Құрметті оқытушы-профес- сорлар, салалық құрылым қызметкерлері мен студенттер!



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.01.2017
өлшемі5,51 Mb.
#1739
1   2   3   4   5   6

  Ги-

тихмаева


  мен Механика-математика фа-

культеті деканының тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары Данагүл Қаратаева және 

Сәулет, дизайн және бейнелеу өнері фа-

культеті деканының орынбасары Гүлназ 

Алғалиева жеңіс тұғырынан табылды. 

Жеңімпаздардың барлығына бағалы 

сыйлықтар тапсырылды. 

Жаңа жыл кешінің  соңы көңілді 

тапқырлар клубы өнерпаздарының ойы-

нына ұласты.  

Қанат МАХАМБЕТ


ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

8

 

9

ЖЕЛТОҚСАН   

2011 

ЖЕЛТОҚСАН  



2011 

Халықаралық байланыс көкжиегі

Лев Гумилев – әлем таныған ұлы тұлға



Құрметті студенттер, мен 

Сіздердің оқу орындарыңыз 

Лев Гумилевтің есімімен ата-

латынын білгеннен кейін 

мойнымдағы жауапкершілік 

жүгі екі есе ауырлай түскендей 

болды. Лев Гумилевтің өмір 

жолын көп оқып, біршама та-

ныстым. Әсіресе осындай ұлы 

тұлғаның сан тараулы ғұмыры 

мені бей-жай қалдырмады. 

Ғалымның ата-анасы да 

әлем таныған тұлғалар болды. 

Оның анасы Анна Ахматованың 

шығармашылыққа толы өмірі 

бүкіл әлем халықтарының на-

зарында. Осындай отбасында 

тәрбиеленген Лев Николаевичтің 

тағдыры оңай болды деп айта 

алмаймыз. Ал дәл осындай 

ғұламаның есімімен Сіздердің оқу 

орындарыңыздың аталуы расын-

да лидерлеріңіз Н.Назарбаевтың 

аса көрегендігін білдіреді. 



Оңтайлы реформа–табыс 

кепілі

Қазақстан өз Президен-

ті Нұрсұлтан Әбішұлының 

арқасында КСРО құрамынан 

бөлінгеннен кейін өз жолын 

дұрыс таңдады. Сол кезеңде Ук-

раина қиын-қыстау кезеңді ба-

стан кешіргені жасырын емес. 

2008-2009 жылдары ішкі өнім 15 

пайызға төмендеп, сыртқа қарыз 

болып қалдық. Әлемдік үлкен 

қаржылық дағдарыс Украинаны да 

айналып өтпеді. Себебі біздің елде 

Сіздер жасаған батыл қадамдар 

мен табысты реформалар болма-

ды. Десек те бүгінде Украинаның 

экономикасы мен әлеуметтік 

саладағы дамуы қалыпты деуге не-

гіз бар. Қарышты қадаммен дамуға 

мүмкіндіктер жетерлік. Биылдың 

өзінде егістік алқаптарынан 55 

тонна пұт өнім алдық. Алдағы 

уақытта Украина экспорттаушы 

мемлекетке айналады. Осы жолда 

біз Қазақстанмен бірігуіміз керек. 

Өйткені нанға деген сұранысты 

ешқандай өнім баса алмайды. 

Теңіз бен ғарыш техникасын 

бірдей меңгерген Украина

Украина ғарыштық раке-

талар жасаудан әлемдегі ең ірі 

мемлекеттердің қатарында. 

Қазіргі уақытта біз Бразили-

ямен бірігіп теңіз космодро-

мын жасауға кірісіп кеттік.  Әуе 

ұшақтарын жасауда табысты 

жұмыстар атқарылуда. Украи-

на әлемде тікұшақ жасаудан І 

орында. Үшіншіден, Қазақстан 

біздің көз алдымызда мұнай-

газ саласындағы жетекші 

мемлекеттердің біріне айналып 

келеді. Бірінші орында - Ливия. 

Осы тұрғыдан келгенде Украи-

на Қазақстан үшін мұнай сатып 

алушы ел бола алатынын айтамын. 

Біз Қазақстан-Ресей-Белорусия 

арасындағы Кедендік одақ жа-

сауына қызыға қараймыз. Біз 

осының негізгі аспектілерін зерт-

теп жатырмыз. Шынында, бұл 

қарқынды дамуға төте жол дер 

едім. Украина осы одақтың же-

місті дамуына сеп болуға дайын.



Украина Батыс біліміне сын 

көзбен қарайды

Білім саласында Украина-

да соңғы жылдары ерекше 

өзгерістер байқалады. Сапалы 

білім бізде. Соның ішінде Днеп-

ропетровск техникалық оқу оры-

нында мықты кадрлар даярлануда. 

Заң, экономика мамандықтарына 

түсушілер көп, бұл көрсеткішті 

қазір инженер-технологтар, жал-

пы техникалық мамандықта білім 

алушылар қатары толықтырып ке-

леді. Мен Қазақстан жастарын Ук-

раинада білім алуға шақырамын. 

Біз де Қазақстан Украин жаста-

рын батысқа оқуға жіберіп от-

ырамыз. Бұл біздің елде сапасыз 

білім беріледі деген сөз емес. 

Мақсатымыз батыста, Еуропа-

да қандай білім берілетіндігін 

анықтау. Оның үстіне, пікір алма-

су мен тәжірибе алмасу жастарды 

тек өсіреді. Жастар шетелде білім 

алуға құмар. Біз студенттерге 

дұрыс жол көрсетуге ұмтылып ке-

леміз. Батыс өзге адамға ешқашан 

құшағын ашпайды. Қазіргі за-

ман секунд сайын өзгеріп отыр. 

Егер бір мемлекетте дүмпу бола 

қалса далада жұмыссыз қалатын 

ең алдымен сырттан келген-

дер. Сондықтан шетелге баруды 

шешсеңіз, жақсылап ойнау керек. 

«Біз жоқ жердің барлығы тама-

ша» деген тәмсіл содан шықса 

керек. 


ЕҰУ өз елінің тарихын қатты 

қадірлейді екен

Мені оқу орнында 

қызықтырғаны – тарихи жазу 

мұражайы. Ата-бабасының жүріп 

өткен жолын білу, тасқа басылған 

тарихын зерттеу кез келген ел 

үшін маңызды атрибут. 

20-30 жылдан кейін Қазақстан 

экономикасының, әлеуметтік 

саласының қандай болмағы 

жастарға байланысты. Өйткені 

20 жылдан кейінгі ел тұтқасын 

ұстайтын жастар мына залда 

отырған Сіздер. Мықты кадрларға 

дау жоқ, бәлкім ерте жетерсіздер 

биік белестерге. Қалай десек те, 

осындай жауапты істе мен Сіздер-

ге үлкен табыс пен сәттілік тілей-

мін. 

Жазып алған 

Құндыз ЕРАЛЫ

Соңғы жылдары студенттердің 

халықаралық ағымы ірі салаға 

айналып отыр. Экономикалық 

ынтымақтастық және даму 

ұйымының мәліметі бойынша, осы 

ұйымға мүше елдердің өзінде 2000 

жылы шетелдік студенттер нарығы 

30 миллиард АҚШ долларын құраған. 

Кейбір статистика орталықтары бұл 

нарықты 1999 жылдың өзінде бүкіл әлем 

бойынша 2 триллион доллардан асып 

түсетінін шамалады. 2005 жылы шетел-

дік студенттер АҚШ экономикасына 13 

миллиард доллар көлемінде үлес қосқан. 

Білім экспорттаушы мемлекеттердің 

басында АҚШ, Ұлыбритания, Авс-

тралия, Италия және Канада тұр. 

Еліміздің де осы бағытта саясат 

ұстанғанын Президенттің «Болашақ» 

бағдарламасына өзгерту енгізгенінен 

байқауға болады. 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де 300-

ге жуық шетел студенттері білім алады. 

Олар Ауғанстан, АҚШ, Әзірбайжан, 

Беларусь, Жаңа Зеландия, Жапо-

ния, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, 

Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Румы-

ния, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, 

Украина елдерінің өкілдері. Шетел 

студенттерінің басым бөлігі түрлі 

мемлекетаралық гранттар негізінде ЕҰУ-

де білім алады. Бүгінгі күні олардың 10 

пайызға жуық бөлігі ғана ақылы негізде 

білім алуда.

Білім алатын шетел студенттерінің 

жартысынан астамы этникалық қазақтар 

болып табылады. Ол студенттердің ЕҰУ-

де білім алуының негізгі себебі – тарихи 

отанына оралумен байланысты. Осыған 

орай, соңғы жылдардағы статистикаға 

сүйенетін болсақ, шетел студенттерінің 

ЕҰУ-ге деген қызығушылығы бүгінгі 

таңда артуда. ЕҰУ-нің профессор-

оқытушылық құрамы мен шетелдік 

жетекші ғалымдарының универси-

тетте қызмет етуі шетелдіктердің 

қызығушылығының артуының тағы бір 

себебі болып отыр.

Шетелдік студенттер санының 

көбеюі жоғары оқу орнымыздың 

халықаралық рейтингтерде көтерілуіне 

тікелей септігін тигізеді. Мысалы, 

Халықаралықтандыру индексінде ше-

телдік студенттердің саны, дәлірек 

айтқанда шетелдік студенттердің саны 

мен жалпы студенттердің пропорция-

сы елеулі салмаққа ие. Университеттер-

ді бағалауда мұндай ұғымның енгізілуі 

жергілікті университет өз елінде ғана 

емес, халықаралық деңгейде де жоғары 

көрсеткішке ие деген ұғымнан туындап 

отыр. 

Қоғамдық құбылыс ретінде шетелдік 



студенттерге қатысты мәселелер жоғары 

оқу орындары тарапынан қадағаланып, 

жүйелі түрде қолға алынбаған жағдайда 

әлеуметтік және қауіпсіздік проблемала-

рын тудыруы мүмкін. Осы орайда, әрбір 

университетте шетелдік студенттердің 

клубтары мен одақтары ашылып, жоғары 

оқу орындарының түрлі іс-шарала-

рына белсенді атсалысуы қамтамасыз 

етілуі қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтап, 

виза және көші-қон жүйелерін бұзбауы 

үшін студенттердің жергілікті жердің 

заңымен таныс болуы, университет та-

рапынан қадағалануы қажет.

Осы мәселелерді қолға алу мақсатында 

жуырда Халықаралық ынтымақтастық 

департаменті бастамасымен Шетелдік 

студенттермен жұмыс жөніндегі бөлім 

ашылды. Бөлімнің басты міндеті – ше-

телдік студенттер істеріне мониторинг 

жүргізу, көші-қон мәселелерінде қолдау 

көрсету, шетелдік талапкерлердің са-

нын арттыру үшін халықаралық білім 

көрмелерінде университетіміз аты-

нан өкілдік ету және тағы басқа да 

мәселелермен айналысады.

Өз кезегінде бұл шетел студенттерінің 

көші–қон ережелері және заң бұзушылық 

әрекеттерін болдырмай, әлеуметтік 

қорғауға алып, қауіпсіздіктері үшін 

жауап береді, әрі аталмыш бөлімнің 

қызметі шетел студенттерімен жұмысты 

жеңілдетіп, өзге елдердің дарынды 

жастарының ЕҰУ-де білім алуға деген 

қызығушылықтарын арттыруға үлесін 

қосады.


Әлен САБЫРОВ

Жоғары білімге деген сұраныс, 

әсіресе сапалы білімге деген талап жыл-

дан жылға артып, көптеген мемлекет-

тер осы сұранысты жергілікті деңгейде 

қамтамасыз ете алмай отыр. 

Шетелге барып оқу ежелден келе 

жатқан дәстүр. Қазақ халқына да жат 

нәрсе емес. Еліміздің даңқты ұлы Әбу 

Наср әл-Фараби Отырар қаласында 

туылып, Сирияның Дамаск қаласында 

жерленуі нақты дәлелдердің бірі 

деп айтуға болады. Өткен ғасыр 

мен соңғы онжылдықтар аясында 

студенттердің халықаралық ағымы 

оңтүстіктен-солтүстікке болса, яғни 

Еуропа және Солтүстік Америка, 

Жапонияға қарай ағылса, 2011 жылғы 

11 қыркүйек оқиғасының салдарынан 

бұл бағыт бәсеңдей түсті.  Аталмыш 

нарыққа Сингапур, Оңтүстік Корея 

және Малайзияның алдыңғы қатарлы 

жоғары оқу орындары қосыла түсті. Әр 

елдің ғылыми-технологиялық дамуы, 

инновациялық өрлеуі университеттердің 

осы нарыққа кіруімен тікелей бай-

ланысы бар екенін байқауға болады. 

Соңғы жылдары жоғарыда аталып 

өткен мемлекеттер жаңа экономикалық 

дамудың үлгісі болғаны бәріне мәлім. 

2008 жылғы қаржы дағдарысы және 

қазіргі Еуропалық Одақ пен АҚШ-

тағы дағдарыс Қытай, Үндістан сияқты 

елдердің шетелдік студенттер нарығына 

кіруіне үлкен мүмкіндік жасады. Ал, бұл 

бәсекелестікке қарсы еуропалық уни-

верситеттер қарқынды жұмыс жүргізуде. 

Дәлірек тоқталатын болсақ оқу ақысын 

төмендету, шетелдік студенттер үшін 

арнайы жағдайлар жасау, жоғары оқу 

орындары туралы көрмелер өткізу ша-

раларын қолға алып, нарықта дәстүрлі 

орындарын жалғастыруда. Оның үстіне 

Еуропалық Одақтың кеңеюі Шығыс 

Еуропа жастарының ағылуына септігін 

тигізді. Еуропада шетелдік студенттер-

ді кіріс көзі ретінде ғана қарастырып 

қоймай, оларға қартайған құрлықтың 

демографиялық құлдырауына ба-

лама шешім ретінде қарайды. 

Демографиялық тұрғыдан жастар саны 

төмендегендіктен, университеттер жер-

гілікті талапкерлердің орнын толтыру 

үшін шетелдік талапкерлерге мұқтаж бо-

лып отыр. Студенттердің халықаралық 

ағымын жолдаушы әрі қабылдаушы 

тараптың үкіметтері қолдап отыр. 

Үкіметтер экономикалық тұрғыдан ше-

телдік студенттерге шетелдік валюта 

көзі ретінде қарайды. Мысалға алғанда,  

шетелдік студенттер Ұлыбритания 

аралдарының экономикалық өсуіне 

әсер етеді. Мәдени-гуманитарлық 

тұрғыдан мемлекеттер екі жақты және 

көптарапты қатынастарды дамытуға 

үлкен үлес қосатын факторлардың бірі 

ретінде шетелдік студенттердің санын 

арттыру мақсатында гранттар мен сти-

пендиялар бөліп отырады. АҚШ-тың 

Фулбрайт, Еуропалық Одақтың Эраз-

муз Мундус бағдарламалары осыған 

айқын дәлел. Еліне оралған студенттер 

екі елдің тәжірибесі мен мәдениетін 

насихаттаумен қоса, сауда айналы-

мы мен ортақ жобалар үшін дайын 

адам ресурстары болып табылады.  

Жаһандану үдерісі жастарға шетел-

де оқу үшін үлкен мүмкіндік тудыру-

да. Біріккен ұлттар ұйымы жариялаған 

ақпараты бойынша 1995 жылы әлемде 

шетелдік студенттердің саны 1,3 мил-

лион болса, 2000 жылы 2,1 миллионға 

өсіп, 2009 жылы 3,7 миллионнан асып 

отыр.  Шетелдік студенттердің саны 

күннен күнге артқанымен, үкімет тара-

пынан қаржыландыру төмендей түсті. 

Алайда, шетелдік студенттерді кім 

қаржыландырып отыр? Саны неге арту-

да? – деген сауалдар туындайды. АҚШ-

тың Халықаралық білім институты та-

рапынан жасалынған сараптама бойын-

ша АҚШ университеттері шетелдік 

магистранттар мен докторанттардың 

45 пайызына қаржылай көмек көрсетсе, 

қалғаны өз қаражаттарымен оқып жүр. 

Осыған қарағанда, дамушы елдерде өмір 

сүру деңгейінің көтерілуі, өз кезегінде 

септігін тигізіп отыр. Осылайша,  шетел-

дік студенттер мәселесі балама шешім 

ретінде бір жағынан нарықта қаржы көзі 

болса, екінші жағынан ғылыми зерттеуді 

дамыту үшін адам ресурстары көзіне ай-

налып отыр.

Шетелдік студенттер



Халықаралық тұрғыдан қарастыратын болсақ, білім дегеніміз мемлекет-

тер арасында көшіп жүретін тауарға ұқсас. Білім мен ғылымға негізделген 

инновациялық экономика ұғымының шеңберінде әлеуеті жоғары білікті 

мамандарға талас-тартыс жұмыс берушілер арасында ғана емес, сол білікті ма-

мандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының арасында да күшейе түсуде. 

Шетелдік студенттер нарыєыныѕ кґлемі ќандай?

С

туденттік өмір – бұл әр 

адамның ұмытылмас қызығы мол 

шақтары мен сәттері.  Әсіресе 

студенттер үйінде тұратын жа-

стар үшін бұл тіптен өзгеше 

есте қалатыны анық. Өйткені 

жатақханада түрлі ойындар мен 

әр түрлі мазмұндағы іс-шаралар 

апта сайын болып тұрады.

Студенттердің қоғамдық 

жұмыстарға қатысуы да өте 

жоғары. Жатақханада Студент-

тік Кеңестің орны тіптен бөлек. 

Мен Студенттік Кеңесте осы 2 

курс басталысымен жұмыс істеп 

келемін және өзіме өте ұнайды. 

Қоғамдық жұмыстарға арала-

сып, ұйым болып жұмыс жасауға 

үйренесің, тәжірибе жинақтайсың. 

Бұл болашақта өз ісіңнің мама-

ны болуға үйретеді. Студенттік 

Кеңесте, біздер, оқу жылының ба-

сынан бастап түрлі мерекелік ке-

штер өткізіп, қилы мәселелердің 

шешімін таптық. Сөзіме тірек 

ретінде айта кетер болсам, биыл 

біз, №4 СҮ-нің СК мүшелері, 

Құрбан Айт – діни мейрамын өте 

жоғары дәрежеде ұйымдастырып, 

үлкен дастархан жайып, көпшілікті 

дәм татуға шақырдық. 

Тек қана Құрбан Айт мейра-

мы емес, біздің жатақханада жыл 

сайын оқуға кеше ғана түскен 1 

курс студенттеріне арналған кеш 

болып тұрады. Осы жылы да ол 

кешті қызықты қылып өткізуге 

тырыстық. 

Сонымен қатар, біздің 

жатақханада арнайы 

ұйымдастырылған түрде пікірта-

лас (дебат) ойындары өткізіліп 

тұрады. Мысалға, көпшілік 

студенттердің көңілінен шыққан, 

Журналистика және Саясатта-

ну факультетінің доценті, PhD 

докторы Жолдыбалина Алуа 

Серікқызының қатысуымен болған 

«Студенттік отбасы: жақсы, жа-

ман?» тақырыбында өткен дебат-

ты атап айтуға болады. Пікірталас 

өте тартымды өтті. Студенттер 

белсенді араласып, жақсы ойлар 

ашық түрде айтылды. 

16 желтоқсан – Тәуелсіз күніне 

байланысты қалалық іс-шараларға 

студенттер өте белсене қатысты 

деп айтуға болады. Ендігі мақсат  

– алдағы жаңа жыл мерекесін 

ойдағыдай атап өту. Оған да 

дайындық жұмыстарын біздер ба-

стап та кеттік. 

Аштықты да, тоқтықты да, 

самғауды да, сарсаңды бастан 

өткізіп жүрсек те, әзілі мен 

қалжыңы таусылмайтын, өмірге де-

ген құлшынысы мен талабы басыл-

майтын өмірдің ең керемет шағы – 

осы студенттік кездер емес пе?! Әлі 

де алдағы уақыттарда неше түрлі 

қызықтың куәсі болатынымызға 

сенімдімін. Барлық студенттерді 

қысқы емтихандарын өте жақсы 

тапсыруларына тілектеспін! 

Сәттілік тілеймін!

А.ЖҰБАНОВА, 

Студенттік Кеңестің

 жауапты хатшысы 

№4 Студенттер їйі



Н.АЗАРОВ, Украина Премьер-министрі:

Студент қауым үшін ең бір 

қызықты әрі тартымды сәт 

байқау қорытындысын шығарған 

кез болды. Ел тойына арналған 

тартымды тартудың концерттік 

бағдарламасын дайындап, кештің 

жоғары деңгейде өтуіне студент-

тер барын салды. Әсіресе, 3-курс 

студенттері  өздерінен кейін-

гілерге үлгі көрсетіп, әннен шашу 

шашып, күмбірлетіп күй төкті, 

өлең оқып, өздері дайындаған 

видеороликтерін көрсетті. Өз ке-

зегінде факультет деканы Қайрат 

Сақ, телерадио кафедрасының 

меңгерушісі Ғ.Шалахметов, сая-

саттану кафедрасының профес-

соры Н.Қалиев шығармашылық 

кешке жиналғандарды 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен 

құттықтап, қаржылай және 

ақпараттық қолдау көрсеткен, 

студенттердің шығармаларын 

қарап, жеңімпаздарды анықтауға 

атсалысқан бұқаралық ақпарат 

құралдарының басшыларына 

алғысын айтты.

Конкурсқа барлығы 

тәуелсіздік тақырыбын 

толғаған 60-тан астам құнды 

дүниелер келіп түсті. Әр сту-

дент тәуелсіздіктің қадірі мен 

қасиетін, бағасы мен құнын өз 

деңгейінде бағамдап, тұщымды 

ойлар айта білген. 

Қаламының қарымы мен алы-

мын білдірген болашақ журна-

листер сыйлық пен марапаттың 

астында қалды. Байқауға деме-

уші ретінде атсалысқан жетекші 

БАҚ басшылары жеңімпаздарға 

жүлде тағайындауда бірінен-бірі 

асып түсті. «Қазақтың БАҚ-

ның басы қосылған жерде – мен 

бармын» деп «Ел» газетінің 

бас директоры Қойшыбай 

Құтжанұлы айтқандай, мере-

келік кешке “Егемен Қазақстан” 

республикалық газеті” акционер-

лік қоғамының вице-президенті 

Еркін Қыдыр, «Казахстанская 

правда» газетінің бас редакто-

ры Татьяна Костина, «Астана» 

журналының бас редакторы 

Мақсат Тәж-Мұрат, «Нұр Аста-

на» газетінің бас редакторы 

Ғабит Мүсіреп, «Қазақстан» 

ұлттық арнасының ақпараттық-

сараптамалық бағдарламар 

дирекциясының директоры 

Жанұзақ Мүсәпір, «Халық сөзі» 

газетінің бас редакторы Қуат 

Әуесбай, «Қазақстан Республи-

касы ішкі істер органдарының 

«Медиа» орталығының Бас ди-

ректоры Алмас Садубаев, «Ел» 

газетінің бас редакторы Дина-

ра Бітікова, «Астана ақшамы» 

Мақтаулыларға марапат жауған күн

газетінің шолушысы Айгүл Уай-

сова, «Астана» радиосының 

музыкалық қызметінің шеф 

редакторы Жанетта Садуақас 

келіп, ұжымы тағайындаған алды 

бір жылдық, соңы бір айлық 

степендияларын үлестіріп, 

«ХХІ ғасыр журналистерінің 

қаруы» нетбук, диктофондарын 

журфактың жүйріктеріне табы-

стады. Сондай-ақ БАҚ өкілдері 

болашақта өздерімен қатар 

қалам тартып, ақпарат айдынын-

да бірге жүретін  әріптестерін  

танып қайтты деп айтуға 

толық негіз бар. Тырнақалды 

жүлделеріне дән риза болған 

 

студенттер, мамандықтарына 



деген сүйіспеншіліктері ар-

тып, мәре-сәре болды. Деме-

уші ретінде сыйлық табыстауда 

мәрттік танытқан БАҚ жетек-

шілеріне студенттердің ерек-

ше разы болғанын айта кеткен 

дұрыс. Осылай Тәуелсіздіктің 

20 жылдығына арналған шағын 

шеңберде ұйымдастырылған 

байқау расымен де торқалы той 

деңгейіне көтерілді. 

Айбарша ЖАҚСЫЛЫҚ,

Телерадио және қоғаммен 

байланыс

 кафедрасының аға 

оқытушысы

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дүбірлі мерекеге әркім қал-қадірінше үлес қосып жатыр. 

«Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн»  атты бағдарлама аясында Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың бастамасымен талай игілікті іс-

шаралар өтті. Соның бірі - Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастырумен, 

БАҚ басшыларының қолдауымен болған студенттер арасындағы «Тәуелсіздікке тағзым» деп ата-

латын шығармашылық байқау.

Журфак  жүйріктері



Ұйымшыл ұжым



Пайымды пікір



ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

10

 

11

ЖЕЛТОҚСАН   

2011 

ЖЕЛТОҚСАН  



2011 

№3 Студенттер үйінде 

«Жұлдыздар» атты жаңа жоба 

пайда болды.  Бұл жобаның негізгі 

мақсаты студенттер үйіндегі өнерлі 

жастарды табу,   олардың өнерін 

шыңдау болатын. «Жұлдыздардың» 

жұлдызды сәті тәуелсіздігіміздің 

20 жылдығымен тұспа-тұс келді. 

Желтоқсанның 15 жұлдызында 

«Жұлдыздардың» алғашқы 

тұсаукесер кеші өтіп, бұл мерейлі 

кеш  ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына 

арналды. Кештің арнайы қонақтары 

– №2, №4, №5 Студенттер үйінің 

педагог-ұйымдастырушылары және 

Студенттер үйінің директоры – 

Игорь Несен болды. 

Жобаның жетекшісі – инженер-

құрылыс факультетінің 1 курс студенті 

Оңғаров Пернебайдың айтуынша, 

 

«Жұлдыздар» жобасы бір концертпен 



тоқтап қалмай,  алдағы уақытта да 

дарынды жастардың өнерін паш  ететін 

ғұмыры ұзақ игі іске айналатын болады. 

Мерейлі мерекелік кешіміз 

Пернебайдың орындауындағы «Қара 

бауыр қасқалдақ» әнімен ашылды, бұл 

ән  тәуелсіздік жолында құрбан болған 

«Желтоқсан қарлығаштарын» еске 

салғандай болды. Ал әуелетіп әсем ән 

салған Айдана Мүсрепова көрерменнің 

ыстық ықыласына бөленді.  Ақбөпенің 

тәуелсіздікке арнаған жыр шумақтары 

да жүректен жүректерге жетіп жатты. 

Желтоқсанның ызғарында қаймықпай 

алаңға шыққан  Қайрат Рысқұлбеков, 

Ләззат Асанова сынды өр мінезді 

өрендердің бейнесін өнерлі студенттер 

айнытпай келтіріп, осыдан ширек ғасыр 

бұрын өткен «Желтоқсан оқиғасын» 

қойылым етіп көрсетті.  Осындай 

азаттық жолында ажал құшқан 

боздақтарды еске алып,  бір минут 

үнсіздік жариялауды да ұмытпадық. 

Жастардың бойынан өр рухтың лебі 

сезіліп  тұрды.  

«Тәуелсіз елдің ұлы – намысты, 

қызы – қайратты, халқы – қаһарман», 

дейді  Ә. Нұршайықов.  Концертте өнер 

көрсеткен дарынды, талантты жастарды 

көріп, осы бір қанатты сөз  еріксіз ойға 

оралады.  «Мен жастарға сенемін!», 

- деп жырлаған Мағжан Жұмабаев та 

Алтай мен Атыраудың, Алатау мен 

Арқаның арасын алып жатқан ұшса-құс 

қанаты талатын, шапса – тұлпар тұяғы 

тозатын кең байтақ Қазақ даласын 

осындай өнерлі, жігерлі, жалынды 

жастарға аманат етіп қалдырған жоқ па? 

«Жўлдыздар» жобасыныѕ жўлдызды сəті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет