Радиоқашықтық өлшегіштер кез келген метереологиялық
жағдайда қолданылады. Қазіргі кезде триангуляция торларының
қабырғаларын өлшеу РДВГ мен “Луч” радио қашықтық өлшегіш
аспаптарымен орындалады (өлшеу ұз. 30-40 км, дәлдігі 1:200000 –
1:300000).
Бұрыш өлшегіш аспаптар: жер бетіндегі горизонталь мен
вертикаль бұрыштарды, бағыт бұрыштарын өлшеуге арналған. Алғашқы
бұрыш өлшегіш аспаптар 17 ғасырда пайда болды. Сол кезден бастап
Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдарда:
көру дүрбісі (1608),
микроскоп (1609),
верньер (1631),
деңгейлеуіш (1660)
жіптік тор (1670) тәрізді тетіктер қолданыла бастады. Осы тетіктерді біріктіру нәтижесінде 1783 ж. Дж. Рамсден
тұңғыш рет теодолит аспабын жасады. Қазіргі жасалатын теодолиттер
дәлдігіне, санақ құрыл-ғысының түріне, горизонталь дөңгелектің
вертикаль өсінің конструкциялық жүйесіне және қызметіне байланысты
топтастырылады.