Уақытты қабылдау.Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын
ӛзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Сыртқы дүниедегі
оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни ӛткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа
ағады. Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер орын алады.
Мысалы: ӛткен шақ адамға ӛте қысқа мерзімді болып кӛрінеді. Ӛткен шақты
сағаттап санап отырмай, айлап, жылдап, ғасырлап есептейміз. Адам ӛмірінде
оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем ӛтпей қояды. Ал адамның уақыты
мағыналы, қызықты істерге толы болса, уақыттың қалай ӛткенін білмей қалады.
Сол сияқты балалар үшін болашақ алыс, ӛтпейтін болады да, ересектер үшін тез
ӛтіп кеткендей болады.
Қабылдау
ойластырылған
(ықтиярлы)
және
ойластырылмаған
(ықтиярсыз) деп бӛлінеді. Ойластырмай қабылдау айналадағы заттардың
ерекшеліктерін қабылдау. Мысалы: кӛшеде келе жатып машинаның гүрілін,
адамдардың сӛзін естиді. Осы қабылдауда алдын – ала мақсат болмайды.
Ойластырып қабылдауда адам алдына мақсат қояды. Объектіні таңдап алады.
Мысалы: концерт тыңдау, баяндама тыңдау т.б.