Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»



Pdf көрінісі
бет9/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

Мемлекеттік емтихан сұрақтары 
1. Қазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның археологиялық ескерткіштері 
2. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі және оның археологиялық ескеріткіштері. 
3. Сақтар: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті. 
4. Қаңлы мемлекеті: саяси тарихы және шаруашылығы. 
5. Ғұндардың саяси және этникалық тарихы.  
6. Түркеш қағанаты: саяси тарихы, мәдениеті. 
7. Батыс Түрік қағанаты мәдениеті.Ежелгі түріктердің Орхон – Енисей, Талас 
тас  жазуы ескерткіштері. 
8. Түрік және Батыс түрік қағанаттары: этносаяси тарихы, шаруашылығы. 
10. Қарлұқ қағанаты : саяси тарихы, шаруашылығы. 
11. Қарахандықтар мемлекеті: саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті. 
12. Қимақ және Қыпшақтар мемлекеті: этникалық және саяси тарихы.  
13. Жібек жолы және оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық -
мәдени өміріндегі орны. 
14. Оғыздар мемлекеті: этникалық және саяси тарихы: шаруашылығы. 
15. Наймандар мен керейлердің этносаяси тарихы. 

16. ІХ-ХІІІ ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы. Әл-Фараби,   
Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи және т.б. 
17. Көшпелі Өзбек хандығы немесе Әбілхайыр мемлекеті (1428-68 ж.ж.). 
18. Ақ Орда мемлекеті: саяси тарихы , шаруашылығы, мәдениеті. 
19. Қазақстан территориясындағы  Монғол  шапқыншылығы. Ұлыстардың 
құрылуы. 
20. Тәуекел  (1583-1598 ж.ж.) ханның қазақ жерін кеңейту саясаты. 
21. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері. «Қазақ» этнонимі туралы 
болжамдар және қазақ жүздері. 
22. Қазақстанды Ресейдің қосылуының аяқталуы. Өлкедегі ХІХ ғ. 60-90 
жж.әкімшілік реформасы. 
23. ХІХ-ғ.40-50 ж.ж. Сыр бойы қазақтарының отарлық қысымға қарсы 
азаттық күресі. 
24. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты 
мен маңызы. 
25. Қазақстан қайта құру    кезеңінде . Қазақстандағы 1986 жылғы  Желтоқсан 
оқиғасы: себептері мен салдары. 
26. Орта ғасырлық қалалар. Архитектура, сәулет өнері ескерткіштері. 
27. Ежелгі үйсіндер, Үйсін Ордасы: этносаяси тарихы,шаруашылығы, 
мәдениеті. 
28. ХІХ ғ.  ІІ- жартысында   Қазақстанға Ресей  шаруаларының жаппай қоныс 
аудару қозғалысы.Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. 
29. Қазақстанда 30-шы жылдардағы заңдылықтың бұзылуы және 1937-38 
ж.ж. жаппай репрессия. 
30. Патша үкіметінің Қазақстандағы 1822 жылғы және 1824 жылғы Устав-
Ережелері. Хандық биліктің жойылуы. 
31. Соғыстан кейінгі кезеңдегі қоғамдық- саяси өмір. « Бекмаханов ісі». 
32. Қазақстандағы(1837-1847жж) Кенесары Қасымов бастаған ұлт- азаттық 
қозғалысы және оның тарихи маңызы. 
33. Қазақ хандығының Қасым ханнан кейінгі саяси жағдайы. (1523-1537 ж.ж.) 
34. Тәуелсіздік алғанан кейінгі Қазақстан Республикасының қоғамдық -саяси 
өмірі. 
35. Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан (1511-1523 жж.): ішкі және 
сыртқы саясаты. 
36. ХІХ ғ. І-жартысындағы Қазақстан мәдениеті:  әдебиет, музыка, халық 
ағарту ісі. 
37. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениеті. 
38. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанда ұлт зиялыларының қалыптасуы және 
олардың қызметі. 
39. Моғолстан , Ноғай ордасы мен Сібір хандығының қазақ халқы 
тарихындағы алатын орны. 
40. Ресейдегі 1905-1907 жж.революция және оның қазақ қоғамына әсері. 
Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттары. 
41.  ХVП-ХVШ ғғ. қазақ - орыс қатынастары. Елшіліктер.  

42. Ортағасырдағы   Қазақстан  халықтарының діни наным – сенімдері, салт-
дәстүрі. 
43. Шәкәрім  Құдайбердіұлы- ақын, ойшыл-ғалым және қоғам қайраткері. 
44. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған 
қазақ халқының ұлт- азаттық көтерілісі. 
45. «Қазақстан -2030» - Қазақстан Республикасының таяу онжылдықтарға 
арналған  даму бағдарламасы. 
46. Қазақстандағы 20-30-шы жж. мәдени құрылыс және оның қайшылықты 
сипаты. 
48. ХVІІІ ғ. Қазақ мәдениеті. Бұқар, Үмбетей, Ақтамберді және т.б. 
жыраулардың шығармашылығы. 
49. Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың саяси портреті. ҚР 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы 
50. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1993 ж 28 қаңтар), (30 
тамыз 1995 ж) мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар және 
міндеткерліктері туралы. 
51. Абай Құнанбаев – ұлы ақын, ойшыл ағартушы. 
52. 1950 -60 жж. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саяси 
жағдайы. 
53. ХХ  ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті. 
54. XVIII – ХІХ ғ.ғ. қазақ- қытай қатынастары. 
55.  Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945 жж.) 
майдандағы және тылдағы еңбек ерліктері. 
56. Қазақ өлкесінде ұлттық автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі 
және оның Кеңес өкіметімен қарым- қатынасы. 
57. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы  күрестегі қазақ 
батырларының ролі (1700-1756 жж). 
58. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында жаңа саяси қозғалыстар мен 
партиялардың қалыптасуы және демократияның тереңдеуі.  
59. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанға Ресей шаруаларын қоныстандыру 
саясаты. 
60. XV- XVII ғғ. қазақтардың шаруашылығы, тұрмысы  және мәдени өмірі. 
61. КСРО- ның ыдырауы және ТМД-ң  құрылуы. ТМД елдерінің 
Қазақстанмен  байланыстары. 
62. Қазақстандағы индустрияландыру: қиындықтар, табыстар және 
кемшіліктер. 
63. ҚР мемлекеттік рәміздері. 
64. Ресейдегі Ақпан төңкерісінің Қазақстанға тигізген әсері.Уақытша үкімет 
саясаты.  
65.  1970-80 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.     
66. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ халқының материалдық мәдениеті, салт – 
дәстүрлері,  діни наным - сенімдері. 
67. Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы . « Жеті Жарғы» 
заңдар жинағы. 
68. Қазақстанда ЖЭС-ті іске асыру. Жер-су реформасы. 

69. Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы: 
себептері және салдары. 
70. Қазақстандағы 90-шы жж. әлеуметтік- экономикалық реформалар: 
қиындықтар, қайшылықтар, табыстар 
71. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.(1538-1580 ж.ж.) 
72. Қазақ АКСР-ның құрылуы. Қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау.( 1920-1924 
ж.ж.) 
73.  1970-80 жылдардағы  Қазақстан мәдениеті 
74. Қазақ халқының ХІҮ-ХҮІІ ғ.ғ. мәдениеті: ауызша және жазба әдебиеті
музыка өнері 
75. XIX ғасырдың ІІ-жартысындағы Қазақстан мәдениеті. 
76. Есім және Жәңгір хандар билігі кезіндегі қазақ хандықтары (XVI- ХVІІ 
ғғ.) 
77. Орал, Торғай және Маңғыстау қазақтарының 1868-69 және 1870 ж.ж. 
көтерілістері 
78. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оның зардаптары. 
79. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 
80. ХІХғ. екінші жартысында Қазақстанда капиталисттік қатынастардың 
дамуы. 
81. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы. Семей ядролық полигоны. Арал 
трагедиясы  
82. 1970–80 жылдардағы Қазақстанның экономикалық әлеуметтік жағдайы. 
83. 1946-1960  жылдардағы Қазақстан мәдениеті 
84. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және оның даму бағыттары  
85. Қазақ халқының ХІҮ-ХҮІІ ғ.ғ. мәдениеті: ауызша және жазба әдебиеті, 
музыка өнері 
86. Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары. 
87. Қазақстан Республикасының мәдени өмірі (1991-2011 жж). «Мәдени 
мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның нәтижелері 
88. Ағартушы – ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның , Орталық 
Азияның тарихын, этнографиясын және географиясын зерттеудегі қосқан 
үлесі. 
89. Абылай хан және оның қазақ хандығын нығайтудағы ролі. 
90. Азамат соғысы  ( 1918-1920 ж.ж.) жылдарындағы Қазақстан. 
 
 
Дәріс сабақтары 
 
Тақырып: Кіріспе – 1 сағат 
Дәріс мақсаты: Жаңа оқу материалымен таныстыра отырып, білім білік дағдыларын 
қалыптастыру. 

 
1.
 
«Қазақстан тарихы» пәні, мақсаты және міндеттері 
2.
 
Қазақстан тарихының кезеңдемесі 
3.
 
«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  және  тарихты  зерттеудің 
деректік базасы 
 
«Қазақстан тарихы» пәні, мақсаты және міндеттері 
Республикамыз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін   ата  тарихымыз  бен  мәдени 
құндылықтарымызды  
ыждағаттылықпен  
қайта  
зерттеуге 
кірістік.  
Азаттықпен  келген  шығармашылық  бостандық  тарих  ғылымында  да 
түбейгелі  өзгерістерге  жол  ашты.  Жоғары  оқу  орындарында  Қазақстан 
тарихы пәнін оқытуға ерекше  мән  беріле  бастады. Өйткені,  тарих - ғылым  
мен  пән ретінде аса  маңызды  білім   саласына  жатады.  Бүгінгі  жас  ұрпақ  
өз   елінің,   жерінің,  ата-бабаларының   тарихын   біліп,  оның  жақсысынан 
үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс. 
Тарих  дегеніміз  -  халықтың  зердесі.  Ол  болып  өткен,  оны  түзете 
алмайсың  және  оның   бір  түсін  екіншісімен  ауыстырып,  жаңадан  жаза 
алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен  және қайғылы беттерімен қоса, 
ол  қандай  болса  нақ  сондай,  бүкіл  алуан  түрлі,  тұтас  күйінде  қабылдауға 
тиіспіз.  
Қазақстан  тарихының  көне  дәуірден  бастап   қазіргі   кезеңге  дейінгі 
тарихын зерттеу   студент жастар алдында қоғамның дамуы туралы ғылыми 
түсінік  қалыптастыру  үшін,  дүниетаным  тұрғысынан  адамзат  өркениетінің 
мол  байлығына  қатысты  пікір  түю  үшін,  өз  халқымыздың  тарихын  барлап, 
оның  мәдени  құндылықтары  мен  дәстүрлерін  игеру  үшін  аса  маңызды 
қызмет атқарады. 
    Курстың мақсаты – студеттерді Қазақстан тарихындағы нақтылы 
оқиғалармен, қазақ халқы және басқа да халықтардың тарихымен таныстыру. 
Қазақ халқының ғасырлар бойы өз дербестігі, қоғамда демократиялық  
құрылысты құру, осы міндеттерді мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде 
жүзеге асыру жолындағы күресін көрсету. 
Курстың  негізгі  міндеті  студент  қауымының  Қазақстан  тарихын  қазақ 
мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде игеруі болып табылады. 
    Тарих  ғылымы  -  қасиетті  ғылым.  Ол  бұра   тартуды   да,  әсіресе 
бояуды да, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» соғуды  да көтермейді. Оның 
өлшемі - шындық, ақиқатқа жүгіну. 
Бұл курсты оқыту барсында студенттерге нақтылы тарихи 
материалдарға методологиялық талдауды игеруге және тарихи үрдістердің 
объективті зандылығын ашуға көмектесу. 
Пәнді оқытудың міндеттері: 
Курсты оқытуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру: 
-
 
адам мен дүниежүзілік ғылымның дамуымдағы жалпытарихи 
объективті зандылықтарды; 
-
 
қоғам мен жеке адамның дүниеге көзқарасының дамуында білімнің 
маңыздылығы; 

-
 
қоғамдық процестердің дамуын талдауда тарихи амалдың 
методологиясын
-
 
экономика мен саясаттың себеп – салдарлық байланысын; 
-
 
Қазақстан Республикасының дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін 
оқыту. 
Қазақстан тарихының кезеңдемесі 
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.  

 
Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін),  

 
Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.)  

 
Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.),  

 
Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). 
«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  және  тарихты  зерттеудің 
деректік базасы 
 «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  –  мәдени,  экономикалық 
және  әлеуметтік  капитал,  жалпы  адамзаттық  мәдениеттің  құрылымдық 
бөлігі,  этнос,  қоғам,  адам  парасатының  дамуы  мен  құрылуының  бастауы, 
тарихи  естеліктердің  маңызды  қоймасын  жасау  және  қорғау  бағдарламасы. 
Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың 
үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп 
қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. 
«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  Н.Ә.Назарбаев  бастамасымен  іске  асырылуда.  Бағдарлама 
халықтың  үлкен  мәдени  мұрасын,  оның  ішінде  заманауи  ұлттық  мәдениет, 
фольклор  және  салт-дәстүрлерін;  ұлттық  тарих  үшін  ерекше  маңызы  бар 
тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет 
пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде 
әлемдік  ғылыми  ойлар,  мәдениет  және  әдебиет  жетістіктерінің  үздіктері 
негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. 
  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  рухани  және  білім  беруді 
дамыту  салаларындағы  негізгі  құжат,  стратегиялық  ұлттық  жоба  болып 
табылады. 
  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  инициативасы  бойынша 
әзірленді.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту 
сабақтастығын,  еліміздің  мәдени  мұрасын  насихаттау,  қолдану,  сақтау  және 
зерделеумен  байланысты  негізгі  аспектілерді  анықтайды,  мәдени  мұраны 
зерделеудің  тұтас  жүйесін  жасауды,  соның  ішінде  осы  заманғы  ұлттық 
мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар 
бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, 
сондай-ақ  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  реставрациялау,  консервациялау 
және 
мұражайландыру, 
мәдени 
мұра 
мәселелерін 
топтастыратын 
материалдық-техникалық,  ғылыми-зерттеулерді  дамыту  мен  нығайтуды 
қарастырады.  Бағдарламаны  әзірлеу  мәдени  құндылықтарымызды  тиімді 
пайдалану  және  сақтау  жөніндегі  жұмыстарды  жоспарлы  қаржыландыру 

жолында  мәдени  мұра  саласындағы  қордаланған  жағдайларға  барынша 
белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген. 
Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен 
қатар  болашақта  болатын  жағдайды  баяндайды.  Сондықтан  да,  Елбасымыз 
осыдан  6  жыл  бұрын,  яғни  2003  жылы  сәуірде  Қазақстан  халқына 
жолдауында  арнайы  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге 
асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени 
мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің 
дәлелі. 
Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен 
қатар  болашақта  болатын  жағдайды  баяндайды.  Сондықтан  да,  Елбасымыз 
осыдан  6  жыл  бұрын,  яғни  2003  жылы  сәуірде  Қазақстан  халқына 
жолдауында  арнайы  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге 
асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени 
мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің 
дәлелі. 
Сонымен  бірге,  әлемге  ұлттық  рухани  ескерткіштер  байлығын  паш 
етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени 
ескерткіштің  реставрациялық  жұмысы  аяқталып,  39  қалашық  пен 
қорғандарға  археологиялық  зерттеулер  жүргізілді.  218  нысанды  қамтыған 
Қазақстанның  тарихи-мәдени  және  тарихи  ескерткіштерінің  мемлекеттік 
тізімі  дайындалды.  Ұлттық  мәдениет  үшін  аса  маңызды  30  сәулеттік  және 
археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. 
Ұлттық  мәдени  мұраны  толық  зерттеу  жүйесінің  құрылуы 
бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан 
кейін  толық  гуманитарлық  білім  беру  қорын  құру  мақсатында  мемлекеттік 
тілде  алғашқы  қадамдар  жасалды.  Қытай,  Түркия,  Моңғолия,  Ресей  және 
Өзбекстан,  Армения,  Құрама  Штаттар  және  Батыс  Еуропа  елдеріне  ғылыми 
зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша 
ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, 
тарихы  бойынша  шамамен  бес  мың  жазба  және  баспалар  алынды.  350-ден 
астам  кітап,  олардың  ішінде  этнография,  археология,  тарих  бойынша 
сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. 
Бағдарламаның  жүзеге  асуын  мәдениет,  әдебиет,  философия,  тарих, 
этнография,  және  тіл  білімі  т.б.  бойынша  академиялық  институттар 
құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. 
Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасын  мемлекеттің  мәдениетіне  қолдау  көрсететін 
стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық 
курсы  және  потенциалын  көрсетіп,  оның  тарихи  тәжірибесін  байытып, 
болашақтың сенімді тірегі болмақ. 
 
Қазақстан  тарихында  гуманитарлық  акция  ретінде  жүргізілетін  «Мәдени 
мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек. 
 

 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
1.
 
Дәріс барысындағы өзекті мәселелерге нені жатқызамыз? 
2.
 
Өзектілігі неде? 
3.
 
Тарихтағы орны қандай? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Тақырып: Қазақстанның ежелгі тарихы – 1 сағат 
Дәріс мақсаты: Жаңа оқу материалымен таныстыра отырып, білім білік дағдыларын 
қалыптастыру. 
 
1.
 
Тас дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің 
тұрақтары 
2.
 
Қола  дәуіріндегі  Қазақстан.  Андронов  мәдениетінің  негізгі  белгілері. 
Қола дәуірі тұрақтары. Мәдени қауымдастықтардың құрылуы 
 
Тас  дәуіріндегі  Қазақстан.  Қазақстан  территориясындағы  тас  дәуірінің 
тұрақтары 
Белгілі 
бір 
әлеуметтік-экономикалық 
формацияның 
дамуына 
байланысты  адамзат  тарихы  ұзақ-ұзақ  кезеңдерге  бөлінеді.  Көне  тарихтың 
ұзақ  уақытты  қамтитын  маңызды  бөлігі  археологиялық  дерек  көздері 
бойынша  зерттеледі.    Археологияда  кезеңдендірудің  өзіндік  әдісі  жасалған, 
оған  сәйкес  адамзат  тарихы  тас,  қола,  темір  және  ортағасырлар  дәуірлеріне 
бөлінеді.  
Алғашқы  қауымдық  құрылыс  адам  баласының  өсіп  дамуындағы  ең 
алғашқы  кезеңі.  Ғылыми  зерттеулерге  қарағанда  алғашқы  қауымдық 
құрылыстың дамуы барлық жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан 
археологиялық  қазба  жұмыстар  өткен  өмірдің  даму  тарихының  алғашқы 
кезеңдерін  ашып,  дүние  жүзілік  адам  қоғамының  зерттелуіне  өз  үлестерін 
қосуда.  Қазақстан  жерінде  алғашқы  адамдардың  тастан  жасалған  құрал-
саймандары, 
қоныс-жайлары 
табылып 
отыр. 
Бұл 
археологиялық 
ескерткіштер  Қазақстандағы  алғашқы  қауымдық  құрылыстың  болғандығын 
дәлелдейді.  
Алғашқы  адамдардың  өндіргіш  күші  біріншіден,  алғашқы  адамнан, 
екінші – оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас 
құралдардан бастайды.  
Қазақстандағы 
алғашқы 
қауымдық 
құрылыс 
ескерткіштерінің 
зерттелуінің  азды-көпті  өзіндік  тарихнамасы  бар.  Қазақстан  жеріндегі  тас 
құралдар  туралы  алғашқы  деректер  ХІХ  ғасырдың  50-жылдарынан 
басталады.  1862  жылы  Гурьев  облысының  Александров  портынан  пышақ 
тәріздес тас құралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлстің 
тілегі  бойынша  Семей  қаласында  өлкелік  музей  ашылып,  оның  сөрелеріне 
80-нен астам тас жебелер, тас найзаның ұштары, қырғыштар, пышақ тәріздес 
тас  құралдар,  тас  балталар  қойылады.    Тастан  жасалған  құрал-саймандар, 
әсіресе, ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әр жерінен табылып, ол туралы 
баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик В.В.Бартольдтың 
бастамасы  бойынша  Түркістан  әуесқой  археологтар  қоғамы  құрылып, 
Қазақстан  бойынша  көне  дәуірдің  ескерткіштері  туралы  қамқорлық  жасап, 
олар  туралы  хабар  беріп  отырған.  Қазақстандағы  алғашқы  қауымдық 
құрылыстың тас құралдарының нағыз ғылыми тұрғыда зерттелуі 1917 жылғы 

Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алына бастады. Кеңес дәуірінің алғашқы 
кезінде  қазақ  жеріндегі  алғашқы  қауымдық  құрылыстың  ескерткіштерінің 
бетін ашуда С.И.Руденконың еңбегі атап айтарлықтай. Оның жазуы бойынша 
алғаш  рет  Қостанай  облысындағы  Қайранкөл  маңынан  мысты-тас  дәуірінің 
қонысы  белгілі  болған.  Сол  сияқты  көрнекті  археолог  ғалым  М.П.Грязнов, 
И.В.Синициндер  30-жылдары  Қарағанды,  Батыс  Қазақстан  жерінен  жаңа 
және мысты-тас дәуірінің қоныстарын тапқан.  
Жерімізде  алғашқы  адамдардың  құрал-жабдықтарын  зерттеуде 
айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның 
жетекшілігімен 
жүргізілген 
Орталық 
Қазақстан 
экспедициясы 
Бетпақдаланың  орталық  бөлігінен  бірнеше  жерден  тас  дәуірінің  қонысын 
тапқан.  Әсіресе,  ғалымның  басты  бір  көрнекті  еңбегі  Сарысу  бойынан 
мысты-тас  дәуірінің  шақпақ  тастан  құрал  жасайтын  шеберхананың  орнын 
табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген 
қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған.  
Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 
2-ші  жартысынан  басталады.  Қазақ  Ұлттық  академиясы  Ш.Уәлиханов 
атындағы  тарих,  археология  және  этнография  институтының  ғылыми 
қызметкері  тас  дәуірінің  маманы  Х.Алпысбаевтың  жетекшілігімен  1957 
жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 
20  жылдан  астам  мерзімнің  ішінде  ғалым  тас  дәуірінің  төменгі  кезеңінен 
бастап, оның соңғы  кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін  ескерткіштерді 
тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» 
атты  монография  болып  жарыққа  шықты.  Сөйтіп,  Қазақстандағы  алғашқы 
адамдардың  ескерткіштері  біршама  зерттеліп,  игілікті  жұмыс  жолға 
қойылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит 
дәуірін  зерттеуді  Ә.Х.Марғұлан  атындағы  археология  институты,  сонымен 
қатар  Ж.К.Таймағамбетовтің  жетекшілігімен  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  – 
нің  ғалымдары  жүргізіп  келеді.  Ж.К.Таймағамбетовтың  бастамасы  және 
жетекшілігімен 
2000 
жылы 
әл-Фараби 
атындағы 
Қазақ 
ұлттық 
университетінде  ТМД  елдерінің  ішінде  алғаш  рет  палеолит  мұражайы 
ашылды.   
Қазақстанның  солтүстік  аудандарында  алғаш  рет  неолит  дәуірінің 
қоныстарын  1926  ж.  М.П.  Грязнов  пен  М.Н.  Комарова  зерттеген.  Шығыс 
Қазақстанда  неолит  кезеңінің  ескерткіштерін  тауып  және  оларға  ғылыми 
зерттеу  жұмысын  жүргізуде археолог  ғалым  С.  Черниковтың еңбегі  зор. Ол 
«Кіші  Красноярск»  және  «Усть-Нарым»  қоныстарына  қазба  жұмыстарын 
жүргізді.  Сырдарияның  төменгі  ағысында  Арал  жағалауында,  Қызылорда 
облысының  жерінде  неолит  кезеңінің  қоныстарын  зерттеуде  Хорезм 
археологиялық  экспедициясының  меңгерушісі  С.П.Толстовтың  сіңірген 
еңбегі  айтарлықтай.  Неолит  ескерткіштерін  зерттеуде  академик  Ә.Х. 
Марғұланның, тас дәуірінің маманы Х.А. Алпысбаевтың еңбегі зор.  
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса 
ұзаққа  созылған  алғашқы  тарихи  кезең  –  тас  дәуірі  деп  аталады.  Тас  дәуірі 
мынадай 3 кезеңге бөлінеді: 

1.
 
Палеолит  –  ежелгі  тас  дәуірі  (б.з.б.  2,5  млн.  жылдан  –  12  мың 
жылдыққа дейін).    
2.
 
Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). 
3.
 
Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). 
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.б. 
2,5  млн.  –  140  мың  жылдықтар);  2)  орта  палеолит  (б.з.б.  140  –  40  мың 
жылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мың жылдықтар). 
Соңғы  жылдары  бұл  схемаға  кейбір  өзгерістер  енгізілді.  Бірқатар 
авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ерте және кейінгі 
дәуірге  бөліп,  мустье  мен  кейінгі  палеолит  арасына  меже  қояды.  Бұл 
кезеңдеу  бойынша  ерте  палеолит  үш  ірі  дәуірге  бөлінеді:  олдувэй  дәуірі 
(б.з.д.  2,6  млн.  –  700  мың  жыл),  ашель  дәуірі  (б.з.д.  700  –  150-120  мың 
жылдықтар)  және  мустьер  дәуірі  (б.з.д.  150-120  –  30-25  мың  жылдықтар). 
Кейінгі палеолит б.з.д. 30-25 – 12-10 мың жылдықтарды қамтиды.  
Қазақстан  жеріндегі  ежелгі  адамның  іздері  ерте  палеолит  дәуіріне 
жатады.  Ежелгі  адамның  қалдықтары  әзірше  табылған  жоқ,  бірақ  олардың 
мекен-жай,  тұрақтары  табылып,  зерттелуде.  Адамдардың  қоныстануына 
қолайлы  жердің  бірі  Оңтүстік  Қазақстандағы  Қаратау  жотасы  болды.  Осы 
жерден  тастан  жасалған  ең  көне  еңбек  құралдары  табылды.  Көне  тас 
дәуірінің  алғашқы  кезеңінің  ескерткіштері  Қазақстанның  оңтүстігінен, 
Арыстанды  өзенінің  бойынан  Қызылтау,  Тәңірқазған,  Бөріқазған,  Тоқалы 
және Ақкөл деген жерлерінен табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап 
шатқалынан  осы  дәуірге  жататын  ескерткіш  табылды.  Қарасу  тұрағынан 
тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған.  
Орталық  Қазақстанда  ежелгі  палеолит  адамы  оңтүстікке  қарағанда 
кешірек  пайда  болған.  Ол  көбінесе  Балқаштың  солтүстік  жағалауын 
мекендеді. Бұл жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы көбірек табылды.  
Ерте палеолит  кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған – 
оларды  бір-біріне  соғатын  болған.  Мұндай  тәсілді  жарып  түсіру  техникасы 
яғни  малтатас  мәдениеті  деп  атап  кеткен,  өйткені  шикізат  ретінде  көбінесе 
өзен малтатастары пайдаланылған. Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін 
жұмыр  тас  қолданды.  Дайындалған  құрал  кейін  шапқыш  ретінде 
қолданылды.  Бұл  кезде  қол  шапқы  қарудың  аса  оңтайлы,  кең  тараған  түрі 
болды.  
Ашель  кезеңінің  ескерткіштері  Орталық  Қазақстаннан  табылды. 
Осындай  тұрақтардың  бірі  –  Құдайкөл  Сарыарқаның  теріскей-шығыс 
шетінде орналасқан.  
Орта  палеолит  (мустьер)  кезеңінде  тас  өңдеу  әдістері  жетілдіріле 
бастады.  Енді  еңбек  құралдарын  дөңгелек  өзек  тастан  (нуклеус)  жасау  әдісі 
кең тарады. Сол кездегі қарулардың негізгі түрлері тілгіштер мен қырғыштар 
болды.  Бұл  кезеңде  адам  ағаш  бұтағын  бір-біріне  үйкей  отырып  немесе 
шақпақ  тастарды  ұрып  ұшқын  шығарып,  от  алуды  үйренді.  Алғашқы  діни 
сенім  қалыптасты.  Мустьерліктер  өлген  адамның  аяғын  бүгіп,  бір  қырымен 
жатқызып  жерлеген.  Өмір  мен  өлім  туралы  түсінік,  өлгендерге  құрметпен 
қарау  белгілері  пайда  бола  бастаған.  Орта  палеолит  кезеңіндегі  адамды 

неандертальдық деп атайды. Ежелгі адамдардың ұйымы – үлкен қауым орта 
палеолитте қалыптасты.  
Орта  палеолиттің  белгілі  тұрақтары  мыналар:  Қаратау  аймағындағы 
Топалы  шатқалынан  табылған  және  Ақкөл  көлінен  оңтүстікке  қарай  20 
шақырым жерде орналасқан  Қызылрысбек  тұрақтары.  Осы кезеңге жататын 
тұрақтар сондай-ақ Арыстанды мекенінен де табылды. Солардың ішіндегі ең 
күрделісі  Ш.Уәлиханов  атымен  аталды.  Үшбұлақ  қойнауынан  аңшылардың 
шағын  топтарының  уақытша  тұрағы  табылды.    Орталық  Қазақстаннан 
табылған  ескерткіштердің  ең  көнесі  –  Жезқазған  облысындағы  Обалысай 
тұрағы,  сондай-ақ  Сарысу  өзенінің  орта  ағысындағы  Мұзбел  және  Есіл 
өзенінің  жоғарғы  жағындағы,  яғни  Қарағандының  солтүстігіндегі  Батпақ 
шатқалы,  жоғары  Ертіс  өңіріндегі  Қанай  ауылы  маңындағы  тұрақтар. 
Мустьер  кезеңінің  жаңа  ескерткіштері  1984  жылы  Жезқазған  облысының 
Ақадыр  ауданынан  табылды.  Олар  -  Өгізтау  І  және  ІІ,  Үлкен  Ақмая 
тұрақтары.  Батыс  Қазақстанның,  әсіресе  оның  Маңғыстау  түбегінде  тұрған 
палеолиттік  ескерткіштері  айрықша  қызғылықты.  Бұрынырақ  кезде 
А.Г.Медоев  және  кейінірек  Ж.Қ.  Таймағамбетов  ашқан  тұрақтардың  бәрі 
Каспий теңізі жағалауының сөре алаңдарында орналасқан.  
Кейінгі  палеолит  біздің  заманымызға  дейінгі  40  мың  жылдан  12  мың 
жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл – адамзаттың жердің барша климаттық 
зоналарына  тарап  қоныстанған  және  нәсілдер  мен  нәсілдік  топтардың 
құрылған  кезі.  Осы  дәуірде  дене  бітімі  қазіргі  адамдарға  ұқсас  адамдар 
(«саналы  адам»)  қалыптасты.  Мұндай  адамның  сүйегі  бірінші  рет 
Франциядағы  Кро-Маньон  үңгірінен  табылғандықтан,  оны  кроманьондық 
деп  атайды.  Бұл  кезеңде  пышақ  тіліктер,  қырғыштар  т.б.  тас  құралдары 
пайдаланылды.  Қарулар  жетілдірілді.  Аң  аулауда  найза  лақтырғыш 
қолданылды.  
Қоғамдық  қатынастар  жетіліп,  адамдардың  бірлескен  ұйымының  түрі  – 
рулық  қауым  қалыптаса  бастады.  Оларда  мықты    аналық  рулық  қауым 
қарым-қатынасы  орнады.  Әйелдің  қоғамдық  өмірде  биік  орынға  ие  болуы 
қауымдық  үй  шаруасының  ерекшелігімен,  әйелдің  ұрпақты  жалғастырушы 
ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып қойылған.  
Оңтүстік  Қазақстаннан  бірқатар  кейінгі  палеолиттік  ескерткіштер 
табылды. Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс 
жағынан  табылған  Ащысай  тұрағы.  Орталық  Қазақстандағы  Батпақ 
тұрағынан ірі қырғыш тастар мен сүңгінің ұштары табылды. Үшінші Қарабас 
көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда 
Қанай, Свинчатка, Үңгір және Ново-Никольское  тұрақтары белгілі.  
Қазақстан  жерінде  кейінгі  палеолиттің  толық  зерттеліп  біткен 
ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дәуірі 
адамдарының материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, ұдайы жүріп 
отырғанына,  сол  сияқты  Қазақстан  аумағындағы  қоныстану  процесінің  де 
үзілмегендігіне көз жеткізеді.  
Кейінгі  палеолит  кезеңін  мезолит  (Б.з.д.  12-5  мыңжылдықтар) 
алмастырды.  Бұл  кезең  аз  зерттелген.  Сондықтан  Қазақстан  жерінен 

табылған  ескерткіштер  де  сирек.  Бұл  кезеңде  жебелі  садақ  пен  бумеранг 
дүниеге келді. Қазба жұмыстары кезінде садақ жебесінің доғал және домалақ 
ұштары  да  табылды.  Олар  терісі  бағалы  аңдардың  терісін  бүлдірмей  аулау 
үшін  қолданылды.  Сондай-ақ  уланған  немесе  өртегіш  жебелер  кеңінен 
пайдаланылды.  Тас  өңдеу  әдісі  де  жетілді.  Пышақ  тәрізді  тілгіштер  басқа 
құралдардың  бәрін  ығыстырып  шығарды.  Адамдар  тас  тілгіштерге  ағаштан 
қолға ұстайтын сап орнатуды үйренді. Балық аулау кең тарады.   
Неолит кезеңі б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар арасын қамтиды. Бұл тас өңдеу 
техникасының  әбден  жетілген  кезі.  Тасты  өңдеудің  жаңа  технологиялық 
тәсілдері:  тегістеу,  бұрғылау,  аралау  пайда  болады.  Тастан  балта,  кетпен, 
келі,  келісаптар,  дән  үккіштер  жасалды.  Микролиттер  дайындау  неолитте 
меңгерілді.  Сүйек  өңдеу  жетілдіріле  түсті.  Мал  шаруашылығы  мен  егін 
шаруашылығының  тууы,  табиғаттың  даяр  өнімдерін  пайдалану,  аң  аулау 
орнын өндіруші шаруашылықтың басуы  – сол кезеңнің аса маңызды белгісі 
болып  табылады.  Ғылымда  бұл  құбылыс  «Неолит  төңкерісі»  деп  аталады.  
Адамдар  жабайы  жануарларды  қолға  үйретіп,  жер  өңдеудің  қарапайым 
түрімен  айналыса  бастады.  Шаруашылықтың  жаңа  түрлерінің  пайда  болуы 
адамзат  қоғамының  дамуына  үлкен  әсер  етіп,  адам  еңбегінің  ауқымы  мен 
көлемін  кеңейтті.  Адам  баласының  бұдан  былайғы  экономикалық  қам-
қарекеті  дамуының  сан  мың  жылдық  тарихы  –  едәуір  дәрежеде 
шаруашылықтың  осы  екі  түрінің  өркендеп  жетілу  тарихы.  Алғашқы  қауым 
халқының  өндіргіш  күштерді  дамытудағы  неолит  кезеңі  тұсындағы  қол 
жеткен  деңгейі  басқа  да  мәдени-тұрмыстық  жаңалықтардың  ашылуына 
ықпалын  тигізеді.  Осы  кезде  тау-кен  ісі  мен  тоқымашылық  пайда  болып, 
керамикалық  ыдыстар  жасала  бастайды.  Сөйтіп,  кен  өндіру  кәсібі 
қалыптасты. Адамдар саз балшықтан жасалып, отқа күйдірілген мықты қыш 
ыдыс  –  керамика  жасауды  үйренді.  Ол  ыдыстарға  онша  күрделі  емес 
геометриялық өрнектер салынған.  
Қазіргі  кезде  Қазақстан  жерінде  ғылымға  белгілі  500-ден  аса  неолиттік 
ескерткіш  бар.  Неолит  тұрақтары  орналасу  сипатына  қарай  төрт  түрге 
бөлінеді:  1)  бұлақ  бойындағы;  2)  өзен  жағасындағы;  3)  көл  жиегіндегі;  4) 
үңгірдегі. Әдетте, өзен мен көл жиегіндегі тұрақтарда бұйымдар саны едәуір 
көп  мөлшерде  кездеседі,  бұл  жәйттен  ол  тұрақтарда  адамдардың  түпкілікті 
немесе ұзақ уақыт тұрып тірлік еткенін білеміз. Қазақстан жерінде бәрінен де 
көбірек  тарағаны  бұлақ  бойындағы  тұрақтар  –  олардың  дені  уақытша, 
маусымдық  –  кезбе  аңшылардың  орыны  саналған.  Қазақстанның  шөл-дала 
аймақтарындағы  неолит  ескерткіштерінің  бір  ерекшелігі  –  олардың  басым 
бөлігі  –  ашық  (жер  бетіндегі)  тұрақтар.  Бұл  тұрақтардан  оқтардың  жебесі, 
сүңгінің  ұшы,  балталар,  қашаулар,  пышақтар,  қырғыштар  табылған. 
Қазақстанның  неолиттік  ескерткіштері  бірнеше  территориялық  топтардан 
тұрады.  Арал  өңірінде  Сексеуіл  тұрағы  орналасқан.  Бұл  тұрақтың 
тұрғындары  негізінен  аңшылар  мен  малшылар  болған.  Солтүстік-Шығыс 
Балқаш  маңынан  табылған  құралдар  яшма  мен  кварциттен  жасалған. 
Қостанай  облысындағы  Ботай  тұрағынан  жабайы  жылқының  көптеген 
сүйектері  табылды.  Кейбір  сүйектер  жылқылардың  біразы  қолға 

үйретілгендігін  көрсетеді.  Сонымен,  Қазақстанның  далалық  аймақтарында 
жылқыны қолға үйрету ісі басталған. Қараүңгір неолиттік тұрағы – Оңтүстік 
Қазақстанның  Түлкібас  ауданында  орналасқан.  Шығыс  Қазақстан 
облысындағы Қызылсу өзенінің оң жағалауынан Сатшақыз тұрағы табылды.  
Батыс  Қазақстанда  Келтеминар  мәдениетінің  бір  түрі  –  батыс-
қазақстандық  үлгісі  оқшау  көзге  түседі,  оны  С.П.  Толстов  болжап  айтқан. 
Келтеминар  мәдениеті  б.з.  дейінгі  4  мыңыншы  жылдардың  аяғы  мен  2 
мыңыншы  жылдың  бас  кезінде  болған  және  Қазақстан  мен  Орта  Азияның 
едәуір  территориясын  қамтыған.  Батыс  Қазақстанда  Шаңдыауыл,  Құлсары, 
Шатпакөл,  Қайнар,  Жыланқабақ,  Сарықамыс,  Шаянды  және  т.б.  тұрақтар 
бар.  
Солтүстік  Қазақстандағы  Железинка  ауылының  маңынан  қазылып, 
зерттелген  неолит  қабірінде  мәйіт  қабірдің  ішінде  өртелген.  Онда  сонымен 
қатар өлген адам денесімен бірге қабірге әр түрлі әшекей заттар, тас қарулар, 
қыш ыдыстар, тамақ қойылған. Бұл заттар о дүниеге барғанда қажет болады 
деген ойды білдірсе, ал өртеп қою отқа табынуды көрсетеді.  
Қоныстардан, молалардан табылған бұйымдар адам баласының өмірінде 
неолит  кезеңінде  үлкен  өзгерістердің  болғандығын  байқатады.  Жер  кәсібі, 
қолөнер,  мал  шаруашылығы  сияқты  шаруашылықтың  жаңа  түрлері  дами 
бастады.  Неолит  кезеңінде  қоғамда  аналық  рулық  құрылыс  болды. 
Адамдардың күн көрісі, тіршілігінде ананың рөлі басым болған.  
Сөйтіп,  қорыта  келгенде,  тас  дәуірінде  адамның  пайда  болуы, 
қалыптасуы  және  алғашқы  адамдардың  Қазақстан  аумағына  қоныс  аударуы 
мен игере бастауы үрдісі жүрді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет