Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет29/31
Дата12.01.2017
өлшемі2,04 Mb.
#1737
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

ӘДЕБИЕТТЕР
      
Кенжин  А.  Ортақшыл  тәрбие  мен  ағарту  негiздерi  /А.Кенжин  //Қызыл 
Қазақстан. – 1923. - № 23-24. – 26 - 36 б. 
     
Кенжин А.. Қазақтың кедейлерi мен жалшыларының арасында iстелген iс: 
[
жас республиканың шаруашылығы туралы] /А.Кенжин //Қызыл Қазақстан .- 
1923.-
№15. – 4 – 9 б. 
     
Кенжин А.. Екпiндi жұмыс: [жұмысшылар арасында партия iсiн кеңiнен 
жүргiзуге жағдайлар жасау және ұйымдастыру] /А.Кенжин // Еңбекшi қазақ. 
– 1924. – 
15 май. 
Ол туралы: 
      
Кенжин  Аспандияр  //Қазақстан:  Ұлттық  энциклопедия.Т.4.  –  Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 2002. – 506 б. 
       
Асылбеков М. Арманда кеткен арыстар: [Алматы қаласы республикалық 
Педагогикалық  мұражайдағы  «халық  жауы»  атанып  кеткен  арыстар 
А.Кенжин,  А.Байтұрсынов,  С.Садуақасовтарға  арналған  бөлiм  туралы] 
/М.Асылбеков//Қазақстан мұғалiмi. – 1997. – 16 сәуiр. 
       
Ахмедов    Ғ.  «Алаш»  азаматтары:[  «Алаш»  автономиясының  80 
жылдығына    орай  «Алаштың»  белдi  мүшелерi  Ғазымбек  Бiрiмжанов,  Тел 
Жаманұрынов,  Әсфандияр  Кенжин,  Әдiлхамит  Жүндiбаев,  Есен 
Тұрмұхаммедовтар туралы] Ғ.Ахмедов // Қазақ әдебиетi. – 1997. – 7 қазан.  
      
Ғабдешұлы  Қ.  Жазықсыз  жазаланған:  [қоғам  қайраткерi  Асфендияр 
Кенжин (1887 ж.туған) туралы] /Қ.Ғабдешұлы //Атырау. – 1992. – 17 наурыз. 
     
Сүлейменова Ә. Тағдырлы тұлға: [қоғам қайраткері, ағартушы Аспандияр 
Кенжин туралы] /Ә.Сүлейменова //Ана тілі. – 2009. – 26 ақпан 
 
 
Көрнектi педагог, талантты әдiскер, филология  
ғылымының    кандидаты, Қазақстанның еңбек  
сіңірген мұғалімі,
Ғали  Бегалыұлы  Бегалиевтiң 
туғанына 130 
жыл     (1887 – 9.11.1966)  
        
Ғали  Бегалыұлы  Бегалиев  1887  жылы  Орал  облысының  Жәнiбек 
ауданында  туды.  Алдымен  ауыл  мектебiнде,  одан  кейiн  Қазандағы 
Мұхамедия медресесiн, Орынбордағы мұғалімдер курсын бiтiрдi. 1907-1909 
жылдары Торғай облысында, 1912-1918 жылдары Орал облысында мұғалiм, 
1920-
1924  жылдары  Орда  педтехникумында  оқытушы,  1924-1930  жылдары 
«Қызыл  Ту»  (Орал),  «Еңбекшi  қазақ»  (Алматы)  газеттерiнде  қызметкер,  ал 
1934  жылы  Мәскеу  педагогтiк  институты  жанындағы  аспирантураны 
бiтiргеннен  кейiн  Абай  атындағы  Қазақ  педагогика  институтында  әдiскер-
оқытушы, Қазақ КСР Оқу министрлiгiнде нұсқаушы, 1946-1962 жылға дейiн 
Ғ.Бегалиев  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  Тiл  және  әдебиет 
институтында  бөлiм  меңгерушiсi,  аға  ғылыми  қызметкер  болып  жұмыс 

209 
 
iстедi. Оның қаламынан жүзге жуық ғылыми-әдiстемелiк еңбек шықты. Қазақ 
тiлi  жөнiндегi  алғашқы  оқулықтардың,  сөздiктердiң,  әдiстемелiк  көмекшi 
құралдардың тұңғыш авторларының бiрi бола отырып, ол ұлт мектептерiнiң 
Қазақстанда  әдiстемелiк  ғылымның  дамуын  елеулi үлес қосты. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      
Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте  қазақ тiлiнiң методикасы /Ғ.Бегалиев. - 
Алматы: Қазмембас, 1940. – 10 б. (ҚазКСР Оқу ағарту халық комиссариаты. 
Мектептердiң ғылыми-зерттеу институты) 
      
Бегалиев  Ғ.  Грамматика  таблицаларына  нұсқау:  қазақ  мектептерiнiң  IҮ 
класы  үшiн.  Мұғалiмдерге  көмекшi  құрал    /Ғ.Бегалиев.  -  Алматы: 
Қазмемоқупедбас, 1959. – 19 б. 
      
Бегалиев  Ғ.  Ислам  дiнi  туралы  /Ғ.Бегалиев.  -  Қызылорда:  Қазбас,1927.– 
48 б. 
      
Бегалиев  Ғ.  Қазақ  тiлi:  учебник  казахского  языка  для  Ү-ҮI  классов 
русских школ  /Ғ.Бегалиев. - Алматы: Қазмемоқупедбас, 1958. – 165 б. 
      
Бегалиев  Ғ.  Құрмалас  сөйлем:  оқытушыларға  көмекшi    материал.  - 
Алматы: Қазбiрмембас, 1941. –28 б. 
      
Барманқұлов  Қ.,  Бегалиев  Ғ.  Қазақ  тiлiн  оқудағы  методикалық 
нұсқаулар.11  класс  үшiн  /Қ.Барманқұлов  Ғ.Бегалиев.  -  Алматы: 
Қазмемоқупедбас.,  1957.  –  84  б.  (ҚазКСР  Оқу  министрлiгiнiң 
педа.ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты) 
      
Бегалиев  Ғ.  Қазақ  тiлiнiң  грамматикасы:  педагогикалық  училище 
оқушылары мен бастауыш мектептердiң мұғалiмдерiне арналған оқу құралы 
/Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев. - Алматы: Қазбiрмембас, 1944. –      266 б. 
      
Бегалиев  Ғ.  Қазақ  тiлi:  учебник  казахского  языка  для  Ү-ҮIII  классов 
русских школ. Изд. 5-е. /Ғ.Бегалиев А.Айдарбеков, - Алматы: Мектеп, 1965. – 
272 б. 
      
Жиенбаев  С.,  Бегалиев  Г.,  Уюқбаев  И.  Қазақ  тiлi:  учебное  пособие для 
самостоятельно  изучающих  казахский    язык.  4-е  изд.  /С.Жиенбаев, 
Г.Бегалиев, И.Уюқбаев. – Алма-Ата: Мектеп, 1988. – 200 с. 
Ол туралы: 
      
Бегалиев  Ғали  //Қазақстан:  Ұлттық  энциклопедия.Т.2.  –  Алматы:Қазақ 
энциклопедиясы, 1999. – 229 б. 
     
Бегалиев  Ғали  Бегалиұлы  //Қазақ  тілі:Энциклопедия.-Алматы:Қазақстан 
даму институты, 1998. – 65 б. 
     
Бегалиев Ғали //Қазақ ССР.Қысқаша энциклопедия. Т.4. – Алматы, 1989. 
– 
657 б. 
 
 
 
 
  
 

210 
 
Қоғам қайраткері, педогог, журналист, репрессия құрбаны 
Молдағали Жолдыбаевтың туғанына 130 жыл 
(1887-1938) 
           
Жолдыбаев  Молдағали  1887  ж.  бұрынғы  Орал  облысы  Ілбішін  уезі, 
Қурайлы  болысы,  2-ауылда  (қазіргі  Батыс  Қазақстан  обл.)  дүниеге  келген. 
Ауыл молдасынан сауат ашып, кейіннен Қарасудағы (қазіргі Батыс Қазақстан 
обл., Казталовка ауд.) 6 сыныптық орыс-қазақ мектебін, одан кейін 1910 ж. 
Орынбор  орыс-қазақ  мұғалімдер  мектебін  бітірген.  1910-1918ж.ж. 
Жұбанышкөл,  Бұлдырты  4  сыныптық  бірінші  басқыш  мектептерінде  және 
Қарасу  6  сыныптық  орыс-қазақ  мектебінде  мұғалім  болып  жұмыс  істеген. 
1913-
14  ж.ж.  «Айқап»  журналында  «Қазақтардың  қазіргі  халі»,  «Болашақ», 
«Құрметті  Әлжановқа  жауап»  мақалалары,  «Қазақ»  газетінде  «М.Жаңа 
байбақты»  деген  бүркеншік  есіммен  «Бала  тәрбиесі»,  «Ғалымның 
надандықтан жеңілуі» мақалалары жарық көрген. 1917 ж. 1-Орал  облыстық 
қазақ съезін ұйымдастыруға қатысты. 1918 ж. қаңтарда Қаратөбеде өткен 3-
Орал  облыстық  қазақ  съезінің  делегаты  болған.  Орал  губревкомы 
төралқасының  1920  ж.  8  шілдедегі  қаулысымен  Жымпиты  уездік 
ревкомының уақытша құрамына төрағалық етті.Сол жылы жаңадан құрылған 
РК(б)П  Жымпиты  уездік  комитетінің  алғашқы  мүшелерінің  бірі  болып 
сайланды  және  мәдени-ағарту  бөлімінің  меңгерушісі,  уездік  комитеті 
жанындағы  сауатсыздықты  жою  комиссиясының  төрағасы,  лекторлар 
тобының  мүшесі  болды.  1921  ж.  РК(б)П  Жымпиты  уездік  комитетінің 
төрағасы,  1921-22  ж.ж.  Орал  губерниясының  атқару  комитетінің 
төрағасының орынбасары, 1922 ж. Орынбордағы Қазақ АКСР Халық ағарту 
комиссариатының  Ғылым,  баспасөз  және  әдебиет  ісін  басқаратын 
академиялық  орталығының  төрағасы  қызметтерін  атқарып,  өлкедегі  ғылым 
мен  білм  беру  саласын,  баспасөз  бен  әдебиетті  дамыту  ісіне  елеулі  үлес 
қосты.  1923-24ж.ж.  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  жауапты  редакторы  міндетін 
атқарды.Сонымен  бір  мезгілде  Қазақ  халық  ағарту  институтында,Орынбор 
жұмысшы  факультетінде,  т.б.  оқу  орындарында  орыс  және  қазақ  әдебиеті 
тарихынан  сабақ  берді.  1927  ж.  жаңадан  шыға  бастаған  педагогикалық 
басылым  –  «Жаңа  мектеп»  («Қазақстан  мектебі»)  журналының  алғашқы 
редакторы  болып  тағайындалып,  Қазақстан  Халық  ағарту  комиссариаты 
жанындағы  әдістемелік  кеңестің  төрағасы  болды.  Осы  жылдары 
Т.Шонановпен  бірге  «Рабочая  книга  для  чтения  (1-й  год  обучения)»  оқу 
құралын  (1929,Қызылорда),  М.Әуезов,Ә.Қоңыратбаевпен  бірігіп  «19  ғ.  мен 
20ғ.  басындағы  қазақ  әдебиеті»  оқулығын  (Алматы,1933)  және 
Ә.Қоңыратбаев,М.Қаратаевпен  бірігіп  4-сыныпқа  арналған  «Әдебиет 
хрестоматиясының»  екінші  бөлімін  (1934,Қызылорда)  жазды.  1933-37ж.  ж. 
БК(б)П  ОК  жанындағы  Марксизм-ленинизм  институтының  Қазақ 
бөлімшесінің  қызметкері  болды.  КазПи-де  (қазіргі  Қазақтың  Ұлттық 
педагогикалық университеті), Алматы журналистер мектебінде дәріс оқыды, 
доцент   атағына  ие  болды.  1937  ж. Желтоқсанда бұрын Алаш  қозғалысына 

211 
 
қатысқаны  үшін  «халық  жауы»  деген  айыппен  тұтқынға  алынып,  1938  ж. 
ақпанда ату жазасына кесілді. Алаш қайраткерлерімен бірге ақталған. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
             
Жолдыбаев  Молдағали  Мектепте  оқу  тілі,  -Оқушылардың  білімін 
толықтыру,-Қазақ  университетін  ашу  мәселесі  (үзінді)  //Қазақтың  тәлiмдiк 
ой-пiкiр  антологиясы.  (ХХ  ғасырдың  20-жылдарынан  1995  жылға  дейiнгi 
кезең) Т.2. /құраст.Қ.Жарықбаев,С.Қалиев – Алматы,1998. – 113-115 б. 
Ол туралы: 
            
Жолдыбаев Молдағали (1987-1937) // Қазақ ССР  төрт томдық қысқаша 
энциклопедия Т.4. – Алматы,1988. – 258-259 б. 
    
Жолдыбаев  Молдағали  (1987-1938)  //Қазақстан:  Ұлттық  эециклопедия. 
Т.4. Ж-К. /бас ред.Ә.Нысанбаев – Алматы,2002. – 27-б. 
          
Жолдыбаев  Молдағали  (1987-1937)  //Абай:  Энциклопедия.–  Алматы, 
1995.- 253-
б. 
          
Жолдыбаев  Молдағали  (1987-1937)  //Қазақ  әдебиеті:Энциклопедия.  – 
Алматы, 1999. – 269-б. 
           
Молдағали        Жолдыбаев  (1888-1937)  //Қазақтың  тәлiмдiк  ой-пiкiр 
антологиясы. (ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең) Т.2. 
/құраст.Қ.Жарықбаев, С.Қалиев – Алматы,1998. – 112-б. 
    
Жолдыбаев  Молдағали  (1888-1937)  //Қазақстандағы  білім  мен 
педагогиканың даму тарихы (VI-XX) II бөлім. Библиографиялық әдебиеттер 
көрсеткіші  –  Алматы,2004.  –  47-48  б.  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым министрлігі. Республикалық ғылыми-педогогикалық кітапхана) 
     
Жолдыбаев  Молдағали  (1887-1938)  //Отанына  қайта  оралған 
есімдер.Қуғын-сүргінге  ұшыраған  білім  беру  саласының  қайраткерлері: 
биобиблиографиялық 
көрсеткіш=Возвращенные 
Отчизне 
имена. 
Репрессированные  деятели  образования:  биобиблиографический  указатель 
/құраст..  С.С.Бүркітбаева,  К.Ж.Иманбекова;  ред.  А.А.Насырова.  –  Алматы, 
2007. – 32-
33 б. 
 
 
 
Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, кеңестiк 
мұсылман халықтарының арасынан шыққан тұңғыш өкiлеттi  
елшi  
Нәзiр Төреқұлұлының туғанына 125 жыл (1892 - 1937) 
      
Нәзір  Төреқұлұлы  қазiргi  Қызылорда  облысы  Жаңақорған  ауданының 
Қандоз  мекенiнде  дүниеге  келген.  Оның  жастық  шағы  Өзбекстанның 
Ферғана  өңiрiнде,  Қоқан  жерiнде    өткен.  Ол  1900-1903  жылдары  Қоқан 
медресесiнде,  1903-1905  жылдары    орыс  мектебiнде,  1905-1913  жылдары 
Қоқандағы  коммерциялық  училищеде  оқып,  1913-1916  жылдар  арасында 
бiлiм алуды Мәскеу коммерциялық институтының экономика факультетiнде 
жалғастырады.  1917  жылы  оқуын  тастап,  Батыс  майданда  жиһангерлiк 
соғыстың  қара  жұмысына  алынған  отандастардың  арасына    барып  үгiт 
жүргiзiп,  «Еркiн  дала»    атты  жасырын  ұйым  құрады.    Қоқан  төңкерiсiнен 

212 
 
кейiн  Қоқан  ревком  төрағасының  орынбасары  болып  iстейдi,  «Халық 
газетiнде» мақалалар жазып тұрады. Кейiнгi жылдары Ферғана ревкомының 
Түркiстан  Орталық  Атқару  комитетiнiң  төрағасы  болады.  1917  жылы 
Орынборда өткен Бүкiлқазақтық съезге Ферғанадан делегат болып қатысады. 
1918  жылы  Торғайда  «Қазақ  мұңы»  газетiнiң  редакторы  болды.  Түркiстан 
республикасы  Орталық  комитетiнiң  мүшесi.  1920  жылы  Түркiстан 
республикасының  ағарту  комиссары,  «Вестник  просвещения  и 
коммунистической  культуры»  журналының  редакторы,  1920-1922  жылдары 
Түркiстан  республикасы  Орталық  атқару  комитетiнiң  әрi  Түркiстан 
коммунистiк партиясы Орталық комитетiнiң төрағасы болды.  
     
Н.Төреқұлұлы  1922  жылы  Мәскеуге  КСРО  халықтары  Орталық  баспасы 
басқармасының төрағасы қызметiне ауыстырылады. Бұл жұмысқа да ол бiлек 
сыбана  кiрiсiп,  түрiк  халықтарының  тiлдерiнде  алуан  түрлi  құнды  кiтаптар 
шығаруға басшылық етедi. 1922 жылы Кеңес үкiметi Нәзiрге тағы бiр үлкен 
тарихи  мiндет  жүктеп,  оны  түрiк  халықтарының  жаңа  алфавитке  көшуi 
жөнiндегi  комиссияның  төрағасы  етiп  бекiтедi.  Осылайша  бұл  жолы  да  ол 
түрiк халықтарының тағдырында шешушi орын алған аса күрделi iске асқан 
бiлiмпаздық  көрсетiп  араласады.  Латын  алфавитi  жөнiнде  пiкiр  ойларды 
қалыптастырады,  ақырында  1926  жылы  түркологтардың  Бакудегi 
конференциясында жаңа алфавиттiң қабылдануына қол жеткiзедi. 1928-1932 
жылдары Хиджаз корольдiгiнде бас консул, 1932-1936 жылдары КСРО Сауд 
Арабиясындағы елшiсi болды. 
     
Н.Төреқұлұлы сталиндiк қуғын-сүргiннiң құрбаны болып, 1937 жылы ату 
жазасына кесiлдi. Нәзiр Төреқұлұлы Мәскеуде қызмет iстеген жылдарда тiл 
жөнiндегi  комиссияның  мүшесi,  баспагер  редактор  ретiнде  ғана  танымал 
болып қоймады, ол сондай-ақ бiлiмдар ұстаз, педагог ретiнде де зор құрметке 
кенелдi.  Ол  осы  кезеңде  Мәскеу,  Ленинград  қалаларындағы  жоғары  оқу 
орындарында  дәрiс  бердi.  Шығыс  елдерiнiң  тарихын,  мәдениетiн,  салт-
дәстүрiн,  әдет-ғұрпын  жақсы  бiлетiн  ұстаз  ретiнде  де  көзге  түстi. 
Зерттеушiлер  Н.Төреқұлұлының  ғылыми-педагогикалық,  әдеби,  сыншылық, 
публицистiк,  аудармашылық,  ақындық  еңбектерiн  арнайы  қарастырып, 
талдау жөнiнде игi қадам жасағаны белгiлi. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
     
Төреқұлов Н. Екі томдық шығармалар жинағы. 1,2 томдар /Н.Төреқұлов. – 
Алматы: Алаш, 2004.  
     
Т.1. – Алматы: Алаш, 2004. – 290 б. 
     
Т.2. – Алматы: Алаш, 2004. – 302 б. 
      
Төреқұлов  Н.  Шығармалар-Сочинения:  Дипломат  /құраст:  «Нәзiр 
қорының» шығ.тобының мүшелерi Ы.Ысмайылұлы, С. Әшiрбек,    Қ. Бердияр 
ж.б. /Н.Төреқұлов  -  Алматы:  Қазақстан,1997. – 336 б.  -  («Тарихи  тұлғалар» 
сериясы). 
     
Төреқұлов Н. Шығармалары: [Түркiстан мен Қазақстанның экономикасы 
мен  мәдениетiн  нығайтуға  еңбек  сiңiрген  мемлекет  қайраткерiнiң 

213 
 
мақалалары]  /Қазақ  Мәдениет  қорының  Оңтүстiк  Қазақстан  обл.бөлiмшесi 
Ауд.С.Б.Сахабат /Н.Төреқұлов. – Шымкент: Б.О.Ж., 1996. – 128 б. 
     
Төреқұлұлы  Н.  Алыптар  тобынан  шыққан  Дуайен:  [қазақтың  тұңғыш 
елшiсi  Н.Төреқұлұлының  сыртқы  iстер  министрлiгiне  жазған  есептерi  мен 
күнделiктерiнен: 1929-1933ж.] /Н.Төреқұлұлы //Ана тiлi. – 1997. – 2 қазан. 
     
Төреқұлов Н. Ертеңнiң қамын ойлаған. Жаңа түркi әлiппесiн жүзеге асыру 
жөнiндегi Орталық Комитетiнiң пленумында жасаған баяндамасы / әзiрлеген 
«Нәзiр қорының» хатшысы С.Алтынбеков     /Н.Төреқұлов   // Қазақ әдебиетi. 
– 1997. – 
16 қыркүйек. 
     
Төреқұлұлы  Н.  Қоқан  автономиясы:[белгiлi  қайраткердiң  1920  ж.             
«К  третьей  годовщине  Октябрьской  революции  в  Туркестане»  жинағында 
жарық көрген «Қоқан автономиясы» атты тарихи мақаласы /орыс тiлiнен ауд. 
С.Сахабат] // Қазақ елi. – 1996. – 12 шiлде. 
     
Төреқұлов  Н.  Құмархана;  Аман  болсын  Ферғана:[өлеңдер]  /газетке 
әзiрлеген С.Сахабат  /Н.Төреқұлов //Қазақ әдебиетi. – 1997. – 4 ақпан. 
     
Төреқұлов Н.. Ұлт мәселесi мен мектеп; Жат сөздер туралы; жаңа әдеттер 
неге керек (үзiндi)  /Н.Төреқұлов //Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы. 
Т.2/құраст.Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы, 1998. – 148-152 б. 
Ол туралы: 
     
Нәзір  Төреқұлов  //Қазақтар:  Көпшілікке  арналған  тоғыз  томдық 
анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. – 181-183 б. 
     
Нәзір Төреқұлов //Тарихи тұлғалар.Танымдық көпшілік басылым: мектеп 
жасындағы  оқушылар  мен  көпшілікке  арналған.  –Алматы:  Алматыкітап, 
2005. – 62-
63 б. 
     
Нәзiр Төреқұлұлы (1892-1937) //Әлмашұлы Ж. Қызыр қонған Түркiстан. – 
Алматы, 1998. – 49-59 б. 
    
Төреқұлов  Нәзір  Төреқұлұлы  //Қазақстан  тарихы:  Энциклопедиялық 
анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2006. – 700 б. 
      
Төреқұлов  Нәзiр  (1892-1937)  //Қазақтың  тәлiмдiк  ой-пiкiр  антологиясы. 
Т.2. /құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы, 1998. – 148 б. 
     
Төреқұлов  Нәзір //Қазақстандағы білім мен педагогиканың даму тарихы. 
(ҮІ-ХХ  ғғ.)  2  бөлім:  библиографиялық  әдебиеттер  көрсеткіші.  –  Алматы: 
Зият Пресс, 2004. – 88-91 б. 
     
Дипломат  Төреқұлов  //Қойшыбаев  Б.  Жазықсыз  жапа  шеккендер.  – 
Алматы. – 1990. – 92-104 б. 
     
Әлмашұлы  Ж.  Нәзiр  Төреқұлұлы  /Ж.Әлмашұлы  -  Алматы:Жетi  жарғы, 
1996. – 
132б. 
     
Әлмашұлы  Ж.  Ғибратты  ғұмыр:[Нәзiр  туралы  очерк]  /Ж.Әлмашұлы  -
Шымкент, 1996. 
     
Бердiбай    Р.  Нәзiрдiң  жұлдызы:  Саяси  және  қоғам  қайраткерi  Нәзiр 
Төреқұлов  жайлы  /Р.Бердібай  //Бердiбай  Р.  Ел  боламыз  десек.  -  Алматы: 
Қазақстан, 2000. – 246-256 б. 
*     *      * 

214 
 
      
Ақтаев С. Тұңғыш елшінің тұңғышы. Нәзір Төреқұловтан қалған жалғыз 
перзент  Мәскеуде  тұрады  екен  /С.Ақтаев  //Егемен  Қазақстан.  –  2002.  –  24 
тамыз 
    
Дүйсенов С. Нәзір Төреқұлов кеңес заманындағы тұңғыш қазақ дипломаты 
/С.Дүйсенов //Астана ақшамы. – 2002. – 24 тамыз. 
    
Мансұров  Т.  Қазақтың  тұңғыш  елшісі:  [Нәзір  Төреқұлов  туралы] 
/Т.Мансұров //Ана тілі. – 2005. – 29 қыркүйек. 
    
Мансұров Т. Өкілетті өкіл: (Нәзір Төреқұлов – тұңғыш елші) /Т.Мансұров 
//Түркістан. – 2000. – 1-7 желтоқсан. 
     
Мансұров  Т.  Тарихтан  табылған  тұлға.  Нәзір  Төреқұловтың  сан  қырлы 
таланты  кім-кімді  де  тәнті  етеді:  [мемлекет  қайраткері,  дипломат] 
/Т.Мансұров //жалын. – 2010. - № 6. – 29-35 б. 
    
Мәдиев З. «КСРО Полпреді». Көрнекті саясаткер Нәзір Төреқұлов туралы 
деректі фильм жарыққа шықты /З.Мәдиев //Айқын. – 2010. – 15 қаңтар. 
     
Мұсалиева А. Нәзір Төреқұлов мұрасы – тарихи дерек көзі /А.Мұсалиева 
//Ақиқат. – 2005. - № 10. – 13-15 б. 
    
Тәшенов  Т.  Нәзір-ғұмыр  және  нәзік  жыр:  [тұңғыш  қазақ  елшісі  Нәзір 
Төреқұлов туралы] /Т.Тәшенов /Қазақ елі. – 2003. – желтоқсан (№44). 
 
 
Ақын, жазушы, драматург, ағартушы 
Әкiрам Ғалымовтың туғанына 125 жыл  (1892-1913). + 
       
Әкiрам  Ғалымов  1892  жылы  Ақмолада  дүниеге  келген.  Троицкiде 
атақты «Ғалия» медресесiнде оқып, бiлiм алады. 1910 жылы қазақ ауылында 
мұғалiм  болады.    1911-1913  жылдары  «Айқап»  журналы  редакциясында 
жауапты  хатшы  қызметiн  атқарған.  Аз  өмiрiнде  қазақ  тiлiнде  «Жастық 
жемiстерi»  деген  өлеңдер  жинағын,  «Бақытсыз  сұлу»  деген  повесiн  және 
татар тiлiнде  «Май мәселесi» атты күлдiргi ойын кiтабын жазды. 
      
Оның шығармаларының негiзгi өзегi халықты өнер-бiлiмге шақыру, қазақ 
әйелдерiнiң  ауыр  тұрмысын  көрсету,  адам  өмiрi,  табиғат  көрiнiстерi, 
надандыққа қарсы күресу т.б. 
       
Әкiрам Ғалымов   Ғабдолла Тоқайдың, Байронның өлеңдерiн қазақ тiлiне 
аударды.  Ақын  творчествосы  Ы.Алтынсариннiң,  Абайдың,  Ғ.Тоқайдың 
шығармаларымен  сарындас.  Қысқа  ғұмыр  сүрсе  де,  артына  ағартушылық-
демократтық бағытта мәндi мұра қалдырып үлгерген Әкiрам Ғалымов 1913 
жылы  тамыздың  7  күнi  қайтыс  болды.  Оның  жастарды  үлгi-өнегеге,  оқу 
бiлiмге шақырған өлеңдерi өз маңызын жоймады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      
Ғалымов  Ә.  Замандастарға;  Туған  жерiме;  Кiм  армансыз?;Достыма; 
Болмаса;  Қыс;  Бақытсыз  сұлу:[өлеңдер]  /Ә.Ғалымов  //Бес  ғасыр  жырлайды. 
Екi томдық. Т.2. – Алматы, 1989. – 473-479 б. 
      
Ғалымов  Ә.  Ә.  Сөз  басы;  Тышқаннан  ғибрат  (Ғ.Тоқайдан); 
Замандастарға;  Туған  жерiме;  Не  қымбат;  Қыс  мезгiлi:[өлеңдер];  Бейшара 

215 
 
қыз:[әңгiме]  Ә.Ғалымов  //ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиет.Хрестоматия.  – 
Алматы, 1994. – 85-92 б. 
Ол туралы
      
Әкiрам  Ғалымов  (1892-1913)  //Бес  ғасыр  жырлайды.Екi  томдық  Т.2.  – 
Алматы, 1989. – 472 б. 
      
Әкрам  Ғалимов  (1892-1913)  //Қазақ  ССР.  4  томдық  қысқаша 
экциклопедия. Т.4. – Алматы, 1989. – 147 б. 
      
Әкiрам  Ғалымов  (1892-1913)  //Қазақтың  тәлiмдiк  ой-пiкiр  антологиясы 
(
ҮI ғасырдан ХХ ғ. Басына дейiнгi кезең) -Алматы, 1994. – 207-208 б. 
      
Әкiрам  Ғалымов  (1892-1913)  //ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиет. 
Хрестоматия. – Алматы, 1994. – 85 б. 
 
 
 
Педагог, ақын, қоғам қайраткері 
Тұрлықан  
Қасенұлының туғанына 115  жыл (1902-1942). + 
       
Қасенұлы  Тұрлықан  1942  жылы  Шығыс  Қазақстан  облысы  Жарма 
ауданы, Қапанбұлақ ауылы маңындағы Теректі деген жерде туған.1920 жылы 
сегіз  айлық  мұғалімдер  даярлайтын  курсы  бітіргеннен  кейін  Қызылмола, 
Қандығатай  болыстарында  оқытушы  болып  істейді.  1928  жылы  Семей 
педагогикалық  техникумын  бітірген.    1928-1930  жж.  Аякөз  ауданы  оқу 
бөлімінің    инспекторы,  1930-1933  жж.  Көкпекті  ауданы  оқу  бөлімінің 
меңгерушісі, аудандық «Үлгілі малшы» газетінің редакторы,  1934-1936 жж. 
Шығыс  Қазақстан  облыстық  жазушылар  ұйымының  төрағасы.  Сталиндік 
қуғын сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа  шегеді. 
        
Т.Қасенұлының  қолға  алуымен  1935  ж.  Шығыс  Қазақстан  облысы, 
Семей  қаласында    ақын,  жазушыларының  «Еңбек»  атты  әдеби  альманағы 
тұрақты түрде шығып тұрды. Әріп Тәңірбергенов өмірі мен ақындығы жайлы  
«
Әріп ақын» атты зерттеу мақаласы жарық көрді. Тіл, әдебиет жайлы терең 
пайымдауларға  толы  мақалалары  республикалық  баспасөзде  жиі 
жарияланды.  Өнер  зерттеуші  А.Затаевич  Тұрлықан  Қасенұлынан  13  халық 
әнін жазып алды, ол нотаға түсіріліп 1931 жылы Алматыда басылып шыққан 
«500 казахских песен» кітабына енген. 
        
1997  ж.  «Ер-Дәулет»  баспасынан  ақынның  өлең-жырлары,  әңгіме, 
очерктері  мен  мақалалары      топтастырылған  «Тұрлықан  ақын»  жинағы 
жарық көрді. 
       
Тұрлықан  Қасенұлы  туып  өскен  Қапанбұлақ  ауылындағы  орта  мектеп 
ақын есімімен аталады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет