Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


«Математика және информатика» білім саласы



Pdf көрінісі
бет25/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

«Математика және информатика» білім саласы

«Математика» пәні

Бастауыш  сыныптардағы  математика  пәні  1000000-ға  дейінгі  натурал

сандар  және  нөл  санының арифметикасы,  негізгі  шамалар,  геометриялық

фигуралар  туралы  білім,  білік,  дағдылары қалыптасады.  Сонымен қоса

жазықтықта  заттарды  орналастыру,  уақытты  мөлшерлеу, өлшемдерді  анықтау,

көлемді ұғыну,  арақашықтықты  межелеу,  жоғары,  төмен, қасында,  маңында,

артында, алдында тілдік ұғымдарды меңгертіп, қолдана білу дағдысына.

Математиканың базистік негізін игеру арқылы көрнекі-бейнелі, логикалық

және абстрактты ойлауды қалыптасады.

Тұлғаның


зейін,

қабылдау,  есте  сақтау,  ойлау,  сонымен

қатар

математикалық



тілінде  сөйлеу,  психомоторика  тәрізді  функциональдық

қасиеттері дамиды.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін дамыта отырып,

жоспарлау,  жоспар  бойынша әртүрлі  іс-әрекеттер  жасау,  оның ішінде  ойлау

қызметін талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б., өзін-өзі бақылау және

өзін-өзі бағалауды жүргізу білікгі қалыптасады.

Математикалық білім  мен  білік,  есептеу, өлшеу,  график құру  дағдысы

қалыптасады.

Стандартты  емес  және логикалық, экономикалық сипаттағы  тапсырмалар

негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайларды шешу, тұрмыс тіршілікке

қажет  экономикалық

тұрғыда  есептеу,  «пайдалы,  пайдасыз» ұғымы  туралы

түсініктері қалыптасады.

Сонымен қоса  тұлғалық  қасиеттері    жауапкершілік,  белсенділік,  мақсатқа

талпынушылық, жауапкершілік қасиеттері  мен  нақты әрекет  ету  білігі

қалыптасады. Математика пәні негізінде қаланған білім, білік, дағды күнделікті

тұрмыс  тіршілікте  функционалды қолдануға  тәрбиелейді. Математикалық

сауаттылықтың  әдістемесі  мазмұнын  кіші  жастағы  оқушыларға  математиканы

оқытудың  әдістемелік  ерекшеліктерін  сипаттайтын  ережелер,  сондай-ақ

оқытуда  дамытушылық және  тұлғалық-іскерлік  тұрғыдан қарау әрекеті

құрайды.



32

Математикалық сауаттылықтың мақсаты  бүгінгі  күн  талабына  сай,  жан-

жақты  дамыған,  белсенді, өмірге  талпынысы,  тұрақты қызығушылығы  бар,

алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.

Математика  білім  мазмұнының ең алғашқы  бастамасы  бастауыш  буында

жүзеге  асатыны  белгілі.  Себебі,  бастауыш  буында  жоғары  сыныптарда

оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім

алуға  талпынушылық, яғни  балалардың оқу әрекеті,  танымдық белсенділік,

жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар,

осы  кезеңде  баланың белсенділігі,  оның рухани  және  дене  күші  де  дами

бастайды.  Осы  жасқа  лайықты  мазмұн  мен оны оқытудың  әдісін  саралау,  бала

жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға

қою оңай мәселе емес.

Бастауыш  баласы үшін  жаңа  рөл - оқушы,  жаңа әрекет - оқу  болса,  осы

мәселелерге  олардың шаршамай,  жалықпай,

қызығушылықпен  араласып

кетуіне,  маңайы  мен қарым-қатынасының күшеюіне  жағдай  жасау  мұғалімнің

шеберлігін  және  осы  жастағы  оқушының психологиялық ерекшелігін  жете

білуін керек етеді.

Бастауыш сыныптардағы математикалық сауаттылық оқыту материалының

мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік

және  дағдылар  деңгейіне қойылатын  талаптардың  өзгеруімен  байланысты

дәстүрлі  модельге  елеулі  түзетулер  енгізген  жаңа  мектеп  бағдарламасымен

анықталады.  Ал  функционалдық сауаттылық пәндік  сауаттылыққа қарағанда

кіші

ұғым,  немесе  оның



саласы  болып  есептелінеді.  Осыған  орай

функционалдық математикалық сауаттылық дегеніміз - пәнде  игерген  білімді

іс-әрекетте, тұрмыс- тіршілікте қолдана білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет