№ 109, желтоқсан 2011 жыл
Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
www.enu.kz
Жаңа жылдарыңызбен!!!
Құрметті оқытушы-профес-
сорлар, салалық құрылым
қызметкерлері мен студенттер!
Тағы бір жыл тарих қойнауына
сырғып барады. Ата-бабамыз өтіп
бара жатқан әрбір жылға салауат ай-
тып: «Өткен жылға өкпе жоқ, келер
жылдан үміт көп» дейді екен. 2011
жыл ұлттық университетіміз үшін
табысты жыл болды. Әлем көз тік-
кен үздік 500 университеттің ішінен
431-ші орынға табан тіредік. Бұл
көрсеткіш Еуразия ұлттық универси-
теті секілді жас та болса жетекші де-
ген атқа ие болған оқу орнымыз үшін
биік белес саналады. Жеткен жетістік-
те тұрақтап қалмау керек, ұлттық
университетіміздің инновациялық
зерттеу орталығына айналу үшін аян-
бай еңбек ету міндеті тұр алдымызда.
Биыл университет табалдырығын
аттаған мектеп бітірушілердің ішін-
дегі «Алтын белгі» иегерлері мен
халықаралық ғылыми жобалар мен
олимпиадалардың жеңімпаздары
біздің университетті таңдады. Ке-
шегі «Алтын белгі» иегері – бүгінгі
жастардың көшбасшылары, ертеңгі
мемлекеттің тұтқасын ұстар еңселі
тұлғалары.
Университетіміздің кез
келген студенті креативті, ізденімпаз,
жаңашыл, дүниетанымы кең, жауапкер-
шілігі мол, бәсекеге қабілетті, азаматтық
белсенділігі жоғары.
Осының өзі оқу
орнымыздың рейтингін танытады.
Еуразия ұлттық университеті
студенттерінің жатақхана және тағы
басқа мәселелерін шешу үшін заман
талабына сай 2013 жылдан бастап
студенттік кампус салынады. Онда:
оқу-зертхана ғимараттары, бірне-
ше жатақхана, спорттық кешен және
мәдениет орталықтары шоғырланатын
болады. Болашаққа құрылған «Бәрі
де студенттер үшін» жобасы аясында
«Бір терезе» - студенттерге қызмет
көрсету орталығы,
«Студентік медици-
на орталығы», «Модульді–спорттық
сауықтыру кешені» жобасы,
«Сту-
денттік кинотеатр», «Салауатты
тамақтану» жобасы, «Кадрлық резерв:
дарынды студент – ЕҰУ-дың перспек-
тивалы маманы», «Академиялық зал»
формасындағы үнемі қызмет ететін
ашық алаң құрылатын болады. Ұлттық
университеттің бас ғимаратының ал-
дына «Әлем Бағы» деп аталатын үлкен
саябақ салатын ойымыз бар. Бұл жобаны
жүзеге асыратын болсақ, Астанада ими-
дждік әлем бағын жасау Қазақстанның
бейбітшілік пен келісім идеяларын
мақсатты бағытталған түрде дамытушы
мемлекет ретінде танылуына септігін
тигізеді.
Жуырда ғана еліміз ғасырлар
бойы аңсап жеткен Тәуелсіздігіміздің
20 жылдық мерекесін тойладық.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қол
жеткізген жетістіктер сарапқа салынып,
түгенделді. Ұлттық университетіміз
Тәуелсіздіктің жемісі екендігін барша
жұрт мойындады. Елбасы Н.Назарбаев:
«Еуразия ұлттық университеті әлемнің
жетекші оқу орындарының қатарына
енуі қажет» деген тапсырма берген
Келер жыл табысты да
жемісті болсын!!!
болатын. Біз ол тапсырманы орын-
дап шықтық. Ендігі мақсат – қол жет-
кен табыстарымызға тоқмейілсімей,
білім және ғылым саласындағы жаңа
биіктерге ұмтылуымыз қажет. Осы
бағытта еңбек етіп келе жатқан біздің
оқытушы-профессорларымыз бен сала
қызметкерлері, жалынды жастарымыз
әлемдік жаһандану үрдісінің талапта-
рынан шығу үшін білімді болу қажет.
Абай атамыз «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз» дегендей
жастарымыз терең білім алғанда ғана
еліміздің болашағы жарқын, экономика-
сы биік болары сөзсіз.
Сіздерді келе жатқан 2012 Жаңа
жыл мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын. Баршаңызға зор
денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға
береке-бірлік тілеймін.
Ізгі тілекпен,
Ректор Е.СЫДЫҚОВ
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
2
3
ЖЕЛТОҚСАН
2011
ЖЕЛТОҚСАН
2011
Ақпарат айдыны
Компьютерлік тестілеу-
мен емтихан қабылдауда 3 оқу
ғимаратындағы 24 компью-
терлік сыныптағы жалпы саны
452 компьютер қолданылуда.
Компьютерлік сыныптардағы
емтихандарға кезекшілік
жұмыстарын атқару үшін
132 университет оқытушысы
тартылып, оларға нұсқаулық
жүргізілген. Бүгінгі таңда ке-
зекшілік жұмыстары ойдағыдай
өтуде.
Компьютерлік тестілеу
барысында орын алған
техникалық ақаулар мен сту-
денттерден түскен басқа да
өтініштер бойынша арнайы
комиссия жұмыс атқаруда.
Атап айтқанда, 19-желтоқсан
күні студенттерден 36 өтініш
түсті, 20 желтоқсан күні – 20;
21 желтоқсан күні – 12; 22
желтоқсан күні – 7 актілер мен
өтініштер түсті. Бұл өтініштер
қарастырылып, комиссия
шешімдері өндірістік мәжілісте
декандар талқылауына
ұсынылып, қорытынды хаттама
деканаттарға жіберілді. 23, 24
желтоқсан күндеріндегі актілер-
ді 27.12.2011ж. сағат 11.00-де
қарастыру жоспарланған.
Компьютерлік тестілеу ба-
рысында бағдарлама қалыпты
жұмыс істеп тұр, алғашқы
күндері компьютерлердің
техникалық жағдайларға және
орналасуына байланысты өшіп
қалуы, тұрып қалуы (зависа-
ние) т.б. жағдайлар орын алды.
Шпаргалкамен ұсталған екі
студенттің емтихан нәтижесін
базадан алып тастауға шешім
шығарылды.
Сонымен бірге 26 желтоқсан
күні жүйенің белгілі бір
уақыттарда істен шығуына
байланысты компьютерде-
гі бағдарламаның 5-10 ми-
нут уақыттарға тұрып қалу
жағдайлары көптеп орын
алды. Бұл мәселелер бойын-
ша Техникалық жабдықтау
орталығы мамандары хабардар
болып, себептерін іздестіруде.
Компьютерлік те-
стілеуден басқа емтихан
қабылдау түрлері бойынша
19 – 26 желтоқсан аралығында
743 емтихан қабылданды. Олар
бойынша күнделікті деканаттар
тарапынан мәліметтер жина-
лып, үлгерім көрсеткіштеріне
талдау жұмыстары жүргізіліп
отыр. Осы уақыт аралығында
«2» (қанағаттанғысыз)
бағаларын алған студенттер
саны - 89. Емтиханға түрлі се-
бептерге байланысты келмегені
– 101.
Емтихандардың белгілен-
ген нормативтік құжаттарға
сәйкес өткізілуін Бірін-
ші проректордың өкімімен
бекітілген комиссия күнделікті
тексеруде. Олардың алғашқы 4
күндегі тексеру қорытындысы
бойынша 23 желтоқсан
күні болған өндірістік
мәжілісте баяндалып, жі-
берілген кемшіліктер бойын-
ша түсініктемелер алынып,
ұсыныс беру жұмыстары фа-
культет декандары мен кафедра
меңгерушілеріне тапсырылды.
Ш. ПАЛЫМБЕТОВ,
Академиялық мәселелер
департаментінің директоры
Факультет атауы
2011 жылғы
19 – 24
желтоқсан
Олардың ішінде:
К
омпью
тер
лік
тəсілмен
Ма
трица
лық
тəсілмен
Ж
азбаша
А
уызша
Шығар
м
ашылық
Ара
лас тəсілмен
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Механика-математикалық
83 (38,6%)
40
5
-
35
-
3
2
Ақпараттық технологиялар
136 (39,7%)
71
18
-
36
3
8
3
Физика-техникалық
120 (22,0%)
53
12
-
43
-
12
4
Жаратылыстану ғылымдары 135 (41,5%)
75
1
-
40
-
19
5
Инженерлік-құрылыс
270 (45,3%)
137
43
-
58
-
32
6
Филология*
167 (33,0%)
128
-
-
2
-
37
7
Халықаралық қатынастар
147 (42,0%)
66
-
-
39
-
42
8
Заң факультеті
75 (38,2%)
69
-
-
6
-
-
9
Экономика
115 (22,3%)
87
-
-
2
-
26
Əлеуметтік ғылымдар
156 (38,4%)
72
-
2
57
8
17
Журналистика жəне
саясаттану
94 (45,6%)
23
-
6
61
-
4
Сəулет, дизайн жəне
бейнелеу өнері
89 (47,8%)
23
-
-
3
55
8
БАРЛЫҒЫ:
1 587
(36,2%)
844
79
8
382
66
208
Факультет атауы
Жалпы
Олардың ішінде:
Ко
мпью
тер
лік
тəсілмен
Ма
трица
лық
тəсілмен
Ж
азбаша
Ауызша
Шығар
машылық
Ара
лас тəсілмен
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Механика-математикалық
215
68
11
-
119
-
17
2
Ақпараттық технологиялар
342
140
44
-
121
5
32
3
Физика-техникалық
543
285
29
-
169
-
60
4
Жаратылыстану ғылымдары
325
160
12
-
123
-
30
5
Инженерлік-құрылыс
596
278
79
-
158
-
81
6
Филология*
505
344
-
2
10
-
149
7
Халықаралық қатынастар
350
139
-
-
102
-
109
8
Заң факультеті
196
131
-
-
39
-
26
9
Экономика
515
429
-
-
32
-
54
Əлеуметтік ғылымдар
406
194
-
3
144
20
45
Журналистика жəне
саясаттану
206
72
4
17
100
-
13
Сəулет, дизайн жəне
бейнелеу өнері
186
39
-
6
4
110
27
БАРЛЫҒЫ:
4385
2279
179
28
1121
135
643
Бакалавриат сатысындағы 2011-2012 оқу жылының негіз-
гі қысқы емтихан сессиясына (19 желтоқсан 2011 ж. – 06 қаңтар
2012 ж.) әзірленген кесте бойынша жалпы емтихандар саны
4 385,
оның ішінде:
- компьютерлік тестілеу бойынша
2279 емтихан;
- матрицалық тәсілмен
179 емтихан;
- жазбаша
28 емтихан;
- ауызша
1 121 емтихан;
- шығармашылық
135 емтихан;
- аралас
643 емтихан.
2011 жылғы 26 желтоқсандағы аппараттық мәжіліске
АНЫҚТАМА
Бұл аралықта емтихан қысқы емтихан сессиясын тапсырмаған
топтар саны – 8, олар: Физика-техникалық, Филология, Механика-
математика және Жаратылыстану ғылымдары факультеттерінде
екі топтан. Олар үшін қысқы емтихан сессиясы ақпан айында ба-
сталады.
2011 жылғы 19 – 24 желтоқсан аралығында
1587 емтихан
өткізілді, оның ішінде:
- компьютерлік тестілеу тәсілімен
844 емтихан;
- матрицаолық тестілеу тәсілімен
79 емтихан;
- жазбаша тәсілмен
8 емтихан;
- ауызша тәсілмен
382 емтихан;
- шығармашылық
66 емтихан;
- араласы тәсілмен
208 емтихан.
-
Құрметті Әйгерім
Сенбекқызы, соңғы жылдары
университетімізге шет
мемлекеттерден көптеп білікті
ғалымдар шақыртылып,
магистранттар мен студенттерге
дәріс оқып жатқандығынан
хабардармыз. Осы бағдарламаның
жай-жапсары, мақсаты қандай?
Еуразия ұлттық университеті
2008 жылдан бастап «Қазақстан
Республикасы жоғарғы оқу
орындарында шетелдік мамандарды
шақыру» туралы бағдарлама аясында
көптеген ғалымдар, мамандар
мен оқытушыларды шақырып,
әріптестік байланыстар орнатты.
Бұл бағдарлама білім беруді, ғылыми
зерттеу жұмыстарын жаңа сапалық
деңгейге көтеру, университеттің
профессорлық-оқытушылық құра-
мының халықаралық байланыстарын
нығайту, шетелдік ғалымдармен
бірлескен ортақ жобаларды дайындау
және дамыту, халықаралық ғылыми
журналдарда жарияланатын ғылыми
мақалалар санын арттыру, ЕҰУ-дегі
ғылыми жұмыстарды, докторлық
және магистрлік диссертациялардың
сапалық деңгейін көтеру,
шетелдердегі әріптес оқу
орындарымен бірлесе отырып,
қос дипломды магистрлік және
докторлық бағдарламаларды жүзеге
асыру, ғылыми зерттеулер және
білім беру бойынша халықаралық
ынтымақтастық аясын кеңейту
сынды нақты мақсаттарды көздейді.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін
Білім және ғылым министрлігінен
қомақты қаржы бөлініп отыр.
-
2008 жылдан бері оқу
ордамызға қанша шетелдік
профессор-оқытушылар келіп өз
тәжірибелерімен бөлісті?
- 2008 жылдан бері Еуразия
ұлттық университетіне әлемнің
45 еліндегі алдыңғы қатарлы
университет және ғылыми-зерттеу
институттарынан ұзын саны 634
шетелдік ғалым, маман келді.
Шетелден келетін ғалымдар жыл
санап сандық және сапалық жағынан
күшею үстінде. Мәселен, 2008 жылы
жалпы саны 81 шетелдік ғалым
келсе, бұл көрсеткіш 2011 жылы
305-ке жетті. Бұл былтырғы жылғы
көрсеткіштен 163 профессорға көп
деген сөз. Биыл Еуразия ұлттық
университетінде тұрақты негізде
15 шетелдік ғалым жұмыс істейді.
Шетелдік ғалымдар мен мамандарды
шақыру университетіміздің әлемдік
500 жетекші жоғарғы оқу орындары
рейтінгі тізіміне кіруіне елеулі ықпал
еткенін айрықша атап өткен жөн.
-
Шетелдік ғалымдар қай
елдерден көп келуде?
- Қазірше шетелден келген
ғалымдар саны бойынша Ресей
алдыңғы орында. Аталған төрт
жылда Ресейден 193 ғалым
келіпті. Ресейдің ізін ала АҚШ,
Ұлыбритания, Жапония, Германия,
Түркия, Украина сияқты елдерден де
көптеген ғалымдар тартылды.
-
Бұл бағдарламаны жүзеге
асыру, ұйымдастыру жұмыстары
жайында айта кетсеңіз.
- 2011 жылы наурыз айынан
бастап магистратура және
докторантура бағдарламасы
бойынша университетке келген
ғалымдардың жұмыстарын
ұйымдастыру, үйлестіру ісін жүргізу
үшін «Жоғарғы оқу орнынан
кейінгі білім беру департаменті»
құрылды. Осы уақыт аралығында
департамент аталмыш бағдарлама
жұмысының тиімділігін арттыру
үшін көптеген шаруалар атқарды.
Атап айтқанда, департамент
университеттің әріптестік байланыс
орнатқан шетелдік жоғарғы
оқу орындарымен жасайтын
келісімдеріне, меморандумдарына
сараптау жасайды. Университет
кафедраларының шетелдік
жетекші жоғары оқу орындарының
ғалымдарымен әріптестік байланыс
орнатуын қамтамасыз етіп, осыған
тиісті жағдай жасайды, шетелдік
қонақтардың университетте келісім
бойынша жұмыс істеуі үшін құжаттау
және рәсімдеу шараларын атқарады,
шетелдік ғалымдар мен университет
кафедраларының бірлескен
жұмыстарына тұрақты мониторинг
жүргізеді. Шақырылған қонақтармен
тұрақты әріптестік қатынас
орнату үшін ұзақ мерзімдік келісім
жасалады, шетелдік әріптестермен
екі жақты, көп жақты бірлескен
жобалар әзірлейді. Қорыта айтқанда,
шетелден келетін ғалымдардың
университетімізде барынша
тиімді, оңтайлы түрде қызмет
атқаруына жағдай жасаудың басты
жауапкершілігі осы департаменттің
мойнында екендігін айта аламын.
-
Осы бағдарламаның жүзеге
асырылуының құқықтық-
нормативтік негіздері қандай?
- Бағдарламаны жүзеге
асыру мақсатында Л.Н.Гумилев
атындағы ЕҰУ-нің Ғылыми кеңесі
2011 жылдың 24-ші ақпанында
«Шетелдік мамандарды тарту
және шақыру шығындарын өтеу
тәртібі туралы» №7 хаттама құжат
дайындап қабылдаған. Бұл құжат
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңына негізделе отырып
қабылданды. Сонымен қатар, аталған
жобаның бағыттарын айқындау,
шығындарды белгілеу және рәсімдеу
тәртібі «шетелдік қонақтарды
Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу
орындарына тартуға» байланысты
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің
020.111.369. бағдарламасы бойынша
жүзеге асырылады. Аталмыш құжатта
шетелдік мамандарды шақыру тәртібі
Єылымєа кґѕіл бґлу – болашаќќа жасалєан инвестиция
Университетіміздің Жоға-
ры оқу орнынан кейінгі білім
беру департаменті дирек-
торы, PhD, Ә.Шилібекованы
жаңа жыл қарсаңында
әңгімеге тартқан едік.
Университетімізде «Тәуелсіз
Қазақстан және Әлімхан Ермеков
мұрасы» атты Республикалық
ғылыми–практикалық кон-
ференция ұйымдастырылды.
Конференцияның басты
мақсаты – Қазақстан Республи-
касы Тәуелсіздігінің 20 жылдық
мерейтойы аясында азаматтық
тарихымыздың айрықша
тұлғасы Әлімхан Ермековтің
тарихи орнын және оның ел да-
муына қосқан үлесін байыптау
болды.
Оқу орнымыздың білікті ала-
штанушылармен және математик-
термен бірігіп аталған конферен-
цияны жастардың отаншылдық
сенімі мен сезімін арттыру үшін
және тарихтан сабақ, тағылым алу
үшін өткізіп отыр. Конференцияға
ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мем-
лекеттік сыйлығының иегері
М.Өтелбаев, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының иегері А.Смайыл,
Мемлекет тарихы институтының
директоры, профессор Б.Аяған,
Ұлттық мұрағаттың бас дирек-
торы М.Әбсеметов, профессор-
лар Н.Темірғалиев, А.Шәріп,
Д.Қамзабекұлы, З.Қабылдинов,
Н.Боқаев, Қ.Оспанов,
Ж.Артықбаев, С.Ковальская,
Г.Мұсабалина, ақын–зерттеуші
Б.Тобаяқов, мәдениеттанушы –
ғалым О.Темірбеков секілді маман-
дар қатысып, баяндамалар жасады.
Сонымен қатар, Алаш ардақтысына
Алаш азаматы ардаќталды
арналған жиынға ҚР Парламент
депутаттары, мемлекеттік ұйымдар
өкілдері, ғалымдар мен сарапшы-
лар, оқытушылар мен мәдениет
қызметкерлері, азаматтық қоғам
институты өкілдері, студент-
тер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияға қатысушыларға
сөз арнаған Л.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің
ректоры, тарих ғылымдарының
докторы Ерлан Бәтташұлы
Сыдықов өз сөзінде Алаш Орданың
және қазақ зиялыларының ұлт
тарихындағы, тәуелсіздік пен
білім–ғылым бастауындағы
миссиясын қайраткер, ғалым
Әлімхан Ермековтің мұрасы
арқылы зерделеудің бүгінгі қоғам
үшін маңызы айрықша екендігі-
не тоқталды. ҚР Парламенті
Сенатының депутаты Ғарифолла
Есім тарихи ел бірлігі мен бүгінгі
ел бірлігі тұжырымдамаларын
сабақтастырып, аталған тұлғаның
адамзат өркениетіне сіңірген
еңбегін атап өтті.
Ғылыми жиын қорытындысында
Алаш қайраткері, қазақ арасынан
шыққан алғашқы математиктердің
бірегейі Әлімхан Ермековтің аты
мен еңбегін республика көлемінде
ұлықтау, еске алу туралы қарар
қабылданды.
белгіленген. Шетелден келген
профессорлардың сапарларын
құжаттау, рәсімдеу жұмыстарын
сауатты әрі толыққанды жүргізу
аса маңызды. Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру департаменті
шетелдік әрбір профессорға арнай
бөлек құжаттама жүргізіп отырады.
-
Шетелден ғалымдар шақыру
қалай жүзеге асады?
- Шетелден келетін ғалымдар
қысқа мерзімге (2 апталық мерзім)
немесе ұзақ мерзімге (екі аптадан бір
жылға дейінгі мерзім) магистранттар
мен докторанттарға лекция,
семинар, тренинг, мастер-класс,
курс және кеңестер беру үшін келеді.
Осымен қатар, шетелдік мамандар
қысқы және жазғы оқу жұмыстары
үшін де шақырылып отырады.
Осындай іс-шаралар барысында
магистранттар, докторанттар
және профессорлық оқытушылық
құрам бірлескен жобалар дайындау,
оқулықтар мен ғылыми жинақтар
шығару, диссертациялар бойынша
арнайы кеңестер алуда көптеген
пайдалы, тиімді нәтижелерге қол
жеткізуде. Әсіресе, жаз оқулары
көбіне ғалымдар мен болашақ
ғалымдардың бейресми басқосуы,
екіжақты әріптестік байланыстарын
нығайтуы тұрғысынан маңызды
рөл атқарып отыр. Мұндай шаралар
ғылыми байланыстарды тереңдете
түсу, диалог жағдайын қалыптастыру
мақсатында әлемнің көптеген елінде
белсенді түрде жүзеге асырылып
отыр. Мәселен, 2011 жылы жаз
оқуларына жалпы саны 194 студент,
146 магистрант, 93 докторант, 322
профессорлық-оқытушы құрам
қатысып, шетелдік әріптестерімен
ғылыми-шығармашылық бай-
ланыстарын нығайтып, жазғы
уақыттарын тиімді өткізді.
-