Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Қымбатты қазақстандықтар!



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

Қымбатты қазақстандықтар!

Өз валютамызды енгізу ТМД елдерінің арасына біздің 

халықтарымызды ажырататын жасанды тосқауылдар 

қою дегенді тіпті де білдірмейді. Адамдардың, тауарлар 

мен капиталдың емін-еркін жүріп-тұруына да ешқан-

дай бөгесіндер қойылмайды.

Ол былай тұрсын, Қазақстан-Ресей келіссөздерінің 

барысында Ресей үкіметі мен Орталық банкі біздің ақша 



407

реформамызға  байланысты  Қазақстанға  техникалық 

және басқа да көмек көрсетуге міндеттенді.

Халықаралық валюта қорымен, Халықаралық және 

Еуропа қайта құру және даму банктерімен, Азия даму 

банкімен,  сондай-ақ  дүние  жүзінің  бірқатар  үкімет-

терімен  қазақстандық  валютаны  қолдау  жөніндегі 

уағдаластыққа қол жетті.

Бүгінде теңге соңғы екі жылда қалыптасқан 700 млн 

доллардан аса сомаға тең өзінің алтын-валюта резерв-

терімен қамтамасыз етілген. Бұл мөлшер, әлбетте, қатаң 

ақша-несие  және  бюджет-салық  саясатын  жүргізген 

жағдайда өзге валюталарға қатысты тұрақты бағамды 

ұстап тұруға алғышарт жасайды.

Қазақстанның  бірталай  жағдайларға  байланыс- 

ты  ұлттық  валютаға  көшуі,  ендігі  жерде  неғұрлым 

пысықталған әрі тәуелсіз жоспар бойынша, әлеумет-

тік-экономикалық  бағытымызды  одан  әрі  жалғасты-

руымызға мүмкіндік береді. Ақша реформасын нақпа-

нақ  ұйымдастырып  өткізуіміз  көпұлтты  Қазақстан 

халқының  әл-ауқатын  біртіндеп  көтере  беруімізге  

көмектеседі.

Мен  республиканың  барлық  азаматтарын  сабыр-

лылық пен ұстамдылық сақтап, ертеңгі күнімізге деген 

сенімділік танытуға шақырамын. Бүгін пайда болып 

жақтан  әртүрлі  қауесеттер  мен  жорамалдарға  мән 

берудің қажеті жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарына 

айрықша жауапкершілік жүктеледі. Базбір газеттер мен 

тәуелсіз делінетін телерадиобағдарламалары көпіртіп 

әкетіп жатқан «дейді» сөздер кесірлі салдардан басқа 

ештеңе де бермейді. Ол тек өз пайдасын немесе менмен-

дік мақсаттарын ғана көздеген арам ниетті пысықайлар 

мен саяси пәлеқорлардың пайдасына шығады.


408

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Олар  баршаға  қиын-қыстау  осындай  кезде  өзіміз 

таңдаған  саяси  және  экономикалық  бағытқа  деген 

сенімімізге  селкеу  түсіріп  қана  қоймай,  Қазақстан 

Республикасы мен Ресей Федерациясының тату көр-

шілік қатынасына қара күйе жаққысы келеді. Біз оған 

жол бермеуіміз керек. Қазақстан ТМД мемлекеттері 

экономикалық одағының нығаюы мен халықтарының 

жақындаса түсуі үшін өзінің күш-жігерін дәйектілікпен 

жұмсай беретін болады.

Жағдайды тұрақсыздандыруы, қоғамға және әрбір 

адамға зиянын тигізуі ықтимал кез келген әрекет мем-

лекетке қарсы бағытталған әрекет ретінде аяусыз жолы 

кесіліп, оған себепші болғандар заңның барынша қатаң-

дығымен қудаланатын болады.

Ұлттық валютаны енгізуді нақпа-нақ ұйымдастыру 

мен соған байланысты шаралар кешенін қамтамасыз 

етудің жеке жауапкершілігін облыс, қала және аудан 

әкімдіктерінің, министрліктер мен ведомстволардың, 

кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  басшыларына  жүк-

теймін.


Ешкім де өзінің азаматтық құқықтарынан шектел-

меуі, адал еңбекпен тапқан қаржысынан айрылмауы 

және болашақта өз еңбегімен өзінің игілігін жасаудың 

барлық  мүмкіндіктеріне  ие  болуы  үшін  Президент, 

Үкімет, Жоғарғы Кеңес бар күш-жігерлерін жұмсайтын 

болады деп Қазақстан халқына тағы да айтқым келеді.



409

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне 

арналған салтанатты жиналыста 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1993 жылғы 15 желтоқсан

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

Құрметті қазақстандықтар! 

Бірнеше жыл бұрын Қазақстан халқы саналы түрде  

тәуелсіздік жолын таңдап, сол арқылы келер ұрпақтар 

алдында өзіне аса зор жауапкершілік алды. Өркени-

етті әлемдік қоғамдастыққа кіре отырып, біз өзіміздің 

Мемлекеттік  егемендік  туралы  декларациямыз  бен 

республиканың жаңа Конституциясында басым орын 

алатын жалпыадамзаттық құндылықтарды жарияла-

дық. Әлеуметтік нарықтық экономикасы бар құқықтық 

мемлекет құру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 



410

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


сыртқы саладағы ашықтық, қоғамды топтастыру, ұлт- 

аралық және азаматтық келісім жалпы халық таныған 

басымдықтарға айналды.

Өткен  уақыттағы  біздің  күш-жігеріміз,  бұрынғы-

сынша, экономикалық проблемаларды шешуге жұмыл-

дырылды, ал өзіміздің ұлттық валютамызды енгізгеннен 

кейін олар мүлдем жаңа мәнге ие болды. Экономикалық 

қана емес, саяси жағынан да ірі осынау әрекет Қазақстан 

қоғамының өміріндегі көптеген құбылыстарға жаңаша 

қарауды,  мемлекеттік  әрі  таза  адами  мүдделерді  де 

ескере отырып, басталған реформаларды сапалық жаңа 

ұстанымдар тұрғысынан тереңдетуді қамтамасыз ету 

үшін бағытымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, белгілі 

бір түзетулер енгізуді талап етті.

Өз  валютамызды  енгізу  жағдайындағы  халықтың 

күрделі экономикалық ахуалға біртіндеп бой үйретуі 

мақсатында біз ақша құнсыздануының жаңадан шиыр-

шық атуын болдырмау үшін аса маңызды тауарлар мен 

қызметтердің бағасын уақытша реттеуге шешім алдық. 

Және,  әлбетте,  бұл  кезеңде  біз  қоғамдық-саяси 

тұрақтылықты,  азаматтарымыздың  тыныштығы  мен 

ертеңгі күнге деген сенімін қамтамасыз етуге, халықтың 

әлеуметтік әлсіз жіктеріне қолдау көрсетуге, қылмысқа 

қарсы  ымырасыз  күрес  жүргізуге  барлық  күш-жі-

герімізді жұмсайтын боламыз.

Теңге енгізілгеннен кейін біздің шын мәніндегі жаңа 

экономикалық саясатымызды қалыптастыру басталды. 

Бұл  үдеріс  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерді 

жүзеге асыру қағидаттарын түбірінен қайта қарау, ең 

алдымен, республиканың ішкі мүмкіндіктері мен әле-

уетін пайдалануға бет бұру арқылы жүргізілуде. 


411

Көптеген ағаттықтар мен кемшіліктерге қарамастан, 

әсіресе, осы жылы біз әйтеуір бұл саладағы тұралап 

қалған  орнымыздан  алға  жылжыдық.  Республикада 

реформалау  ісі  едәуір  көзге  көрінерлік  пішінге  ие 

болды.  Мәселен,  экономиканың  мемлекеттік  емес 

секторында бүгінде 40 мыңнан астам, соның ішінде 13 

мың жекеменшік кәсіпорын жұмыс істейді. Онда 400 

мыңға жуық адам еңбек етеді. Жекелеген өңірлер мен 

салаларда жеке меншік қазірдің өзінде басым жағдайға 

ие болып келеді.

Экономиканы басқару жүйесін жетілдіру жекеше-

лендіруді  өткізумен  үзілмес  байланыста  жүргізілуге 

тиіс. Жаңа шаруашылық құрылымдары – холдингтік 

және  акционерлік  компаниялар  –  басқару  құрылы-

мында  өз  орындарын  алады  деген  пайыммен  біз 

мемлекеттің бұл саладағы шығындарын елеулі түрде 

қысқартпақпыз.

Қазақстанның  басқа  елдермен  сыртқы  экономи-

калық байланыстары да айтарлықтай кеңейді. Қазір 

бізге  бірнеше  несие  желісі  ашылып  отыр,  ал  инве-

стициялық  жобаларды  жүзеге  асыру  үшін  барлығы 

1,7 млрд доллардың несиелік келісімдеріне қол қой-

ылды.  Біздің  республикамызда  160-тан  аса  шетел-

дік  фирмалар  мен  банктердің  өкілдіктері  орналас- 

ты, 1100-ден астам бірлескен кәсіпорындар тіркелді.

Қазақстанның  қалыптасуындағы  қазіргі  кезеңнің 

аса маңызды ерекшелігі біздің бүгінгі және келешек 

ұрпақтар үшін қазірдің өзінде мемлекет қауіпсіздігінің 

берік іргетасын қалап, қолайлы сыртқы жағдайларды 

қамтамасыз етуге міндетті екендігімізде болып отыр. 

Қазақстан  Республикасы  әлемдік  қоғамдастықтың 

ажырағысыз,  етене  бөлігіне  айналып,  өзінің  ішкі 


412

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тұрақтылығы арқылы жаһандық қауіпсіздікке елеулі 

үлес қосып отыр. Еуразиялық мемлекет бола отырып, біз 

республиканың геосаяси жағдайына сәйкесетін сыртқы 

саясат жүргізуге тиіспіз. Сондықтан осы жыл мемле-

кетіміздің халықаралық беделін нығайтқан аса маңыз- 

ды  оқиғалармен  айшықтанғанын  сеніммен  айтуға 

болады.

Қазақстанның  Ядролық  қаруды  таратпау  туралы 



шартқа қосылуы оның халықаралық ұстанымдарының 

нығаюына септескені сөзсіз. Шетелдерден түсіп жатқан 

пікірлер бұл шешімді дүние жүзінің құптап отырғанын 

көрсетеді.

Сондай-ақ өтіп бара жатқан жыл Франциямен, Иран-

мен, Түркиямен, Монғолиямен ірі уағдаластықтарға қол 

жеткізілгендігімен айшықты. Қазақстан Каспий өңірі 

мемлекеттерімен ынтымақтастық ұйымын құруға бел-

сенді түрде қатысуда.

Биыл сыртқы саясат бойынша қол қойылған барлық 

құжаттарда  еліміздің  қауіпсіздігі  мен  тұтастығының 

басты  құрамдастары:  егемендікті  құрметтеу,  қазіргі 

шекаралардың бұзылмайтындығы мен аумақтық тұтас- 

тығы бейнеленіп, баянды етілді.

Қазақстанның бейбітшіл мемлекет болуға құлшы-

нысында  өзімнің  миллиондаған  отандастарым  мені 

қолдайтынына сенімдімін. Ең әуелі сіздердің қолдаула-

рыңызға сүйеніп, мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші 

сессиясында сөз сөйлеп, Азиядағы сенім шаралары мен 

өзара қауіпсіздік жүйесін құру туралы ұсыныс жаса-

дым. Өзінің аса маңызды мәнділігінің арқасында бұл 

бастама әлемнің көптеген елдерінде түсіністік тапты.

Экономикалық одақ туралы шарт республиканың 

ТМД елдерімен өзара қарым-қатынасында үлкен мүм-



413

кіндіктер ашады, ал оны іске асыру біздің елдеріміздің 

арасындағы шаруашылық байланыстарын жолға қоюға, 

олардың  әрқайсының  экономикалық  дағдарысты 

тезірек еңсеруіне көмектескен болар еді.

Біздің  Ресей  Федерациясымен  достық,  тату  көр-

шілік,  ынтымақтастық  бағытымыз  бекем  әрі  дәйекті 

болып қала береді. Ол біздің елдеріміз халықтарының 

арман-мүддесіне  толық  сай  келеді  және  кімнің  де 

болсын саяси аужайына, көрсоқырлығы мен кеудем-

соқтығына қарай өзгере алмайды.

Біз  терезесі  тең  әріптестікті  одан  әрі  дамытуды 

жақтаймыз.  Бұл  ретте  қазір  Ресейде  жүріп  жатқан 

саяси үдерістердің бірмәнді еместігін және көбіне-көп 

байсалды бағалауды қажет ететіндігін парықтаймыз. Бір 

нәрсе анық: қазір онда өте күрделі жағдай қалыптасып 

отыр. Әрине, Ресейде өткізілген сайлаудың түпкілікті 

қорытындысы  туралы  айтуға  әлі  ерте.  Бірақ  кейбір 

үрдістер әжептәуір айқын байқалып отыр. Тегінде, осы 

сайлау Ресей қоғамының алдында тұрған өте маңызды 

саяси проблемаларды айқындаған ауқымды әлеумет-

тік зерттеу болды. Мен батыстағы кейбір сарапшылар 

тәрізді тым тереңге барып, Ресейде реакциялық күштер 

жеңіске жетті деп айтпас едім. Мұның қарапайым ғана 

бір себебі: фашизмнің хайуандық бейнесін танып-біл-

ген,  қоңыр  обаға  қарсы  қанды  шайқасқа  түсіп,  оны 

жеңіп  шыққан  бұрынғы  Одақ  халықтары  және  ең 

алдымен орыс халқы тарапынан реакциялық идеялар 

ешқашан қолдау табуы мүмкін емес.

Саясаткерлер, өңірлердің басшылары, шаруашылық 

жүргізушілер әлдеқашан-ақ бейбітшілік тілімен – эко-

номикалық ынтымақтастық, мәдени өзара байланыс- 

тарды дамыту, еркін саудадағы тосқауылдарды алып 


414

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тастау тілімен қаруланулары қажет еді. Бүгінде бүкіл 

әлемдік  қоғамдастық  жаңа  мыңжылдық  қарсаңында 

айқын  бедерленген  осынау  ғаламдық  проблемамен 

бетпе-бет келіп отыр. Сірә, адамзат өзара қырқысқан 

соғыс  өрті  әбден  өршігенде  ғана  ғасырлар  бойғы 

дұшпандықтың, таптық, ұлттық және діни төзімсіздік-

тің құрдымға кетіретінін сезіне бастаған сияқты. Қазақ 

ұлтына, Қазақстанның барлық халқына, біздің жас мем-

лекетімізге нақ қазір өзінің ізгілікке деген ұмтылысын, 

ұлтаралық татулықта тұра алатынын және оған әзір 

екенін бүкіл әлемге паш ету мүмкіндігі көктен түсе қой-

ған жоқ, ғасырлар бойғы достықтың арқасында келді.

Қазақстанның  ішкі  істеріне  қайта оралсақ,  респу-

бликада билік орындарының дәйекті және мақсатты 

іс-әрекеттерін қажет ететін жағдайдың қалыптасқанын 

айту керек. Соңғы күндері біз әдеттен тыс оқиғалардың 

куәгері болдық: Кеңестер түріндегі өкілетті органдар 

жүйесі тарады. Олардың өзін-өзі таратуының жаппай 

үдерісі парламенттің өзінің де Жоғарғы Кеңес өкілет-

тігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заңды қабылда-

уымен аяқталды. Өзінің шын мәніндегі тарихи қызметін 

аяқтай келіп, Жоғарғы Кеңес мемлекеттік билікті құру 

мен жетілдіру үшін зор маңызы бар бірқатар заңдарды 

– Сайлау туралы кодексті, жергілікті өкілетті және атқа-

рушы органдар туралы, республикамыздың аумақтық 

құрылысы туралы заңдарды қабылдады.

Байсалды саяси шешімнің нәтижесінде бізде билік 

құрылымдарының ауысуы қауіптілігіне Ресейдегі қазан 

оқиғалары кезеңінде көзіміз жеткен әлеуметтік тайта-

лассыз өтуде.

Қазір республикаға тұрақты жұмыс істеп, жоғары 

сапалы заң қабылдай алатын және сол арқылы жүр-



415

гізіліп жатқан реформаның заңдылық базасын құра-

тын кәсіби парламент қай кездегіден де қажет. Жаңа 

парламентке оның жұмысындағы сабақтастықты, заң 

шығарушы  және  атқарушы  биліктердің  сындарлы 

ынтымақтастығын қамтамасыз ете алатын құзыретті, 

қазіргіше ойлай білетін мамандар келер деп үмітте-

немін.


Біздің қоғамымызда шапшаң өтіп жатқан саяси, эко-

номикалық және әлеуметтік үдерістер Конституцияда 

барабар бейнеленуін талап етеді. Атап айтқанда, заң 

шығарушы, атқарушы және сот биліктерін ұйымдасты-

руға, олардың құзыреттілігіне және өзара қарым-қаты-

насына, жекешелендіру үдерісіне, әсіресе, меншік пен 

кәсіпкерлік мәселелерімен байланыстыларына қатысты 

қағидаларды қайта қарау қажет.

Тұтастай алғанда, биліктің өкілетті органдарының 

күллі жүйесі терең реформалануы тиіс. Тегінде, кеңес- 

тер бұрын болып көрмеген нағыз жергілікті өзін-өзі 

басқару органдары болуы тиіс.

Кеңестерде өз ісіне берілген көптеген адамдардың, 

тамаша ұйымдастырушылардың, мамандардың жұмыс 

істегені  сөзсіз.  Олар  жаңалық  атаулыны  орнықтыру 

үшін  аз  жұмыс  атқарған  жоқ,  бірақ  Кеңестердің 

бұрынғы шеңбері оларға тым тарлық етті. Бұл адамдар 

өздерінің  күш-жігерін  жұмсайтын  өрісті  сөзсіз  таба 

алары анық. Шын мәнінде ол қазірден-ақ айқын болып 

отыр,  яғни  ол  –  экономикамызды,  саяси  жүйемізді, 

мәдениетімізді,  білім  беруді,  денсаулық  сақтауды, 

өмірдің барлық саласын реформалаудың орасан зор 

өрісі. Сондықтан жұмыс жетіп артылады.

Жақында республикада сайлау қарсаңындағы күрес 

қанат жаяды. Ол қоғамның әртүрлі жіктерінің мүдде-


416

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


лерін бейнелейтін болады. Сондықтан де сайлау қар-

саңындағы  пікірсайыстардың  құқықтық,  өркениетті 

шеңберде, демократиялық ахуалда өткені аса маңызды. 

Саяси күрестің қоғамды шайқалтуына жол беруге бол-

майды. Керісінше, біз нақ осы кезеңде оны бұрынғыдан 

да тұрақтандыра түсіп, қазақстандықтарды белгіленген 

жоспарларды  ойдағыдай  жүзеге  асыруға  жұмылды-

руымыз керек.

Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құт-

тықтаймын, Отанымыздың өркендей беруі үшін жаңа 

табыстарға  жете  берулеріңізге  шынайы  тілектесті-

гімді білдіремін. Сіздер мен біздер, сөз жоқ, тарихтың 

айрықша беті болатын кезеңде өмір сүріп отырмыз. 

Қазір  қолға  алынған  жаңғыртулардың  ауқымын  тек 

болашақ қана таразылай алады. Сондықтан осынау жа- 

уапты істе қажырлы, табанды және ұйымшыл болайық! 



417

Колумбия университетінде  

«Бейбітшілік, даму, демократия»  

тақырыбында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

АҚШ, Нью-Йорк қаласы

1994 жылғы 16 ақпан

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Саяси сөз қорында әрбір тарихи кезеңнің өзіне сай 

ақиқаты  болған,  тым  жиі  қолданылғандықтан,  қазір 

олар қарабайыр жаттанды сөздердей естіледі. Екіұдай 

дүниенің ыдырауы, қырғи қабақ соғыс дәуірінің аяқта-

луы мен адамзаттың идеологиялық текетірестен арылуы 

баршаның көкейіне қонымды дүние тәртібін орнатуға 

жеткізе қойған жоқ дейтін тұжырымды да мен осылар-

дың қатарына жатқызамын. Белгілі бір дәрежеде шын-

дығы да солай болып тұр – бүгінде адамзат баласының 

алдында тұрған саяси, экономикалық, әлеуметтік, гума-


418

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


нитарлық және экологиялық проблемалардың тізімі 

тым үлкен. Алайда, менің кәміл сенімім бойынша, осы 

жолдан ауытқығанымыз орасан үлкен қателік болар еді. 

Өйткен күнде біз тоталитаризмге қайтып оралар едік. 

Өткенге бұлай кері шегіну біздің неғұрлым тұрлаулы әрі 

болжамды дүние тәртібін орнату жолындағы бірлескен 

күш-жігеріміз арқылы жеткен ілгерілеуімізді түпкілікті 

жоққа шығарар еді. Жаһандық тайталастан кейін қолы-

мыз жеткен мүмкіндігіміздің теңдесі жоқ, сондықтан 

оны  пайдаланып  қалмау  дүниені  зорлық-зомбылық 

түнегіне қайта киліктірумен бірдей.

Қазақтар өзінің табиғаты, өмірлік пайымы жағынан 

үмітшіл, тәубешіл прагматиктер, сондықтан да олар 

әлемде парасаттың, адам баласына тән өзін өзі сақтауға 

деген құштарлықтың үстем түсетініне сенуге бейіл.

Мәселе  қазіргі  үдерістің  қайтымсыздығын  қалай 

қамтамасыз  етіп,  бұрынғы  коммунистік  елдердің 

демократиялық  мемлекеттер  қауымдастығына  кірі-

гуіне қалай септесуге болады дегенге саяды. Бұл мін-

деттің  күрделілігі,  сонымен  қатар,  бұрынғы  КСРО 

кеңістігінде  пайда  болған  республикалардың  басым 

көпшілігі кеңестен кейінгі кезеңде елеулі экономика-

лық  қиыншылықтарды,  этносаралық  шиеленістерді 

бастан  кешіріп  отырғанына,  олардың  демократия- 

лық институттар тәжірибесіне қанық еместігіне бай-

ланысты.


Осы заманғы дүние тәртібін саралай келгенде, қоғам-

ның үш деңгейі: жеке адам, мемлекет және ғаламдық 

қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың сатылық 

сипатынан бас тарту мүмкін емес. Осы деңгейлердің кез 

келгенінің біріндегі тұралаудың, олардың өзара бай-


419

ланысындағы үйлесімсіздіктің астарында қақтығысқа 

ұрындыратын қопарғыш күш жатыр.

Айталық, адамның өзін өзі көрсету, өзінің шығар-

машылық қуатын жүзеге асыру мүмкіндігінің жоқтығы 

нені білдіреді? Егер азаматтардың саяси, әлеуметтік, 

мәдени  және  басқа  да  мұқтаж-мүддесі  мемлекеттік 

институттардың,  тұтастай  алғанда,  қоғамның  тара-

пынан тиісті қолдау таппайтын болса, оның салдары тек 

наразылықтың өсуіне, экстремизмге, тұйыққа тірейтін 

жалған идеялармен әуестенушілікке соқтыруы мүмкін. 

Мемлекеттік мүддені абсолютті құндылық дәрежесіне 

көтеру, бұрынғы Кеңес Одағының келеңсіз тәжірибесі 

көрсеткендей, тек қоғамдық және экономикалық даму-

дың тоқырауына апарып соқтырады.

Осы  сатылыққа  мемлекетаралық  қатынастар  да 

кіреді. Бәлкім, мен баршаларыңызға мәлім ақиқатты 

айтып  кеткен  шығармын,  дегенмен  заманымыздың 

қарама-қайшылығының өзі де, сайып келгенде, өткеннің 

қателіктерінің ауық-ауық қайталануында, халықаралық 

өмірдің даусыз әрі жалпы жұрт таныған дерлік норма-

ларының сақталмауында болып отыр ғой. БҰҰ Жарғы-

сына көз салсақ, оның бірінші тарауынан ұлттардың ара-

сындағы достық қатынастар халықтардың тең құқығы 

қағидаттарын  құрметтеу  негізінде  дамуға  тиіс  деген 

пікір түйеміз, ал онсыз экономикалық, демографиялық, 

аумақтық немесе әскери әлуеттері жағынан объективті 

түрде тең емес мемлекеттердің өзара қарым-қатынас- 

тары  деңгейінде  ұлттық  егемендікті  қамтамасыз  ету 

мүмкін емес. Аумағының үлкен-кішілігіне, халқының 

санына немесе табиғат байлығына қарамастан, мемле-

кеттерді терезесі тең әріптестерге айналдырудың кез 

келген  елдің  егемендігін  құрметтеуден  басқа  амалы 


420

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жоқ.  Ал  іс  жүзінде  осы  қағидатты  нақ  сол  әлемдік 

қоғамдастыққа енді-енді кіре бастаған мемлекеттердің 

қорғауына тура келетін кездері сирек емес.

Бұл Қазақстанға да қатысты. Өзінің сыртқы саяси 

қызметінде кез келген басқа жас мемлекет сияқты ол 

да егемендігінің, тәуелсіздігінің және аумақтық тұтас- 

тығының қорғалуын қамтамасыз етуге, нарықтық эко-

номиканы  қалыптастыру,  демократиялық  институт-

тарды  нығайту,  үйлесімді  ұлтаралық  қатынастарды 

орнықтыру, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 

қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтылып отыр. Осы мақ-

сатта біз Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалып-

тасуы мен дамуының тұжырымдамасын әзірледік. Сол 

тұжырымдамада бейнеленген және, бәлкім, сіздер үшін 

қызықты көрінуі мүмкін кейбір өзекті тақырыптарға 

тоқталып өтейін.

Кеңес Одағы ыдырап, 15 егемен мемлекет құрылған-

нан бері де екі жылдан аса уақыт өтті. Күллі әлемнің 

назары  бұрын-соңды  болып  көрмеген  жағдайда:  бір 

кездегі астам державадан мұра болып қалған бірсы-

пыра аса күрделі проблемаларды, сайып келгенде, әлі 

аяғынан  тік  басып  кете  қоймаған  елдердің  шешуіне 

тура келгеніне әрі халықаралық тұрақтылыққа залал 

келтірместей етіп шешуге тиіс болғанына ауды. Бұл 

проблемалардың  ең  түйіндісі  осы  елдердің  бірне-

шеуінде  орналастырылған  шамамен  30  мың  дана 

ядролық қарудың тағдыры болғаны күмәнсіз. Әлгінде 

айтқанымдай,  бұл  алабөтен  жағдай  болды  және 

оның  даму  бағытын  Батыстың  бірде-бір  мемлекет-

тік  ведомствосында  немесе  саясаттану  орталығында 

алдын  ала  болжап  білу  мүмкін  емес  еді.  Сан  алуан 

күрделі  сауалдар  бірінен  кейін  бірі  туындап  жатты: 



421

ядролық  қаруға  орталықтандырылған  бақылау  жо- 

йылса немесе жауапсыз әскерилер әлде принципсіз сая-

саткерлер ядролық бопсалау құралын қолына түсіруді 

іштей көксеп жүрген мемлекеттердің біріне ядролық 

зарядтардың  бірнешеуін  сатып  жіберсе  не  болмақ? 

«Жағымсыз елдерге» технологиялар ауысса немесе өз 

отанында  керексіз  болып  қалған  атомшы  мамандар 

көшіп  барса  не  болмақ?  Мемлекеттік  және  әскери 

органдардың атом объектілерін күзетуге салақсуының 

салдарынан ядролық қару лаңкестердің қолына түссе 

не болмақ? Және тағысын тағылар.

Мұндай қауіпсінулердің бәрі де негізсіз емес бола-

тын.  Осы  аталған  сценарийлердің  қай-қайсының  да 

орын алуы күллі халықаралық қоғамдастықтың мүд-

десін қозғайтыны анық еді. Оған қоса, 1990-шы жылдар-

дың бедерінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз 

ету  ісіндегі  басым  міндет  ретінде  ядролық  қарудың 

таралуына жол бермеу проблемасын тану төңірегінде 

пәтуа нышаны біліне бастаған-тын.

Шынын айтсақ, бұрынғы КСРО-ның бірқатар респу-

бликаларының  аумағында  ядролық  қару  болуының 

өзі  Құрама  Штаттар  мен  басқа  да  Батыс  мемлекет-

терінің жаңа мемлекеттердегі қарусыздану, демокра-

тиялану және экономикалық тұрғыдан өзгеру үдері-

стерін белсенді қолдау бағытын таңдап алуына басты 

себепші болғанын мойындауымыз керек. Беларусьтегі, 

Қазақстандағы, Ресей мен Украинадағы ядролық қаруды 

қауіпсіз  бөлшектеуге  жәрдемдесуге  және  жаппай 

қырып-жоятын қаруды таратуға жол бермеу жүйесін 

құруға АҚШ-тың 1 млрд доллардан астам қаржы бөлу 

жөніндегі  шешімінен  кейін  ахуалдың  өзгеруі  жағда- 

йында  Стратегиялық  шабуылдаушы  қару-жарақты 


422

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қысқарту және шектеу туралы шартты іске асыру тәртібі 

жайында екіжақты да, көпжақты да қызу келіссөздердің 

тұтас бір сериясы өткізілді.

1991  жылғы  желтоқсанда  қабылданған  Алматы 

декларациясында Беларусьтің, Қазақстанның, Ресейдің 

және  Украинаның  басшылары  ядролық  арсеналдың 

қызметіне бірлесіп бақылау жасау, стратегиялық ядро-

лық күштердің құрамаларындағы ядролық қауіпсіздік-

тің қажетті деңгейін ұстауда қандай да болсын ақауға 

жол бермеу тетігін белгіледі, сондай-ақ КСРО-ның стра-

тегиялық шабуылдаушы қаруды қысқарту саласындағы 

халықаралық  міндеттемелеріне  өздерінің  ықыласты 

екенін қуаттады.

СШҚ-1, немесе осында аталып жүргеніндей, СТАРТ-1 

шартын және Лиссабон хаттамасын Қазақстан парла-

менті 1992 жылғы шілдеде, ал Ядролық қаруды тарат-

пау туралы шартты 1993 жылғы желтоқсанда бекіткен 

болатын.  Сөйтіп,  Қазақстан  өзінің  маңызы  жағынан 

тарихи қадам жасап, өз ықтиярымен өзінің аумағында 

орналасқан барлық ядролық қаруларды, яғни тұп-тура 

мыңнан аса ядролық оқтұмсығы бар 104 құрлықаралық 

баллистикалық  зымыранды  жоюды  қамтамасыз  ету 

жөніндегі міндеттемені мойнына алды.

Америкалық әріптестерімізбен мейлінше серпінді 

жүргізілген бірлескен келіссөздер әріптестік қатынастар 

орнату үшін негіз болғанын атап айтуым керек. Өйт-

кені ядролық қару проблемалары, өз еркімен ядролық 

жарақтан бас тартып отырған мемлекеттің қорғанысы 

мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды. 

Бұл проблемалардың ерекшелігінің өзі әр тарап уәж-

дерінің тазалығына деген сенім мен иланым деңгейінің 

барынша биік болуын көздейтін еді. Біз Қазақстан мен 



423

АҚШ арасындағы өзара түсіністіктің осындай деңгейіне 

көтеріле алдық деп ойлаймын. Оның мәні алдыңғы күні 

Вашингтонда Президент Билл Клинтон екеуіміз қол 

қойған «Демократиялық әріптестік туралы хартияда» 

бейнеленген.

Егер Қазақстан-Америка қатынастары жайында тұ- 

тастай сөз қозғайтын болсақ, онда Қазақстан аумағын-

дағы ядролық арсеналдың тағдыры туралы мәселені 

талқылаудан бастап біз әр қадам сайын ұзақ мерзімді 

достық, өзара сенім және құрмет қатынастарына негіз-

делген кең ауқымды, өзара тиімді әрі жемісті ынты-

мақтастыққа  қарай  ілгерілей  бердік  деуге  болады. 

Қазірдің өзінде саясат, экономика, мәдениет, білім беру, 

экология,  ғылым  мен  технология,  денсаулық  сақтау 

және басқа салалардағы байланысты күшейту жөніндегі 

уағдаластықтарға қол жетті. Қазақстанның қауіпсіздігін, 

тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен демократиялық 

дамуын  қамтамасыз  ету  мәселелерінің  маңызы  мей-

лінше зор. Бұл салалардағы ынтымақтастық екіжақты 

негізде де, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған халықаралық 

және өңірлік қауіпсіздік құрылымдарының: БҰҰ-ның, 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі 

кеңестің,  Солтүстік  Атлантикалық  ынтымақтастық 

кеңесінің шеңберінде де жүзеге асырылатын болады. 

Біз «16-ның» НАТО-ны кеңейту жөніндегі бастамасын 

Еуропадағы және оған іргелес өңірлердегі қауіпсіздік 

жүйесін нығайтуға қызмет ететін дер кезіндегі әрі бола-

шағы зор шара ретінде қарастырамыз. Біз үшін НАТО-

ның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарлама-

сының шеңберінде ашылатын өңірлік қауіпсіздік пен 

оған  қатысушы  елдердің  қорғаныс  әлеуетін  нығайту 

мүмкіндігінің айрықша маңызы бар.


424

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Ядролық  қаруы  жоқ  мемлекет  ретінде  Қазақстан 

ендігі  жерде  оны  таратпау  режімін  нығайтудағы  өз 

рөлін  күшейтуге,  Ядролық  қаруды  таратпау  жөнін-

дегі  шарт  бойынша  халықаралық  кеңес  әзірлеуге 

белсене қатысуға әзір. Біз, әлбетте, планетадағы ортақ 

қауіпсіздікті  нығайтуға  мүдделіміз.  Әрине,  Азия 

өңірінің болашағына біздің айрықша көзқарасымыз бар 

екені де түсінікті. Айтпақшы, Қазақстанның да, Орталық 

Азияның басқа мемлекеттерінің де ерекшелігінің өзі 

олардың бір мезгілде еуропалық та, азиялық та өңірлік 

халықаралық  ұйымдар  мен  қаржы  құрылымдарына 

мүше болуында жатыр. 

Азия құрлығындағы қауіпсіздік – орасан зор маңызы 

бар проблема. Қарулы қақтығыстардың көбі нақ осында 

жалын атуда. Қарулы күштер мен ядролық қарудың 

шоғырлануы жағынан бұл – Еуропадан кейінгі ең үлкен 

өңір.  Сөйте  тұра,  сан  алуан  себептерге  байланысты 

мұнда көптеген мемлекеттердің басы бірікпей отыр. 

Дәл  сол  себептен  мен  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  47-ші 

сессиясының  мінберінен  сөйлей  тұрып,  ұжымдық 

қауіпсіздіктің біртұтас азиялық құрылымын құрудың 

кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспарын ұсынған 

едім. Алғашқы қадам ретінде мен Азиядағы өзара іс-қи-

мыл және сенім шаралары кеңесін шақыруды ұсындым, 

мұның өзі көптеген елдерде оң пікір туғызды. Қазірдің 

өзінде Алматыда халықаралық ұйымдар өкілдерінің 

қатысуымен  Азия  мемлекеттері  сарапшыларының 

кездесулері өтті.

Қазақстанның  сыртқы  саясатының  басым  мақ-

саты  –  мемлекет  шекарасының  өн  бойында  өзіндік 

бір  сенім  мен  тату  көршілік  белдеуін  құру.  Біздің 

саяси  сөз  саптауымызда  «таяу  шетел»  аталып  жүр-



425

ген  кеңістіктегі  ахуалды  да  оңай  деуге  келмейді, 

сондықтан  оның  халықаралық  істерге  ден  қою- 

шылардың бәрінің айрықша ынтасын туғызатыны да 

түсінікті. 

Мен тарихи қалыптасқан достық, ынтымақтастық 

және  өзара  түсіністік  қарым-қатынастарды,  біздің 

халықтарымызды жүздеген жылдарға созылған ортақ 

тарих  біріктіретін  ізгілік  атаулыны  сақтап  қалуды 

жақтап келдім және жақтай беремін. Қазақстан ТМД-ға 

мүше елдердің экономикалық интеграциясы идеясын 

дәйекті түрде жақтап, бұл ретте егемендік мүдделеріне 

қысым жасамай, ішкі істерге қол сұқпау қағидаттары 

мен әр халықтың өз қоғамдық құрылысының тәртібін 

өздігінен айқындауына деген құқығын толық құрмет-

тей  отырып,  ынтымақтастығымыздың  негізін  сақтап 

қалу керектігіне баса көңіл бөледі. Достастыққа қатысу 

демократияны дамытуға қажетті саяси және әлеумет-

тік-экономикалық  жағдайларды  қамтамасыз  етуге, 

ұлтшылдықтан,  шовинизмнен  және  ксенофобиядан 

туып, ТМД-ның біресе ана, біресе мына қиырында тұта-

нып жататын қақтығыстарға қарсы бірлескен шаралар 

әзірлеп, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Сөз жоқ, интеграциялық үдерістер жаңа тарихи және 

саяси шындықты дамытудың, өзара байланыс пен ынты-

мақтастықтың соған сайма-сай жолдарын іздестіруді 

ескере отырып, біздің қатынастарымыздағы өзгерістерді 

теріске шығармайды, қайта қажет деп санайды.

Бұрынғы кеңестік республикалардың әрқайсысы осы 

кезеңнің сипаты мен ұлттық ерекшеліктер жайындағы 

өз пайымына сүйеніп, саяси және экономикалық уклад-

тың белгілі бір нұсқасын таңдады. Мұндай таңдау сөзсіз 

құрметтелуге тиіс және оның дұрыстығына күмән кел-


426

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тіруге ешкімнің де қақысы жоқ. Егемен мемлекеттердің 

ісіне қарулы қол сұғу туралы тіпті сөз қозғауға да бол-

майды. Қандай да бір ел кенет өзінің өмірлік мүдделері 

келесі бір мемлекеттің аумағында жатқанын мәлімдеп, 

базбіреулердің ол ықпал жүргізетін аймақтан шығып 

бара жатқанын айтып байбалам салатын уақыт өткен 

болар деп үміттенемін. 

Империялық пайымның мұндай жаны сірі сарқын-

шағының  мүлде  келешегі  жоқ.  Тарихты  кері  бұру 

мүмкін емес. Ал ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз 

ету  мақсатында  ортақ  қорғаныс  кеңістігін  қолдауға, 

кезең-кезеңімен экономикалық одақ құру мен бітімгер-

шілік  әлеуетті  нығайтуға  бағытталған  күш-жігердің 

өткенді қалпына келтіру пиғылына ешқандай қатысы 

жоқ. Осы бағыттардағы іс-қимылды қолдай отырып, 

жаңа тәуелсіз мемлекеттер адамдардың қалыпты тір-

шілігін қамтамасыз ету мүддесі, олардың әлеуметтік 

қорғалуына кепілдіктер беру, шарасыздан қоныс ауда-

руға  жол  бермеу,  экономикалық  тұрақтандыру  мен 

дамудың  ауқымды  бағдарламаларын  жүзеге  асыру- 

ға жағдай туғызу үшін Достастық керек екеніне сүйе-

неді.


ТМД – мемлекет емес, ұлтүстілік құрылым да емес, 

Еуропалық Одақпен салыстыруға келетін, қалыптасқан 

жағдайдағы өңірлік өзара іс-қимылдың қалыпты тетігі 

ғана.  Тек  мұндағы  айырмашылық  –  Батыс  Еуропада 

интеграция идеясына кемелденіп үлгерген мемлекеттер 

қосылған болса, ТМД – әрқайсысы империялық мемле-

кеттің бір бөлшегі болып келген елдердің таңдауынан 

туған балама. Әрі бұл балама мейлінше саналы түрде 

таңдап алынды, өйткені бір мемлекетте тұрып келген, 

күнбе-күнгі қам-қарекеті мен мұң-мүддесі ұқсас жан-



427

дардың адами қарым-қатынастарының ортақ дәнекер-

лерін бір сәтте қиып тастау мүмкін емес. 

Тәжікстан  төңірегіндегі  ахуалды  мысалға  алай-

ықшы. Осы елге көршілес Ауғанстаннан экстремизм 

енуінің нақты қатерін туғызған қантөгісті қақтығыс бізді 

тәжік-ауған шекарасын қорғайтын ұжымдық бітімгер-

шіл күштер жасақтауға жұмылдырды. Сонымен қатар, 

Тәжікстанда  әрекет  жасап  жүрген  саяси  бағдары 

әртүрлі  күштер  келіссөздердің  «дөңгелек  үстеліне» 

отырып, бауырын бауыры өлтіретін қарулы қақтығыс- 

тарды тоқтату жөніндегі келісімге жетуі үшін белсенді 

шаралар қолданылып жатыр. Біз Таулы Қарабақтағы 

жанжалды  реттеу  жолындағы  ТМД-ның  толассыз 

жүргізіп жатқан ұжымдық әрекеттері ерте ме, кеш пе 

нәтижелі тиянақталатынына сенеміз. Ең бастысы – кез 

келген жанжалдың халықаралық деңгейде араласуды, 

соның ішінде қарсыласқан тараптарды келіссөз жүр-

гізуге күштеп мәжбүрлеуді қажет еткен югославиялық 

қанды сценарий бойынша өршуіне жол бермеу.

«Бейбітшілік, даму, демократия» дейтін осы сөзімнің 

тақырыбын құраған ұштағанға орала келіп, халықтың 

кеңінен  қолдауына  ие  болмайынша,  бірде-бір  саяси 

немесе  экономикалық  бастаманы  іске  асыру  мүмкін 

еместігін атап көрсетсем деймін. Ал мұның өзі демо-

кратиялық жаңғыруларда ілгері басқан қоғамда ғана 

іске асуы мүмкін.


428

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет