Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма



Pdf көрінісі
бет8/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма 
1 нұсқа 
1. 6-10 ғғ.Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің типі 
а) алғашқы қауымдық; б) ертефеодалдық; в) орталықтанған 
2. 17 ғ. Қазақ хандығына қауып төндірген мемлекет 
а) Ноғай Ордасы; б) Ақ Орда; в) Жонғар хандығы 
3. Кейінгі қола кезеңінің мәдениеті 
а) Беғазы-дәндыбай; б) Тасмола; в) Нұра 
4. Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтар 

а) үйсіндер; б) қаңлы; в) сақтар 
5. «Жабғу» сөзінің мағынасы 
а) оғыздар билеушісінің лауазымы; б) оғыз мемлекетінің негізін қалаушы;   
в) оғыздардың тұрақтары 
6. 1643 жылғы қазақ-жонғар соғысында қазақтардың қолбасшысы болған 
хан 
а) Тәуекел хан; б) Тәуке хан; в) Жәнгір хан 
7. «Жұт» сөзінің мағынасы 
а) салық; б) жаппай малдың қырылуы; в) қолөнер түрі 
8. Неолит кезеңінің уақыты 
а) б.з.д. 5-3 мың. б) б.з.д. 12-10 мың.; в) б.з.д. 10-5 мың. 
9. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған аймақ 
а) Батыс Қазақстан; б) Сығанақ қаласы маңы; в) Ачинск қаласының маңы 
10. «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы 
а) Жүсіп Баласағұн; б) Махмұд Қашқари; в) Мұхамед Хайдар Дулати 
11. Моғолстан мемлекеті ыдыраған уақыт 
а) 15 ғ. ортасы; б) 16 ғ. басы; в) 16 ғ. соңы 
12. Сақ қорғандарында табылған заттар жататын көркем стиль 
а) қытай стилі; б) аң стилі; в) парсы стилі 
13. 8-11 ғғ.  қыпшақтар құрамына кірген мемлекет 
а) Қарахандар мемлекеті; б) Қарлұқтар мемлекеті; в) Қимақтар мемлекеті 
14. 10 ғ. Оғыздар мемлекетінің астанасы 
а) Баласағұн; б) Отырар; в) Янгикент 
15. Шынғысханның әскери-феодалдық мемлекеті пайда болған уақыт 
а) 13 ғ. соңы; б) 13 ғ. басы; в) 12 ғ. басы 
16. Әмір Темір мемлекетінің астанасы 
а) Ташкент; б) Хива; в) Самаркант 
17. Керей және Жәнібек сұлтандар Шу өзенінің бойына осы мемлекеттен 
көшіп келді 
а) Ноғай Ордасы; б) Әбілхайыр хандығы; в) Моғолстан 
18. Жонғар хандығы құрылған жыл 
а) 1635; б) 1580; в) 1654 
19. Саналы адам пайда болған уақыт 
а) мезолит; б) орта палеолит) в) кейінгі палеолит 
20. Үйсіндер билеушісінің лауазымы 
а) гуньмо; б) шаньюй; в) горхан 
21. Моғолстан мемлекетінің астанасы 
а) Сығанақ; б) Алмалық; в) Қойлық 
22. Қазақ хандығының негізін салушылар 
а) Аылай хан, Тәуке хан; б) Керей хан, Жәнібек хан; в) Жәнібек хан, Өзбек 
хан 
23. Ғұндар қоғамындағы рулар саны 
а) 24; б) 18; в) 30 
24. Ақ Орда мемлекетінің әлсіреу себебі 

а) Моғолстан мемлекетімен соғыстар; б) қалмақтардың жорықтары;             
в) Тамерланның жорықтары 
25. Көктем уақытында қазақтар қолданған қоныс 
а) жәйлау; б) көктеу; в) күзеу 
26. Үйсіндер астанасы Чигучен қаласы орналасқан территория 
а) Шу өзенінің бойы; б) Талас өзенінің бойы; в) Ыстық көл жағалауы 
27. Әбілхайыр хандығы құлаған жыл 
а) 1428 ж.; б) 1468 ж.; в) 1456 ж. 
28. Неолит заманының қыш ыдыстарына тән ою-өрнек түрі 
а) геометриялық; б) аң стилі; в) өсімдік тәріздес ою-өрнек 
29. Түркештер мемлекетінің негізін қалаған және арабтарға қарсы күресті 
басқарған қаған 
а) Мұқан қаған; б) Сақал қаған; в) Үш-елік қаған 
30. Мәураннахр деп аталатын территория 
а) Сырдарияның ортанғы ағысындағы жерлер; б) Сырдария мен Әмудария 
аралығындағы жер; в) Еділ мен Жайық аралығындағы жер 
2 нұсқа 
1.
 
16 ғ. бірінші жартысында Қазақ хандығының нығайюына жол ашқан 
хан 
а) Жәнібек хан; б) Қасым хан; в) Бұрұндық хан 
2. Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі 
а) қолөнердің егіншіліктен бөлінуі; б) сауданың егіншіліктен бөлінуі;           
в) мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі 
3. Парадарайя сақтары өмір сүрген территория 
а) Жетісу; б) Арал теңізінің маңы; в) Балхаш көлінің маңы 
4. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарына бөліну 
процесі аяқталған уақыт 
а) 704 ж.; б) 552 ж.; в) 603 ж. 
5. Ақ Орданың ыдрауының негізінде пайда болған мемлекеттер 
а) Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы; б) Қазан және Сібір 
хандықтары) в) Моғолстан және Әбілхайыр хандығы 
6. 1680-1718 жылдары Қазақ хандығың тағында отырған хан 
а) Тәуекел хан; б) Тәуке хан; в) Қасым хан 
7. «Шошақ бөрік» киген сақтардың атауы 
а) парадарайя сақтары; б) хаомаварга сақтары; в) тиграхауда сақтары 
8. Ноғай Ордасының негізін қалаушы 
а) Тоқтамыс; б) Едіге; в) Ноғай 
9. Қарлұқ мемлекеті құлаған жыл 
а) 870 ж.; б) 890 ж.; в) 940 ж. 
10. Андронов мәдениетіне жататын тайпалар өмір сүрген уақыт 
а) б.з.д. 18-8 ғғ.; б) б.з.д. 7-4 ғғ.; в) б.з.д. 20-15 ғғ. 
11. Археологиялық ескерткіш  «Алтын  адам» жататын уақыт 
а) б.з.д. 7-4 ғғ.; б) б.з.д. 5-4 ғғ.; в) б.з.д. 3 ғ. 

12.Қимақтар Қазақстан территориясында тұрақты орналасқан жер 
а) Оңтүстік Қазақстан; б) Солтүстік-Шығыс Қазақстан; в) Оңтүстік-
Шығыс Қазақстан 
13. Түрік халақтарының энциклопедиясы деп аталатын   еңбек 
а) «Диуани лұғат ат-түрік»; б) «Құтты білік» в) «Диуани хикмет» 
14. Шынғысхан қайтыс болған және оның империясы ыдыраған уақыт 
а) 1245 ж.; б) 1227 ж.; в) 1348 ж. 
15. Әмір Темір Орта Азияда 35 жыл билік еткен уақыт 
а) 1370-1405 жж.; б) 1428-1463 жж.; в) 1380-1415 жж. 
16. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала 
а) Мерке; б) Түркістан; в) Тараз 
17. Моғолстан мемлекетіне кіретін тайпалар 
а) найман, арғын, қыпшақ; б) өзбек, қазақ, татар;  в) дулат, қаңлы, үйсін 
18.Ертедегі түркілердің жазуының атауы 
а) соғды жазуы; б) руна жазуы; в) санскрит 
19.Қарақытай мемлекетініде билеушінің лауазымы 
а) горхан; б) гуньмо; в) қаған 
20. Қазақтар мен қалмақтардың ханы деп тарихқа енген қазақ ханы 
а) Тәуке хан; б) Тәуекел хан; в) Абылай хан 
21. Едіге негізін қалаған мемлекет 
а) Моғолстан; б) Ноғай Ордасы; в) Ақ Орда 
22. Шыңғыс хан шыққан тайпа 
а) Меркіт; б) Найман; в) Боржігін 
23. Жоңғар хандығы құрылған ғасыр 
а) 16 ғ.; б) 17 ғ.; в) 18 ғ. 
24. Европа елдеріне жорықтарда ғұндарды басқарған қолбасшы 
а) Мөде; б) Чжи-Чжи; в) Атилла 
25. Орта жүзге кіретін рулар 
а) дулат,албан,суан; б) тама,алшын,қаракесек; в) қыпшақ,керей,уақ 
26. Қазақ хандығы құралған уақыт  
а) 15 ғ. басы, б) 15 ғ. ортасы; в)16 ғ. басы 
27. Шығыс Европа жеріне жорықтарда монғолдарды басқарған қолбасщы 
а) Жошы; б) Бату; в) Үгедей 
28. Шыңғыс хан тұсындағы монғол империасының астанасы 
а) Сарайшық; б) Сығанақ; в) Қарақорым 
29. Батыс Түрік қағандығының  астанасы 
а) Сығанақ; б) Суяб; в) Созақ 
30. Ноғай Ордасында саны жағынан ең көп тайпа 
а) маңғыт; б) дулат; в) қыпшақ       
3 нұсқа 
1. Қаңлы тайпалары өмір сүрген территория 
а) Жетісу; б) Оңтүстік Қазақстан; в) Маңғыстау 
2. 8 ғ. Түркеш қағандығының орнына келген мемлекет 
а) Қарахандар мемлекеті; б) Қимақ мемлекеті; в) Қарлұқ қағандығы 

3. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия территориясына Шыңғыс ханның 
жорықтарына түрткі болған оқиға 
а) Жошының өлімі; б) Отырарда моңғол керуенінің тоналуы; в) Үргеніште 
моңғол саудагерінің өлтірілуі 
4. Жоңғар хандығының жоғары билеушісінің лауазымы 
а) қонтайшы; б) әмір; в) хан 
5. Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін деп жариялаған хан 
а) Берке хан; б) Жаныбек хан; в) Өзбек хан 
6. Қазақ хандығы құрылғаны туралы мәлімет беретін орта ғасырлық еңбек 
а) «Тарихи Рашиди»; б) «Тарихи Әбілхайырхани»; в) «Шыңғыснама» 
7. Батыс Түрік хандығының орталығы болған территория 
а) Мәуереннахр; б) Жетісу; в) Алтай 
8. 6 ғ. үйсіндер мына мемлекеттің құрамына кірді  
а) ғұндар мемлекеті; б) Түрік қағандығы; в) Парфия 
9. Түркеш қағандығының астанасы 
а) Тараз; б) Баласағұн; в) Суяб 
10. Қола дәуірінде Қазақстан территориясында негізгі шаруашылық 
саласы 
а) аңшылық; б) мал шаруашылығы; в) егіншілік 
11. 1423-1428 жж. билік еткен Ақ Орданың соңғы ханы  
а) Жәнібек хан; б) Барақ хан; в) Орыс хан 
12. «Түрік» этнонимі алғаш рет жазба деректерінде кездескен уақыт 
а) 542 ж.; б) 642 ж.; в) 742 ж. 
13. Мезолит дәуірінің уақыты  
а) б.з.д. 12-5 мың. б) б.з.д 30-10 мың.; в) б.з.д. 80-40 мың. 
14. Кіші жүз құрамына кірген рулар  
а) дулат, албан; б) қаракесек, алшын; в) найман, арғын 
15. Батыс Түрік қағандығының құрамына кірген тайпалар 
а) үйсін, қаңлы, түркеш; б) оғыз, қыпшақ; в) алан, сармат 
16. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы  
а) Төле; б) Шыңғыс хан; в) Бату 
17. Шабақты тұрағы жататын кезең 
а) неолит; б) ерте палеолит; в) кейінгі  палеолит 
18. «Жеті Жарғы» заңдарын дүние әкелген қазақ ханы  
а) Есім хан; б) Қасым хан; в) Тәуке хан 
 
 
 
19. «Құтты білік» поэмасының авторы 
а) Махмұд Қашқари; б) Жүсіп Баласағұн; в) Мұхамед Хайдар Дулати 
20. Сақтар туралы жазба мәлімет қалдырған автор 
а) Сыма Сянь; б) Геродот; в) Дулати 
21. Қазақстан территортиясында алғашқы адамдардың ізі қалған  кезең 
а) палеолит; б) мезолит: в) неолит 
22. Түрік қағандығының шаруашылығы  

а) сауда және қолөнер; б) отырықшы егіншілік; в) жартылай көшпелі және 
көшпелі мал шаруашылығы 
23. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі 
а) өнімді еңбектің пайда болуы; б) қыш ыдыстың пайда болуы;                         
в) тоқымашылықтың пайда болуы 
24. Керей және Жәнібек сұлтандар бастаған қазақтарды қолдаған 
Моғолстан ханы 
а) Тоғылық Темір; б) Есен Бұға; в) Ілияс Қожа 
25. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен екі мемлекет 
а) Әбілхайыр хандығы және Моғолстан; б) Әбілхайыр хандығы және 
Ноғай Ордасы; в) Ақ Орда және Әбілхайыр хандығы 
26. Қазақ хандығының халқының санын 1 млн.-ға жеткізген қазақ ханы 
а) Қасым хан; б) Хақназар хан; в) Керей хан 
27. Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілген уақыт 
а) 1457 ж.; б) 1468 ж.; в) 1448 ж. 
28. 16 ғ. 1-ші ширегінде Қазақ хандығын үлкен күшке айналдырған хан  
а) Хақназар хан; б) Қасым хан; в) Тәуке хан 
29. Хақназар хан билік еткен уақыт 
а) 1538-1580 жж.; б) 1598-1628 жж.; в) 1511-1518 жж. 
30. Адамдар қыш ыдыстарды жасауды үйренген уақыт 
а) неолит; б) мезолит; в) палеолит   
 
Екінші межелік бақлауға арналған тапсырма 
1 нұсқа 
1.
 
Қазақ өлкесін шаруашылық отарлау  қашан  басталды ? 
А) Әбілқайыр бодандықты қабылдағаннан кейін. 
В) 1861 жылы Ресейде басыбайлылық құқығы жойылғаннан кейін. 
С) 1906 ж. столыпин реформасының жүргізу барысында. 
2. 1867-1868 жж. реформа бойынша қазақ даласындағы генерал-
губернаторлықтың саны. 
А) Екі.     В) Үш.   С) Төрт 
3. 1916 жылғы көтерілістің аса ірі орталығы 
А) Семей.   В) Түркістан.   С) Торғай 
4. 17 ғ. соңы-18 ғ. басында Қазақ хандығы біртұтас мемлекет болған 
кездегі хан 
А) Тәуке хан.   В)Тәуекел хан.  С) Абылай хан. 
5. Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы грамотаға қол қойылған 
уақыт 
А) 19 ақпан 1730 ж.  В) 19 ақпан 1728 ж.  С) 19 ақпан 1731 ж. 
6. Император ІІ Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару 
туралы ережені» бекіткен жыл. 
А) 1868 ж. қазан.  В) 1869 ж. қараша.  С) 1867 ж. шілде. 
7. Бөкей Ордасы орналасқан жер 

А) Орталық Қазақстан.  В) Еділ мен Жайық аралығы.  С) Жетісу. 
8. 1921 ж. жер –су реформасының негізгі мақсаты 
А) Түркістанға туыстық көмек көрсету.  В) Егінге тұқым бөлу. 
С) Еңбекшілерге тартып алынған жерлерді қайтарып беру. 
9. Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторларының бірі 
А) Ш.Ниязбеков   В) Х.Наурызбаев   С) Ж. Мәлібеков 
10. Түркістан-Сібір темір жолы тұрақты пайдалануға берілген жыл 
А) 1934 ж.  В) 1930 ж.  С) 1931 ж. 
11. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісін жүзеге 
асыру қай кезеңдегі зор апаттың кеңестік нұсқасы болып шықты? 
А) Монғол шапқыншылығы   В) Жоңғар шапқыншылығы 
С) Ғұндардың батысқа ұлы көшуі 
12. 1726 ж. Ордабасы кеңесінде жалпықазақ жасағының әскери 
қолбасшысы сайланған адам 
А) Бөгенбай батыр   В) Қабанбай батыр   С) Әбылқайыр хан 
13. 1836-1838 жж. ұлт-азаттық көтеріліс болған аймақ 
А) Кіші жүз территориясы   В) бүкіл Қазақстан   С) Ішкі Орда жері 
14. Қазақ даласындағы «Қызыл керуен» экспедициясын басқарған адам 
А) С.Сейфуллин   В) Ә.Жангельдин   С) Т.Рысқұлов 
15. Қазақстанда қосөкіметтің билігі 
А) Уақытша үкімет және жұмысшылар, шаруалар депутаттарының 
Кеңестері 
В) Ресейлік басқару органдары және жергілікті озін-өзі басқару органдары 
С) Басшылықта көзқарастары қарама-қарсы бірнеше партияның болуы 
16. «Оян, қазақ» шығармасының авторы 
А) Ш.Құдайбердиев   В) М.Дулатов   С) А.Байтұрсынов 
17.Азамат соғысынан кейін жүргізілген экономикалық саясат 
А) «әскери коммунизм» саясаты   В) жаңа экономикалық саясат 
С) индустрияландыру 
18. «Ұлттандыру» терминінің мағынасы 
А) мемлекеттік меншіктің жеке меншікке айналу процесі 
В) жеке меншіктің мемлекеттік меншікке айналу процесі 
С) отаршылдықтан тәуелсіздікке көшу процесі 
19. 1970-1980 жж. ғылым мен білімді қаржыландыру принципі 
А) әкімшілік принцип   В) «қалдықты» принцип   С) территориялык 
принцип 
20. «Қазақстан-2030» стратегиясында ел Президенті Қазақстанның 
көркеюі және саяси тұрақтануы үшін қажет үш белгіні анықтады 
А) ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы 
В) өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, еңбек өнімділігінің артуы, 
әлеуметтік шындық   С) техникалық жағынан жаңарған өндіріс, еңбек 
өнімділігінің артуы, саяси пікірдің әр алуандылығы 
21. 1918-1920 жж. Қазақ революциялық комитетінің қолындағы билік 
А) әкімшілік билік   В) әскери-азаматтық билік   С) сот билігі 

22. Қазақстанның «Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясының 
қабылданған уақыты  
А) 1991 ж. 16 желтоқсан   В) 1990 ж. 25 қазан   С) 1995 ж. 30 тамыз 
23. ҚР барлық сыртқы саясатының принципі 
А) достық көршілік және басқа елдер ісіне араласпау 
В) ашық есік саясаты   С) қарулы нейтралитет 
24.19 ғ. 1-ші жартысында Ресей патшасының Орта және Кіші жүз 
территориясында күшейюінің белгілері 
А) товар-ақша қатынастарының енуі   В) қазақ-орыс мектептерінің 
ашылуы 
С) шептер мен форпосттардың көптен салынуы 
25. 20 ғ. басындағы Столыпин жүргізген реформаның сипаты 
А) сот реформасы   В) аграрлық реформа   С) әкімшілік реформасы 
26. Саяси қарсыластарды басу үшін қорқыту, зорлық шараларын 
қолданатын саясат 
А) геноцид   В) террор   С) эммиграция 
27. КСРО-да шаруашылық реформасы жүргізілген уақыт 
А) 1965 ж.   В) 1970 ж.   С)1963 ж. 
28. 20 ғ. 60-шы жылдары Қазақстан территориясында ірі қалалардың 
пайда болуына ықпал еткен жағдай 
А) тың игеру   В) пайдалы қазбалардың ірі орындарын игеру 
С) миграциялық саясат 
29. Сібір мен Орта Азияны қосатын темір жол 
А) Сібір темір жолы   В) Түркістан-Сібір темір жолы   С) Орта азиялық 
темір жолы 
30. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілген уақыт 
А) 1993 ж.  В) 1992 ж.  С) 1991 ж.                                                                          
 
2 нұсқа 
 
1.Орыс патшасы І Павелдің бұйрығымен Ішкі Орда құрылған жыл 
А) 1803 ж.   В) 1801 ж.   С) 1798 ж. 
2. Кіші жүзде хан билігін жойған «Орынбор қазақтары туралы» жарғы 
қабылданған жыл 
А) 1822 ж.   В) 1816 ж.  С) 1824 ж. 
3. Торғай облысындағы болған көтерілістің сардарбегі 
А) Тоқаш Бокин   В) Амангелді Иманов   С) Исатай батыр 
4. Қазақстан Республикасы туының авторы 
А) Ш.Ниязбеков   В) Х.Наурызбаев   С) М.Әлімбаев 
5. 1867-1868 жж. реформа бойынша далалық әкімшілік басқару жүйесінің 
басты принципі 
А) әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарды енгізу 
В) Қазақстан әкімшілік басқаруында өзін-өзі басқаруға көшуі 
С) әскери және азаматтық басқарудың генерал-губернатор қолына 
шоғырлануы 

6. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектің авторы 
А) Ш.Құдайбердиев   В) А.Құнанбаев   С) А.Байтұрсынов 
7. 20 ғ. басында Қазақстанда мал шаруашылығының отырықшы түрі пайда 
болды. Мұның себебі неде? 
А) көшіп-қону аса көп шығынды қажет етті   В) қазақтардан жердің 
тартып алынуы, жайылымдардың тарылуы   С) мал тез салмақ жинау үшін 
8. «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген сипаттамадағы қазақ дәстүрі 
қай ханның тұсында айтылған? 
А) Тәуке хан   В) Әбілқайыр хан   С) Әбілмәмбет хан 
9. Орынбор – Ташкент темір жолының құрылысы аяқталған жыл 
А) 1900 ж.   В) 1903 ж.   С)1905 ж. 
10. 1783-1797 жж. ұлт-азаттық көтеріліс болған аймақ 
А) Кіші жүз территориясы   В) бүкіл Қазақстан   С) Орта жүз жері 
11. Жонғарларға қарсы күресте қол бастаған батыр 
А) Сырым батыр   В) Бөгенбай батыр   С) Исатай батыр 
12. 20 ғ. басында Қазақстанда дамыған өнеркәсіп түрі 
А) машина жасау   В) кен өндірісі   С) жеңіл өнеркәсіп 
13. Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік репрессияға ұшырап 25 жылға 
сотталған ғалым 
А) М.Әуезов   В) Е.Бекмаханов   С) Қ.Сәтбаев 
14. Қазақстанда тың игеру процесі басталған жыл 
А) 1950 ж.   В) 1952 ж.   С) 1954 ж. 
15. «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланған баспасөз органы 
А) «Қазақ» газеті   В) «Ақжол» газеті   С) «Айқап» журналы 
16. Қазақстанда 1867-1868 жж. реформаның отаршыл сипатына қарсы 
болған көтеріліс  аймағы 
А) Жетісу   В) Орал мен Торғай облыстары   С) Ақмола мен Семей 
облыстары        
17. Қазақ АКСР-нің тұнғыш астанасы 
А) Орынбор   В) Қызылорда   С) Алматы 
18. Жер-су реформасы кезінде «Қосшы» одағы құрылған уақыт 
А) 1918 ж.   В) 1920 ж.   С) 1921 ж. 
19. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің нәтижесі 
А) Автономия құрылды   В) Ұлттық өзіндік сана-сезім өсті 
С) Отаршыл әкімшілік құлады 
20. Жиырма жыл бойында Қазақстанда индустрияландыру процесі 
қарқынды дамып, соның нәтижесінде республика КСРО-дағы ең ірі 
өнеркәсіп аймақтарының біріне айналды. Бірақ анық белгілі болған 
республиканың негізгі бағыты 
А) шикізаттық бағыт   В) өндірілген өнімнің жоғары технологиялық 
бағыты 
С) ірі әскери-өндірістік кешен құрылыстарының қысқару қарқыны 
21.1986 ж. Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қаралған 
мәселе 

А) мал шаруашылығының жағдайы жайлы   В) Республика басшысын 
ауыстыру   С) білім мен денсаулық сақтауға қосымша қаржы бөлу жайлы 
22. Шаруалардың күштеп ұжымдастыруға қарсылық көрсетудің формасы 
А) қалаға немесе басқа аймақтарға көшіп кету   В) көтеріліс   С) бәрі 
дұрыс 
23. ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстандағы меншіктің түрлері 
А) жеке және мемлекеттік   В) мемлекеттік және акционерлік 
С) мемлекеттік және кооперативтік 
24. 1905 ж. Успенск мыс руднигінде құрылған жұмысшылар ұйымы 
А) социал-демократиялық ұйым   В) орыс-қазақ жұмысшыларының одағы 
С) большевиктер партиясы 
25. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң 
қабылданған уақыт 
А) 1991 ж. 16 желтоқсан   В) 1990 ж. 25 қазан   С) 1995 ж. 30 тамыз 
26. Мемлекетсіздендіру және меншікке беру процесінің атауы 
А) «ұлттандыру»   В) «жекешеліндіру»   С) «шаруашылық есеп» 
27. «Әскери коммунизм» кезеңінің бір іс-шарасы 
А) еркін сауда   В) еңбек міндеткерлігін жою   С) еңбек армиясын құру 
28. Қазақстанның дамуының перспективалық мақсаттары  анықталған  ҚР 
Президенті Н.Назарбаевтың еңбегі 
А) «Қазақстан-2030»   В) «Ғасырлар тоғысында»   С) «Тарих толқынында» 
29. Қазақстандағы астықты аудандардағы колхоздық құрылыстың негізгі 
формасы 
А) совхоздар   В) ауыл шаруашылық артелі   С) жерді бірлесіп өңдеу 
серіктестігі 
30. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан өмірінде болған оқиға 
А) Қазақстанның БҰҰ-на кіруі   В) жекешелендіру туралы Заңның 
қабылдануы   С) Қазақстан Халықаралық валюта қорына кіруі                                        
 
3 нұсқа 
1. «Сібір қазақтары туралы» жарғы қабылданған жыл 
А) 1820 ж.  В) 1822 ж.  С) 1824 ж. 
2. 1867-1868 жж. реформа бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін 
генерал-губернаторлық 
А) Батыс Сібір   В) Түркістан   С) Орынбор 
3. «Кіші қазан» идеясының авторы 
А) А.Байтұрсынов   В) Ф.Голощекин   С) И.Губкин 
4. ҚазАКСР-нің екінші астанасы 
А) Қызылорда   В) Орынбор   С) Алматы 
5. Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» негіз болған «қанды 
жексенбі» болған жыл 
А) 1907 ж.   В) 1905 ж.   С) 1910 ж. 
6. Қоқандықтардың әскери әлсіздігін көрсеткен 1860 ж. болған шайқас 
жері 
А) Ұзынағаш түбінде   В) Верный маңында   С) Қапал жанында 

7. 1943 ж. жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің 
авторларының бірі 
А) М. Әуезов   В) Ә.Марғұлан   С) Е.Бекмаханов 
8. 1918-1920 жж. Қазақстанда болған оқиға 
А) азамат соғысы   В) индустрияландыру   С) ұжымдастыру 
9. Қазір қолданып жүрген ҚР Конституциясы қабылданған жыл 
А) 1997 ж. қазан   В) 1995 ж. тамыз   С) 1993 ж. қаңтар 
10. 1850 ж. дейін Қазақстан территориясында жұмыс істеген әскери 
бөлімшелер 
А) Орал, сібір, орынбор, жетісу казактары   В) Сібір, орынбор, жетісу 
казактары   С) Орал, сібір, орынбор казактары 
11. Қазақ тарихына «Ақтабан шұбырынды» деген атпен кірген жылдар 
А) 1723-1728 жж.   В) 1720-1730 жж.   С) 1707-1726 жж. 
12. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың қамтыған жерлері 
А) Торғай облысы   В) Жетісу   С) Бүкіл Қазақстан 
13. 1837-1847 жж. ұлт-азаттық көтерілісті басқарған қайраткер 
А) Сырым Датов   В) Кенесары Қасымов   С) Исатай Тайманов 
14. Қазақстанда 1867-1868 жж. реформаның отаршыл сипатына қарсы 
болған көтеріліс  аймағы 
А) Жетісу   В) Манғыстау   С) Ақмола мен Семей облыстары        
15. 18 ғ. бірінші жартысында қазақтарға ерекше қауіп төндірген ел 
А) Хиуа хандығы   В) Орыс мемлекеті   С) Жонғар хандығы 
16. 1917 ж. І Бүкілқазақ съезі шешімінің бірі 
А) «Алаш» партиясын құру   В) Жастар ұйымын құру   С) ҚазАКСР-ін 
құру 
17. Жеңіл, тамақ, жергілікті өнеркәсіп салалары жататын өнеркәсіптің 
тобы 
А) «А» тобы    В) «Б» тобы   С) «В» тобы 
18. ҚР мемлекеттік рәміздері – ту мен елтаңба қабылданған уақыт 
А) 1992 ж. 4 маусым   В) 1993 ж. 15 қараша   С) 1995 ж. 30 тамыз 
19. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде елдің дамуындағы үстем болған 
экономикалық саясаттағы принцип 
А) ауыл шаруашылығының жедел дамуы   В) ауыр өнеркәсіптің сәйкессіз 
жедел дамуы   С) халықтың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру 
20.Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып өзгертілген уақыт 
А) 1990 ж.   В) 1991 ж.   С) 1992 ж. 
21. 1986-1991 жж. Қазақстандағы ең қуатты ұйым 
А) «Алаш» партиясы   В) «Желтоқсан» қозғалысы   С) «Семей-Невада» 
қозғалысы 
22. 1954 ж. Қазақстанда болған оқиға 
А) тың және тыңайған жерлерді игеру басталды   В) ҚР құрылды 
С) Алматы қаласы Қазақ КСР-нің астанасы атанды 
23. Индустрияландыру саясатының нәтижесі 
А) өнеркәсіптің дамуы тоқтатылды   В) өнеркәсіп салалары алдыңғы 
шепке өтті   С) ауыл шаруашылығының ролі артты 

24. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстанның малды аудандарындағы 
колхоз құрудың негізгі формасы 
А) ауыл шаруашылық артелі   В) совхоздар   С) жерді бірлесіп өңдеу және 
шөп шабу серіктестігі 
25.1991ж. желтоқсандағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығы 
бойынша 17 желтоқсан күні атауы 
А) Республика күні   В) Тәуелсіздік күні   С) Демократиялық жаңару күні 
26. «Әскери коммунизм» саясатының белгілерінің бірі 
А) азық-түлік салығы   В) еркін сауда   С) өнеркәсіпті максималды 
национализациялау 
27. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ауыл шаруашылығында өнім 
өндіруді арттыру үшін жүргізілген процесс 
А) ұсақ колхоздарды біріктіру   В) колхоздарды жаппай совхоздарға 
айландыру   С) еңбекшілердің тұрмысын жоғарлату 
28 Қазақ халқынан майданға қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы 
жарлыққа ілінген еркек кіндіктілерді анықтаған құжат 
А) туу туралы куәлік   В) әр ауылдан алынған тізім   С) отбасылық тізім 
29. Уақыты жағынан Қазақстанда алғашқы болған оқиға 
А) мемлекеттік рәміздердің қабылдануы   В) Республиканың БҰҰ-ға кіру 
С) ұлттық валютаның енгізілуі 
30. 1993 ж. Президент Н.Назарбаев қол қойған Лиссабон протоколы 
бойынша Қазақстан  
А) егемен мемлекет   В) ядролық қарудан босаған мемлекет   С) еркін 
экономикалық аймақ                                                                                                                                       
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет