Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


Узурпация-өкімет  билігін  заңсыз  басып  алу  немесе  басқаның  құқығын иемдену.  168.   Унитарлық



Pdf көрінісі
бет5/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Узурпация-өкімет  билігін  заңсыз  басып  алу  немесе  басқаның 
құқығын иемдену. 
168.
 
Унитарлық 
мемлекет-саяси 
билік 
бір 
орталыққа 
бағынған,мемлекеттің  ішінде  өз  алдына  бөлек  басқа  құрылымға  жол 
берілмейтін  мемлекеттің  түрі.Оның  жер  аумағы,конституциясы  бір 
болады,мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі,азаматтығы ортақ 
келеді.Мысалы,Греция,Италия,Қазақстан,Норвегия,Польша,Финляндия,
Франция,Жапония және т.б.  
169.
 
Ұлт –аумақтың ,тілдің,экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті 
мен  тұрмыс  ерекшеліктерінде  көрінетін  психикалық  қалпының 
ортақтығын байланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі. 
170.
 
Ұлтжандылық-Отанға,халқына,оның 
тарихы,тілі,мәдениетіне 
деген сүйіспеншілік,бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен 
мүддесіне 
жұмсау.Отан 
сүйгіштік,ұлтжандылық 
үлкен 
азаматтық,мәдениеттілігінің белгісі.Ол өз мүддесі мен елінің,халқының 
мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге әкеледі.Сондықтан бұл сезім Отанның 
егемендігін,абыройын 
қорғауға 
шақырады.Оны 
ұлтшылдықпен 
шатастыруға болмайды. 
171.
 
Ұлттардың  өзін  өзі  билеуі-ұлттардың  өзінің  мемлекеттік 
құрылысын  өзі  шешу  принципі.Бұл  мәселе  алғашында  Еуропада 
буржуазиялық-демократиялық  революциялардың  жеңуіне  байланысты 
пайда  болады.Ең  бірінші  бұл  пікір  1776  жылы  Америка  Құрама 
Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді. 
172.
 
Ұлтшылдық-ұлттық  жекешілікке,артықшылыққа,басқа  ұлттарға 
сенбеушілікке  және  бір  ұлтты  екінші  ұлтқа  қарсы  қоюға  бағытталған 
саясат,идеология,психология және әлеуметтік тәжірибе.  
173.
 
Фашизм-реакциялық 
,грессивтік 
күштердің 
террорлық 
диктатурасы.Ол  1919  жылы  Италияда,содан  кейін  Германияда  пайда 
болды.Оның ерекшеліктеріне жататындар:бір нәсілді екіншіден жоғары 
қою,мемлекетке  барлық  басшылықты  беру,демократиялық  құқықтар 
мен  бостандықтарды  басып  –жаншуда  шектен  тыс  күштеу  әдіс-

тәсілдерін пайдалану,қоғамдық және жеке өмірді жаппай бақылауға алу 
және т.с.с. 
174.
 
Федерация-белгілі  бір  тәуелсіздігі  бар  бірнеше  мемлекеттік 
құрылымдардың бірігіп,одақтық жаңа мемлекетті құруы.Федерация мен 
оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар 
жалпымемлекеттік  конституциямен  реттеледі.Әрбір  субъектінің  өзінің 
жоғары  билеу(заң  шығарушы,атқарушы,сот)органдары  болады.Бірақ 
олар орталық институттарға бағынады. 
175.
 
Феминизм-қоғам  өмірінің  барлық  салаларында  еркектер  мен 
әйелдердің теңдігі үшін күресетін қозғалыс. 
176.
 
Фракция-парламентте  немесе  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
органдарында  және  т.б.өз  партиясының  саясатын  ұйымшылдықпен 
өткізу  үшін  біріккен  кейбір  саяси  партиялардың  мүшелері  ;партияның 
жалпы 
бағытымен 
келіспегендіктен 
өз 
алдына 
бөлек 
оқшауланған,өзіндік 
бағыты,құрылымы,тәртібі 
бар 
,бірақ 
сол 
партияның қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі. 
177.
 
Фундаментализм-мұсылман  елдеріндегі  қоғамдық  ойдың  ислам 
діні негіздерін берік сақтау әрекеттері.  
178.
 
Халықаралық 
қатынастар 
— 
халықтар, 
мемлекеттер,мемлекеттік  жүйелер  арасындағы  дүниежүзілік  деңгейде 
жүргізілетін 
саяси,экономикалық 
,құқықтық 

демократиялық 
,әскери,мәдени 
байланыстар 
және 
оларды 
іске 
асырушы 
әлеуметтік,экономикалық,саяси  күштер  мен  ұйымдардың  өзара 
қатынастарының жиынтығы. 
179.
 
Халық  майдандары-белгілі  бір  саяси  мақсатқа  жету  үшін 
ұйымдасқан  бұқара  халықтың,саяси  партиялар,кәсіподақтар  және  т.б. 
ұйымдардың 
қоғамдық 
–саяси 
қозғалысының 
бір 
түрі.Олар 
жалпыдемократиялық  принциптердің  негізінде  құрылады  және  жұмыс 
істейді.Қатаң  айқындалған  түрі  мен  мүшелігі  болмайды.Әдетте,алдына 
қойған  мақсаты  орындалған  соң  тарқайды.Олар  осы  ғасырдың  30 
жылдарында  фашизм  мен  реакцияға  қарсы  күрес  барысында  пайда 
болған және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында зор рөл атқарады.  
180.
 
Центризм-саясатта  оңшылдар  мен  солшылдардың  арасында 
орталық қалыпты ұсынатын партиялық бағыт.  
181.
 
Шовинизм-ұлттық  ерекшеліктерді  дәріптейтін,бір  ұлттың 
мүддесін  басқа  халықтардың  мақсатына  қарсы  қоятын,ұлтаралық 
өшпенділікті қоздыратын ,ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.  
182.
 
Ішкі  саясат  —  мемлекеттің  өз  ішіндегі  әлеуметтік-саяси 
құрылысты сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.  
183.
 
Эволюция  —  қоғамдық-саяси  өмірде  біртіндеп,  баяу  даму.  Бұл 
теорияның негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын. 
184.
 
Экспопрация  —  бір  тапты  жеке  меншігінен,  өндіргіш, 
құралдарынан күшпен, ықтиярсыз айыру. 
185.
 
Экстремизм  —  1)саяси  және  басқа  мақсаттарға  жету  үшін 
заңсыз,  күштеу,  зорлау  тәсілдерін  пайдаланатын  әрекет.  Ол  ұлтаралық 

араздықты  қоздырады,  демократиялық  принциптерді  шектейді,  елді 
тұрақсыздандырады,  саяси  шиеленістерді  бейбіт  жолмен  шешуге 
мүмкіндік  бермейді;  2)шектен  шыққан  көзқарастарға  және  шараларға 
бет бұрушылық. 
186.
 
Электорат  —  халықаралық  ұйымдарға,  мемлекет  басқару 
органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар 
адамдар тобы. 
187.
 
Элита  —  саясатта,  экономикада,  рухани  өмірде  өздерінің 
білімділігімен,  ікерлігімен,  асқан  мамандығымен  ерекше  жағдайға  ие 
болған адамдар тобы. 
188.
 
Эмансипация — адамның немесе әлеуметтік топтың тәуелділік, 
кіріптарлық  езгіден  құтылып,  теңдік  алуы.Мысалы,  ұлттық  езгіден 
құтылу, әйелдердің ерлермен тең құқық алуы және т.с.с. 
189.
 
Этатизм  —  елдің  экономикалық  және  саяси  өміріне,  қоғамның 
барлық  саласына  мемлекеттің  белсенді  араласуын  қалайтын 
тұжырымдама. 
190.
 
Этнос 

тілінде, 
мәдениетінде, 
мінез-құлқында 
ортақ 
ерекшеліктері  бар,  белгілі  бір  аумақта  (территорияда)  тарихи 
қалыптасқан,  өз  қауымдастығының  бірлігін  сезінетін  адамдар 
жиынтығы.  
191.
 
ЮНЕСКО  —  БҰҰ-ның  білім,  ғылым,  мәдениет  мәселелер 
жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақ  инновациовациялық гуманитарлық-заң университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Қазақстан тарихы» пәнінен семинар сабақтарын өткізуге арналған 
әдістемелік нұсқау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей, 2015 ж. 
 
 
 
 
 

Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау тарих емес 
мамандықтары студенттеріне жасалған 
                                                                                                         
 
курс 1  
                                                                 
Құрастырушы: тарих және география кафедрасының аға оқытушысы    
Ахметова А.К. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Тақырып
 
№1 Көне және ежелгі дәуірдегі Қазақстан – 1 сағат 
 
Сабақтың мақсаты:  Қазақстан тарихының тас және қола 
дәуірдеріндегі жағдайға сипаттама беру 
 
3.
 
Тас дәуіріндегі Қазақстан. Антропогенез. Техногенез. Социогенез. 
4.
 
Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов мәдениеті. Андронов 
тайпаларының шаруашылығы, қоғамдық қатынастары 
 
Бірінші сұрақ бойынша Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің 
кезеңдерін көрсету керек: палеолит, мезолит, неолит. Олардың 
хронологиялық шегін білу қажет. Жер бетінде адам баласынын пайда болуы 
және адамдардың дамуындағы атауларды білу керек.  
 
Екінші сұрақ бойынша адамзаттың дамуында металды пайдалану 
кезеңі келгені туралы және оның қола екені туралы көрсету керек. Қола 
дәуіріне жататын андронов және беғазы-дандібай мәдениеттерінің сипатын 
келтіру керек. 
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
Тақырып
 
№2 Ерте темір дәуіріндегі тайпалар одақтары және Қазақстан 
территориясындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар – 1 сағат 
 
Сабақтың мақсаты:
  
Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттер 
кезеңінің сипатын білу 
 
1. Сақтар. Саяси тарихы, қоғамдық құрылымы. Шаруашылық өмірі және 
мәдениеті 
2. Үйсіндер мен қаңлылардың саяси тарихы 
3. Ғұн қоғамындағы мемлекеттік құрылымның дамуы. Ғұндардың 
шаруашылығы 
 
Бірінші сұрақ бойынша түрлі деректере сүйене отырып сақ 
тайпаларының саяси тарихын, қоғамдық құрылымын  көрсету керек.  
 
Екінші сұрақ бойынша Қазақстан территориясында Жетісу өңірінде 
және Оңтүстік Қазақстан территориясында б.з.д. 3- 2 ғғ.өмір сүрген үйсіндер 
мен қаңлылардың тарихын келтіру керек.  
 
Үшінші сұрақ бойынша ғұндардың тарихын ашу керек. Ғұндардың 
жылжуы тарихта Ұлы қоныс аудару атты құбылыс екенін көрсету жөн. 
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
 
 

 
Тақырып
 
№3 Қазақстан ежелгі түрік кезеңінде – 1сағат 
 
Сабақтың мақсаты: ҮІІ-ХІ ғғ.басындағы Қазақстан 
территориясындағы түрік мемлекеттерінің саяси тарихын білу 
 
1. Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.) 
2. Түркеш қағанаты  (704-756 жж.) 
3. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.) 
4. Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы) 
5. Кимек қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы) 
 
Семинар сабағының тақырыбы бойынша Қазақстан территориясындағы 
түрік дәуірі кезіндегі феодалдық мемлекеттер тарихын көрсету керек. Бұл 
мемлекеттердің ерте феодалдық мемлекет екенін атап кету қажет. Әр 
мемлекеттің өмір сүрген уақытын, территориясын, астанасын білу керек. 
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
Тақырып
 
№4  Қазақстан  территориясындағы  дамыған  ортағасырлық 
мемлекеттер (ХІ-ХІІІ ғ. басы) – 1сағат 
Сабақтың мақсаты: ХІ –ХІІІ ғғ.басындағы Қазақстан 
территориясындағы түрік мемлекеттерінің саяси тарихын білу 
 
5.
 
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.) 
6.
 
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213 жж.) 
7.
 
Наймандар және керейіттер ұлыстары (ХІ-ХІІІ бас кезі) 
8.
 
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. – 1224 ж.) 
 
Семинар сабағының тақырыбы бойынша Қазақстан территориясындағы 
түрік дәуірі кезіндегі феодалдық мемлекеттер тарихын көрсету керек. Бұл 
мемлекеттердің дамыған ортағасырлық  мемлекет екенін атап кету қажет. Әр 
мемлекеттің өмір сүрген уақытын, территориясын, астанасын білу керек. 
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
Тақырып
 
№5 ХІІІ – ХҮ ғғ.  1-ші жартысындағы Қазақстан – 1 сағат 
 
Сабақтың мақсаты:  ХІІІ- ХҮ ғғ. 1-ші жартысындағы Қазақстан 
тарихынан мәлімдеме қалыптастыру 
 
6.
 
Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Монғол 
ұлыстарының құрылуы.  

7.
 
Алтын Орда. Саяси тарихы 
8.
 
Ақ Орда. Саяси тарихы 
9.
 
Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті) 
10.
 
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Моғолстанның құрамында. Ноғай Ордасы 
 
Бірінші сұрақ бойынша ХІІІ ғ. қалыптасқан Моңғол мемлекетінің 
Қазақстан мен Орта Азия территориясын жаулап алуын көрсету керек. 1219-
1224 жж. арасында Қазақстан территориясы Моңғол мемлекетінің қол 
астына кірді. Шыңғыс хан империясының территориясын басқару үшін 
ұлыстық жүйе құрды. Жалпы төрт ұлыс құрылды. Қазақстан жері үш 
ұлыстың құрамында болды: Жошы. Шағатай және Өгедей ұлыстары.  
Екінші сұрақ бойынша Моңғол мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде 
дербес мемлекеттер құрылғанын келтіреміз. Бату хан басқарған мемлекет – 
Алтын Орда.  
 
Үшінші сұрақ бойынша Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихын келтіру 
керек. Сұраққа жауап бергенде Ақ Орданың Алтын Ордамен байланысы 
туралы атап кету дұрыс екенін ескертеміз. 
 
Төртінші сұрақ бойынша 1428-1468 жж. бой көтерген Көшпелі 
өзбектер мемлекеті атты ел туралы мәліметтер келтіру керек. Бұл 
мемлекеттің тарихта қалған барлық атауларын білу қажет.  
 
Бесінші сұрақ бойынша Моңғол мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде 
пайда болған екі мемлекеттік құрылым: Моғолстан және Ноғай Ордалары 
туралы көрсету керек. 
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
Тақырып
 
№6 Қазақ халқы этногенезі және ХҮ-ХҮІ ғғ.Қазақ хандығы –  
1 сағат 
 
Сабақтың мақсаты:  Қазақ этногенезінің кезеңдерін, қазақ халқының 
этникалық компоненттерін және Қазақ хандығының ХҮ-ХҮІ ғғ. тарихын білу 
 
6.
 
Қазақстан территориясындағы этникалық процестер. «Қазақ» этнонимі. 
Қазақ жүздері 
7.
 
Қазақ хандығының қалыптасуының алғышарттары. Алғашқы қазақ 
хандары 
8.
 
ХҮ ғ. соңғы ширегінде Қазақ хандығының нығаюы. Қазақ хандарының 
саясаты 
9.
 
Қазақ хандығының гүлденуі. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты 
10.
 
ХҮІ ғасырдың 30-80 жылдарындағы Қазақ хандығы 
 
Бірінші сұрақ бойынша Қазақстан территориясындағы этникалық 
процестерді сипаттау керек. Қазақстандағы этникалық компоненттің 
қалыптасуына үлес қосқандарды атап, осы кезеңдерді білу керек. «Қазақ» 
деген атаудың түрлі этимологиясын көрсету керек. Қазақ халқының құрамы 

үш жүзден тұратынын анықтап атау кажет. Жүз – этнотерриториялық 
бірлестік екенін көрсету керек. 
 
Екінші сұрақ бойынша ХҮ ғ. екінші жартысындағы Қазақстан 
территориясындағы саяси жағдайды көрсету керек. Қазақтардың Жәнібек 
сұлтан мен Керей сұлтандардың басшылығымен Моғолстан территориясына 
көшіп барғаны туралы мәліметтерді келтіру керек.  
 
Үшінші сұрақ бойынша жаңа құрылған Қазақ хандығының саяси 
жағдайын көрсету керек.    Қазақ хандығының алдында тұрған мақсаты 
туралы мәліметтер келтіру керек.         
Төртінші сұрақ бойынша 1511-1818 жж. билік еткен Қасым ханның 
Қазақ хандығы тарихындағы орнын анықтау қажет. ХҮІ ғасырдың бірінші 
ширегі Қасым ханның билігімен белгілі екенін көрсету және осы заман Қазақ 
хандығының гүлденген уақыты деп анықталатынын білу қажет. Қасым хан 
тұсындағы Қазақ хандығының территориясының ұлғайуын картадан көрсету 
керек. Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынасын 
анықтау қажет.  Қасым хан тұсында Қазақ хандығының территориясы 
ұлғайғаны туралы мәлімет келтіру қажет. Қасым хан тұсындағы хандықтағы 
халықтын саны – 1 млн.екенін атау керек. 
Бесінші сұрақ бойынша ХҮІ ғасырдағы Қазақ хандығын жайлаған 
саяси берекесіздіктін себебін көрсетіп, сол тұстағы қазақ хандарының 
саясатына тоқталу керек. Сонымен бірге 1538-1880 жылдары Қазақ 
хандығын басқарған Хакназар ханның саясатын көрсету керек. Хакназар хан 
өз саясатын  - әкесі Қасым хан тұсындағы хандықты қалпына келтіру  -  
екенін көрсету.  
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
Тақырып
 
№7 ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы – 1 сағат 
 
Сабақтың мақсаты:  ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығының 
саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білу 
 
5.
 
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Орталық Азиядағы геосаяси ахуал 
6.
 
ХҮІІ ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы (Есім хан, Жәнгір 
хан) 
7.
 
Тәуке ханның тұсында қазақ хандығының нығайюы. «Жеті Жарғы» 
заңдары 
8.
 
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 
 
 
Бірінші сұрақ бойынша ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Орталық Азиядағы 
геосаяси ахуалға сипаттама беру керек. 
 

 
Екінші сұрақ бойынша  ХҮІІ ғасыр Қазақ хандығы үшін күрделі уақыт 
екені туралы мәлімет қалыптастыру керек. ХҮІІ ғасырда Есім, Жәнгір 
хандардың саясатын көрсету дұрыс болады. 
Үшінші сұрақ бойынша 1680-1718 жж.Тәуке ханның тұсында қазақ 
хандығының нығайюын көрсетңп, «Жеті Жарғы» заңдарының 
қалыптасқанын атап кету керек. 
     Төртінші сұрақ бойынша қазақ қоғамы «ақ сүйек» және «қара сүйек» 
деген екі әлеуметтік топқа бөлінетінін атап, олардың құрамына кіретін 
әлеуметтік жіктерді анықтау керек. 
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
 
Тақырып
 
№8 Жаңа замандағы Қазақстан (ХҮІІІ-ХХ ғасырдың басы) –   
3 сағат 
 
Сабақтың мақсаты:  ХҮІІІ –ХХ ғасырдың  басындағы  Қазақстанның 
саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білу 
 
9.
 
ХҮІІІ ғ. басындағы қазақ – жонғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұлама» жылдары. Қазақтардың азаттық күресі. Қазақ 
батырлары  
10.
 
Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына кіруі. 
Ресей отарлау саясатының негізгі бағыттары. 
11.
 
Ресейдің ХІХ ғ. 20-40-шы жылдарындағы Қазақстандағы әкімшілік 
реформалары 
12.
 
Қазақ халқының ХҮІІІ – ХІХ ғ. бірінші жартысындағы ұлт-азаттық 
қозғалысы. Негізгі кезеңдері, нәтижелері 
13.
 
Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуының аяқталуы 
14.
 
ХІХ ғ. 60-90 жж. әкімшілік реформалар. Қазақстанның саяси-құқықтық 
статусының өзгеруі 
15.
 
Қазақстандағы ХХ ғ. бас кезіндегі қоныс аудару саясаты және 
столыпиндік модернизация 
16.
 
ХІХ ғ. соңғы ширегі – ХХ ғ. басында Қазақстандағы ұлттық қозғалыстың 
ерекшеліктері 
 
Бірінші сұрақ бойынша 1635 жылы құрылған Жоңғар хандығының Қазақ 
хандығына деген көзқарасын атап көрсету қажет. Жоңғарлардың қазақтар 
арасындағы бытыранқылықты пайдаланғанын білу керек. 1723 жылынан 
басталған қазақ халқының басына күн туған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл 
сұлама» жылдарына сипаттама беру қажет. Қазақтардың бірлігіне шақырған 
құрылтайдың маңызын көрсете білу, қазақ халқының азаттық үшін күресі, 
«Қалмаққырылған», Аңырақай шайқастарының қазақтардың рухына 
тигізген әсері туралы баяндау қажет. Қазақ батырларының азаттық күрестегі 
ролі туралы атап кету керек. 

Екінші  сұрақ  бойынша  1731  жылдың  19  ақпанынан  бастап 
Қазақстанның  Ресей  империясының  құрамына  кіргенін  анықтаймыз.  Осы 
оқиғаның  алғышарттарын  білу  керек.  Ресей  империясының  отарлау 
саясатының  үш  бағытының  мазмұнын  көрсетеміз:  Қазақстанды  әскери 
тұрғыдан, саяси тұрғыдан, экономикалық тұрғыдан бағындыру.  
Үшінші сұрақ бойынша 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары 
туралы» Жарғы негізінде Орта жүз территориясы округ-волость-ауыл 
болып, ал 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақтары туралы» Жарғы 
негізінде Кіші жүз территориясы бөлім-дистанция-ауыл болып бөлінгенін 
атап, олардың әкімшілік жағынан мағынасын көрсету кажет. 
Төртінші сұрақ бойынша ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстанда болған ұлт-азаттық 
көтерілістердің  сипатын,  барысын,  нәтижесін  көрсетеміз  (Сырым  Датұлы 
бастаған  көтеріліс  1783-1797  жж.;  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет 
Өтемісұлы  бастаған  көтеріліс  1836-1838  жж.;  Кенесары  Қасымұлы  бастаған 
көтеріліс 1837-1847 жж.) 
Бесінші  сұрақ  бойынша  қазақтың  Ұлы  жүзінің  Ресей  империясының 
құрамына  кіруін  көрсету  керек,  сонымен  ХІХ  ғ.  60-шы  жылдарының 
ортасында  Қазақстанның  барлық  территориясы  Ресей  империясының 
қарамағына өтті.  
Алтынші  сұрақ  бойынша  1867-1868  жж.  әкімшілік  реформа  негізінде 
Қазақстан территориясында үш генерал-губернаторлық пайда болғанын атап, 
осы  территория  бес  сатылы:  генерал-губернаторлық-облыс-уезд-волость-
әкімшілік  ауыл  болып  басқарылатыны  жөнінде  мәлімдеу  керек.  Сонымен 
бірге  1886  ж.  және  1891  ж.  қабылданған  Ережелердің  мазмынын  анықтау 
қажет. 
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
 
Тақырып
 
№9 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан – 3 сағат 
 
Сабақтың мақсаты:  Қазақ хандығының тәуелсіздігінен айырылып, 
Ресей империясының құрамына кірген уақыттағы жағдайын білу 
 
10.
 
Қазақстанда кеңес өкіметін орнатудың ерекшеліктері. Азаматтық 
қарсыластықтардың басталуы 
11.
 
1918 ж. саяси ахуалдың шиеленісуі және 1918-1920 жж. азаматтық 
қарсыластықтың одан әрі өршуі 
12.
 
ЖЭС кезіндегі Қазақстан 
13.
 
КСРО-да халық шаруашылыңын дамытудағы индустрияландыру және 
ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты. Қазақстанда осы бағыттар 
бойынша жүргізілген іс-шаралардың сипаты және нәтижелері 
14.
 
Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезінде 
15.
 
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және 
қоғамдық-саяси жағдайы 

16.
 
Сталиннің жеке басына табынудың айыпталуы. Қоғамдық-саяси өмірдегі 
«жылымық» 
17.
 
1964-1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-
саяси жағдайы 
18.
 
Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаттамасы 
 
Семинар барысында мына мәселелерді қарастыру көзделген:  
Қазақстан территориясында 1917 жылдың 30 қазаны мен 1918 жылдың 
наурыз айы аралығында кеңестердің билігі орныққаны туралы көрсету керек.  
1920  жылы  26  тамызда  Қазақ  АКСР-ның  құрылуы  туралы  шешім 
қабылданғаны  туралы  мәлімдеу  қажет  және  осы  мемлекеттік  құрылымның 
кейінгі тарихы қандай болғанын анықтау керек. 
1918-1920  жылдары  азамат  соғысы  кезіндегі  Қазақстанның  жағдайын 
көрсету  керек:  «әскери  коммунизм»  саясатының    жүргізілуі,  Қазақстан 
территориясындағы майдандар және партизан соғысы  
1925-1933 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші 
хатшысы болған Ф.И.Голощекин тұсында қалыптасқан жағдайды сипаттау 
қажет. Бұл саясаттың «Кіші қазан» саясаты атануының себебі неде екенін 
білу керек. 
Елде  социализм  құру  жоспарының  негізінде  өнеркәсіпті  дамыту 
барысында  жүргізілген  индустриаландыру  саясаты  туралы  мәлімдеу  керек. 
Индустриаландырудың  Қазақстанда  жүзеге  асырылуының  қиындықтары 
болғанын атап кету жөн. 
Қазақстанда  ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру  саясаты  көптеген 
қиындықтарды  кездестіргенін  және  оның  осы  өлкеде  өзіндік  ерекшеліктері 
болғанын атап көрсету керек. 
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жағдайын 
және жеңіске қосқан үлесін көрсету керек. 
1946 жылы қабылданған төртінші бесжылдық жоспары 1946-1950 
жылдарын қамтыған уақытта экономиканы қалпына келтіру 
қарастырылғанын атап, осы кездегі индустриалдық дамуға сипаттама беру 
керек. 
Елді  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  мақсатында  жүргізңлген  тың  және 
тыңайған  жерлерді  игеру  саясатының  Қазақстанның  саяси  және 
экономикалық өміріне тигізген әсері туралы мәлімдеу керек. 
Соғыстан кейінгі жылдардағы  Қазақстанда мәдени дамудың барысын 
сипаттау керек. 
1965 жылы наурыз және қыркйек айларында қабылданған экономикалық 
реформалар ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп дамына енгізілетін 
өзгерістер туралы мәлімет қалыптастырылу қажет. Бұл реформалардың 
жүзеге асырылу барысы қандай болғанын анықтау. 
ХХ ғасырдың 70-80 жж. Қазақстандағы экономикалық үрдістердің 
тоқырау сипатында болғанын көрсетіп, елде экономикалық дағдарыстың 
тереңдеуін анықтау қажет. 
      1985 жылдан басталған «қайта құру» саясатының мазмұнын келтіру. 

 
Есеп формасы: семинар сабағы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет