Қабылдаудағы иллюзия. (иллюзия латын сӛзі, қазақша алдану деген
мағынаны білдіреді).Заттарды қабылдау кейде қате болып шығады. Қателер
(иллюзиялар) әр түрлі талдағыштар қызметінде де кездесіп отырады. Кӛру
иллюзиясы кӛбірек белгілі: Мысалы: ақ кӛйлекті әйел, қоңырқай киімдіге
қарағанда толықтау болып кӛрінеді. Кӛлденең жолақты мата мүсінді толықтай,
тік жолақты биіктеу етіп кӛрсетеді. Иллюзияны тәжірибе арқылы тексеріп кӛру
– қабылдаудың дұрыстығының бірден – бір ӛлшемі.
Иллюзиялар аффектілік, вербалдық, парейдолиялық болып бӛлінеді.
Аффектілік иллюзия – кӛбіне қорқыныш, мазасыз кӛңіл – күйде
басталады. Бұл жағдайда бӛлменің бұрышында ілінген киім немесе халат
жасырынып тұрған кісі ӛлтіруші, асханадан естілген дыбыстар соны ӛлтіретін
қаруға ұқсап кетеді.
Вербалдық иллюзияда әңгіменің мазмұнын жалған қабылдауға
байланысты. Айналадағы адамдардың әңгімелерінен, сұрақтарынан ауруға
қатысты болмасада, олар ӛзіне арналған айыптаулар, сӛгіс, кінәлау деп
қабылдайды.
Парейдолиялық иллюзия. Оның мазмұны қиялға ұқсайды. Бұйымдардың
жиектері, киімдегі ою - ӛрнектер, қабырғаның жарығында түсқағаздар бәрі
әрекеттен тыс киім киген адамдар, ертегі кейіпкерлері, сұлу кӛріністер ретінде
қабылданады.
Иллюзияны адамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты
туатын заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату
қажет. Галлюцинация – латын сӛзі, қазақша қиялдану, шатасу деген мағынаны
білдіреді. Галлюцинация – бұл нақты объект болмай – ақ пайда болатын
қабылдау (елес, алдамшы дыбыс, дауыс, иіс). Галлюцинация кезінде аурулар
шын мәнінде бірдеңелерді кӛрсетеді, иістерді сезеді, қиялдайды, елестетеді.
Галлюцинация кӛру, есту, иіс, дәмдік, жалпы сезімдік болып бӛлінеді.
Кӛру галлюцинациясы формасыз – жалын, түтін, тұман түрінде болуы
мүмкін. Жекелеген образдар, заттың, денелердің бір бӛлігі (бір кӛз, беттің,
құлақтың жартысы) топ адамдар, аңдар тобы, насекомдар, фантастикалық
заттардың тобы елестейді. Бұлар үрей, қорқыныш, қызығушылық, масаттану
туғызуы мүмкін.
Есту галлюцинациясында – салдыр – гүлдір шуды, атысты есту, сӛзді,
дауысты, музыканы т.б. есту.
Тактильдік галлюцинация – денеңе жәндік, құрт ӛрмелеп бара жатқандай,
дененің бетінде немесе тері астында белгісіз бір заттың пайда болуы сияқты
сезіледі
Гипногогикалық галлюцинацияда – ұйықтар алдында, кӛз жұмулы,
қараңғылық кезінде пайда болады. Мұнда ғажайып, тамаша ӛрнектер,
фантастикалық тіршілік иелері, әр түрлі заттар, жануарлар, пейзаждар,
панораммалар байқалады.
3. Кеңістік пен уақытты қабылдау.
Кеңістік пен уақыт – материяның ӛмір сүруінің негізгі формалары.
Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың кӛлемін, тұрқын, түрін,
аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау
деген сӛз. Кеңістікті қабылдау ӛте күрделі процесс. Мысалы: заттың кӛлемі мен
түрін қабылдау – кӛру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі
үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте
орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз,
биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады.
Кеңістікте орналасқан заттың кӛлемін қабылдауда екі кӛзбен кӛрудің
(биноқулярлық кӛру) маңызы зор. Ал бір кӛзбен кӛру (моноқулярлық кӛру)
тереңдік жӛнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір кӛзді жұмып, екі қолды
бір – біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады.
Биноқулярлық қарауда екі кӛзге түсетін кескін қосылып кетеді де,
нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады.
Қашықтық пен заттардың кӛлемін қабылдауда кӛздің конвергенциясы,
яғни екі кӛздің кӛрінетін затқа бір кӛздей болып әрекет етуі қажет болады
(конвергенция – латынның конвергере деген сӛзі, қазақша жақындату деген
мағынаны білдіреді). Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады.
Кӛз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады
да, кӛз ішке бұрыла береді. Кӛздің түрлі қашықтықтағы заттарды кӛруге
бейімделу қабілеттілігін «аккомадация» деп атайды (Аккомадация – латынның
аккомадатио деген сӛзі, қазақша кӛз үйрету деген мағынаны білдіреді). Кӛздің
аккомадациясы хрусталь дӛңестігінің ӛзгеруіне байланысты жақын заттарды
кӛргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.
Қашықтықты қабылдау ӛте күрделі процесс. Мәселен: іштен соқыр болып
туған адам кӛзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды.
Оның кӛзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды.
Алыстағы заттар қозғалса да, ӛзі соқтығысып қалатындай кӛрінеді.
|