6. Баланың қабылдауын тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл -
әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға байланысты келеді. Олар
заттарды үстіртін қабылдайды. Мысалы: 4 – 5 жастағы бӛбек кеңістік пен
уақытты, алыс пен жақынды нашар ажыратады. 2 – 3 жастағылардың
кейбіреулері аспандағы ай мен күнді әпер деп ата – анасына маза бермейтіні
мәлім. Олар күн мен түнді, жылдың тӛрт маусымын, «бүгін мен ертеңді, кешегі
мен бірсүгінді» шатастырып отырады.
Ал, бастауыш сынып балалары тұтас затты жӛнді қабылдай алмайды.
Мысалы: оқушы шәйнектің суретін салғанда, шүмегі мен тұтқасын шамадан
тыс үлкейтіп жіберді, ал үйдің суретін салғанда, есік – терезелері еденнен
тӛбеге дейінгі жерді алып жатты.
Баланың сабақты қабылдауын дамытуға мән бере отырып, әрбір мұғалім
мына шарттарды орындауы тиіс:
1. Кӛрнекі құралдарды пайдаланғанда, баланың жас ерекшеліктерін
мұқият ескеру, оқушының байқағыштығын тәрбиелеу.
2. Мектепте балалар әр түрлі пәндер география, тарих, жаратылыстану
пәндерін оқумен байланысты олардың уақыттары қабылдауы дами
түседі.