Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет35/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


40 

 

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ   



 

Р/с 

Авторы, атауы,  

шыққан жылы 

Саны 

кітапх. 

(саны) 

кафедрада 

(саны) 

электронды 

форматтағы 

әдебиеттер 



Қамтамасыз 

етілуі % 

 

Садирова 



К.Қ. 

Түркі 


тілдері 

синтаксисінің 

зерт-телуі 

(монография).- Алматы, 2013

 

100


 

 

 



100 

 

 



 

 

 



 

Тектіғұл Ж.    Қазақ тілінің тарихи 



грамматикасы  :  Оқу  құралы/  Ж. 

Тектіғұл. -Алматы: Ғылым, 2002 

50 

 

 



100 

Ермекова Т.Н. Құрмалас сөйлемдер 



жүйесі (монография) Алматы, 2008 

50 


 

 

100 



Томанов  М.        Тіл  тарихы  туралы 

зерттеулер.  (Түркі  (қазақ)  тілдері 

бойынша/  М.  Томанов.  -Алматы: 

Ғылым, 2002 

 



 

10 


Кайдаров  Э.  Туркітануга  кіріспе: 

Оку  куралы/  Э.  Кайдаров,  М. 

Оразов. - 2-ші бас. - Алматы: Казак 

университет!, 2005 

 



 



Бекітілген терминдер жинағы / Құр. 

С.Сәлемов, Г.Азанбаева. 

Астана, 2012

 

10 



 

 

20 



М.С. Жылқыбаева. Қазақ жазуының 

тарихы. Ақтау, 2010ж 

 



 

10 


М.А.Тұрсынова. Көне түркі тілі. 

Қарағанды, 2010. 72 бет 

 



 



З.Н.Жуынтаева. ҚҚТ тарихи 

грамматикасы. ОӘК. Қарағанды, 

2011. 95 бет. 

 



 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


41 

 

ПӘН БОЙЫНША ӨЗІНДІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ 



ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ  

 

 

СӨЖ 

№ 

 

СӨЖ және ОСӨЖ тақырыптары   

Берілген 

мерзімі   

Қабылдау 

мерзімі   

№ 1 


Түркі тілдері грамматикасының синхронды 

сипатта зерттелуі 

 2-апта 

 3-апта 


№2 

Түркі тілі синтаксисінің зерттелуі, зерттеушілер 

мен олардың еңбектері 

3-апта  


4-апта 

№ 3 


Түркі тілдеріне тән ортақ сипаттар 

4-апта 


5-апта  

№ 4 


Сөйлем  - тілдің коммуникативтік бірлігі 

5-апта  


6-апта 

№ 5 


Түркі тілдеріндегі жай сөйлем типтерінің 

зерттелуі 

6-апта 

7-апта 


№6 

Хабарлы сөйлем 

7-апта 

8-апта 


№ 7 

Сұраулы сөйлем 

8-апта 

9-апта 


№8 

Бұйрықты сөйлем 

9-апта 

10-апта 


№ 9 

Лепті сөйлем 

10-апта 

11-апта 


№ 10  Түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемнің зерттелуі 

11-апта 


12-апта 

№ 11  Құрмалас сөйлемнің анықталуы 

12-апта 

13-апта 


№ 12  Құрмалас сөйлемнің жіктелуі. Салалас құрмалас 

сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер 

13-апта 

14-апта 


№ 13  Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің 

түркі тіл білімінде зерттелуі 

14-апта 

15-апта 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


42 

 

 



ДӘРІС КЕШЕНІ  

ДӘРІСТЕР 

№ 1,2  дәріс тақырыбы: Түркі тілдері грамматикасының синхронды сипатта зерттелуі 

Дәріс мақсаты: Түркі тілдері грамматикасының синхронды сипатта зерттелуі туралы мәселені игерту 

Тірек сөздері:  түркі тілі, грамматика, синхронды зерттеу   

Дәріс жоспары:  

 

1 Түркі тіл білімінің маңызды міндеттері 

2  ХХ  ғасырдың  70-80  жылдары  түркі  тілдес  елдердің  түрколог  ғалымдарының  ұжымдасып  дайындаған 

грамматикалары 



Дәріс тезистері:  

         Түркі  тілдеріне  қатысты  ғылыми  зерттеулер  мен  оқу  құралдарының,  оқулықтардың  басылым  көруі,  басқаша 

айтқанда,  ғылыми-теориялық  еңбектерді  жинақтау  –  түркі  тіл  білімінің  маңызды  міндеттерінің  бірі,  ол  міндет  өз 

деңгейінде атқарылуда.  

         ХХ  ғасырдың  70-80  жылдары  түркі  тілдес  елдердің  түрколог  ғалымдарының  ұжымдасып  дайындаған 

грамматикаларының жаңа жинақтары жарық көрді. Оларда қазақ тілі  (Алматы, 1962), татар тілі  (М., І, 1969; ІІ, 1971), 

азербайжан тілі (Баку, 1971), түркімен тілі (Ашхабад, 1970) грамматикалық құрылымын зерттеу нәтижелері орыс тілінде 

баяндалса, азербайжан тілінде 2 том (І, 1978; ІІ, 1982), хакас тілінде (М, 1975), қарашай-балкар тілінде (Нальчик, 1976), 

өзбек тілінде (2 томдық, Ташкент, 1976), башқұрт тілінде (М., 1981), якут тілінде (М., 1982), түркімен тілінде (Ашхабад, 

1977)  грамматикалық  зерттеулер  басылып  шығарылды.  Э.Р.Тенишевтің

 

айтуынша,  қолданыста  белсенділігі  жоғары 



түркі  тілдерінің  грамматикасын  ұжымдық  зерттеу  сөздікпен  жұмыс  жасағандай,  үнемі  жүргізілуі  тиісті.  Грамматика 

туралы  терең  әрі  жинақталған  білім  тілдегі  объективті  өзгерістерді  тіркеуді,  оны  сипаттау  тәсілдерін  жетілдіруді 

жекелеген түркі тілдерін зерттеуде жүргізіп, сонан соң белгілі бір мерзімде (10-15 жылда)  оларды іргелі академиялық 

грамматикаларда жалпылап жазу қажет, оған қоса нормалау мәселелері де анықталғаны жөн.  

        Тілдің  барлық  деңгейлеріне  қатысты  жаңа  зерттеу  фактілерінің  болуы,  олардың  әр  қырынан  қарастырылуы  тілдік 

құбылыстарды  зерттеудің  әдістемелік  және  теориялық  деңгейін  жоғарылатады.  Түркі  грамматикасындағы  өзекті 

мәселелердің түркологтар арасында кеңінен талқылануы өте маңызды. Мұндай өзекті мәселелер қатарына морфологияда 

сөз  таптары  мен  функционалды  формалар  теориясы,  грамматикалық  және  лексика-грамматикалық  категориялар 

теориясы (етіс, сан, түр және аспект т.с.с.), сөздің морфологиялық құрылымы т.б. жатады. Ал синтаксис саласында сөз 

тіркесі  мен  сөйлем  (әсіресе,  құрмалас  сөйлем,  оның  ішінде,  сабақтас)  теориясы,  жай,  күрделенген,  құрмалас 

сөйлемдердің  аражігін  нақты  ажырату  мәселесі,  есімді  және  етістікті  сөйлемдердің  өзара  қатынасы  мен  айырмасы 

мәселелері,  есімше,  көсемше  оралымдарды  түзудегі  етістіктің  функционалды  формаларының  табиғаты  т.с.с.  бар.  Бір 

мәселенің жеке түркі тілінің өз ішінде жіктелуінің өзара айырмашылықтары болады. Мысалы, қазақ тілі синтаксисінде 

жай сөйлемнің баяндауышының қандай сөз табынан жасалуына  байланысты есімді және етістікті сөйлем деп бөлінсе, 

екінші  ғалым  зерттеуінде  бұл  сөйлем  бастауыштың  қандай  сөз  табынан  жасалуына  байланысты  номинативті  (есімді) 

және етістікті сөйлем деп жіктеледі. Э.В.Севортян түркі тілдерінде сөйлемдердің басты, негізгі типі болып номинативті, 

яғни бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер есептелетінін көрсеткен.  

      Түркі  тілдері грамматикасын  зерттеудің  бір  бағыты  – түркі  тілдері  жүйесін  басқа  тілдермен,  үндіевропа  тілдерімен 

салғастыра  зерттеу.  Түркі  тілдеріндегі  сөйлем  семантикасын  зерттеушілер  түркі  тілдеріндегі  бүтін  сөйлемдер  мен 

элементарлы сөйлемдерді үндіевропалық тілдердегі осы бірліктермен салыстыра отырып, мынадай тұжырым жасағанын 

Н.Т.Ермекова  атап  көрсетеді:  түркі  тілдеріндегі  бүтін  сөйлем  компоненттері  үндіевропалық  тілдердің  элементарлы 

сөйлемінің бағыныңқы компонентіне сәйкес келсе де, элементарлы сөйлем формасына сәйкес келмейді. Алайда мұндай 

айырмашылық барлық сөйлемде сақталады деп ой қорытуға болмайды. Кейбір түркі тілдерінде өзгешеліктер бар, яғни 

элементарлы  сөйлем  формасындағы  тәуелді  компоненттер  кездеседі.  Екінші  жағынан,  үндіевропалық  тілдерде  түркі 

формаларына жақын жүйелер кездеседі.   

          Түркі тілдерін орыс тілімен салғастыра зерттеген еңбектер де баршылық.      





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет