1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


Түйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы)



Pdf көрінісі
бет60/121
Дата07.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#19243
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   121
Байланысты:
Жалпы психология. Оқулық

Түйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы). Контраст дегеніміз 
- ілгері немесе қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны, 
және  сапасының  ӛзгеруі.  Екі  тітіркендіргіштің  бір  мезгілді  әрекетінен  бір 
мезгілділік контраст пайда болады. Мұндай контраст кӛру түйсіктерінде жақсы 
байқалады.Бір  кескіннің  ӛзі  қоңырқай  түстің  аясында    ақшыл,  ақшыл  түстің 
аясында қоңырқай болып кӛрінеді.Жасыл зат қызғылт түстің  аясында қоюлана  


 
түскендей    болады.    Суықтан  соң  жай  ғана  жылы  тітіркендіргіштің  ӛзі  ыстық 
сияқтанады. Қышқылды түйісіну тәттіге деген сезгіштікті арттырады. 
Синестезия.  Синестезия  дегеніміз  -  пайда  болған  бір  түйсіктің  басқа 
түйсікті  қоздыруы.  Тітіркендіргіштер  сезім  мүшелерінің  біреуінде  ғана  түйсік 
туғызудың  орнына  сол  сәтте  басқа  түйсіктердің  пайда  болуына  да  жағдай 
жасайды.  Мәселен,  кейбір  адамдар  біреудің  сӛзін  естігенде,  бұған  қоса  түрлі 
дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен 
-  жылылықты,  екіншілері  кӛгілдір  жасыл  түстен  суықты  сезінеді.  Түйсіктердің 
осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, кӛру, сипап сезу, иіс, дәм 
түйсіктерінде  кездесіп  отыратын  осы  құбылыс  ӛмірде  онша  жиі  кездесе 
бермейді.  Синестезия  -  түйсіктердің  ӛзара  байланысының  шамадан  тыс 
дамыған бір кӛрінісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет