Мұғалімді бағамдау
4a) «Мұғаліге өз тәжірибесін жақсарту үшін оның жұмысына кері байланыс, пікір
қажет. Сондай-ақ, конференция шеңберінде біз «оқу мен оқытуда маңыздылығын көрсету
үшін және тиісті дамуды қолдау үшін бағалау жүйесі кәсіби даму мүмкіндіктермен
айқын түрде байланысты болуы тиіс» деген ортақ келісімге келдік.
Зерттеу нәтижесі кері байланыс пайдасын айқын көрсеткенмен, жаттығу мен
жаңа дағдылардың тәжірибесі болмаса, қажетті даму түріне жете алмайды.
Кәсіби дамудың түрлі формаларының тиімділігіне қатысты зерттеулер Шығыс
Азияда кең таралған Lesson study тәсілдері мен басқа жүйелерде кең таралған білім
алушылардың кәсіби қоғамдастығы педагогикалық практиканы жақсарту үшін мүмкіндігі
мол екенін көрсетті» (Asia Society, 2013, 23 б).
4b) Өзгерістерді іске асырып, мұғалімдердің тиісті кәсіби шеберліктерін артыру
мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетімен бірлесіп
әзірлеген Деңгейлік бағдарламасы қазақстандық тренерлер мен мұғалімдердің кәсіби ойлау
мен оқыту тәсілдеріне өзгерістерді енгізу құралдарын ұсынды (1-кестені қараңыз).
Деңгейлік бағдарлама мұғалімдердің көшбасшылығы мен олардың кәсіби дамуын
басты назарда ұстайтын, қызметін жоғары деңгейде атқаратын мектеп директорларымен
тығыз қарым-қатынаста болған жағдайда ғана табысты бола алады.
Қызметі тиімді,
жауапкершілігі жоғары мектеп директорлары оқу мен оқытуды және мектеп
бағдарламасын жақсарту мәселесін, басқаларын оқытуды,тәлім беріп қолдау көрсету жақсы
мектеп жетекшісінің басты міндеті деп санайды.
Мұндай көшбасшылар қатардағы
қарапайым мектеп директорларымен бірдей қызмет атқарады, бірақ уақытының басым
бөлігін мектеп қызметкерлерімен жұмыс істеуге жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |