Құрметті оқытушы-профес- сорлар, салалық құрылым қызметкерлері мен студенттер!


Бәрекелді  Биыл еліміз үшін қасиетті



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата12.01.2017
өлшемі5,51 Mb.
#1739
1   2   3   4   5   6

Бәрекелді



Биыл еліміз үшін қасиетті 



де қастерлі жыл. Осыған орай 

еліміздің түкпір-түкпірлері 

мен барлық өңірлерінде, 

сондай-ақ, жоғары оқу 

орындарында мерекелік 

шаралар ұйымдастырылып 

жатқаны баршаға аян. 

Осыған орай Журналистика 

және саясаттану факультеті 

республикалық бұқаралық 

ақпарат құралдарының 

қолдауымен «Тәуелсіздікке 

тағзым» атты студенттер 

арасындағы шығармашылық 

байқау ұйымдастырған бола-

тын.

Осы байқауға біздің 

факультеттің студенттерінен 

60-қа жуық өтініш пен шығарма 

келіп түсіпті. Соның бірі де 

бірегейі – біздің тобымыздың 

мақтанышы, көптеген 

республикалық байқаулардың 

жеңімпазы, журналистика 

әлемінде есімі танымал болып 

келе жатқан жас журналист 

Нұрсұлтан Мықтыбайдың 

«Ақиқатқа айналған аңыз» 

атты шығармасы бол-

ды. Ол бұл шығармасында 

еліміздің тәуелсіздікке қандай 

қиыншылықтармен қол жет-

кізгендігі, бабалардың аңсар 

арманы орындалып, аңыздың 

ақиқатқа айналып, қой үстінде 

бозторғай жұмыртқалаған 

заманға жеткендігіміз туралы 

аса көркемдікпен, шеберлікпен 

суреттей білген.

Біздің факультеттің 

студенттерінің жазған 

шығармасын сарап-

тап, көңілдеріне ұнаған 

шығарманың иесіне ар-

найы диплом мен бағалы 

сыйлықтар тағайындаған 

республикалық бұқаралық 

ақпарат құралдарының бас-

шылары факультетімізде 

ұйымдастырылған арнайы ме-

рекелік кеште қонақ болып, 

жеңімпаздарды марапаттау 

салтанатты шарасына арнайы 

келіп қатысты. Сөйтіп арнайы 

көрсетілген деректі фильмнен 

кейін марапаттау да басталды. 

Біздің құрдасымыз әрі сыйлас 

досымыз, тобымыздың үкілеген 

үміті Нұрсұлтанға есімі «Еге-

мен Қазақстан» газетінен 

кейін бірінші аталатын «ЕЛ» 

республикалық қоғамдық-

саяси, экономикалық, мәдени 

ұлттық басылымының арнайы 

дипломы мен сыйлығын осы 

басылымның бас редакторы 

Динара Бітікова ханым тапсыр-

ды. Сахнаға көтерілген Динара 

Дауылбайқызы:

– Басқа басылымдар осы 

факультеттің талантты сту-

денттеріне шәкіртақыны енді 

тағайындап жатса, біздің ұжым 

осы факультеттің талантты да 

талапты, сегіз қырлы бір сыр-

лы студентіне шәкіртақы емес, 

екі жылдан бері оны диплом-

ды журналистердің қатарына 

қосып жалақы тағайындап ке-

леді, – дегенде залда отырған 

көрермендер гу ете түсіп, аң-

таң болысты.

– Біздің журналистер 

қауымы оны «журналист бо-

лып туылған бала» деп атайды, 

– деп сөзін жалғады басылым 

басшысы. Оның тілі жатық, 

ойы орамды. Тақырыпты са-

ралап, қорытуға қабілеті 

зор. Ой көкжиегінің кеңдігі 

оның түрлі тақырыптарды 

қозғаған мақалаларынан 

айқын аңғарылады. Журна-

лист – қауіпті де, құрметті, 

қызығы мен шыжығы қатар 

жүретін мамандық. Шындықты 

жазып, мықты дәлелдермен 

айқындап, қоғамдық пікірталас 

тудыру білікті маманның ғана 

қолынан келеді. Ал, кез келген 

мамандықтың шыңынан шығу, 

биігін бағындыру білімділік-

ті талап етеді. Бұл тұрғыдан 

алғанда, оның оқуға, білімге 

деген құштарлығы күшті. Ол 

баланың аты да, заты да, тіпті 

тегі де мықты. Ол – Нұрсұлтан 

Мықтыбай!, – деп құрбымызды 

сахна төріне шақырғанда зал-

ды толассыз ұрылған шапалақ 

үні кернеп кетті. Нұрсұлтан 

түгілі біздің де қуанышымызда 

шек болған жоқ. Өйткені, оның 

жеңісі – біз үшін мақтаныш. 

Осылайша сахна төрінен 

орын тепкен Нұрсұлтанға Д. 

Дауылбайқызы «ЕЛ» газетінің 

арнайы дипломы мен журна-

листке нағыз керекті құрал 

құны 35 мың теңге тұратын 

цифрлы диктафонды сыйға 

тартты. Ол бұдан бөлек осы 

медианың басшысы Қ. Есента-

ев мырзаның ыстық ықыласын 

жеткізіп, Нұрсұлтанға жібер-

ген сәлемдемесі бір айлық 

мөлшеріндегі сыйақының чегін 

табыс етті. 

Тағы бір айта кетерлігі, 

досымыз Нұрсұлтан қызмет 

ететін «ЕЛ» газеті, сондай-

ақ басылым редакторы Ди-

нара Дауылбайқызы біздің 

жанымызға өте жақын. Олай 

дейтініміз, біздің тобымыздағы 

бәріміздің алғашқы өндірістік-

тәжірибеміз осы білікті ма-

мандар шоғырланған ұжымды 

өткен болатын. Сонда Д. 

Дауылбайқызы жастығына 

қарамастан бізге көп нәрсені 

үйретіп, осы саладан біраз жай-

тты өмірімізге өзек ете білді. 

Динара Дауылбайқызының 

біліктілігі мен білімділігінің 

арқасында шынайы журна-

листтік өмірді көріп, үш ай 

жазғы демалысымыздың қалай 

тез өткенін байқамай да қалған 

едік.

Біздің топта бар болғаны 



екі-ақ ұл. Бірі – Нұрсұлтан бол-

са, екіншісі – Дәурен. Екеуі де  

оқуда да, қоғамдық өмірде де 

озат. Тобымыздың алға баста-

ушысы, талантты да талапты 

жас журналист Нұрсұлтанның 

еңбегін елеп, тәуелсіздік тойы 

қарсаңында осындай марапат 

жасаған «ЕЛ» газетінің ұжымы 

мен медиа басшысы Қойшыбай 

Құтжанұлына, басылымның 

бас редакторы Динара 

Дауылбайқызына алғыс айта от-

ырып, шығармашылық толағай 

табыстар тілейміз. Әрқашан 

оқырмандарыңыз көп болсын 

дегіміз келеді. Сонымен қатар, 

осы мерекеге ортақтасқан 

«Егемен Қазақстан», «Нұр 

Астана», «Астана» журналы, 

«Қазақстан» ұлттық арналары-

на факультет студенттері аты-

нан рақметімізді айтамыз.

Ал, Нұрсұлтанның бағы мен 

бабы қатар шауып, мерейі үстем 

бола берсін!



Ізгі тілекпен,

«Баспа ісі – 21» тобының 

студенттері 

Мерейің үстем бола берсін, Нұрсұлтан!

Қазақтар  үшін  Жаңа  жыл  ме-

рекесі 


наурыздың 22-сінде, 

күн  мен  түн  теңелген  қасиетті  мезгіл-

де  басталған десек те, түрлі тарихи басы-

лымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыр-

шамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 

жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгіз-

гені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл 

санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған 

Мәскеудегі мейрамның таңға дейін 

созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар 

этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шыр-

ша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – 

көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін 

жазады. 


Мұрат Әджінің «Қыпшақтар» атты кіта-

бында «Шыршалар мерекесі» деген тарау 

бар. Ол кісінің айтуынша, мереке ең ба-

сында құдайлар мен аруақтар мекені – жер 

шарының тура кіндігінде тіршілік еткен 

Жер-Судың (Иерсу) құрметіне арналып-

ты. Жер-Судың жанында ақ сақалды Үлкен 

(Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер 

оны үнемі әдемі қызыл шекпен киіп 

жүрген қалпында көріпті. Мұрат Әджінің 

дәлелдеуінше, ежелгі алтайлықтар шырша-

лар мерекесін 25 желтоқсанда, Күннің Түнді 

«жеңген» кезінен бастап, түркілер Күннің 

қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) 

алғыстарын жаудырыпты, оған тәу етіпті. 

Дұғаларымыз Тәңірінің құлағына шалынса 

деген үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы 

– шыршаны үйлеріне әкеліпті. Бұтақтарына 

неше түрлі әсем шүберектер байлапты. Со-

нан соң дөңгелене қол ұстасқан қалпы шыр-

шаны айналып: «Түн кетіп, Күн келсін», 

деп ән салған. Осылайша Мұрат Әджі Жаңа 

жыл түніндегі «үлде мен бүлдеге» бөленген 

шырша мерекесінің І Петр патшадан да әріде 

болғанын баяндап, ол түркілер дәуірінде сол 

халықта тойланған деп дәлелдейді.

Белгілі этнограф-тарихшы Ақселеу 

Сейдімбек Жаңа жылдың көшпелілер мей-

рамы екендігі туралы былай дейді: «...

Қалыптасқан ұғым бойынша, Жаңа жыл, 

яғни 1-қаңтар, Иса пайғамбардың туған күні. 

Бүкіл христиан әлемі осылай деп түсінеді, 

осындай деп тойлайды. Ол тойына «Ро-

ждество Христова» деп ат берген. Орыстар 

Ўлу жылы жайында не білеміз?

Тоқты 

2012 жыл тоқтылар үшін жаңалыққа 

толы жыл болмақ. Бұл белгіде туғандарға 

Ұлу жылы барлық салада жан-жақты 

көрінуге мүмкіндік береді. Өз іскерлігін, 

белсенділігін көрсетсе болғаны, қандай 

іспен айналысса да айы оңынан туады.  

Жыл басында жұмыста серіктестерімен 

келіспеушілік болуы мүмкін, бірақ 

көктемде бәрі орнына келеді. Қаржыдан 

қысылмайды. Автомобиль немесе үй алуға 

да мүмкіндік туады. Жақындарына көп 

көңіл бөліп, олардың ісімен айналысқаны 

жөн. Демалуды да ұмытпаған дұрыс. 

Торпақ 

Жұлдыздар торпақтарға Жаңа жыл-

да  қаражат жағына көп көңіл бөлулері 

керек екенін ескертеді. Табыс табу үшін 

бұл жыл өте қолайлы. Жұмыста, оқуда 

бастаған істері сәтті болып, топ басшысы 

болып, өз мүмкіндігін көрсете алады.  Жаз 

кезінде өміріне өзгерістер енгізіп, сондай-

ақ құрылыс, жөндеу жұмыстарымен ай-

налысуына болады. Биылғы Ұлу жылын 

торқалы тойдың ортасында қарсы алмақ. 

Жора-жолдастарымен бас қосып, жағымды 

жаңалықтардың бел ортасында жүреді. 

Егіздер 

2012 жыл егіздер үшін қызықты өтеді. 

Қандай да бір жұмыстармен айналы-

спастан бұрын ойланып, егжей-тегжей-

ден өткізгені  дұрыс. Өзін қолдайтын 

адамдарды таңдай білсе, жұмысы алдыға 

басады. Қаржы жағынан егіздер өз бюд-

жетін қайта қарағаны жөн. Оқуда, 

жұмыста көп ізденуді  қажет етеді. Ерін-

шектікке салынбай еңбек етсе, жемісін 

тез көреді. Жаңа жұмысқа шақырылуы 

да мүмкін. Жеке өмірінде түсініспеушілік 

болады, бірақ барлығы жақсы аяқталады 

деп жорамалдайды жұлдыздар. Жылдың 

екінші жартысы біріншісіне қарағанда 

сәтті болады. 

Шаян 

Жыл бойы талмай еңбек етіп, шаршап-

шалдыққан шаяндардан жұлдыздар өз 

денсаулығына, мінез-құлқына көп көңіл 

бөлуді сұрайды. Өзін-өзі рухани байытып, 

жаңа білім алып, саяхатқа шығуға кеңес бе-

реді. Қалыптасқан өміріне  өзгеріс енгізгені 

дұрыс.  Өзіне серіктес тауып, жаңа іс ашуына 

қолайлы жыл.  Бірақ есепке мықты болғаны 

жөн.  Қоршаған ор-

тамен ынтымақта 

болып, өзін дұрыс 

ұстай білсе құба-

құп. 


Арыстан 

Өмірге деген 

қ ұ ш т а р л ы ғ ы 

арқасында ары-

стандар Ұлу жылы 

өмірін жақсартуға 

мүмкіндік алады. 

Жеке, қоғамдық 

ж ұ м ы с т а р д а 

өздерін жақсы 

жағынан көрсете 

алады. Тасы 

өрге домалап, 

қолға алған 

жұмыстарының 

бәрі дерлік іске асады. Әсіресе 

шығармашылықпен айналысатын ары-

стандар үшін өте сәтті жыл. 2012 

жыл бұл белгі үшін түрлі тосынсый, 

жаңалықтарға, қызықты танысуларға 

толы. Достарының көмегіне де жүгінуіне 

болады. Жеке өмірінде арыстандар 

сүйіктілерімен тіл табысып, араларында 

жақсы қарым-қатынас орнайды.     

Бикеш 

Бикештер үшін Жаңа жыл оңай болмаса 

да, қызықты өтеді. Жұмыста бастықтармен 

келіспеушілік болуы мүмкін. Еңбекқор би-

кеш бұндай қысымдарға басын жоғары 

көтере отырып, төтеп береді. Қандай жоспа-

ры болса да, Ұлу жылында қол жеткізе алады. 

Жаңа таныстар пайда болады. Бикештер-

ге өз өмірін сүзгіден өткізгені жөн. Жеке 

өмірінде түсініспеушіліктер болуы мүмкін. 

Ренжіскен кездерде көпке созбай ұрыстың 

басын ашып, ақиқатын айтуға тиіс. 



Таразы 

Жұлдыздардың болжауына қарағанда, 

таразы үшін бұл жақсы жыл болады. 

2012 жылы қандай жоба болмасын іске 

асырып, өз беделін көтере алады. Бедел-

православ сенімінде болғандықтан, бұрынғы 

Юлиан күнтізбесінің межесі бойынша, 

желтоқсанның 25-і Исаның туған күні деп 

тойлайды. Мен бір қызықты пікір айтайын. 

Осы Жаңа жыл тойы арысы Еуразияның 

ежелгі көшпелі скиф-сақтарының, бергісі 

бүгінгі түркі халықтарының, оның ішін-

де, қазақтардың да байырғы мейрамы деп 

есептеймін. Тарихи дерек бойынша, 532 

жылға дейін бүкіл Еуропа Диоклитан кален-

дарын тұтынған. Ол христиан дініне қарсы 

адам. Сол кезде христиан дінін басқарушы 

кординалдардың бір басқосуында жыл 

басын Исустың туған күнімен бастау 

жөнінде қарар қабылданады. Бір қызығы, 

сол басқосуға қатысқандардың ішінде 

Исустың туған күнін ешкім білмейтін бо-

лып шығады. Сонда босаға жақта отырған 

скифтен шыққан есепші-жұлдызшы кішке-

не Диониси деген кісі: «Жарықтық, Иса 

пайғамбардың туған күнін мен білуші едім. 

Ол осыдан аттай 532 жыл бұрын дүниеге 

келген», - дейді. Оған ешкім де дау айта ал-

майды. Өйткені, Иса пайғамбардың туған 

жылын айғақтайтын ешқандай тарихи де-

рек болмайтын. Ал кішкене Дионисидің 

аузынан шыққан 532 деген сан көшпелілер 

үшін киелі сан болатын. Яғни, көшпелілер 

табынатын аспан денелері – Ай 19 жылда бір 

рет дөңгелегін жаңғыртып отырады. Осы 

Айдың дөңгелегінің саны 19 бен Күннің 

дөңгелегінің саны 28-дің көбейтіндісі – 532.

Демек, Жаңа жылды тойлағанда бұл 

мерекенің де көшпелілер пайымымен бай-

ланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке 

орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының 

игілігі бола алмай келе жатыр. Деген-

мен, В.В.Цибульскийдің «Луно-солнеч-

ный календарь стран Восточный Азий», 

М.Ысқақовтың «Халық календары», 

Х.Әбішевтің «Аспан сыры» атты кітапта-

рында осы деректер қызықты баяндалады.

Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, 

Жаңа жыл таза көшпелілердің мейра-

мы екенін мойындауға тура келеді. Бірақ 

Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз 

ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты 

Еуропа елдері өздерінің этнографиялық 

реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі 

күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық 

мейрам болып шыға келді. Діни календарь 

бойынша, Исаның туған күні қаңтардың 1-і 

емес, одан 6 күн бұрын аталып өтеді».

Өкінішіке орай, Жаңа жылды елімізде 

Христостың туған күні, Рождество мейрамы 

ретінде тойлау, бүкіл ұран, құттықтаулардың 

соған арналуы байқалады. Жаңа жылға 

терең діни мән-мағына бермей, оны алдағы 

уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық 

күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, 

келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат, 

міндеттерімізді белгілейтін Үміт, Сенім 

мерекесі ретінде тойлағанымыз, ескі жыл-

ды ризашылық сезіммен шығарып салып, 

Жаңа жылды тәтті тілек, ақ батамен қарсы 

алғанымыз абзал.

ді адамдармен танысып, тіл табысуға 

мүмкіндігі зор жыл. Өзін іскер адамдарша 

ұстап қандай да 

бір шаруаны қолға 

алса, жұмысы 

өзінен-өзі алдыға 

басады. Ұлу жы-

лында таразылар 

өздерінің көптен 

армандаған ісін 

жүзеге асырып, 

алдыға қойған 

мақсатына же-

теді. Тек қана ол 

үшін талапта-

нып, жұмыс істесе 

болғаны.   

Сарышаян 

Жаңа жылда 

сарышаяндардың 

айы оңынан туып, 

асығы алшысынан 

түседі. Олар қысқа мерзімде қаржы жағынан 

жетістіктерге қол жеткізеді.  Біреудің 

мұрагері болуы, ісіне жаңа демеушілер та-

буы немесе меценаттармен танысуы әбден 

мүмкін. Ірі сауда жасаса да, жаңа іс ашқысы 

келсе де сәтті болады. Ұлу  еңбектенген 

адамдардың бәріне мақсаттарына жету 

үшін мүмкіндік туғызады.  Сарышаяндар өз 

ұстамсыздығынан, тіліне ие болмағанынан  

таяқ жеуі мүмкін. Өз өмірін қалыпты ұстау 

үшін жұмысы мен отбасына теңбе-тең көңіл 

бөлуі қажет. 

Мерген 

Мергендер үшін Ұлу жылы жаңа 

мүмкіндіктерге толы жыл болмақ. Бұл 

жылы олар жеке өмірінде де, жұмыс ба-

рысында да жақсы адамдардың орта-

сынан табылады. Мергендердің жеке 

басында жақсы өзгерістер болады деп 

жорамалдайды жұлдыздар. Қашан да 

нысананы дөп көздейтін мергендер 

еңбексүйгіштігінің арқасында ұжымына 

сүйкімді болып, қаржы жағынан да 

қысылмайды. Өз ерік-жігерін көрсетуге 

тиімді жыл. Отбасылық жағдай мерген-

дерді алаңдатып, жұмысқа қарамай ке-

тетін кездері де болуы мүмкін. Ондайда 

өзін-өзі тез қолға алғаны жөн. 

Тауешкі 

2012 жылы Тауешкі өзінің әрқашанда 

топбасшысы екендігін көрсетіп, 

шығармашылығын жүзеге асыра алады. Ұлу 

жылы тауешкінің қызметі өседі. Уақыты мен 

күш-жігерін дұрыс бағытқа жұмсауының 

арқасында олар көптеген жетістіктерге қол 

жеткізеді. Ең бастысы, ақырын жүріп, анық 

басулары керек.  Жеке өміріне көп көңіл 

бөлгені, шешілмеген сұрақтарды артқа 

қалдырмағаны жөн. Жаңа жылда тауеш-

кілерді қызықты да, тартымды танысулар 

күтіп тұр. 

Суқұйғыш 

Суқұйғышқа бұл жыл өз өмірін 

жақсарту үшін көп мүмкіндік береді. 

Оларға тек осы мүмкіндікті тез пайдала-

на білуі керек. Суқұйғышқа өз белсенділігін, 

ерік-жігерін көрсетсе болды, сәттілік өз-

өзінен келеді. Әсіресе, шығармашылықпен, 

спортпен, қызықты ойындармен ай-

налысатын белгілер үшін бұл жыл өте 

тиімді жыл. Өз ісін ашқысы келгендерге де 

қолайлы жыл болады. Жұмысқа көп көңіл 

бөлуі керек. Жеке өмірінде де күтпеген 

жағымды жаңалықтар болады.  

Балықтар 

Жұлдыздардың айтуына қарағанда, 

2012 жыл балық үшін отбасы жағдайында 

өзгерістерге толы жыл болады. Көшуіңіз, 

жылжымайтын мүлік сатып алуыңыз әбден 

мүмкін. Көптеген балықтарда отбасы 

мүшесі көбейіп, сәбилі болады. Бұл бел-

гі үшін отбасын құруға да лайықты жыл. 

Сонымен бірге балықтарға бұл жыл та-

быс әкеледі. Жұмыста бастықтармен де 

жақсы тіл табысып, зор абыройға кенеледі. 

Әсіресе шығармашылықпен айналысатын 

балық үшін айрықша жыл болады. Қаржы 

жағынан балықтар кейбір қиындықтарға тап 

болғанымен, жылдың екінші жартысында 

жағдайы жақсарады.   



Жаңа жыл жаңа жырмен, жарқыраған 

нұрмен есте қалатынына сенім мол!

Бетті әзірлеген Г. ШӘУЕНОВА

Жаңа жылдық  жұлдыз-жорамал

Сіз білесіз бе?



Хабар-ошар

Жылдың қай-қайсысының да өз ырысы мен несібесі бар деген қазақ тышқан жылы - 



тыныштық, сиыр жылы - сыйлық, барыс жылы - бірлік, қоян жылы - қамбалы, ұлу жылы - 

үлгілі, жылан жылы - жайлы, жылқы жылы - жұтсыз, қой жылы - құтты, мешін жылы - мерейлі, 

тауық жылы - табысты, ит жылы - игілікті, доңыз жылы - дүниелі болады дегенді де айтқан. 

Ұлудың қандай жәндік екені белгісіз. Ол жөнінде әр түрлі жорамалдар айтылады. Қазақтар 

ұлуды суда өсетін жәндік санағандықтан, бұл жылы астық, шөп көп шығады деп сенеді. 

 2012 жылдың иесі  – ұлу. Ұлу Жылы - мүшел есебінің бесінші жылы, қоян жылынан 

соң, жылан жылынан бұрын келеді. 2000-2001, 2012-2013, т.б. жылдары қайталанады. Ұлу 

- кірме сөз (қытайша Лұн - айдаһар), ұлу деген моллюскпен шатастырмау жөн. Ұлу - қорек 

талғамайтын жәндік. Ол көп нәрсені өзіне азық ете алады. Тек бұл жылдың иесі су ұлуы бо-

лып тұр. Бұл жылды жұлдызшылар қытайдың қара су ұлуының жылы деп атайды.

Жаѕа жыл - кґшпелілердіѕ де мейрамы

р/с: «Жұлдыздар» жобасы әлі 

де жалғасады. Алдағы уақытта 

көрерменді жаңа жылдық нөмірлермен 

қуантпақпыз дейді жоба мүшелері. 

Aйжан ҚАСЫМОВА,

ЖжС факультеті, І курс


ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

12

 

ЖЕЛТОҚСАН   

2011 



ЕҰУ-дың көзі, құлағы һәм тілі



Оқу ордамыздың ақпарат көзі

Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

БАС РЕДАКТОР 



Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Бас маман



Қанат МАХАМБЕТ

Құндыз ЕРАЛЫ

Аға маман



Насихат ОСПАНОВА

Зарина АСАНОВА

Беттеуші


Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші



Марат ЖОМАРТОВ

Газет “Информ-Бюро-Экибастуз”ЖШС

баспаханасында басылды.

Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, Қазақстан 

Республикасының Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс Г10-746

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5-үй, 

336 бөлме. Тел: 35-38-10

Eralieva_kkh@.enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет