Мектепті дамытуды
жоспарлау
Зерттеулер жобасы
және деректерді жинау
әдістері
Мектептің деңгейін анықтау
Осы бағдарламаның басты ұстанымы мектептің дамуының басты шарты ретінде сенім
құру маңыздылығына негізделген. Білім беруді жақсартудың басты кілті оқушыларды,
мұғалімдерді, әкімшілікті, білім беру саласының басқарма өкілдерін оқыту болып
табылады.
Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері оқытудың
басынан бастап сенімді жұмыс ахуалын құруға тырысады.
Курс басталғанға дейін орындалуы тиіс курсалды тапсырмалар мектептің әлсіз және
күшті жақтары мен дамытуды қажет ететін тұстары туралы білуге бағытталған шара.
Оқудың бірінші онлайн оқу кезеңіне дейін сіз өзіңіздің мектебіңіз туралы мәліметтер
жинауыңыз керек.
Бұл үдеріс кейбір директорлар үшін қорқынышты болып көрінуі мүмкін,
ал тіпті кейбіреулері өздерінің мектептері туралы мәліметтерді басқа директорларға ұсыну
туралы алаңдауы да мүмкін.
Сондықтан деректерді жинау үдерісі Сізге өзіңіз басқаратын мектебіңізді жақсырақ
білу үшін және
осы Бағдарлама бойынша оқуды тиімді пайда алу үшін ғана керек екенін
түсінуіңіз қажет.
Барлық деректер қатаң құпиялылықта пайдаланылады, бұл деректер
ешкімге жария етілмейді және сіздің басшы ретіндегі қызметіңіз туралы қандай да бір
7
шешім қабылдау мақсатында пайдаланылмайды.
Оқытудың бірінші кезеңіне дейін сіз өзіңізбен бірге курсалды тапсырмаларында
берілген қосымшаларға сәйкес өз мектебіңіз туралы деректерді (электрондық нұсқада),
сондай-ақ мектеп атауын, ОШ-1 есебін (қағаз және электрондық нұсқада) алып келуіңіз
қажет.
Алынған мәліметтерге негізінде мектебіңіздің басты мәселесін тұжырымдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |