«Вітчизнянанаука: сучаснийстан,актуальніпроблемитаперспективирозвитку»



Pdf көрінісі
бет31/113
Дата12.01.2017
өлшемі8,82 Mb.
#1708
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113

А.

 

Боранова

 

(

Тараз қаласы, Қазақстан

 

ҚАЗАҚ БИЛЕРІНІҢ ЕЛ БИЛЕУ ІС –



 

ӘРЕКЕТТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ –

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР

 

 

Қазақтың  Майқы,  Елсау,  Төбейұлы  Майқы,  Едіге,  Бәйдібек,  Шоған,  Әнет,  Жәнібек,  Боранбай,  Ақтайлақ, 

Байдалы, Мөңке, Досбол т.б. билері ел билеуге психология ғылымындағы іс –

 

әрекет, практикалық іс –



 

әрекет, ойлау, 

сөйлеу  т.б.  ұғымдарды  және  педагогика  ғылымындағы  тәрбие,  мақсат,  арман,

 

міндет  т.б.  категорияларда  қолдана 



білген.

 

Шиеленген қиынды шеше білген билердің кесімді,тапқыр, өнегелі нақыл, тәрбиелік мазмұны бар сөздері қазіргі 



ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алады.

 

Бабалардан қалған рухани мұраны ой елегінен өткізіп, психологиялық, педагогикалық бағыттарына мән беріп 



оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдім.

 

Майқы би Мәнұлы біздің дәуірімізге дейін 178 жылы дүниеге келіп,89 жылы өлген.Тарихта екі Майқы би болған 



екен.Біріншісі  Майқы  би  Мәнұлы,  ал  екіншісі  Шыңғыс  хан  Заманында  ғұмыр  кешкен  Майқы  би  Төбейұлы.Майқы  би 

Мәнұлы  өзінен  бұрынғы  бытырағандарды  жинап  ұйымшыл,  ұжымшыл,  аумақты  ел  еткен.  Ол  басқарған  қазақ  елі 

аймағына мыналар енген: Тарбағатай, Терістік жағы, Көкше теңіздеріне дейін, батысы –

 

Шу алқабы, оңтүстігі –



 

Үйсін 


118 

«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 

 



 

тауларына дейінгі кең байтақ дала. Бұл елдін орталығы Үш Қараш тауының түбіне орналасқан Шығу шаһары болған 

екен.  Ол  өз  төңірегіне  ақылды,  дана  кісілерді,  батырларды,  әнші  –

 

күйші,  өнерпаздарды,  зергер  ұсталарды 



жинаған.Олар өздерінің білгендерін ересектерге, жастарға уйреткен. Оның осы іс

-

әрекеттерінде педагогикадағы ақыл



-

ой тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, патриоттық тәрбие туралы ой

-

пікірлер көрініс тауып тұр. Майқы би бабаның кейбір 



терме, талғауларынан келтірілген үзінділер мазмұнына назар аударайық:

 

Құлақ жарар шәнкіл әуен, 



 

 

Еттің бәрі жал болмайды,



 

Тыңдағандай сазы болмас, 

 

 

Бар сөз білген сал бомайды.



 

Ұрыс көрген ұл мен қыздың, 

 

 

Күйгелектің тез күні өтер,



 

Мінезінің мәні болмас. 

   

 

Ол қартайып шал болмайды....



 

Осы үзінділердің мазмұны бидің отбасы тәрбиесіне мән бергендігін анғартады. Отбасы тәрбиесінде ұл мен 

қыздың жақсы, ұнамды мінездері қалыптасып дамиды. Ол отбасы –

 

тұлғаларды тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік 



мәдени  отбасы  болатының  сол  кезде  түсініп,  өзінің  толғаулары  арқылы  өзі  басқарған  қазақ  еліне  жеткізген.  Үзінді 

мазмұнындағы «күйгелектік» ұғымы қазіргі психология ғылымындағы темперамент түрі холерик пен алмастырылған.

 

...Ақылы асқан зейінді ұл,



 

Басына іс түссе батпан,

 

Тәсіл  табар  дал  болмайды.  Бұл  үзінді  мазмұнына  ақыл,  зейін,  тәсіл  деген  психологиялық,



 

педагогикалық 

пікірлер арқау болған.

 

Береке түбі –



 

бірлік,


 

Жеңіліс түбі –

 

шерлік


 

Жеңіс түбі –

 

ерлік... деген үзінді мазмұнында педагогикадағы патриоттық тәрбиенің көрінісі бар.



 

Елсау би Нәндиұлы б.з.д.177 жылы Шулен деген жерде туып, 73 жасында 104 жылы дүниеден өткен. Ол үйсін 

мемлекетіне елу жылдан астам басқарған. Әр тарапта бытыраған үйсін жұртын ұйымдастырып, біріктіріп ірі мемлекет 

еткен.Үйсін мемлекеті мал шаруашылығымен, әсіресе, жылқы өсірумен шұғылданған. Қол өнер, темір, шойын қорыту, 

қыш  құю,  ыдыстар  жасау  өнерімен  айналысқан.  Осы  археологиялық  дәлелдер  педагогиканың  саласы  кәсіптік 

педагогиканың  пайда  болып  дамығандығын  көрсетеді.  Сол  кезде  талантты  қазақтар  кәсіп меңгеріп  ел үшін  қызмет 

еткен.

 

Майқы би Төбейұлы 1105



-

1225 жылдар шамасында ғұмыр

 

кешкен түркі халқының, түркі тілдес халықтардың 



төбе биі болған.Сондықтан да оны бүкіл түркі тұқымдас елдер, әсіресе татар, башқұрт,ұйғыр, қарақалпақ, өзбек тағы 

сондай халықтар өздерінің бас биі деп санаған. Ол екі тілде еркін сөйлеп, түркі тұқымдас халықтардың тілдерін де 

біліп, кейбіреулерін еркін сөйлеген екен. Себебі, жер шарының көп жеріндегі елдерде бірнеше ғасыр бойы түркі елі өз 

үстемдігін жүргізген, осыған байланысты Азия, Еуропа елдерінің халықтары түркі тілінде сөйлеген.

 

Майқы  би  қазақ  ұлысын  құрған  тарихи  қайраткер  ретінде  сипатталады.  Ол  қазақ  руларын  үш  жүзге  (жүз  –



 

арабша «бөлік», « бөлім» дегенді білдіреді) топтап, Үйсін бастаған бөлікті «Ұлы жүз», Қабан ұлы Болатқожа бастаған 

бөлікті Орта жүз, Қоғам ұлы алшын бастаған бөлікті кіші жүз деп атады.Ел шетіне жау келсе өзі топтап біріктірген елдің 

ерлерін  жинап,  ұйымдастырып  елді  қорғауға  аттандыра  білген.  Оның  осы  саяси,  әлеуметтік  іс  –

 

әрекетері  оның 



даналығын, дарындылығын, ақыл –

 

ойының кейбір би мен ханның ақылынан артықшылығын, патриоттық сезімін және 



түркі  тұқымдас  халықтарға  деген  гуманистік  көзқарасын  білдіреді.  Ежелгі  тарихшы  Рашид  ад  –

 

Диннің  «Джами  ат 



тауарих»  деген  еңбегінде  майқы  би  Төбейұлы  Шыңғыс ханның  сенімдісі  және  ақылшысы,  Шыңғыс  хан  өзі  жорыққа 

шығарда  оны  өз  орнына  қалдырып

 

кететін  сенімді  бас  биі  болғаны,  дау  –



 

дамай  содан  шешімін  тауып  отырған 

көрсетілген. Бұған оның мына нақыл сөзі де дәлел: Ханның биі ақылды болса, қара жерден кеме жүргізеді. Майқы 

бидің


 

Ақ білектің күшімен,

 

Ақ найзаның ұшымен,



 

Елел  болуды  ойландар...  деген  нақыл  сөздерінен  педагогика  ғылымындағы  дене  тәрбиесі  мен  патриоттық 

тәрбиелер көрініс табады.Ол педагогика, психология әлеуметтік педагогика ғылымдарының жаман, жайсыз, жалқау, 

жетесіз,  жетелі,  есті  деген  сөздердін  өзінің  халыққа  бағыттайтын  нақыл  сөздеріне  арқау  еткен.  Бұған  мына  нақыл 

сөздердің мазмұны дәлел:

 

Жаман еркек жар қадірін білмес,



 

Жайсыз адам тер қадірін білмес,

 

Жетесіз жігіт ел қадірін білмес,



 

Естіге айтқан тура сөз,

 

Шыңға тіккен тумен тең.



 

Есерге айтқан тура сөз

 

Құмға сіңген сумен тең.



 

Едіге  Құтлу  Қабанұлы  1352

-

1419  жылдар  аралығында  Қаратаудың  теріскей  бетіндегі  Құмкент  шаһарында 



туып,  өмір  сүрген  әйгілі  би.  Оның  әкесі  ел  билеген.  Ақорда  әмірі  болған.  Құмкент  шаһарын  орталық  еткен.  Едіге 

жастайынан  әкесі  жанында  жүріп,  ел  басқаруды  үйреніп  ер  жеткен.  Оның  бойындағы  психологиялық  белгілер, 

педагогикалық ойлар (даналық, дарындылық, қайсарлық, сезімталдық т.б.) қабырғасы қата бастаған кезде –

 

ақ білінген 



екен. Бүгінге жеткен деректерде едіге Құтлу Қабанұлы бидің батырлығы, ақыл мен пайым

-

парасаттылығы, көсемдік іс 



 

әрекеті, шешендігі турасында көп айтылады. Осыған орай халық арасында « Ел қамын жеген Едіге» деген нақыл 



сөзбен:

 

Едіге деген ер екен, 



 

 

 



 

 

Ел шетіне жау келсе,



 

Елдің қамын жер екен. Мен барайын дер екен, –

 

деген жыр жолдары бар.



 

Бұл жыр жолдарының мазмұны оның 

патриоттық сезімінің жоғары екендігін аңғартады.

 

Бәйдібек  Қарашаұлы  1356



-

1442  жылдары  өмір  сүрген  қазақтың  биі  әрі  батыры.  Әкесі  Қараша  да,  арғы 

бабалары  да  өз  замандарында  би,  әулие,  батыр  болып  өткен  екен.  Бәйдібек  бабаның  тұлғасындағы  ерекшеліктер 

солардан  берілсе  керек.  Ол  әділдігімен,  шешендік  сөздерімен,  ойлау  ерекшелігімен,  адамгершілігімен  өзі  билеген 

еліне  танылған.  Шешендік  сөздер  ойлау  ерекшелігімен байланысты.  Ойлау  танымның  жоғары сатысы.  Ол  ойлаған 

ойларын тәжірибеде іске асырған. Осы сөз тіркестерінен ойлаудың ұғым,пікір, ой қорытындысы деген функциялары 

анық байқалады.

 

Бәйдібек  бидің  ел  қорғауда  халық  қамын  ойлап  айтқан  мына  нақыл  сөз  тіркестері  педагогика  ғылымының 



саласы әскери педагогиканың да сол кезде көрініс тапқандығын дәлелдейді:

 

...Жауыңды жығар болсан,



 

Алдымен қолбасынды сайла,

 

Қолбасы білікті, білімді, болса,



 

Сарбазы тозбайды.

 


«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 



119 

 

 



Бәйдібек би өзінше ескіше, арабша оқып сауатты болғандығын білдіреді, себебі оның үшінші әйелі Нуриладан 

(Домалак анадан) туған Жарықшақ деген баласын Ташкентте медрессеге оқытып, білімді етіп тәрбиелейді. Жарықшақ 

кейін Бұқарадағы жоғары медресседе оқып білім алады. Жарықшақ Жетісу өркесін ұзақ жылдар билейді. Ол парсы, 

иран елдерінен саяси сауда қарым –

 

қатынастар жасайды.



 

Жиембет  Бартоғашұлы  (1570

-

1575)  жылдар  шамасында  туып,  1643  жылы  дүиеден  қайтқан.  Қазақтың  аса 



талантты  жырауы,  биі,  жеңімпаз  батыры  болған.  Ол  Кіші  жүздің  алшын  тайпасынан  шыққан  Жиембеттің  жас  шағы 

қазіргі кездегі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. Жасөспірім кезінен («15

-

16»жас) бастап хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Ержете келе Есімханның беделді биі 



әрі  батыры  дәрежесіне  көтеріледі.  Талай  ұрыс,  шайқастарға  қатысып,  ерлік  көрсетеді.  Ханның  жауынгер  жасағын 

басқарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер есімнің кіші жүз енбегі еңбір беделді бас биі 

ретінде  танылады.  Жиембет  әсіресе  1620  жылғы  Есімханның  ойрат  –

 

қалмақтармен  соғысында  ерекше  ерлік 



тапқырлық  көрсетіп,  жауды  ойсырата  женеді.  Бұл  іс  –

 

әреттер  Жиембет  бидің  батырлығын,  білімді, 



ұйымдастырушылық қабілеті бар қолбасшы екендігін дәлелдейді.

 

Шоған  Сүйерқұл  ұлы  1584



-

1642  жылдары  Ташкент  –

 

Шымкент  аралығындағы  елдер  арасында  өмір  сүрді. 



Шыққан тегі Ұлы жүздің Албан атасынан.

 

Шоған  он  төрт  жасынан  ел  басқару  ісіне  араласып,  билік  айта  бастайды.  Ол  өзінің  өмірге  келген  жері 



Ташкенттің  Шыршық  жағы  мен  Шымкеттін  бұрынғы  Қаратас,  Тұрбат,  Қазығұрт  бауырайындағы  ауыл  –

 

қыстақ 



қалаларда тұратын халықтар (қазақ, өзбек, татар, ұйғыр, тәжік) арасында жиі болып билік айтқан екен. Ұлттар, рулар 

арасын достық ынтымағын сақтауға, елдің тыныштық бірлігін нығайтуға көп көңіл бөлген. Оның осы іс –

 

әрекеттерімен 



достық ынтымақтастық деген педагогикалық пікірлер көрініс тауып тұр.

 

Шоған бидің көрегендік, аталық, абыздық, көріпкел әулиелік қасиеттері де болған деседі халық.Ол көрегендік 



аталық,  абыздық,  көріпкел  әулиелік  нышандарымен  дүниеге  келген.Сондықтан  оның  биологиялық  және  әлеуметтік 

даму мүмкінділігі бір –

 

бірімен байланысты, бірақ бұл бидің биологиялық фактор басымдау болған.



 

Әнет би Кішікұлы 1626

-

1723 жылдар аралығында өмір сүрген әйгілі абыз, аға би. Ол ұйымшылдықты, бірлікті, 



ақылдықты,  батырлықты  шешендік  сөздеріне  арқау  еткен.  Одан  кейінгі  ұрпақтарға  мұра  болып  қалған  адал  билік

 

жүргізу, шешендік ақыл, батырлық, нақылдар аз емес. Қазақ елін, кең байтақ жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғауы 



 

бұл оның батырлығы. Ол ескіше, арабша оқып білім алып, сусындаған би екен. Әнет биден Күлтөбе жиналған ел: 



Бұл дүниеде не арсыз, не ғайып, не

 

даусыз, не қадірсіз, не тәтті, не күшті, не жаман? –



 

деп жеті сұрақ қойыпты. Сонда 

Әнет сауалға үш –

 

үштен жұптап былай жауап беріпті: Үш арсыз бар.Олар мыналар: ұйқы арсыз, күлкі арсыз. Үш ғайып 



бар.  Олар  мыналар:  ажал  ғайып,  қонақ  ғайып,  несібе  ғайып.  Үш  даусыз  бар.Олар  мыналар:  мінез  даусыз,  кәрілік 

даусыз,  ажал  даусыз.  Үш  қадірсіз  бар.  Олар  мыналар:  жігіттік  қадірсіз,  денсаулық  қадірсіз,  әйел  қадірсіз.Үш  тәтті 

бар.Олар мыналар: жән тәтті, жар тәтті.Үш күшті бар. Олар мыналар: ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті. Үш жаман бар. 

Олар мыналар: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата –

 

бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Міне, бұдан сақ болыңдар, 



 

депті.  Осы  сұрақтар  мен  жауаптарда  психологиялық,  педагогикалық  пікірлер  бар.  Мінез  –



 

адамның  нақтылы  іс  –

 

әрекетін,  адамгершілігік  қассиеттерін,  қимыл  қозғалыстарын  бейнелейді.Ақыл  ойлаумен  тығыз  байланысты,  ал  тіл 



ойлаумен  байланысты,  тіл  ойлаудың  құралы,  тіл  арқылы  сөйлейді,  сөз  жәрдемімен  ғана  ойлайды.Жалпы  «Жеті 

жарғымен» қатар «жеті қазна», « жеті ата», «жеті жұрт», « жеті ғылым», « жеті хақ» деген ұғымдар Әнет би есімімен 

байланысты.

 

Тархан Жәнібек Қошқарұлы 1693



-

1752 жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақтың атақты биі. Ел арасында 

оны Шақшақ Жәнібек, Тархан Жәнібек, абыз Жәнібек. Ер Жәнібек, Батыр Жәнібек, Жәнібек би деп атаған.

 

Шақшақ Жәнібек он алты –



 

он жеті жас шамасында Еділ өзені бойындағы шайқасқа қатысып ерлік көрсеткен 

екен. Осы ерліктен кейін оның елін жаудан қорғауға деген көз қарасы өзгеріп, соқыр Абызға келеді. Бұл кісі сол кездегі 

орта жүздің батагөйі болса керек.

 

Боранбай Қалмақанұлы 1709



-

1801 жылдары Семей облысының Ақсауыт ауданының Қызылкесек ауылында 

өмірге  келіп  ер  жеткен.  Оның  адамгершілігі,  мінез

-

*  құлық  ерекшеліктері,  шайқастардағы  қайраттылығы,  шапшаң 



қимылдауы,  батырлығы,  сайыскерлігі  және  билік  ету  қабілеті  20  жасынан  бастап  дамыған  екен.  Оның  осы 

ерекшеліктері  өзі  билеген  аймаққа  шапқыншылық  жасаған  жоңғарларға  қарсы  шайқаста  білінген.Боранбай  би 

бытыраған Найман елін ұйымшыл етіп біріктіріп, тұрақтанған ел еткен. Оның бұл ұйымшылдық іс –

 

әрекеті жөнініде ел 



арасында мынадай өлең таралған.

 

Таулардың басы биік, бауыры алаң, 



 

 

 



Жеті ру Жолымбетті бастап келіп,

 

Бұл маңда өсіп –



 

өнген ата

-

анам 


  

 

 



қондырған би Боранбай батыр бабам.

 

Сонымен,  адамгершілік,мінез



-

құлық,батырлық  т.б.ерекшеліктері  оның  билік  жүргізу  іс

-

әрекеттеріндегі 



психологиялық,педагогикалық көріністер.

 

Ақтайлақ  Байғараұлы  1720



-

1816  жылдары  Семей  облысында  өмір  сүрген.Жастайыннан  сөзге 

жүйрік,әділ,шыншыл болған екен.Жасөспірім кезіеде кейбір билермен,шешендермен сөз жарыстырып сайысқа түсіп 

шыңдалған екен.

 

Бекшеұлы Байдалы би 1727 жылы Жезқазған облысында қарасты Дружба совхозы орналасқан ауылда өмірге 



келген.Жасыннан билер,хандар төңірегінде көбірек жүріп,солардың аталы,балалы билік сөздерінен өнеге алған.Кейін 

атақты  Абылай  хан

  (1711-

1781)қасындағы  сегіз  бидің,ең  беделді  бас  биі  болған.Кейбір  шиеленіскен  ел  дауы,жер 

дауы,жесір дауы Байдалы алдынан шешімін тауып отырған.абылай хан оның асқан шешен ақылды кеңесіне дән риза 

болып  "сегіз  білім,сегіз  бидің  ішінде  сегіз  білім"деп  атағанда  оның  дене  бітіміне  емес,ақыл,парасатына,шешендік 

тапқырлығына  қарап  айтса  керек.Өзге  билер  оның  билігіне  тоқтаған.Абылай  ханның  өзі  де  одан  аса  алмаған

 

(ақылдығынан,



 

парасаттылығынан,

 

шешендігінен,



 

сөз тапқырлығынан,

 

имандылығынан)



Байдалы би 1822 жылы қартайған шағында төсек тартып жатып қалады.Атақты бидің сырқаттанған хабары 

алыстағы Қарқаралы өңірінеде жетеді.Байдалы бидің көңілін сұрамақ болып сол елдің бір топ белгілі адамдары оның 

аулына аттанады.Аттанғандар аттарымен желе жүріп Байдалы бидің үйіне келеді.Амандық

-

саулық сұрасқан.



 

Мөңке  би  Аманұлы  1763

-

1836  жылдар  аралығында  Атырау  облысында  ғұмыр  кешкен.  Кіші  жүздің  Шекті 



атасынан шыққан атақты би. Өзінің даралығы сөзшешендігі, ақылдылығы арқасында жастай ел билігіне араласқан. Ол 

өз тұсында Сырым, Шеркен түрке, Тана Нурке билермен билік сайысына түскенде толғаулар айтып және әділ билігімен 

ел құрметіне бөленген.Оның толғауларының мазмұны педагогика және психология ғылымдарындағы болжау, дара, 

ақыл,білім тіл

-

сөйлеу құралы ұғымдары және дене,отан сүйгіштік тәрбиелер туралы пікірлер арқау болған.



 

Тарихи  деректер  Досбол  би  Қорлыбайұлы  1844

-

1948  жылдары  Қостанай  облысында  ғұмыр  кешкен  деп 



шамалайды.Ол 12 жасынан бастап мал,жер дауларына араласып билік жүргізген.

 


120 

«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 

 



 

Досбол би ер жетіп,билік жүргізу іс

-

әрекеті кемелденген кезінде пара алып,орнынан босап қалған бір болыс 



ақыл сұрайын деп Досболға барады өзінің "теріс мінезін"(пара алуын)ұлыққа жеткізу үшін үш түрлі сұрақ қойыпты.

 

Бірінші сұрағы:"Жердің азғаны неден білінер?"деген сұрақ екен.



 

Сонда Досбол:

 

Азған жерге сұңғыла шығар, 



 

 

Солуын қауынға жаяр,



 

Оның гүлдері шұбар

-

шұбар. 


 

 

Қауынның пәлі солар,



 

Дөңбектей тамыры болар, 

 

 

Ер еңбегі зая болар,



-

депті


 

Екінші сұрағы:"Көлдің азғаны неден білінер?"дейтін сөз екен.Оған былай жауап беріпті.

 

Азған көлде не сын бар, 



  

 

Қоғадан басқа шөп шықпас,



 

Балығы кетер тулаған, 

   

 

Мал тұмсығын тықпас,



-

депті.


 

Бақасы қалар шулаған,

 

Үшінші сұрағы:"Ердің азғаны неден білінер?"дейтін сауал екен.Оған былай жауап беріпті.



 

-

Ер азарда есірік болар, 



  

 

Ел тозып,ығыр болар,



 

Адамда бір

-

бір кесірік болар, 



 

 

Ер қатып тұғыр болар,



 

Елдегі арам адал болар, 

 

 

Баққаны базар болар,



 

Елдегі жақсы қазан болар. 

 

 

Айтқаны азан болар,



 

Пәлі түбі

-

жұт


  

 

 



 

Күндердің күнінде,

 

Жақсы мінез



-

құт,


  

 

 



Ел бір жақсыға зар болар.

 

Сонда сауал қоюшы парақор болыс:



 

Бұл


 

сөзіңе тұралық.Тағы бір сұрағым бар.

 

Айт сұрағың болса,



-

дейді Досбол би.

 

Олай болса,кімді жаман,кімді жақсы дейміз?



 

Сауал қоюшының ойының жақсы емес екенін аңғарған би былай жауап беріпті:

 

Ақырған ояз жаман, 



 

 

 



Әуелі би жаман,

 

Аузы тұшымас арам жаман, 



 

 

Ниеті қара ісі



-

ылаң,


 

Ақылсыз болса,балаң жаман, 

 

 

Екінші жаман болысың



 

Күншіл болса,жақын жаман, 

 

 

Үшінші жаман ұлығың.



 

Жарымай жүріп шекпенге, 

 

 

Ақылсыздың сүйгені жаман



 

Сөз аңдыған сен жаман

  

 

Ақымақтың түйгені жаман.



 

 

 



 

Жұртын қадірлеген ер жақсы,

 

 

 



 

Мінезді болса жар жақсы

 

 

 



 

Жасқа қыз жақсы

 

Досбол бидің парақор болыстың қойған сұрағына берген жауаптарының мазмұны педагогика ғылымындағы 



ақыл

-

ой,экологикалық,еңбек тәрбиелерімен және психология ғылымындағы мінезбен байланысқан.



 

Сонымен  жоғарыда  аталған  билердің,ұрпаққа  қалдырған  мәдени  мұраларын  ой  елегінен  өткізу  нәтижесі 

олардың психология,педагогика ғылымдарымен байланыстылығын аңғартты.

 

 



Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. 


Адамбаев Б. Алтын сандық:Әдеби мақалалар. –

 

Алматы,1989.



 

2. 


Шешендік шиырлары /Құрастырған.І.Есқожин. –

 

Алматы, 1993.



 

3. 


Төреқұлұлы Н. Қазақтың 100 би –

 

шешені. –



 

Алматы, 1995.

 

4. 


Жарықбаев.Қ.Б. Мухаммед Хайдар Дулатидің (1499

-

1571) тәлім –



 

тәрбиелік идеялары.

 

5. 


Әбу Насыр әл

-

Фараби. Философиялық трактаттар. –



 

Алматы: Ғылым, 1989.

 

6. 


Арынғазиев Б. Ақын

-

жыраулар философиясы және ағартушылық рөлі. Ұлағат.1997, №1,2.



 

 

 



А. Боранова

 

(Тараз қаласы, Қазақстан)

 

 

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ШЕШЕНДЕРІНІҢ СӨЗ ОРАМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ 



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ –

 

ПІКІРЛЕР

 

 

Тарихи  деректер  қазақ  ұлысында  дарынды  жыраулар  мен  шешендер  болғандығын  баянды  етеді.Атақты 

жыршы  Хасан  Сәбитұлы  (тарихта  Асан  қайғы  аталған)  болашақты  болжағыш, көріпкел, арқалы  жыршы  болған. Ол 

табиғаттың  сұлулығына  сусындап,  әр  өңірдің  тау

-

тасын,  өзен  –



 

суын,  шырайлы  жерлерін  көріп,  өзінше  баға  беріп, 

өсиетті  сөздерін  айтқан.  Бұл  өсиетті  сөздерінен  оның  эстетикалық  талғамының  жоғары  екендігі  байқалады.  Оның 

табиғат сұлулығын жырлауы –

 

ұрпаққа үлгі өнеге.



 

Марғасқа қазақ халқының көне салт –

 

дәстүрлерін жалғастырушы. Ол Есім ханның өмірі мен ел үшін еткен 



ерлік

 

істері суреттелетін жеті мың жолдық «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырды алғаш жырлаған.



 

Жырдың мазмұнынан патриоттық сезім байқалады.

 

Ақтамберді  Сарыұлы  17  жастан  бастап  бірнеше  жорықтарға  қатысып,  ел  қорғаған  батыр  жыршы,  ақылды, 



айлалы қасиеттерімен көпке танылады. Ол 1723 жылғы жоңғарлармен қазақтар арасындағы қырғынның куәгері бола 

отырып,  белсенді  ісімен,  жырымен  жоңғарға  қарсы  күресті  ұйымдастырушылардың  ортасында  болады.  Жоңғар 

мемлекеті жеңілгеннен соң қазақ руларын атамекенге қайта орнықтыруда зор ықпал етеді.

 

Ақтамберді жырларында қазіргі жастарға рухани азық боларлық психологиялық, педагогикалық ой –



 

пікірлер 

баршылық. Әсіресе оның қазақ еліне, туған жеріне деген ел қорғаушылық сезімі 17 жасында толық қалыптасқандығы 

жырының мына үзіндісінен байқалады:

 

... Дұшпаннан көрген қорлығым



 

Сары су болды журекке,

 

Он жетіде құрсанып



 

Қылыш ілдім білекке,

 

Жауға қарай аттандым



 

Жеткіз деп мені тілекке...

 


«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 



121 

 

 



Ақтамберді қазақ жастарының білімді, жаман ойдан аулақ болуын, қателік жіберген жеке тұлға өз мінін түзей 

білуін уағыздаған. Мұндай педагогикалық ой

-

пікірлерді жырдың мына үзіндісінен көреміз:



 

... Білімді туған жақсыға,

 

Залал қылмас мың қарға.



 

Жаман туған жігітке.

 

Рақатты күн бар ма.



 

Өз мінін білген жігіттің,

 

Тәлімінде мін бар ма...



 

Он жетінші ғасырда өмір

 

сүрген Үмбетей өз әкесі Тілеуден дәріс алған, шежіре мен шешендік сөз өнерін жақсы 



білген, қазақ халқының музыка мұрасына жетік және өз заманында жоқтығы биік жыршы болған көрінеді. Ол ата  –

 

аналар отбасында балаларын дұрыс тәрбиелеуін жырға қосып уағыздаған. Оған жырының мына үзіндісі дәлел:



 

... Ұл он беске келгенше

 

Қолға ұстаған қобызын,



 

Ұл он бестен асқан соң

 

Тіл алмаса доңызың –



 

деп сынаған екен.

 

Қырғыз Қызылым қарт Жиренше шешенге жолығып: –



 

сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді. Он бес лақ, 

жиырма  бес  серке,  отыз  бес  орақ,  қырық  бес  қылыш,  елу  бес  егеу,  алпыс  бес  арқан,  жетпіс  бес  шідір  жоғалттым. 

Осыған құлағдар болыңызшы, –

 

дейді.


 

-

Жарайды, –



 

дейді Жиренше шешен. –

 

Жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз.



 

 



Он бес жас құйын қуған желменен тең,

 

Жиырма бес дауыл ұрған перімен тең,



 

Отыз бес ағып жатқан селменен тең,

 

Қырық бес аю аспас белменен тең,



 

Жетпіс бесте көңілің жерменен тең

 

Сексенде селкілдеген шал боларсың,



 

Тоқсанда толық миың орта түсер.

 

Жүз жаста дүниеден күдеріңді үз,



 

Өлмесең де өліден кем боларсың,

 

 

-



дей.

 

Оның бұл берген жауабы педагогика ғылымындағы адамдарды жас кезеңдерге бөлумен сәйкестігі бар.



 

Сырым Датұлы хандық дәуірде өмір сүрген қазақтың батыры әрі шешені. Сырым 7

-

8 жасынан –



 

ақ естілігімен, 

сөз тапқырлығымен, батырлығымен ел аузына ілігеді. Ержете келе Орал облысындағы шешендер, билер, сұлтандар, 

хандарды жанай жүріп, шешендік тапқырлықты үйренеді.

 

Бірде Мәңке би Сырым шешенге:



 

-

Таудан биік не бар?



 

Теңізден терең не бар?

 

Оттан өткір не бар?



 

Сырым:


 

-

Таудан биік көңіл бар,



 

Теңізден терең ғылым бар

 

Оттан өткір –



 

қайғы,зар,

-

деп жауап қайтарады. Жауапта ғылыми –



 

психологялық ой бар.

 

ӘлменұлыБөлтірік  шешен  Жамбыл  Облысында  ғұмыр  кешкен.  Бала  кезінен  –



 

ақ  ақындық,  шешендік  сөз 

өнеріне бейім болған. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр

 

сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап оларды жастар 



арасында айтын, қызық думан құра білген. Сонымен бірге ол мерген, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. 

Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, әртүрлі талас  –

 

тартыстарға қатысып, әділ шешен төрелік 



айтқан.

 

Бөлтірік  шешеннің  әділдігін  әблез  деген  төреге  айтқан  мына  психологиялық,  педагогикалық  нақылынан 



байқауға болады:

 

Ашуына сүйенсең,



 

Адасудың белгісі.

 

 

Аңғал болсаң әр іске,



 

Алжасудың белгісі.

 

Екі адамға жалтақтау,



 

Еріншектің белгісі.

 

Еселей шашу тапқанды,



 

Көңілшектің белгісі.

 

Артық ішу тамақты,



 

Ақылсыздан шыққан іс.

 

Бөлтірік  шешен  педагогика  ғылымындағы  отбасы  тәрбиесіне,  ақыл



-

ой  тәрбиесіне  ерекше  мән  беріп,  сол 

кездегі ұрпақтарды сөздік өнермен тәрбиелеген екен. Оны баласына айтқан мына шешендік сөз өнерінен байқауға 

болады:


 

Жатқа сөйлеме,

 

Жаманға сөйлеме,



 

Асырып сөйлеме,

 

Жасқа сөйлеме,



 

Масқа сөйлеме,

 

Ұрыға сөйлеме,



 

Жаманға айтқан сөзден,

 

Жақсыға айтқан сөз дұрыс.



 

Ойсызға айтқан сөзден,

 

Ойлыға айтқан сөз дұрыс.



 

Айтылмай қалған сөзден,

 

Айтылып қалған сөз дұрыс.



 

Сөйлемес жерді білсең,

 

Бәрінен де сол дұрыс.



 

Олай болмаған жерде,

 

Сөзінің алды



-

бұрыс.


 

Арты


-

ұрыс


 

 


122 

«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 

 



 

Болып шығады, осыны ұғып ал –

 

депті.


 

Ботантайұлы  Жанқұтты  шешен  қазіргі  Жезказған  облысында  ғұмыр  кешкен.  Жанқұттының  өскен  ортасы 

Сарыарқаның өнегелі, тәрбиелі елі болған. Талай өнерпаз, білімдер, парасаты әруақты ата –

 

бабалар ғұмыр кешкен 



сол  бір  аймақтан  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Шортанбай  жырау  Қараменде,  Сеңкібай,  Шабанбай,  Жидебай,  Жалаңбас, 

Боранбай  тәрізді  сөзшең  билер,  не  бір  батырлар  шыққан  Осындай  өнегелі  бабалардан  тәлім  алған  Жанқұтты  да 

дарынды болған.

 

Он  жеті  жасар  Жанқұттыдан  Шабанбай  би  дүниеде  не  адал,  әлемде  не  мықты?  –



 

деп  сұрайды.  Сонда 

Жанқұтты:

 

-



Адал болсаң, судай бол,

 

Су арамды кетіреді



 

Мықты болсаң жердей бол,

 

Жер жаһанды көтереді, –



 

деген екен. Жауабына Шабанбай би риза болыпты.

 

Жанқұттының психологиялық және педагогикалық ой –



 

пікірлері бар нақылдары баршылық. Мысалы,

 

...Бір сөз айтсаң жақсыға,



 

Аталы сөзге тоқтайды.

 

Бір сөз айтсаң жаманға,



 

Өмірінде


 

ұқпайды.


 

Өзін


-

өзі мақтайды.

 

Көкірегі соқырға,



 

Өмірде таң атпайды.

 

Шешеннің сөзі дария,



 

Көп түбінде жатпайды...

 

 

Жанқұтты шешеннің осындай тәрбиелік мәні бар нақылдарын ел тыңдап, оны құрметтеген.



 

Төбетұлы Шағырай шешен Солтүстік Қазақстан облысында ғұмыр  кешкен. Ол оқымаған болса да келешек 

ұрпаққа  тәлім  –

 

тәрбиелік  мазмұны  бар  өсиет  –



 

термелер,  нақыл  өлеңдер

 

қалдырған.  Осындай  нақылдан  үзінді 



келтірейік:

 

...Өнерің болса оқыған,



 

Тау сусындай тасыңдар.

 

Өнер –


 

білім болмаса,

 

Мақтанудан пайда жоқ,



 

Кеуделеуден

 

көкиіп...



 

Байсерке шешен Жамбыл облысында өмір сүрген. Ол тәлім –

 

тәрбиелік мәні бар шешендік сөздерін қобызбен 



айтқан.

 

Бір дүбірлі тойда жастар Байсерке шешенді сөйлетпек боп, тұс  –



 

тұсынан сұрақтарды қоя беріпті. Сондағы 

Байсеркенің оларға айтқан термесінен үзінді келтірейік:

 

... Жамандардың мінезі,



   

Жақсы әйелдің мінезі,

 

Асуы жоқ белмен тең.



  

 

Алуа, шекер балмен тең.



 

Ғалымдардың мінезі,

  

 

Жаман әйел мінезі.



 

Айдын шалқар көлмен тең.

  

Отбасыңнан шу кетпес.



 

Қайырымсыз байдың мінезі,

  

Қотаныңнан шаң кетпес



Қырық күншілік шөлмен тен,

  

Қақтарды қармен тең.



 

Бұл термесінің мазмұнына психология ғылымындағы мінез ұғымын арқау еткен.

 

Сонымен, мақаланың негізгі арқауы болып отырған психологиялық және педагогикалық ой –



 

пікірлер студент 

жастарды  адамгершілікке,  отан  сүйгіштікке,  адал  еңбек  етуге  тәрбиелеуде  маңызы  ерекше  екені  біздің  іс  –

 

тәжірибемізде дәлелденуде.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет