  жылына  350  миллиард 
теңгеге  дейін  жеткізуді  жоспарлап  отырмыз  (ҚР  Президентінің  Интернет-
конференциясы. Егемен Қазақстан, 8.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғылым 
және білім беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу 
үшін  барлық  жағдайлар  жасалуда.  Ғылымды  дамытуда  бірқатар  басым 
бағыттар белгіленді. Астанада арнаулы ғылыми зертханалар құрылды.  
Кейінгі  жылдары  әдебиет  пен  ұлттық  тілдің  мәртебесін  көтеруде 
бірқатар  шаралар  іске  асырылуда.  30-шы  жылдары  нәубетке,  жазықсыз 
жазаға  ұшыраған  ғалымдарды,  жазушыларды,  мамандарды  ақтау  жүзеге 
асты. 
А.Байтұрсыновтың, 
М.Жұмабаевтың, 
М.Дулатовтың, 
Ш.Құдайбердиевтің, 
Ә.Бөкейхановтың, 
Х.Досмұхамедовтың, 
Ж.Аймауытовтың  және  басқалардың  кітаптары  жарық  көрді.  Іс  жүргізуді 
қазақ  тіліне  көшіру  жөнінде  жан-жақты  шаралар  белгіленіп,  олар  жүзеге 
асырылуда.  Барлық  жоғары  және  арнаулы  оқу  орындарында  қазақ  тілінде 
оқыту бөлімдері ашылды.  
Экономикалық  қиындықтарға  қарамастан  республикада  мемлекеттік 
театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың 
музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, 
Мәдениет  министрлігі  жанынан  күрделі  мәдениет  мәселелері  бойынша 
ғылыми  орталық  ашылды.  Өнерде  менеджменттің  тиімді  үлгілері  өмірге 
келді.  Мысалы,  Айман  Мұсаходжаева  "Солистер  академиясы"  оркестрін 
ұйымдастырып,  бүкіл  музыкалық  білім  беруді  қайта  құру  жөнінде  ұтымды 
жұмыс  жүргізді.  Соның  нәтижесінде  1998  жылы  Астана  қаласында  тұңғыш 
рет  ұлттық  музыка  Академиясы  құрылды.  Жәния  Әубәкірова  музыкалық 
мектептің  негізінде  колледж,  ал  жазушы  Әбдіжәміл  Нұрпейісов  “ПЕН-
клубын”  ашты.  Осының  бәрі  өнер  саласындағы  дарынды  адамдардың  өз 
идеяларын  жүргізу  үшін  тиімді  де  пайдалы  нысандар  тауып  жатқанын 
көрсетеді.  
Мәдениетті  дамытуда  жоғары  кәсіби  мәдениет  кадрлары  мен 
мамандардың  атқаратын  рөлі  зор.  Осы  жағдайды  ескере  отырып,  мәдениет 
саласына  қажетті  кадрларды  дайындау  ісі  республиканың  5  жоғары  39 
орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді.  
Еліміздің  мәдениеті  мен  рухани  өрлеуіне  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың 
2000  жылды  –  Мәдениетті  қолдау  жылы  деп  жариялауының  үлкен  маңызы 
болды.  Бұл  жылы  мәдениет  мекемелерін  дамытуға,  олардың  материалдық 
базасын  нығайтуға  бағытталған  едәуір  жұмыстар  атқарылды.  727  мәдениет 
мекемелері  жаңадан  ашылды.  Олардың  қатарында  Астанада,  Петропавлда, 
Оралда,  Өскеменде  және  Түркістан  қаласында  ашылған  театрлар  бар. 
Мәдениетті  қолдау  жылының  шарықтау  шегі  Түркістан  қаласының  1500 
жылдық  тойын  тойлаумен  сабақтас  келді.  Бұл  үлкен  тойды  дайындау  және 
өткізу барысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яассауидің кесенесі, Әзірет 
Сұлтан  мемлекеттік  тарихи-мәдени  қорығы  т.б.  нысандар  қайтадан 
жаңғыртылды.  2002  жылы  Тараз  қаласының  2000  жылдығы  ЮНЕСКО 
деңгейінде атап өтілді.  

Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  бері  аз  уақыттың  ішінде  ұлтымыздың 
мәдениетін  тек  өз  елімізде  ғана  емес,  сонымен  қатар  бүкіл  әлемге  таныта 
бастады.  1995  жылы  ЮНЕСКО  ауқымында  ұлы  Абайдың  150  жылдығы,  ал 
1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 
жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісінің  80  жылдығы,  дарынды  ақын,  халықтар 
достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау 
еліміздің  тарихындағы  жарқын  оқиға  болды.  Еліміздің  Президенті 
жарлығымен  1997  жыл  жалпыұлттық  татулық  және  саяси  қуғын-сүргін 
құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл – Халық бірлігі мен 
ұлттық  тарих  жылы  деп  атап  өтілді.  Тарих  жылы  23  ірі-ірі  ғылыми 
форумдардың  өткізілуімен  ерекшеленді.  Соның  ішінде  Республика  ұлттық 
ғылым  академиясы  тарихында  тұңғыш  рет  АҚШ,  Ресей,  Қытай,  Өзбекстан, 
Қырғызстан,  Түркия,  Жапония  ғалымдарының  қатысуымен  отандық  тарих 
проблемаларына арналған арнайы  сессия  өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы 
және  Қазақстан”,  “А.Байтұрсынов  -  ғалым,  ағартушы,  қоғам  қайраткері”, 
“Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі” сияқты халықаралық және 
көптеген  республикалық  ғылыми  конференциялар  жоғары  деңгейде 
ұйымдастырылды.  Республиканың  барлық  облыстарына,  сондай-ақ,  көрші 
елдердің  шекаралас  аудандарына  ірі-ірі  24  ғылыми  экспедициялар 
аттандырылды.  Сонымен  қатар  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  өңірінде, 
Ордабасы  тарихи-мәдени  аймағында,  Орталық  Қазақстан  аумағында 
археологиялық зерттеулер жүргізілді.  
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығымен  1999  жыл  - 
Ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы  жылы  деп  жарияланды.  Осымен 
байланысты  өткен  ғасырлардан  жеткен  орасан  зор  мәдени-тарихи  мұраны 
сақтап,  оны  жинақтап  келешек  ұрпақтың  игілігіне  айналдыру  міндеті 
қойылды.  Өйткені  еліміздің  аумағында  25  мыңнан  астам  тарихи-мәдени 
объектілер  бар,  олардың  8  мыңнан  астамы  мемлекеттің  қорғауына  алынып, 
10-ы  ЮНЕСКО-ның  Бүкіл  дүние  жүзілік  мұраларды  сақтау  орталығының 
жасалған тізіміне енгізілген.  
Қазақстан  полиграфиялық  баспаларынан  тарихи-мәдени  мұраларды, 
әлем  әдебиетінің  ең  үздік  үлгілерін  жарыққа  шығару  жандана  түсті.  Соңғы 
жылдары 
“Қазақстан 
ұлттық 
энциклопедиясының” 
10 
томы, 
Н.Ә.Назарбаевтың  “Ғасырлар  тоғысында”,  “Сындарлы  онжылдық”  т.б. 
еңбектері, 10 томдық “Тарихи және мәдени ескерткіштер” жинағы, Мұстафа 
Шоқай  шығармаларының  екі  томдығы,  Қытай  мұрағаттары  негізінде  қазақ 
тарихына  арналған  бес  кітап,  бес  томдық  Қазақстан  тарихының  үш  томы 
жарық  көрді.  Қазақ  халқының  125  томдық  ауыз  әдебиетін,  “Алаш  мұрасы” 
атты  көп  томдық  серияларын,  Ә.Марғұлан  еңбектерінің  14  томдығын, 
М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин  тағы  да  басқа  қазақ 
әдебиеті  классиктерінің  көп  томдық  серияларын  басып  шығару  қолға 
алынды.  
Алдағы  кезеңде  республика  мәдениетін  дамыту  үшін  барлық 
мүмкіндіктерді  барынша  пайдаланып,  оған  қолайлы  жағдай  жасау  міндеті 
тұр.  Осыған  байланысты  Президент  Н.Ә.Назарбаев  “Ішкі  және  сыртқы 

саясаттың  2004  жылға  арналған  негізгі  бағыттары”  Жолдауында  мәдениетті 
дамытудың  нақты  жолдарын  “Мәдени-тарихи  мұраны  сақтау”  деген 
бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған: 
Біріншіден,  халықтың  орасан  мол  мәдени  мұрасын,  соның  ішінде  осы 
заманғы  ұлттық  мәдениетін,  фольклорын,  дәстүрлері  мен  салттарын 
зерделеудің біртұтас жүйесін жасау. 
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи 
және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету. 
Үшіншіден,  ұлттық  әдебиет  пен  жазудың  сан  ғасырлық  тәжірибесін 
қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау. 
Төртіншіден,  мемлекеттік  тілде  әлемдік  ғылыми  ойдың,  мәдениет  пен 
әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды 
қорын жасау. 
Қорытып  айтқанда,  мұның  барлығы  елдің  экономикасы  оңала  бастаған 
тұста  әдебиет  пен  мәдениет,  жалпы  руханият  мәселелеріне  айрықша  назар 
аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты 
екендігін көрсетеді.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет